Жинақтаушы зейнетақы қорына еншілес ұйым құруға немесе сатып алуға, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру, сондай-ақ еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға берілген рұқ

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 64 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 28 наурызда тіркелді. Тіркеу N 4145. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 93 қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 93 (қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Ескерту. Атауы жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.11.28. N 194 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген Жинақтаушы зейнетақы қорына еншілес ұйым құруға немесе сатып алуға, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру, сондай-ақ еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға берілген рұқсатты кері қайтарып алу туралы ереже бекітілсін
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.11.28. N 194 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
      3. Бағалы қағаздар рыногының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің  мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне және "Зейнетақы қорлары қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

      Төраға

Қазақстан Республикасы Қаржы  
нарығын және қаржы ұйымдарын  
реттеу мен қадағалау агенттігі 
Басқармасының          
2006 жылғы 25 ақпандағы    
N 64 қаулысымен бекітілген  

Жинақтаушы зейнетақы қорына еншілес ұйым құруға немесе сатып алуға, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты
қатысуға рұқсат беру, сондай-ақ еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты
қатысуға берілген рұқсатты кері қайтарып алу туралы ереже

      Ескерту. Атауы жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.11.28. N 194 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Осы Ереже "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) жинақтаушы зейнетақы қорына (бұдан әрі - Қор) еншілес ұйым құруға немесе сатып алуға, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғы капиталына қомақты түрде қатысуға рұқсат беру , еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға берілген рұқсатты қайтарып алу тәртібін көздейді.
       Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.11.28. N 194 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қорлар Заңның 41-бабының 3-тармағының 7) тармақшасында көзделген жағдайларда еншілес ұйым құруы, заңды тұлғалардың жарғы капиталына немесе акцияларына қатысу үлесін сатып алуы мүмкін.

      2. Уәкілетті орган еншілес ұйым құруға немесе сатып алуға берілген және кері қайтарып алынған рұқсаттардың тізілімін жүргізеді, сондай-ақ осы Ереженің 1 және 2 қосымшаларына сәйкес нысандағы заңды тұлғалардың жарғы капиталына қомақты қатысу үлесі үшін рұқсат береді.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.11.28. N 194 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      3. Заңды тұлғалардың жарғы капиталына қомақты қатысу үлесі үшін рұқсат жекелей тіке немесе жанама иеленуді ниеттенген немесе бір немесе бірнеше тұлғалармен бірлесіп, дауыс беретін акциялардың жиырма және одан артық процентін (жарғы капиталындағы қатысу үлесі) тікелей және жанама иеленуді ниеттенген, не заңды тұлға акцияларының жиырма және одан артық процентімен дауыс беру мүмкіндігі болған Қорға беріледі.

      4. Заңды тұлғалардың акцияларын (қатысу үлесі) жанама иелену Қордың жарғы капиталындағы қатысу үлесін иелену арқылы заңды тұлғаның (қатысушының) акционері болып табылатын заңды тұлғаның жиырма және одан артық проценті мөлшеріндегі акцияларына немесе жарғы капиталына қатысу үлесі бар Қорды иелену арқылы анықталады.

2-тарау. Қордың еншілес ұйым құруға немесе сатып
алуға, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғы капиталына
қомақты түрде қатысуға рұқсат беру тәртібі туралы

      5. Қор Заңның 41-1-бабының 3-тармағында көрсетілген талаптарды сақтай отырып, еншілес ұйым құрады немесе сатып алады.

      6. Қор еншілес ұйым құру немесе сатып алуға рұқсат алу үшін Заңның 41-бабының 4-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, уәкілетті органға ерікті нысанда өтініш береді.
      Еншілес ұйымның басшы қызметкерлері туралы ақпарат осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес беріледі.
      Қор аудиторлық ұйымның есебін және аудиторлық ұйым қол қойған сатып алынып отырған ұйымның қаржылық есеп беруін соңғы аяқталған қаржы жылы үшін береді.

      6-1. Қор Қазақстан Республикасының резиденттері - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымды, банкті - еншілес ұйымды иеленуге рұқсат алу үшін өтініш берген жағдайда, Заңның 41-1-бабының 4-тармағының 1), 3), 4), 8), 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттар уәкілетті органға ұсынылмайды.
      Жинақтаушы Қор Қазақстан Республикасының резиденттері - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымның, банктің еншілес ұйымын құруға рұқсат алу үшін өтініш берген жағдайда, аффилиирленген тұлғалар жөніндегі мәліметтер уәкілетті органға ұсынылмайды.
      Ескерту. 6-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 наурыздағы N 76 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6-2. Егер өтініш берушінің құратын не ие болатын еншілес ұйымы банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, ашық жинақтаушы зейнетақы қоры болып табылған жағдайда, өтініш беруші еншілес ұйымын иеленуге берген өтінішпен бір уақытта қаржы ұйымының (банк холдингінің) ірі қатысушысы мәртебесін алуға қажетті құжаттарды қосып, қаржы ұйымының (банк холдингінің) ірі қатысушысы мәртебесін алуға өтінішін ұсынуы қажет.
      Ескерту. 6-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.01.25. N 5 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      7. Қор заңды тұлғалардың жарғы капиталына қомақты түрде қатысуға рұқсат алу үшін уәкілетті органға Заңның 41-1-бабының 4-тармағының 2), 3), 5)-7) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса беріп, ерікті нысанда өтініш береді.
      Қор қомақты түрде қатысып отырған заңды тұлғаның басшы қызметкерлері туралы ақпарат осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес беріледі.
      Ескерту. 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 наурыздағы N 76 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. Уәкілетті орган Қорға рұқсат береді немесе еншілес ұйым құруға немесе сатып алуға рұқсат беруден бас тартады, сондай-ақ өтініш бергеннен кейін үш айдан кешіктірмей заңды тұлғалардың жарғы капиталына қомақты түрде қатысуға рұқсат береді.

      9. Уәкілетті органның Қордың еншілес ұйым құруына немесе сатып алуына рұқсат беруден, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғы капиталына қомақты түрде қатысуына рұқсат беруден бас тартуы Заңның 41-1-бабының 5-тармағында көзделген негіздемелер бойынша жасалады.

      10. Уәкілетті орган Қордың еншілес ұйым құруына немесе сатып алуына рұқсат беруден, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғы капиталына қомақты түрде қатысуына рұқсат беруден бас тартқан жағдайда өтініш берушіні бас тартудың негіздемелері туралы жазбаша хабардар етеді.

      10-1. Жинақтаушы зейнетақы қорына еншілес ұйым құруға немесе сатып алуға, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғы капиталына қомақты түрде қатысуға рұқсат беру және рұқсат беруден бас тарту туралы шешімді уәкілетті органның Басқармасы қабылдайды.
      Ескерту. 10-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.04.30. N 113 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
       10-2. Қор уәкілетті органның еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға рұқсатын алмаған жағдайда, Заңның 41-1-бабының 8-тармағымен көзделген іс-шараларды жүзеге асырады.
      Қор өзіне қатысты емес себептер бойынша еншілес ұйымға бақылау құқығын иеленген жағдайда, Қор осы факті анықталған сәттен бастап бір ай мерзімінде еншілес ұйымды сатып алуға уәкілетті органның рұқсатын алу үшін Заңның 41-1-бабының 4-тармағымен көзделген құжаттарды табыс етеді.
      Ескерту. 10-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.11.28. N 194 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
       10-3. Қор заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға уәкілетті органның рұқсатын алмаған жағдайда, Заңның 41-1-бабының  9-тармағымен көзделген іс-шараларды жүзеге асырады.
       Ескерту. 10-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.11.28. N 194 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

2-1-тарау. Қордың еншілес ұйымды құруға немесе сатып
алуға, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға берілген рұқсатты кері қайтарып алу тәртібі

       Ескерту. 2-1-тараумен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.11.28. N 194 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.     

      10-4. Уәкілетті орган Заңның 41-1-бабының 10-тармағымен көзделген жағдайларда еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға берілген рұқсатты кері қайтарып алады.
      10-5. Еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға берілген рұқсатты кері қайтарып алған жағдайда, Қор Заңның 41-1-бабының 10-тармағымен көзделген іс-шараларды жүзеге асырады және уәкілетті органға өзіне тиесілі акцияларды (қатысу үлесін) иелігінен шығарған күннен бастап, үш күндік мерзімде растайтын құжаттарды қоса бере отырып, хабарламаны табыс етеді .

3-тарау. Қорытынды ережелер

      11. Осы Ереженің талаптары бұзылған жағдайда уәкілетті орган Қорға Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген ықпал ету шараларын қолдануы мүмкін.

      12. Осы Ереже реттемейтін мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес шешілуі тиіс.

Жинақтаушы зейнетақы қорына      
еншілес ұйым құруға немесе сатып 
алуға, заңды тұлғалардың жарғылық
капиталына қомақты қатысуға рұқсат
ұйымды құруға немесе сатып алуға,
заңды тұлғалардың жарғылық       
капиталына қомақты қатысуға      
берілген рұқсатты кері қайтарып  
алу туралы ережеге       
1-қосымша           

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.11.28. N 194 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.  

       Жинақтаушы зейнетақы қорына еншілес ұйым құруға
   немесе сатып алуға берілген және кері қайтарып алынған  рұқсаттарды есепке алу жөніндегі уәкілетті органның тізілімі

N

Жинақтаушы зейнетақы қорының атауы

Еншілес ұйымның атауы

Еншілес ұйымның заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден өткендігі туралы деректер

Қордың еншілес ұйым құруына немесе сатып алуына жинақтаушы зейнетақы қорына  берілген рұқсаттардың күні және нөмірі

Қордың еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға берілген рұқсатты кері қайтарып алу күні және нөмірі

Еншілес ұйым қызметінің түрі

1.







Жинақтаушы зейнетақы қорына      
еншілес ұйым құруға немесе сатып 
алуға, заңды тұлғалардың жарғылық
капиталына қомақты қатысуға рұқсат
ұйымды құруға немесе сатып алуға,
заңды тұлғалардың жарғылық       
капиталына қомақты қатысуға      
берілген рұқсатты кері қайтарып  
алу туралы ережеге         
2-қосымша             

       Ескерту. 2-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.11.28. N 194 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

    Заңды тұлғалардың жарғы капиталына қомақты түрде қатысу
   үлесіне жинақтаушы зейнетақы қорына берілген рұқсаттарды
        есепке алу жөніндегі уәкілетті органның тізілімі

N

Жинақтаушы зейнетақы қорының атауы

Жинақтаушы зейнетақы қорының қомақты түрде қатысуы бар заңды тұлғаның атауы

Жинақтаушы зейнетақы қорының қомақты түрде қатысуы бар заңды тұлғаның заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден өткендігі туралы деректер

Заңды тұлғаның жарғы капиталына қомақты түрде қатысуға рұқсат беру күні және нөмірі

Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына
қомақты қатысуға берілген рұқсатты
қайтарып алу күні
және нөмірі

Жинақтаушы зейнетақы қорының қомақты түрде қатысуы бар заңды тұлғаның қызмет түрі

1.







Жинақтаушы зейнетақы қорына      
еншілес ұйым құруға немесе сатып 
алуға, заңды тұлғалардың жарғылық
капиталына қомақты қатысуға рұқсат
ұйымды құруға немесе сатып алуға,
заңды тұлғалардың жарғылық       
капиталына қомақты қатысуға      
берілген рұқсатты кері қайтарып  
алу туралы ережеге         
3-қосымша             

       Ескерту. 3-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.11.28. N 194 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

     Еншілес ұйымдардың басшы қызметкерлері туралы ақпарат

      1. Фамилиясы, аты-жөні ______________________________________

      2. Азаматтығы _______________________________________________

      3. Жеке басты куәландыратын құжат деректері _________________

      4. Жұмыс орны (орындары), қызметі (қызметтері) ______________

      5. Жұмыс орнының (орындарының) мекен-жайы (мекен-жайлары),
байланыс телефоны _________________________________________________

      6. Білімі (біліктілік көтеру курсын қосқанда):

Келіп түскен күні - аяқталған күні

Оқу орнының аты

Мамандығы




        7. Еңбек қызметі туралы қысқаша түйіндеме:

Жұмыс кезеңі

Жұмыс орны

Қызметі




        8. Заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған
сотталғандығы туралы мәліметтер:

Күні

Сот атауы

Соттың тұратын жері

Жаза түрі

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің бабы

Соттың іс жүргізу шешімін қабылдаған күні







        9. Қаржы қызметіне байланысты құқық бұзғаны үшін әкімшілік
жауапкершілікке тарту туралы мәліметтер:

Күні

Әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдаған орган

Әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдаған органның тұратын жері

Әкімшілік тәртіптік жазаның түрі

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзу туралы Кодексінің бабы

Шешім қабылдау күні







        Осы өтініштегі ақпаратты мен тексердім және ол анық және
толық болып табылады.

Фамилиясы, аты-жөні _______________________________________________
                                (баспа әріптерімен)

Күні ___________________________
Қолы ___________________________

Жинақтаушы зейнетақы қорына      
еншілес ұйым құруға немесе сатып 
алуға, заңды тұлғалардың жарғылық
капиталына қомақты қатысуға рұқсат
ұйымды құруға немесе сатып алуға,
заңды тұлғалардың жарғылық       
капиталына қомақты қатысуға      
берілген рұқсатты кері қайтарып  
алу туралы ережеге        
4-қосымша            

       Ескерту. 4-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.11.28. N 194 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

  Жинақтаушы зейнетақы қоры қомақты түрде қатысып отырған
      заңды тұлғаның басшы қызметкерлері туралы ақпарат

      1. Фамилиясы, аты-жөні ______________________________________

      2. Азаматтығы _______________________________________________

      3. Жеке басты куәландыратын құжат деректері _________________

      4. Жұмыс орны (орындары), қызметі (қызметтері) ______________

      5. Жұмыс орнының (орындарының) мекен-жайы (мекен-жайлары),
байланыс телефоны _________________________________________________

      6. Білімі (біліктілік көтеру курсын қосқанда):

Келіп түскен күні - аяқталған күні

Оқу орнының аты

Мамандығы




        7. Еңбек қызметі туралы қысқаша түйіндеме:

Жұмыс кезеңі

Жұмыс орны

Қызметі

      8. Заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған
сотталғандығы туралы мәліметтер:

Күні

Сот атауы

Соттың тұратын жері

Жаза түрі

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің бабы

Соттың іс жүргізу шешімін қабылдаған күні







        9. Қаржы қызметіне байланысты құқық бұзғаны үшін әкімшілік
жауапкершілікке тарту туралы мәліметтер:

Күні

Әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдаған орган

Әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдаған органның тұратын жері

Әкімшілік тәртіптік жазаның түрі

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзу туралы Кодексінің бабы

Шешім қабылдау күні







       Осы өтініштегі ақпаратты мен тексердім және ол анық және
толық болып табылады.

Фамилиясы, аты-жөні _______________________________________________
                                (баспа әріптермен)

Күні ___________________________
Қолы ___________________________