Әйелдерге қатысты кемсiтушiлiктiң барлық нысандарын жою туралы конвенцияның орындалуы туралы баяндаманы бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 қыркүйектегі № 1064 Қаулысы

     Әйелдерге қатысты кемсiтушiлiктiң барлық нысандарын жою туралы конвенцияның 18-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берiлiп отырған Әйелдерге қатысты кемсiтушiлiктiң барлық нысандарын жою туралы конвенцияның орындалуы туралы баяндама (бұдан әрі – баяндама) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi баяндаманы белгiленген тәртiппен Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Әйелдерге қатысты кемсiтушiлiктi жою комитетіне жіберсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2011 жылғы 15 қыркүйектегі
№ 1064 қаулысымен    
бекітілген       

Әйелдерге қатысты кемсiтушiлiктiң барлық нысандарын жою
туралы конвенциясының орындалуы туралы
БАЯНДАМА

Астана, 2011

Мазмұны

Алғысөз

I бөлім. Жалпы мәліметтер

1. Мемлекет және халық 2004 – 2010 жылдарда
2. Жалпы саяси негіз
3. Қазақстан Республикасында адам құқықтарының заңнамалық және институционалдық қамтамасыз етілуі
4. Халықаралық нормалар негізінде адам құқықтарының қорғалуы
5. Ақпараттандыру және адам құқықтарын насихаттау
6. Әлеуметтік-экономикалық даму

II бөлім. Конвенцияның орындалуы туралы ақпарат

1-бап
2-бап
3-бап
4-бап
5-бап
6-бап
7-бап
8-бап
9-бап
10-бап
11-бап
12-бап
13-бап
14-бап
15-бап
16-бап
Қорытынды
1-қосымша. Статистикалық деректер
2-қосымша. Баяндамада аталған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      Алғысөз

      Осы БҰҰ-ның Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенциясының (БҰҰ СИДО жөніндегі конвенциясы) іске асырылуы жөніндегі біріккен үшінші және төртінші ұлттық баяндамада 2004 жыл мен 2010 жыл аралығында Қазақстан Республикасында болған әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, сондай-ақ бұл Конвенцияны осы кезеңде іске асырудағы прогресс туралы деректер келтірілген.
      Баяндама барлық министрліктер мен ведомстволар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиялар ұсынған талдау материалының негізінде, Қазақстанның 2007 жылғы қаңтардағы екінші баяндамасының тұсаукесерінен кейін алынған БҰҰ-ның Әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою комитетінің (БҰҰ СИДО жөніндегі комитеті) қорытынды түсініктемелері мен ұсынымдары ескеріле отырып дайындалды. Баяндаманы әзірлеуге үкіметтік емес және халықаралық ұйымдар қатысты.
      Баяндаманың жобасы мемлекеттік органдар, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның отырысында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде талқыланды. Олардың ескертулері мен ұсыныстары осы баяндаманы түпкілікті пысықтау кезінде ескерілді.
      Баяндаманың І бөлімінде Қазақстан Республикасы, халқы, саяси негізі, адам құқықтарын қорғау жөніндегі заңнамалық органдар жүйесі және республикада адам құқықтары саласындағы ақпаратты тарату бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы жалпы ақпарат беріледі.
      ІІ бөлімде есептік кезеңде орын алған заңнамалық актілердегі өзгерістер, СИДО жөніндегі конвенцияға сәйкес Қазақстанның қабылдаған міндеттемелерін орындауы жөніндегі әкімшілік және басқа да шаралар, қол жеткен прогресс, қазіргі кедергілер мен оны одан әрі іске асыру жөніндегі межеленген қадамдар туралы ақпарат баптар бойынша ұсынылған.
      2010 жылы «Дүниежүзілік экономикалық форум» халықаралық ұйымы өзінің «Жаһандық гендерлік айырмашылық – 2010» баяндамасын жариялады. Әлемнің 134 еліндегі ахуалды төрт көрсеткіш: экономикалық қатысу және мүмкіндік, білім деңгейі, саяси құқықтар, денсаулық және өмір сүру ұзақтығы бойынша бағалай отырып, ол Қазақстанды 41 орынға қойды. Осылайша Қазақстан Республикасы Еуропалық одақтың 14 елін, соның ішінде Франция, Италия және Венгрияны басып озып отыр.
      Қазақстан Республикасының Үкіметі Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасына осы баяндаманы дайындауда көрсеткен техникалық көмегі үшін алғыс айтады.

      I бөлім. Жалпы мәліметтер

      1. Мемлекет және халық (негізгі гендерлік сипаттамалары)

      Қазақстан аумағы 2,7 млн.шаршы км құрайды, аумағының ауданы бойынша республика әлемнің ірі мемлекеттерінің ондығына кіреді.
      Халықтың саны 2011 жылғы 1 қаңтарда 16,4 млн. адамды құраған, соның ішінде әйелдер 8,5 млн. адам (52 %), ерлер – 7,9 млн. адам (48 %).
      18 жасқа дейінгі балалар 4,8 млн. адам, соның ішінде қыздар - 2,3 млн. адам (48%), ер балалар - 2,5 млн. адам (52%).
      Зейнеткерлер саны 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 1 млн. 695 мың адамды немесе ел халқының жалпы санының 10,2% құраған. Зейнеткерлер арасында ерлер – 487 мың адам (28,8%), әйелдер – 1 млн. 208 мың адам (71,2%), яғни зейнеткерлік жаста айқын гендерлік асимметрия байқалады, әйелдер ерлерге қарағанда 2,5 есе көп.
      Егде адамдардың (65 және одан үлкен жастағы) үлесі 2011 жылғы 1 қаңтарда 6,7% құрады, яғни Қазақстан халқы қартайып бара жатқан елдерге жатуы мүмкін 7 %-дық шекке тікелей жақын.
      Қазақстанның этностық құрамы халық санағының мәліметтері бойынша 140-тан астам ұлт пен ұлысты құрайды, соның ішінде қазақтар - 10 млн. адам (63%), орыстар – 3,8 млн. адам (24%), украиндар – 333 мың адам (2,1%), өзбектер – 457 мың адам (2,9%), ұйғырлар – 225 мың адам (1,4%), татарлар – 204 мың адам (1,3%), немістер – 178 мың адам (1,1%) және басқалар.
      2009 жылғы халық санағы бойынша отбасының орташа мөлшері 3,5 адамды құрайды. Екі адамнан тұратын отбасы көп тараған – 30%, үш адамнан тұратындары – 27%, төрт адамнан тұратындары – 22%, бес және одан көп адамнан тұратындары – 21%.
      18 жасқа дейінгі балалардың 72% ата-анасымен бірге, 15% – тек анасымен, 6% – тек әкесімен, 6% – ата-аналарынсыз тұрады.
      1209 мың үй шаруашылығының (29%) құрамында 60 және одан үлкен жастағы адамдары бар. 395 мың үй шаруашылығы (9,5%) тек 60 және одан үлкен жастағы адамдардан тұрады. Бұл үй шаруашылықтарында 545 мыңнан астам адам тұрады, оның 191 мыңы ерлер (35%) және 354 мыңы әйелдер (65%).
      2009 жылғы халық санағының нәтижелері елдегі елеулі демографиялық өзгерістерді көрсетіп отыр. Халық санағының аралық кезеңінде (1999 – 2009 жылдар) туу артып, өлім-жітім төмендеді, халықтың өмір сүру ұзақтығы артып келеді, көші-қонның оң сальдосы байқалады. Нәтижесінде Қазақстан халқының саны 1 млн. астам адамға артты.

      Еңбек және жұмыспен қамту саласы

      Қазақстан Республикасында 2010 жылы экономикалық белсенді халықтың саны 8,6 млн. адамды құраған. Экономиканың әртүрлі салаларында 8,1 млн. адам жұмыс істеген, бұл 2004 жылға қарағанда 13 %-ға артық.
      Жұмыс істейтін адамдардың ішінде жалданбалы қызметкерлердің саны 67% құраған, өз бетінше жұмыс істейтіндер – 33%. Жұмыссыз халықтың саны аталған кезеңде 25% қысқарып, 496,5 мың адамды құраған. Жұмыссыздық деңгейі 2010 жылы 5,8% құрады, 2004 жылы ол 8,4% болған.
      2010 жылы жұмыс істейтін адамдардың ішінде әйелдердің саны 3,9 млн. адамды немесе 49 % құраған. Жұмыс істейтін әйелдердің жалпы санының ішінде жалданбалы қызметкерлер 2,5 млн. адамды немесе 65 %, өз бетінше жұмыс істейтіндері – тиісінше 1,4 млн. адамды немесе 35% құраған.
      Тиісті қызмет саласында барлық жұмыс істейтіндердің ішінде әйелдер басым түрде экономиканың денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету – 75 %, білім беру – 73 %, тұру және тамақтандыру қызметтерін көрсету – 66 %, қаржылық және сақтандыру қызметі – 65 %, сауда – 60 %, ауыл шаруашылығы – 47 %, мемлекеттік басқару – 40 % салаларында жұмыс істейді.
      Тиісті салаларда барлық жұмыс істейтіндердің ішінде ерлер дәстүрлі түрде құрылыста – 77 %, көлік және қоймада – 77 %, өнеркәсіпте – 66 % жұмыс істейді.
      Ауылды жерлерде 2010 жылы 3,9 млн. адам жұмыспен қамтылған, соның ішінде әйелдер 1,8 млн. адам немесе 47 %. Барлық ауылдықтардан әйелдердің жартысынан көбі (55 %) ауыл, орман және балық шаруашылығында жұмыс істейді. Ауылды жерлерге жеке қосалқы шаруашылығында (жеке шаруашылығында) жұмыс істеу тән – 1,2 млн. адам (32 %).
      2010 жылы республикадағы орташа номиналды жалақы мөлшері 77,6 мың теңгені құрады, бұл 2004 жылмен салыстырғанды 2,7 есе артық. Жалақының жыл сайынғы өсуі экономикалық қызметтің түрлерінен және аймақтар бөлінісінде байқалады.

      Әйелдер шешімдер қабылдау деңгейінде

      Бүгінде елдің жоғары заң шығарушы органы – Қазақстан Республикасының Парламентінде 21 әйел бар, бұл жалпы депутаттар санының 14 % құрайды. Бұрынғы шақырылыммен (2004 жыл) салыстырғанда олардың саны екі еседей өскен. «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы өзінің партиялық тізімінде әйелдерді ұсына отырып, шешуші рөл атқарды.
      Жергілікті деңгейде – мәслихаттарда 17 % әйел бар. Қазақстанның облыстарының бірінде – Қостанай облысында 30 %-дық межеге қол жеткізілген, бұл жақта барлық деңгейлердегі мәслихаттарда 89 әйел өзінің депутаттық міндеттерін атқарып жүр.
      Қазақстан Үкіметінде 19 министрдің ішінде 3-і әйел (15 %), олар Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі, Экономикалық интеграция істері министрлігі сияқты маңызды ведомстволарды басқарады. Сонымен қатар, 4 әйел министрліктерде жауапты хатшы (лауазымға ел Президенті тағайындайды) және 4 әйел вице-министр.
      Облыстар әкімдерінің орынбасары лауазымында 5 әйел жұмыс істейді және 3 әйел аудан басқарады, аудан әкімдері орынбасарларының 17 % әйелдер, ауылдық және кенттік округтер әкімдерінің 11 % әйелдер. Мемлекеттік қызметте барлығы 46 мың әйел жұмыс істейді, бұл елдегі мемлекеттік қызметшілердің жалпы санының 53 % құрайды.
      Қазақстанда жұмыс істейтін 2146 судьяның 958-і әйелдер (шамамен 45 %), соның ішінде Жоғарғы Сотта 10 әйел (27 %). 2010 жылы облыстық және соған теңестірілген соттар төрағалары лауазымына резервте 5 әйел болған, бұл резервшілердің жалпы санының 21 % құрайды.
      Қазақстан Республикасында 2006 – 2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясында барлық шешімдер қабылдау деңгейінде әйелдердің 30 %-дық өкілдігіне қол жеткізу міндеті қойылған. Қазіргі таңда ел Президентінің Қазақстан әйелдерінің съезінде (2011 жыл) берген тапсырмасы бойынша Әйелдерді шешім қабылдау деңгейіне ілгерілету жөніндегі 2016 жылға дейінгі кезеңге арналған іс-қимыл жоспары әзірленді.

      Білім беру

      Бұрынғы есепте атап өтілгендей, орта білім Қазақстандағы білім беру жүйесінің базалық деңгейі болып табылады және ол баршаға міндетті.
      2010 – 2011 оқу жылының басында республикада жалпы білім беретін 7755 мектеп жұмыс істеді, олардың 7638 немесе 98,5 % мемлекеттік мектеп. Оларда 2,5 млн. астам оқушы оқиды. Дарынды балаларға арналған үш - мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде оқытатын арнайы мектептердің жүйесі (33) құрылған. 6 интеллектуалдық мектеп жұмыс істеуде. Орта мектеп бітірушілердің 53 % қыздар.
      Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі 894 оқу орнынан – 309 кәсіптік лицейден және 494 колледжден тұрады және оларда 185 мамандық бойынша 604,2 мың адам оқиды.
      Орта білім жүйесінің ерекшелігі – мұғалім мамандығының әйелдердің басым болуымен ерекшеленеді, олар 81 % құрайды. Орта білім беруде басшы құрамдағы әйелдердің үлес салмағы – 80 %, кәсіптік-техникалық білім беруде – 33 %.
      Жоғарғы білімді 149 жоғары оқу орнында (9 ұлттық, 2 халықаралық, 32 мемлекеттік, 13 азаматтық емес, 92 жеке меншік, соның ішінде 16 акционерлік) алуға болады. Оларда 620 мыңнан астам адам оқиды. Астана қаласында әлемдік деңгейдегі «Назарбаев Университеті» жоғарғы оқу орны ашылды.
      Қазақстан Болон декларациясына (Еуропалық жоғары білім кеңістігі туралы) қосылған. Мамандарды үш деңгейлік дайындау енгізілген: бакалавр – магистр – PhD докторы. Жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы 60 %-ға әйелдерден тұрады. Профессорлардың – 28 %, доценттердің – 51 % әйелдер. Жоғары білім жүйесінің басшылық құрамындағы әйелдердің үлес салмағы – 25 %. Университеттер түлектерінің ішінде 60 % қыз-келіншектер.
      Шетелде әлемнің 27 мемлекетінде 30 мыңнан астам қазақстандық оқып жатыр. Оның ішінде 3 мыңға жуық студент Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» стипендиясы шеңберінде білім алуда. Республиканың жоғарғы оқу орындарында 12 мыңнан астам шетел азаматы оқиды.
      БҰҰДБ 2009 жылғы баяндамасына сәйкес халықтың сауаттылық деңгейі (99,6 %) бойынша Қазақстан әлемде 14 орында.
      БҰҰДБ «Халықтардың нақты байлығы: адамды дамыту жолдары» Баяндамасының мәліметтеріне сәйкес 2010 жыл бойынша Қазақстан 169 мемлекеттің ішінде адам әлеуетінің даму деңгейі жоғары мемлекеттер тобына кіреді (66 орында).
      ЮНЕСКО-ның (2011 ж.) мәліметтеріне сәйкес Қазақстан білімді дамыту индексі бойынша әлемде 4 орында (129 мемлекеттің ішінде).
      2010 жылы Қазақстанда Математикадан 51-ші халықаралық олимпиада өтіп, Қазақстан командасы әлемнің 98 елі ішінде 5 орынды иеленді.
      Қазақстанның білім беру жүйесінің жоғары бағалануы елдегі мектепке дейінгі дайындық пен 11 жылдық білім берудің міндетті және тегін болуымен байланысты.
      Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының білім беруін дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған жаңа мемлекеттік бағдарламасын іске асыру басталды. Сонымен қатар, Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қамтамасыз ету жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы іске асырылуда.
      Бұл бағдарламаның мақсаты халықтың мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуда сапалы қызмет талаптарын қанағаттандыру болып табылады.
      2015 жылға қарай қалалық жерлерде де, ауылдық жерлерде де мектепке дейінгі балаларды тәрбиемен және оқытумен қамту – барлық қажет ететіндердің 70%, 2020 жылға – 100% қамтитын болады. 2010 жылы 42% қамтылған, бұл 2004 жылғымен салыстырғанда 2,5 есе көп.
      2015 жылдан бастап орта мектептің жоғары сыныптарында екі бағыт: қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша «Бейіндік мектеп» (11–12 сыныптар) бейіндік оқыту бағдарламасы іске асырылатын болады. 2015 – 2020 жылдар ішінде барлық орта білім беру 12 жылдық оқу моделіне көшеді.
      2015 жылға қарай және дайындаудың барлық деңгейлерінде білім беру ұйымдарының жартысын электрондық оқытумен қамту, 2020 жылға бұл көрсеткішті 90 %-ға жеткізу жоспарлануда. Мектепке дейінгі тәрбиеде компьютерлік оқыту ойындары, орта мектепте – электрондық оқулықтар, колледждер мен кәсіптік лицейлерде – виртуалды жаттықтырғыштар, жоғары оқу орындарында – электрондық ғылыми-зерттеу зертханалары пайдаланылатын болады.
      Мұғалім еңбегін мемлекеттік қолдау және ынталандыру айтарлықтай күшейеді. 2015 жылға педагогтардың орташа жалақысы жеке сектордағы еңбекақы деңгейіне жақындайтын болады, қазіргі таңда ол елдегі орташа деңгейдің 60 % құрайды.

      Денсаулық сақтау

      2010 жылы Қазақстан Республикасында денсаулық сақтауды реформалау мен дамытудың 2005 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аяқталды және Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі енгізілді.
      Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру нәтижесінде туу 25 %-ға артып, жалпы өлім-жітім 11 %-ға төмендеді. Ана мен бала денсаулығының көрсеткіштері жақсарды. Ана өлімі бір жарым еседен артық (әрбір тірі туған 100 мың нәрестеге 2004 ж. – 36,9, 2010 ж. – 22,7) азайды. 2004 жылы нәресте өлімі көрсеткіші әрбір тірі туған 1000 нәрестеге 14,5 құрады, Қазақстанда ДДҰ-ның өлі туу және тірі туу бойынша әдістемесінің енгізілуіне байланысты 2008 жылы нәрестелер өлімінің көрсеткіші 15 %-ға төмендеп, 2010 жылы әрбір тірі туған 1000 нәрестеге 16,5 құрады.
      Бірқатар әлеуметтік маңызы бар сырқаттанудың тұрақты төмендеуі байқалады. Туберкулезбен сырқаттану 1,5 есе, өлім-жітім – екі есе төмендеді. Қан айналымы жүйесі ауруларынан өлім-жітім – 20 %-ға, онкопатологиядан – 11%-ға, жарақаттан – 26 %-ға төмендеді. Нәтижесінде 2010 жылы өмір сүрудің күтілетін ұзақтығы 2004 жылмен салыстырғанда 2,2 жылға артып, 68,4 жасты құрады, соның ішінде әйелдерде 1,3 жылға ұзарып, 73,3 жасты құрады, ерлерде – 2,9 жылға ұзарып, 63,5 жасты құрады.
      Бастапқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде әйелдерді әрі қарай қарқынды бақылап және сауықтыра отырып, жыл сайынғы профилактикалық медициналық тексерулер, жатыр мойны мен сүт бездерінің рак алдындағы сырқаттарын айқындау үшін әйелдерге скринингтік тексерулер жүргізіледі. Шалғай ауылдық елді мекендерде әйелдерді тексеру үшін барлық өңірлерде жылжымалы цифрлық қондырғысы бар маммографтар жұмыс істейді. Тек 2010 жылдың өзінде сүт безі рагін анықтау мақсатында 400 мыңнан астам әйел тексерілді, 698 әйелде ауру анықталып, олардың барлығына тиісті медициналық көмек көрсетілді.
      Денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасы едәуір жақсарды. 400-ден астам нысан, соның ішінде 7 қан орталығы салынды, 5 мыңға жуық медициналық ұйым жөнделді. Тек республикалық бюджеттің есебінен жалпы сомасы 75 млрд. теңге медициналық құрал-жабдық сатып алынды. Халықаралық стандарттарға сәйкес медициналық көмек көрсету үшін барлық жағдай жасалған.
      Республикалық маңызы бар жолдарда жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккендерге уақтылы қазіргі заманғы медициналық көмек көрсету үшін жыл сайын реанимобильдер сатып алынады (2010 ж. – 14 бірлік, 2011 жылға 15 бірлік жоспарланған). Жалпы сомасы 757 млн.теңге болатын 2011 жылы – 6, 2012 жылы – тағы 6 жол медициналық-құтқару пункттерін ашу жоспарлануда.
      Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі медициналық қызмет көрсетудің тұтынушыларына дәрігер мен ауруханалық ұйымды еркін таңдау құқығын берді, өңірлерде жоғары мамандандырылған көмектің қол жетімділігін қамтамасыз етті. Мемлекет саясатының маңызды тұсы Қазақстан азаматтарын тегін медициналық көмектің кепілді көлемімен қамтамасыз ету болып табылады, ол жедел медициналық, амбулаториялық-емханалық (бастапқы медициналық-санитарлық және консультативтік-диагностикалық), стационарлық және стационарлық-алмастырушылық жәрдемді қамтиды. Жүкті әйелдерге, 5 жасқа дейінгі балаларға қажетті дәрілік заттар тегін бөлінеді.
      Елдің денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бастапқы медициналық көмекті дамытуға, озық медициналық технологияларды әзірлеу мен енгізуге, мобильді және телемедицинаны, санитарлық авиацияны одан әрі дамытуға басты мән береді. Медициналық көмекті ұйымдастыруды, басқаруды жетілдіру, қаржыландыру, соның ішінде медициналық қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің түпкілікті нәтижеге бағытталған жаңа тетіктерін енгізу жалғасады.

      Әйелдерге қатысты қылмыстылық пен зорлық-зомбылық

      Бас прокуратураның мәліметтері бойынша 2010 жылы Қазақстанда 132 мың қылмыс тіркелген, соның ішінде 42,5 мыңы әйелдерге қатысты (32 %), оның ішінде зорлау – 1,4 мың. Қылмыстардың жалпы саны 2004 жылмен салыстырғанда (143,5 мың) қысқарған, бірақ әйелдерге қатысты біршама өскен (36 мың). Бұл 2007 жылдан бастап тек жәбірленушілердің өтініштері ғана емес, сонымен бірге жеке және заңды тұлғалардың өтініштері де тіркеліп, қаралатынына байланысты.
      Қылмыстар құрылымында барынша көп үлес салмағы (66 %) меншікке қарсы қылмыстарға – ұрлыққа, алаяқтыққа, қарақшылыққа тән. Халықтың денсаулығына қарсы қылмыстардың қысқаруы байқалады, олардың үлесі 7,5 % құрады. Бұл топтағы қылмыстар негізінен есірткілермен байланысты, олардың саны да төмендеуде. Қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың үлесі 6,7 %, тұлғаға қарсы қылмыстар - 5,6 % құраған.
      Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықпен күрес мақсатында Ішкі істер министрлігінің аудандық бөлімдеріне дейінгі құрылымында әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі арнайы бөлімшелер жұмыс істейді. Олардың жалпы штат саны 126 бірлікті құрайды. Қызметкерлердің міндеттеріне әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық фактілерін анықтау, жеке және заңды тұлғалардың әйелдердің конституциялық құқықтары мен бостандықтарының бұзылуы туралы шағымдары мен өтініштерін қарау кіреді.
      2010 жылы ішкі істер органдарына 23 мыңнан астам әйел жүгінген. Бұрынғы есепте атап өтілгендей, Қазақстан Республикасының заңнамасында әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың барлық түрлерін жасағаны үшін – Қылмыстық кодекстің 969899101-107115-117120-130-баптарында және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 79-бабында жауапкершілік көзделген. Барынша жоғары қылмыстық жаза – мүлкін тәркілей отырып 7-ден 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру, әкімшілік жаза – айыппұл не 15 тәулікке дейін әкімшілік тұтқындау (ұрып-соғу, байқаусызда денсаулығына ауырлығы орташа залал келтіру, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттер).
      Сексуалдық сипаттағы қылмыстар жасағаны үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120-122 және 124-баптарында көзделген. Мысалы, 121-бап бойынша (сексуалдық сипаттағы күш қолдану әрекеттері) 8-ден 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Зорлау туралы қылмыстық істер бойынша жәбірленушілер Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 100-бабының «Жәбiрленушiлердiң, куәлардың, сезiктiлердiң, айыпталушылардың және қылмыстық процеске қатысушы басқа да адамдардың қауiпсiздiгi шаралары» нормаларына сәйкес қорғалуға құқылы.
      2007 жылы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс «Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы іс-әрекеттер» атты 79-5-баппен толықтырылды. Ол айыппұлдарды немесе 15 тәулікке дейінгі әкімшілік тұтқындауды көздейді. Іс жүзінде жағдайлардың жартысында соттар санкцияларды қолданады. Бап елдегі тұрмыстық қылмыстың жағдайына елеулі ықпал етті. Үш жыл ішінде 75 мың құқық бұзушылық анықталған және де 2008 жылы мұндай 16 мың құқық бұзушылық анықталса, 2010 жылы – 37 мың анықталған. Соттар 516 адамға қатысты 509 істі қараған, оның ішінде 391 адамға қатысты 379 үкім шығарған.
      Зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмысы үкіметтік емес ұйымдармен тығыз байланыста жүргізіледі.
      Әйелдерге олардың зорлық-зомбылықсыз өмір сүру құқығын қорғауда 28 дағдарыстық орталық нақты көмек көрсетеді, оның 7-де паналайтын баспана бар. Оның 20-сы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және басқа да әлеуметтік-маңызды бағдарламалар арқылы грант бөлу жолымен мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылады. 6 дағдарыстық орталық қызметінің негізгі бағыты адам саудасы құрбандарына көмек көрсету, 12-нің бағыты – тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету, 10-ның бағыты – зорлық-зомбылықтың барлық мәселелері бойынша консультация беру болып табылады. Барлық дағдарыстық орталықтарда сенім телефондары жұмыс істейді, олар арқылы құқықтық және психологиялық көмек қызметкерлері 20 мыңға дейін адамға қызмет көрсетеді. Қазіргі таңда жергілікті атқарушы органдар республиканың дағдарыстық орталықтары жоқ 4 облысында осындай орталық құру туралы мәселені пысықтауда. 2010 жылы дағдарыстық орталықтардан 22 мыңнан астам адам, соның ішінде 18,5 мың әйел көмек сұраған, уақытша баспаналар қызметін 1 мыңнан астам адам пайдаланған.
      Тек 2010 жылы әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты болдырмау жөніндегі 60-тан астам профилактикалық іс-шаралар жүргізілді. Ішкі істер министрлігінің (ІІМ) Әкімшілік полиция комитеті мен Дағдарыстық орталықтар одағы арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмау жөніндегі іс-қимыл жоспары әзірленді.
      2009 жылдың аяғында Қазақстанда «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы туралы» заң қабылданды (БҰҰ СИДО жөніндегі комитеті Қорытынды ескертулерінің 15 тармағы орындалды). Осы заңмен ішкі істер органдарының қызметкерлері жәбірленушілерді қорғауға бағытталған құқық бұзушылыққа жол беретін адамдарға қатысты қорғау ұйғарымын шығару құқығына ие болды. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі қорғау ұйғарымын бұзғаны үшін жауапкершілікті көздейтін нормамен толықтырылды (2010 ж.). Сонымен қатар, ішкі істер органдарының қолдаухаты бойынша соттар құқық бұзушылардың мінез-құлқына 3 айдан бір жылға дейінгі мерзіммен ерекше талаптар белгілейді. Заңның қабылданған сәтінен бастап 26 мың қорғау ұйғарымы шығарылды. Қорғау ұйғарымын бұзғаны үшін 20 мыңнан астам адам 3 сағаттан екі тәулікке дейін сот шешім шығарғанға дейін ұсталған, 500 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
      Қабылданған шаралардың арқасында соңғы 6 жылда елде отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмыстардың орнықты төмендеу үрдісіне қол жеткізілді.
      Сонымен бірге 2010 жылы шамамен 22 мың отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы зорлық-зомбылық фактілері туралы өтініштер мен хабарламалар бойынша қылмыстық істі қозғаудан бас тартылды. Негізгі себеп тараптардың белгілі бір уақыт өткен соң татуласуы және бастапқы арыздан бас тарту болып табылады. Қылмыстық істі қозғаудан бас тартудың басқа себептері жеке адамдардың медициналық куәландырудан өтуден бас тартуы немесе кінәлілердің іс-әрекеттерінде әкімшілік жауапкершілік белгілерінің жоқтығы, сондай-ақ олардың әрекеттерін жеке және жеке-көпшілік кінәлау істеріне жатқызу болып табылады.
      Көбінесе әйелдер жұбайы немесе балалары тарапынан болған тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары болғандарын жасырады. Полицейлерге кейде қажетті материал жинау қиын болады. Сондықтан шынайы өмірде зорлық-зомбылық фактілері құқық қорғау органдары мен жұртшылыққа мәлім болғаннан әлдеқайда көп болады.
      2010 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі еліміздің әртүрлі өңірлерінде әйелдерге отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында жасалатын зорлық-зомбылықтардың себептерін зерделеу тұрғысынан сауалнама жүргізді. 32 мың респондентке сауалдама жүргізілді, оның ішінде ішкі істер органдарына немесе дағдарыстық орталықтарға көмекке немесе консультацияға жүгінген әйелдер; отбасылық жанжалқойлар ретінде есепте тұратын әйелдер, сондай-ақ ата-аналары ата-аналық құқығынан айрылған балалар бар. Сауалнама нәтижелеріне сәйкес респонденттердің 34% зорлық-зомбылық жасаудың себептері мүліктік даулар, 26% – қызғаныш, 25% – маскүнемдік, 12% – өзге адамдардың отбасылық өмірге араласуы, 7% – келіспеушілік деп атап өткен.
      Ішкі істер органдарының отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтың профилактикасы жөніндегі жұмысын жандандыру мақсатында 2010 жылғы тамызда «Зорлық-зомбылықсыз отбасы» апталық республикалық акция өткізілді. Оған 12 мың полиция қызметкері, 4 мыңнан астам білім беру, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау органдарының, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері жұмылдырылды. 11 мыңнан астам сәтсіз отбасылары тексеріліп, ересектерге қатысты 3 мыңнан астам және балаларға қатысты 300-дей зорлық-зомбылық фактісі айқындалды. Айқындалған фактілер бойынша 800-ден астам қорғау ұйғарымдары шығарылды, әкімшілік жауапкершілікке 1,5 мыңнан астам құқық бұзушылар тартылды. Жергілікті атқарушы органдарға сәтсіз отбасыларға көмек көрсету туралы 1,5 мыңнан астам қолдаухат жолданды.
      2010 жылғы қазанда «Сіздің қорғалу құқығыңыз» атты республикалық акция өткізілді, оның мақсаты бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) арқылы жаңадан енгізілген заңнама нормалары туралы түсіндіру жұмысын жүргізу болды. Бір аптаның ішінде 500 мыңнан астам жаднама таратылып, 120 мыңнан астам плакат көпшілік демалатын орындарға ілінді, кәсіпорындарда, ұйымдар мен мекемелерде 10 мыңнан астам кездесу өткізілді.
      Сауалнама нәтижелері бойынша ішкі істер органдарының қызметкерлеріне арналған тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы мен олардың жолын кесудің нысандары мен әдістерін жетілдіру жөніндегі ұсынымдар әзірленді.
      Халықаралық әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күрес күніне орай 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасында жыл сайын «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы өткізіледі. Іс-шараны өткізуге 2010 жылы 25 мың адам жұмылдырылған, оның 17 мыңы полиция қызметкерлері және 8 мыңнан астамы мүдделі мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері. Акция барысында халыққа 240 мың буклет, жаднама, плакат таратылды, Қазақстан Республикасының тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы саласындағы заңнамасын түсіндіру жөнінде 6 мыңнан астам маңдайшалар мен билбордтар орнатылды. 41 мыңнан астам пәтерлер мен үйлерді аралап, соның барысында тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі шамамен 112 мың жадынама мен буклеттер таратылды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау органдарына өмірлік қиын жағдайға тап болған әйелдерді жұмыспен қамту туралы 3 мыңнан астам қолдаухат жіберілді.
      Акция шеңберінде «Құрбылар» және «Қамқорлық» дағдарыс орталықтары Алматы қаласында Жібек жолы, Абылайхан және Фурманов даңғылдары бойынша Гендерлік зорлық-зомбылықпен күресті қолдау маршын өткізді, оған жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Іс-шараның атрибуттары «Біз зорлық-зомбылықсыз өмірді жақтаймыз» атты жазуы бар қолшатырлар мен әуе шарлары болды.
      Акция қорытындысы бойынша ІІМ Дағдарыстық орталықтар одағымен бірлесіп, АҚШ елшілігі мен ЮНИФЕМ-нің қолдауымен Алматы қаласында «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл және балалардың құқықтарын қорғау: стратегиялық ұстанымдар әзірлеу және ынтымақтастықты нығайту» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өткізді.

      2. Жалпы саяси негіз

      Қазақстан өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет.
      Елдің заң шығару қызметін, соның ішінде адам құқықтары саласында заң шығаруды жүзеге асыратын ең жоғары өкілді органы Қазақстан Республикасының Парламенті болып табылады. Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі палатадан тұрады: Сенатта – 47 депутат және Мәжілісте – 107 депутат (барлығы 154 депутат) бар. Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі – 6 жыл, Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі – 5 жыл.
      2007 жылы Конституцияға өзгерістер енгізіліп, Парламент пен саяси партиялардың рөлі күшейтілді. Президенттің көптеген өкілеттіктері Парламентке өтті, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының (мәслихаттардың) рөлі күшейтілді.
      Қазақстан Республикасында атқарушы билікті Үкімет жүзеге асырады, ол елдегі атқарушы органдар жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды. Үкіметті Қазақстан Республикасының Президенті жасақтайды, ол Президенттің алдында жауапты және Парламентке есеп береді. Премьер-Министрді Парламент Мәжілісінің келісімімен Президент тағайындайды.
      Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі Президент қол қойғанға дейін Парламент қабылдаған заңдардың және ратификацияланғанға дейін халықаралық шарттардың ел Конституциясына сәйкестігін қарайды, Конституцияның нормаларына ресми түсініктеме береді, дау болған жағдайда Президент, Парламент депутаттары сайлауының және республикалық референдумның дұрыстығы туралы мәселені шешеді, Конституцияда айқындалған басқа да өкілеттіктерді орындайды.
      Қазақстан Республикасы Жоғары сот органы Жоғарғы Сот болып табылады. Жоғарғы соттың төрағасы мен судьяларын Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуымен Парламент Сенаты сайлайды. Соттар тұрақты судьялардан тұрады, олардың тәуелсіздігі Конституциямен және заңмен қорғалады.
      Қазақстан Республикасы Прокуратурасы заңдардың, Президент жарлықтарының, өзге нормативтік құқықтық актілердің дәл және бірыңғай қолданылуына жоғары бақылау жасайды, сотта мемлекет мүддесін танытады және заңда белгіленген шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.
      Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия мен Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жұмыс істейді. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанынан оның қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және өзгедей қамтамасыз ететін Адам құқықтары жөніндегі орталық құрылды.
      Мемлекеттік органдардың гендерлік теңдік мәселелерін ілгерілету жөніндегі қызметін үйлестіруді Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия жүзеге асырады. Гендерлік тең құқылық жөніндегі ұлттық тетікті күшейту мақсатында оның Хатшылығы Премьер-Министрдің Кеңсесінен ел Президенті Әкімшілігіне ауыстырылды.
      Жергілікті мемлекеттік басқаруды жергілікті өкілді және атқарушы органдар жүзеге асырады, олар тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауап береді.
      Жергілікті өкілді органдарды – мәслихаттарды жалпыға бірдей, тең, тікелей сайлау құқығымен халық 5 жыл мерзімге сайлайды. Мәслихаттардың құзырына аумақты дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті және олардың орындалуы туралы есептерді бекіту; жергілікті әкімшілік-аумақтық құрылыс мәселелерін шешу; жергілікті атқарушы органдар басшыларының мәслихаттың құзырына кіретін мәселелер бойынша есептерін қарау және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерін жүзеге асыру жатады.
      Жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының атқарушы органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді және тиісті аумақта атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясат жүргізуін қамтамасыз етеді.
      2011 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанда 10 саяси партия тіркелген. Жетекші партия 2007 жылғы Парламент сайлауында жеңіске жеткен «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы. Ол 836 мыңнан астам партия мүшесін біріктіреді, оның 491 мыңы әйелдер, бұл шамамен 59%.

      3. Қазақстан Республикасында адам құқықтарының заңнамалық және институционалдық қамтамасыз етілуі

      Бұрынғы баяндамада атап өтілгендей, Қазақстан Республикасының Конституциясы барлық азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтарына кепілдік береді (ІІ бөлім). Оның жоғары заңды күші бар, барлық қабылданатын заңдар мен басқа да нормативтік құқықтық актілер оның ережелеріне сәйкес келуге тиіс, олай болмаған жағдайда олар күші жоқ деп танылып, жойылуға тиіс.
      Адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау заң шығарушы, атқарушы және сот билігі шеңберінде жүзеге асырылады.
      Соңғы жылдарда азаматтардың әділ сот төрелігі жүйесіндегі құқықтарының қорғалуы мен биліктің сот тармағының тәуелсіздігі едәуір күшейтілді. 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда алқа билер мен ювеналды әділет институтының қатысуымен сот ісін жүргізу енгізілді. 2008 жылы қабылданған заңға сәйкес Парламент депутаттарынан, тәжірибелі судьялар мен саясаткерлерден тұратын Жоғары сот кеңесі судьялардың кандидатурасын ұсынады, оны ел Президенті тағайындайды.
      Сотта қорғалумен қатар әркімнің Адам құқықтары жөніндегі уәкілге, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияға, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияға, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалар құқықтарын қорғау комитетіне жүгінуге құқығы бар. Азаматтардың конституциялық құқықтарының, бостандықтары мен мүдделерінің бұзылуына шағымдарын уақтылы қарау, сондай-ақ оларды қорғау мақсатында Премьер-Министрдің, министрліктер мен ведомстволардың басшыларының дербес ресми интернет-сайттары жұмыс істейді.

      4. Халықаралық нормалар негізінде адам құқықтарының қорғалуы

      2005 жылы Қазақстан Республикасы Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні және 2009 жылы оның Факультативтік хаттамасын ратификациялады, соңғысы ел азаматтарына БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитетіне жеке шағымдармен жүгінуге мүмкіндік береді. 2008 жылы республика Азаптауға қарсы конвенцияның факультативтік хаттамасына қосылды, Қазақстан конвенцияның өзін, бұрынғы есептерде айтылғандай, 1998 жылы ратификациялаған.
      Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар оның заңдарының алдында басымдыққа ие және халықаралық шарттың қолданылуы үшін заң шығару талап етілген жағдайлардан басқа кездерде тікелей қолданылады.
      Барлық заңдар, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Бұл олардың қолданылуының міндетті шарты болып табылады.
      Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенция ратификациялана салысымен «Казахстанская правда» орталық газетінде (№ 126, 1998 ж.), сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Парламентінің жаршысы» журналында (№ 11-12, 1998 ж.) жарияланды.
      БҰҰ СИДО жөніндегі комитетінің ұсынымдарының 8-тармағын орындау үшін екінші кезеңдік есеп жөніндегі алынған қорытынды ескертулер барлық орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға, сондай-ақ Парламентке жіберілді. Ескертулерді жою үшін арнайы іс-шаралар жоспары әзірленіп, оны гуманитарлық құқық және адам құқықтары жөніндегі халықаралық шарттар жөніндегі ведомствоаралық комиссия бекітті (2007 жылғы 7 қарашадағы № 5 хаттама). Оның іске асырылу барысы туралы жыл сайын мониторинг жүргізіліп, нәтижелері Ведомствоаралық комиссияның отырыстарында қаралды.
      Сонымен қатар, Конвенция, оның Факультативтік хаттамасы, Конвенцияның іске асырылу барысы туралы елдің кезеңдік есептері мен БҰҰ СИДО жөніндегі комитетінің қорытынды ескертулері Ұлттық комиссияның сайтына (www.ncgp.kz) орналастырылған.
      Конвенцияның, оған қосылу туралы Заңның толық мәтіні және де Әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою комитетіне жолданған Үкімет баяндамаларының мәтіні Республикалық құқықтық ақпараттар орталығының «Заң» дерекқорына енгізілді. «Заң» дерекқоры Халыққа қызмет көрсету орталықтарында (азаматтар құжаттандыру, жылжымайтын мүлікті тіркеу және мәмілеге отыру бойынша мемлекеттік қызметтер алу мақсатымен келеді), кітапханаларда және республиканың барлық оқу орындарында, сондай-ақ Әділет министрлігінің сайтында бар. «Заң» дерекқоры барлық азаматтар үшін тегін және ашық. Халыққа қызмет көрсету орталықтарында әр азамат қандай да бір заңнамалық немесе нормативтік құқықтық актінің мәтінін шығаруды сұрай алады.
      Сонымен бірге, Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияның ережелерін кеңінен зерделеу мақсатында Жоғарғы Сот бірқатар қосымша шаралар қабылдады. Атап айтқанда, 2007 жылы БҰҰ-ның ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық құжаттарының жинағы басылып, жергілікті соттарға таратылды және оның сайтына орналастырылды. Оған БҰҰ СИДО комитетінің 2007 жылғы Қорытынды ескертулері, Қазақстан Республикасының гендерлік теңдік мәселелері жөніндегі және т.б. нормативтік құқықтық актілері енгізілді. Барлық жерлерде судьялармен осы Конвенцияның ережелерін зерделеу және қолдану жөніндегі семинар сабақтары өткізілді.
      Сот актілерінде Конвенцияның ережелеріне сілтеменің болмауы оның жеткіліксіз кең пайдаланылмауы деп бағаланбауы тиіс. Қазақстан заңнамасының Конвенцияның ережелерімен үйлесім табатынын ескере отырып, соттар әйелдер құқықтарын қорғау кезінде әдетте ұлттық заңнаманың нормаларына сілтеме жасайды.
      Белгілі бір дәрежеде бұл сот актілерінің дәлелдемелеріне қалыптасқан дәстүрлі көзқарастармен де байланысты. Соттар арнайы заңдардың нормаларын қолдануды жөн көреді, бұл іс жүргізу талаптарын бұзу болып табылмайды. Мысалға, сот актілерінде Қазақстан Республикасының Конституциясы айтарлықтай сирек қолданылады, ол 4-бабының 2-тармағының күшімен ең жоғары заңды күшке ие және республика аумағында тікелей қолданылады. Бұл оның жеткіліксіз таралуын немесе зерделенуін куәландыратын фактор ретінде бағаланбайды.
      Сонымен қатар, БҰҰ СИДО комитетінің ұсынымдарын ескере отырып, Жоғарғы Сот соттардың істерді шешу кезінде халықаралық шарттардың нормаларын тікелей қолдануын ынталандыруға арналған ұйымдастыру сипатындағы шаралар қабылдады.
      Атап айтқанда, 2008 жылы «Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының нормаларын қолдану туралы» нормативтік қаулы қабылданды. 2010 жылы сот актілерінің банкі құрылды, оған халықаралық шарттардың, соның ішінде осы Конвенцияның нормаларына сілтемелері бар сот актілері орналастырылады.
      Қабылданған шаралар белгілі бір дәрежеде сот актілерінің дәлелдемелеріне дәстүрлі көзқарастардың өзгеруіне ықпал етті, оны соңғы уақыттардағы соттардың шешімдері куәландырады. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының мәліметтер базасында тікелей халықаралық шарттар нормаларына сілтемесі бар 14 сот актісі бар.
      Мемлекеттік қызметшілердің гендерлік саясат саласындағы кәсіптік құзыретін көтеру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы тұрақты негізде «БҰҰ-ның Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенциясының ережелерін түсіндіру», «Мемлекеттік қызмет жүйесіндегі гендерлік теңгерім», «Гендерлік саясат және әлеуметтік қатынастардың өзекті проблемалары» тақырыптарында курстар мен семинарлар өткізіп тұрады.
      Қазіргі уақытта Қазақстанда адам құқықтарын қамтамасыз етуді жетілдірудің жүйелі және нақты бағдарламалары болып табылатын Қазақстан Республикасының 2010 – 2012 жылдарға арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы және Қазақстан Республикасындағы 2009 – 2012 жылдарға арналған адам құқықтары саласындағы ұлттық іс-қимыл жоспары іске асырылуда.
      Адам құқықтарын қорғаудың халықаралық институционалдық тетіктерінің ішінен Қазақстан Адам құқықтары жөніндегі комитеттің, Азаптауға қарсы комитеттің, Нәсілдік кемсітуді жою жөніндегі комитеттің және Әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою жөніндегі комитеттің жеке шағымдарды қабылдау жөніндегі құзырын мойындады.
      Жоғарыда айтылғандарға орай, Қазақстанда БҰҰ СИДО жөніндегі комитетінің Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияның ережелерінің халық арасында жеткіліксіз таралуы, шенеуніктердің, сот органдары қызметкерлері мен жұртшылықтың онда баяндалған шынайы теңдік тұжырымдамасы туралы жеткілікті хабардар болмауы, осы конвенцияға сілтеме жасаған сот практикасының жоқтығы туралы ескертулерін (9 және 10-тармақтар) жою жөніндегі нақты жұмыс жүргізілуде деуге болады.

      5. Ақпараттандыру және адам құқықтарын насихаттау

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 қарашадағы № 1116 қаулысымен 2009 – 2011 жылдарға арналған Құқық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениет деңгейін көтеру, азаматтарды құқықтық оқыту және тәрбиелеу жөніндегі бағдарлама әзірленіп, іске асырылуда.
      Бағдарламада мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құқық түсіндіру жұмыстары мәселесін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстар дайындау, халықты құқықтық сауаттылыққа оқыту тәртібі туралы қағидаларды, халықтың жеке санаттарының құқықтық сауаттылығының ең төменгі міндетті деңгейін әзірлеу және енгізуді және адам құқықтарын құрметтеуді қалыптастыруға бағытталған өзге де іс-шаралар көзделген.
      Осы Бағдарламаның шеңберінде екі бейне-семинар өтті, Астана, Алматы және Ақтөбе қалаларында құқықтық пәндер оқытушылары үшін біліктілігін арттыру курстары ұйымдастырылды. Баспасөз басылымдарында Әділет министрлігінің Call-орталығының, халыққа қызмет көрсету мобильді орталықтарының (ХҚО) қызметі туралы, биометрикалық паспорттар, жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу туралы төрт айдар ашылған, бес бейнеролик және екі деректі фильм шығарылды, олар теледидардан көрсетілді. Әділет органдары қызметін ақпараттық сүйемелдеу мақсатында медиа-жоспар бекітілді, онда шамамен 50 іс-шара өткізу көзделген.
      2006 жылдан бастап Астана қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның, Қазақстандағы БҰҰДБ және Алматы қаласындағы ЮНЕСКО-ның Кластерлік бюросының бірлескен күшімен құрылған Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның Цифрлық кітапханасы жұмыс істейді. Цифрлық кітапхананы қолдауды Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы жүзеге асырады.
      Халықтың құқықтық ақпаратқа қол жеткізуі еркін. Қазақ және орыс тілдеріндегі құжаттар http://hrc.nabrk.kz мекен жайы бойынша қолжетімді, кітапхананың интерфейсі қазақ, орыс, ағылшын және француз тілдерінде іске асырылған. Мақсатты аудитория бірінші кезекте ауыл қоғамдастығы, халықтың осал топтары – мүгедектер, зейнеткерлер, әйелдер, балалар, кедейлер болып табылады. Олар үшін кітапхананың адамдарға түсінікті адам құқықтары саласындағы білімді жүйелендіретін 70-тен астам санаттарды қамтитын «Амалдар» бөлімі көзделген. Санаттардың көпшілігінде барынша көп қойылатын сұрақтар келтірілген. Цифрлық кітапхана тиімді білім беру құралы болып табылады және халықтың адам құқықтары жөнінде хабардар болуын арттыруға ықпал етеді.

      6. 2004 және 2010 жылдар аралығы кезеңіндегі елдің әлеуметтік–экономикалық ахуалы

      2004 – 2006 жылдары ел экономикасы айтарлықтай жоғары қарқынмен дамыды, өсу қарқыны орта есеппен 10 %-дан асты. 2007 жылдың екінші жартысынан бастап Қазақстанның экономикасы әлемдік экономикалық дағдарыстың әсеріне ұшырады. Жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) өсуінің қарқыны біршама төмендеді, бірақ дағдарысқа қарсы қабылданған шаралардың арқасында 8,9% құрады. Сыртқы жағдайлардың нашарлауы ЖІӨ өсуінің қарқынын одан әрі баяулату себептерінің бірі болды, нәтижесінде 2008 жылы ол 3,3 %-ға, 2009 жылы – 1,2 %-ға дейін төмендеді.
      Қиын экономикалық жағдайларға қарамастан елдегі әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға қол жеткізілді. Әлеуметтік саладағы Үкімет қабылдаған барлық міндеттемелер толық көлемде орындалды.
      2010 жылы дағдарысқа қарсы бағдарламаны сәтті іске асыру нәтижесінде ЖІӨ өсімі 2009 жылмен салыстырғанда 7% құрады.
      Жалпы 2005 - 2010 жылдардағы кезеңде Қазақстанның ЖІӨ нақты өрнектегенде 47,9 %-ға өсті, яғни жыл сайынғы өсу қарқыны 6,7% құрады.
      2010 жылы жан басына шаққандағы ЖІӨ 9 мың АҚШ долларын құрады, бұл 2004 жылдың деңгейінен 3 есе жоғары. Қазақстан кіріс деңгейі жан басына шаққанда орташа деңгейден (3,2 мың АҚШ доллары) жоғары мемлекет деп танылды.

2004 - 2010 жылдардағы жалпы ішкі өнім (ЖІӨ)


2004

2005

2006

2007

2008

2009

2010

ЖІӨ

млрд. теңге

5 870

7 591

10 214

12 850

16 053

17 008

21 648

млрд. АҚШ долл.

43,2

57,1

81,0

104,9

133,4

115,3

146,9

* ЖІӨ НКИ, өткен жылға қарағанда, %

109,6

109,7

110,7

108,9

103,3

101,2

107,0

ЖІӨ НКИ,
2004=100%

100,0

109,7

121,4

132,2

136,6

138,2

147,9

ЖІӨ НКИ, 2005=100%

91,2

100,0

110,7

120,6

124,6

126,1

134,9


2004 - 2010 жылдардағы ЖІӨ орташа өсу қарқыны – 107,1%



2005 - 2010 жылдардағы ЖІӨ орташа өсу қарқыны – 106,7%

Жан басына шаққандағы ЖІӨ

мың теңге

391

501

667

830

1 024

1 068

1 327

АҚШ долл.

2 874

3 771

5 292

6 772

8 514

7 241

9 004

*НКИ – нақты көлем индексі
      Елдегі жұмыссыздық деңгейі 2004 жылғы 8,4 %-дан 2010 жылы 5,8 %-ға дейін, соның ішінде әйелдер арасында 9,8 %-дан 6,6 %-ға дейін төмендеді.
      2010 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан халықаралық ұлттық әл-ауқат рейтингінде барлық ТМД елдерін артқа тастап, 50-ші орынға ие болды.

      Халықтың, соның ішінде әйелдердің әл-ауқатын жақсартуға бағытталған қолданыстағы және әзірленіп жатқан бағдарламалар

      2010 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейін даму стратегиясы қабылданды. Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі дамуының стратегиялық жоспары қабылданды. Онда мына маңызды көрсеткіштерге қол жеткізу көзделген: ЖІӨ-ні нақты өрнектелгенде, 2009 жылмен салыстырғанда кем дегенде үштен біріне арттыру; кірістері ең төменгі күн көріс деңгейінен төмен халықтың үлесін 8 %-ға дейін азайту және жұмыссыздық деңгейін 5 %-дан арттырмау; жалпы өлім-жітімді 30 %-ға азайту; халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығын 68 жастан 72 жасқа дейін арттыру.
      2020 – Стратегиялық жоспарын іске асыру үшін Қазақстан Республикасын Үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданып, іске асырылуда. Қазақстанның индустрияландыру картасына жалпы сомасы 8.3 трлн. теңгеден асатын 469 жоба кіреді. Құрылыс кезеңінде оларды іске асыруға 160 мыңнан астам қазақстандық қатысады. Жаңа өндірістерде 140 мың тұрақты жұмыс орны құрылатын болады.
      Қазақстанның стратегиялық даму жоспарының әлеуметтік көрсеткіштеріне қол жеткізу «Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын, Жұмыспен қамту – 2020 бағдарламасын және бірқатар басқа бағдарламаларды іске асыру шеңберінде жүзеге асырылады.
      Мысалы, Денсаулық сақтау саласын дамытудың «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы мыналарды көздейді: темір тапшылық анемиясымен сырқаттануды 100 мың халыққа шаққанда 2013 жылы 2221 жағдайға дейін және 2015 жылы – 2082 жағдайға дейін төмендету (2009 жылы – 2314); ана өлімін 100 мың тірі туған балаға шаққанда 2013 жылы 28,1 жағдайға дейін және 2015 жылы – 24,5 жағдайға дейін төмендету (2009 жылы – 36,9).
      Жұмыспен қамту – 2020 бағдарламасының мақсаты жұмыспен нәтижелі және тұрақты қамтуға жәрдемдесу арқылы халықтың кірісін арттыру болып табылады. Бағдарлама шеңберінде нәтижелі экономикалық жұмыспен қамтуға өз бетінше жұмыспен айналысатын, жұмыссыз және табысы аз адамдарды тарту, үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарламаны іске асыру үшін кадр әлеуетін дамыту, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жүйесін жетілдіру жөніндегі шараларды іске асыру көзделетін болады.
      Бағдарлама бірінші кезекте оқытуға, жұмысқа орналастыруға, тұратын жерінде өз ісін ашуына жәрдемдесуге, ал ондай мүмкіндік болмаған жағдайда экономикалық даму орталықтарына өз еркімен көшуіне жәрдемдесуге бағытталған. Бағдарламаның әрбір қатысушысымен әлеуметтік келісімшарт жасалады, оның шеңберінде оқу (қайта оқу), жұмысқа орналасу және қажет болған жағдайда ақысын төлеуді екі жылға соза отырып, соңынан жекешелендіріп алатын жалдамалы тұрғын үй алу мүмкіндіктері беріледі. Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Павлодар сияқты индустриялық облыстарға елеулі қаражат бөлінеді, ол жерлерде жаңа жұмыс орындары құрылады. Өз бизнесін бастағысы келгендердің кредит алу мүмкіндіктері болады.
      Жұмыспен нәтижелі және тұрақты қамтылу халық кірісі өсуінің негізі болады. Жан басына шаққандағы орташа кірісі ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 2010 жылғы 8,2 %-дан 2020 жылы 6 %-ға дейін азаяды.
      Осылайша, осы бағдарламалардың барлығын іске асыру халықтың, соның ішінде әйелдердің әл-ауқатын арттыруға ықпал ететін болады.

      II бөлім. Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияның орындалуы туралы ақпарат

      1-бап.

      Осы Конвенцияның мақсаттары үшін «әйелдерге қатысты кемсітушілік» ұғымы әйелдердің олардың отбасылық жағдайына қарамастан, саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени, азаматтық немесе кез-келген басқа салалардағы адамның құқықтары мен негізгі бостандықтарын ерлер мен әйелдердің теңдігі негізінде пайдалануын немесе іске асыруын жыныс белгісі бойынша әлсіретуге немесе мойындалуын жоққа шығаруға бағытталған кез келген айырмашылық, қоспай қою немесе шектеу дегенді білдіреді.
      Бұрынғы есептерде көрсетілгендей, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес «Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды».
      Қазақстан БҰҰ-ның Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияға 1998 жылы қосылды, содан бері заңгерлік практикада осы Конвенцияның 1-бабында анықталған «кемсіту» ұғымы қолданылады. «Кемсіту» сөзінің өзі Конституцияның, қабылданған заңдар мен нормативтік актілердің мәтіндерінде кеңінен қолданылады.
      2009 жылы Қазақстанда «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» Заң қабылданды. Онда «жыныстық белгісі бойынша кемсітушілік» ұғымы «жыныстық белгісі бойынша адамның құқықтары мен бостандықтарын кез келген шектеу немесе оларға қысым жасау, сондай-ақ оның қадір-қасиетін түсіру» (1-бап, 3-тармақ) деп анықталған. Жыныс белгісі бойынша кемсітудің бұл анықтамасы қамтитын сипатқа ие және Конвенцияға қайшы келмейді.
      БҰҰ СИДО жөніндегі комитетінің «қатысушы мемлекетте Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияда тұжырымдалған формальды және шынайы теңдік тұжырымдамасы мен әйелдерге қатысты тікелей және жанама кемсітуге тыйым салуды шектеулі түсінуге» орай алаңдаушылығына қатысты (11-тармақ).
      Конвенция қатысушы мемлекетке жыныс белгісі бойынша кемсітуді жою саясатын тек жалғыз заң қабылдау жолымен жүргізуге шектеу қоймайды. Ол аз болса, Конвенцияның 2-бабына сәйкес мемлекет тиісті арнайы заңнамалық актілер мен қажет жерде санкцияларды қоса алғандағы басқа да шараларды қабылдайды. Қазақстан тікелей және жанама кемсітуді жоюдың тетіктерін әртүрлі салалардағы оның ерекшелік белгілерін ескере отырып заңнамамен бекіту жолын таңдады.
      Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде қылмыстық сот iсiн жүргiзу барысында ешкiмдi де шыққан тегi, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайы, жынысы, нәсiлi, ұлты, тiлi, дiнге қатысы, сенiмдерi, тұрғылықты жерi бойынша немесе өзге де кез келген мән-жайлар бойынша қандай да болсын кемсiтушiлiкке ұшыратуға болмайтыны бекітілген. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 141-бабы жоғарыда аталған себептермен, соның ішінде өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып не болмаса қоғамдық бiрлестiктің басшысы тарапынан, тiкелей немесе жанама шектегені үшін қылмыстық жауапкершілікті көздейді.
      Тиісті баптар «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» конституциялық заңда, «Неке және отбасы туралы», «Білім туралы» және т.б. заңдарда бар. Бұл қоғамдық қатынастардың кез келген саласындағы кемсіту көріністеріне тиімді және барабар ден қоюға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» Заңда ұлттық заң шығарушы кемсітуді тек әйелдерге ғана қатысты анықтаумен шектелген жоқ, жалпы алғанда жыныстық белгі бойынша кемсіту ұғымын әйелдерді де, ерлерді де қорғау үшін тең құқықтар мен мүмкіндіктер тұрғысынан анықтады.
      Сондықтан БҰҰ СИДО жөніндегі комитетінің ерлердің және әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы заңда жыныстық белгі бойынша кемсіту анықтамасының сәйкестігін қамтамасыз ету ұсынымын (12-тармақ) негізінен Конвенцияның 1-бабындағы айқындамасына сәйкес келеді деп есептейміз.

      2-бап. Кемсітушілікті жою жөніндегі міндеттемелер

      Қатысушы мемлекеттер әйелдерге қатысты барлық нысандағы кемсітулерді айыптайды, әйелдерге қатысты кемсітулерді жою саясатын кідіріссіз барлық тиісті тәсілдермен жүргізуге келіседі және бұл мақсатта мыналарға міндеттенеді:
      а) ерлер мен әйелдердің тең құқылық қағидатын өз ұлттық конституцияларына немесе басқа да тиісті заңнамасына қосуға, егер де бұл әлі жасалмаса және заңның және басқа да тиісті құралдардың көмегімен осы қағиданы жүзеге асыру
      Ерлер мен әйелдер теңдігі қағидаты Конституцияға және Қазақстан Республикасының барлық қолданыстағы заңнамасына енгізілген.
      Мысалы, «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» Заңда «мемлекеттік және қоғамдық өмірдің барлық салаларында ерлердің және әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету» мемлекеттік саясат міндеттерінің бірі ретінде айқындалады (3-баптың 1-тармағы).
      Қазақстан Республикасының «Ұлт денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне сәйкес, әйелдер мен ерлер «3) медициналық көмекке бірдей қолжетімділікке және «8) репродуктивті таңдау еркіндігіне, репродуктивті денсаулық сақтауға және репродуктивті құқықтарын сақтауға ие (87-бап).
      Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңы отбасындағы ерлі-зайыптылардың теңдігін (29-бап), ата-аналардың құқықтары мен міндеттерінің теңдігін көздейді (60-бап).
      Қазақстан Республикасының Үкіметі Барлық заңнамалық актілердің жобаларын гендерлік сараптамадан өткізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлеп, бекітті.
      Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасының барлық заңнамалық актілерінің жобаларына гендерлік сараптама жүргізіледі.
      Мәселе Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесінің талқылауына салынды. Әділет министрлігіне 2009 – 2010 жылдары заң жобаларына жүргізілген ғылыми сараптамалардың белгіленген талаптарға сәйкестігіне талдау жасау тапсырылды. Қазіргі кезде заңнамаға гендерлік-құқықтық талдау жүргізудің 2011 – 2013 жылдарға арналған жоспары бекітілген (Заңнама институты директорының 2011 жылғы 14 ақпандағы бұйрығы, № 7-Б) .
      «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» Заңға сәйкес, ерлердің және әйелдердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерін қамтамасыз ету саласында қызмет етуші органдар Қазақстан Республикасы Үкіметі, өздерінің құзіреттілігі аясындағы орталық және жергілікті атқарушы органдар болып табылады. Осылайша, қолданыстағы заңнамаға сәйкес әрбір мемлекеттік орган өзінің қызмет ету саласында гендерлік саясатты жүзеге асыру үшін жауапты.
      Үйлестіруші орталық мемлекеттік орган ретінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі айқындалған (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының 2010 жылғы 24 қыркүйектегі № 20-2/5345 тапсырмасы).
      Осылайша, БҰҰ СИДО жөніндегі комитеттің Қазақстандағы әйелдер мен ерлердің заңдық (ресми) теңдігін қамтамасыз ету туралы ұсыныстары орындалып жатыр, ал іс жүзінде (нақты) теңдік – белсенді орындалу сатысында тұр (12 т.).
      b) әйелдерге қатысты кез-келген кемсітуге тыйым салатын тиісті заңнамалық және керек жерде санкцияны қоса алғандағы, басқа да шараларды қабылдау
      Алдыңғы есептерде көрсетілгендей, Қазақстанда азаматтарды, оның ішінде әйелдерді кемсіту Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің баптарына сәйкес, қылмыстық жазаланатын әрекет болып табылады: 141 «Азаматтардың тең құқығын бұзу», 160 «Геноцид», 164 «Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк немесе дiни араздықты қоздыру». Бұл қылмыстар азаю үрдісіне ие: егер 2006 жылы бұл санат бойынша 42 қылмыс тіркелсе, 2010 жылы – 26 қылмыс тіркелген.
      Қазақстан Республикасы сот органдарының Бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесінің мәліметтеріне сәйкес 2008 жылы әйелдер сотқа сот бұйрығын шығару туралы 154-ке жуық талап пен өтініш берген, бұл олардың жалпы санының ішінде 55% құрады, 2009 жылы – 174 мың (56%); 2010 жылы – 168 мың (53%). Көбінесе әйелдер сотқа өздерінің еңбек және тұрғын үй құқықтарын қорғау бойынша жүгінеді. Талап-арыздарда жынысына байланысты кемсіту бойынша өтініштер болған жоқ.
      Қазіргі кезде салалық министрліктердің стратегиялық жоспарларына және аумақты дамыту бағдарламаларына 2015 жылға қарай шешім қабылдау деңгейінде биліктегі әйелдер өкілдігі 30% және әйелдің орташа жалақысының ерлердің орташа жалақысымен сәйкестігі 70% кем болмауына қол жеткізу көрсеткіштері кірген.
      Осылайша, БҰҰ СИДО жөніндегі Комитеттің БҰҰ Конвенциясының заңнамада, саясатта және негізгі көрсеткіштері, сандық мақсаттары және іске асыру мерзімдері әзірленген бағдарламаларда әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы принциптерін қолдану жөніндегі ұсынымдары (21 және 22) орындалуда.
      с) әйелдердің құқықтарын ерлермен тең негізде заңгерлік қорғауды қалыптастыруға және құзырлы ұлттық соттар мен басқа да мемлекеттік мекемелер көмегімен әйелдерді кез-келген кемсіту актісіне қарсы тиімді қорғауды қамтамасыз ету
      Конституция Қазақстан Республикасының әрбір азаматына құқық субъектілікті мойындауға тең құқық және қажетті қорғанышты қоса, өзінің құқығы мен бостандығын заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғау құқығына кепілдік береді. Әрбір адам өзінің құқығы мен бостандығын сот арқылы қорғауға құқылы. Әрбір адам білікті заңдық көмек алуға құқылы. Заңда көрсетілген жағдайларға сәйкес, заңдық көмек тегін көрсетіледі. Барлығы заң мен сот алдында тең.
      Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 8-бабына сәйкес әрбір адам бұзылған немесе даулы конституциялық құқықтарын, бостандығын немесе заң бойынша қорғалатын мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінуге құқылы. Ерлер мен әйелдер сотқа жүгінуде бірдей құқықтар мен міндеттерге ие, соның ішінде, бірдей мөлшердегі мемлекеттік баж төлейді.
      Практика көрсеткендей, әйелдер азаматтық, отбасылық, еңбек және басқа да құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгінуде өздерінің іс жүргізу құқықтарын жүзеге асыруда қысым көрмейді.
      Сот әділдігіне, Жоғарғы Сотқа немесе облыстық соттарға әйелдер, сондай-ақ ерлер тарапынан жынысы бойынша кемсітуге негізделген қандай да бір шағымдар түскен жоқ. Сонымен қатар, жынысы әйел болуына байланысты құқықтардың бұзылуына себеп болған талап-арыз өтініштері түскен жоқ.
      d) әйелдерге қатысты қандай да бір кемсіту актілерін немесе іс-қимылдарын жасаудан қалыс қалуға және мемлекеттік органдар мен мекемелердің осы міндеттемелерге сәйкес әрекет ететініне кепілдік беру
      Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес, мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды адамдар және бұқаралық ақпарат құралдары әрбір азаматқа оның құқықтары мен мүдделеріне қатысты құжаттармен, шешімдермен және ақпарат көздерімен таныстыруға міндетті.
      е) қандай да бір тұлға, ұйым немесе кәсіпорын тарапынан әйелдерге қатысты кемсітуді жоюдың барлық тиісті шараларын қабылдау
      Алдыңғы есептерде Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандығын жүзеге асыру басқа тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауы қажет екені көрсетілген болатын (12-бап, 5-тармақ). Адамның және азаматтың конституциялық және басқа да құқықтары мен бостандығын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бірқатар баптарына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
      Мысалы, 142-бап - Жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзу, 146-бап – Сайлау құқығын жүзеге асыруға немесе сайлау комиссияларының жұмысына кедергi жасау, 148-бап – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзу, 149-бап – Ар-ождан және дiни наным бостандығы құқығын жүзеге асыруға кедергi жасау, 154-бап – Азаматқа ақпарат беруден бас тарту және басқалар.
      Адам құқығына қарсы қылмыстар (Қылмыстық кодекстің 141-151153-155-баптары) бойынша тек 2010 жылы соттарда 159 қылмыстық іс қозғалып, 62 үкім шығарылып қаралды.
      Айталық, Павлодар қаласының № 2 сотының үкімі бойынша «Запсибэлектромонтаж» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы А.Л.Давыдов 148-баптың 3-бөлігі бойынша кәсіпорын қызметкерлеріне белгіленген мерзімде жалақыны қасақана төлемегені үшін 700 (жеті жүз) айлық есептік көрсеткіш немесе 907 мың теңге мөлшеріндегі айыппұл түрінде жаза тағайындала отырып, сотталды. Ақша қаражаты өзге мақсаттарға шығындалып, нәтижесінде еңбек заңнамасы, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделері бұзылды.
      Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі азаматтардың жеке мүліктік және мүліктік емес қатынастарын реттейді. Аталған кодекстің баптарында жеке өмірдің құпияларын сақтау (144-бап), тұрғын үйге қол сұғылмаушылық (146-бап) құқықтары көзделген. 2010 жылы 144-бап бойынша 566 қылмыс жасалған, оның ішінде әйелдерге қатыстысы – 351.
      f) әйелдерге қатысты кемсіту болып табылатын қолданыстағы заңдарды, қаулыларды, әдет-ғұрыптарды және практиканы өзгерту немесе жою үшін барлық тиісті шараларды, соның ішінде заңнамалық шараны қабылдау
      Заңнамалық деңгейде Қазақстан Республикасы Конституциясы мен «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» Заңға қайшы келетін әйелдерге қатысты кемсітулер жоқ.
      Әр түрлі белгілері бойынша кемсіту үшін қылмыстық және әкімшілік заңнамада жауапқа тартылу көзделген.
      Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте денсаулық сақтау, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы, еңбек, қоршаған орта, қоғамдық өнегелік, жеке меншік, қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік салаларында адам құқықтарының бұзылуына әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Атап айтқанда, 89-бапта – еңбекті қорғау немесе еңбекті қорғау ережелерін жұмыс беруші немесе заңнаманың лауазымды тұлғасының бұзуы, 221-бапта – жұмысты қауіпсіз жүргізу ережелерін бұзуы, 241-бапта – экологиялық ластанудан кейінгі салдарларын жою шараларын жүргізуден бас тартуы, 323-бапта – санитарлық-гигиеналық және санитарлық-эпидемиялыққа қарсы ережелер мен нормаларды бұзуы.
      g) өзінің қылмыстық заңнамасының әйелдерге қатысты кемсіту болып табылатын барлық қағидаларын жою
      Қылмыстық заңнамада әйелдерді кемсітетін ережелер жоқ. Қылмыстық кодексте қалыңдықты алуға ақша төлеуді талап етуге немесе ондай практиканың жоқтығынан некелік төлемді енгізуге жауапкершілікті қарастыратын баптар жоқ.
      Сот істерін қарауда гендерлік теңдік сотты жүргізудің – соттардың ерлер мен әйелдерге қатысты заң талаптарын нақты орындауы; процеске қатысушылардың, адамдардың адамгершілігін кемсітетін немесе ар-намысын таптайтын шешімдер мен іс-әрекеттерге жол бермеу; заң мен сот алдында барлығының теңдігі; тараптардың дауласуы мен теңдігі; істі талқылаудағы ашықтық, жариялық және анықтық; процеске қатысушылардың жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету - негізгі принциптерін іске асыру арқылы қамтамасыз етіледі.
      Оған қоса, алдыңғы есепте көрсетілгендей, әкімшілік және қылмыстық сот жүргізуде әйелдердің жағдайын жақсартатын нормалар қарастырылған.
      Мысалы, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 55-бабына сәйкес әкімшілік жаза жүкті әйелдерге және он төрт жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге қолданыла алмайды. Кодекстің 61-бабына сәйкес жүкті әйелдің немесе үш жасқа дейінгі баласы бар әйелдің әкімшілік құқық бұзушылығы жауапкершілікті жеңілдететін жағдай болып табылады.
      Қылмыстық кодекстің 48 және 49-баптарына сәйкес өмірлік бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасы сияқты қылмыстық жазаның ең ауыр түрлері әйелдерге тағайындалмайды. 2003 жылы ел Президенті өлім жазасын толығымен алып тастау мәселесін шешкенге дейінгі оны орындауға мерзімсіз мораторий жариялады. Қылмыстық кодексте өлім жазасын терроризммен байланысты және адамдардың өліміне әсер еткен қылмыстар, сондай-ақ ауыр әскери қылмыстар үшін қолдану қарастырылған. 2006 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 61-сессиясында Қазақстан Еуроодақтың өлім жазасын алып тастау жөніндегі мәлімдемесіне қосылды.
      Сот жүргізу саласында әйелдердің (ерлермен салыстырғанда) жағдайын жақсартатын нормалар құқық қолдану үшін міндетті күшімен қамтамасыз етіледі. Сот жүргізудегі әйелдердің негізгі құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктері заңда қарастырылған жоғары тұрған сот инстанцияларына соттардың іс жүргізу әрекетіне шағымдану мүмкіндіктері болып табылады.

      3-бап. Әйелдерді дамыту және ілгерілету

      Әйелдерге адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын ерлермен теңдік негізінде іске асыруына және пайдалануына кепілдік беру үшін қатысушы мемлекеттер барлық салаларда және ішінара алғанда саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени салаларда әйелдердің жан-жақты дамуы мен прогресін қамтамасыз ету үшін заңнамалық шараларды қоса алғанда, барлық тиісті шараларды, қабылдайды.
      Гендерлік саясаттың негізгі бағыттары ел Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы 2006 - 2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясында айқындалған. Бұл әйелдерді саяси және экономикалық ілгерілету, әйелдер мен ерлердің ұрпақты болу денсаулығын сақтау, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықпен күрес, отбасылық қатынастарда гендерлік теңдікке қол жеткізу және т.б.
      Қазақстан Республикасының Үкіметі әрбір үш жыл сайын Стратегияны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын қабылдайды. Олардың барлығы үкіметтік емес және халықаралық ұйымдарды тарта отырып, республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен орындалады. Үкіметтің 2009 - 2011 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыруға республикалық бюджетте 38,4 млн. теңге сомасында қаражат көзделген.
      Жыл сайын «Қазақстанның әйелдері мен ерлері» статистикалық жинағы шығып тұрады. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінде жеке құрылымдық бөлімше – гендерлік статистика және БҰҰ Мыңжылдық даму мақсаттары көрсеткіштері басқармасы құрылды.
      Осылайша, СИДО комитетінің (12-тармақ) қол жеткізілген прогресс пен гендерлік теңдікке қол жеткізу жөніндегі жүргізіліп жатқан жұмыс нәтижелерін жүйелі қадағалау туралы ұсынымдары толық орындалуда.
      Стратегияда атқарушы және өкілді билік органдарында, біздің қоғамымыздың қызметінің барлық салаларындағы басқарма құрылымдарында әйелдердің шешім қабылдау деңгейіндегі 30 %-дық өкілдігіне қол жеткізу міндеті қойылды.
      Саясаткер әйелдерді оқыту және дайындау үшін елдің барлық өңірлеріндегі 65 үкіметтік емес ұйымнан тұратын Әйелдер көшбасшылығы мектептерінің республикалық желісі құрылып, жұмыс істеуде. Астана, Алматы қалалары мен облыс орталықтарында саясаткер әйелдердің клубы жұмыс істейді.
      Саяси партиялармен және қоғамдық қозғалыстармен басшылық лауазымдар мен сайланбалы органдарға кандидаттар ұсыну кезіндегі партиялық тізімдер қалыптастыру кезінде гендерлік теңдікті сақтау жөніндегі жұмыс жүргізілуде.
      Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия «Нұр Отан» билік партиясымен елде гендерлік мейнстримингті ілгерілету жөніндегі меморандум жасасты. Оның қорытындыларының бірі – орталық деңгейде барынша дайындалған маман әйелдер қатарынан басшылық лауазымға ұсынуға арналған кадрлар резервін құру.
      2009 жылы «Нұр Отан» партиясының бастамашылығымен Қазақстан әйелдер ұйымдарының альянсы құрылды, оған 18 ірі үкіметтік емес ұйым кірді – Қазақстан Іскер әйелдерінің қауымдастығы, Қазақстан Республикасының Дағдарыс орталықтарының одағы, Зияткерлік еңбек әйелдерінің одағы және т.б. Альянстың басты міндеттерінің бірі – әйелдерді саясатта және мемлекеттік қызметте ілгерілету үшін резерв дайындау.
      Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі өңірлік комиссиялар үкіметтік емес ұйымдармен бірігіп, әйелдерді саяси ілгерілету жөнінде үлкен жұмыстар жүргізуде. 2005 – 2009 жылдардың ішінде олар 72 мыңнан астам адамды қамтыған 2 мыңдай конференциялар, тренингтер, семинарлар өткізді.
      Стратегия гендерлік білім беру мен халықты гендерлік ағартуды, барлық деңгейдегі бюджеттер мен әлеуметтік-экономикалық даму мемлекеттік бағдарламаларын әзірлеу процесіне гендерлік қағидаттарды енгізуді көздейді.
      2006 жылы ЮНИФЕМ-нің қолдауымен «Гендерлік бюджетті жақтайтын қоғамдық кеңес» жобасы іске асырылды, оның шеңберінде республиканың 5 қаласында оқу семинарлары өтті, өңірлік әлеуметтік бағдарламаларға гендерлік сараптама жүргізілді, гендерлік бюджеттендірудің алғашқы ғылыми қағидаттары әзірленді.
      2009 жылдан бастап БҰҰДБ-мен бірлесіп «Қазақстан Республикасында гендерлік теңдікті қамтамасыз ету шараларын жетілдіру жөнінде Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияны қолдау» жобасы іске асырылуда.
      Конвенцияның қабылдануының 30 жылдығына халықтың гендерлік теңдік мәселелеріндегі прогресс туралы хабардар болуын арттыру жөніндегі іс-шаралар циклі жүргізілді. Өңірлерде гендерлік саясатты одан әрі ілгерілету үшін Конвенцияның ережелерін, сондай-ақ Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуінің оң аспектілерін түсіндіруге арналған ақпараттық-насихаттық топтар құрылды. 86 конференция мен дөңгелек үстел, 178 семинар-тренинг, 415 лекция мен пікірсайыс, 15 конкурс, 4 көрме және т.с.с. өткізілді. 2010 жылы Павлодар қаласында «Қанатты әйел-3» әйелдер әзірлеген және дайындаған идеялар мен тауарлардың республикалық жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңке аясында 38 семинар, дөңгелек үстел, тренинг, мастер-класс өткізілді. Жәрмеңкеге 4 мыңнан астам адам келді.
      Осылайша, БҰҰ СИДО жөніндегі комитетінің әйелдердің елдің саяси және қоғамдық өміріне қатысуының маңыздылығын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жүргізу туралы ұсынымы сәтті орындалып жатыр.
      Үш жылдан бері ЮНФПА-мен бірлесіп тұрғылықты халық жөніндегі жоба жүзеге асырылып жатыр. Қазақстандағы қарт адамдардың жағдайына әлеуметтанушылық зерттеу жүргізілді, ЮНФПА сарапшыларын тарта отырып, халықтың қартаюы жөніндегі тренинг өткізілді. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасындағы қарт адамдардың жағдайын жақсарту жөніндегі 2011 – 2020 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарының жобасы әзірленді.
      2010 жылдың соңында АҚШ мемлекеттік департаментінің халықаралық даму агенттігімен (ЮСАИД), сондай-ақ «Диалог Еуразия» халықаралық қоғамдық қорымен гендерлік және отбасылық-демографиялық саясат саласындағы ынтымақтастыққа бағытталған гендерлік теңдікке қол жеткізу саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумдарға қол қойылды.

      4-бап. Ерлер мен әйелдер арасындағы теңдікке қол жеткізуді жеделдету

      1. Қатысушы мемлекеттердің ерлер мен әйелдердің іс жүзіндегі теңдігін орнатуды жеделдетуге бағытталған уақытша арнайы шараларды қабылдауы, осы Конвенцияда анықталғанындай, кемсітушілік болып табылмайды, алайда ол ешқандай да жағдайда теңсіздік немесе сараланушылық стандарттарының сақталуына жол бермеуге тиіс; бұл шаралар мүмкіндіктер теңдігі мен тең құқылы қатынастар мақсатына қол жеткен кезде жойылуға тиіс.
      Қазақстан Республикасының барлық заңнамасы ерлер мен әйелдердің іс жүзіндегі теңдігін орнатуға бағытталған. Арнайы шаралар ананы, баланы және әкені қорғауға; әйелдерді жүктілікке және босануға байланысты қорғауға; ерлердің өмір сүру ұзақтығын арттыруға; қылмыстыққылмыстық іс жүргізу және қылмыстық атқару заңнамасында әйелдерді қорғауға бағытталған.
      2. Қатысушы мемлекеттердің ананы қорғауға бағытталған осы Конвенциядағы шараларды қоса алғандағы, уақытша арнайы шараларды қабылдауы кемсітушілік болып табылмайды.
      «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» Заңның 4-бабына сәйкес ананы қорғауға бағытталған арнайы шаралар жыныстық белгі бойынша кемсітушілік болып саналмайды.
      Еңбектің берілген түріне тән талаптармен анықталатын не болмаса мемлекеттің жоғары әлеуметтік және құқықтық қорғауға зәру адамдарға ерекше қамқорлығынан туындайтын айырмашылықтар, ерекшеліктер, артық көрулер және шектеулер кемсіту болып табылмайды.

      5-бап. Жыныстық рөлдер мен стереотиптер

      Қатысушы мемлекеттер мына мақсаттарда барлық тиісті шараларды қабылдайды:
      а) толыққанды емес немесе бір жыныстың басымдылығы немесе ерлер мен әйелдердің рөлінің стереотиптігі идеясына негізделген ерлер мен әйелдердің мінез-құлқының әлеуметтік және мәдени моделін ескішілдікті жоюда, салттарды және басқа дағдыларды қысқартуда жетістікке жету мақсатында өзгерту
      Ерлер мен әйелдердің гендерлік теңдікке негізделген әлеуметтік және мәдени мінез-құлық модельдерін қалыптастыру мақсатында 2004 – 2010 жылдары мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде консультациялар, лекциялар, семинарлар, көрмелер, конкурстар, фестивальдар, жәрмеңкелер, әртүрлі акциялар, конференциялар, әлеуметтік сауалнамалар және т.б. жүргізіле отырып, 600-ден астам ақпараттық-насихаттық науқан жүргізілді, Елдің барлық өңірлерінде 700 мыңнан астам әйел іс-шаралармен қамтылды.
      Бұқаралық ақпарат құралдарында гендерлік саясаттың өзекті мәселелері жөніндегі 200-дей жарияланымдар мен мақалалар шықты.
      «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында эфирде сексуалдық-эротикалық және порнографиялық сипаттағы радио- және телебағдарламалар, кино- және бейнеөнімдер таратуға тыйым салынған.
      Ұлттық заңнамада зорлық-зомбылық пен порнография элементтері бар бұқаралық ақпарат құралдарының өнімдері мен өзге де өнімдерді дайындағаны, сақтағаны, алып кіргені, тасымалдағаны және таратқаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделген.
      «Жарнама туралы» Заңның 6-бабы жарнаманы порнографияны насихаттау үшін пайдалануға тыйым салады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 339-бабы эротикалық мазмұндағы өнімдерді мұндай мақсатқа арналмаған жерлерде сатуға, таратуға немесе жарнамалауға тыйым салады. Қылмыстық кодекстің 273-бабында порнографиялық материалдарды немесе заттарды тарату немесе жарнамалау мақсатында заңсыз дайындағаны үшін, сол сияқты порнографиялық сипаттағы баспасөз басылымдарын, кино- немесе бейнематериалдарды, суреттерді немесе өзге заттарды заңсыз саудалағаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген.
      Осы бап бойынша 2010 жылы 41 қылмыстық іс қозғалды, үкім шығарылып 23 іс қаралды, 3 мыңнан астам контрафактілік бейнефильм бірлігі айналымнан алынды.
      Мысалға, 2010 жылғы 21 қыркүйекте Қостанай қаласының № 2 соты Д.М.Дүйсеновке 4 клиентке порнографиялық сипаттағы бейнефильм сатқаны үшін алты айға бас бостандығынан айыру түріндегі (шартты түрде) қылмыстық жаза тағайындады.
      Қазақстанда әйелдерді қоғамда ілгерілетуге кедергі жасауы мүмкін ешқандай мәдени және дәстүрлі практика немесе өмір салты жоқ. Әйелдердің жағдайын жақсартуға кедергі келтіретін дәстүрлі немесе әдет-ғұрыптар да жоқ.
      2008 жылы Қоғамдық пікірді зерттеу орталығы (Алматы қаласы) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің гранттық қолдауымен «Қазақстандағы гендерлік теңдік» әлеуметтанушылық зерттеу жасады. Сауалнамаға қатысқандар әйелдер жыныстық белгі бойынша кемсіту фактілерімен, әсіресе жұмысқа қабылдау және мансап сатысында ілгерілеуде ерлерге қарағанда жиі кездеседі деп атап өтті. Бірақ бұл ретте амбициялық ұстанымдар ерлерге де, әйелдерге де тән. Ерлердің үштен екісі және әйелдердің жартысы дерлік басшы болғысы келеді, көпшілігі мансап сатысымен ілгерілеуді және өз біліктілігін көтеруді қалайды. Жалпы, респонденттердің көпшілігі елде іс жүзіндегі гендерлік теңдікке қол жеткізуге бағытталған жүйелі мемлекеттік саясат жүргізу қажет деп есептейді.
      b) барлық жағдайда балалардың мүддесі жоғары қойылған жағдайда, отбасылық тәрбие ана болуды әлеуметтік функция ретінде дұрыс түсінуді және бала тәрбиесі мен дамытуда ерлер мен әйелдердің ортақ жауапкершілігін мойындауды қамтамасыз ету
      Бұрынғы есепте атап өтілгендей, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес балаларға қамқорлық және оларды тәрбиелеу табиғи құқық және ата-аналардың міндеті болып табылады.
      «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында балаларды отбасылық тәрбиелеуге жеке 9-тарау арналған – «Баланың құқықтары». 52-бапқа сәйкес «Баланың өз ата-анасы тәрбиеленуiне, оның мүдделерiн қамтамасыз етуiне, жан-жақты өсiп-жетiлуiне, оның адамдық қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне құқығы бар» (2-тармақ). 62-бапта былай делінген: «2. Бала тәрбиелеушi ата-аналар өздерiнiң қабiлеттерi мен қаржылық мүмкiндiктерiнiң шегiнде, оның дене, психикалық, адамгершiлiк және рухани жағынан дамуына қажеттi өмiр сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшiн негiзгi жауапкершiлiкте болады»; «3. Ата-аналар балалардың орта бiлiм алуын қамтамасыз етуге мiндеттi» және «4. Балалардың тәрбиесi мен бiлiм алуына қатысты барлық мәселелердi балалардың мүдделерiн негiзге алып және балалардың пiкiрiн ескере отырып, өзара келiсiмi бойынша ата-аналар шешедi».
      Баланың отбасындағы құқықтары «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңда да бекітілген, онда әрбiр баланың дене бiтiмiнiң, психикасы мен жан дүниесiнiң толымды дамуы үшiн қажеттi тұрмыс деңгейi мен жағдайы болуға құқығы бар делінген (12-бап, 1-тармақ).
      Бұл заңның ережелері БҰҰ «Баланың құқықтары туралы» конвенциясына сәйкес келеді, бұл Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қосылған алғашқы халықаралық шарттардың бірі болды.
      Мемлекет баланың жеке басына тиіспеушілікті қамтамасыз етеді, оны күш жұмсау және психикалық зорлық-зомбылықтан, сексуалдық сипаттағы қатыгездік, анайы немесе адамның қадір-қасиетін түсіретін іс-әрекеттерден, қылмыстық қызметке және қоғамға қарсы іс-әрекеттер мен Конституцияда бекітілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын шектейтін өзге де қызмет түрлеріне тартудан қорғайды. Осылайша мемлекет баланың зорлық-зомбылықтан қорғалуына кепілдік береді.
      Қылмыс, зорлық-зомбылық немесе өзге де заңсыз әрекеттер салдарынан дене және психологиялық жарақат алған балаға денсаулығын қалпына келтіруге және әлеуметтік бейімделуге қажетті көмек көрсетеді.
      «Неке және отбасы туралы» заңда балалармен қатыгездік қарым-қатынас жасаған жағдайда, соның ішінде оларға күш жұмсау немесе психикалық зорлық-зомбылық жасаса, олардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қастандық жасағанда ата-аналардың ата-аналық құқығынан айырылуы мүмкін екені көзделген.
      Отбасына балаларды тәрбиелеуге білім беру жүйесі үлкен көмек көрсетеді. Жалпы адамзаттық құндылықтардың, соның ішінде отбасы институтының негіздері мектепке дейінгі мекемелерден бастап білім берудің барлық деңгейлерінде қалыптасады.
      Бастауыш сыныптардың оқулықтары («Әліппе», «Родное слово», «Ана тілі» және т.б.) мазмұнының 40 %-дайы отбасылық және адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған.
      «Дүниетану» пәнінің мазмұнына «Отбасы», «Мен және біз», «Менікі және біздікі» тақырыптарын зерделеу енгізілген. Бұл сабақтарда мектеп бүлдіршіндерінде отбасының адам үшін ең қымбат, ең жақын екенін, отбасының ауызбірлігі – сәттіліктің іргетасы екенін түсіну қалыптасады.
      5-9 сыныптардың «Қазақ тілі» мен «Әдебиет» оқулықтарына қазақстандық отбасының ерекшеліктері мен отбасылық тәрбиенің маңыздылығын оқып-үйрену енгізілген, ал «Адам. Қоғам. Құқық» мектеп пәнінің бағдарламасына «Отбасы», «Неке», «Отбасын құру принциптері», «Ата-аналар», «Балалар», «Міндеттемелер» тақырыптары кіреді. Орта білім жүйесінің қолданыстағы оқу және бағдарламалық материалдарында отбасылық және адамгершілік құндылықтарға барлық көлемінің 25% арналған.
      Білім берудің барлық деңгейлерінде 2010 – 2011 оқу жылынан бастап «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы енгізілді. Жалпы адамзаттық рухани құндылықтарға негізделген ол бала тәрбиесіндегі отбасы позициясын жандандыруға бағытталған. «Өзін-өзі тану» пәнінің мазмұны интеграцияланған сипатқа ие және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер білімін қамтиды (этика, психология, философия, әлеуметтану, құқықтану).
      1-4 сыныптарда «Қарым-қатынасты үйренеміз» бөлімінде мынандай тақырыптар оқытылады: «Адам – отбасы мүшесі», «Отбасындағы, ұжымдағы өзара қарым-қатынас», «Туған үй», «Адамның отбасы», «Отбасындағы өзара қарым-қатынастың негіздері», «Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі», «Берік отбасы құндылықтары», «Отбасы дәстүрлері», «Отбасылық салт-дәстүрлер», «Отбасындағы құрмет», «Өзара түсіністік отбасы бақытының шарты ретінде», «Отбасылық мерекелер», «Отбасылық еңбек», «Отбасы бақыты».
      5-9 сыныптарда «Өзін-өзі тану» пәні «Адам болу» бөлімін, «Менің отбасым» тақырыбын қамтиды, онда отбасы адам бақытының қажетті шарты ретінде қарастырылады.
      10-11 сыныптарда «Адам және қоғам» бөлімінде отбасын құру мәселелеріне және оның адам қоғамының негізі ретіндегі маңызын түсіндіруге ерекше көңіл бөлінген. Адамның отбасылық мәртебесі, оның әке және ана, ұл және қыз, күйеу және әйел ретіндегі рөлі егжей-тегжейлі қаралады.
      Өмірлік қиын жағдайға тап болған ата-аналарға, оқушыларға, студенттерге құқықтық, психологиялық көмек көрсету мақсатында жергілікті жерлерде, бала құқығын қорғау департаменттерінің жанында сенім телефондары жұмыс істейді. Сондай-ақ Дағдарыстық орталықтар одағының балалар үшін сенім телефондары жұмыс істейді (телефон нөмірі – 150).
      «Неке және отбасы туралы» Заңның 64-бабына сәйкес «Ата-ана құқықтарын балалардың мүдделеріне қарама-қайшы жүзеге асыруға болмайды. Балалардың мүдделерін қамтамасыз ету олардың ата-аналары қамқорлығының негізгі мәні болуға тиіс».
      Ата-ана құқықтарын жүзеге асыру кезінде ата-аналар балалардың дене және психикалық денсаулығына, олардың адамгершілік жағынан дамуына зиян келтіруге құқығы жоқ. Балаларды тәрбиелеу әдістерінде адамның қадір-қасиетін кемсітетін немқұрайлылық, қатыгездік, дөрекілік, балаларды қорлау немесе қанау болмауға тиіс.
      Ата-ана құқықтарын балалардың құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтіре отырып жүзеге асыратын ата-аналар заңда белгіленген тәртіппен жауап береді. Қазақстан Республикасы сот органдарының Бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесінің мәліметтері бойынша тек 2010 жылдың өзінде ата-ана құқығын шектеу немесе айыру туралы 1439 талап-арыз өтініштері қанағаттандырылды.

      6-бап. Әйелдерді қанау

      Қатысушы мемлекеттер әйелдер саудасының барлық түрін және әйел жезөкшелігін жоюға, заңнамалық шараларды қоса алғанда, барлық тиісті шараларды қолданады.
      Қазақстанда әйелдер саудасының және әйелдерді жезөкшелікке пайдаланудың барлық түрлерінің жолын кесу жөнінде үлкен жұмыстар жүргізілуде. Жезөкшелік Қазақстанда заңдастырылмаған.
      Бұрынғы есептерде атап өтілгендей, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі адам саудасы және адамдар трафигіне итермелейтін қылмыстар үшін мүлкін тәркілей отырып 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруға жазалауды көздейді.
      2006 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданды. Нәтижесінде заңның қолданылу аясы кеңейтіліп, адам саудасы үшін санкциялар қатайтылды, енді қылмыстың мұндай түрі үшін жауапкершілік адамдарды қанау үшін еріксіз тарту, алып шығу және транзиттеу үшін ғана емес, сонымен бірге адамдарды қанау мақсатындағы өзге де мәмілелер мен әрекеттер үшін де туындайды.
      Сонымен қатар, 2007 жылы «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Заңға республика азаматтарының шетелге тұрғылықты тұруға заңсыз шығуын, шетелде жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасына тиісті квотада көзделмеген шетелдік жұмыс күшін алып кіру мақсатындағы туристік қызметке тыйым салу туралы толықтыру енгізілді.
      2008 жылы Қазақстан БҰҰ-ның Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенциясын және оны толықтыратын «Адамдар, әсіресе әйелдер мен балалар саудасының алдын алу әрі жолын кесу және ол үшін жазалау туралы» хаттаманы, Көшіп қонушыларды құрлық, теңіз және әуе арқылы заңсыз алып кіруге қарсы хаттаманы, заңсыз оқ ататын қару, оның құраушы бөліктері мен компоненттерін, сондай-ақ оның оқ-дәрілерін дайындауға және айналымына қарсы хаттаманы ратификациялады.
      «Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасындағы құқықтық жағдайы туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығына оларға қатысты осы санаттағы қылмыстар жасалу салдарынан зардап шеккен деп танылған шетел азаматтарының мәртебесіне қатысты өзгерістер енгізілді. Трафик құрбандарына республикада уақытша тұратын жерге кепілдік беріледі және олар ел аумағына кіру және жүріп-тұру ережелерін бұзғаны үшін жауапкершіліктен босатылады.
      2010 жылы Қылмыстық кодекске жаңа екі бап енгізілді: 132-1 «Кәмелетке толмаған баланы жезөкшелiкпен айналысуға тарту» және 273-1 «Кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелерi бар материалдарды немесе заттарды жасау және айналымға шығару не оларды порнографиялық сипаттағы ойын-сауық iс-шараларына қатысу үшiн тарту».
      Мемлекеттік органдардың әйелдер мен қыздар саудасын болдырмау жөніндегі қызметін үйлестіру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 – 2011 жылдарға арналған адам саудасымен байланысты қылмыстармен күресу, болдырмау және алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
      Бүгінгі таңда Алматы мен Көкшетау қалаларында жетімхана мен Астана қаласында адам саудасынан зардап шеккендерге арналған оңалту орталығы адам саудасынан зардап шеккендерге құқықтық, медициналық, психологиялық және де басқа түрдегі көмек көрсететін ұйымдар жұмыс атқаруда.
      Сенім телефондарына келіп түскен ақпарат жедел түрде Қылмыстық полиция комитетіне жолданып, әр бір факт бойынша тексеру амалдары орын алады.
      Сонымен қатар ІІМ сайтында әр бір ауданда жұмыс істейтін адам саудасымен күресетін бөлімшелердің телефон нөмірлері орналасқан.
      2001 жылдан бастап ҚР «Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы» Заңы күшіне енді. Аталмыш Заңға сәйкес тергеу амалдары мен сот отырысы барысында адам саудасынан зардап шеккен тұлғаларға қауіпсіздік қамтамасыз етіледі.
      2009 жылы енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес тұлғалардың қауіпсіздігі қылмыстық іс қозғалғанға дейін қамтамасыз етіледі.
      Қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік бюджеттен 2009 жылы 28 млн. 280 мың теңгеден астам қаржы бөлініп, оның 3 млн. 857 мыңы адам саудасынан зардап шеккен адамдарға қауіпсіздік қамтамасыз етуге жұмсалды.
      2009 жылы адам саудасына байланысты қылмыстық істердің жүргізілуіне байланысты 45 тұлғаға қауіпсіздік қамтамасыз етілді.
      2010 жылы 24 млн. 51 мың теңге бөлініп, олардың 1 млн. 281 мыңы адам саудасынан зардап шеккендері қорғау шараларына жұмсалды.
      2010 жылы адам саудасына қарсы қылмыстық істерді жүргізу аясында адам саудасынан зардап шеккен 20 тұлғаға, оның ішінде 5 шетел азаматтарына көмек көрсетілді.
      Құрбандарға қауіпсіздік жалдамалы тұрғын үй қамтамасыз етіліп, арнайы жасақтардың тартылуымен күзет шаралары жасалып, арнайы қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілді.
      Халық арасында сексуалдық және еңбектік құлдыққа қарсы тұру амалдарын түсіндіру үшін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі «R&D Media» ЖШС-ға адам саудасына қарсы күрес туралы деректі фильм түсіруге көмек көрсетті.
      Қыздарды жезөкшелікпен айналысу үшін қыздарды тартудың жасырын нысандарын анықтау үшін бұқаралық ақпарат құралдарындағы (газет, теледидар, радио, журналдар) жарнамаларға үнемі талдау жүргізіледі. Газеттерде жарияланған интимтік қызмет көрсету жөніндегі жарнамаларды тексеру бойынша өңдеу жүргізіледі.
      2007 жылы Жоғарғы сот «зорлаумен және сексуалдық сипаттағы өзге де зорлық-зомбылық әрекеттермен байланысты қылмыстарды квалификациялаудың кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулы қабылдады, соған сәйкес зорлаумен және сексуалдық сипаттағы өзге де зорлық-зомбылық әрекеттермен байланысты қылмыстарды квалификациялау үшін моралдық бейнесі, әлеуметтік мәртебесі, жәбірленушінің мінез-құлқы, кінәлі адам мен жәбірленушінің бұрынғы өзара қарым-қатынастары маңызды емес. Осылайша, Қылмыстық кодекстің зорлағаны үшін жауапкершілікті көздейтін 120-бабы некеде тұрған кезінде зорлағаны үшін де қолданылады.
      Қылмыстық-процессуалдық кодексінің «Жәбiрленушiлердiң, куәлардың, сезiктiлердiң, айыпталушылардың және қылмыстық процеске қатысушы басқа да адамдардың қауiпсiздiгi шаралары» 100-бабына сәйкес зорлау жөнінде қылмыстық істер бойынша өтіп жатқан жәбірленушіге қорғау қамтамасыз етіледі. Жәбірленушілерге жалдамалы тұрғын үй мен күзет қойылады. 2009 жылы аталмыш шара зорлаудан зардап шеккен 8 әйелге ұсынылды, 2010 жылы – 4 әйелге.
      Адам саудасымен байланысты қылмыстардың профилактикасы мақсатында тоқсан сайын «Stop трафик» жедел-профилактикалық шаралар өткізіліп тұрады. Баспасөз және электрондық БАҚ-тарда пәтерлерді, ойын-сауық ғимараттарын, қонақ үйлерді, монша кешендерін жеңгетайлық, притондар ұстау және жезөкшелікпен айналысуға тарту фактілерін айқындау тұрғысынан тексеру қорытындылары жөніндегі материалдар жарияланады. Тек 2010 жылдың өзінде ішкі істер органдары 129 материал жариялап, теледидардан 46 бейнесюжет көрсетті.
      Жаза анықтау мәселесі заңнамалық тұрғыдан Қылмыстық кодексінің адам саудасы (128-бап), кәмелетке толмағандарды сату (133-бап) анықтайды. Қылмыстық жаза, сонымен қатар, қанау элементтері жоқ қылмыстарға да қолданылады: ауыстырып салу үшін органдарын немесе талшықтарын алуға мәжбүрлеу (Қылмыстық кодекстің 113-б. – 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру), адам ұрлау (Қылмыстық кодекстің 125-б. 3 бөлігі – 10 жылдан 15 жылға дейін), бас бостандығынан заңсыз айыру (Қылмыстық кодекстің 126-б. 3-бөлігі - 5 жылдан 10 жылға дейін), Қазақстан Республикасының қорғалатын Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз өту (Қылмыстық кодекстің 330-б.), жалған құжаттарды жасау, дайындау немесе өткізу (Қылмыстық кодекстің 325-б.).
      Қазақстан Республикасы Әкімшілік кодексіне түзету енгізілді, онда тұлғалардың адам саудасының құрбаны болғанын анықтағаннан кейін, олардың көші-қон тәртіпті бұзғаны үшін оларды депортациялаудан босату көзделген.
      Адам саудасымен байланысты қылмыстары адам құқықтары мен бостандықтары қылмыстарының басқа түрлеріне қарағанда аса етек жаймаған. Сонымен қатар, қылмыстардың басым бөлігі республика азаматтарына қарсы жасалған. Олар еңбек немесе сексуалды қанау тұрғысындағы қылмыстар.
      Сот айыпталушы тұлғаларды қылмыстық жазаға ұсынылған дәлелдер негізінде кесіледі.
      2006 жылы ҚР территориясында 16 қылмыс тәркіленді. Бұл 2005 жылмен салыстырғанда 77,8 пайызға ұлғайған.
      2007 жылы қылмыстық тергеу органдарында адам саудасын жөнінде 18 іс (128-бап ҚР ҚК) және кәмелетке толмағандар саудасы жөнінде 6 іс (133-бап ҚР ҚК) қаралды.
      2008 жылы адам саудасына байланысты фактілер бойынша 44 қылмыс орын алды.
      2009 жылы адам саудасына байланысты қылмыстар бойынша 229 іс қозғалды.
      2010 жылдың 12 ай ішінде республиканың бірінші инстанциялық соттарымен 193 қылмыстық іс қаралды.
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанында сегіз жылдан бері   Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия жұмыс істейді. Осы сияқты комиссиялар аумақтық деңгейде жергілікті жерлерде де қызмет етеді. Үкіметтік комиссияның ұсынымдары негізінде әр төрт жыл сайын ведомствоаралық іс-қимыл жоспары қабылданып, іске асырылады. Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін, судьяларды оқыту осы жоспарға тұрақты негізде енгізіледі.
      Тәуелсіз мемлекеттер достастығының шеңберінде 2011 жылы Бас прокурорлар кеңесі адам саудасына қарсы бірегей іс-шаралар жоспарын қабылдады.
      Ішкі істер органдарының, көші-қон қызметінің, прокуратура қызметкерлерінің қылмыстарды ашу, жол бермеу және тергеу амалдарын ұйымдастыру бойынша кәсіби даярлық шаралары іске асырылуда. Аталмыш дайындыққа бірегей тұрғы әзірлеу мақсатында Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасындағы Халықаралық көші-қон ұйымының өкілеттілігімен адам саудасына қатысты қылмыстарды тергеу жөніндегі әдістемелік ұсыныстар жасалып қабылданды.
      Халықаралық тәжірибемен танысу мақсатында оқу тренингтерге халықаралық сарапшылар шақырылады. Мысалы, АҚШ Өкілеттілігі мен Орталық Азияда адам саудасына қарсы ассоциациясының көмегімен 2009 жылдың қыркүйек айы мен 2010 жылдың наурыз айы аралығында 9 облыста 900 учаскелік полиция қызметкерлері қатысқан оқу жобасы іске асырылды. Жоба мақсаты учаскелік полиция қызметкерлерінің адам саудасы мен оны болдыртпау туралы біліктіліктерін арттыру еді. Прокурорлар мен соттар үшін семинарларды Бас прокуратура мен Жоғарғы Сот ұйымдастырады.
      2008 жылдан бастап Б. Бейсенов атындағы Қарағанды құқықтық институты аясында заңсыз көші-қон мен адам саудасына қарсы күрес жөнінде мамандырылған оқу орталығы (бұдан әрі – Оқу орталығы) жұмыс істейді.
      Оқу тренингтерін өткізуде Халықаралық көші-қон ұйымы, «Адам құқықтары жөніндегі хартия» қоғамдық қоры және басқа да қазақстандық үкіметтік емес ұйымдар өз көмектерін көрсетуде. Семинарлар барысында мигранттарды экстрадициялау мен саудамен байланысты депортация мен заңсыз әкелу, транзит пен мигранттарды анықтау жөнінде тәжірибелік және проблемалық мәселелер талқыланып, оларды шешу жолдары қарастырылады. Жыл сайын Оқу орталығында өз біліктілігін 70 астам полиция қызметкерлері асырады, олардың ішінде адам саудасы жөніндегі істермен айналысатын тергеушілер, учаскелік полиция қызметкерлері мен жедел кезекшілер бар.
      Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы аясында 2011 – 2013 жылдарға арналған адам саудасына қарсы күрес туралы Тәуелсіз мемлекеттер достастығына мүше мемлекеттерінің ынтымақтастық жөнінде бағдарламасы қабылданды.
      Қылмыстық кодексінің ерекше бөліміне сәйкес тұлғаға қарсы, отбасына мен кәмелетке толмағандарға, жалпы халық денсаулығы мен имандылығына қарсы қылмыс түрлері бойынша ведомстволық есептік статистикалық № 1-М нысаны дайындалды.
      Аталған формаға сәйкес Қылмыстық кодекстің 113 «Адамның органдары мен тiнiн алуға мәжбүр ету немесе заңсыз алу», 125 «Адамды ұрлау», 126 «Бас бостандығынан заңсыз айыру», 128 «Адамды саудаға салу», 133 «Кәмелетке толмағандарды саудаға салу», 270 «Жезөкшелiкпен айналысуға тарту», 271 «Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық» баптары бойынша қылмыс тіркеу жұмыстары жүргізіледі.
      2005 жылы адам саудасы жөнінде 7 арыз бен хабарландыру тәркіленді (Қылмыстық кодекстің 133-бабы), ал 2006 жылы – 11, 2007 жылы – 6, 2008 жылы – 14, 2009 жылы – 31, 2010 жылы – 31, 2011 жылдың 1 тоқсанында – 12.
      2005 жылдан 2011 жылдар арасында адам саудасына қатысы бар құқық қорғау органдарының қызметкерлері болмады.
      Адам саудасына қатысы бар тұлғалар жөнінде келесі статистикалық мәліметтер ұсынылады (Қылмыстық кодекстің 128 «Адамды саудаға салу»,  133«Кәмелетке толмағандарды саудаға салу» баптары).
      Адамның органдары мен тiнiн алуға мәжбүр ету немесе заңсыз алу (113-бап), «Адамды ұрлау» (125-бап), «Бас бостандығынан заңсыз айыру» (126-бап), «Адамды саудаға салу» (128-бап), «Кәмелетке толмағандарды саудаға салу» (133-бап), «Жезөкшелiкпен айналысуға тарту» (270-бап), «Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық» (271-бап), «Адам мәйiтiнiң органдары мен тiнiн заңсыз алу» (275-1-бап) бойынша жасалған іс-әрекеттер қылмысты жаза тартылады.
      Республика соттарымен жаза кесілді:
      2005 жылы ҚР ҚК 128-бабы бойынша – 5 адам, оның ішінде 1 әйел;
      2006 жылы аталған санаттағы қылмыс жасаған іс жоқ.
      2007 жылы ҚР ҚК 133-бабы бойынша – 3 адам, оның ішінде 2 әйел.
      2008 жылы ҚР ҚК 128-бабы бойынша – 5 адам, оның ішінде 2 әйел. Сотталғандардың жас шамасы 30-39 арасындағы – 3 адам, 21-29 шамасы – 2 адам, оның ішінде біреуіне қатысты жаза қолдану мерзімін кейінге қалдырды (ҚР ҚК 72-бабы), 2 адам 5 жылға, 2 адам 2 жылға бас бостандығынан айырылды.
      Қылмыстық кодексінің 133-бабы бойынша 1 адам 5 жылға бас бостандығынан айырылды, жас шамасы – 40-49 жас.
      2009 жылы ҚР ҚК 128-бабы бойынша – 7 адам, оның ішінде 3 әйел.
      сотталғандар жас шамасы: 21-29 арасында – 4 адам, 30-39 арасында – 2, 40-49 – 1 адам.
      олардың ішінде 2 адамға шартты жаза шарасы, 1 адамға мерзімін кейінге қалдыру шешімдері шығарылды (Қылмыстық кодекстің 72-бабы), 3 адам – 5 жылға және 1 адам 3 жылға бас бостандығынан айырылды.
      Қылмыстық кодекстің 133-бабы бойынша – 9 адам, оның ішінде 5 әйел.
      сотталғандар жас шамасы: 40-49 арасында – 4 адам, 50-59 арасында – 1 адам, 21-29 арасында – 3 адам, 18-20 арасында – 1 адам.
      бас бостандығынан айырылғандар: 5 жылға – 2 адам, 7 жылға – 3 адам, 8 жылға – 3 адам, шартты жаза шарасына – 1 адам;
      2010 жылы Қылмыстық кодекстің 128-бабы бойынша – 5 адам, оның ішінде 2 әйел
      сотталғандар жас шамасы: 18-20 арасында – 1 адам, 30-39 арасында – 2 адам, 40-49 арасында – 1 адам;
      жаза шарасы – 1 адам шартты жаза шарасына кесілді;
      бас бостандығынан айырылғандар: 5 жылға – 2 адам, 6 жылға – 1 адам, 7 жылға – 1 адам.
      Қылмыстық кодекстің 133-бабы бойынша – 5 адам, оның ішінде 2 әйел
      сотталғандар жас шамасы: 21-29 арасында – 4 адам, 30-39 арасында – 1 адам;
      жаза шарасы – 1 адам шартты жаза шарасына кесілді;
      1 адамға қатысты жаза мерзімін кейінге қалдыру туралы шешім қабылданды (Қылмыстық кодекстің 72 бабы);
      бас бостандығынан айырылғандар: 7 жылға – 2 адам,
      8 жылға бас бостандығынан айыру шарасы – 1 адам.
      2011 жылдың бірінші тоқсанында Қылмыстық Кодексінің 133-бабы бойынша 1 адам, жас шамасы 21-29 аралығында, 7 жылға бас бостандығынан айрылу жазасына кесілді.

      7-бап. Саяси және қоғамдық өмір

      Қатысушы мемлекеттер еліміздің саяси және қоғамдық өміріндегі әйелдерге қатысты кемсітуді жоюға тиісті шаралар қолдануда және көбінесе, әйелдерге ерлермен тең жағдайда мыналарға құқық берілуде:
      а) барлық сайлауда және ашық референдумдарда сайлауға қатысуы және барлық халық сайланатын органдарға сайлану
      Алдыңғы есепте көрсетілгендей, Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабына сәйкес «республика азаматтарының мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға, сондай-ақ республикалық референдумға қатысуға құқығы бар. Сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың сайлауға және сайлануға, республикалық референдумға қатысуға құқығы жоқ».
      Азаматтардың сайлауға қатысуы өз еркінде. Ешкімнің азаматтарды сайлауға қатысуға немесе қатыспауға мәжбүрлеуге, сонымен қатар, оның ерік білдіруін шектеуге құқығы жоқ.
      Егер де сайлауға 50% көп таңдаушылар қатысса, Парламент Сенатына сайлау болды деп есептелінеді.
      Парламент Мәжілісіне 107 депутаттың 98-і саяси партиялардан бірыңғай жалпыұлттық сайлау округі бойынша партиялық тізім бойынша жалпы, тең және тікелей жасырын дауыс беру арқылы сайлау құқығы негізінде сайланады. Қалған 9 депутатты Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды.
      БҰҰ СИДО жөніндегі Комитеттің (21 тармақ) биліктің өкілді органдарында әйелдер санының көбеюі жөніндегі ұсыныстарын орындауда Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия ҮЕҰ-н бірге және халықаралық ұйымдармен қоса әйелдердің көшбасшылық дағдыларын жоғарылату бойынша семинарлар мен тренингтер өткізуде. Нәтижесінде Парламентке, сонымен қатар, мәслихатқа депутаттыққа кандидат әйелдердің саны көбеюде. Соңғы Парламент сайлауларында (2007 жыл) партиялық тізім бойынша тіркелген әйелдердің саны 1,7 есе өскен, бір мандаттық округ бойынша - 1,5 есе, ал мәслихатқа (2007 жыл) – 1,2 есе өскен.
      b) үкімет саясатының құрылуы мен іске асуына қатысу және мемлекеттік қызмет орындарына орналасу, сонымен қатар мемлекеттік басқарудың барлық деңгейінде мемлекеттік қызметті атқару
      «Әйелдер шешімдер қабылдау деңгейінде» бөлімін қараңыз.
      c) елдің саяси және қоғамдық өмірінің проблемасымен айналысатын мемлекеттік емес ұйымдар мен қауымдастықтардың ісіне қатысу
      Үкіметтік емес ұйымдардың тұрақты дамуына жағдай жасау және әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуде олардың рөлін нығайту мақсатында ҮЕҰ мемлекеттік қолдаудың 2003 – 2005 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданып, іске асырылды.
      2005 жылы «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» Заң қабылданды, оның негізінде ҮЕҰ ауқымды әлеуметтік бағдарламаларды грант негізінде іске асыруға қатысуға шақырылады. Ортақ мүдделер мен мемлекеттің коммерциялық емес сектормен өзара әрекеттестігінің негізі ел Президенті Жарлықпен бекіткен Қазақстан Республикасын азаматтық қоғамдық дамытудың 2006 – 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы болып табылады.
      Қазақстанда барлығы, оның ішінде әйелдердің жағдайын жақсарту және гендерлік теңдікке жету мәселелерімен айналысатын 25 мыңға жуық үкіметтік емес ұйымдар белсенді жұмыс істейді.
      Үкіметтік емес ұйымдар бюджеттік қаражат арқылы қаржыландырылатын әлеуметтік маңызды жобаларға мемлекеттік тапсырысты орындайды. 2010 жылы бұл мақсаттарға 1,4 млрд. теңге оның ішінде ерлер мен әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктері мәселесі жөніндегі жобаларды іске асыруға 34 млн. теңге бөлінді, бұл 2004 жылмен салыстырғанда тиісінше 163 және 26 есе көп.

Үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру мақсатында республикалық бюджеттен бөлінген қаражат сомасы

млн.теңге

2004

2005

2006

2007

2008

2009

2010

2011

Барлығы

9,4

59,7

316,9

424,1

926,4

1 202,9

1 474,4

1 041,2

5 455,0

Ерлер мен әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігі мәселесі бойынша әлеуметтік тапсырыс шеңберіндегі әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыруға республикалық бюджеттен бөлінген қаражат сомасы

млн.теңге

2004

2005

2006

2007

2008

2009

2010

2011

Барлығы

1,35

4,07

10,21

13,31

14,11

25,31

34,6

22,6

125,56

      8-бап. Халықаралық өкілдік және қатысу

      Қатысушы мемлекеттер әйелдерге ерлермен тең жағдайда не ешқандай кемсітусіз халықаралық деңгейде өз үкіметінің өкілі болуға және халықаралық ұйымдардың жұмыстарына қатысуға құқық беру мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қабылдайды.
      Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің «Еңбек саласындағы кемсітушілікке тыйым салу» 7-бабының 1-тармағына сәйкес әйелдердің ерлермен бірдей жағдайда өз мемлекетінің халықаралық деңгейде өкілі болуға және халықаралық ұйымдарға қатысуға құқықтары мен мүмкіндіктері бар.
      Қазіргі кезде Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық персонал қызметкерлерінің арасында 33 %-ға жуығы әйелдер, 2004 жылы 26% болған еді. Шетелдерде еліміздің атынан Қазақстанның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Б.С.Әйтімова, Нидерланды Корольдігіндегі елші М.С.Мұрзамадиева, Нью-Йоркте (АҚШ) бас консул Р.К.Есболатова, Бонндағы (Германия) консул Г.К.Бейсеева, Словакиядағы консул А.К.Кенжебаева өкілдік етеді.
      «Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес, персоналдың ротациясы жыныстық белгісіне қарамастан, әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерге оның кәсiби даярлығы мен мамандануы ескерiле отырып жүзеге асырылады.
      Әйелдер жүйелі түрде үкімет делегацияларының құрамында болады немесе делегацияға басшылық етеді және елімізді халықаралық деңгейде танытып жүреді. Әйелдерге жынысына қатысты халықаралық форумдардың жұмысына қатысуға немесе ел атынан өкілдік етуден бас тарту жағдайлары кездескен жоқ.
      2010 жылы наурызда ерекше тапсырмалар жөніндегі елші М.Б.Жарбосынованың басшылығымен Қазақстан Республикасының делегациясы әйелдер жағдайын жақсарту іс-әрекеттерінің Пекиндік платформасының 15 жылдығына арналған Нью-Йорктегі әйелдер жағдайы жөніндегі БҰҰ Комиссиясының 54-сессиясына қатысты.

      9-бап. Азаматтық

      1. Қатысушы мемлекеттер әйелдерге азаматтық алуға, өзгертуге немесе оны сақтап қалуға ерлермен тең құқық береді. Олар шетел азаматымен некелескенде және некеде тұрғанда күйеуінің азаматтығының ауысуы автоматты түрде әйелінің азаматтығының ауысуына, азаматтығы жоқ тұлғаға айналуына жол бергізбеуді қадағалайды және күйеуінің азаматтығын қабылдауға мәжбүрлей алмайды.
      Алдыңғы есепте көрсетілгендей, «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңына сәйкес, азаматтың немесе азаматшаның елдің азаматтығында тұрмайтын адаммен некеге тұруы, сондай-ақ мұндай некені бұзу азаматтықтың өзгеруіне алып келмейді.
      Қазақстанда ратификацияланған БҰҰ-ның Тұрмыстағы әйелдерге қатысты конвенциясына сәйкес, Қазақстан азаматтарымен некеде тұратын әйелдерге азаматтық алуға және тұрғылықты тұратын жерін анықтауға жеңілдікті жағдайлар жасалынады. Қалған жағдайларда ерлер мен әйелдердің құқықтары тең негіздемеде қарастырылады.
      Осылайша, Қазақстанда әйелдер отбасылық жағдайына қарамастан (тұрмыстағы және тұрмыс құрмаған) өзінің азаматтығын алуға, өзгертуге және сақтауға ерлермен бірдей құқыққа ие.
      2. Қатысушы мемлекеттер әйелдерге олардың балаларының азаматтығына байланысты ерлермен бірдей құқық береді
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, 14 жасқа толмаған баланың азаматтығын анықтауда ата-анасының (әкесі мен анасы) азаматтығы тең құқықта ескеріледі. Бала туғанда ата-анасының азаматтығы түрлі болған жағдайда, егер де ол: 1) Қазақстан Республикасы аумағында туылса; 2) Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде, бірақ ата-анасының немесе біреуінің сол кезеңде Қазақстан Республикасы аумағында тұрғылықты мекені болса, бала Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады. 16 жасқа дейінгі баланың азаматтығы оның туу туралы куәлігімен және кез келген ата-анасының төлқұжатымен расталады.
      Ата-ана (анасы немесе әкесі) кәмелетке толмаған балаларымен қыдыруға бірдей құқыққа ие. Баланы елден шығару үшін кез келген жағдайда ата-анасының екеуінің де келісімі талап етіледі.
      Әділет министрінің бұйрығымен (2005 ж.) бекітілген әділет органдары қолданатын Қазақстан Республикасы халқын құжаттау және тіркеу ережелері бойынша нұсқаулықтың 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының төлқұжаты азаматтарға қалауы бойынша жасына қарамастан беріледі, яғни балалар Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжатын ала алады.

      10-бап. Білім беру

      Қатысушы мемлекеттер білім саласында әйелдерге ерлермен тең құқық беру үшін әйелдерге қарсы кемсітуді жоюға барлық шараларды қабылдайды, көбінесе ерлер мен әйелдердің тең құқығын мына негізде қамтамасыз етеді:
      а) кәсіп немесе мамандықты таңдауға, барлық санатта, ауылдық және қалалық жерлердегі барлық санаттағы білім беру ұйымдары мен білім беру саласына және де диплом алуына тең мүмкіндігін; бұл теңдік мектепалды, орта, арнайы және техникалық білімді және де кәсіби дайындықтардың барлық түрінде қамтамасыз етіледі
      2007 жылы қабылданған «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңның 3-бабының 1-тармағында көрсетілгендей, білім саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері сапалы білім алуға барлық азаматтардың құқықтарының теңдігі, әрбір адамның психофизиологиялық және жеке ерекшеліктерін, интеллектуалдық дамуын ескере отырып, халық үшін білімнің барлық деңгейіне қолжетімділік, адамның құқықтары мен бостандықтарын сыйлау болып табылады.
      Баяндалған нормалар заңнамалық деңгейде іс тәжірибесінде толығымен іске асырылып жатқан ерлер мен әйелдердің білім алуға бірдей қолжетімділігінің қамтамасыз етілгендігін көрсетеді.
      «Білім туралы» заңның 47-бабына (3-тармақ) сәйкес, барлық жалпы білім беретін мектептерде ұлдар мен қыздарға мемлекеттік жалпы міндетті білім стандарттарына сәйкес сапалы білім алуға бірдей мүмкіндіктер берілген.
      2010 – 2011 оқу жылында жалпы білім беретін мектептерде жалпы оқушылар санының 49 % құрайтын 1,2 млн. қыз бала, техникалық және кәсіби білім беру мекемелерінде – 275 мың қыз немесе – 46 % оқиды. Бұл 18 жасқа дейінгі ұл балалардың қыздарға қарағанда басым болуымен байланысты. Жоғары оқу орындарындағы студенттердің 58 %-ы қыз балалар. «Техникалық ғылымдар және технологиялар» мамандығы бойынша 49 мың қыз бала оқиды, ол жалпы оқушылардың 36 %-н құрайды.
      Білім және ғылым министрлігінің «Білім беру ұйымдарының типтері мен түрлерінің номенклатурасы туралы» бұйрығына сәйкес (2008 жыл) негізгі және орта мектепті бітірмегендерге кешкі, күндізгі және сырттай мектепте білім алу қарастырылған. 2010 жылы республикада құрамы 20 644 адам оқитын 78 кешкі жалпы білім беретін мектеп қызмет етті. Ондағы оқу білім бағдарламалары және жалпы орта білім стандарттары арқылы жүзеге асырылады. Осыған байланысты мезгілсіз мектепті тастаған қыздар мен әйелдерге арнайы қосымша бағдарламалар қарастырылмайды.
      b) бірдей оқу бағдарламасын алуға, бірдей емтихан тапсыруға, бірдей білікті оқытушылар тобында оқуға, тең сапалы жабдықтарды қолдану мен мектептерде оқуға мүмкіндігі
      Қазақстанның барлық жалпы білім беретін мектептерінде қыздар мен ұлдар бірыңғай оқулықтармен және бағдарламалармен оқиды, оларды бірдей оқытушылар оқытады.
      Оқушылар жынысына қарамастан, тегін ақпараттық ресурстарды, спорт, оқу, акт залдарын, кітапхананы пайдалана алады.
      с) оқытудың барлық түрлерінде және деңгейінде ерлер мен әйелдердің рөлінің кез келген стеоротипті тұжырымдамасын бірге оқыту және бұл мақсатқа жетуге көмектесетін оқытудың басқа түрлері арқылы, көбінесе оқу құралдарын және мектеп бағдарламаларын қайта қарау және оқу әдістеріне бейімделу арқылы жою
      Қазақстанда жалпы білім беретін мектептерде негізінен қыздар мен ұлдар бірге оқиды.
      2007 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі мекемелерде және жалпы білім беретін мектептерде пайдалануға ұсынған оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер, құралдар және балалар кітабының тізіміне оқушыларға, мектеп педагогтарына және психологтарына арналған келесі оқу құралдары енгізілген: «Мен – қызбын, мен – ұлмын» (мектепке дейінгі білім жүйесіне арналған), «Гендер әліппесі» (бастауыш мектепке), «Гендер грамматикасы» (5-8 сыныптарға арналған оқу-әдістемелік кешен), 9-11 сынып оқушыларына арналған «Гендерлік білім негіздері».
      Гендерлік құраушы 12 жылдық орта білім мемлекеттік стандартының мазмұнына енгізілді. 2014 жылға қарай гендерлік құраушыны ескере отырып, оқу бағдарламаларының 40 % басым бөлігін жаңарту жоспарлануда.
      Жоғары оқу орындарында гендерлік пәндерді таңдау арқылы оқытылады.
      Мысалы, «Психология» мамандығының шеңберінде мынандай пәндер оқытылады: «Гендерлік психология», «Отбасылық кеңес беру және балаларға көмек», «Отбасылық психологиялық кеңес және психотерапия»; «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша – «Гендерлік психология», «Отбасылық құқық», «Тұрмыстық зорлықтың алдын-алу жөніндегі әлеуметтік жұмыс», «Отбасы әлеуметтануы» (Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті және басқалар).
      Нормативтік-құқықтық актілердің гендерлік аспектісі «Құқықтану», «Халықаралық құқық», «Халықаралық қатынастар» «Саясаттану», «Әлеуметтану» мамандықтары бойынша пән бағдарламаларында қарастырылады.
      Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде 2006 - 2007 оқу жылынан бері барлық мамандықтарға бірінші курста 1 кредит (45 сағат) көлемінде «Гендер» арнайы курсы оқытылады, екінші курстарда 2 кредит (90 сағат) көлемінде «Қазақ аруы» курсы оқытылады.
      Гендерлік проблематиканың мәселелері Білім жүйесінің басқарушылық және ғылыми-педагогикалық кадрларының біліктілігін арттыру республикалық институтының оқытушылары мен мұғалімдерді қайта даярлау бағдарламаларында ескерілген.
      Гендерлік саясатты іске асырудың ғылыми бағыттарын Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің жанындағы Әлеуметтік және гендерлік зерттеулер ғылыми-зерттеу институты және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Гендерлік білім орталығы әзірлеуде.
      Ғылыми-зерттеу институты гендерлік индикаторларды, гендерлік зерттеулерді қолдана отырып, білім жүйесіне үзіліссіз гендерлік білімді енгізе отырып, әлеуметтік және білім беру бағдарламаларын әзірлеумен айналысады. Бастауыш мектеп мұғалімдеріне арналған «Гендер әліппесі», «Гендер грамматикасы» (5-8 сыныптар), «Гендерлік білім негіздері» (9-11 сыныптар) оқу-әдістемелік құралдарының құрамына енгізілетін «Гендер» оқу-әдістемелік кешені әзірленді. «Гендерлік білім: теориясы мен тәжірибесі» атты мемлекеттік тілде оқу құралы дайындалды. «Қазақ тіл білімінің гендерлік тұғыры», «Қазақстан Республикасының гендерлік саясаты: халықаралық тәжірибе және ұлттық үлгі» монографиялары, магистранттарға арналған «Гендерлік лингвистика» оқу бағдарламалары шығарылды.
      Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Гендерлік білім орталығының негізгі міндеттерінің бірі оқытушылар мен студенттердің гендерлік мәдениетін қалыптастыру, сонымен қатар, талдау баяндамалар, авторлық оқу материалдар, дистанциялық білім бағдарламалары, арнайы веб-сайт, сонымен қатар, гендерлік мәселе жөнінде видео, аудио және фотоматериалдар шығару болып табылады.
      Барлық білім деңгейлеріндегі оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерге гендерлік сараптама жүргізу жұмыстарын жеделдету және үйлестіру үшін жұмыс тобы құрылған. Оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен құралдарды дайындау, сараптау және басып шығару жұмыстарын ұйымдастыру Ережелеріне сәйкес өзгертулер мен толықтырулар енгізіледі.
      Осылайша, БҰҰ СИДО жөніндегі Комитеттің оқу құралдарындағы гендерлік стереотиптерді жою мәселесіне қайта қарау, ұлдар мен қыздардың оқу пәндерін еркін таңдауын қолдау, гендерлік тақырып бойынша жоғары оқу орындарында курстар құру туралы ұсынымдары (13 және 14-тармақтары) Қазақстанда белсенді түрде орындалуда.
      d) стипендия және басқа білім жәрдемақыларын алуға бірдей мүмкіндігі
      Қазақстанда жыл сайын жоғары білім алуға білім гранттары бөлінеді. Оған қоса, студенттерге ректорлардың, ұлттық компаниялардың және әкімдердің гранттары да беріледі.
      Гранттар Ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі – ҰБТ) нәтижесінде ең жоғары балл жинаған талапкерлерге беріледі.
      Қазіргі кезде жоғары оқу орындарында білім гранты бойынша 14 мың адам оқиды, оның ішінде 8,5 мыңы қыздар (61 %).
      Мемлекеттік стипендия үлгерімі жақсылардың барлығына (емтихандық сессия нәтижесі бойынша қарызы жоқтар немесе аралық аттестация нәтижесі бойынша қанағаттанарлық баға алғандар), сонымен қатар, жоғары оқу орындарында студент, магистрант, интерн болып табылатын, бастауыш және орта кәсіби оқу мекемелерінде оқитын жетім-балалар мен ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға белгіленеді.
      е) оқуды жалғастыру бағдарламаларына, үлкендер арасына сауаттылықты тарату бағдарламасы және ерлер мен әйелдердің арасындағы білімнің алшақтығын қысқартуға арналған функционалдық сауаттылық бағдарламасын қосқандағы тең мүмкіндіктер
      Қолданыстағы заңнаманың нормаларына сәйкес барлық азаматтарға, олардың жынысына қарамастан білім алуға тең құқық және бірдей мүмкіндік беріледі.
      Қазақстанда білімге қолжетімділік индексі әйелдерде (0,980) ерлерге (0,952) қарағанда жоғары, ол орташа есеппен 0,967 құрайды. Индекс 15 және одан жоғары жастағы халықтың сауаттылық үлесімен, сондай-ақ халықты оқытумен қамту көрсеткішімен бағаланады.
      Халықтың ақпараттық сауаттылығының едәуір өскені байқалады. Халықтың 15 және одан жоғары жастағы 34% компьютермен жұмыс істеу дағдыларына ие, 20% интернет пайдаланады, 12% ағылшын тілін меңгерген.
      f) мектеп бітірмеген қыздардың санын азайту және мерзімінен бұрын мектептен кеткен қыздар мен әйелдерге бағдарлама дайындау
      Мектептегі білім алуды тоқтатудың көп жағдайда жыныстық белгісіне қатысты емес, көбінесе әлеуметтік-экономикалық себептерге байланысты болатынын практика көрсетіп отыр.
      g) спортпен белсенді айналысуда және дене тәрбиесінде бірдей мүмкіндіктер
      «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, мемлекеттік саясат халықтың салауатты өмір салтын қамтамасыз етуге, дене тәрбиесі мен спортты дамытуға бағытталған және еріктілік, теңдік және барлық азаматтар үшін жалпы қолжетімділік принциптері арқылы жүзеге асырылады.
      Қазақстан Республикасында қыздар мен әйелдердің спортқа және дене тәрбиесіне қатысуларына шектейтін нормалар мен ережелер жоқ. Сонымен қатар, әйелдерге спортпен шұғылдану киім үлгілері бойынша ешқандай шектеу қойылмайды. Әйелдер мен ерлерге спорттық объектілерге және құрылғыларға бірдей кіре алады.
      h) отбасының тұрмыс халін және денсаулығын қамтамасыз ету мақсатында білім сипатындағы арнайы ақпаратты алу, сонымен қоса отбасы көлемінің жоспары туралы ақпарат және консультация алу мүмкіндігі
      Отбасылардың денсаулығы мен әл-ауқатын қамтамасыз етуін іске асыру мақсатында білім беру сипатында арнайы ақпаратты таратумен Денсаулық сақтау министрлігінің Салауатты өмір сүру салтын құру мәселелері жөніндегі ұлттық орталығы айналысады. Оның 14 облыстық, 15 қалалық және 69 аудандық Салауатты өмір сүру салтын құру мәселелері жөніндегі орталықтары, 196 денсаулықты нығайту орталықтары, 557 СӨС кабинеттері бар.
      Жұмыс келесі бағыттарда жүзеге асырылады: дене белсенділігі, дұрыс тамақтану, темекі тартудың, алкогольді және есірткінің артық пайдаланудың алдын алу, туберкулез, жыныстық жолмен берілетін инфекциялық аурулар және АИТВ/ЖИТС алдын алу, репродуктивті денсаулық, сонымен қатар отбасын құруды жоспарлау.
      Орталық салауатты өмір салтының түрлі аспектілері бойынша ақпараттық-білім материалдарын әзірлеу мен таратуды жүзеге асырады. Каталогтың құрамында 120-дан астам баспа өнімдерінің атаулары бар.
      Тоқсан сайын «Салауатты өмір салтын құрудың, аурулардың алдын алудың және денсаулықты нығайтудың өзекті мәселелері» атты ғылыми-практикалық журнал шығарылады.
      Оқушыларды интерактивті оқыту әдісіне негізделетін «Денсаулық және өмір сүру дағдылары» интеграциялық бағдарламасы әзірленіп, енгізілуде.
      Ұлттық орталықта кітапхана, типография, ресурстық орталық жұмыс істейді, интернет-ресурстар құрылған және жұмысы қамтамасыз етіледі (http://www.hls.kz және http://www.zhas.kz).
      2011 – 2013 жылдарға арналған салауатты өмір салты бойынша іс-шаралар аясында халықтың репродуктивті денсаулығын қорғау жөнінде хабардар ету және отбасын жоспарлау бойынша іс-шаралар жалпы сомасы 9 млн. теңгеге, аудио және бейнематериалдар - 21,4 млн. теңгеге жоспарланған.
      ҮЕҰ үшін «Салауатты отбасы» жобасы бойынша репродуктивті денсаулықты қорғау бойынша әлеуметтік тапсырысты 10 млн. теңге сомасына және жастар орталығын дамыту үшін - 3 млн. теңге орналастыру жоспарлануда.
      Тек бір 2010 жылдың ішінде БАҚ 11 мыңға жуық мақала, 1 мыңға жуық брошюралар басылды, әлеуметтік роликтер прокатқа шығарылды, гендерлік саясатты насихаттайтын «Отбасым» арнайы журналы шыға бастады. Отбасындағы гендерлік теңдік пен отбасылық құндылықтарды насихаттау жөніндегі билбордтар конкурсы өткізілді, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының веб-сайты (www.ncgp.kz) және электронды кітапхана құрылды.
      БҰҰ Балалар қорының қолдауымен Астана қаласында «Демеу» Жастар денсаулық орталығы» алғашқы қызмет құрылған болатын. Қазіргі кезде мұндай орталықтар Алматы, Семей, Талдықорған, Тараз, Шымкент және Орал қалаларында ашылған. Орталықта жасөспірімдер мен жастарға репродуктивті денсаулық, отбасын құруды жоспарлау, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын-алу, психикалық денсаулық, АИТВ/ЖИТС, маскүнемдік, нашақорлық, темекі тартудың алдын алу, дұрыс тамақтану, стресс және депрессиялық жағдайлардың алдын-алу, келеңсіз жағдайлар мен жарақаттану, қаталдық және зорлық көрсету мәселелері бойынша білікті кеңес көрсетіледі.
      Соңғы алты жылда «Демеу» мамандары жасөспірімдер мен жастарға арналған 10 мыңнан аса жеке консультациялар өткізді, 7 мың мектеп оқушылары, орта және жоғары оқу орындарының студенттері қатысқан 500 жуық тренингтер мен семинарлар ұйымдастырды. Жасөспірімдердің психологтарға қаралуының негізгі мәселелері – бұл өзін-өзі өлтіру туралы ойлар, ата-анасының ажырасуы, балалар мен ата-аналар арасындағы қатынастар. Жастар орталығының бірегейлігі өзінің жұмысында денсаулықты сақтауға, жасөспірімдер арасында мінез-құлқын жақсартуға, әлеуметтік сүйемелдеу және ақкөңілділік, қолжетімділік, сенім және құпиялық негізінде олардың құқықтарын сақтауға бағытталған тиімді технологияларды пайдалануында.
      Орталық жанында қызметкерлермен қатар, өздерінің құрдастарына арналған тренингтерді ұйымдастыруға қатысатын жасөспірімдер мен жастардан құрылған еріктілер желісі жұмыс істейді. Сонымен қатар, барлық қатысам деушілерге арттерапия үйірмесі жұмыс істейді.

      11-бап. Жұмыспен қамту

      1. Қатысушы мемлекеттер әйелдерге қарсы кемсітуді жойып, жұмыспен қамту саласында ерлер мен әйелдерге тең құқығы негізінде құқық беру үшін барлық шараларды қабылдайды, соның ішінде:
      а) еңбек ету құқығы адамның ажырамас құқығы ретінде
      2007 жылы қабылданған Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінде былай айтылған: «Әрбір адам еңбекті еркін таңдауға және қандай да бір кемсітусіз және мәжбүрсіз еңбекке келісуге құқылы, еңбекке өзінің мүмкіндіктерін қолдану, кәсіп пен қызмет түрін таңдауға құқылы» (6-бап).
      Ал 7-бапта былай жазылған: «1. Әрбір адам еңбек саласында өзінің құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруға бірдей мүмкіндіктерге ие» және «2. Ешкім жынысына, жасына, дене кемістеріне, нәсіліне, ұлтына, тіліне, мүлікті, әлеуметтік және мәртебелік жағдайына, тұратын мекен-жайына, дінге қатынасына, саяси сеніміне, руға немесе сословиеге, қоғамдық бірлестіктерге жатуына қарай еңбек құқықтарын жүзеге асыруда қандай да бір кемсітуге ұшырай алмайды».
      Еңбек саласында кемсітуге ұшырадым деп санайтын адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен сотқа немесе басқа да инстанцияларға жүгінуге құқылы (5-7-баптар).
      b) жұмысқа қабылданғанда бірдей мүмкіндікке құқығы, соның ішінде жұмысқа қабылдау кезінде бірдей критерий қолдану
      Еңбек кодексінің 25-бабына сәйкес, «1. Еңбек шартын жасасқаннан кейін құқықтар мен мүмкіндіктер теңдігін бұзуға тыйым салынады».
      2004 жылдан 2010 жылдар аралығында Қазақстанның экономикалық белсенді халқының саны 7,8 ден 8,6 млн. адамға дейін, оның ішінде әйелдер 3,8 ден 4,2 млн.ға дейін өсті. Сонымен қатар, жұмысбасты халықтың саны да 7,2-ден 8,1 млн.-ға дейін, оның ішінде әйелдер – 3,5-тен 4 млн.ға дейін өсті.
      Халықтың жұмысбастылық деңгейі осы кезеңде 91,6 %-дан 94,2 % дейін, әйелдер арасында – 90,2 %-дан 93,4 %-ға дейін өскен.
      Статистика агенттігінің мәліметтеріне сәйкес, жұмысбастылық құрамында жалданбалы жұмысшылардың арасында әйелдердің үлесі басым, жылдан жылға өсуде. 2004 жылы 2,1 млн әйел жалданып жұмыс істеген жалпы жұмысбасты әйелдердің жалпы санының 60 %, ал 2010 жылдың аяғында – 2,6 млн. әйел (65 %) құраған. Ауылды жерде жалданбалы әйел жұмысшылардың 2004 жылы 604 мың адамнан 2010 жылы 862 мыңға дейін өскені байқалады.
      «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, мемлекеттік қызметке түсу конкурстық негізде жүзеге асырылады. Бұл заңның 13-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, мемлекеттік қызметке түсетін адамдар қажетті білімге, кәсіби дайындық деңгейі болуы, бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес келуі керек.
      Бұған қоса, 12-баптың 4-тармағына сәйкес, мемлекеттiк қызметке кiру кезiнде жынысына , нәсiлiне, қай ұлтқа жататынына, тiлiне, әлеуметтiк тегiне, мүлiктiк жағдайына, тұрғылықты жерiне, дiнге қатынасына, сенiмiне, қоғамдық бiрлестiктерге қатыстылығына және кез келген өзге де мән-жайларға қарай қандай да болсын тiкелей немесе жанама шектеулер белгілеуге жол берiлмейдi.
      Мемлекеттік қызмет саласында заңнамаларды сақтауды бақылау Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің тәртіптік кеңесі арқылы қамтамасыз етіледі.
      Қазақстанда әйелдер ерлермен қатар, әскери қызметті келісімшарт бойынша атқара алады. 2010 жылы келісімшарт бойынша әскери қызметтегілердің жалпы санының ішінде офицерлік қызметтегі әйелдердің үлесі 4,2 %, сержанттық және қатардағылар – 30 % құрады.
      с) мамандықты немесе жұмыс түрін еркін таңдау, қызметінде көтерілу және жұмыспен қамтылу кепіліне, сонымен қатар жұмыс жеңілдіктері мен шарттарын қолдану, кәсіби даярлау және қайта даярлау, үйренуді қоса, біліктілігін арттыруға кәсіби дайындау және уақтылы қайта даярлану құқығы
      Алдыңғы есепте көрсетілгендей, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес «1. Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар. Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі. 2. Әркімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға құқығы бар. 4. Әркімнің тынығу құқығы бар. Еңбек шарты бойынша, жұмыс істейтіндерге заңмен белгіленген жұмыс уақытының ұзақтығына, демалыс және мереке күндеріне, жыл сайынғы ақылы демалысқа кепілдік беріледі».
      Еңбек кодексінің 28-бабына сәйкес (1-тармақ, 6-тармақша), жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауы керек.
      Ауыр жұмыстарда және зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жағдайларда жұмыс істейтіндер үшін жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы қарастырылады.
      Еңбек келісімінде тараптардың келісімі бойынша қызметкерге толық емес жұмыс уақыты, оның ішінде толық емес жұмыс күні, толық емес жұмыс аптасы, күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымының) ұзақтығы нормасының бір уақыттағы азаюы және жұмыс аптасында жұмыс күні санының қысқаруы бекітіледі.
      Толық емес жұмыс уақыты жағдайындағы жұмыс Еңбек кодексінде, еңбектік және ұжымдық келісімдер мен шарттарда бекітілгендей, төленетін жыл сайынғы еңбек демалысының ұзақтығындағы қандай да бір шектеулер қызметкерге әсер етпейді.
      Қызметкерлердің әлеуметтік-тұрмыстық және жеке қажеттіліктері мен өндірістің мүдделері мен сәйкестендіру мақсатында қызметкерлер үшін икемді жұмыс уақытының режимі бекітілуі мүмкін. (Еңбек кодексінің 85-бабы). Тіркелген жұмыс уақытының, икемді (ауыспалы) жұмыс уақытының ұзақтығы, икемді жұмыс уақыты режиміндегі есеп кезеңі еңбек және ұжымдық келісімдерде бекітіледі. Қазіргі кезде Еңбек кодексіне қашықтан жұмыспен қамтуды енгізу бойынша өзгертулер енгізіліп жатыр.
      Еңбек кодексінің 143-бабына сәйкес, «1. Қызметкерлердің жаңа кәсіптер мен мамандықтарға оқытуды қоса алғанда, кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және біліктілікті арттыруға құқығы бар».
      Тек 2010 жылдың ішінде жұмыспен қамту қызметінің жолдамалары бойынша 20 мың әйел кәсіби оқудан, оның ішінде 7,4 мың қайта даярлаудан өтті, алғаш рет оқытылды, аралас кәсіпті игеріп, 12,5 мың адам біліктілігін арттырды. Әйелдерді еңбек нарығында талап етілетін тігінші, бухгалтер, аспазшы, сылақшы-сырлаушы және басқа да мамандықтар бойынша даярлады.
      d) тең сыйақы алуға, жеңілдік алуды қоса, тең бағалы еңбекке байланысты тең шарттар, сондай-ақ жұмыс сапасын бағалауда тең әдістемелеу құқығы
      Қазақстан Республикасының Конституциясында азаматтарға еңбегіне ақы төлеу жыныс белгісіне қарай кемсітусіз беріледі делінген. Бұл норма сондай-ақ, Еңбек кодексінің 22-бабында бекітілген, соған сәйкес, қызметкер қандай да бір кемсітусіз бірдей еңбекке тең құқыққа ие.
      Еңбекақы жүйесі және қызметкерлердің еңбегін ынталандыру ұжымдық келісім, еңбек келісімі және (немесе) жұмыс берушінің актілерімен анықталады. Орындалып жатқан жұмыстың сапасы мен өндірістің тиімділігін арттыруда жұмысшылардың қызығушылығын нығайту үшін жұмыс беруші сыйлық жүйесі және еңбекті ынталандырудың басқа да нысандарын енгізуі мүмкін (Еңбек кодексі, 126-бап).
      Еңбек заңнамасына сәйкес, қызметкердің айлық жалақысының мөлшері қызметкердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына және сапасына, сондай-ақ еңбек жағдайларына қарай сараланып белгіленеді (Еңбек кодексі, 121-бап, 1-тармақ). Осылайша, жалақының деңгейін анықтау критерийлері орындалатын жұмыстың саны, сапасы, күрделілігі және еңбек шарттары болып табылады.
      Еңбек заңнамасының ең маңызды принципі – еңбегі үшін ең төмен жалақы мөлшерінен кем емес әділ ақы алуға құқықты қамтамасыз ету.
      Қазақстанда жалақы белгілеу мен төлеу және оның талаптарын орындау мәселелерін реттейтін заңнамалық негіздің болуы «Бірдей құндылықтағы еңбек үшін ерлер мен әйелдерге бірдей сыйақы беру туралы» Халықаралық Еңбек Ұйымының Конвенциясын ратификациялауға мүмкіндік берді.
      Тұтастай алғанда елімізде әйелдердің орташа жалақысының мөлшері ерлер жалақысының 66% құрайды. Бұл әйелдердің негізінен бюджеттік саладағы білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер саласында жұмыс істеуімен байланысты. Елбасы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында (2011 ж.) бюджеттік сала қызметкерлерінің еңбекақысын 2012 жылға дейін 2008 жылмен салыстырғанда екі есеге өсіру тапсырмасын қойды.
      Қазақстан Республикасында 2011 - 2020 жылдарға арналған білімді дамыту мемлекеттік бағдарламасының міндеттерінің бірі 2015 жылға қарай педагогикалық қызметкерлердің орташа жалақысын экономиканың жеке сектор жалақысының деңгейіне дейін жеткізу арқылы педагог кәсібінің мәртебесін жоғарылату болып табылады.
      Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 20-тармағын іске асыру мақсатында 2007 жылы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Әйелдердің еңбегін қолдануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімін және оларды жүкті қолмен көтеру және алып жүруінің шекті нормасын бекіту туралы» № 186-ө бұйрықты әзірлеп, қабылады.
      Бұл бұйрықтың ережелері Халықаралық еңбек ұйымының Конвенцияларының қағидаттары мен ережелеріне сәйкес әйелдердің еңбегін қолдануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімін, сондай-ақ әйелдердің жүкті қолмен көтеру және алып жүруінің шекті нормасын айқындайды.
      е) зейнетке шығу, жұмыссыздық, ауру, мүгедектік, кәрілік және де басқа да еңбек қабілетінен айырылу жағдайларында әлеуметтік қамсыздандыру құқығы, сонымен қатар ақы төленетін демалысқа шығу құқығы
      «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, зейнеткерлік жас ерлер үшін – 63 жас, әйелдер үшін - 58 жас, яғни әйелдер ерлерге қарағанда зейнеткерлікке 5 жыл ерте шығу құқығына ие.
      Көрсетілген жас шамасынан ерте зейнеткерлікке шығу құқығына азаматтардың екі санаты ғана ие: 1) Семей ядролық полигонында ядролық сынақтан зардап шеккендер (ерлер – жалпы еңбек өтілі 25 жылдан кем болмайтын 50 жасқа толуымен, әйелдер жалпы еңбек өтілі 20 жылдан кем болмайтын 45 жасқа толуымен) және 2) 5 және одан көп бала туып, оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер 53 жасқа толысымен.
      Зейнетақылардың мөлшерлері тұрақты өсіп келеді, 2011 жылы оның орташа мөлшері 36,2 мың теңгені құрады, ол 2004 жылмен салыстырғанда 4 есеге көп. Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына сәйкес, 2015 жылға қарай негізгі зейнетақы мөлшері ең төмен күнкөріс көлемінің 60 %-на, 2020 жылға қарай - 75 %-на жетеді.
      Жинақтаушы зейнетақы қорының төлеуіне жататын міндетті зейнетақы жарналары жынысына қарамастан барлық қызметкерлерге бірдей қызметкердің айлық кірісінің 10 %-ы мөлшерінде белгіленеді.
      «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Орталықтан зейнетақы тағайындау үшiн еңбек стажын есептеу кезiнде мыналар есепке алынады:
      жұмыс iстемейтiн ананың жас балаларды бағып-күткен, бiрақ әрбiр бала 3 жасқа толғаннан аспайтын жалпы жиынтығы 12 жыл шегiндегi уақыт;
      бұрынғы кеңес мекемелерiнiң, Қазақстан Республикасы мекемелерi мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлерi әйелдерiнiң (жұбайларының) шетелде тұрған кезеңi, бiрақ жалпы алғанда 10 жылдан аспауға тиiс;
      офицерлiк құрамдағы адамдар, прапорщиктер, мичмандар, келісімшарт бойынша қызмет өткеретін әскери қызметшiлер және мерзiмiнен тыс қызмет атқаратын әскери қызметшiлер әйелдердiң мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкiндiгi болмаған жерлерде жұбайларымен бiрге тұрған кезеңi, бiрақ 10 жылдан аспауға тиiс;
      Сонымен қатар, зейнетақыны белгілеген кезде мыналар:
      бiрiншi топтағы мүгедекке, екiншi топтағы жалғызiлiктi мүгедекке және өзгенiң жәрдем көрсетуiне мұқтаж жасына байланысты зейнеткерге, сондай-ақ 80 жасқа толған қарт адамдарға күтiм жасаған уақыт;
      атом сынақтары, экологиялық апаттар салдарынан зардап шеккен не иммундық тапшылық вирусын жұқтырған не ЖИТС-мен ауыратындарға, 16 жасқа дейiнгi мүгедекке күтiм жасаған уақыт да ескеріледі.
      Еңбек кодексінің 159-бабына сәйкес, жұмыс беруші өз қаражаты есебінен қызметкерлерге еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлеуге міндетті. Заңнамада белгіленген тәртіппен берілген еңбекке жарамсыздық парақтары негіз болып табылады. Жәрдемақылар қызметкерлерге еңбекке жарамсыздықтың бірінші күнінен бастап еңбек қабілеті қалпына келген күнге дейін немесе мүгедектік белгіленгенге дейін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептелген олардың орташа жалақысының есебімен төленеді.
      2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек қабілетінен айырылу, асыраушыдан айырылу, жұмысынан айырылу жағдайларына әлеуметтік төлемдер беріледі. 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істейтін әйелдер үшін әлеуметтік қатерлердің екі түрі: жүкті болуы, босануына байланысты табысынан айырылуы жағдайына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айырылуы жағдайына және бір жасқа толғанға дейін бала күтіміне байланысты табысынан айырылуы жағдайына төленетін болды. 2010 жылы әлеуметтік жәрдемақы алатындардың саны 467 мың адамды құрады, оларға 55,8 млрд. теңге төленді, 2005 жылмен салыстырғанда бірнеше есеге көп (тиісінше 1,8 мың адам және 10,2 млн. теңге).
      «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабында мүгедектiгi бойынша жәрдемақылар мүгедектiкке душар болған жағдайда жәрдемақыға өтiнiш жасалған уақытта жұмыстың тоқтатылғанына немесе жалғасуына қарамастан тағайындалады деп белгіленген. Жәрдемақылардың мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 0,74-тен 2,09 дейін құрайды.
      Еңбек кодексінің 100-бабына сәйкес, егер қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін басқа нормативтік құқықтық актілерде, еңбек шартында, ұжымдық шартта және жұмыс берушінің актілерінде көп күн саны көзделмесе, қызметкерлерге ұзақтығы күнтізбелік жиырма төрт күн болатын жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы беріледі. Еңбек шартында, ұжымдық шартта қызметкерлерге үздіксіз ұзақ жұмысы, маңызды, күрделі, жедел жұмыстарды, сондай-ақ өзге де сипаттағы жұмыстарды орындағаны үшін көтермелеу сипатында жыл сайынғы ақылы қосымша демалыстар белгіленуі мүмкін. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы келісім бойынша бөліктерге бөлінуі мүмкін.
      Білім беру ұйымдарында оқып жүрген қызметкерлерге сынақтар мен емтихандарға дайындалу және оларды тапсыру, зертханалық жұмыстарды орындау, дипломдық жұмысты (жобаны) дайындау мен қорғау үшін оқу демалыстары беріледі. Оқу демалысына ақы төлеу еңбек шартында, ұжымдық шартта, оқу шартында айқындалады.
      f) денсаулықты қорғауға және қауіпсіз жұмыс жағдайына, сонымен қатар ісін жалғастыру функциясын сақтауға құқығы
      Еңбек кодексінің 186-бабына сәйкес, әйелдердің еңбегін ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда пайдалануға тыйым салынады.
      Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына, еңбекақының жоғары мөлшеріне және жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысына құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімін, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесін және оны қолдану жөніндегі нұсқаулық Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрығымен бекітілді.
      Әйелдердің еңбегін қолдануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімін және оларды жүкті қолмен көтеру және алып жүруінің шекті нормасы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрығымен (2007 ж.) бекітілді. Тізімде метал өңдеу, монтаж және құрылыс-жөндеу жұмыстарында, тау-кен және тау-кен-капитал, геологиялық-барлау және топографиялық-геодезиялық жұмыстарда әйелдерге жұмыс істеуге тыйым салатын 299 кәсіптер мен мамандықтар тізімі бар.
      Еңбек кодексінің 193-бабына сәйкес, әйелдерге жүктілігіне және босануына байланысты ұзақтығы босануға дейін күнтізбелік 70 күнге және босанғаннан кейін күнтізбелік 56 (қиналып босанған немесе екі немесе одан да көп бала туған жағдайда - 70) күнге дейін демалыс беріледі.
      Ядролық сынақтардың әсеріне ұшыраған аумақтарда тұратын әйелдерге жүктілік және босану бойынша жұмысқа жарамсыздығы туралы қағаз 27 аптадан қалыпты босанған жағдайға ұзақтығы 170 күнтізбелік күнге және қиналып босанған немесе екі және одан да көп бала туған жағдайда – 184 күнге беріледі.
      Еңбек заңнамасын бұзған адамдар Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
      Баяндалғандарды ескере отырып, БҰҰ СИДО жөніндегі Комитетінің кәсіби сегрегацияны азайту, әйелдер мен ерлердің еңбегіне ақы төлеудегі айырмашылықты азайту, бірдей құндылықтағы еңбекке бірдей төлем, әлеуметтік жеңілдіктердің құрылымы және оны қорғау заңнамасын қайта қарау, еңбек нарығында әйелдерге ерлермен бірдей жағдай жасауға жасалынып жатқан шаралар жөніндегі ұсынымдары (23 және 24-тармақтар) негізінен орындалып жатыр.
      2. Күйеуге шығуына немесе ана болуына байланысты әйелдерді кемсітудің алдын алу үшін және оларға еңбекке тиімді құқығына кепіл беруге қатысушы мемлекеттер үйлесімді шараларды қабылдайды:
      а) санкция қолдану қаупімен жүктілікке байланысты немесе жүктілік демалысына шығуына және тууына байланысты жұмыстан шығаруды немесе отбасы жағдайына байланысты жұмыстан шыққанда болатын кемсітуге тыйым салу
      Еңбек кодексі жүкті әйелдердің еңбегін реттеудің ерекшеліктерін ескереді. 185-бапқа сәйкес, жүкті әйелдермен, үш жасқа дейінгі балалары бар әйелдермен, он төрт жасқа дейінгі баланы (он сегіз жасқа дейінгі мүгедек баланы) тәрбиелеп отырған жалғызбасты аналармен, аталған балалар санатын анасыз тәрбиелеп отырған өзге де тұлғалармен еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзуға жол берілмейді.
      Егер әйел еңбек шартының мерзімі аяқталған күні мерзімі он екі апта және одан көп апта жүктілігі туралы медициналық қорытынды ұсынса, жұмыс беруші оның жазбаша өтініші бойынша еңбек шартының мерзімін бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыс аяқталған күнге дейін ұзартуға міндетті.
      Әйелмен оның жүктiлiк себебi бойынша еңбек шартын жасаудан бас тарту немесе онымен еңбек шартын оның жүктілігі себепті негiзсiз бұзу немесе үш жасқа дейiнгi баласы бар әйелмен нақ сол себеппен еңбек шартын жасаудан бас тарту немесе онымен еңбек шартын негізсіз бұзу, сол сияқты мүгедекпен оның мүгедектігі себепті, не болмаса кәмелетке толмағанмен оның кәмелетке толмағандығы себептi еңбек шартын жасаудан бас тарту немесе онымен еңбек шартын негізсіз бұзу:
      екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға;
      не 5 жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару құқығынан айыруға;
      не 2 жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.
      Жүкті әйелді заңсыз жұмыстан шығарған жағдайда жұмыс беруші оны жұмысқа қайта алуы қажет. Еңбек заңнамасының нормаларына сәйкес, қайтадан бұрынғы жұмысына орналасқан қызметкерге еріксіз бос жүрген уақытына (жұмыстан босатылу) орташа жалақы төленеді немесе төменгі ақылы жұмысты орындау уақытындағы айырмашылық, бірақ алты айдан көп емес мөлшерде төленеді.
      Қылмыстық кодексте осындай санаттағы қызметкерлерді қорғауға бағытталған бап бар. 148-бапқа (2 бөлім) сәйкес, әйелмен оның жүктiлiгi себебi бойынша еңбек шартын жасасудан негiзсiз бас тарту немесе онымен еңбек шартын негiзсiз тоқтату немесе үш жасқа дейiнгi балалары бар әйелмен осы себептер бойынша еңбек шартын жасасудан негiзсiз бас тарту немесе онымен еңбек шартын негiзсiз тоқтату, сол сияқты мүгедекпен оның мүгедектiгi себебi бойынша не кәмелетке толмағанмен оның кәмелетке толмағандығы себебi бойынша еңбек шартын жасасудан негiзсiз бас тарту немесе еңбек шартын негiзсiз тоқтату жазаланады:
      200-ден 500 айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның 2 айдан 5 айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға;
      не 5 жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару құқығынан айыруға;
      не 2 жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына.
      Заңсыз жұмыстан босатуды сотта даулауға болады.
      Мысалы, техник-оператор Е.В.Ноздрина штаттың қысқартылуымен байланысты онымен еңбек қатынастарын тоқтатқаны үшін «Semser Security» ЖШС үстінен арыз жазып, сотқа жүгінген болатын. 2010 жылы 9 маусымда Ақтөбе қаласы сотының шешімі бойынша, 2010 жылы 13 тамызда Ақтөбе облыстық сотының аппеляциялық инстанциясының өзгеріссіз қалдыру қаулысымен Е.В.Ноздрина лауазымына қайта оралған, жұмыс берушіден еріксіз бос жүрген кезеңі үшін жалақы, соттық шығындар мен моральдық нұқсан келтіргені үшін өтемақы өндіріп алды. Бұл дауды шешу барысында шағым берушінің жұмыстан шығару кезеңінде жүктіліктің 6-7 аптасында екені анықталды. Еңбек кодексінің 185-бабының 1-тармағына сәйкес жұмыс берушінің бастамасымен жүкті әйелдермен еңбек шартын бұзуға болмайды.
      b) жұмыс орнын, қызмет дәрежесін немесе әлеуметтік жәрдем ақыларды жоғалтпайтындай етіп, жүктiлiгі және тууына байланысты ақы төленетiн немесе әлеуметтік жәрдемақыларымен салыстыруға болатын демалыстарды енгізу
      2008 жылдан бері жұмыс істейтін әйелдер үшін жүктілікті, босануды және аналықты міндетті әлеуметтік сақтандыру енгізілген болатын. Оларға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жүктілік пен босану бойынша демалыстың барлық күндеріне орташа айлық жалақы мөлшерінде әлеуметтік төлем беріледі, сондай-ақ бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне орташа айлық кірістің 40% мөлшерінде әлеуметтік төлем беріледі (23-2–бап).
      Әлеуметтік төлемдерден жүктілікке және босануға, жаңа туған сәбиді (балаларды) асырап алуға және балаларды бір жасқа толғанға дейін күтуге байланысты кірісінен айырылған жағдайға зейнетақы жарналары ұсталып, алушының жинақтаушы зейнетақы қорына жіберіледі (26-бап).
      Еңбек кодексінің 192-бабына сәйкес, әйелге, қалауы бойынша, жүктілікке және босануға байланысты демалыстың алдында немесе тікелей одан кейін не балаға күтім жасауға арналған демалыс біткен соң жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы беріледі.
      Бұған қоса, Еңбек кодексінің 195-бабына сәйкес, жұмыс беруші:
      1) ата-анасының қалауы бойынша – баланың анасына не әкесіне;
      2) баланы жалғыз тәрбиелеп отырған ата-ананың біреуіне;
      3) баланы іс жүзінде тәрбиелеп отырған әжесіне, атасына, басқа туысына немесе қамқоршысына;
      4) жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерге бала үш жасқа толғанға дейін баланың күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс беруге міндетті.
      Бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс қызметкердің жазбаша өтініші негізінде оның қалауы бойынша толық немесе бөлініп пайдаланылуы мүмкін.
      Еңбек кодексінің 195-бабына сәйкес, бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс уақытында қызметкердің жұмыс орны (лауазымы) сақталады.
      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалыс уақыты жалпы еңбек өтіліне, мамандығы бойынша жұмыс өтіліне есептеледі.
      с) ата-аналардың отбасылық міндеттері мен еңбек қызметін және қоғамдық өмірге қатысуын қоса атқару үшін керекті қосымша әлеуметтік қызметтерді көтермелеу, әсіресе балаларды күту мекемелері жүйесін құру және кеңейту көмегімен
      Еңбек кодексінің арнайы «Әйелдердің және отбасылық міндеттері бар өзге адамдардың еңбегін реттеу ерекшеліктері» атты тарауы бар. Онда әйелдер еңбегін пайдалануды тыйым салатын жұмыстар, әйелдердің және отбасылық міндеттері бар басқа да адамдардың еңбегі мен тынығу режимінің ерекшеліктері, жұмыс берушінің бастамасымен байланысты жүкті әйелдермен еңбек шартын бұзуды шектеу, т.б. тіркелген.
      Еңбек кодексінің 187-бабына сәйкес:
      1) жұмыс берушінің жүкті әйелдерді түнгі уақыттағы жұмысқа, демалыс және мереке күндеріндегі жұмысқа, үстеме жұмысқа тартуға, оларды іссапарға жіберуге, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан кері шақырып алуға құқығы жоқ;
      2) жұмыс берушінің жүкті әйелдерді түнгі уақыттағы жұмысқа, демалыс және мереке күндеріндегі жұмысқа, үстеме жұмысқа тартуға, сондай-ақ жазбаша келісімінсіз оларды вахталық әдіспен жүргізілетін жұмысқа іссапарға жіберуге құқығы жоқ:
      жеті жасқа дейінгі балалары бар әйелдерді және жеті жасқа дейінгі балаларды анасыз тәрбиелеп отырған басқа да адамдарды;
      егер үш жасқа дейінгі балалар, мүгедек балалар не отбасының ауру мүшесі медициналық қорытынды негізінде тұрақты күтім жасауға мұқтаж болса, отбасының ауру мүшелеріне күтім жасайтын не мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған қызметкерлерді.
      Сонымен қатар, Кодекстің 188-бабына сәйкес, тынығуға және тамақтануға арналған үзілістерден, ауысымішілік және арнайы үзілістерден басқа, бір жарым жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге, бір жарым жасқа дейінгі балаларды анасыз тәрбиелеп отырған әкелерге (асырап алушыларға) баланы (балаларды) тамақтандыру үшін жұмыстың кемінде әрбір үш сағаты сайын:
      1) бір баласы бар болғанда – әрбір үзіліс кемінде отыз минут;
      2) екі немесе одан да көп баласы бар болғанда – әрбір үзіліс кемінде бір сағат болатын қосымша үзілістер беріледі.
      Баланы (балаларды) тамақтандыруға арналған үзілістер жұмыс уақытына кіреді. Үзілістер уақытында әйелдердің (әкелердің, асырап алушылардың) орташа жалақысы сақталады.
      Еңбек кодексінің 76-бабына сәйкес, ұзақтығы қалыпты, ұзақтығы қысқартылған және толық емес жұмыс уақыты болуы мүмкін.
      Еңбек кодексінің 188-190-баптарының ережелеріне сәйкес, 3 жасқа дейінгі балалары бар адамдарға икемді жұмыс графигі беріледі, ал бір жарым жастағы балалары бар әйелдерге – баланы тамақтандыруға үзілістер беріледі.
      Еңбек кодексінің 189-бабына сәйкес, жұмыс беруші жүкті әйелдің, үш жасқа толмаған баласы (балалары) бар әйелдің, үш жасқа дейінгі баланы анасыз тәрбиелеп отырған әкенің, асырап алушының, сондай-ақ отбасының ауру мүшесіне медициналық қорытындыға сәйкес күтім жасайтын қызметкердің жазбаша өтініші бойынша оларға толық емес жұмыс уақыты режимін береді.
      Толық емес жұмыс уақыты жағдайындағы жұмыс қызметкерге еңбектік, ұжымдық келісім шарттармен жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығына қандай да бір шектеулер әсер етпейді.
      Жұмыс күні толық болмаған немесе ол толық жүктелмеген кезде нақты орындалған жұмыстар үшін, сондай-ақ уақытша немесе біржолғы сипаттағы жұмыстарға ақы төлеу үшін еңбек шартының, ұжымдық шарттың талаптарымен және (немесе) жұмыс берушінің актісімен еңбекке сағаттық ақы төлеуді белгілеуге болады (Кодекстің 123-бабы).
      Еңбек кодексінің 192-бабына сәйкес, әйелге, қалауы бойынша, жүктілікке және босануға байланысты демалыстың алдында немесе тікелей одан кейін не балаға күтім жасауға арналған демалыс біткен соң жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы беріледі.
      Он сегіз жасқа толмаған қызметкерді, жүкті әйелді және ауыр және зиянды (аса зиянды) қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлерді ақылы жыл сайынғы еңбек демалысынан қайтарып алуға жол берілмейді.
      195-бапқа сәйкес, жұмыс беруші бала үш жасқа толғанға дейін баланың күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс беруге міндетті:
      1) ата-анасының қалауы бойынша - баланың анасына не әкесіне;
      2) баланы жалғыз тәрбиелеп отырған ата-ананың біреуіне;
      3) баланы іс жүзінде тәрбиелеп отырған әжесіне, атасына, басқа туысына немесе қамқоршысына;
      4) жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерге.
      Бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс уақытында қызметкердің жұмыс орны (лауазымы) сақталады.
      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалыс уақыты жалпы еңбек стажына, мамандығы бойынша жұмыс өтіліне есептеледі.
      2010 жылы мектепке дейінгі балалар мекемелеріне 446 мың бала барған, қамтуы – 41,6 %, ол 2004 жылмен салыстырғанда 2,5 есе көп.
      d) әйелдерге жүкті кезінде денсаулығына зиян келтіретіні дәлелденген жұмыс түрлерінде арнайы қорғауды қамтамасыз ету
      Жұмыс беруші медициналық қорытынды негізінде жүкті әйелді орташа жалақысын сақтай отырып, зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсері болмайтын басқа жұмысқа ауыстыруға міндетті (Еңбек кодексі, 191-бап).
      3. Осы бапта айтылған құқықты қорғауға қатысты заңнамалар қайта-қайта ғылыми-техникалық тұрғыдан қаралады, сонымен қатар керектігіне қарай қайта қарастырылады, өзгертіледі немесе кеңейтіледі.
      2004 жылы қабылданған «Еңбек туралы» Қазақстан Республикасының Заңында жұмыс берушінің жою жағдайларынан басқа, қызметкердің еңбек міндеттемелерін қатаң түрде бұзуы, қызметкерді сот шешімі бойынша қайта жұмысқа алу, және басқа да объективті жағдайларды ескермегенде, жүкті әйелді, сондай-ақ бір жарым жасқа дейінгі баласы бар әйелді әкімшіліктің бастамасы бойынша жұмыстан шығаруға жол берілмеген болатын.
      2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданыстағы Еңбек кодексінде бұл норма әйелдердің пайдасына қарай едәуір кеңейтілген. Бапта (185, 1-тармақ) жұмыс берушінің бастамасымен жүкті әйелдермен, бір жарым жасқа дейінгі емес, үш жасқа дейінгі жастағы балалары бар әйелдермен еңбек шартын бұзуға жол бермеу қарастырылған. Сонымен қатар, он төрт жасқа дейінгі (мүмкіндігі шектеулі бала болса – он сегіз жасқа дейін) балаларды тәрбиелеп отырған жалғыз басты аналарды, басқа да аталмыш санаттағы балаларды асырап отырған адамдарды жұмыстан шығаруға жол берілмейді. Мұның ешқайсысы 2004 жылғы «Еңбек туралы» заңда болған жоқ.
      Әйелдердің еңбек құқықтары азаматтық сот ісінде қорғалады.
      Мысалы, 2009 жылы Астана қаласының аудандық сотына «JPA International Аудит-Гарант» ЖШС шағымданып Р.К.Кенжина оны жұмысқа қайта алу бойынша сотқа жүгінген. Жұмыстан шығару себебі жұмыс берушінің пікірі бойынша, Р.К.Кенжинаның ешбір себепсіз (өз еркінше еңбек демалысына кетуі) жұмыста болмауы. Еңбек демалысы мәселесі басшылықпен келісілген, оған кезекті еңбек демалысын беру туралы шағымданушы өтінішінің тіркеу журналында тіркелгендігі анықталды. Р.К.Кенжинаның демалысқа кетуі отбасылық жағдайға (оның үйлену тойы болған) байланысты болған, оған қоса ол жүкті болатын. Шағым қанағаттандырылып, жеке еңбек шартының бұзылуы заңсыз деп танылып, Р.К.Кенжина Астана қаласындағы «JPA International Аудит-Гарант» жауапкершілігі шектеулі серіктестік өкілдігінің директоры мәртебесіне жұмысқа қайта алынды. Жұмыс берушіден Р.К.Кенжина еріксіз бос жүрген уақытына (5 ай) жалақы, моральдық нұқсан үшін өтемақы, сондай-ақ өкілдік қызметтеріне төлеммен байланысты шығындар өндіріп алды.
      Еңбек және халықты жұмыспен қамту саласындағы заңнаманы орындауды бақылау Еңбектің мемлекеттік инспекциясына жүктелген, гендерлік белгісі бойынша кемсіту фактілері анықталмаған.
      Еңбек кодексі еңбек саласында қажетті өкілеттіктер мен кепілдіктерді кәсіподақтарға ұсынды, қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша олардың қызметтерін жүзеге асыруға құқықты алаң құрылды.
      Кәсіподақтар Федерациясының 2011 жылғы 1 қаңтардағы мәліметтері бойынша, кәсіподақ мүшелерінің жалпы саны 2,1 млн. адамды құраған, оның ішінде 950 мыңы әйелдер (45%).
      Қазіргі кезде кәсіподақтар 22 салалық және 16 өңірлік келісімдер, 52,8 мың ұжымдық келісімдер жасады. Олардың міндеті – экономикалық және әлеуметтік саясат бағыттары, экономикалық міндеттер мен әлеуметтік талаптар бойынша – жұмыс берушілерінің, жалдамалы жұмыскерлерінің және мемлекеттің барлық серіктестерінің бітіміне қол жеткізу.
      2011 жылы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 42,3 млрд.теңге көп сомада әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру жөнінде 7,9 мыңнан аса меморандумдар; 950 мың адамнан көп кәсіпорын жұмысшыларымен қызметкерлердің кепілдіктері мен еңбек құқықтарын қамтамасыз ету, әлеуметтік қорғау, өндірістік процестерді тұрақтандыру мәселелері жөнінде өзара ынтымақтасу туралы 8411 меморандум жасалды.
      Еңбек қатынастарының саласында әйелдер құқықтарын қорғауды 2009 жылы қабылданған «Ерлердің және әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» заң да нығайтады. 10-бапқа сәйкес, еңбек нарығында кемсітушілікке ұшырадым деп есептейтін адамдар ерлер мен әйелдердің тең құқықтарын және тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету саласындағы қызметті жүзеге асыратын органдар мен ұйымдарға жүгінуге құқылы. Жұмыс беруші жыныстық белгісі бойынша кемсітушілік жағдайлары туралы құзыретті органдарға шағым жолдаған қызметкерге кедергі жасауға құқылы емес.

      12-бап. Медициналық қызмет көрсетуге тең қол жеткізу

      1. Қатысушы мемлекеттер әйелдерге қатысты кемсітушілікті жойып, денсаулық сақтау саласында ерлер мен әйелдердің тең құқығы негізінде әйелдерге медициналық қызмет көрсетуге арналған, соның ішінде отбасы көлемін жоспарлауға қатысты барлық шараларды қабылдайды.
      Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясат азаматтардың қауіпсіздікті, тиімді және сапалы медициналық көмек; денсаулық сақтаудағы әлеуметтік бағдарлар; халық денсаулығының, қауіпсіздігінің, тиімділігінің және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету факторларына дәрілік заттардың сапасын алу құқықтарының теңдігін қамтамасыз ету негізінде жүргізіледі. Ана мен баланы сақтау принципі ерекше көрсетілген («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексі», 4-бап).
      Кодекске (96-бап) сәйкес, Қазақстан Республикасы азаматтарының ұрпақты болуды еркін таңдауға; ұрпақты болу денсаулығын сақтау және отбасын жоспарлау жөнінде көрсетілетін қызметтерді алуға; өзінің ұрпақты болу денсаулығының жай-күйі туралы дәйекті және толық ақпарат алуға; бедеуліктен емделуге, оның ішінде Қазақстан Республикасында рұқсат етілген, ұрпақты болудың қазіргі заманғы қосалқы әдістері мен технологияларын қолдана отырып емделуге; жыныстық жасушалар донорлығына; контрацепция әдістерін пайдалануға және еркін таңдауға; хирургиялық стерилизация жасауға; жүктілікті жасанды түрде үзуге; өзінің ұрпақты болу құқықтарын қорғауға құқығы бар.
      Республикада қалалық және ауылдық әйелдердің отбасын құруды жоспарлау жөнінде қызметтермен қамсыздандыру бойынша бірыңғай саясат жүргізіледі.
      Кодекстің 88-бабының 2-тармағына сәйкес, «әйел ана болу туралы мәселені өзі шешуге және отбасын жоспарлау мен өз денсаулығын сақтау мақсатында, өзі қаламайтын жүктіліктен сақтанудың қазіргі заманғы әдістерін еркін таңдауға құқығы бар».
      Балалардың санына және олардың некеде немесе некесіз тууының уақытына, туу аралығындағы ана мен баланың денсаулығын сақтау үшін қажетті аралық жиілікке қатысты шешімді ерікті түрде қабылдау Кодекстің 96-бабында реттелген.
      Азаматтардың контрацепция, оның ішінде медициналық контрацепция әдістері мен құралдарын таңдауға, сондай-ақ олардан бас тартуға құқығы бар. Азаматтарға денсаулығының жай-күйін, жасын және өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, контрацепцияның қолайлы әдістері мен құралдарын жеке іріктеу жөніндегі медициналық көмек көрсетіледі (Кодекстің 102-бабы).
      «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 104-бабына сәйкес:
      1) Әйелдің жүктілікті жасанды түрде үзуге құқығы бар. Жүктілікті жасанды түрде үзудің алдын алу мақсатында дәрігерлер моральдық-этикалық, психологиялық және физиологиялық теріс салдарларды, ықтимал асқынуларды түсіндіруге бағытталған әңгімелер өткізуге міндетті;
      2) Жүктілікті жасанды түрде үзу әйелдің қалауы бойынша жүктіліктің он екі аптаға дейінгі мерзімінде, әлеуметтік айғақтар бойынша – жүктіліктің жиырма екі аптаға дейінгі мерзімінде, ал жүкті әйелдің және (немесе) шарананың өміріне қатер төндіретін медициналық айғақтар болған кезде (шарананың дамуы мен жай-күйінің өмірмен сыйыспайтын туа біткен кемістігі түзелмейтін монотектік генетикалық аурулар болған кезде) – жүктіліктің мерзіміне қарамастан жасалады;
      3) Кәмелетке толмаған адамның жүктілікті жасанды түрде үзуі олардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің келісімімен жүргізіледі;
      4) Емдеу-профилактикалық ұйымдарда әйелдің қалауы бойынша жүктілікті жасанды түрде үзуге дейін және одан кейін, контрацепция әдістері мен құралдарын жеке іріктеуді қоса алғанда, медициналық-әлеуметтік консультация өткізіледі.
      Жүктілікті жасанды түрде үзу меншік нысанына қарамастан, акушер-гинекологиялық бағыттағы медициналық көмек көрсететін барлық медициналық ұйымдарда, әйелдің еркі бойынша және жазбаша хабардар етілген келісім бойынша (заңды өкілдің) тегін көрсетіледі.
      Өз еркінше хирургиялық стерилдеуді азаматтың (әйелдер мен ерлер) жазбаша келісімімен ғана аталған қызмет түрін жасауға лицензиясы бар жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғалар, денсаулық сақтау ұйымдары алдын ала бұл операцияның қайтымсыз екенін ескерте отырып жасайды. Стерилдеуді міндеттейтін саясат немесе заңнамалық актілер жоқ.
      Денсаулық сақтау жүйесінде отбасын жоспарлау бойынша іс-шаралар мыналарды ескереді:
      1) экстрагениталдық аурулары бар репродуктивті жастағы әйелдер мен жастарды контрацептивтермен қамтамасыз ету;
      2) қауіпсіз аналық мәселелері бойынша әйелдерді оқыту және ақпараттандыру үшін алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында отбасын жоспарлау жөнінде кабинеттер ашу (тексеру, жүктілікке дайындау, контрацепция, босанулар арасында оңтайлы ара қашықтықты таңдау);
      3) халықтың отбасын жоспарлау әдістері мен қызметтеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету;
      4) қыз балалар (қыздар) мен ұл балалар (жасөспірімдер) арасында репродуктивті денсаулықты сақтауды үйрететін семинарлар өткізу;
      5) жүктілікке қарсы болып табылатын аурулар туралы әйелдерді ақпараттандыру және қауіпсіз аналық туралы радиода және теледидардан аудио- және видеороликтерді әзірлеу және прокатқа беру;
      6) отбасын жоспарлау бойынша клиникалық хаттамаларды (стандарттарды) жүйелі қайта қарап шығу;
      7) жасөспірімдермен және жастармен жұмысты халықаралық ұйымдардың техникалық қолдауы.
      Сонымен қатар, 2010 жылдан бастап, тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің тізбесіне қосалқы репродуктивті технологиялар, оның ішінде экстрокорпоралдық ұрықтандыру қызметі енгізілген.
      Бұл құқықтарды іске асыру 2011 – 2013 жылдарға арналған республикалық бюджеттен 216 млрд.теңге бөлінген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының аясында жүзеге асырылады.
      Тегін медициналық көмектің және дәрі-дәрмектердің кепілді көлемінің тізбесі кеңейтіледі. Жатыр мойнының рагын алдын ала анықтауға скринингтер жүргізілетін болады. 2012 жылға жүктілікке абсолютті және салыстырмалы қарсы көрсеткіштерімен фертильді жастағы әйелдерді жалпы сомасы 94 млн.теңге және көп туған әйелдерге жалпы сомасы 24 млн. жуық теңге мөлшерінде жатырішілік контрацепциямен қамтамасыз ету көзделген. 2013 жылы жасөспірім қыздарды жалпы сомасы 105 млн.теңгеге гормондық контрацепциямен қамтамасыз ету жоспарлануда.
      Соңғы жылдары Қазақстанда жүктілікті жасанды үзу деңгейі төмендеді. Дегенмен, жасанды түсік бұрынғыдай, туудың негізгі реттегіштерінің бірі және аналар өлімінің басты себептерінің бірі болып қалуда. 2010 жылы жасанды түсіктердің басым саны 19-34 жас аралығында тіркелген – 79,9%, 15-18 жастағы жасөспірімдерде арасында – 3,3%. Жасөспірім қыздардың босану саны біршама төмендеуде, 2010 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда – 3,4% азайған. Жасөспірім қыздардың босанулары жалпы босанулар санының 1,2% құрайды.
      2009 жылы 1,7 млн. әйелді контрацепциямен, оның ішінде жатырішілік құралдармен – 52%, гормондық – 23%, кедергілі – 20,5%, спермицидтермен – 4,6% контрацепциямен қамтыды. Контрацептивтерді сатып алу жергілікті бюджеттерде қарастырылған.
      Жасөпірімдер мен жастар кешенді медико-психоәлеуметтік, оның ішінде репродуктивті және сексуалды денсаулық сақтау, отбасын жоспарлау бойынша елімізде 17 Жастар денсаулық орталығында қызмет алуға мүмкіндіктері бар. 2020 жылға қарай бұл орталықтар 25% 15-18 және одан жоғары жастағы жастарды өз қызметтерімен қамтитын болады.
      2. Осы баптың 1-тармағының ережесімен қатар, қатысушы мемлекеттер жүктілік, босану және туғаннан кейінгі мерзімде тиісті қызмет көрсетеді, керек болған жағдайда тегін қызмет, сонымен қатар жүкті және емізулі мерзімде керекті тағамдармен қамтамасыз етеді.
      Азаматтардың ана болуды қорғау құқығы: 1) ұрпақты болу жасындағы әйелдерге тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде медициналық тексеріп-қарау, оларды динамикалық байқау және сауықтыру; 2) науқас баланы күтіп-бағу үшін стационарға түскен кезде әйелдердің ұрпақты болу денсаулығына және баланың денсаулығына тікелей әсер ететін негізгі ауруларды медициналық айғақтар бойынша емдеу арқылы қамтамасыз етіледі.
      Қазіргі кезде Қазақстанда қазіргі технологияларды пайдалана отырып, ұрықтың және жаңа туған нәрестелердің туа біткен және тұқым қуалайтын ауруларын диагностикалаудың скринингтік бағдарламаларды жетілдіру шеңберінде халықтың нысаналы топтарын толық қамти отырып, алдын ала анықтауға бағытталған Ұлттық скринингтік бағдарлама енгізілуде.
      Стационарлар деңгейінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған тиімді технологияларды енгізу жөніндегі жұмыс, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдерге арналған «Алаңсыз ана болу» бағдарламасы жалғасуда. Жүктілік басталып, аяқталғанға дейінгі кезеңде есеп жүргізуге мүмкіндік беретін жүкті әйелдердің тізілімі құрылды.
      «Тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметтің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қаулысына сәйкес әйелдерге жүктілік, босану және босанудан кейінгі кезеңдерде медициналық көмек тегін көрсетіледі. Оған қоса, стационарлық көмек түрінде көрсетілетін медициналық тегін көмектің кепілді көлеміне «балаға қарау үшін медициналық ұйымда болуының барлық кезеңіне бір жылға дейін емізулі баласы бар ананы қоса алғанда, дұрыс тамақтану мен қарауды қамтамасыз ету» кіреді. 2005 жылдан бастап барлық жүкті әйелдер анемияны профилактика және емдеу мақсатында темір мен йод дәрісімен тегін қамтылады.
      Жүктілер мен емізу кезеңіндегі әйелдер үшін арнайы тамақтану мәселесі «Қазақ тамақтану академиясы» ЖАҚ-пен бірлесіп қарастырылып жатыр.
      Босанатын әйелдерге көмек көрсететін және балалар медициналық ұйымдарының жаңадан туылғандарға, оның ішінде аз салмақпен туылғандарға реанимациялық көмек көрсету үшін қажет медициналық жабдықтауларға қажеттілік Қазақстан Республикасының балалар және босанатын әйелдерге көмек көрсететін ұйымдарының медициналық бұйымдарын белгілеу және медициналық техникамен жабдықтаудың төменгі нормативтеріне (стандарттарына) сәйкес анықталады.
      Өңірлердің өтініміне сәйкес басымды тәртіппен жүкті, жаңадан босанған, жас босанған әйелдерге, гинекологиялық ауру, сондай-ақ жаңадан туылғандар мен балаларға жедел және шұғыл медициналық көмек  көрсету үшін қазіргі заманғы медициналық жабдықтармен қамтамасыз етіліп жатыр.
      2010 жылы босанатын әйелдерге көмек көрсететін және балалар медициналық ұйымдарын жарақтандыруға 3,1 млрд. теңге бөлінген, бұл 2005 жылмен салыстырғанда 1,2 есе көп.
      Қазақстанда БҰҰ СИДО жөніндегі Комитетінің әйелдер денсаулығын қорғау, олардың медициналық қызметтерге қолжетімділігін кеңейту, оның ішінде отбасын жоспарлау бойынша ұсынымдарын (25 және 26-тармақтар) орындауда нақты іс-шаралар қолданылуда.

      13-бап. Әлеуметтік және экономикалық жәрдемақылар

      Қатысушы мемлекеттер әйелдерге қатысты кемсітуді жойып, әлеуметтік және экономикалық өмірдің басқа салаларында ерлер мен әйелдердің теңдігі негізінде тең құқығын қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қабылдайды, соның ішінде:
      а) отбасылық жәрдемақыға құқығы
      Соңғы жылдардағы экономикалық тұрақтылық пен экономикалық өсудің жоғары қарқыны балалы отбасыларды әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік жүйесін дамытуға мүмкіндік туғызды.
      2006 жылы қабылданған «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бюджет қаражаты есебінен жәрдемақылардың келесі түрлері беріледі:
      30 ең төменгі айлық есептік көрсеткіші мөлшеріндегі (АЕК) бала тууына байланысты төленетін бiржолғы мемлекеттік жәрдемақы. 2011 жылы 1 АЕК 1512 теңгені құрады;
      бала бiр жасқа толық толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты тағайындалатын және төленетiн ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;
      аз қамтылған отбасыларындағы бір балаға 1 АЕК мөлшеріндегі он сегіз жасқа дейiнгі балаларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;
      2010 жылдан бастап:
      төртінші және одан кейінгі балалар туылғанда берілетін жәрдемақының мөлшері – 30 дан 50 айлық есептік көрсеткішке;
      бала күтімі және бір жасқа толуы жөніндегі жәрдемақы:
      бірінші балаға - 5,0-тен 5,5 дейін АЕК;
      екінші балаға - 5,5-тен 6,5 дейін АЕК;
      үшінші балаға – 6,0-ден 7,5 дейін АЕК;
      төртінші және одан кейінгі балаларға – 6,5-тен 8,5 дейін АЕК мөлшеріне дейін көбейтілген.
      2010 жылы мүгедек бала асырап отырған адамдарға бір ең төмен жалақы (2011 жылы - 15999 теңге) мөлшерінде жәрдемақы енгізілді.
      Бұған қоса, төрт және одан да көп кәмелеттік жасқа толмаған балалармен бірге тұратын көп балалы отбасыларға бюджеттік қаражаттан 3,9 АЕК мөлшерінде арнайы мемлекеттік жәрдемақы төленеді, «Алтын алқа», «Күміс алқа» немесе бұрынғы «Батыр-ана» атақтары мен алқаларымен марапатталған, сонымен қатар, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға 6 АЕК мөлшерінде беріледі.
      Бұл ретте 2010 жылы заңнамаға өзгерістер енгізілді, соған сәйкес, «Алтын алқа» алқамен 7 және одан да көп (бұрын 10 және одан да көп) баласы бар аналар, ал «Күміс алқа» алқасымен 6 баласы бар (бұрын 8-9) аналар марапатталатын болды.
      2011 жылы ата-ананың қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырауға алған қамқоршыларға (қорғаншыларға) ай сайын 10 АЕК мөлшерінде төлем төленеді.
      «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аз қамтылған отбасыларға орташа жан басына шаққандағы айырмашылық және бекітілген кедейлік шегіне байланысты атаулы әлеуметтік көмек беріледі. Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың жақсаруымен байланысты мұндай көмекті алатын адамдардың саны азаюда. 2011 жылдың 1 қаңтарында мұндай көмекті 194,5 мың адам алды, бұл 2004 жылмен салыстырғанда 2,5 есе аз.
      Аталған жәрдемақыларды алу құқығы қолданыстағы заңнамалық актілерде жыныстық белгісіне қарай берілмейді, әйелдерге де, ерлерге де, сондай-ақ тұрмыс құрған және тұрмыс құрмаған әйелдерге де бірдей қолданылады.
      b) қарыз, жылжымайтын мүлікке несиелер және басқа да қаржы кредитін алуға құқығы
      Қарыз, жылжымайтын мүлікке несиелер және басқа да қаржы кредитін алуға жыныстық белгісіне қарамастан, Қазақстан Республикасының барлық азаматтары құқылы.
      Банктер құрылысқа (жер учаскесін алуды қоса) және тұрғын үй алуға; оны жөндеуге және жаңартуға; ипотекалық тұрғын үйге қарыз алуға, бастапқы жарна салуға қарыздар ұсынады. Тұрғын үй қарыздары клиенттерге 3-15 жыл арасында тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы келісім бойынша төмен қажетті жинақ сомасын жинақтаған жағдайда ұсынылады.
      с) демалу, спортпен шұғылдану және мәдени өмірдің барлық саласындағы шараларға қатысу құқығы
      «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясат халықтың дұрыс өмір сүру сапасын қамтамасыз етуге, дене шынықтыру және спортты дамытуға бағытталған, барлық азаматтарға дене шынықтырумен және спортпен айналысуға жалпы қолжетімділік және теңдік, еркіндік принциптерінде іске асырылады.
      Қазақстанда қыздар мен әйелдерге спортқа және дене тәрбиесіне қатысуға тыйым салатын нормалар мен ережелер жоқ. Сонымен қатар, әйелдерге спортпен айналысу үшін киетін киімге ешқандай шектеулер жоқ. Әйелдер мен ерлер спорттық жабдықтарға/объектілерге бірдей бара алады.
      Әйелдердің спорттық, ойын-сауық және мәдени іс-шараларға қатысуын шектейтін заңды, әлеуметтік, экономикалық және мәдени тараптардан кедергілер жоқ.

      14-бап. Ауылды жерде тұратын әйелдер

      1. Қатысушы мемлекеттер ауылды жерде тұратын әйелдерге кездесетін ерекше мәселелерге және олардың отбасының экономикалық әл-ауқатын қамтамасыз етуіндегі рөліне, сонымен қатар тауар емес шаруашылық саласындағы қызметіне баса назар аударады және ауыл аймағында тұратын әйелдерге осы Конвенцияның қағидаларын қолдануды қамтамасыз ету үшін барлық тиісті шараларды қолданады.
      2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, ауылдық жерде 7,45 млн. адам немесе жалпы халық санының 45%-ы тұрады. Оның ішінде, 3,74 млн. әйелдер (50%) және 3,71 млн. ерлер (50%).
      2010 жылы ауылдық жердегі жұмыспен қамтылғандар саны 3,9 млн. адамды, оның ішінде әйелдер – 1,8 млн.адам, немесе 47% құрады.
      2010 жылы 2004 – 2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының ауылдық жерлерін дамытудың мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылды. Бағдарламаның жүзеге асырылуы: ауылдың әлеуметтік және инфрақұрылымын дамыту, ауылдық кадрларды орналастыру және нығайтуды модельдеу бойынша іс-шаралар, ауылдықтардың кірістерін жоғарылату жөніндегі іс-шаралар және кедейлікпен күрес сияқты 4 бағыт бойынша жүргізілді.
      Бағдарламаны жүзеге асыруға қаржыландыру көздерінің барлығынан 976 млрд. теңге бөлінді. Оның ішінде 480 млрд. теңге әлеуметтік салаға, 493 млрд. теңге – инженерлік инфрақұрылымды дамытуға жұмсалған.
      Ауылды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру негізінде ауыл халқының табысы 3,5 есеге өскен. Бүгін Қазақстанда халықтың 56 %-ы дамудың жоғары әлеуеті бар ауылдық елді мекендерде тұрады.
      Бүкіләлемдік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілігі халықаралық сарапшыларының бағалауы бойынша «Ауыл шаруашылығы саясатына шығындар» көрсеткіші бойынша Қазақстан өзінің позициясын алдыңғы есептегі 31-тармақпен салыстырғанда жақсартып, 62 орын алды.
      Ауылда тауарлық емес салаларда әйелдер қызметтерінің негізгі бағыты қызмет көрсету саласы болып табылады. Шаштараз және косметологиялық салондар, тігін цехтары, қоғамдық тамақтану орындары (кафе, мейрамханалар, асханалар), сауда және туризм объектілері, медициналық және стоматологиялық кабинеттер, дәріханалар таза «әйелдер» кәсібіне жатады. Онда негізгі персонал және барлық деңгейдегі басшылардың 90 %-н әйелдер құрайды.
      2. Қатысушы мемлекеттер ауыл аймақтарында әйелдерді кемсітуді жойып, ерлер мен әйелдердің тең құқығы негізінде ауыл аймақтарын дамытуға қатысуына және мұндай дамытудан пайда алуы үшін барлық шараларды қолданады, атап айтқанда мұндай әйелдерге мынадай құқықтар қамтамасыз етіледі:
      а) барлық деңгейдегі даму жоспарларын құруға және орындалуына қатысу
      Ауыл әйелдері өз ауылдарын дамыту жоспарларын әзірлеуге және жүзеге асыруға белсене қатысады, олар экономиканың барлық салаларында қызмет етеді. Ауыл аудандарының, қалалардағы, кенттердегі аудандардың, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің арасында 265 әйел, жалпы санының 11 % құрайды.
      Ауылдың тиімді әлеуметтік-экономикалық дамуына қажетті мамандарды даярлау жөнінде шаралар қолданылуда. Үкіметтің 2008 жылғы 28 наурыздағы № 296 қаулысы бойынша ауыл жастарына ауыл шаруашылық, инженерлік және басқа да мамандықтар бойынша барлық деңгейдегі жоғары оқу орындарына түсуге 30% квота белгіленген. Квота бойынша білім алған педагогикалық және медициналық оқу орындарының түлектері дербес түрде ауылды жерге жұмысқа орналасады.
      Халықты жұмыспен қамтудың Жаңа бағдарламасы азаматтар төмен экономикалық әлеуетті елді мекендерден экономикалық өсу орталықтарына ерікті түрде көшуіне көмектесу арқылы еңбек ресурстарының ұтқырлығын жоғарылату шараларын қарастырады.
      Мұндай жағдайда қолдаудың келесідей түрлері ұсынылады:
      көшуді субсидиялау;
      сатып алу құқығымен типтік жалдамалы тұрғын үй беру;
      қайта даярлау курстарын өту және жаңа мекенде жұмысқа тұруға ықпал ету;
      психологиялық бейімделу.
      Қолдауға басым құқыққа ауыл жастары ие.
      b) тиісті медициналық қызмет көрсетуді, соның ішінде ақпарат, кеңес және отбасын жоспарлау мәселесі бойынша қызмет көрсетуді алу мүмкіндігі
      Шалғай жатқан аймақтарда тұратын ауыл халқын медициналық көмекпен қамтамасыз ету шараларының кешені іске асырылуда. Бұл үшін телемедицина кеңінен енгізіліп жатыр, шалғайдағы елді мекендердегі пациенттерге арналған жоғары білікті мамандар қашықтықтан консультациялар өткізеді. 2011 жылдың басында жылына 10 мыңнан аса телемедицианалық консультация өткізуге мүмкіндік беретін 150-ге жуық медициналық орталық қызмет етеді. 2010 жылы ауылдық жерлерде медициналық көмек түрлерін кеңейту мақсатында жаңа әлеуметтік жоба іске қосылды. Қазіргі заманғы медициналық құрал-жабдықтармен жарақталған және дәрігерлер бригадасы бар «Денсаулық» емдеу-диагностикалық поезы бүкіл ел бойынша тұрақты жүріп тұрады. Шалғайдағы ауылдарда ондаған мың адам тексеріс пен емдеуден өтті.
      2011 жылы аудандық және қалалық емханаларға 13 стационарлық және жылжымалы цифрлық кешен, шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын тұрғындар үшін функциялық диагностика (ықшам УЗИ-сканер, ЭКГ, маммограф және басқалар) үшін лабораториялық диагностика кабинетімен, дәріханалық пунктпен және акушер-гинеколог, хирург, офтальмолог, отоларинголог және стоматолог дәрігерлерінің қабылдауына арналған кабинеттермен жабдықталған 50 жылжымалы медициналық кешен алу жоспарлануда. Мамандар құрамы және медициналық жабдықтардың жинағы толық көлемде халықты скринигтік тексеру жүргізуге және тиісінше емдеу белгілеуге мүмкіндік береді.
      2009 жылы Үкімет Денсаулық сақтауды ұйымдастыру жүйесінің жаңа мемлекеттік нормативін бекітті. 2 мыңнан 10 мыңға дейінгі халық саны бар ауыл елді мекендерде дәрігерлік амбулаториялар құрылуда.
      2008 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ауылдық елді мекендердің әлеуметтік сала қызметкерлерін әлеуметтік қорғау және ынталандыру мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Ол ауылға тұруға және жұмыс істеуге келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына кепілдік берілетін әлеуметтік қолдау шараларының пакетін көздейді. Бұл 70 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшеріндегі - 105 мың теңге бірмезгілдік көтерме жәрдемақы, тұрғын үй алу үшін 15 жыл мерзімге жылына 0,01% 630 АЕК мөлшерінде бюджеттік несие ұсыну. Қазіргі кезде 1500 АЕК-ке дейін бюджеттен берілетін несиенің мөлшерін ұлғайту және оның басқа мүлікпен қамтамасыз ету жағдайында тұрғын үй құрылысы үшін бюджеттік несиені пайдалану құқығын заңнамалық бекіту жөнінде мәселелер талқылануда.
      Қолдаудың аталған шараларын ұсыну «Дипломмен ауылға» қоғамдық жобасының аясында жүзеге асырылуда, жобаны іске асырудың басында ауылдық жерге әлеуметтік саланың 12,7 мың маманы келді, оның 78%-ын әйелдер құрайды.
      Бұған қоса, мемлекеттік ұйымдарда қызмет ететін мамандарға қалалық жағдайда жұмыс істейтін мамандармен салыстырғанда кемінде 25% еңбекақы мен тарифтік ставка бекітілген. Жергілікті өкілді органдардың (мәслихаттардың) шешімі бойынша, бюджеттік қаражаттан жанармай алуға әлеуметтік көмек ұсынылады.
      Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, шалғай және жету қиын елді мекендерде тұратын азаматтарға медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін 16 тікұшақ техникасын сатып алу, сонымен қатар, медициналық-құтқару қызметін жабдықтау жоспарланып отыр.
      Осылайша, Қазақстанда ауылда әйелдерге медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру бойынша шаралар қолданылуда (БҰҰ СИДО жөніндегі комитеттің ұсынымдары (25 және 26-тармақтар).
      с) Әлеуметтік сақтандыру бағдарламаларының игіліктерін тікелей қолдану
      Қазақстанда қолданыстағы әлеуметтік сақтандырудың барлық бағдарламалары ауыл халқына, оның ішінде әйелдерге де қатысты қолданылады (11-баптың «е» тармағын қараңыз)
      d) формальды және формальды емес білімнің барлық дайындық түрлерін алу, соның ішінде функциональды сауаттылық, сонымен қатар қауымдық қызмет көрсетудің, ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша кеңес беру қызметінің, әсіресе олардың техникалық деңгейін көтеру үшін, қызметін қолдану
      Қазақстанда «АӨК субъектілерін ақысыз негізде ақпараттық қамту» бюджеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда. Соңғы 2 жылда 30 мыңға жуық қызмет көрсететін ауылдық ақпараттық-консультациялық орталықтар жұмыс істейді. Консультацияға жүгінгендердің 13 %-ы әйелдер. Қызметтер жынысына қарамастан, АӨК субъектілеріне бірдей жағдайда көрсетіледі.
      Ай сайын «Фермер анықтамалығы» ақпараттық бюллетень шығарылып отырады. Онда АӨК субъектілерін мемлекеттік қолдау мәселелері, оның ішінде субсидиялар, дотациялар және жеңілдікті несиелер, соған қоса республикалық және жергілікті бюджет қаражатының арқасында арзандатылған тауарлық-материалдық құндылықтар, АӨК салаларының жағдайы мен оның алдағы дамуының перспективалық бағыттары, ауыл шаруашылық өнімдерінің бағалары, азық-түлік өнімдері, мал, азық және ЖЖМ, тағы басқа мәселелер айтылады. Анықтамалық республиканың барлық аумағына таратылады, 45 мың АӨК субъектілеріне ай сайын жеткізіледі.
      2010 жылы белгіленген критерийлерге сай АӨК-тің 5 мың субъектілерімен «Арнайы қызмет көрсету» қызмет ету келісімдеріне қол қойылды.
      е) жұмысқа жалдану немесе тәуелсіз жұмыс қызметі арқылы экономикалық мүмкіндіктерге тең мүмкіндікті қамтамасыз үшін кооперативтер мен өз-өзіне көмектесетін топтар құру
      Азаматтардың кооперативі және (немесе) заңды тұлғалар ауылдарда «Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы» заңға сәйкес құрылады. Селолық тұтыну кооперативі қызметіне кіруге және қатысуға, сонымен қоса оның басшысы болуға лайық мүлік (пай) жарнасын енгізуге қабілетті кез келген азамат, оның ішінде кез келген ауыл әйелі құқылы.
      Ауыл шаруашылық санағы мәліметтері бойынша (2010 жыл) елімізде 194 мың шаруалық (фермерлік) қожалықтар мен 2,2 млн халық, соның ішінде 1,4 млн. ауылдық мекендерде қожалықтар жұмыс істейді. Олар өсімдік өсірумен, мал өсірумен, бау-бақшамен айналысады.
      Қожалықтар мал өсірудің 90% және өсімдік өсірудің 60% өнімдерін өндіре отырып, еліміздегі азық-түлік ахуалына едәуір ықпал етуде. Жеке отбасылық секторда 95% сүт, картоп, көкөніс, 45% жұмыртқа өндіріледі. Бұл сектор тек өзін ғана емес, еліміздің барлық халқын асырап отыр.
      2011 жылғы 31 наурызда Үкімет «Жұмыспен қамту – 2020» жаңа бағдарламасын қабылдады.
      Бағдарлама бағыттарының бірі микрокредит алу есебінен жеке ісін ұйымдастыру арқылы кәсіпкерлікті ынталандыру болып табылады.
      Микрокредит беруде микрокредиттік ұйымдармен қатар, бағдарламаға әлеуеттік қатысушылары құратын кредиттік серіктестіктер де қатысатын болады.
      Осылайша, қатысушының өз бетінше жеке ісін ашумен қатар, бизнес жобасын қаржыландыру көлемін арттыру үшін басқа қатысушылармен кредиттік серіктестік құруға да мүмкіндігі бар.
      f) ұжымдық қызметтің барлық түрлеріне қатысуға
      Қазақстанда ауыл әйелдері ұжымдық қызметтің барлық түрлеріне қатысуға құқықтары мен мүмкіндіктері бар. Олар нан-тоқаш өнімдерін пісіретін, жеміс-көкөніс және ет консервілерін өндіретін цехтарда; киім жөндеу және тігу шеберханаларда жұмыс істейді, ұлттық киімдер мен ұлттық бұйымдарды кестелеу, мамық орамал тоқумен, кілем тоқумен, ұлттық ыдыс-аяқ, зергерлік бұйымдар жасау сияқты түрлі көркемдік кәсіптердің түрлерімен айналысады.
      Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес, Жер учаскесiн шаруа немесе фермер қожалығын жүргiзу үшiн алуға басым құқықты жеке еңбегiмен қатысу негiзiнде шаруашылық жүргiзетiн, арнаулы ауыл шаруашылығы бiлiмi мен бiлiктiлiгi бар, ауыл шаруашылығында iс жүзiндегi жұмыс тәжiрибесi бар және осы ауданда, қалада, ауылда (селода), кентте тұратын азаматтар пайдаланады (101-бап, 1-тармақ).
      Заңнама шаруа (фермерлік) қожалығының үш түрін көрсетеді: а) ортақ мүлікке негізделген отбасылық кәсіпкерлік түрінде жүзеге асырылатын кәсіпкерлік қызмет; б) жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыруға негізделген және в) қарапайым серіктестік негізінде ұйымдастырылған.
      Қазіргі кезде әйелдер шаруалық, фермерлік қожалықтарды, өндіруші кәсіпорындарды басқарады. Тұтастай алғанда әйелдер ауыл шаруашылық құрылымдардың 24 мыңнан артығында басшылық қызмет атқарады, бұл жалпы санының 20 %-ы.
      g) ауыл шаруашылық несиелері мен қарыздарын алу, өтем жүйелеріне, тиісті технологиялар мен жер және аграрлық реформаларда және де жерлерге қайта көшіру жоспарларында тең мәртебе алу мүмкіндігі
      Ауылдық тұтыну кооперативтерін несиелендіру жөніндегі бағдарламалар және ауыл шаруашылық бизнесін дамыту «Аграрлық кредиттік корпорациясы» АҚ арқылы жүзеге асады. Ауылдық кредиттік серіктестіктер екінші дәрежелі банктерге қарағанда жеңіл жағдайларда 7 жасқа дейін 9% көп емес пайыздық ставкада өзінің қатысушыларына кредит береді. Ауылда ауыл шаруашылық емес бизнесті дамытуға кредит береді (туризмді, қонақ үй бизнесін, жол сервисін және басқа да түрлерін ұйымдастыру) екінші дәрежелі банктерден төмен жылына 10%-дан аспайтын ынталандыру ставкасы бойынша жүзеге асырылады.
      2010 жылы «КазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының еншілес компаниялары арқылы жалпы сомасы 98,5 млрд.теңгеге 6,3 мыңға жуық ауыл шаруашылық құрылымдарды несиелендірілді, оның ішінде 2 мың шаруашылықты (32%) әйелдер басқарады.
      Шағын бизнесті дамытудың, ауыл халқының кедейлік деңгейін қысқартудың негізгі құралдарының бірі шағын кредит беру болып табылады. «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ бірыңғай пайыздармен (9,5%) шағын кредиттер (бұрын 400 мыңға дейін, 2011 жылдан бастап - 1 млн.теңгеге дейін) береді. Көптеген ауыл тұрғындары үшін олар бастапқы капиталды құруда және жеке ісін ұйымдастыруда бастапқы кезең болып табылады.
      Қордың қатысуымен құрылған барлық филиалдар мен шағын кредит беру ұйымдар арқылы 2005 – 2010 жылдары ауыл халқына жалпы сомасы 16,2 млрд.теңге болатын 71 мың шағын кредит берді, оның ішінде әйелдерге жалпы соманың үштен бірін құрайтын жалпы сомасы 5 млрд. болатын 24 мыңға жуық кредит берілді. 51 шағын кредит беру ұйымдардың 16 немесе әрбір үшіншісін әйелдер басқарады.
      2005 жылдан бастап кәсіпкерліктің негізіне және шағын кредитті тиімді пайдалануға 99 мың ауыл адамдары оқытылды, оның ішінде 28 мыңы әйелдер (28%). Бұл мәселеге тұрақты түрде мониторинг жасалады.
      Президенттің ет-мал шаруашылығын дамытуда қойған тапсырмасын ескере отырып, 2011 жылдан бастап жас төл етін ұдайы өндіру мақсатында ірі қараның аналық мал басы мен бұқаларды иемдену мақсатындағы АӨК субъектілерін кредиттейтін «Сыбаға» бағдарламасын жүзеге асыру басталды, оған республикалық бюджеттен 2011 жылға жеті жыл мерзімге жылына 6 %-дық 1,5 млрд теңге қаражат бөлінеді.
      2011 жылдан бастап 5 жылға дейінгі 3 млн теңгеге дейінгі сомадағы шағын кредиттер 2020 жылға дейінгі жаңа Халықты жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша берілетін болады. Бұл мақсатта жергілікті атқарушы органдарға 5 жылға нөлдік пайыздық сыйақымен бюджеттік кредит берілетін болады.
      Ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеумен айналысатын кәсіпорындардың дамуына мемлекеттік қолдау көрсету мақсатында «Ауыл шаруашылығын қолдауға кредиттері бойынша сыйақы ставкасын өтеу» бюджеттік бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр.
      Қаражаттандыру импорттың жоғары үлесі мен өңдеудің төменгі үлесі қамтылған ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу мен азық-түлік өнімдерін өндірудегі басым ішкі салалар арқасында жүзеге асып жатыр. Бұл ет өңдеу, тері мен жүн, сүт, жеміс-жидектер, көкөніс, дәнді дақылдар, шитті мақта, балық, май өнімдерін, нан, нан-тоқаш және макарон өнімдері, құс еті мен жұмыртқалар, ақ қант, кондитер өнімдері, жеміс-көкөніс консервілері мен бала тамағы, қоспа жем сияқты ішкі салалар.
      Бұл бағдарламаларды іске асыруда ерлер де, әйелдер де тең жағдайда ат салысуда.
      Бұдан басқа, Қазақстанда 2009 – 2015 жылдарға арналған әйелдер кәсіпкерлігін шағын кредиттелеудің арнаулы Бағдарлама іске асып жатыр. 2011 жылдың 1 қаңтарына сәйкес, серіктес банктермен ортақ сомасы 1,4 млрд теңгеден астамға жобалар қаржыландырылған болатын, кредиттің орта сомасы 3,8 млн. теңгені құрады. 2011 – 2012 жылдарда бағдарламаны қорландыру көлемі жыл сайын 2,2 млрд. теңгені құрайтын болады.
      h) тиісті тұрмыс жағдайларын, әсіресе үй жағдайлары, санитарлық қызметтерді, электр және су жабдықтарын, сонымен қатар көлікті және байланыс құралдарын қолдану
      Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамыту мақсатында 2004 – 2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым объектілері материалдық-техникалық базасының жақсарғаны байқалады.
      Ауыл тұрғындары сапалы ауыз суға қол жеткізген орталықтандырылған сумен қамтамасыз еткен елді мекендердің үлесі 29 %-дан 71 %-ға дейін артты. Сырттан әкелетін суды пайдаланатын ауыл тұрғындарының үлесі 4,5-ға азайып, 68 мың адамды құрады (елдегі барлық ауыл тұрғындарының 1 %-ы).
      «Ақ бұлақ» 2020 жылға дейінгі жаңа бағдарлама әзірленді. Бұл бағдарлама алдыңғысынан ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін кешенді түрде шешумен ерекшеленеді. 2010 жылы «Сумен қамтамасыз ету және кәріз» құрылыс нормалары мен ережелеріне (ҚНЕ) тұрғын үй аумағына дейін су тартатын желілерді жеткізу бөлігіне өзгеріс енгізілген және осылайша, ауылдағы өмір жағдайын, әсіресе әйелдер үшін жақсартатын су бөлетін колонкасын орналастыру жөніндегі норма алып тасталынды.
      Жол картасы аясында 2009 – 2010 жылдары инженерлік желілер және құрылыстардың 565-ы жөнделіп, 161 ауылдық елді мекенде салынды. 1 мыңнан астам су жабдықтарына жөндеу және реконструкция жүргізілді, су бұру желілері 320 км, жылу желілері 79 км, электрмен жабдықтау желілері 371 км, газбен жабдықтау желілері 550 км. Оған қоса, 92 ауылдық елді мекендерді көріктендіру бойынша 106 жоба іске асырылды.
      Орталықтандырылған электр жабдықтарына қосылмаған ауылдардың саны 225-тен 95 бірлікке дейін қысқартылды. Ауыл халқы электр энергиясын жеңілдік тариф бойынша пайдаланады. Ауыл халқының жанармайға деген қажеттілігі толық көлемде нормативтерге сәйкес қамтамасыз етіледі. Газбен қамтамасыз етілген ауылдардың саны ұлғаюда.
      Қазіргі кезде 2011 – 2020 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғыртудың салалық бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бағдарламаның негізгі міндеттері жылу, электр, газбен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту, энергияны және ресурсты үнемдеу технологияларын енгізу; ақылы негізде коммуналдық сектор кәсіпорындарын бюджеттік қаржыландыру механизмдерін енгізу болып табылады. Жүйелі ыңғайларды қолдану нәтижесінде 2020 жылға қарай апаттық инженерлік желілер мен құрылыстарды жөндеу мен реконструкциялауды толығымен бітіру көзделіп отыр.
      2004 – 2008 жылдар аралығында 850 білім объектісі салынып, реконструкцияланған және 3745-і күрделі жөнделген, тиісінше денсаулық сақтау объектілерінен – 362 және 2974, мәдениет, туризм және спорт объектілерінен – 362 және 994 жергілікті маңызды жолдардан – 1053 км және 1661 км. Әлеуметтік саланың ауылдық мекемелерінде республикалық және жергілікті бюджеттен ауыл халқына сапалы қызмет көрсете алатын жаңа қазіргі заманғы жабдықтар алынып, орнатылған.
      2013 жылдың аяғына дейін ауылдық елді мекендердің барлығын интернет желісіне қол жеткізетін болады.

      15-бап. Заң алдындағы теңдік және азаматтық құқық

      1. Қатысушы мемлекеттер заң алдында әйелдердің ерлермен теңдігін мойындайды.
      Алдыңғы есепте көрсетілгендей, Қазақстан Республикасы Конституциясының 14-бабына сәйкес «1. Барлық адам заң мен сот алдында тең».
      Қолданыстағы барлық заңнама (ҚылмыстықҚылмыстық іс-жүргізуАзаматтықӘкімшілік кодекстер және басқа да нормативтік құқықтық актілер) аталған конституциялық норманы іске асыруға бағытталған.
      2. Қатысушы мемлекеттер әйелдер мен ерлерге бірдей азаматтық құқық қабілетін және оны орындауға бірдей мүмкіндік береді. Әсіресе олар келісім шарттарын жасағанда және мүлікті меңгергенде тең құқықты, сонымен қатар оларды сотта және трибуналда талқылау кезеңдерінде соттың бірдей көңіл бөлуін қамтамасыз етеді.
      Ерлер мен әйелдер басқару және мүлікке ие болу құқығы бойынша құқықтар мен міндеттердің бірдей көлеміне ие. Жыныстық белгісіне қарай ешқандай шектеулер жоқ. «1. Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады». «3. Соттың шешімінсіз ешкімді де өз мүлкінен айыруға болмайды». «4. Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар» (Конституция, 26-бап).
      Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 9-бабында құқықты қорғаудың азаматтық-құқықтық тәсілдері қарастырылған, кодексте жынысына қарай шектеулер жоқ, олар соттық практикада да жоқ.
      Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 14-бабының 2-бөлігіне сәйкес Қылмыс жасаған адамдар шығу тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, сенiмiне, қоғамдық бiрлестiктерге қатыстылығына, тұрғылықты жерiне немесе өзге де кез келген мән-жайларға қарамастан заң алдында бiрдей. Әйелдер ерлер тәрізді бірдей ұқсас жағдайлардағы шығындар үшін үкім мен өтемақы алады.
      Қылмыстық кодекстің 53-72-баптарына сәйкес, кәмелет жасқа толмағандардың және жүкті әйелдердің қылмыс жасауы қылмыстық жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін жағдайларға жатады. Сотталған жүктi әйелдердiң жазаны өтеуiн сот бiр жылға дейiн кейiнге қалдыруы мүмкiн. Жас балалары бар сотталған әйелдердiң жазасын орындауды сот бала 14 жасқа толғанға дейiн кейiнге қалдыруы мүмкiн. Жеке адамға қарсы ауыр немесе аса ауыр қылмысы үшiн 5 жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталған жүктi әйелдердiң және жас балалары бар әйелдердiң жазаны өтеуi кейiнге қалдырылмайды.
      Сот тәжірибесі көрсетіп отырғандай, әйелдер өздерінің құқықтарын біледі және оларды пайдаланады.
      2009 жылы тегін адвокаттың заңдық көмегіне құқық алуға адамдар шеңберін анықтайтын «Білікті заңдық көмекпен қамтамасыз ету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Оларға алимент алу, зейнетақы және жәрдемақылар белгілеу, оңалту, босқын немесе оралман мәртебесін алу мәселелері бойынша қаралған азаматтар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандар жатқызылады. Қажет болған жағдайларда адвокаттар бюджеттік қаражат есебінен көрсетілген адамдарға құқықтық сипаттағы жазбаша құжаттар дайындайды. Көрсетілген құқықтар ерлерге, әйелдерге, барлық азаматтарға ұсынылған.
      Қылмыстық-атқарушылық кодекс сотталғандарға адвокаттың және басқа да тұлғалардың көмегін алуға құқығы барларға заңдық көмек алуға кепілдік береді.
      Түзеу мекемелерінің заңгер консультанттары бас бостандығынан айырылған орындардағы адамдарға құқық түсіндірушілік сипатта дәрістер, семинарлар, тренингтер, диспуттар және консультациялар түрінде іс-шаралар өткізеді. Әділет, адвокатура органдарымен, нотариустық конторалармен тығыз өзара іс-қимыл ұйымдастырылған.
      2010 жылы 26 мыңға жуық тергелген-тұтқындалған және сотталғандармен, оның ішінде 1,6 мыңнан астам әйелдермен құқық түсіндірушілік шаралар жүргізілді. Сандағы үлкен айырмашылықтар тұтқындалған және сотталған әйелдер санының аздығымен түсіндіріледі.
      «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялары мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес (1-бап), әркiмге мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, лауазымды және өзге де адамдардың Республиканың Конституциясында және заңдарында көзделген құқықтарға, бостандықтар мен заңды мүдделерге нұқсан келтiретiн немесе оларды шектейтiн кез келген заңсыз шешiмдерi мен iс-қимылдарынан сот арқылы қорғалуға кепiлдiк берiледi.
      Қазақстандық заңнама азаматтардың жынысы бойынша заңдық мүдделер мен құқықтарының шектелуіне жол бермейді, себебі ерлер мен әйелдердің теңдік принципі оның негізін салушы принцип болып табылады.
      3. Қатысушы мемлекеттер құқықтық салдарынан әйелдердің құқықтық мүмкіндігіне шек қоятын барлық келісім шарттар және кез келген түрдегі барлық жеке құжаттарды жарамсыз деп саналатынымен келіседі.
      Әйелдер құқықтық қорғау, атқарушылық қабілеттілік мәселелерінде ерлермен бірдей жағдайда. Бұған Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабында кепілдік беріледі. Әркімнің құқық субъектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға хақылы.
      Бұл конституциялық ереже еліміздің заңдарында орын тапқан.
      Қазақстан Республикасының Азаматтық іс-жүргізу кодексінің 48-бабына сәйкес, өз мүдделерін немесе талап қойылған мүдделерді көздеп талап қоюшы азаматтар мен заңды тұлғалар талап қоюшылар болып табылады. Заң талап қоюшыларға сотқа жүгінуге жынысына байланысты шектеулер жоқ, әйелдердің ерлер бірдей құқықтары бар.
      Осы кодекс, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс-жүргізу кодексі және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі процеске қатысушылардың құқықтық мәртебесін реттеуші нормаларды ескереді. Қандай да бір жынысқа байланысты көрсеткіштердің ауыртпалығына әсер ететін ережелер ескерілмеген. Қолданыстағы іс жүргізу заңнамасында, «Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында үшінші жақтың мүдделерінің өкілдігі болуға әйелдерге қандай да бір шектеулер қойылмаған.
      2006 жылы қабылданған «Алқабилер туралы» заңда алқабиге кандидаттардың тiзiміне азаматтарды енгiзуге шығу тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге мән-жайлар бойынша қандай да бiр шек қоюға жол берiлмейдi (10-бап, 2-тармақ). Алқабилердің қатысуымен қылмыстық істерді қарастырудың нәтижелері бойынша үкімдерді талдау әйелдердің ерлермен бірге талқылауға қатысатынын көрсетеді.
      4. Қатысушы мемлекеттер тұлғалардың тұрғылықты орнын және мекен-жайын ауыстыруға және еркін таңдауға қатысты заңнамаларда ерлер мен әйелдерге тең құқық береді.
      «1. Қазақстан Республикасы аумағында заңды түрде жүрген әрбір адам, заңда көрсетілгеннен басқа реттерде, оның аумағында еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты мекенді өз қалауынша таңдап алуға құқығы бар» және
      «2. Әркімнің Республикадан тыс жерлерге кетуіне құқығы бар. Республика азаматтарының Республикаға кедергісіз қайтып оралуына құқығы бар» (Конституцияның 21-бабы).

      16-бап. Некедегі теңдік және отбасылық құқық

      1. Қатысушы мемлекеттер әйелдерге қарсы кемсітуді, некелесу және отбасылық қатынастар туралы мәселерді жоюды қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қабылдайды, соның ішінде ерлер мен әйелдердің тең құқығы негізінде қамтамасыз етеді:
      а) некеге тұруға тең құқылығы
      Бұрынғы баяндамаларда атап өтілгендей, «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес неке қию үшін ерлер мен әйелдердің өзара ерікті келісімі және неке жасына жетуі қажет.
      Неке (ерлі-зайыптылық) жасы ерлер үшін де, әйелдер үшін де бірдей – 18 жас. Дәлелді себептер болған жағдайда азаматтық хал актілерін жазу органдары екі жылдан артық емес мерзімге төмендете алады. Барлық жағдайда неке жасын төмендетуге некелесетін адамдардың келісімен ғана рұқсат етіледі. Неке жасына толмаған адамдар арасындағы некеге ата-аналарының не болмаса қамқоршыларының келісімен ғана рұқсат етіледі (10-бап).
      Қазіргі таңда Қазақстанда әйелдердің некеге тұру орташа жасы 24 жас, ерлердікі – 27 жас.
      Осылайша, Қазақстанда заңнамалық деңгейде және практикада БҰҰ СИДО жөніндегі комитетінің ерлер мен әйелдердің некеге тұруының бірдей жасы туралы ұсынымдары (29 және 30 тармақтар) орындалуда.
      Қазақстанда полигамияға тыйым салынған. «Біреуі болса да басқа тіркелген некеде тұрғандардың арасында некеде тұруға жол берілмейді» (11-бап).
      b) жарын еркін таңдауға және некеге өзінің еркін және толық келісімімен тұруға тең құқықтары
      «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес неке - ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одақ (1-бап).
      Мемлекеттік органдар үшін азаматтармен қарым-қатынас кезінде (салық салу, кедендік ресімдеу, әлеуметтік кепілдіктер) мемлекеттік органдарда қиылған неке ғана мойындалады. Сонымен қатар, Заң діни және дәстүрлі неке қиюға тыйым салмайды. Бұл Қазақстанда 140-тан астам ұлттардың және 4 мыңдай діни бірлестіктер мен топтардың тұратынымен байланысты.
      Заңнамада әмеңгерлік (левриат) үшін жауапкершілік қарастырылмаған. Алайда, ол үшін жауапкершілік Қазақстан  Республикасының Қылмыстық Кодексінің басқа да баптарымен жіктелуі мүмкін (107-бап. Азаптау, 112-бап. Қорқыту, 120-бап. Зорлау, 121-бап. Нәпсiқұмарлық сипаттағы күш қолдану iс-әрекеттерi, 123-бап. Жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектiң жыныстық қатынас жасауына, әйел мен әйелдiң жыныстық қатынас жасауына немесе нәпсiқұмарлық сипаттағы өзге де iс-әрекеттерге мәжбүр ету, 125-бап. Адамды ұрлау, 126-бап. Бас бостандығынан заңсыз айыру, 130-бап. Қорлау т.с.с).
      Қылмыстық кодекс некеге тұруға немесе некелік бірге тұруды жалғастыруға мәжбүрлеуді, әйелдің некеге өз қалауымен тұруына кедергі жасауды қылмыстық жазаланатын іс-әрекеттер ретінде қарастырмайды.
      с) неке кезеңінде және оны бұзу кезінде бірдей құқықтар мен міндеттер
      Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері азаматтық хал актілерін жазу органдарында некеге тұру мемлекеттік тіркелген күннен бастап туындайды («Неке және отбасы туралы» заң, 28-бап).
      Ерлі-зайыптылар тең құқықтарды пайдаланады және тең міндеттер атқарады. Ерлі-зайыптылардың әрқайсысы қызмет, кәсіп түрін, тұрғылықты жерді таңдауда ерікті. Ана, әке болу, балаларды тәрбиелеу, оларға білім беру мәселелері мен отбасы өмірінің басқа да мәселелерін ерлі-зайыптылар бірлесіп шешеді. Ерлі-зайыптылар отбасындағы өз қатынастарын өзара сыйластық және өзара көмек негізінде құруға, отбасының игілігі мен нығаюына жәрдемдесуге, өз балаларының денсаулығына, өсіп-жетілуіне және олардың әл-ауқаты жағдайына қамқорлық жасауға міндетті (29-бап).
      Қазіргі таңда Парламентте «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің жобасы қаралуда. Оған әйелдер мен балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға қатысты жаңа ережелер енгізілген. Мысалға, діни нормалармен қиылған некенің мемлекеттік азаматтық хал актілерін жазу органдарында тіркелген некеге теңестірілмейтіні және тиісті құқықтық салдары болмайтыны туралы.
      Ерлі-зайыптылар арасындағы неке әділет органдарында өзара келісуі жағдайында және кәмелетке толмаған балалары жоқ кезде бұзылуы мүмкін. Материалдық дау, сондай-ақ 18 жасқа толмаған ортақ балалары бар болған кезде неке сотта бұзылады. Ерлі-зайыптылардың біреуінің өтініші бойынша егер ерлі-зайыптылардың екіншісін сот хабар-ошарсыз кеткен деп таныса; сот әрекетке қабілетсіз деп таныса; қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталса неке бұзылуы мүмкін (16-бап).
      d) балаларға қатысты мәселелерде отбасылық жағдайларға байланыссыз ерлер мен әйелдердің ата-ана ретінде тең құқықтары мен міндеттері; барлық жағдайда да балалардың мүддесі жоғары тұрады
      «Неке және отбасы туралы» Заңның 10-тарауына сәйкес ата-аналардың өз балаларына қатысты құқықтары тең және міндеттері (ата-ана құқықтары) тең болады. Бала тәрбиелеуші ата-аналар өздерінің қабілеттері мен қаржылық мүмкіндіктерінің шегінде, оның дене, психикалық, адамгершілік және рухани жағынан дамуына қажетті өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін негізгі жауапкершілікте болады (62-бап, 2-тармақ).
      Балалардың тәрбиесі мен білім алуына қатысты барлық мәселелерді балалардың мүдделерін негізге алып және балалардың пікірін ескере отырып, өзара келісімі бойынша ата-аналар шешеді. Ата-аналардың арасында келіспеушілік болған жағдайда олар (олардың біреуі) бұл келіспеушіліктерді шешу үшін қорғаншы және қамқоршы органға немесе сотқа жүгінуге құқылы (62-бап, 4-тармақ).
      Осы Заңның 124-бабына сәйкес Ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын асырап-бағуға міндетті. Егер ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын асырап-бағуына алмаса, кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға арналған қаражат (алимент) ата-аналардан сот тәртібімен өндіріп алынады.
      Сонымен бірге, бұрынғы баяндамада атап өтілгендей, «Неке және отбасы туралы» Заңы ерлі-зайыптылардың және бұрынғы ерлі-зайыптылардың алиметтік міндеттемелерін, оның ішінде алимент төлеуге қажетті қаражаты бар жұбайдан жүкті кезінде және ортақ баласы туған күннен бастап үш жыл бойы әйелінің немесе бұрынғы жұбайының (неке бұзылғаннан кейін), ортақ мүгедек баланы бағып отырған мұқтаж жұбайының алимент төлеуді сот тәртібімен талап етуге құқығы бар (133-бап).
      Ата-аналар өз балаларының заңды өкілдері болып табылады және олардың құқықтары мен мүдделерін кез келген жеке және заңды тұлғамен қарым-қатынастарында, соның ішінде соттарда арнайы уәкілетсіз қорғайды.
      е) балалардың саны және олардың туылуы арасындағы аралықты еркін және жауапты түрде шешуге тең құқығы және оларға бұл құқықты орындауға мүмкіндік беретін ақпараттарға, білімге және әдістерге мүмкіндігінің болуы
      «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес әйелдер мен ерлер ұрпақты болуды еркін таңдауға құқылы. Кодекс әйелдердің ұрпақты болу құқығын қорғайды. Ана болу мен жүктілікті жасанды тоқтату туралы мәселені шешу құқығы әйелдің өзіне беріледі (96-бап).
      f) балаларға қамқоршы, тәрбиеші, сенім беруші және асырап алушы болу немесе олар ұлттық заңнамаларда қарастырылған ұқсас қызметтерді жүзеге асырғандағы тең құқықтары мен міндеттері, барлық жағдайда балалардың мүдделері басым болады
      «Неке және отбасы туралы» Заңының 65-бабына сәйкес ата-аналары бөлек тұрып жатқан жағдайда балалардың тұратын жері ата-аналарының келісімімен белгіленеді. Егер ата-аналар келісімге келе алмаса, ата-аналардың (олардың біреуінің) талап етуі бойынша дауды қорғаншы және қамқоршы органның қатысуымен сот шешеді.
      Күйеуінің өлімі балалардың анасының ата-аналық құқығын шектемейді. Әйелдің балаларына қамқоршы болу құқығы неке тұрғанда да, оны бұзғанда да жоғалмайды. Қамқоршы, қорғаншы болу және бала асырап алу мәселелерінде әйелдер ерлермен тең құқыққа ие.
      Некені сот тәртібімен бұзу кезінде ерлі-зайыптылар соттың қарауына кәмелетке толмаған балалары кіммен тұратыны туралы, балаларды және (немесе) еңбекке жарамсыз мұқтаж жұбайын асырауға қаражат төлеу тәртібі туралы, осы қаражаттың мөлшері туралы не болмаса ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу туралы келісімді ұсына алады. Келісім жоқ болған жағдайда, сондай-ақ бұл келісім балалардың немесе ерлі-зайыптылардың бірінің мүддесін бұзатыны анықталған жағдайда барлық мәселелер сотпен шешіледі.
      Әйелдің тұрмыста болуы қолданыстағы заңнама бойынша оның ата-аналық құқығына ықпал етпейді.
      Жалғыз басты ата-аналардың басқа ата-ана тарапының балаларын қолдау құқығы практикада айтарлықтай тиімді пайдаланылады.
      Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 140-бабына сәйкес алимент өндіру туралы істерді соттар әдетте сот бұйрығын шығару (оңайлатылған) іс өндірісінде қарайды. Даулы мәселелер туындаған жағдайда олар арыз өндірісі бойынша шешіледі.

     2004 – 2010 жылдардағы алименттер өндіру туралы істер саны


2004

2005

2006

2007

2008

2009

2010

Жалпы қаралғаны

28001

28336

29879

27096

31292

35765

37123

соның ішінде
сот бұйрығы шығарылғаны

22114

21831

23145

20707

23900

27357

28377

       Іс тәжірибесі көрсеткендей, талаптардың негізгі бөлігін әйелдер балаларының әкелеріне қояды, өйткені некені бұзу кезінде жас балалар анасымен қалады.
      Сотқа кәмелетке толмаған балаларға олардың ата-аналарынан (олардың біреуінен) алимент өндіру туралы талап қою құқығы қамқоршылық пен қорғаншылық органдарына да берілген. Кәмелетке толмаған балалардың мүддесіне дәл осындай іс жүргізу құқығына прокурор да ие.
      Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға алимент өндіріп алынады және балалардың қорғаншысына (қамқоршысына) немесе олардың патронат тәрбиешісіне төленеді («Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 128-бап).
      Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және тәрбиелеу, емдеу мекемелері мен өзге де мекемелердегі балаларға ата-аналарынан өндіріп алынатын алимент сол мекемелердің шотына аударылады, онда әр балаға бөлек есептеледі. Аталған мекемелер бұл соманы банкілерге салуға құқылы. Келіп түскен алимент сомасының айналысынан түскен кірістің елу проценті аталған мекемелердегі балаларды асырап-бағуға пайдаланылады. Бала мұндай мекемеден кеткен кезде оған төленген алимент сомасы және оның айналасынан түскен кірістің елу проценті уәкілетті банкте баланың атына ашылған шотқа аударылады («Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 128-бап).
      Сонымен қатар, заңда белгіленген жағдайларда ата-аналардың әрқайсысын сот кәмелетке толмаған балаларының немесе кәмелетке толған еңбекке жарамсыз, көмекке мұқтаж балаларының ауыр науқасына, жарымжан болып қалуына, оларға бөтен адамның күтім жасауы қажеттігіне және т.б. жағдайларға орай туындайтын қосымша қаражат төлеуге тартуы мүмкін. Сот ата-аналарды іс жүзінде жұмсалған қосымша шығындарды және балаларды асырау үшін болашақта төленуге тиіс шығындарды өтеуге қатысуға міндеттеуге құқылы.
      Ата-аналар сондай-ақ өздерінің кәмелетке толған еңбекке жарамсыз, көмекке мұқтаж балаларын асырап-бағуға міндетті («Неке және отбасы туралы» заң, 124-бап).
      g) әйелі мен күйеуінің бірдей жеке құқығы, сонымен қатар тегін, мамандығы мен кәсібін таңдау құқығы
      «Неке және отбасы туралы» Заңның 30-бабына сәйкес некеге тұру кезінде ерлі-зайыптылар өз тілектері бойынша ортақ тек ретінде өздерінің біреуінің тегін таңдап алады не ерлі-зайыптылардың әрқайсысы өзінің некеге тұрғанға дейінгі тегін сақтап қалады, не өз тегіне екінші жұбайдың тегін қосады. Егер ерлі-зайыптылардың біреуінің некеге тұрғанға дейінгі тегі қосарлас болса, тектерді қосуға жол берілмейді.
      Ерлі-зайыптылардың біреуінің тегін өзгертуі екінші жұбайдың тегін өзгертуіне әкеп соқпайды.
      Неке бұзылған жағдайда ерлі-зайыптылар ортақ текті сақтауға немесе өздерінің некеге тұрғанға дейінгі тегін қалпына келтіруге құқылы.
      Жасалған некелердің 50 %-дан астамы ерлі-зайыптылардың ерлерінің тегі бойынша ортақ тек қабылдағандығын көрсетеді. 10% жұп өз тегіне жұбайының тегін қосуды қалайды.
      Әйелдердің кәсіп пен жұмыспен қамтылуға құқықтарына Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілдік берілген (24-бап). Әйелдер некеге тұрған кезде ешқандай құқықтарынан айрылмайды. «2. Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады» (12-бап).
      h) ерлі-зайыптылардың мүлікті тегін және ақылы иеленуге, алуға, меңгеруге, қолдануға және басқаруға тең құқығы
      Азаматтық кодекстің 223-бабына сәйкес ерлi-зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған мүлкi, егер бұл мүлiк ерлi-зайыптылардың үлестi меншiгi болатыны, не олардың әрқайсысына тиесiлi немесе меншiк құқығында тиiстi бөлiктерде ерлi-зайыптылардың әрқайсысына тиесiлi екенi олардың арасындағы шартта көзделмесе, олардың бiрлескен меншiгi болып табылады.
      Қымбат бағалы және басқа әсемдiк заттарын қоспағанда, жеке пайдаланудағы заттар (киiм-кешек, аяқ киiм және т.б.), некеде тұрған кезде ерлi-зайыптылардың ортақ қаражатына сатып алынғанымен, оларды пайдаланған жұбайдың меншiгi деп танылады.
      Ортақ бiрлескен мүлікті басқару жөніндегі іс-қимыл басқа жұбайының келісімін талап етеді. Бұл қағиданы орындамау салдары «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңы бойынша мүлікке қатысты мәміленің жарамсыз деп танылуына, не болмаса ерлі-зайыптылардың біреуінің екіншісіне талап қою құқығына әкеп соғады (33-бап).
      Заңның бұл нормалары практикада кең қолданылады. Мысалы, Алматы қаласы Алмалы ауданы № 2 сотының 2010 жылғы 5 наурыздағы шешімімен А.А.Досымханованың жұбайы Б.А.Қожаниязовқа үш бөлмелі пәтерді сату-сатып алу шартын жарамсыз деп тану туралы талабын қанағаттандырды.
      Сот 2007 жылғы 8 қаңтарда Б.А.Қожаниязовтың Алматы қаласында үш бөлмелі пәтер сатып алуға «Инвест-1 ТҚК» ЖШС-мен алдын ала сатып алу-сату шартын жасасқанын, сол үшін банк кредитін алғанын анықтаған.
      2008 жылғы 25 маусымда «Инвест-1 ТҚК» ЖШС, Б.А.Қожаниязов және оның анасы Ж.Қожаниязованың арасында сатып алушыны алмастыру туралы шарт жасалған, сол бойынша Б.А.Қожаниязовтың барлық құқықтары, міндеттері, жауапкершілігі мен тәуекелдері оның анасына өткен. 2008 жылғы 18 шілдеде Ж.Қожаниязова «Инвест-1 ТҚК» ЖШС-мен пәтерді сатып алу-сату шартын жасасқан. Аталған мәмілелер А.А.Досымханованың келісімінсіз жасалған.
      «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3233-баптарын басшылыққа ала отырып, сондай-ақ даулы мүліктің Б.А.Қожаниязов пен А.А.Досымханованың некеде тұрған кезінде алынғанын назарға ала отырып, сот оның мәмілені жарамсыз деп тану туралы талабын қанағаттандырды, оның меншік үлесін анықтап, мүлікті бірге жинаған деп таныды.
      Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу некеде тұрған кезінде де, ол бұзылған кезде ерлі-зайыптылардың кез келгенінің талабы бойынша, сондай-ақ кредитор ерлі-зайыптылардың бірінің ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіндегі үлесіне алып қоюды пайдалану үшін ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу туралы өтініш жасаған жағдайда жүргізілуі мүмкін. Даулы жағдайда ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу, сондай-ақ ерлі-зайыптылардың бұл мүліктегі үлестерін анықтау сот тәртібінен жүргізіледі.
      Тек қана кәмелетке толмаған балалардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін алынған заттар (киім-кешек, аяқ киім, мектеп және спорт жабдықтары, музыкалық аспаптар, балалар кітапханасы және т.б.) бөлуге жатпайды және балаларымен бірге тұрып жатқан ата-анасына өтемақысыз беріледі.
      Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкінің есебінен олардың ортақ кәмелетке толмаған балаларының атына салынған ерлі-зайыптылардың салымдары сол балаларға тиесілі деп саналады және ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу кезінде есепке алынбайды.
      Азаматтық кодекстің 188-бабына сәйкес, меншiк иесiнiң өз мүлкiн иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы болады. Меншiк құқығы дегенiмiз субъектiнiң заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзiне тиесiлi мүлiктi өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы. Бұл норма әйелдер мен ерлерге қатысты бірдей күш және практиклық қолданысқа ие. Некелік-отбасылық заңнамаға сәйкес неке шарты ерлі-зайыптылардың құқық қабілетін және қабілетке жарамдылығын, олардың өз құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгіну құқығын шектей алмайды.
      Мұрагерлік мәселелері Азаматтық кодекстің 6-тарауында баяндалған нормалармен реттелген, соған сәйкес азаматтардың мұрагерлік құқығын іске асыру кезінде ешқандай да жыныстық белгі бойынша шектеу белгіленбеген. Кез келген мүлікті мұраға алуда әйелдердің ерлермен бірдей құқығы бар.
      2. Баланы некелестірудің заңды күші жоқ, неке жасының ең кіші жасын анықтауға және некелесуді азаматтық хал актісіне міндетті түрде тіркеуге керекті барлық шараларды, оның ішінде заң жүзінде қабылдайды.
      Балаларды некелестіру ұлттық заңнамада көзделмеген және «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңына қайшы келеді. Балаларды некелестіру жағдайы тіркелмеген.

      Қорытынды

      Қазақстанда БҰҰ-ның Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенциясын іске асырудың нақты шаралары қабылдануда.
      Қазақстан Республикасында 2006 – 2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясы, «Ерлердің және әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» және «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы туралы» екі жаңа гендерлік заң қабылданды. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына гендерлік сараптама жүргізу жөніндегі басшылық бекітілді, жыл сайын «Қазақстанның әйелдері мен ерлері» атты статистикалық жинақ шығарылады. Жалпы алғанда, Қазақстан Республикасының барлық ұлттық заңнамасы ерлер мен әйелдердің іс жүзіндегі әлеуметтік теңдігіне қол жеткізуге бағытталған.
      Есептік кезеңде әйелдердің Парламенттегі өкілділігі артты, қазіргі таңда олар депутаттардың жалпы санының 14 %-ын құрайды, бұл бұрынғы шақырылымға қарағанда (2004 жыл) екі есе аз. Мәслихаттардың 17 %-ы әйелдер, ал Қостанай облысында 30 %-дық межеге қол жеткізілген. Үкіметте 3 әйел министр бар (15 %), мемлекеттік қызметте барлығы 53% әйелдер жұмыс істейді. Жұмыспен қамту саласында әйелдер 49 %-ды құрайды. Мемлекет Президентінің тапсырмасы бойынша 2016 жылға дейінгі Әйелдерді шешім қабылдау деңгейіне ілгерілету жөніндегі нақты іс-қимыл жоспары әзірленіп жатыр.
      Халыққа гендерлік білім беру жұмысы жүргізілуде. 2007 жылдан бастап мектепке дейінгі, орта және жоғары білім беру жүйесіне гендерлік проблематика жөніндегі тиісті бағдарламалар енгізілді. Гендерлік құрамдас бөлік Мемлекеттік 12 жылдық орта білім стандартына енгізілген.
      Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын іске асыру нәтижесінде туу 25 %-ға артып, жалпы өлім-жітім 11 %-ға төмендеді. Ана мен бала денсаулығының көрсеткіштері жақсарды. Ана өлімі бір жарым еседен артық, сәби өлімі – 15 %-ға төмендеді. Күтілетін өмір сүру ұзақтығы 2004 жылмен салыстырғанда 2,2 жылға артып, 68,4 жасты құрады, соның ішінде әйелдерде – 1,3 жылға артып, 73,3 жасты, ерлерде – 2,9 жылға артып, 63,5 жасты құрады. Бастапқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде әйелдерге соңынан қарқынды қадағалай және сауықтыра отырып, жыл сайынғы профилактикалық медициналық тексерулер, жатыр мойны мен сүт бездері рак алдындағы ауруларын айқындауға арналған скринингтік тексерулер жүргізіліп тұрады. Шалғай ауылды елді мекендердегі әйелдерді тексеру үшін барлық өңірлерде цифрлық қондырғысы бар жылжымалы маммографтар жұмыс істейді. Жүкті әйелдерге, 5 жасқа дейінгі балаларға қажетті дәрілік заттар тегін бөлінеді.
      Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болған әйелдерді құқықтық қорғау жолға қойылған. Елде зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталықтары жұмыс істейді. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері, судьялар, медициналық және әлеуметтік қызметкерлер қолданыстағы заңнама туралы хабардар әрі әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөнінде атаулы іс-шаралар жүргізеді.
      Жалпы Қазақстанда БҰҰ-ның Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы конвенциясы, сондай-ақ БҰҰ СИДО жөніндегі комитетінің оның іске асырылуы бойынша ұсынымдары (2007 ж.) орындалуда.
      Сонымен бірге, еңбек нарығында бұрынғысынша әйелдерді кәсіптік белгі бойынша бөлектеу байқалады. Әйелдердің орташа айлық жалақысы көбейтілгеніне қарамастан, ерлерге қарағанда үштен бір бөлікке төмен. Әйелдердің денсаулық индексі төмен күйінде қалуда. Ерлер мен әйелдердің күтілетін өмір сүру ұзақтықтарындағы айырмашылық 9,8 жасты құрайды, бұл әлемнің дамыған елдеріндегі көрсеткіштен 1,4-2 есе артық. Әйелдерді зорлау және сексуалдық қанау фактілері кездесіп қалады.
      Қазақстан Үкіметі алдағы уақытта да БҰҰ-ның Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы конвенциясының ережелерін орындаудың барлық шараларын қабылдайтын болады.

1-қосымша

Қазақстан Республикасының жыныс бойынша халық саны

жыл басы, мың адам

Жылдар

Барлық халық

оның ішінде

барлық халыққа шаққандағы пайыз

1000 ерге шаққандағы әйелдер

әйелдер

ерлер

әйелдер

елдер

2005

15 074,8

7 817,9

7 256,9

51,9

48,1

928

2006

15 219,3

7 894,5

7 324,8

51,9

48,1

928

2007

15 396,9

7 987,6

7 409,3

51,9

48,1

928

2008

15 571,5

8 079,9

7 491,6

51,9

48,1

927

2009

15 982,3

8 283,4

7 698,9

51,8

48,2

929

2010

16 204,6

8 395,9

7 808,7

51,8

48,2

930

2011

16 442,0

8 516,0

7 926,0

51,8

48,2

931

2010 жылғы 1 қаңтардағы халықтың жас құрылымы

мың адам, %


Барлығы

қала

ауыл

ерлер

әйелдер

ерлер

әйелдер

ерлер

әйелдер

0-15

2154538

2047765

1036509

980938

1118029

1066827

16-62(57)

5202034

5204008

2837789

3016225

2364245

2187783

63(58)+

452181

1144091

249026

686465

203155

457626

Қазақстан Республикасы халқының туылғанда күтілетін өмір сүру ұзақтығы

жылдар саны


2004

2005

2006

2007

2008

2009

2010

Барлық халық

66,18

65,91

66,19

66,38

67,11

68,33

68,41

Ерлер

60,62

60,30

60,55

60,69

61,91

63,53

63,51

Әйелдер

72,00

71,77

72,03

72,32

72,43

73,15

73,32

Ана өлімі

Жылдар

Қайтыс болған жүкті, жас босанған, жаңа босанған әйелдер саны, адам

100 000 тірі туылғандарға шаққанда

2004
2005
2006
2007
2008
2009
2010

100
114
138
153
113
133
84

36,9
40,5
45,6
46,8
31,2
36,8
22,7

Бала өлімі коэффициенті
(1000 тірі туылғанға шаққанда)

Жылдар

Өлім коэффициенті

барлығы

қыз балалар

ұл балалар

2004
2005
2006
2007
2008
2009
2010

14,50
15,15
13,91
14,57
20,76
18,23
16,54

12,42
13,38
12,12
12,29
18,48
16,19
14,51

16,47
16,81
15,60
16,73
22,92
20,14
18,45

Жас ерекшеліктеріне қарай жасанды түсік саны

мың адам


2006

2007

2008

2009

2010

Жасанды түсік саны, барлығы

130,6

133,1

124,0

113,3

106,1

Соның ішінде мына жас аралықтарында жасанды түсік тастау






15 жасқа дейін

0,1

0,1

0,1

0,0

0,1

15-18 жас

6,0

5,9

5,2

4,0

3,3

19-34 жас

98,0

100,5

92,8

84,9

79,9

35 жастан және одан жоғары

26,5

26,6

26,0

24,4

22,9

Халық сауаттылығы, %


Барлық халық

қала халқы

ауыл халқы

қос жыныс

ерлер

әйелдер

қос жыныс

ерлер

әйелдер

қос жыныс

ерлер

әйелдер

9-49 жас аралығындағы халық сауаттылығы

1999

99,9

99,9

99,9

99,9

99,9

99,9

99,8

99,8

99,9

2009

99,8

99,8

99,8

99,9

99,8

99,9

99,7

99,7

99,8

15 және одан жоғары жастағы халық сауаттылығы

1999

99,5

99,8

99,3

99,5

99,8

99,5

99,3

99,7

99,0

2009

99,7

99,8

99,7

99,8

99,9

99,8

99,6

99,7

99,5

Жасы келген адамдардың жалпы орта біліммен қамтылуы
(қамтылудың жалпы көрсеткіші) %

Оқу жылы

Барлығы

әйелдер

ерлер

2008/2009

96

97

95

2009/2010

98

98

97

Мұғалімдер мен оқушылар санының ара қатынасы


мұғалім/оқушы ара қатынасы

мұғалімдер

оқушылар

2009

9.0

282254

2534000

2010

8.8

286733

2531045

2004 – 2010 жылдардағы Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығының негізгі индикаторлары

мың адам


2004

2005

2006

2007

2008

2009

2010

Барлық халық

Экономикалық белсенді халық

7840,6

7901,7

8028,9

8228,3

8415,0

8457,9

8610,7

Халықтың экономикалық белсенділігінің деңгейі, %

69,9

69,4

69,7

70,4

71,1

70,7

71,2

Жұмыспен қамтылған халық

7181,8

7261,0

7403,5

7631,1

7857,2

7903,4

8114,2

Халықтың экономикалық белсенділігіне шаққандағы жұмыспен қамтылу деңгейі, %

91,6

91,9

92,2

92,7

93,4

93,4

94,2

жалдамалы жұмысшылар

4469,9

4640,5

4776,6

4973,5

5199,4

5238,8

5409,4

жұмыспен қамтылған халыққа шаққанда, %

62,2

63,9

64,5

65,2

66,2

66,3

66,7

өз бетінше жұмыс қамтылғандар

2711,9

2620,4

2626,9

2657,6

2657,8

2664,6

2704,8

жұмыспен қамтылған халыққа шаққанда, %

37,8

36,1

35,5

34,8

33,8

33,7

33,3

Жұмыссыз халық

658,8

640,7

625,4

597,2

557,8

554,5

496,5

Жұмыссыздық деңгейі %

8,4

8,1

7,8

7,3

6,6

6,6

5,8

Әйелдер

Экономикалық белсенді халық

3841,0

3866,7

3957,4

4061,0

4170,9

4178,7

4233,3

Халықтың экономикалық белсенділігінің деңгейі, %

64,8

64,3

65,0

65,7

66,7

66,1

66,2

Жұмысбасты халық

3463,3

3496,5

3594,5

3708,3

3839,5

3863,5

3952,5

Халықтың экономикалық белсенділігіне шаққандағы жұмысбастылық деңгейі, %

90,2

90,4

90,8

91,3

92,1

92,5

93,4

жалдамалы жұмысшылар

2086,2

2159,5

2275,6

2383,0

2488,5

2512,9

2584,0

жұмыспен қамтылған халыққа шаққанда, %

1377,1

1337,0

1318,9

1325,3

1351,0

1350,6

1368,5

өз бетінше жұмыс қамтылғандар

377,7

370,1

362,9

352,7

331,4

315,2

280,9

жұмыспен қамтылған халыққа шаққанда, %

9,8

9,6

9,2

8,7

7,9

7,5

6,6

Жұмыссыздық деңгейі

%


2004

2005

2006

2007

2008

2009

2010

Жұмыссыздар - барлығы

8,4

8,1

7,8

7,3

6,6

6,6

5,8

оның ішінде:








ерлер

7,0

6,7

6,4

5,9

5,3

5,6

4,9

әйелдер

9,8

9,6

9,2

8,7

7,9

7,5

6,6

қала халқы

9,4

9,0

8,6

8,1

7,2

7,2

6,2

оның ішінде:








ерлер

7,6

7,3

6,9

6,3

5,5

5,8

5,0

әйелдер

11,2

10,6

10,2

9,7

8,8

8,5

7,5

ауыл халқы

7,1

7,0

6,8

6,4

6,0

5,9

5,2

оның ішінде:








ерлер

6,3

5,9

5,9

5,4

5,1

5,4

4,9

әйелдер

7,9

8,1

7,7

7,4

6,9

6,4

5,7

Жалдамалы жұмысшылардың еңбек ақысы

жылына орташа есеппен


2004

2005

2006

2007

2008

2009

2010

Орташа айлық номиналды жалақы








теңге

28329

34060

40790

52479

60 805

67 333

77482*

долл. АҚШ1)

208

256

324

428

505

456

526

Былтырғы жылғы жалақы индексі, %:








номиналды

122,5

120,2

119,8

128,7

115,9

110,7

114,6

нақты

114,6

111,7

110,3

116,1

99,0

103,2

107,0

Жалақының ең төменгі мөлшері, теңге

6600

9200

9200

9752

12025

13717

14952

Күнкөріс минимумының мөлшері, теңге

5427

6014

8410

8861

12364

13594

14952

1)Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктің орташа өлшеу бағамы бойынша

Экономикалық қызмет пен жыныс түрлеріне қарай 2010 жылғы орташа айлық номиналды жалақы
(алдын ала мәліметтер)


Орта айлық номиналды жалақы, мың теңге

Индекстер, алдыңғы жылға шаққанда %

Барлығы

оның ішінде

Номиналды жалақы

Нақты жалақы

ерлер

әйелдер

Барлығы

ерлер

әйелдер

Барлығы

ерлер

әйелдер

Барлығы

77,5

92,8

61,1

115

114

115

107

106

108

Ауыл, орман және балық шаруашылығы

36,3

38,9

29,6

108

107

112

101

99

104

Өнеркәсіп

93,0

102,8

68,9

116

116

116

108

108

108

Құрылыс

103,6

107,0

81,9

111

110

116

103

102

108

Көтерме және жеке сауда; автомобиль мен мотоцикл жөндеу

73,4

82,2

63,7

113

113

114

106

105

106

Көлік және қойма

97,5

104,3

81,1

116

115

116

108

108

108

Тұрмыс пен тамақ қызметі

70,8

97,6

58,5

108

104

111

101

97

104

Ақпарат және байланыс

110,9

116,0

104,0

109

111

107

102

104

100

Қаржы және қауіпсіздендіру қызметі

157,6

204,9

132,2

109

110

109

102

102

102

Білім беру

49,3

52,9

48,0

118

117

118

110

109

110

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету

54,9

62,3

53,3

120

116

120

112

109

112

Өнер, ойын-сауық және демалыс

53,5

70,2

41,6

119

121

117

111

112

109

Мемлекеттік қызметтегі әйелдер саны

      * Әйелдер санының азаюы мемлекеттік қызмет кадрлары мониторингі есебі нысанының өзгеруімен түсіндіріледі. Бұрындары құрастырылған есептер бойынша мемлекеттік қызметшілердің нақты саны мемлекеттік қызметтегі және декреттік демалыстағы адамдарды қамтыған. 2010 жылдың 4-тоқсанының қорытындылары бойынша мониторингке жоғарыда аталған адамдардың орнындағы адамдар қосылған.

Саяси мемлекеттік қызметтегі әйелдер саны**

      

      * Әйелдер санының азаюы мемлекеттік қызмет кадрлары мониторингі есебі нысанының өзгеруімен түсіндіріледі. Бұрындары құрастырылған есептер бойынша мемлекеттік қызметшілердің нақты саны мемлекеттік қызметтегі және декреттік демалыстағы адамдарды қамтыған. 2010 жылдың 4-тоқсанының қорытындылары бойынша мониторингке жоғарыда аталған адамдардың орнындағы адамдар қосылған.
      ** Мемлекеттік қызмет кадрларын гендерлік аспектіні ескере отырып мониторингілеу 2007 жылдан бастап жүргізіліп келеді (Қазақстан Республикасының 2006 - 2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясы қабылданғаннан кейін).

Шешім қабылдау деңгейінде әкімшілік мемлекеттік қызметтегі әйелдер саны**

      ** Мемлекеттік қызмет кадрларын гендерлік аспектіні ескере отырып, мониторингілеу 2007 жылдан бастап жүргізіліп келеді (Қазақстан Республикасының 2006 - 2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясы қабылданғаннан кейін).

Мемлекеттік қызметтің басқарушы лауазымын атқаратын әйелдер саны**

      ** Мемлекеттік қызмет кадрларын гендерлік аспектіні ескере отырып мониторингілеу 2007 жылдан бастап жүргізіліп келеді (Қазақстан Республикасының 2006 - 2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясы қабылданғаннан кейін).

2009 жылғы түрлері бойынша тіркелген қылмыстар саны


Тіркелген қылмыстар саны

Барлығы, бірлік

олардың ішінде

әйелдерге қатысты

кәмелетке толмағандарға қатысты

абс.

%

абс.

%

Тіркелген қылмыстар саны, барлығы

121 667

34 515

28,4

5 048

4,1

оның ішінде ауыр және өте ауыр

29 204

7 268

24,9

2 037

6,9

Жалпы санның ішінде:






адамның жеке басына қарсы қылмыс

8 450

3 492

41,3

914

10,8

қастандықпен өлтіру және өлімге қастандық жасау

1 638

405

24,7

72

4,4

оның ішінде:






жаңа туылған сәбиді анасының өлтіруі

14

3

21,4

14

100,0

денсаулыққа ауыр зардабын беретін қастандық

1 750

277

15,8

63

3,6

денсаулыққа орташа зардабын беретін қастандық

1 853

518

28,0

81

4,4

денсаулыққа жеңіл зардабын беретін қастандық

607

289

47,6

81

13,3

жәбірлеулер

19

14

73,7

5

26,3

зорлық-зомбылық көрсету

1 378

1 378

100,0

235

17,1

сексуалды сипаттағы зорлық әрекеттері

354

259

73,2

138

39,0

Отбасыға және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыс

512

192

37,5

214

41,8

Меншікке қарсы қылмыс

76 048

26 947

35,4

2 923

3,8

оның ішінде:






ұрлық

49 004

18 320

37,4

503

1,0

алаяқтық

9 941

3 673

36,9

396

4,0

тонау

9 274

3 726

40,2

1 671

18,0

қарақшылық

1 623

629

38,8

152

9,4

күштеп, қорқытып алушылық

639

82

12,8

194

30,4

Қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпке қарсы қылмыс

7 894

1 401

17,7

450

5,7

оның ішінде:






бұзақылық

6 014

1 381

23,0

446

7,4

Халық денсаулығына және  өнегелігіне қарсы қылмыстар

9 754

25

0,3

9

0,1

оның ішінде:






есірткімен байланысты қылмыстар

9 432

9

0,1

2

0,0

жезөкшелікпен айналысуға ұяларды ұйымдастыру және асырау және жеңгетайлық

212

8

3,8

1

0,5

Конституцияға, басқа да заңдарға, адам бостандығы мен азаматтарға қарсы қылмыс

885

414

46,8

19

2,1

оның ішінде:






тұрғын үй қол сұғылмаушылықтың бұзылуы

633

403

63,7

16

2,5

Басқа

18 124

2 044

11,3

519

2,9

Қамаудағы адамдар саны

                                                         %


2006

2007

2008

2009

2010

Қамалғандар, барлығы

100

100

100

100

100

оның ішінде:

кәмелетке толмағандар

7,4

7,6

7,8

6,7

6,1

жалпы қамалғандар саны ішінде:

әйелдер

10,6

10,8

11,7

12,1

13,3

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы
кодексінің 79-1-бабының орындалу серпіні

      

      79-1-бап. Соққылар
      Соққылар немесе басқа да дене зақымын келтіретін, бірақ Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 105-бабында көрсетілмеген салдарларға алып келмеген зорлық әрекеттерін келтіру

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы
кодексінің 79-5-бабының орындалу серпігі

      79-5-бап. Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы іс-әрекеттер
      Құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастағы азаматтарға сыйламаушылық көрсетіліп, былапыт сөйлеу, қорлап тиісу, кемсіту, үй заттарына зақым келтіру және жеке тұрғын үй немесе пәтер шегінде жасалған олардың тыныштығын бұзатын басқа да әрекеттер, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса

2-қосымша

Баяндамада айтылған нормативтік құқықтық актілер тізімі

      1. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1995 жыл.
      2. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Қазақстан халқына жолдауы, 2011 жыл.
      3. Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары, Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығы, 2010 жыл.
      4. Қазақстан Республикасындағы 2006 – 2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясы, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы, 2005 жыл.
      5. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына гендерлік сараптама жүргізуіндегі басшылық, Үкімет қаулысы, 2009 жыл
      6. «Қазақстан әйелдері мен ерлері» статистикалық жинақ, 2010 жыл.
      7. «Қазақстан Республикасындағы шетелдік азаматтардың құқықтық жағдайы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы, 1995 жыл.
      8. Қазақстан Республикасының үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың тұжырымдамасы туралы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы, 2002 жыл.
      9. Қазақстан Республикасының 2007 – 2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасы туралы, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы, 2006 жыл.
      10. Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы туралы, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы, 2009 жыл.
      11. Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006 – 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы, Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығы, 2006 жыл.
      12. Қазақстан Республикасындағы адам құқықтарымен байланысты жағдайлар туралы негізгі баяндама, 2009 жыл.
      13. 2009 – 2012 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының адам құқықтары саласындағы ұлттық іс-қимыл жоспары, 2008 жыл.
      14. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, 2007 жыл.
      15 «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексі, 2009 жыл.
      16. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, 1999 жыл.
      17. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі, 1999 жыл.
      18. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі, 1997 жыл.
      19. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі, 1997 жыл.
      20. Қазақстан Республикасының Қылмыстық атқару кодексі, 1997 жыл.
      21. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексі, 2011 жыл.
      22. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы, 2000 жыл.
      23. Қазақстан Республикасының Жер кодексі, 2003 жыл.
      24. «Сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 1995 жыл.
      25. «Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2002 жыл.
      26. «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 1999 жыл.
      27. «Жарнама туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2003 жыл.
      28. «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 1999 жыл.
      29. «Қазақстан халықтар Ассамблеясы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2008 жыл.
      30. «Дипломатиялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2002 жыл.
      31. «Ерлердің және әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2009 жыл.
      32. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2007 жыл.
      33. «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 1999 жыл.
      34. «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 1997 жыл.
      35. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2003 жыл.
      36. «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 1998 жыл (2001 жылы енгізілген өзгерістері).
      37. «Балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2005 жыл.
      38. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2001 жыл.
      39. «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2008 жыл.
      40. «Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 1997 жыл.
      41. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ауылдық елді мекендердің әлеуметтік сала қызметкерлерін әлеуметтік қолдау және ынталандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2008 жыл.
      42. «Бала құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2002 жыл.
      43. «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2010 жыл.
      44. «Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2000 жыл.
      45. «Алқабилер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2006 жыл.
      46. «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2009 жыл.
      47. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білікті заң көмегін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы, 2009 жыл.
      48. «Тұрғын үй қатынастары туралы» заң, 1997 жыл.
      49. «Туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2001 жыл.
      50. «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2005 жыл.
      51. «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2007 жыл.
      52. Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт, 2005 жылы ратификацияланған.
      53. Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге факультативтік хаттама, 2009 жылы ратификацияланған.
      54. Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пакт, 2005 жылы ратификацияланған.
      55. Әйелдердің саяси құқықтары туралы конвенция, 1999 жылы ратификацияланған.
      56. Тұрмыс құрған әйел туралы конвенция, 1999 жылы ратификацияланған.
      57. Бала құқықтары туралы конвенция, 1994 жылы ратификацияланған.
      58. Бала құқықтары туралы конвенцияға бала сатумен, бала жезөкшелігімен және бала порнографиясымен байланысты факультативті протокол, 2001 жылы ратификацияланған.
      59. Бала құқықтары туралы конвенцияға балалардың қарулы шиеленіске қатысуымен байланысты факультативтік протокол, 2001 жылы ратификацияланған.
      60. Ерлер мен әйелдерді бірдей құндылықтар еңбегі үшін бірдей сыйақы берілетін Халықаралық Еңбек ұйымының № 100 конвенциясы, 2000 жылы ратификацияланған.
      61. Біріккен Ұлттар Ұйымының Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенциясы, 2008 жылы ратификацияланған.
      62. Біріккен Ұлттар Ұйымының Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенциясын толықтыратын Адамдарды, әсіресе әйелдер мен балаларды сатудың алдын алу мен жолын кесу және ол үшін жазалау туралы хаттама, 2008 жылы ратификацияланған.
      63. Біріккен Ұлттар Ұйымының Мигранттарды құрлық, теңіз және әуе арқылы заңсыз әкелуге қарсы хаттама, 2009 жылы ратификацияланған.
      64. Біріккен Ұлттар Ұйымының Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенциясын толықтыратын Атыс қаруының, оның құрамдас бөліктері мен компоненттерінің, сондай-ақ оның оқ-дәрілерінің заңсыз дайындалуына және айналымына қарсы хаттама, 2009 жылы ратификацияланған.
      65. Адамдарды сатуға және үшінші тұлғалардың жезөкшелікті пайдалануына қарсы күрес туралы КОНВЕНЦИЯ, 2005 ратификацияланған.
      66. Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенция, 1998 жылы ратификацияланған, оған факультативті баяндама 2008 жылы ратификацияланған.
      67. Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының нормаларын қолдану туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Нормативтік Қаулысы, 2008 жыл.
      68. Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама.
      69. Жұмыспен қамту бағдарламасы – 2020.
      70. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісiн реформалау мен дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
      71. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы.
      72. 2008 – 2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы ана мен бала өлімін төмендету бағдарламасы.
      73. «2008 – 2016 жылдарға арналған салауатты өмір салты» кешенді бағдарламасы.
      74. «Тегін медициналық көмектің кепілді мөлшер тізімін бекіту туралы» Үкімет қаулысы, 2009 жыл.
      75. Қазақстан Республикасында білім берудi дамытудың 2005 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
      76. Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 - 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
      77. Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы.
      78. Білім беру ұйымдарында білім алушылардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендиялар төлеу ережелері, Үкімет қаулысы, 2008 жыл.
      79. Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамытудың 2007 - 2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
      80. Қазақстан Республикасының Ауылдық аумақтарын дамытудың 2004 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
      81. Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламасы.
      82. 2011 – 2015 жылдарға арналған фермерлік шағын және орта бизнесті дамыту бағдарламасы.
      83. 2009 – 2015 жылдарға арналған әйелдер кәсіпкерлігін шағын несиелендіру бағдарламасы.
      84. 2002 - 2010 жылдарға арналған «Ауыз су» салалық бағдарламасы.
      85. 2008 – 2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысын дамыту мемлекеттік бағдарламасы.
      86. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Адам саудасына байланысты қылмысқа қарсы күрес, оны болдырмау және оның алдын алу жөніндегі 2009 – 2011 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары.
      87. Құқықтық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі 2009 – 2011 жылдарға арналған бағдарлама.
      88. «Зорлау және өзге де нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттерімен байланысты қылмыстарды саралаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Нормативтік қаулысы, 2007 жыл.
      89. Қазақстан Республикасының Үкіметі, қызметкерлердің республикалық бірлестіктері мен жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері арасындағы 2009 - 2011 жылдарға арналған бас келісім.
      90. «Қазақстандағы гендерлік теңдік» атты әлеуметтанулық зерттеу, 2008 жыл.