Ішкі істер органдарының Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығуға рұқсаттар беру рәсімі жөнінде Нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 10 қыркүйектегі N 655 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 26 қарашада тіркелді. Тіркеу N 1682. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 3 наурыздағы № 134 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 2012.03.28 N 20 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегi "Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" Заңын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 7 ақпандағы "Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы" N 550 Жарлығын және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 6 сәуiрдегi "Тiлдердi қолдану мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiнде 2001-2002 жылдарға арналған iс-шаралардың жоспары туралы" N 450 Қаулысын басшылыққа ала отырып, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 14-тармақшасына, 7-бабының 1-тармағына сәйкес облыстық Мәслихат ШЕШIМ ЕТЕДI:      
      1. Қызылорда облысы әкiмиятының 2001 жылғы 13 қыркүйектегi N 68 "Қызылорда облысындағы мемлекеттiк ұйымдарда iс жүргiзудi мемлекеттiк тiлге көшiру туралы" Қаулысы еске алынып, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" Заңын жүзеге асыруға ықпал етiлсiн.
      2. Жыл сайын облыстық бюджеттi қараған кезде жергiлiктi жерде тiлдердi қолдану мен дамытуға арналған мемлекеттiк бағдарламаны жүзеге асыру үшiн қажеттi қаражат бөлiнуi қарастырылсын.

      Облыстық Мәслихат
      VIII сессиясының төрағасы