Инвестициялық қызмет нәтижесінде сақтандыру ұйымы алған кірістерге сақтандырылушының (пайда алушының) қатысу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Бақармасының 2006 жылғы 12 тамыздағы N 155 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2006 жылғы 22 қыркүйектегі тіркелді. Тіркеу N 4399. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 3 қыркүйектегі N 134 Қаулысымен.

      Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 2 наурыздағы  N 151  (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.
________________________________________

      "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына  сәйкес денсаулық сақтау саласында біліктілік емтихандарын өткізу рәсімдерін жетілдіру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН: 

      1.»"Денсаулық сақтау саласында біліктілік емтихандарын өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 25 ақпандағы N 190 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 30 наурыздағы  N 157  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3550 тіркелген,»"Юридическая газетаның" 2005 жылғы 9 қыркүйектегі N 165-166 (899-900) санында жарияланған), "Денсаулық сақтау саласында біліктілік емтихандарын өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 25 ақпандағы N 190 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2006 жылғы 25 қаңтардағы  N 23  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4045 тіркелген,»"Юридическая газетаның" 2006 жылғы 24 ақпандағы N 33-34 (1013-1014) санында жарияланған) бұйрықтарымен енгізілген өзгерістермен және толықтыруларымен,»"Денсаулық сақтау саласында біліктілік емтихандарын өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 25 ақпандағы  N 190 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2763 тіркелген,»"Официальная газетаның" 2004 жылғы 30 сәуірдегі N 18 (175) санында жарияланған)  бұйрығына  мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген денсаулық сақтау саласында біліктілік емтихандарын өткізу ережесінде:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Санат бермейтін алғашқы біліктілік емтиханы интернатурада, ординатурада, аспирантурада оқуын аяқтағаннан кейін, ал орта буын медицина және фармацевтика қызметкерлеріне колледжде оқуын бітіргеннен кейін өткізіледі.";

      4-тармақта:
      "медициналық ұйымның қызметін тексеру нәтижелері бойынша медициналық қызметтің сапасын бақылау саласындағы уәкілетті органның" деген сөздер»"денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін тексеру нәтижелері бойынша бейіндік мемлекеттік органның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Тиісті маман сертификаты болмаса, сондай-ақ оның қолданылу мерзімі өткен болса жеке тұлғаның медициналық қызметпен айналысуына тыйым салынады.";

      5-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Бұл ретте өтініш берілген  мамандық бойынша біліктілікті арттыру сағаттарының саны жалпы көлемнің кемінде 85 % құрауы тиіс. Салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша маманданудан өту бастапқы медициналық-санитарлық көмектің қызметкерлері үшін жалпы көлемнің 50 % аспайтын сағат санымен саналуы мүмкін.";

      6-тармақта»"біліктілік санаты беріледі" деген сөздер "біліктілік санатын бере отырып немесе біліктілік санатынсыз маман сертификаты беріледі"; 

      7-тармақта:
      "төрт" деген сөз»"үш" деген сөзбен ауыстырылсын;
      1) тармақша алынып тасталсын;

      8-тармақ алынып тасталсын;

      11-тармақта:
      4) тармақшада»"жарияланымы" деген сөздердің алдынан "халықаралық және республикалық конференциялардың материалдарының" деген сөздермен толықтырылсын;

      12-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "12. Біліктілік емтихандарын өткізу кезінде:";
      1) тармақшада»"сапасын бақылау саласында" деген сөздер»"көрсету саласындағы бақылау" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) клиникалық дәрігерлік мамандықтар бойынша біліктілік санатын беруге осы Ереженің 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, медициналық ұйымдарда жұмыс істейтін тұлғалар, сондай-ақ өтініш берілген мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлға үміткер бола алады.";

      Мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5) "медбике" мамандығы бойынша біліктілік санатын алуға үміткер, медбике болып жұмыс істейтін адамдардың жұмыс өтіліне фельдшер мамандығы бойынша өтілі, сондай-ақ көрсетілген мамандық бойынша бұрын берілген санаты саналады.";

      13-тармақшада "санат беруге" деген сөздер алынып тасталсын;

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "15. Мамандандырылған біліктілік комиссияларын (бұдан әрі - комиссиялар):
      біліктілік санатын алуға үміткер жоғары және орта медициналық білімі бар мамандар үшін медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік орган;
      біліктілік санатын беруге үміткер санитарлық-эпидемиологиялық бейіндегі жоғары және орта медициналық білімі бар мамандар үшін халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган; 
      біліктілік санатын беруге үміткер жоғары және орта фармацевтикалық білімі бар мамандар үшін дәрілік заттармен айналысатын саласындағы мемлекеттік орган біліктілік емтихандарын өткізу үшін құрады.
      Бейіні бойынша тиісті мемлекеттік органдардың біліктілік емтихандарын өткізуін үйлестіру және бақылау кезінде біліктілік комиссияларының жұмысын ұйымдастыру мен өткізуге үкіметтік емес ұйымдар (бір бейіннің медицина қызметкерлерін біріктіретін кәсіптік қоғамдық ұйымдар (қауымдастықтар, одақтар) тартылуы мүмкін.
      Біліктілік емтихандары хатшылардың құжаттарды қабылдауы мен біліктілік емтиханының бірінші кезеңі (тестілеу) үміткердің тұрғылықты жерінде немесе жұмыс орнында жүргізіледі.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "16. Медицина және фармацевтика қызметкерлері үшін біліктілік емтихандарын өткізу жөніндегі комиссияның құрамына:
      бейіні бойынша мемлекеттік органдардың;
      денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының, медициналық және фармацевтикалық білім мен ғылымның, денсаулық сақтау ұйымдарының және денсаулық сақтау саласындағы үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіреді.";

      19-тармақта:
      7) тармақша»"мамандығы бойынша" деген сөздердің алдынан »"ұйымның кадр қызметінің басшысы растаған," деген сөздермен толықтырылсын;

      20-тармақта:
      бірінші абзацта»"мамандығы бойынша жұмыс стажы жоқ" деген сөздер»"біліктілік санаты берілмей, медициналық қызметпен айналысу құқығындағы маман сертификатын алуға үміткер," деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақшада»"оқу" деген сөзден кейін»", жұмыстан орнынан біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау орнынан" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) тармақша алынып тасталсын;

      5) тармақшада»"(жоғары медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымында, интернатурада, ординатурада және аспирантурада оқуды аяқтаған адамдардан басқа)" деген сөздердің алдынан»"(бар болса)" деген сөздермен толықтырылсын; 

      6), 7) тармақшалар алынып тасталсын;

      5) тармақшада»"және аспирантура)" деген сөздерден кейін»"(бар болса)" деген сөздермен толықтырылсын;

      21-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Маман сертификатын алуға үміткердің жалған мәліметтер мен ақпараттар ұсыну фактілері анықталған жағдайда өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.";

      23-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Біліктілік санатын алуға үміткер емес адамдар кейіннен медициналық қызметпен айналысу құқығындағы маман сертификатын ала отырып, тестілеу түрінде біліктілік емтихандарын тапсырады.
      Бастапқы деңгейден өту санатты бермей-ақ, сертификат алу құқығын береді. Бұл ретте тестілеуден өту үшін бастапқы деңгей 40 % дұрыс жауап беру болып табылады.";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "27. Егер тұлғаға өтініш білдірілген біліктілік санаты берілмесе, онда оның келісімі болса комиссия тестілеу мен әңгімелесу нәтижелері бойынша біліктілік санатын бере отырып немесе біліктілік санатынсыз маман сертификатын беруге құқылы.";»

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "28. Біліктілік комиссиясы біліктілік емтихандарын өткізу мен ұйымдастыру кезінде сапалылықты, объективтілікті және пара алмаушылықты қамтамасыз етеді.";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "29. Комиссия хаттамасының негізінде мемлекеттік орган біліктілік санаты берілген немесе біліктілік санатынсыз сертификатты беру немесе оны  беруден бас тарту туралы шешім шығарады.";

      30-тармақта»"біліктілік санатын беру туралы уәкілетті органмен" деген сөздер»"біліктілік санаты берілген немесе біліктілік санатынсыз маман сертификатын беру туралы тиісті мемлекеттік орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Кемінде 144 сағаттың ішінде көрсетілген мамандық бойынша біліктілігін арттыру немесе мамандандыру курстарын өткеннен және біліктілік комиссиясына құжаттарды қайта ұсынғаннан кейін адамдарға 6 айдан кешіктірмей бір рет біліктілік емтихандарын қайта тапсыра алады";

      мынадай мазмұндағы 31-1-тармақпен толықтырылсын:
      "31-1. Біліктілік емтихандарын қайта тапсырмаған адамдардың медициналық немесе фармацевтикалық қызметті жүзеге асыруына жол берілмейді.
      Үміткер 288 сағаттың ішінде қайта даярлықтан өткеннен кейін, маман сертификатын алуға өтініш беруге құқығы бар.";

      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "32. Маман сертификаты - нақты мамандық бойынша кәсіптік практикалық медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыруға адамның дайындығын растайтын белгіленген үлгідегі құжат.";

      33-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Шетелде білім алған тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Ереженің талаптарына сәйкес жалпы негізде біліктілік емтиханын тапсырады.";

      34 және 36-тармақтарда»"біліктілік деңгейі туралы" деген сөздер»"маман" деген сөзбен ауыстырылсын;

      39-тармақта»"уәкілетті" деген сөз»"тиісті мемлекеттік" деген сөзбен ауыстырылсын;

      41-тармақ алынып тасталсын,

      2-қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметтің сапасын бақылау комитеті (У.И.Ахметов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаменті (Д.В.Акрачкова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын өзім бақылаймын. 

      5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау министрінің
      міндетін атқарушы

                                          Қазақстан Республикасы
                                        Денсаулық сақтау министрінің
                                           міндетін атқарушының
                                         2006 жылғы 14 тамыздағы
                                             N 346 бұйрығына 
                                                   қосымша
 
                                        Денсаулық сақтау саласында
                                      біліктілік емтихандарын өткізу
                                                  ережесіне
                                                  2-қосымша

                   Маман сертификаты

      
      Осы сертификат___________________________________
                        (тегі, аты-жөні)
________________________біліктілік санаты беріле отырып:
біліктілік санатынсыз берілді.
(керегінің астын сызу керек)

      Маман сертификатын беру туралы шешім шығарған тиісті орган
башысының 200__жылғы "__" N___бұйрығы

      Тіркеу N___

      Берілген күні 20__жылғы "__"_______

      Сертификат 20__ жылғы "__"_______дейін жарамды

      Маман сертификатын беру туралы шешім шығарған тиісті орган
башысының қолы _____
 
М.О.