2009 - 2011 жылдарға арналған зейнетақы төлемдерін алушыларға алушының зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болған сәттегі инфляция деңгейін ескере отырып, жинақтаушы зейнетақы қорларындағы міндетті зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнета

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 мамырдағы N 726 Қаулысы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 628 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Эмиссиялар нормативтері белгіленетін және қоршаған ортаға эмиссиялар үшін ақы алынатын ластаушы заттар мен қалдық түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 557 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 23, 263-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбында және 1-тармақта "және қоршаған ортаға эмиссиялар үшін ақы алынатын" деген сөздер алынып тасталсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген эмиссиялар нормативтері белгіленетін және қоршаған ортаға эмиссиялар үшін ақы алынатын ластаушы заттар мен қалдық түрлерінің тізбесінде:
      тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "және қоршаған ортаға эмиссиялар үшін ақы алынатын" деген сөздер алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов