Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы

Қазақстан Республикасының Заңы. 1997 жылғы 20 маусымдағы N 136

Жаңартылған

      Осы Заң Қазақстан Республикасында азаматтарды зейнетақымен қамсыздандырудың құқықтық және әлеуметтiк негiздерiн белгiлейдi, мемлекеттiк органдардың, меншiк нысандарына қарамастан, жеке және заңды тұлғалардың азаматтардың зейнетақымен қамсыздандырылуға конституциялық құқығын iске асыруға қатысуын реттейдi.

I БӨЛIМ
Зейнетақымен қамсыздандыру негiздерi

1-тарау. Жалпы ережелер

      1-бап. Негiзгi ұғымдар

      Осы заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      осы тұлғаның аффилиирленген тұлғасы(аффилиирленген тұлға) - шешім белгілеуге және (немесе) осы тұлға қабылдайтын шешімге, соның ішінде шарт күшіне, ауызша шартты немесе өзге мәмілені қоса алғанда, ықпал етуге тікелей және (немесе) жанама құқығы бар жеке немесе заңды тұлға (өздеріне берілген өкілеттіктер шегінде осы тұлғаның қызметіне бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды қоспағанда), сондай-ақ осы тұлғаға қатысты осындай құқыққа ие болған кез келген жеке немесе заңды тұлға. Акционерлік қоғамының лауазымды адамы, оның дауыс беретін акцияларының он және одан да көп процентін (ашық халықтық акционерлік қоғамдар үшін - бес және одан да көп процентін) иеленуші акционері міндетті түрде оны аффилиирленген тұлғалары деп танылады;
      банк-кастодиан - клиенттердiң сенiп тапсырған бағалы қағаздары мен ақша жауапкершiлiкпен сақтау және есепке алу жөнiнде қызмет көрсететiн банк;
      жинақтаушы зейнетақы қорының салымшысы (бұдан әрi - салымшы) зейнетақы төлемiн алушының пайдасына зейнетақы жарналарын төлеудi жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
      жинақтаушы зейнетақы қоры - Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен салымшылардың міндетті зейнетақы жарналарын жинап, алушыларға зейнетақы төлемдерін төлейтін, сондай-ақ зейнетақы активтерін қалыптастыру жөніндегі қызметті жүзеге асырып, оларды мемлекеттік бағалы қағаздарға, мемлекеттік банктердің депозиттеріне, халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарына инвестициялайтын заңды тұлға;
      Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық (бұдан әрі - Орталық) - көлемі тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітілетін республикалық бюджеттен зейнетақыларды төлеуге бөлінетін қаржы есебінен, осы Заңның шарттары бойынша зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар азаматтарға зейнетақы төлеуді жүзеге асыратын, міндетті зейнетақы жарналарын есепке алатын және оларды төлеушілерден жинақтаушы зейнетақы қорларына аударатын, сондай-ақ азаматтарға әлеуметтік жеке кодтар тағайындайтын заңды тұлға;
      диверсификация - зейнетақы активтерiнiң жоғалып кету қатерiн азайту мақсатымен оларды орналастыру туралы бағалы қағаздар рыногын реттеу жөнiндегi мемлекеттiк уәкiлеттi орган белгiлейтiн мiндеттi талаптар;
      ерiктi зейнетақы жарналары - мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорларына алушының пайдасына заңдарда және зейнетақы шартында белгiленетiн тәртiп пен мөлшерде салымшылардың өз бастамасымен енгiзетiн ақша;
      "алтын акция" - мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылар енгiзетiн, жарғылық қорды құрауға қатыспайтын және дивидендтер алуға құқық бермейтiн акциясы. "Алтын акция" иесiнiң жарғыда белгiленген мәселелер бойынша жалпы жиналыстың, басқарманың және байқаушы кеңестiң шешiмдерiне вето қою құқығы болады;
      инвестициялық кiрiс - бағалы қағаздар рыногын реттеу жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн инвестициялау нәтижесiнде алынған ақша;
      жеке зейнетақы шоты - алушының жинақтаушы зейнетақы қорларындағы жеке атаулы шоты, салымшылардың зейнетақы жарналары, инвестициялық кiрiс соған түседi және есептеледі және жеке зейнетақы шотының иесiне зейнетақы төлемдерi содан төленедi;
      кастодиандық шарт - банк-кастодиан мен оның клиентi жасасатын бағалы қағаздар мен ақша жауапкершiлiкпен сақтау және есепке алу туралы шарт;
      жинақтаушы зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компания мемлекеттiк емес зейнетақы қорларының зейнетақы заңдарға сәйкес түсетін өзге де қаражатты заңдарға сәйкес түсетін өзге де қаражатты активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлға;
      жинақтаушы зейнетақы қорлары - мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры мен мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорлары;
      мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қоры - салымшылардың мiндеттi және ерiктi зейнетақы жарналарын, заңдарға сәйкес түсетін өзге де қаражатты жинауды және алушыларға зейнетақы төлеудi, сондай-ақ зейнетақы активтерiн қалыптастыру жөнiндегi қызметтi және осы заңда белгiленген тәртiппен оларды зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компания арқылы инвестициялауды жүзеге асыратын заңды тұлға;
      міндетті зейнетақы жарналары - осы Заңға сәйкес төлемшілер мен салымшылар заңдарда белгіленген тәртіппен жинақтаушы зейнетақы қорларына салатын ақша;
      Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындайтын органдар - уәкілетті мемлекеттік органдар;
      ресми трансферттер - бюджетке өтеусiз және қайтарылмайтын түсiмдер мен бюджеттен жасалатын шығыстар;
      зейнетақы - Орталықтан, жинақтаушы зейнетақы қорларынан, төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң жиынтығы;
      зейнетақы активтерi - жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлеудi қамтамасыз етуге және жүзеге асыруға арналған қаражат;
      зейнетақы төлемдерi:
      Орталықтан - 1998 жылғы 1 қаңтардағы жай-күйi бойынша кемiнде алты ай еңбек стажы бар жеке адамдарға заңдарда белгiленген тәртiппен еңбек стажына пропорциялы түрде жүзеге асырылатын ақша қаражатын төлеу;
      жинақтаушы зейнетақы қорларынан - алушыларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын ақша төлеу;
      жинақталған зейнетақы қаражаты - жинақтаушы зейнетақы қорларына енгiзiлген мiндеттi және ерiктi зейнетақы жарналарын, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық қызметiнен құралатын инвестициялық кiрiстi қоса алғанда, зейнетақы төлемдерiн алушының дербес зейнетақы шоттарында көрсетiлген ақша;
      зейнетақы шарты - зейнетақы жарналары мен жинақталған қаражатқа байланысты құқық қатынастарын орнату, өзгерту немесе тоқтату туралы, бiр жағынан, жинақтаушы зейнетақы қорлары және, екiншi жағынан, салымшы немесе алушы арасында жасалатын шарт (келiсiм);
      зейнетақы төлемдерiн алушы (бұдан әрi - алушы) - пайдасына жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналары төленетiн және зейнетақы төлемдерi жүзеге асырылатын және(немесе) Орталықтан зейнетақы төлемдерi тағайындалған жеке адам;
      пруденциалдық норматив - уәкiлеттi мемлекеттiк органдар белгiлейтiн, олар үшiн зейнетақы активтерiн басқару процесiнде сақталуы мiндеттi нормативтер;
      жинақталған зейнетақы қаражатының нақты құны - жинақталған зейнетақы қаражатының Қазақстан Республикасы мемлекеттiк статистикасының уәкiлеттi органы есептеп шығаратын тұтыну бағалары индексiне үйлестiрiлген нақты құны;
      кастодиандық шот режимi - заңдарда және кастодиандық шартта көрсетiлген, осы режим мiндеттi түрде сақталатын шарттар;
      әлеуметтік жеке код - жеке зейнетақы шоттарын енгізу мен оған бақылау жасау және азаматтарды бірегейлендіру бойынша басқа да әлеуметтік рәсімдер мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін осы заңның 2-бабына сәйкес зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар әрбір азаматқа тағайындалатын тұрақты жеке код;
      бөлектеп есеп жүргізу - заңды тұлға ретінде жинақтаушы зейнетақы қорының бухгалтерлік балансына зейнетақы активтерін енгізбеу.
      зейнетақы жарналарының ставкасы мiндеттi зейнетақы жарнасының:
      а) Орталықтың төлемшiлерiнде - заңды тұлғалар үшiн - еңбекке ақы төлеу қорына, заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiкпен және өзге қызметпен шұғылданатын жеке тұлғалар үшiн - кiрiске;
      зейнетақы жарналарының ставкасы - зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын кірістен жинақтаушы зейнетақы қорларына салымшылардың міндетті зейнетақы жарнасының проценттік қатынаспен алынған мөлшері;
      уәкiлеттi орган - өз өкiлеттiгiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу жөнiндегi мемлекеттiк орган.
      ЕСКЕРТУ. 1-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1998.12.22. N 328 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 1-бап өзгерді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 364 Заңымен .

      2-бап. Азаматтардың зейнетақымен қамсыздандырылу құқығы

      1. Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен зейнетақымен қамсыздандырылуға құқылы.
      2. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар, егер заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтарымен бiрдей зейнетақымен қамсыздандырылу құқығын пайдаланады.
      ЕСКЕРТУ. 2-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 364 Заңымен .

      3-бап. Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдар

      1. Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына  негiзделедi және осы заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
      2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

      4-бап. Мiндеттi және ерiктi зейнетақы жарналарын төлеу
             және олардың түсуiн бақылауды жүзеге асыру
             тәртiбi

      1. Жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуді зейнетақы жарнасының ставкасы бойынша зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын кірістің он проценті мөлшерінде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жеке тұлғалар жүзеге асырады, бірақ ол заң актісінде белгіленген жалақының ең төменгі мөлшерінің он процентінен кем болмауы керек.
      Осы Заңның 9 және 60-баптарына сәйкес зейнет жасына жеткен адамдар жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарнасын төлеуден босатылады.
      2. Ерiктi зейнетақы жарналарын жеке және заңды тұлғалар мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорларына зейнетақы шартына сәйкес төлейдi.
      3. Нақты төленіп, кіріс келтірілген жағдайда жинақтаушы зейнетақы қорларына уақтылы төленбеген міндетті зейнетақы жарналарының сомалары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тиісті жинақтаушы қорларға кешіктірілген әр күн үшін (төленген күнін қоса алғанда) сол сомалар төленген күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың 1,2 еселенген ставкасы мөлшерінде өсім есептей отырып, өндіріліп алынуға тиіс.
      4. Міндетті зейнетақы жарналарының жинақтаушы зейнетақы қорларына толық және уақтылы аударылуын бақылауды салық заңдарына сәйкес салық органдары жүзеге асырады.
      ЕСКЕРТУ. 4-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1998.12.22. N 328 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 4-бап өзгерді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 364 Заңымен .

      5-бап. Зейнетақымен қамсыздандыру жөнiндегi
             мемлекеттiк кепiлдiктер

      1. Мемлекет 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн зейнеткерлiкке шыққан азаматтарды зейнетақы төлемдерiнiң белгiленген мөлшерiн сақтай отырып, 1999 1 сәуірге дейін зейнетақымен қамсыздандыруға кепiлдiк бередi, одан кейінгі кезеңдерде зейнетақы төлемдері осы Заңның 13-бабының 4-тармағына сәйкес жүзеге асырылатын болады.
      2. Зейнеткерлiк жасына жеткен және осы Заңның 9-бабының 1-тармағына сәйкес өзi зейнеткерлiк жасқа жеткенге дейiн 1998 жылғы 1-қаңтардан кейiн қалған мерзiмнiң кемiнде төрттен үшiне тең кезең iшiнде жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеген азаматтарға, егер зейнетақы мөлшерi заң актiлерiмен белгiленген ең төмен зейнетақы мөлшерiнен төмен болса, тиiстi қосымша төлемдер түрiнде мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы берiледi.
      3. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жыл сайын жүргізіледі.
      4. Мемлекет еңбек сiңiрген жылдары бойынша зейнетақы алуға құқығы бар және осы құқығын зейнетақы тағайындайтын және/немесе оны төлеудi жүзеге асыратын органдарда 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн тiркеген азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыруға кепiлдiк бередi, бұл жағдайда оларға қызметтен кеткеннен кейiн төлене бастайтын зейнетақы белгiленедi. Тағайындалған зейнетақыға осы баптың 1 және 3-тармақтарының және осы Заңның 13-бабының 4-тармағының ережелерi қолданылады.
      ЕСКЕРТУ. 5-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 364 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 5-баптың 3 тармағы жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.11.16. N 482 Заңымен .

      6-бап. Жинақталған зейнетақы қаражатының сақталуын
             қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар

      1. Мемлекеттiк жинақтау қорындағы зейнетақы жарналарының сақталуына мемлекет кепiлдiк бередi.
      2. Жинақталған зейнетақы қаражатының сақталуы:
      1) жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметiн лицензиялау;
      2) зейнеткерлiк активтердi басқару жөнiндегi компанияның зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару бойынша қызметiн лицензиялау;
      2-1) екінші деңгейдегі банктердің кастодиандық қызметін лицензиялау;
      3) зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялар үшiн қызметтiң пруденциалдық нормативтерiн белгiлеу;
      3-1) олардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ететін тиісті нормалар мен лимиттер белгілеу жолымен жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу;
      4) жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың құрылтайшыларына, басшы қызметкерлерi мен мамандарына, сондай-ақ олардың жарғылық капиталының мөлшерi мен құрамына қойылатын талаптарды белгiлеу;
      5) қорлардың ақша мен бағалы қағаздарды жинақтаушы зейнетақы қорларымен және зейнетақы активтерін басқару компанияларымен (Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорынан басқа) аффилиирленбеген кастодиан-банкте ғана сақтау талабын белгілеу;
      6) зейнетақы активтерін бір-біріне және кастодиан-банкке қатысы жағынан аффилиирленбеген тұлға болып табылмайтын банктерге депозиттерге орналастыру;
      7) жинақтаушы зейнетақы қорларының өз қаражаты мен зейнетақы активтерiнiң бөлек есебiн жүргiзу, сондай-ақ олардың мақсатты орналастырылуына бақылау орнату;
      8) мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi мiндеттерiн зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компанияларға беру;
      9) бағалы қағаздар рыногын реттеу жөнiндегi уәкiлеттi органның зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компанияларға диверсификация және зейнетақы активтерiн орналастыру кезiнде тәуекелдi азайту жөнiнде талаптар белгiлеуi;
      10) жинақтаушы зейнетақы қорлары алатын комиссиялық сыйақы мөлшерiне шектеулер енгiзу;
      11) жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың жылдық қаржы есептерiне жыл сайын аудиторлық тексеру жүргiзудiң мiндеттiлiгi;
      12) жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың тиiстi мемлекеттiк органдар алдында заңдарда белгiленген тәртiппен ұдайы қаржылық және статистикалық есеп берiп отыруы;
      13) алушыға өзiнiң жинақталған зейнетақы қаражатын жинақтаушы зейнетақы қорының екiншiсiне ауыстыру мүмкiндiгiн беру, бiрақ ол жылына екi реттен аспауы керек;
      14) жинақталған зейнетақы қаражат алушының таңдауы бойынша толық көлемiнде немесе iшiнара сақтандыру арқылы қамтамасыз етiледi.
      ЕСКЕРТУ. 6-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 364 Заңымен .

II БӨЛIМ
Орталықтан зейнетақымен  қамсыздандыру

2-тарау. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн алу құқығы

      7-бап. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн алу құқығы

      Азаматтарға осы Заңда белгiленген жағдайлар туған ретте Орталықтан зейнетақы төлемдерiн алу құқығына кепiлдiк берiлген.
      Зейнет жасына жеткен зейнеткерлерге оларға еңбек сіңірген жылдары үшін 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған зейнетақыларын қайта тағайындату құқығы беріледі.
      ЕСКЕРТУ. 7-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2002.01.04. N 278 Заңымен .

      8-бап. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы
             бар азаматтар санаттары

      1. Орталықтан зейнетақы төлемдерi азаматтардың мынадай санаттарына:
      1) 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн зейнетақы алатындарына;
      2) осы Заңның 9-бабына сәйкес зейнеткерлiк жасына жеткен және 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемiнде алты ай еңбек стажы бар адамдарға еңбек стажына пропорционалды мөлшерде төленедi.
      2. Жинақтаушы зейнетақы қорларында жинақталған зейнетақы қаражаты жоқ зейнетақы төлемдерiн алушы қайтыс болған жағдайда оның отбасына не оны жерлеген адамға жерлеуге арналған бiржолғы төлем Орталықтан он бес еселенген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде төленедi.

      9-бап. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн тағайындау

      1. Орталықтан зейнетақы төлемдерi:
      1998 жылғы 1 қаңтардан бастап - еркектерге 61 жасқа толғанда, әйелдерге 56 жасқа толғанда;
      1998 жылғы 1 шiлдеден бастап - еркектерге 61,5 жасқа толғанда, әйелдерге 56,5 жасқа толғанда;
      1999 жылғы 1 шiлдеден бастап - еркектерге 62 жасқа толғанда, әйелдерге 57 жасқа толғанда;
      2000 жылғы 1 шiлдеден бастап - еркектерге 62,5 жасқа толғанда, әйелдерге 57,5 жасқа толғанда;
      2001 жылғы 1 шiлдеден бастап - еркектерге 63 жасқа толғанда, әйелдерге 58 жасқа толғанда тағайындалады.
      2. Төтенше және барынша радиациялық қатерлi өңiрлерде 1949 жылғы 29 тамыздан 1963 жылғы 5 шiлдеге дейiн кемiнде 10 жыл тұрған азаматтар "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес:
      еркектер - жалпы жұмыс стажы 25 жылдан кем болмаған жағдайда 50 жасқа жеткенде;
      әйелдер - жалпы стажы 20 жылдан кем болмаған жағдайда 45 жасқа жеткенде зейнетақы тағайындалуына құқылы.
      3. Ауылдық жерде тұратын, 5 және одан да көп бала туып, оларды сегiз жасқа дейiн тәрбиелеген әйелдер 50 жасқа толғанда жасына байланысты зейнетақы алуға құқылы, аталған зейнетақы жасы 1998 жылғы 1 шiлдеден бастап жыл сайын 6 айға өсiп отырады, бiрақ тұтас алғанда 3 жылдан аспауға тиiс.
      4. Орталықтан жасына байланысты зейнетақы төлемдерi толық көлемiнде осы баптың бiрiншi бөлiгiнде белгiленген жасқа толғанда азаматтардың мынадай санаттарына:
      1) еркектерге 1998 жылғы 1 қаңтарда кемiнде 25 жыл еңбек стажы болғанда;
      2) әйелдерге 1998 жылғы 1 қаңтарда кемiнде 20 жыл еңбек стажы болғанда тағайындалады.
      5. Толық емес көлемдегi жасына байланысты зейнетақы төлемдерi осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған азаматтар санаттарына олардың 1997 жылғы 1 қаңтарда нақты еңбек стажының болуына қарай Орталықтан толық көлемiнде зейнетақы төлемдерiн алу құқығы болмаған жағдайда тағайындалады.
      6. Толық емес көлемдегi жасына байланысты зейнетақы төлемдерi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен толық зейнетақыдан 1998 жылғы 1 қаңтарда болған еңбек стажына пропорциялы үлес ретiнде есептеледi.

      10-бап. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн төлеу кезеңi

      Орталықтан зейнетақы төлемдерi өмiр бойына тағайындалады және төленiп отырады.

3-тарау. Орталықтан зейнетақы тағайындауға арналған еңбек стажы

      11-бап. Орталықтан зейнетақы тағайындау үшiн
              еңбек стажын есептеу

      1. Орталықтан зейнетақы тағайындау үшiн еңбек стажын есептеу кезiнде мыналар есепке алынады:
      1) еңбек шарты (келiсiм-шарт) бойынша жеке және заңды тұлғалар ақы төлейтiн жұмыс;
      2) әскери қызмет;
      3) құқық қорғау органдарындағы қызмет;
      4) мемлекеттiк қызмет;
      5) кәсiпкерлiк қызмет;
      6) I топтағы мүгедекке, II топтағы жалғызiлiктi мүгедекке және өзгенiң жәрдем көрсетуiне мұқтаж жасына байланысты зейнеткерге, сондай-ақ 80 жасқа толған қарт адамдарға күтiм жасаған уақыт;
      7) атом сынақтары, экологиялық апаттар салдарынан зардап шеккен не иммундық тапшылық вирусын жұқтырған не ЖҚТБ-мен ауыратындарға, 16 жасқа дейiнгi мүгедекке күтiм жасаған уақыт;
      8) жұмыс iстемейтiн ананың жас балаларды бағып-күткен, бiрақ әрбiр бала 3 жасқа толғаннан аспайтын жалпы жиынтығы 12 жыл шегiндегi уақыт;
      9) қылмыстық жауапқа негiзсiз тартылған және қуғын-сүргiнге ұшыраған, бiрақ кейiн ақталған азаматтардың қамауда болған, бас бостандығынан айыру және жер аудару орындарында жазасын өтеген уақыты;
      10) еңбекке жарамды азаматтардың бұрынғы КСРО-ның уақытша оккупацияланған аумағында және Ұлы Отан соғысы кезеңiнде өздерi басқа мемлекеттердiң аумағына зорлықпен апарылған адамдардың /жасына қарамастан/ сонда болған, фашистiк концлагерьлерде (геттоларда және соғыс кезеңiнде мәжбүрлеп ұстайтын басқа да орындарда ұсталған уақыты, егер аталған кезеңдерде бұл адамдар Отанға қарсы қылмыс жасамаса;
      11) жұмыс iстемейтiн соғыс мүгедектерi мен оларға теңестiрiлген мүгедектердiң мүгедек болған уақыты;
      12) бұрынғы кеңес мекемелерiнiң, Қазақстан Республикасы мекемелерi мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлерi әйелдерiнiң (жұбайларының) шетелде тұрған кезеңi, бiрақ жалпы алғанда 10 жылдан аспауға тиiс;
      13) офицерлiк құрамдағы адамдар, прапорщиктер, мичмандар және мерзiмiнен тыс қызмет атқаратын әскери қызметшiлер әйелдердiң мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкiндiгi болмаған жерлерде жұбайларымен бiрге тұрған кезеңi, бiрақ 10 жылдан аспауға тиiс;
      14) Қазақстан Республикасының аумағындағы және одан тыс жерлердегi жоғары және арнаулы орта оқу орындарында, училищелерде, мектептерде және кадрлар даярлау, бiлiктiлiгiн арттыру және қайта мамандандыру курстарында, аспирантурада, докторантурада және клиникалық ординатурада, сондай-ақ күндiзгi жоғары және орта дiни оқу орындарында оқу;
      15) әскерилендiрiлген күзетте, арнаулы байланыс органдарында және кен-құтқару бөлiмдерiнде олардың ведомстволық бағыныстылығына және арнаулы немесе әскери атағының болуына қарамастан;
      16) әлеуметтiк сақтандыруға қаржы төлеген жағдайда өзге де жұмыс.
      2. Орталықтан зейнетақы тағайындау үшін еңбек стажын жеңiлдiкпен есептеу кезiнде мыналар да есепке алынады:
      1) ұрыс қимылдары кезеңiнде майдандағы армия құрамындағы, оның iшiнде әскери борышын өтеу кезiндегi әскери қызмет, сондай-ақ ұрыс қимылдары кезеңiнде партизан отрядтары мен құрамаларында болу, сондай-ақ әскери жарақат салдарынан емдеу мекемелерiнде емдеуде болған уақыт - әскери қызметшiлерге еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы тағайындаған кезде осы қызметтiң мерзiмiн есеп үшiн белгiленген тәртiппен;
      2) әскери бөлiмдерiндегi жұмыс, оның iшiнде еркiн жалдамалы құрам ретiндегi жұмыс және осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген әскери қызметтен басқа, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қызмет екi есе мөлшерде;
      3) Ұлы Отан соғысы жылдарында 1941 жылғы 8 қыркүйектен бастап 1944 жылғы 27 қаңтарға дейiнгi қоршау кезеңiнде Ленинград қаласындағы жұмыс - үш есе мөлшерде;
      4) 12 жастан бастап және одан үлкен жастағы азаматтардың 1941 жылғы 8 қыркүйектен бастап 1944 жылғы 27 қаңтарға дейiнгi қоршау кезеңiнде Ленинград қаласында болған уақыты - екi есе мөлшерде;
      5) Ұлы Отан соғысы кезiнде басқа мемлекеттердiң аумағына зорлықпен апарылған адамдардың сонда болған уақыты, сондай-ақ фашистiк концлагерьлерде (геттоларда және соғыс кезеңiнде мәжбүрлеп ұстайтын басқа да орындарда) болған уақыты, егер аталған кезеңдерде бұл адамдар Отанға қарсы қылмыс жасамаса - екi есе мөлшерде;
      6) заңсыз қылмыстық жауапқа тартылған және қуғын-сүргiнге ұшыраған, кейiннен ақталған азаматтардың қамауда болған, бас бостандығынан айыру, жер аудару орындарында жазасын өтеу, бас бостандығын шектеу отырып мәжбүрлеп еңбекке тартылған, арнаулы қоныстандыру орындарында ұсталған және психиатрлық мекемелерде мәжбүрлеп емдеуде болған уақыты - үш есе мөлшерде;
      7) Семей сынақ полигонына жапсарлас жатқан аудандардағы 1949 жылғы 29 тамыздан бастап 1963 жылғы 5 шiлдеге дейiнгi кезеңде жұмыс iстеп, әскери қызмет атқару - үш есе мөлшерде, ал 1963 жылғы 6 шiлдеден бастап 1992 жылғы 1 қаңтарға дейiнгiсi - бiр жарым есе мөлшерде;
      8) алапеске және обаға қарсы мекемелерде, иммундық тапшылық вирусын жұқтырған немесе ЖҚТБ-мен ауырған адамдарды емдеу жөнiндегi жұқпалы аурулар мекемелерiндегi жұмыс - екi есе мөлшерде; сот медициналық сараптама мекемелерiндегi және емдеу мекемелерiнiң патология-анатомиялық бөлiмдерiндегi жұмыс - Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен жұмыс тiзбесi бойынша бiр жарым есе мөлшерде;
      9) толық навигациялық кезең iшiнде су көлiгiндегi жұмыс бiр жыл iстеген жұмыс үшiн есептеледi;
      10) ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, өнеркәсiптiң маусымдық салалар кәсiпорындарындағы толық маусым iшiндегi жұмыс Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзiм бойынша бiр жылғы жұмыс стажына есептеледi.

      12-бап. Еңбек стажын растау

      1. 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi кезеңге Орталықтан зейнетақы төлемдерiн есептеу үшiн еңбек стажы еңбек кiтапшасымен расталады.
      2. Еңбек кiтапшасы жоқ немесе онда тиiстi жазбалар болмаған кезде еңбек стажы жұмыс туралы мәлiметтердi растайтын құжаттардың негiзiнде не сот шешімінің негізінде анықталады.
      3. Осы Заңның 11-бабының 1-тармағының 5) және 16) тармақшаларына сәйкес қызметтi жүзеге асырған азаматтардың еңбек стажы Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн сақтандыру жарналарын төлегенi туралы құжаттармен расталады.
      ЕСКЕРТУ. 12-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 364 Заңымен .

4-тарау. Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн есептеу

      13-бап. Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң
              мөлшерiн есептеу

      1. Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн толық көлемiнде есептеу осы Заңның 14-бабына сәйкес белгiленетiн орташа айлық кiрiстiң 60 процентi есебiнен жүргiзiледi.
      2. Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеу жұмыста болған үзiлiстерге қарамастан, қатарынан кез келген 3 жыл жұмыс үшiн орташа айлық табыс негiзге алына отырып, 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап жүзеге асырылады.
      1998 жылғы 1 қаңтардан басталған кезең үшiн орташа айлық табыстың мөлшерi жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналары жүзеге асырылған табысқа сәйкес белгiленедi.
      3. 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн қажеттi еңбек стажынан тыс жұмыс iстеген әрбiр толық жыл үшiн зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi 1 процентке өсiрiледi, бiрақ ол зейнетақыны есептеу үшiн ескерiлетiн табыстың 75 процентiнен аспауға тиiс.
      4. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің, әскери қызметшілердің, Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының, бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитеті қызметкерлерінің және зейнетақы 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдардың және көрсеткіштердің N 1 тізімі бойынша және жұмыс орындарын аттестаттау нәтижелері бойынша жеңілдікті шарттарда тағайындалған адамдардың зейнетақы төлемдері мөлшерін қоспағанда, 1998 жылғы 1 қатарға дейін тағайындалған зейнетақы төлемдерінің ең жоғары мөлшері тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген 25 еселенген айлық есептік көрсеткіштің 75 процентінен аса алмайды.
      ЕСКЕРТУ. 13-бап 4-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 364 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 13-баптың 2 тармағы екінші бөлікпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.11.16. N 482 Заңымен .

      14-бап. Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн
              есептеу үшiн табысты анықтау

      1. Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн есептеуге арналған табысқа еңбекке ақы төлеудiң барлық түрлерi және тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн өзге де табыстар енгiзiледi.
      2. Зейнетақы төлемдерiн есептеу үшiн 3 жылғы жұмыс iшiндегi табыс қатарынан 36 күнтiзбелiк айдағы жұмыс iшiндегi табыстың жалпы сомасын отыз алтыға бөлу арқылы анықталады.
      3. Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн есептеуге арналған табыс тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленетiн он бес еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аспауға тиiс.

5-тарау. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн тағайындау

      15-бап. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн тағайындауға
              өтiнiш беру тәртiбi

      1. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы арыз зейнетақы төлемдерiн есептеу үшiн қажеттi стажы мен табысын растайтын құжаттармен қоса азаматтың тұрғылықты жерi бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындаушы органға берiледi.
      2. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн тағайындауды зейнетақы төлемдерін тағайындаушы орган Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзедi.
      3. Зейнетақы төлемдерін тағайындаушы орган зейнетақы тағайындау мәселелері бойынша түсiндiрме беруге және азаматтардың тиiстi құжаттарды ресiмделуiне көмек көрсетуге мiндеттi.
      ЕСКЕРТУ. 15-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 364 Заңымен .

      16-бап. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн тағайындауға
              арналған құжаттарды қарау мерзiмдерi

      1. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн тағайындауға арналған құжаттарды қарауды халықты әлеуметтiк қорғау органы құжаттар табыс етiлген күннен бастап 10 күн мерзiмнен кешiктiрмей жүзеге асырады.
      2. Зейнетақы төлемдерін тағайындаушы органы тиiстi шешiм шығарылғаннан кейiн 5 күннен кешiктiрмей бұл туралы арыз берушiге хабарлайды.
      3. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн тағайындаудан бас тартылған жағдайда зейнетақы төлемдерін тағайындаушы органы бас тартудың себептерiн жазбаша түрде негiздеп, табыс етiлген құжаттарды арыз берушiге қайтаруға мiндеттi.
      4. Зейнетақы төлемдерін тағайындаушы органның шешiмiне сот тәртiбiмен шағымдануға болады.
      ЕСКЕРТУ. 16-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 364 Заңымен .

      17-бап. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн тағайындау
              мерзiмдерi

      1. Орталықтан зейнетақы төлемдерi зейнетақы тағайындауға өтiнiш берiлген күннен бастап тағайындалады.
      2. Арыз бен қажеттi құжаттарды зейнетақы төлемдерін тағайындаушы органға бiр мезгiлде берген күн Орталықтан зейнетақы төлемдерiн тағайындауға өтiнiш берген күн болып есептеледi.
      ЕСКЕРТУ. 17-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 364 Заңымен .

6-тарау. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн төлеу және олардан ұстап алу тәртiбi

      18-бап. Орталықтың ұйымдық-құқықтық нысаны

      Орталық оралымды басқару құқығына негiзделген мемлекеттiк кәсiпорын нысанында құрылады, оның уәкілеттi органын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

      19-бап. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн төлеу тәртiбi

      1. Орталықтан зейнетақы төлемдерi өткен ай үшiн төленедi.
      2. Осы Заңның 13-бабының 4-тармағымен және 60-бабымен көзделген шектеулер мен жағдайларды ескере отырып, жұмыс iстейтiн зейнеткерлердiң зейнетақыны толық мөлшерiнде алуға құқығы бар.
      3. Зейнетақы төлемдерi нотариат куәландырған сенiмхат бойынша төленуi мүмкiн.
      ЕСКЕРТУ. 19-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 364 Заңымен .

      20-бап. Өткен уақыт үшiн зейнетақы төлемдерiн алу

      1. Есептелген, бiрақ алушы талап етпеген зейнетақы төлемдерiнiң сомасы өткен уақыт үшiн, бiрақ оларды алуға өтiнiш беру алдындағы 3 жылдан аспайтын уақыт үшiн төленедi.
      2. Зейнетақы төлемдерiн тағайындайтын немесе жүзеге асыратын органның кiнәсiнен уақытында алынбаған зейнетақы төлемдерiнiң сомасы өткен уақыт үшiн мерзiмi шектелмей төленедi.

      21-бап. Зейнетақыдан ұстап қалу

      1. Зейнетақы тағайындау кезіндегі қателіктер салдарынан артық төленген сомаларды зейнетақы төлемдерін алушының өтініші негізінде ұстап қалатын жағдайлардан басқа, зейнетақыдан ұстап қалу атқарушылық iс жүргiзу тәртiбiмен жасалуы мүмкiн.
      2. Зейнетақыдан ұстап қалу төленуге тиiстi сомадан жасалады.
      3. Зейнетақыдан төленуге тиiстi соманың 50 проценттен астамын ұстап қалуға болмайды.
      ЕСКЕРТУ. 21-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 364 Заңымен .

III БӨЛIМ
Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақымен қамсыздандыру

7-тарау. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақымен қамсыздандыруды ұйымдастыру

      22-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетiн
              зейнетақы мөлшерiнен

      1. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдерi жеке зейнетақы шоттарында жинақтаған зейнетақы қаражаты бар алушыларға алушының жеке басын куәландыратын құжаты болған жағдайда төленедi.
      2. Жинақтаушы зейнетақы қорларына енгiзiлген мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерi осы Заңның 9-бабының 1-тармағында және 60-бабының 1-тармағында көзделген жағдайлар туған кезде, сондай-ақ егер алушы 55 жасқа толған кезде еңбек қызметiн тоқтатып, оны жүргiзбесе, кем дегенде 35 жыл жарна төлеген мерзiмi, жеткiлiктiлiгiн уәкiлеттi орган белгiлейтiн жинақталған зейнетақы қаражаты болған жағдайда жүзеге асырылады.
      3. Мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорларына енгiзiлген ерiктi зейнетақы жарналарының және заңдарға сәйкес түсетін өзге де қаражаттардың есебiнен зейнетақы төлемдерiн төлеу мынадай жағдайларда:
      1) кемiнде 10 жыл кезеңге ерiктi зейнетақы жинақталғанда және 55 жасқа толғанда, тiзбесiн Үкiмет белгiлейтiн азаматтардың белгiлi бiр санаттары үшiн бұл жас 50 жасқа дейiн кемiтiлуi мүмкiн;
      2) мүгедектiкке ұшырағанда; 3) осы Заңның 9-бабының 1-тармағында және 60-бабының 1-тармағында көзделген жағдайлар туғанда жүзеге асырылады.
      2-1) асыраушысынан, зейнетақы төлемдерін алушыдан айырылғанда.
      4. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлеуді жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленеді.
      5. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетiн зейнетақы төлемдерiне салық заңдарына сәйкес салық салынуға тиiс.
      ЕСКЕРТУ. 22-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1998.12.22. N 328 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 22-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 364 Заңымен .

      23-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларына зейнетақы
              жарналарын енгiзу тәртiбi

      1. Жеке адамдардың мiндеттi зейнетақы жарналарын заңды тұлға құрмастан кәсiпкерлiк және өзге де қызметпен айналысатын заңды тұлғалар мен жеке адамдар оларға табыс төленетiн көздерден Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен ұстап қалады.
      2. Заңды тұлға құрмастан кәсiпкерлiк қызметпен және өзге де қызметпен айналысатын төлем көзiнен мiндеттi зейнетақы жарналарын ұстап қалатын заңды тұлғалар, сондай-ақ жеке адамдар оларды жинақтаушы зейнетақы қорларына табыстың төленуiмен бiр мезгiлде аударуға мiндеттi.
      3. Ерiктi зейнетақы жарналарын салымшы аударады. Ерiктi зейнетақы жарналары үшiншi адамдардың пайдасына аударылуы мүмкiн.
      4. Жинақтаушы зейнетақы қорларына төленетiн мiндеттi зейнетақы жарналары үшiншi адамдардың пайдасына төленуге тиiс емес.
      5. Салымшының мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорымен мiндеттi зейнетақы жарнасын аударуы туралы зейнетақы шарты болмаған жағдайда осы баптың 2-тармағында аталған адамдар мiндеттi зейнетақы жарналарының ұсталып қалған сомасын мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қорына аударуға мiндеттi.
      ЕСКЕРТУ. 23-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 364 Заңымен .

      24-бап. Зейнетақы төлемдерiн алушылардың пайдасына
              аударылған зейнетақы жарналары туралы мәлiметтер
              беру

      Заңды тұлға құрмастан кәсiпкерлiкпен және өзге де қызметпен айналысатын, мiндеттi зейнетақы жарналарын ұстап қалатын заңды тұлғалар, сондай-ақ жеке адамдар жинақтаушы зейнетақы қорларында зейнетақы төлемдерiн алушылардың пайдасына аударылған зейнетақылық жарналар туралы мәлiметтер бередi.

      25-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы
              активтерi

      1. Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерi:
      1) зейнетақылық жарналар мен жинақтаушы зейнетақы қорларына және мемлекеттiк емес жинақтаушы қорлардың зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компанияларға төленетiн комиссиялық сыйақыларды шегерiп тастағандағы инвестициялық қызмет есебiнен құралатын инвестициялық кiрiс;
      2) заңдарда көзделген басқа көздер есебiнен қалыптасады.
      1-1. Заңды және жеке тұлғалардың зейнетақы активтеріне құқығы осы Заңмен көзделген заттық құқықтар разрядына жатады.
      2. Салымшының, алушының зейнетақы қорының, кастодиан-банктің және зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың қарыздары бойынша зейнетақы активтері осы аталған субъектілер таратылғанда және банкротқа ұшырағанда өндіріліп алуға жатпайды.
      2-1. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері тек мына мақсаттарға ғана жұмсалуы мүмкін:
      1) тізбесін бағалы қағаздар рыногын реттеу жөніндегі уәкілетті органдар белгілейтін қаржы құралдарына орналастыруға;
      2) зейнетақы төлемдерін заңдарға сәйкес жүзеге асыруға;
      3) заңдарға сәйкес зейнетақы жинақтарын басқа жинақтаушы зейнетақы қорына аударуға;
      4) қате есептелген зейнетақы жарналарын және өзге де қате есептелген ақшаны қайтаруға.
      3. Жинақтаушы зейнетақы қорларына өзiнiң пайдасына зейнетақы жарналары төленген алушының жинақталған зейнетақы қоры ол қайтыс болған жағдайда заңдарда белгiленген тәртiппен мұраға қалдырылады.
      4. Алушы қайтыс болған жағдайда оның отбасына не алушыны жерлеген адамға жинақтаушы зейнетақы қорлары жерлегенi үшiн он бес еселенген айлық есептiк көрсеткiш шегiнде, бiрақ жеке зейнетақы шотында бар қаражаттан аспайтын мөлшерде бiржолы төлем жасайды.
      ЕСКЕРТУ. 25-бап өзгерді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 364 Заңымен .

      26-бап. Зейнетақы активтерiн кастодиан-банкте сақтау
              және есепке алу

      1. Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерi кастодиан-банктерде кастодиандық шартқа сәйкес сақталады және шоттарда ескеріледі.
      2. Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компания мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қоры, кастодиан-банк және жинақтаушы зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компания арасында жасалған кастодиандық шарттың талабы болып табылады және зейнетақы активтерiне иелiк етудi қаражатты депозиттерге, мемлекеттiк және корпоративтiк бағалы қағаздар мен тiзбесiн бағалы қағаздар рыногын реттеу жөнiнде уәкiлеттi орган белгiлейтiн басқа да қаржы құралдарына орналастыру арқылы жүзеге асырады.
      2-1. Үлгілік кастодиандық шарттың нысанын уәкілетті орган бағалы қағаздарды реттеу жөніндегі уәкілетті органмен және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен келісім бойынша әзірлейді және бекітеді.
      3. Кастодиан-банк мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiнiң мақсатты орналастырылуына бақылау жасайды және олар заңдарға сәйкес келмеген жағдайларда бұл жөнiнде бағалы қағаздар рыногын реттеу жөнiндегi уәкiлеттi орган мен мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорын дереу хабардар ете отырып, зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компанияның тапсырмаларын жауып тастауға (орындамауға) мiндеттi.
      Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін нысаналы орналастырылуына кастодиан-банктің бақылау жасауды жүзеге асыру тәртібін бағалы қағаздар рыногын реттеу жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.
      4. Кастодиан-банк зейнетақы активтерiн шоғырландыру, оларды орналастыру жөнiндегi, инвестициялық табыс алу жөнiндегi барлық операциялардың есебiн жүргiзедi және жинақтаушы зейнетақы қорын оның шоттарының жай-күйi және зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компанияның қызметi туралы ай сайын хабардар етiп отырады.
      5. Жинақтаушы зейнетақы қорының бiр кастодиан-банкi болуға тиiс.
      ЕСКЕРТУ. 26-бап өзгерді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 364 Заңымен .

      27-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының
              құқықтары мен мiндеттерi

      1. Жинақтаушы зейнетақы қорларының салымшылары зейнетақы жарналарын өз пайдасына жүзеге асыратын:
      1) зейнетақы шартын жасасу үшiн жинақтаушы зейнетақы қорын таңдап алуға;
      1-1) уәкілетті орган белгілеген көлемде жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары (акционерлері), зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компания және кастодиан - банк туралы ақпарат алуға;
      2) жинақталған зейнетақы қаражаттарының жай-күйi туралы ақпарат алуға;
      3) жинақтаушы зейнетақы қорының iс-әрекетiне сот тәртiбiмен шағымдануға;
      4) үшiншi адамдардың пайдасына да ерiктi зейнетақы жарналарын төлеудi жүзеге асыруға;
      5) зейнетақы шартына және заңдарға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға хақылы.
      2. Жинақтаушы зейнетақы қорларының салымшылары:
      1) зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарға және зейнетақы шартына сәйкес мiндеттi зейнетақы жарналарын жинақтаушы зейнетақы қорларының тек біреуіне ғана енгiзуге;
      2) жинақтаушы зейнетақы қорларына қордың мiндеттемелерiн орындауына әсер ететiн барлық өзгерiстер туралы өзгерiстер жасалған сәттен бастап 10 күн iшiнде хабарлауға;
      3) зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарға және зейнетақы шартының ережелерiне сәйкес өзге де мiндеттемелердi орындауға мiндеттi.
      ЕСКЕРТУ. 27-бап өзгерді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 364 Заңымен .

      28-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы
              төлемдерiн алушының құқықтары мен мiндеттерi

      1. Зейнетақы жарналарын өз пайдасына жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдерiн алушы зейнетақы жарналарын өз пайдасына жүзеге асыратын салымшының барлық құқықтарын пайдаланады, сондай-ақ:
      1) зейнетақы жасына жетуi бойынша және осы Заңда көзделген өзге де жағдайларда жинақтаушы зейнетақы қорларына зейнетақы төлемдерiн алуға;
      2) өзiнiң жинақтаған зейнетақы қорларын бiр жинақтаушы зейнетақы қорынан екiншiсiне аударуға құқылы, ол күнтізбелік жылына екi реттен аспауы керек;
      3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзi жинақтаған зейнетақы қорын мұра етiп қалдыруға;
      4) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшiн кеткен жағдайда жинақталған зейнетақы қаражатын алуға құқылы.
      2. Зейнетақы төлемдерiн алушы:
      1) табыс алуға әкеп соғатын шарт жасасқан ретте өзiнiң дербес зейнетақы шотының нөмiрi мен мемлекеттiк жинақтаушы қорының реквизиттерiн шарт жасалған сәттен бастап 3 күн iшiнде хабарлауға;
      2) жинақтаушы зейнетақы қорының алушы алдындағы мiндеттемелерiн орындауына ықпал жасайтын өзгерiстер туралы жинақтаушы зейнетақы қорына хабарлауға мiндеттi.
      ЕСКЕРТУ. 28-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 364 Заңымен .

      29-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақылық
              ережелерi

      1. Жинақтаушы зейнетақы қорлары:
      1) зейнетақы шарттарын өзгерту немесе тоқтату тәртiбiн;
      2) зейнетақы жарналары мен төлемдерiн жүзеге асыру тәртiбi мен ережелерiн;
      3) жинақтаушы зейнетақы қорларының алушылар мен салымшылар алдындағы мiндеттемелерi бойынша жауапкершiлiгiн;
      4) жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйi туралы ақпарат берудi;
      5) жинақталған зейнетақы қаражатын бiр жинақтаушы зейнетақы қорынан екiншiсiне аударудың ережелерiн;
      5-1) салымшыларға жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары (акционерлері), зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялар мен кастодиан-банк туралы мәліметтер беруді;
      6) жинақтаушы зейнетақы қорлары, салымшылар мен алушылар арасындағы құқықтық қатынастардың, өзге де ерекшелiктерiн қамтитын зейнетақы ережелерiн белгiлейдi.
      2. Зейнетақы ережелерiн уәкiлеттi орган бекiтедi.
      3. Зейнетақы ережелерi жинақтаушы зейнетақы қорларының салымшысы мен ерiктi жарналар алушының мүдделерiне нұқсан келтiрмеуге тиiс.
      ЕСКЕРТУ. 29-бап өзгерді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 364 Заңымен .

      30-бап. Салымшының жинақтаушы зейнетақы қорларымен
              жасасатын зейнетақы шарты

      1. Зейнетақы шарты жинақтаушы зейнетақы қоры мен салымшының арасында үлгiлiк зейнетақы шартына сәйкес жазбаша түрде жасалады.
      2. Үлгiлiк зейнетақы шартын уәкiлеттi орган әзiрлеп, бекiтедi және онда мынадай мәлiметтер:
      1) жинақтаушы зейнетақы қорының атауы, заңды мекен-жайы және банктiк реквизиттерi;
      2) салымшының тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда), әлеуметтік жеке коды, мекен жайы (егер ол жеке тұлға болса) немесе оның атауы, орналасқан жерi және банктiк реквизиттерi (егер ол заңды тұлға болса);
      3) шарттың мәнi;
      4) тараптардың құқықтары мен мiндеттерi;
      5) зейнетақы жарналарын енгiзудiң тәртiбi мен шарттары;
      6) жеке зейнетақы шотының нөмiрi;
      7) жинақтаушы зейнетақы қорының жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйi жөнiнде есеп беру тәртiбi;
      8) тараптардың мiндеттемелердi орындамаған жағдайлардағы жауапкершiлiгi;
      9) шарттың қолданылу мерзiмi;
      10) шартты өзгертудiң және бұзудың тәртiбi мен ережесi;
      11) ерiктi зейнетақы жарналарының алушысы туралы мәлiмет болады.
      ЕСКЕРТУ. 30-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 364 Заңымен .

      31-бап. Зейнетақы шарты тараптардың жауапкершiлiгi

      1. Жинақтаушы зейнетақы қоры өзiнiң салымшы мен алушының алдындағы мiндеттемелерi бойынша өз мүлкiмен ғана жауапты болады.
      2. Салымшылар мен алушылар жинақтаушы зейнетақы қорларының мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, дәл сол сияқты жинақтаушы зейнетақы қорлары да салымшылар мен алушылардың мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.

8-тарау. Жинақтаушы зейнетақы қорларын ұйымдастыру

      32-бап. Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры

      1. Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Үкiметi болатын жабық акционерлiк қоғам нысанында құрылады.
      2. Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерiн бағалы қағаздар рыногын реттеу жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлейтiн тәртiппен бағалы қағаздарға, мемлекеттiк банктердiң депозиттерiне, халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарына  орналастыру жолымен инвестициялық қызметтi жүзеге асырады.
      ЕСКЕРТУ. 32-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 364 Заңымен .

      33-бап. Мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы
              қорларының түрлерi

      1. Мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорлары:
      1) ашық;
      2) корпоративтiк болуы мүмкiн.
      2. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорлары алушының жұмыс iстейтiн және тұратын жерiне қарамастан салымшылардан зейнетақы жарналарын қабылдауды жүзеге асырады.
      3. Корпоративтiк жинақтаушы зейнетақы қорлары сол қордың құрылтайшылары және акционерлерi болып табылатын бiр немесе бiрнеше ашық тұлғалардың алушы-қызметкерлерi үшiн құрылады.
      4. Алушының заңды тұлғамен - акционермен еңбек шартын бұзуы, корпоративтiк жинақтаушы зейнетақы қорымен зейнетақы шартын бұзу үшiн негiз болады.

      34-бап. Мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы
              қорының ұйымдық-құқықтық нысаны

      Мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қоры жабық акционерлiк қоғам нысанында құрылады.

      35-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының филиалдары
              мен өкiлдiктерi

      Жинақтаушы зейнетақы қорлары уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша филиалдар мен өкiлдiктер ашуға құқылы.

      36-бап. Мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорының
              құрылтайшылары мен акционерлерi

      1. Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын заңды және жеке тұлғалар ашық жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары және акционерлері бола алады. Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары корпоративтік жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары және акционерлері бола алады.
      2. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорын құру кезеңiнде бiрде-бiр тұлға тiкелей немесе жанама түрде мұндай жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс құқығы бар акцияларының 25 процентiнен астамын иеленуге, билiк етуге және/немесе басқаруға құқылы емес.
      Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының қызметi кезеңiнде, уәкiлеттi орган рұқсат еткен реттердi қоспағанда, бiрде-бiр тұлға тiкелей немесе жанама түрде мұндай жинақтаушы зейнетақы қорының дауысы құқығы бар акцияларының 25 процентiнен астамын иеленуге, билiк етуге және/немесе басқаруға құқылы емес.
      Аталған шектеулер корпоративтiк жинақтаушы зейнетақы қорына қолданылмайды.
      3. Мемлекеттiк кәсiпорын және мемлекеттiң акциялар пакетi мен үлесi бар кәсiпорын, уәкiлеттi орган рұқсат еткен реттердi қоспағанда, мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары және акционерлерi бола алмайды.
      4. Жинақталған зейнетақы қаражатының нақты құны кемiген жағдайда корпоративтiк зейнетақы қорларының акционерлерi бiрдей жауапты болып, Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiп бойынша инвестициялық кiрiс ысырабының орнын толтырады.
      5. Жинақтаушы зейнетақы қоры басқа жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшысы бола алмайды.
      ЕСКЕРТУ. 36-бап өзгерді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 364 Заңымен .

      37-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларын мемлекеттiк тiркеу

      Жинақтаушы зейнетақы қорларын мемлекеттiк тiркеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

      38-бап. Мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы
              қорының атауы

      1. Мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорының атауында "жинақтаушы зейнетақы қоры" деген сөздер болуға тиiс.
      2. Мемлекеттiк емес зейнетақы қорларының өз атауында "ұлттық", "орталық", "мемлекеттiк", "үкiметтiк", "кепiлдiк беретiн", "кепiлдiк берiлген", "сақтық", "сақтандырушы" немесе "сақтандырылған" деген сөздердi қандай тiлде болса да толық және қысқартылған түрiнде пайдалануына тыйым салынады. Атауда алушының пайдасына жасалатын инвестициялардан алынатын кiрiс ставкасының сақтандырылуы немесе оған кепiлдiк берiлуi айтылуға немесе меңзелуге тиiс емес.
      3. Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға құқығы жоқ ешбір заңды тұлға жинақтаушы зейнетақы қоры болып атала алмайды және (немесе) өзін зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметпен айналысушы ретінде сипаттай алмайды.
      ЕСКЕРТУ. 38-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 364 Заңымен .

      39-бап. Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы
              төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметтi
              лицензиялау

      1. Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметтi заңдарда белгiленген тәртiппен уәкiлеттi орган лицензиялауды.
      2. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру тәртiбi лицензиялау туралы заңдармен белгiленедi.
      3. Уәкiлеттi орган жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiне лицензияның қолданылуын мына негiздердiң кез келгенi:
      1) лицензия берiлгенде негiзге алынған ақпараттың сенiмдi еместiгi;
      2) жинақтаушы зейнетақы қорының қызметiн бастауды лицензия берiлген кезден бастап бiр жылдан астам уақыт кiдiрту;
      3) жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы шарттары бойынша мiндеттемелерiн үнемi (12 күнтiзбелiк ай iшiнде үш және одан көп реттерде) орындамауы немесе тиiсiнше орындамауы;
      3-1) лицензиар белгілеген нормативтерді және жинақтаушы зейнетақы қорлары орындауға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді ұдайы бұзғанда (12 жүйелі күнтізбелік айдың ішінде үш және одан көп жағдайларда);
      4) Қазақстан Республикасының заң және нормативтiк құқықтық актiлерiн, жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы ережелерiн және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiн бұзу не уәкiлеттi органның жазбаша ұйғарымдарын орындамау;
      5) есептер мен мәлiметтердi табыс етпеу немесе оларды көрiнеу күмәндi табыс бойынша алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұруға құқылы.
      3-1. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру жинақтаушы зейнетақы қорының бұрынырақ тартылған салымшылар бойынша зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру, сондай-ақ олардың зейнетақы жинақтарын зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компания арқылы инвестициялау құқығын сақтай отырып, жаңа салымшыларды тартуына тыйым салуға әкеп соғады.
      4. Уәкілетті органның жинақтаушы зейнетақы қорының қызметіне берілген лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұру туралы қабылдаған шешімі жинақтаушы зейнетақы қорының салымшыларына хабарланады, сондай-ақ бұқаралық ақпарат баспа құралдарында жарияланады.
      5. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға түрткі болған себептердің уәкілетті орган белгілеген мерзімде жойылмауы оны кері қайтып алуға негіз болып табылады.
      ЕСКЕРТУ. 39-бап өзгерді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 364 Заңымен .

      40-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларында басшылық
              қызметтердi атқару тәртiбi

      1. Атқарушы органның басшысы мен оның орынбасарлары, бас бухгалтер мен оның орынбасарлары, филиал мен өкiлдiктiң бiрiншi басшысы мен бас бухгалтерi жинақтаушы зейнетақы қорларының басшы қызметкерлерi болып табылады.
      2. Жинақтаушы зейнетақы қорына:
      жоғары бiлiмi жоқ;
      заңда белгiленген тәртiппен соттылығы алынбаған;
      бұрын сол адамның басшылық еткен кезiнде банкрот деп танылған немесе санацияға ұшыратылған, мәжбүрлеп таратылған заңды тұлғада басшы қызметкер немесе лауазымды адам болған адам басшы қызметкер бола алмайды.
      3. Азаматтың уәкiлеттi орган белгiленген тәртiппен бiлiктiлiк емтиханын тапсырғаннан кейiн жинақтаушы зейнетақы қорларында басшы қызмет атқаруға құқығы бар.
      ЕСКЕРТУ. 40-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 364 Заңымен .

      41-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының құқықтары,
              мiндеттерi және қызметiн жүзеге асыру

      1. Жинақтаушы зейнетақы қорларының:
      1) зейнетақы жарналарын жинауды жүзеге асыруға;
      2) өзiнiң қызметi үшiн комиссиялық сыйақылар алуға;
      3) зейнетақы шартының ережелерiне сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
      2. Жинақтаушы зейнетақы қорлары:
      1) алушыларға Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен зейнетақы төлеуге;
      2) жинақталған зейнетақы қаражаттары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асыруға;
      3) салымшы мен алушыға кемiнде жылына бiр рет, сондай-ақ оның сұрау салуы бойынша оның жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйi туралы ақпарат беруге;
      4) алушының жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйi туралы ақпараттың құпиялығын қамтамасыз етуге;
      5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зейнетақы заңдары мен зейнетақы шартының ережелерiн бұзғаны үшiн жауап беруге;
      6) алушының арызы бойынша оның жинақтаған зейнетақы қаражатын бiр жинақтаушы зейнетақы қорынан екiншiсiне аударуға;
      7) зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниямен зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруға шарттар жасасуға;
      8) бұқаралық ақпарат құралдарында уәкілетті орган белгілеген тәртіппен қаржы есебін және өз қызметі туралы өзге де ақпаратты жариялау, бұл ретте жинақтаушы зейнетақы қорларына салымдар бойынша табысы жөнінде кепілдіктер немесе уәделер орын алатын ақпараттарды, сондай-ақ заңдармен жариялануға тыйым салынған өзге де мәліметтерді жариялауға рұқсат етілмейді;
      9) жинақтаушы зейнетақы қорымен зейнетақы шартың жасасқан азаматтарға тең жағдайларды қамтамасыз етуге;
      10) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да мiндеттердi атқаруға мiндеттi.
      3. Салымшылардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау мақсатында жинақтаушы зейнетақы қорларына:
      1) өндiрiстiк қызметке;
      2) бағалы қағаздар рыногын реттеу жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлейтiн бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарын қоспағанда, жылжымалы және жылжымайтын мүлiкпен сауда жасауға;
      3) сақтандыру қызметiне;
      4) зейнетақы активтерiн кепiлге беруге;
      5) акциялардан басқа бағалы қағаздар шығаруға;
      6) мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорының "алтын акциясын" тағайындауға тыйым салынады.
      ЕСКЕРТУ. 41-бап өзгерді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 364 Заңымен .

      42-бап. Уәкiлеттi орган қолданатын ықпал ету шаралары

      1. Жинақтаушы зейнетақы қорлары заңдарды бұзған жағдайда уәкiлеттi орган мынадай ықпал ету шараларын қолдануға:
      1) анықталған кемшiлiктердi белгiленген мерзiмде жою туралы орындалуы мiндеттi жазбаша ұйғарым беруге;
      2) жинақтаушы зейнетақы қорларының басшы қызметкерлерiн қызметтен алу туралы акционерлер алдына мәселе қоюға;
      3) заңдарда белгiленген тәртiппен айыппұлдар салуға және өндiрiп алуға;
      4) лицензияны тоқтата тұруға не қайтарып алуға құқылы.
      2. Уәкiлеттi орган өздерiне қатысты ықпал ету шараларын қолданған жинақтаушы зейнетақы қоры не тұлға оның iс-әрекетiне сот тәртiбiмен шағымдануға құқылы.

      43-бап. Мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы
              қорын қайта құру

      1. Мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорын қайта құру уәкiлеттi органның рұқсатымен акционерлердiң жалпы жиналысының шешiмi бойынша қосу, бiрiктiру, бөлу, бөлiп шығару түрiнде жүзеге асырылады.
      Мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорының қайта құруды жүргiзуге рұқсат алу туралы өтiнiшiне мынадай құжаттар қоса тiркеледi:
      жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерi жалпы жиналысының оны қайта құру туралы шешiмi;
      жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастырудың көзделiп отырған шарттарын, нысандарын, тәртiбi мен мерзiмдерiн жазылатын құжаттар;
      қайта құру нәтижелерiнiң қаржылық болжамы, соның iшiнде жинақтаушы зейнетақы қорының және жинақтаушы зейнетақы қорын қайта құрудың нәтижесiнде құрылатын заңды тұлғалардың оны қайта құрғаннан кейiнгi есептiк балансы;
      қордың корпоративтік түрінен ашық түрге қайта құрылуы, өзгеруі.
      Уәкiлеттi орган жинақтаушы зейнетақы қорын қайта құруға рұқсат алу туралы өтiнiштi құжаттардың толық топтамасы табыс етiлген күннен бастап бiр ай iшiнде қарауға тиiс.
      2. Қайта құрылатын жинақтаушы зейнетақы қоры уәкiлеттi органның қайта құруды жүргiзуге рұқсатын алған күннен бастап екi аптаның iшiнде жазбаша хабардар ету ресми баспасөзде тиiстi жарияланымдар беру жолымен өзiнiң барлық салымшылары мен алушыларына алдағы өзгерiстер туралы хабарлап отыруға мiндеттi.
      ЕСКЕРТУ. 43-бап өзгерді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 364 Заңымен .

      44-бап. Мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорын
              қайта құруға рұқсат беруден бас тарту

      Уәкiлеттi органның мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорын қайта құруға рұқсат беруден мына негiздердiң кез келгенi:
      1) қайта құрылатын мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерi жалпы жиналысының тиiстi шешiмдерi болмауы;
      2) көзделiп отырған қайта құрудың нәтижесiнде салымшылар мен алушылардың мүдделерiне нұқсан келтiрiлуi;
      3) көзделiп отырған қайта барудың нәтижесiнде монополияға қарсы заңдар талаптарының бұзылуы бойынша бас тартылады.

      45-бап. Мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорын
              тарату

      1. Мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қоры:
      1) уәкiлеттi органның рұқсаты болған кезде мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерi жалпы жиналысының шешiмi бойынша;
      2) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда соттың шешiмi бойынша таратылуы мүмкiн.
      1-1. Уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорын тарату туралы сотқа талап қоя алады.
      2. Ерiктi және мәжбүрлеп тарату, тарату комиссиясының өкiлеттi осы баптың 3-7-тармақтарында белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленедi.
      3. Жинақтаушы зейнетақы қорының ерiктi түрде таратылуға рұқсат алу туралы өтiнiш өкiлеттi орган:
      акционерлердiң жалпы жиналысының ерiктi түрде таратылу туралы шешiмi;
      тарату туралы шешiм қабылдаған күнге зейнетақы активтерiнiң бағалануы;
      зейнетақы активтерiн тапсырудың және жинақтаушы зейнетақы қорларын өз қызметiн тоқтатуға дайындаудың мерзiмдерi мен кезеңдерi туралы акционерлердiң жалпы жиналысы бекiткен iс-шаралар табыс етiлген күннен бастап бiр ай iшiнде қарауға тиiс.
      Ерiктi түрде таратылуға рұқсат беруден бас тартылған жағдайда уәкiлеттi орган өз шешiмiн негiздеп, бас тартылуды жинақтап зейнетақы қорының басшылығы мен акционерлерiне хабарлауға тиiс.
      Уәкiлеттi органның ерiктi түрде таратылуға рұқсатын алған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қоры тарату комиссиясын құрады, оның құрамына уәкiлеттi органның бiр өкiлi енгiзiледi.
      4. Таратылған мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қоры он күннiң iшiнде мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорының таратылатыны туралы алушылар мен салымшыларды арнаулы хатпен және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар етуге мiндеттi.
      5. Тарату комиссиясы таратылатын мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн, оның зейнетақы шарттары бойынша мiндеттемелерiн уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен басқа жинақтаушы зейнетақы қорына тапсыру жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi.
      Таратылатын мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорының алушылары мен салымшылары тарату комиссиясы белгiлеген мерзiмдерде басқа қорды өздiгiнен таңдауға құқылы.
      6. Тарату комиссиясы бекiтiлгеннен кейiн жетi күн мерзiмде тарату балансы мен есебiн уәкiлеттi орган мен Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне табыс етуге мiндеттi.
      7. Таратылатын мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қоры несие берушiлердiң талаптарын Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен зейнетақы активтерiн тапсырғаннан кейiн қанағаттандырады.
      ЕСКЕРТУ. 45-бап өзгерді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 364 Заңымен .

9-тарау. Жинақтаушы зейнетақы қорларының өз капиталы

      46-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорының капиталын құру

      Жинақтаушы зейнетақы қорының өз капиталы:
      1) құрылтайшылар мен акционерлердiң жарғылық капиталға салымдары;
      2) комиссиялық сыйақылар;
      3) заңдарда көзделген басқа да көздер есебiнен құрылады.

      47-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының жарғылық
              капиталын қалыптастыру ерекшелiктерi

      1. Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры жарғылық капиталының мөлшерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      2. Мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қоры Жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерi уәкiлеттi орган белгiлейдi.
      Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорының ең төмен жарғылық капиталының мөлшеріне талаптар өскен жағдайларда, зиянның болғанына қарамастан қор акцияларды қосымша шығаруды жүзеге асырады.
      3. Жинақтаушы зейнетақы қорының жарғылық капиталы ақшамен төленедi.
      4. Жарғылық капиталын қалыптастыру кезiнде мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын төлеу үшiн заңды тұлғалардың өз капиталы немесе олардың таза активтерi шегiндегi қаражаты пайдаланылады.
      5. Лицензия алу туралы өтiнiш берiлген кезде жарғылық капитал толық төленуге тиiс.
      ЕСКЕРТУ. 47-бап өзгерді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 364 Заңымен .

      48-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының комиссиялық
              сыйақылары

      1. Зейнетақылық жарналарда және инвестициялық табыстан процент түрiнде алынған комиссиялық сыйақылардың шектi шамасын уәкiлеттi орган белгiлейдi.
      Жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялар мен кастодиан-банкке комиссиялық сыйақыны шарттардың ережелеріне сәйкес төлеуді жүргізеді.
      Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi аффилиирлендiрiлген компаниялармен зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi аффилиирлендiрiлмеген компанияларға қарағанда комиссиялық сыйақыны бөлудiң неғұрлым тиiмдi жағдайларымен және мөлшерлерiмен шарт жасасуға тыйым салынады.
      2. Жинақтаушы зейнетақы қорының өз қаражатын пайдаланудан алынған табыстары көлемiнде жинақтаушы зейнетақы қорына тиесiлi болады.
      ЕСКЕРТУ. 48-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 364 Заңымен .

10-тарау. Жинақтаушы зейнетақы қорларының есебi мен есеп берiп отыруы, жинақталған зейнетақы қаражатының құпиясы

      49-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы есепке алу

      1. Жинақтаушы зейнетақы қорлары заңдарда белгiленген тәртiппен бухгалтерлiк есеп жүргiзiп, жеке қаражаты және зейнетақы активтері бойынша бөлек қаржылық есеп бередi.
      2. Алушылардың жеке шотында жинақталған зейнетақы қаражатының есебi уәкiлеттi орган белгiлейтiн тәртiппен жүргiзiледi. Зейнетақы жарналары есебінің дұрыс жүргізілуіне және инвестициялық кірістің алушылардың жеке зейнетақы шотына есептелуіне уәкілетті орган бақылау жасайды.
      3. Жинақтаушы зейнетақы қорлары бухгалтерлік есепте және есеп беруді жасау кезінде пайдаланылатын құжаттардың есепке алынуы мен сақталуын қамтамасыз етуге міндетті. Сақталуға жататын негізгі құжаттардың тізбесі мен олардың сақталу мерзімін уәкілетті орган белгілейді.
      ЕСКЕРТУ. 49-бап өзгерді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 364 Заңымен .

      50-бап. Алушының жинақталған зейнетақы қаражатының
              құпиясы

      1. Алушының зейнетақы жинақтарының құпиясы алушылар туралы, алушылардың жеке зейнетақы шоттарындағы қалдықтар және ақша қозғалысы туралы мәліметтерді қамтиды.
      Жинақтаушы зейнетақы қорларының жинақталған зейнетақы қаражатының құпиялылығына кепiлдiк бередi.
      2. Өзiнiң қызмет мiндеттерiн жүзеге асыру үшiн жинақталған зейнетақы қаражатының құпиясы болып саналатын мәлiметтерге қол жеткiзуге мүмкiндiк алған жинақтаушы зейнетақы қорларының лауазымды адамдары, қызметкерлерi және өзге де адамдар жинақталған зейнетақы қаражатының құпиясы болып саналатын мәлiметтердi жариялауға құқылы емес және оларды жариялағаны үшiн, осы баптың 3-5-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi.
      3. Жинақталған зейнетақы қаражатының құпиясы зейнетақылық жарна төлеушi салымшыға, алушыға, алушының жазбаша келiсiмi негiзiнде кез келген үшiншi адамға ашылуы мүмкiн.
      4. Жеке зейнетақы шоттарындағы ақшаның қалдықтары мен өзгерiсi туралы анықтамалар:
      1) анықтау және алдын ала тергеу органдарына - олар жүргiзiп отырған iстер бойынша;
      2) соттарға - сот ұйғарымының негiзiнде олар жүргiзiп отырған iстер бойынша;
      3) салық органдарына - тексерiлiп отырған тұлғаға салық салуға байланысты мәселелер бойынша берiлуi мүмкiн;
      4) уәкілетті органға - алушының өтінішіне байланысты туындаған мәселелер бойынша.
      5. Алушының жеке зейнетақы шотының болуы туралы, олардағы ақшаның қалдықтары мен өзгерiстерi туралы анықтамалар алушы қайтыс болған жағдайда өсиетте аталған адамдарға, мұрагерлiк iстер бойынша iс жүргiзушi соттарға, нотариаттық кеңселерге және шетелдiк консулдық мекемелерге берiледi.
      ЕСКЕРТУ. 50-бап өзгерді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 364 Заңымен .

11-тарау. Мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн басқару

      51-бап. Мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорының
              зейнетақы активтерiн басқару тәртiбi

      Мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды бағалы қағаздар рыногын реттеу жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компания жүзеге асырады.

      52-бап. Мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорларының
              зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi
              компаниялар

      1. Мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компания заңды тұлға, бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушысы болып табылады және заңдарда белгiленген тәртiппен жабдық акционерлiк қоғам нысанында құрылады.
      2. Мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компанияның атауында "зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компания" деген сөздерi болуға тиiс.
      3. Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компанияның жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерiн, оны құру тәртiбi мен құрамын бағалы қағаздар рыногын реттеу жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлейдi.
      4. Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компанияның мүлкi мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн оқшауланған болады.

      5. <*>
      ЕСКЕРТУ. 52-бап өзгерді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 364 Заңымен .

      53-бап. Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi
              компанияның басшы қызметкерлерi

      1. Атқарушы органның бiрiншi басшысы мен оның орынбасарлары, бас бухгалтер мен оның орынбасарлары, филиалдың (өкiлдiктiң) басшысы мен бас бухгалтерi зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компанияның басшы қызметкерлерi болып танылады.
      2. Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компанияға:
      жоғары бiлiмi жоқ;
      өтелмеген немесе заңмен белгiленген тәртiппен алынбаған соттылығы бар;
      бұрын осы адам басшылыққа еткен кезде банкрот деп танылған немесе консервацияға, санацияға, мәжбүрлеп таратуға ұшыраған заңды тұлғаның басшы қызметкерi немесе лауазымды адамы болған адам басшы қызметкер бола алмайды.
      3. Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компанияның басшы қызметкерiнiң кандидатурасын бағалы қағаздар рыногын реттеу жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсе отырып, құрылтайшылар мен акционерлер сайлайды.
      4. Бағалы қағаздар рыногын реттеу жөнiндегi уәкiлеттi орган берген тиiстi бiлiктiлiк куәлiгi болған жағдайда ғана азаматтың зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компанияның басшы қызметкерi лауазымына ие болуға құқығы бар.

      54-бап. Мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорының
              зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару

      1. Мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару оның таңдауы бойынша зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың бiреуiмен жасалған шарттың негiзiнде жүзеге асырылады.
      2. Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компания осы баптың 3-тармағының талаптарын орындаған кезде бiр мезгiлде екi және одан да көп мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорларымен зейнетақы активтерiн басқаруға шарт жасасуға құқылы.
      3. Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компанияның өз капиталының көлемi қағаздар рыногын реттеу жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен басқаруға қабылданған зейнетақы активтерiнiң мөлшерiне пропорциялы түрде ұлғайтылу тиiс.
      4. Зейнетақы активтерiн басқаруға арналған шарт жазбаша нысанда жасалады, шарттың жазбаша нысанын сақтамау оның жарамсыздығына әкеп соғады.
      5. Зейнетақы активтерiн басқаруға арналған шартқа мүлiктi сенiмдi басқару туралы шарттың ережелерi қолданылады.

      55-бап. Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi
              компанияның мiндеттерi мен қызметiн шектеу

      1. Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компания:
      1) бағалы қағаздар рыногын реттеу жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен зейнетақы активтерiн инвестициялауды жүзеге асыруға;
      2) заңдарда белгiленген тәртiппен зейнетақы активтерiн ұдайы бағалап отыруға;

      3) <*>
      4) мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қоры мен бағалы қағаздар рыногын реттеу жөнiндегi уәкiлеттi органның алдында өз қызметi туралы ұдайы есеп берiп отыруға;
      5) бағалы қағаздар рыногын реттеу жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлейтiн тәртiппен өз қызметi туралы ақпарат жарияланып отыруға;
      6) бағалы қағаздар рыногын реттеу жөнiндегi уәкiлеттi орган мен зейнетақы активтерiн басқару туралы шартпен белгiленген басқа да мiндеттердi орындауға мiндеттi.
      2. Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компанияның мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының құқықтары мен мүдделерiн қорғау мақсатында:
      1) акциялардан басқа, бағалы қағаздардың өзге де түрлерiн шығаруға;
      2) банктерден үш айдан асатын мерзiмге, өз капиталының мөлшерiнен аспайтын мөлшерде заем қаражатын тартуға;
      3) ұйымдастырылған рыноктардағы мәмілелер мен зейнетақы активтерін басқаруға шарттарды қоспағанда, аффилиирлендірілген тұлғалармен зейнетақы активтері есебінен мәмілелер жасау;
      4) кез келген әдiстермен заемдар беруге;
      5) зейнетақы активтерiнiң құрамына кiретiн бағалы қағаздарды қайта сатып алу мiндеттемесi шартымен сатуға;
      6) маржа бойынша кез келген бағалы қағаздарды сатып алуға;
      7) мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорына тиесiлi емес бағалы қағаздарды сату ("қысқа сатулар") туралы шарттар, сондай-ақ эмиссиялық болып табылмайтын бағалы қағаздарды сатып алуға шарттар жасасуға;
      8) кез келген түрде, кепiлдер мен кепiлдiктер беруге, зейнетақы активтерiмен кепiлдiк мәмiлелер жасасуға;
      9) зейнетақы активтерiнiң инвестициялары бойынша табыстарға кепiлдiгi немесе уәдесi бар ақпарат жариялауға;
      10) материалдық өндiрiс және бағалы қағаздар мен қаржы құралдарынан басқа өзге де мүлiкпен сауда жасау саласында қызметтi жүзеге асыруға тыйым салынады.
      ЕСКЕРТУ. 55-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 364 Заңымен .

      56-бап. Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi
              компанияның өз капиталын қалыптастыруы

      Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компанияның өз капиталын қалыптастыру тәртiбiн бағалы қағаздар рыногын реттеу жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлейдi.

      57-бап. Сақталуы мiндеттi пруденциалдық нормативтер

      Бағалы қағаздар рыногын реттеу жөнiндегi уәкiлеттi орган зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компанияның төлем қабiлеттiлiгi мен қаржылық тұрақтылығы кепiлдiгiн қамтамасыз ету үшiн сақталуы мiндеттi пруденциалдық нормативтер белгiлейдi.

      58-бап. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару
              жөнiндегi қызметтi лицензиялау

      Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компанияның жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметiн заңдарда белгiленген тәртiппен бағалы қағаздар рыногын реттеу жөнiндегi уәкiлеттi орган лицензиялайды.
      Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компания тиісті лицензиялары болған жағдайда бағалы қағаздар рыногын реттеу жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен бағалы қағаздар портфелін басқару жөніндегі қызметті және брокерлік-дилерлік қызметті жүзеге асыруға құқылы.
      ЕСКЕРТУ. 58-бап өзгерді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 364 Заңымен .

      59-бап. Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi
              компанияның жауапкершiлiгi

      Зейнетақы активтерiн дұрыс басқармаған жағдайда мемлекеттiк  емес жинақтаушы зейнетақы қоры сот арқылы инвестициялық басқаруды тоқтату және шығындарды өтеу туралы талап қоюы мүмкiн.
      Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компания өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі бүкіл мүлкімен жинақтаушы зейнетақы қоры алдында жауап береді.
      ЕСКЕРТУ. 59-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 364 Заңымен .

IV БӨЛIМ
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының және Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің әскери қызметшілерін, қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандырудың ерекшеліктері

      ЕСКЕРТУ. IY-бөлімнің атауы мен мәтіні өзгерді - Қазақстан Республикасының 1998.12.22. N 328 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. IY-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2001.07.16. N 244 Заңымен .

12-тарау. Еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алу құқығы

      60-бап. Еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн
              алу құқығы

      1. Әскери қызметшiлердiң (мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлерден басқа), iшкi iстер және Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті органдары қызметкерлерiнiң:
      1) әскери қызметте, ішкi iстер және Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті органдарындағы қызметте кемiнде 25 еңбек сiңiрген жылы бар, қызметте тұрудың Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шектi жасына жеткен;
      2) әскери қызметте, iшкi iстер немесе Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті органдарындағы қызметте кемiнде 25 еңбек сiңiрген жылы бар, штаттың қысқартылуы және денсаулық жағдайы бойынша босатылған;
      3) әскери қызметтегi офицерлiк құрамдағы адамдардың, прапорщиктердiң (мичмандардың), Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдарының орта, аға және жоғары басшы құрамындағы адамдардың, сондай-ақ келiсiм-шарт бойынша әскери қызметтен өтiп жүрген, Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген әскери қызметтi және Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдарындағы қызметтен өтудiң шектi жасына жеткен, 25 жыл және одан да көп жалпы еңбек стажы бар, оның кемiнде 12 жыл 6 айын үздiксiз әскери қызметтегi немесе Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдарындағы қызметi құрайтын адамдардың;
      4) 25 жыл және одан да көп жалпы еңбек стажы бар, оның кемiнде 12 жыл 6 айын үздiксiз әскери қызмет немесе iшкi iстер органдарындағы қызмет құрайтын, штаттың қысқаруына немесе денсаулық жағдайына байланысты қызметтен босатылған адамдардың еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлмеген негiздер бойынша қызметтен босатылған әскери қызметшiлердiң, iшкi iстер және Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті органдары қызметкерлерiнiң осы Заңға сәйкес жалпы негiздерде зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар.
      3. Әскери қызметшілер, Қазақстан Республикасының ішкі істер және Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті органдарының, бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетінің, прокуратураның, салық полициясының, кеден комитетінің, Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің қызметкерлері арасынан зейнеткерлер қайтадан мемлекеттік қызметке арнаулы атақ, сыныптық шен, сыныптық біліктілік беріле отырып қабылданған жағдайда, зейнетақы төлеу қызметке тағайындалған күннен бастап тоқтатылады.
      ЕСКЕРТУ. 60-бап 3-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 364 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 60-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.07.16. N 244 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 60-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2001.10.10. N 247 Заңымен .

      61-бап. Еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы
              төлемдерiнiң мөлшерi

      1. Әскери қызметшiлерге, iшкi iстер және Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті органдарының қызметкерлерiне осы Заңның 60-бабының 1-тармағына сәйкес тағайындалатын ақшалай қаражатының 50 процентi есебiнен белгiленедi.
      2. 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемiнде 10 жыл қызмет стажы бар әскери қызметшiлерге, iшкi iстер және Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті органдарының қызметкерлерiне осы Заңның 60-бабының 1-тармағына сәйкес тағайындалатын зейнетақы төлемдерi 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еңбек сiңiрген әрбiр жылы үшiн осы Заңның 63-бабына сәйкес айқындалатын ақшалай қаражатының 2,4 процентi есебiнен белгiленедi.
      3. Әскери қызметтегi, ішкi iстер және Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті органдарындағы қызметте 25 жылдан астам еңбек сiңiрген әрбiр жылы үшiн зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi 2 процентке көбейтiледi.
      4. 25 жылдан астам жалпы еңбек стажының әрбiр жылы үшiн зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi осы Заңның 63-бабына сәйкес белгiленетiн ақшалай қаражатының 1 процентiне көбейтiледi.
      5. Зейнетақы төлемдерiнiң осы баптың 1-3-тармақтарына сәйкес есептелген жалпы мөлшерi осы заңның 63-бабына сәйкес белгiленген ақшалай қаражатының 65 процентiнен аспауы керек. Әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне төленетiн ай сайынғы зейнетақы төлемдерiнiң ең жоғары мөлшерi тиiстi жылға арналған "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен белгiленген жетпiс бес айлық есептiк көрсеткiштен аспауға тиiс.
      ЕСКЕРТУ. 61-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.07.16. N 244 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 61-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2001.10.10. N 247 Заңымен .

      62-бап. Еңбек сiңiрген жылдарды есептеу

      Әскери қызметшiлердiң, iшкi iстер және Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті органдары қызметкерлерiнiң еңбек сiңiрген жылдары Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен есептеп шығарылады.
      ЕСКЕРТУ. 62-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.07.16. N 244 Заңымен .

      63-бап. Зейнетақымен қамсыздандыру үшiн ескерiлетiн
              ақшалай қаражатының мөлшерi

      1. Әскери қызметшiлердi, ішкi iстер және Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті органдарының қызметкерлерiн зейнетақымен қамсыздандыру үшiн ескерiлетiн ақшалай қаражаты мөлшерi қызметтен босаған (адам құрамының тiзiмiнен шығарылған) күнге белгiленедi.
      2. Қазақстан Республикасының әскери қызметшiлерiн, iшкi iстер органдары қызметкерлерiн зейнетақымен қамсыздандыру үшiн ескерiлетiн ақшалай қаражат мөлшерiне лауазымдық айлықақысы, әскери (арнаулы) атағы бойынша айлықақысы (қосымша ақы) кiредi.
      3. Әскери қызметшiлердi, ішкi iстер және Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті органдарының қызметкерлерiн зейнетақымен қамсыздандыру үшiн ескерiлетiн ақшалай қаражаты мөлшерi соңғы қызмет еткен жерi бойынша тиiстi қаржы органының белгiленген үлгiдегi анықтамасымен расталады.
      ЕСКЕРТУ. 63-баптың 2 тармағы сөздермен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.11.16. N 482 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 63-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.07.16. N 244 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 63-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2001.10.10. N 247 Заңымен .

      64-бап. Зейнетақы төлемдерiн тағайындау және оны жүзеге
              асыру мерзiмдерi

      1. Әскери қызметшілерге, Қазақстан Республикасы ішкі істер және Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті органдарының қызметкерлеріне тағайындалған зейнетақы төлемдерін республикалық бюджет қаражаты есебінен төлеу қызметтен босаған (жеке құрам тізімінен шығарылған) күннен бастап, бірақ оларға ақшалай қаражат төленген күннен кейін жүзеге асырылады.
      2. Әскери қызметшiлерге, Қазақстан Республикасының iшкi iстер және Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті және Мемлекеттiк тергеу комитетi органдарының қызметкерлерiне тиiстi қызметтердi ұстауға көзделген қаражат есебiнен зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру алушылардың еңбекақысы немесе басқа да табысы болуына қарамастан толық жүргiзiледi.
      3. Әскери қызметшiлерге iшкi iстер және Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті және Мемлекеттiк тергеу комитетi органдарының қызметкерлерiне жеке жинақтаған зейнетақы қаражатының есебiнен зейнетақы төлемдерi зейнетақы шартына сәйкес жүргiзiледi.
      4. Әскери қызметшілер, Қазақстан Республикасының ішкі істер және Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті органдарының, бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетінің, прокуратураның, салық полициясының, кеден комитетінің, Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің қызметкерлері арасынан зейнеткерлерге бұрын тағайындалған зейнетақы төлемдері жаңартылған кезде немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақыға Орталықтан зейнетақы қайта тағайындалған жағдайда зейнетақы еңбек сіңірген жылдары үшін берілетін зейнетақыны төлеу тоқтатылған кезде белгіленген мөлшерде, зейнетақы төлеу тоқтатылған кезең үшін заңдарда белгіленген тәртіппен жүргізілген индекстеу ескеріле отырып төленеді.
      ЕСКЕРТУ. 64-баптың 1-тармағы жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1998.12.22. N 328 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 64-бап 4-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 364 заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 64-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.07.16. N 244 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 64-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2001.10.10. N 247 Заңымен .

      65-бап. Қаражат және зейнетақы төлеу тәртібі

      1. Әскери қызметшілер, ішкі істер және Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті органдары және бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетінің қызметкерлері қатарынан 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнетке шыққан адамдарды зейнетақымен қамсыздандыру зейнетақының белгіленген мөлшері сақтала отырып, республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
      2. 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 10 жылдан астам әскери қызмет немесе ішкі істер және Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті органдарындағы және бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетіндегі қызмет стажы бар әскери қызметшілерді, ішкі істер және Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті органдарының және бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетінің қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
      3. Қазақстан Республикасының әскери қызметiнде, iшкi iстер органдарындағы қызметте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша он жылға жетпейтiн әскери қызмет стажы бар, Қазақстан Республикасының республикалық және жергiлiктi бюджеттер есебiнен қамтылған әскери қызметшiлерi, iшкi iстер органдары қызметкерлерi үшiн мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қорына немесе мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорына, осы Заңның 63-бабының 2-тармағында белгiленген ақшалай қаражаты мөлшерiнiң 20 процентi мөлшерiнде тиiстi бюджеттiң қаражаты есебiнен салымшының таңдауы бойынша жеке зейнетақы шотына мiндеттi зейнетақы жарналарын аудару тәртiбi енгiзiледi.
      Әскери қызметшілерге және ішкі істер және Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті органдары қызметкерлеріне зейнетақы төлеу жеке зейнетақы жинақтары негізге алына отырып, жинақтаушы зейнетақы қорларынан, сондай-ақ республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
      4. 1998 жылғы 1 қаңтардан кейiн тұңғыш рет қызметке кiрген әскери қызметшiлер, iшкi iстер және Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті және Мемлекеттiк тергеу комитетi органдарының қызметкерлерi үшiн осы баптың 3-тармағына сәйкес жинақталған зейнетақы қаражатын қалыптастыру тәртiбi қолданылады. Оларға зейнетақы төлемдерi жеке жинақтаған зейнетақы қаражатын негiзге ала отырып, жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленедi.
      ЕСКЕРТУ. 65-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1998.12.22. N 328 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 65-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.07.16. N 244 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 65-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2001.10.10. N 247 Заңымен .

      66-бап. Әскери қызметшiлердi, iшкi iстер және
              Мемлекеттiк тергеу комитетi органдарының
              қызметкерлерiн қамсыздандыруды жүзеге асыратын
              органдар

      1. Республикалық бюджеттiң есебiнен зейнетақы төлемдерiн алатын әскери қызметшiлердi, Қазақстан Республикасының iшкi iстер және Мемлекеттiк тергеу комитетi органдарының қызметкерлерiн зейнетақымен қамсыздандыруды қорғаныс және iшкi iстер министрлiктерiнiң, Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Республикалық ұланның және Қазақстан Республикасы Президентi Күзет қызметiнiң тиiстi қызметтерi жүзеге асырады.
      2. Әскери қызметшiлердi, Қазақстан Республикасының iшкi iстер және Мемлекеттiк тергеу комитетi органдарының қызметкерлерiн жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi және ерiктi зейнетақылық жарналар есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру осы Заңда белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
      ЕСКЕРТУ. 66-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 364 заңымен .

V БӨЛIМ
Қорытынды ережелер

      67-бап. Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу
              жағдайы бойынша және жасына байланысты
              әлеуметтiк зейнетақылар алуға құқығы барларға
              мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу
              жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн
              мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар

      1. Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша тағайындалған зейнетақылар, әлеуметтiк зейнетақылар 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар нысанында мемлекеттiк бюджеттен төленедi.
      2. Мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақының мөлшерi 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн алынған зейнетақының мөлшерiнен кем болмауға тиiс.
      3. Осы Заңның 9-бабында белгiленген жағдайлар болған ретте мүгедектiгi бойынша жәрдемақы азаматтың тiлегiне орай заңдарда белгiленген тәртiппен Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн ауыстырылуы мүмкiн.
      4. Мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды тағайындаудың шарттары, тәртiбi және мөлшерi Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленедi.

      68-бап. Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарды
              бұзғаны үшiн жауапкершiлiк

      Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарды бұзғаны үшiн жауапкершiлiк Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi.

      69-бап. Осы Заңды күшiне енгiзу тәртiбi

      Осы Заң 1997 жылғы 1 шiлдеден бастап күшiне енгiзiледi, бұған 1, 2-баптар, 4-баптың 1, 3, 4-тармақтары, 5, 7-21-баптар, 23-баптың 1, 2, 4, 5-тармақтары, 24-бап, 27-баптың 2-тармағының 1)-тармақшасы, 60-67-баптар қосылмайды, олар 1998 жылғы 1 қаңтарынан бастап күшiне енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi