Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру мен бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыру жөніндегі қызметін лицензиялау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 123 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 13 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4736 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 212 қаулысымен

      "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2007 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 17 сәуірдегі N 318  Жарлығын іске асыру мақсатында және»"Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының  23-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері әскерге шақыру комиссияларының жұмысын ұйымдастырсын және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2007 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізуді қамтамасыз етсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі әскерге шақырылушыларды жинау және әскерлерге жөнелту орындарында ішкі істер органдары қызметкерлерінің күшейтілген кезекшілігін ұйымдастырсын.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі белгіленген тәртіппен әскерге шақыру пункттерін медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырсын.

      4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің өтінімдері бойынша мерзімді әскери қызметтің запасқа шығарылған әскери қызметшілерін және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, Қазақстан Республикасы Республикалық ұланына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне әскери қызметке шақырылған азаматтарды тасымалдауды қамтамасыз етсін.

      5. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтарды, сондай-ақ мерзімді әскери қызметтің запасқа шығарылған әскери қызметшілерін тасымалдауға жұмсалатын шығыстарды өтеуді республикалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген қаржы шегінде тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдарға тікелей олар ұсынған шоттар бойынша жүргізсін.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі