Балаларды саудалауға, балалар зинақорлығына және балалар порнографиясына қатысты Баланың құқықтары туралы конвенцияның факультативтік хаттамасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 4 шілде N 219-II Заңы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР 2011.02.18 N 407-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Осы Заң ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, ғылыми және ғылыми-техникалық сала субъектiлерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн айқындайды. 

  1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 

      1) ғылым - табиғат, қоғам және ойлау заңдарын зерделеу, табиғи байлықтарды ұтымды пайдалану және қоғамды тиiмдi басқару мақсатында болмыс туралы объективтi бiлiм-бiлiктi тұжырымдау және теориялық жағынан жүйелеу функциясы болып табылатын адам қызметiнiң саласы; 

      2) мемлекеттiк ғылыми-техникалық саясат - әлеуметтiк-экономикалық саясаттың құрамдас бөлiгi, ол мемлекеттiң ғылыми және ғылыми-техникалық қызметке қатынасын бiлдiредi, әртүрлi ұйымдардың ғылым мен техника ғылыми-техникалық жетiстiктердi іске асыру, жаңа технологиялар жасау саласындағы, оның iшiнде ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатындағы қызметiнiң негiзгi мақсаттарын, бағыттарын, принциптерiн, нысандары мен әдiстерiн белгiлейдi;

      3) уәкiлеттi мемлекеттiк орган - ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      4) ғылыми-зерттеу қызметi (бұдан әрi - ғылыми қызмет) - зерделенiп отырған объектiлерге, құбылыстарға (процестерге) тән ерекшелiктердi, заңдылықтар мен заңдарды анықтау мақсатымен қоршаған болмысты зерделеуге және алынған бiлiмдi практикада пайдалануға байланысты қызметтiң түрi; 

      5) ғылыми-техникалық қызмет - технологиялық, инженерлiк, экономикалық, әлеуметтiк, гуманитарлық және өзге проблемаларды шешу үшiн жаңа бiлiм алуға және оны қолдануға, ғылымның, техниканың және өндiрістiң бiртұтас жүйе ретiнде жұмыс істеуiн қамтамасыз етуге бағытталған қызмет; 

      6) iргелi ғылыми зерттеулер - табиғат, қоғам, адам дамуының және олардың өзара байланысының негiзгi заңдылықтары туралы жаңа бiлiм алуға бағытталған теориялық және (немесе) эксперименттiк санаткерлiк қызмет; 

      7) қолданбалы ғылыми зерттеулер - практикалық мақсаттарға қол жеткiзу және нақты мiндеттердi шешу үшiн жаңа бiлiм алуға және оны қолдануға бағытталған қызмет; 

      8) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтiң нәтижесi - ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтiң жаңа бiлiмдi немесе жаңа шешiмдердi қамтитын, кез келген ақпарат жеткiзушiде тiркелген және қолдануға арналған объективтендiрiлген нәтижесi; 

      9) инновациялық қызмет - нәтижесi экономикалық өсу мен бәсекелестiк қабiлеттiлiгi үшiн пайдаланылатын жаңа идеяларды, ғылыми бiлiмдi, технологияларды және өнiм түрлерiн өндiрiстiң түрлi салаларына және қоғамды басқару салаларына енгiзуге бағытталған қызмет; 

      10) ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектiлерi - ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар; 

      11) ғылыми-зерттеу институты - бiлiмнiң белгiлi бiр саласында ғылыми қызметтi жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым; 

      12) гранттар - грант берушiлер мен грант алушылар арасындағы шартта көзделген талаптармен нақты ғылыми зерттеулер жүргiзуге арнап өтеусiз және қайтарымсыз берiлетiн ақша және өзге мүлiк; 

      13) мемлекеттiк ғылыми-техникалық сараптама - ғылыми-техникалық прогрестiң аса маңызды мәселелерi бойынша қабылданатын шешiмдердiң негiздiлiк деңгейiн айқындау мақсатымен сараптама объектісiне тәуелсіз талдамалық баға алу үшін уәкілетті мемлекеттiк орган ұйымдастыратын бағалау жұмыстары мен қорытындылар жүйесі;
       РҚАО-ның ескертуі!
      14) тармақшаға 2011 жылғы 1 қаңтарда өзгерту енгізіледі - Қазақстан Республикасының 2007.07.27. N 320 Заңымен.

      14) ғылыми және ғылыми-педагог кадрларды мемлекеттiк аттестаттау - магистрдің, философия докторының (РhD), бейіні бойынша доктордың академиялық дәрежелерін, доцент және профессор ғылыми атақтарын беру жөнiндегi, бұларды алу үшiн iзденушiлерге бiрыңғай талапты қамтамасыз ететiн бағалау жұмыстарының жүйесi; 

      15) аккредитация - уәкiлеттi мемлекеттiк органның мемлекеттiк емес ғылыми ұйымның бюджет қаражаты есебiнен Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен ғылыми және ғылыми-техникалық салада жұмыстар жүргiзу құқықтылығын ресми тануы; 
       РҚАО-ның ескертуі!
      16) тармақшаға 2011 жылғы 1 қаңтарда өзгерту енгізіледі - Қазақстан Республикасының 2007.07.27. N 320 Заңымен.

      16) диссертациялық кеңес - республиканың iрi ғылыми орталықтарының, ғылыми ұйымдарының және жоғары оқу орындарының жанынан құрылатын, магистрдің немесе философия докторының (РhD) немесе бейіні бойынша доктордың академиялық дәрежесін алуға ұсынылған ғылыми жұмыстарды қарайтын кеңес; 

      17) ғылым докторы - ғылым кандидаты ғылыми дәрежесi бар iзденушi көпшiлiк алдында диссертация қорғағаннан кейiн, диссертациялық кеңестiң жасаған ұсынысы негiзiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк аттестаттау органы беретiн ғылыми дәреже. Ғылым докторы ғылыми дәрежесi жаратылыстану, гуманитарлық және техникалық ғылымдар саласында iргелі проблемаларды әзiрлегенi, iрi және аса маңызды теориялық және қолданбалы проблемаларды шешкенi үшiн, сондай-ақ енгiзiлуi қоғамның ғылыми-техникалық прогресін жеделдетуге елеулi үлес қосатын техникалық, экономикалық және технологиялық шешiмдердi ғылыми негiздегенi үшiн берiледi; 

      18) ғылым кандидаты - жоғары арнаулы бiлiмдi маман бiлiктiлiгiне немесе магистр академиялық дәрежесiне ие iзденушiнiң көпшiлiк алдында қорғаған диссертациясы негiзiнде диссертациялық кеңес беретiн және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк аттестаттау органы бекiтетiн ғылыми дәреже. Ғылым кандидаты ғылыми дәрежесi тиiстi ғылым саласы үшiн елеулi мәнi бар, ғылымның маңызды қолданбалы мiндеттерiн шешудi қамтамасыз ететiн мiндеттердi шешкенi үшiн берiледi; 

      19) ғылыми санаткерлiк меншік - жеке (немесе) заңды тұлғаның санаткерлiк шығармашылық ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесiне айрықша құқығы; 

      20) технопарк - жаңа талдамалар жасау мен игеру, қазiргi заманғы жабдықтар мен аспаптарды шығару жөнiндегi тапсырыстарды орындаушы, саны аз озық технологиялы кәсiпорындары бар құрылым; 

      21) технополис - жоғары және аса жоғары технологияларды әзiрлеу үшiн ғылымды өндiрiспен және бiлiм берумен интеграциялау, идеяларды тудыру мен оларды iске асыру үшiн қолайлы жағдайлар жасау мақсатында ғылыми-зерттеу және оқу орталықтарымен бiрiккен ғылымды көп қажетсiнетiн кәсiпорындар тобы.
       Ескерту. 1-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20 N 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2007.07.27. N 320 (2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

       2-бап. Қазақстан Республикасының ғылым туралы заңдары

      1. Қазақстан Республикасының ғылым туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделген және осы Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады. 

      2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. 

       3-бап. Ғылым саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi
             принциптерi

      Ғылым саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi принциптерi мыналар болып табылады: 

      1) ұлттық мүдделерге және елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының ұзақ мерзiмдi мақсаттарына сәйкес ғылыми және ғылыми-техникалық дамудың басым бағыттарын таңдау мен ынталандыру және оларды iске асыру үшiн ресурстарды жұмылдыру; 

      2) <*>

      3) ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтi, кәсiпкерлiк пен ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы нарықтық инфрақұрылымның басқа да нысандарын дамыту үшiн қажеттi экономикалық жағдайлар жасау; 

      4) <*>

      5) ғылымды, ғылыми-техникалық талдамаларды, өндірісті және бiлiм берудi интеграциялау;

      6) ғылым мен ғылыми-техникалық қызметтiң неғұрлым басым бағыттары бойынша бiлiктiлiгi жоғары кадрлар даярлау;

      7) ғылымды ұйымдастыру мен басқарудың демократиялық нысандарын дамыту, соның iшiнде ғылыми-техникалық саясатты қалыптастыру мен iске асыруда мемлекеттiк органдардың, ғылыми ұйымдар мен ғылыми жұртшылықтың өзара iс-әрекетiн қамтамасыз ету;

      8) экологиялық қауiпсiздiк талаптарын есепке алу;

      9) халықаралық ғылыми және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамыту;

      10) ғылыми-техникалық ақпаратты тарату еркiндiгi мен ғылыми- техникалық жетістіктерді насихаттау.
       Ескерту. 3-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).

  2-тарау. ҒЫЛЫМИ  ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ
ҚЫЗМЕТТІҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ

      4-бап. Ғылыми қызметкер, инженер-техник қызметкер
             және ғылыми қызмет көрсету саласының қызметкерi

      1. Жоғары бiлiмi, қажеттi бiлiктiлiгi бар, ғылыми және ғылыми-техникалық жұмысты кәсiби деңгейде орындайтын, ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтi жүзеге асыратын ұйымда (бұдан әрi - ғылыми ұйым) тиiстi қызмет атқаратын жеке тұлға ғылыми қызметкер (зерттеушi) болып табылады. 

      2. Орта білімнен кейінгі немесе жоғары бiлiмi бар, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық нәтиженi алуға және оны iске асыруға жәрдемдесетiн және ғылыми ұйымда жұмыс істейтін жеке тұлға инженер-техник қызметкер болып табылады. 

      3. Мемлекеттiк ғылыми ұйымдардың ғылыми және инженер-техник қызметкерлерi уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiткен мемлекеттiк ғылыми ұйымдардың ғылыми және инженер-техник қызметкерлерiн аттестаттау ережелерiнде белгiленген тәртiппен аттестаттаудан өтедi. Аттестаттаудың мақсаты қызметкердiң атқарып жүрген қызметiне сәйкестiгiн анықтау болып табылады.

      4. Ғылыми-техникалық қызметке қатысатын және осы қызмет үшiн жағдай жасауға жәрдемдесетiн жеке тұлға ғылыми қызмет көрсету саласының қызметкерi болып табылады. 
       Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.07.27. N 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз) Заңымен.

      5-бап. Ғылыми қызметкердiң құқықтары мен мiндеттерi

      1. Ғылыми қызметкердiң: 

      1) өзiнiң ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерiнiң авторы деп танылуына және өнертабыс пен санаткерлiк қызметтiң басқа да нәтижелерiне өтінім беруге, сондай-ақ санаткерлiк меншiгiн қорғауға; 

      2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзi авторы болып табылатын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерiн іске асырудан түскен табыстарды алуға; 

      3) өзiнiң шығармашылық үлесiне сәйкес сыйақылар, көтермелеу сыйлықтары мен жеңiлдiктер алуға; 

      4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет туралы шарттар жасасуға; 

      5) ғылыми және ғылыми-техникалық салада кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға; 

      6) ғылыми ұжымдарға және басқа да ерiктi ғылыми қоғамдастықтарға бірігуге; 

      7) республикалық және шетелдiк ғылыми қоғамдастықтарға кiруге не сайлануға; 

      8) ғылыми зерттеулерді бюджет қаражаты, ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтi қолдау қорлары және өзге де көздер есебiнен қаржыландыру конкурстарына қатысуға; 

      9) халықаралық ғылыми және ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа қатысуға; 

      10) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен ғылыми және ғылыми-техникалық нәтижелер туралы ақпараттарға қол жеткiзуге; 

      11) егер ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерінің мемлекеттiк, қызметтiк және коммерциялық құпияға жататын мәлiметтерi болмаса, оларды баспасөзде жариялауға; 

      12) адамға, қоғамға және қоршаған ортаға терiс ықпал жасайтын ғылыми зерттеулерге қатысудан дәлелдi себептермен, сондай-ақ моральдық пайымдаулары бойынша бас тартуға; 

      13) ғылыми зерттеулер мақсатына қол жеткiзу үшін Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де iс-әрекеттердi жүзеге асыруға; 

      14) ғылыми бiлiктiлiктi арттыруға құқығы бар. 

      2. Ғылыми қызметкер ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбай, олардың өмiрi мен денсаулығына, сондай-ақ қоршаған ортаға зиян келтiрмей, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асыруға мiндеттi. 

      6-бап. Ғылыми ұйымдар және олардың құқықтары

      1. Қызметiнiң негiзгi нысанасы ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтi жүзеге асыру болып табылатын заңды тұлға ғылыми ұйым болып табылады. 

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясы, ғылыми-зерттеу институттары, ғылыми орталықтар, дербес зертханалар, технопарктер, технополистер және мемлекеттiк меншiкке негiзделген өзге де ұйымдар мемлекеттiк ғылыми ұйымдар болып табылады. 
      Мемлекеттiк ғылыми ұйымның құрамынан оның эксперименталдық базасы болып табылатын тәжiрибе кәсiпорындарын бөлiп шығаруға болмайды. 
      Мемлекеттiк ғылыми ұйымдар қайта құрылған кезде ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтiң технологиялық бiрлiгi қамтамасыз етiлуге тиiс. 

      3. Мемлекеттік ғылыми ұйымдар өздерiнде бар еңбекке ақы төлеуге арналған қаражат шегiнде уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен үстемеақының, қосымша ақының, сыйлықақының және ынталандыру сипатындағы басқа да төлемдердiң мөлшерiн белгiлей алады. 

      4. Мемлекеттiк тапсырысты орындайтын мемлекеттiк ғылыми ұйымдардың ғылыми қызметкерлеріне, ғылыми дәрежесі үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік аттестаттау органы берген тиісті дипломы болған кезде, ай сайын ғылым кандидаты, философия докторы (РhD) үшін - бір айлық ең төменгі жалақы және ғылым докторы үшiн екi айлық ең төменгi жалақы мөлшерiнде қосымша ақы белгiленедi. 

      5. Мемлекеттiк ғылыми ұйымдардың ғылыми қызметкерлерiне, еңбекке ақы төлеуге арналған қолда бар қаражат шегiнде, ғылым докторларына жыл сайын ұзақтығы 56 күнтiзбелiк күн, ғылым кандидаттарына және философия докторларына (РhD) - 42 күнтiзбелiк күн, басқа ғылыми қызметкерлерге - 35 күнтізбелiк күн ақы төленетін еңбек демалысы беріледi. 

      6. Қоғамдық ғылым академиялары, ғылыми-зерттеу институттары, орталықтары, дербес ғылыми зертханалар және жеке меншiкке негізделген өзге де ұйымдар мемлекеттік емес ғылыми ұйымдар болып табылады. 

      7. Ғылыми ұйымдардың: 

      1) ғылыми қызметтiң негiзгi бағыттарын дербес белгiлеуге; 

      2) ғылыми зерттеулердi қаржыландыру конкурстарына қатысуға; 

      3) ғылыми ұйымдармен және басқа заңды тұлғалармен тiкелей байланыстарды дамытуға; 

      4) бiрлестiктерге кiруге, егер ғылыми ұйымның жарғысында көзделген болса, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен филиалдар, еншiлес және бiрлескен кәсiпорындар құруға; 

      5) ғылыми еңбектер, мерзiмдi және сериялы басылымдар шығаруға, деректердiң ғылыми-техникалық банктерiн қалыптастыруға, ғылыми конференциялар мен басқа да ғылыми iс-шаралар өткiзуге; 

      6) мемлекетаралық және халықаралық ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламаларға қатысуға, шетелдiк ұйымдармен келiсiм-шарттар жасасуға құқығы бар. 

      7) <*>
       Ескерту. 6-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2007.07.27. N 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

       7-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым
             академиясы

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясы - Ұлттық Ғылым академиясының толық мүшелерiн (академиктерiн), корреспондент-мүшелерін және елдің жетекші ғалымдарын біріктіретін мемлекеттік ғылыми мекеме, оның қызметiнің негiзгi бағыттары ғылыми-зерттеу қызметі, ғылымның жай-күйiн талдау және оның дамуын болжау, ғылымды дамытудың және ғылыми кадрлар даярлаудың басым бағыттарын белгiлеу, ғылыми-сараптамалық қамтамасыз ету, ғылыми зерттеулер бағдарламаларын қалыптастыру және олардың орындалуын үйлестiру, өз құзыретi шегiнде халықаралық ғылыми ынтымақтастықты, инновациялық және инвестициялық қызметтi дамытуға жәрдемдесу болып табылады. 

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясы республикалық мемлекеттік мекеме нысанында құрылады және өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жарғыға сәйкес жүзеге асырады. қараңыз.U031208

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының президентін Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясы мүшелері жалпы жиналысының пікірін ескере отырып, Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметінен босатады. 

      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясын Қазақстан Республикасының Президенті құрады, қайта ұйымдастырады және таратады. 

      5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясы жарғыға сәйкес өз мүшелерінің (Қазақстан Республикасы ұлттық Ғылым академиясы академиктерінің, корреспондент-мүшелерінің) сайлауын өткізуді қамтамасыз етеді. 

       8-бап. Қоғамдық ғылым академиялары

      Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ғылым мен техниканың тиісті салаларында зерттеулер ұйымдастыратын және жүргізетін қоғамдық ғылым академиялары құрылуы мүмкін. 
      Қоғамдық ғылым академиялары мемлекеттік органдармен жасалған шарттар бойынша олар үшін ғылыми және ғылыми-техникалық зерттеулерді орындап, ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыруға конкурстық негізде қатыса алады. 

       9-бап. Ғылыми орталықтар

      1. Ғылыми ұйымдар ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті үйлестіру, материалдық, қаржы және кадр ресурстарын шоғырландыру, сондай-ақ ортақ мүліктік мүдделерді білдіру мен қорғау мақсатында ғылыми (ұлттық, академиялық, ғылыми-әдістемелік, ғылыми-практикалық, ғылыми-өндірістік) орталықтар болып табылатын заңды тұлғалар құруы мүмкін. 

      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен мемлекеттік ұлттық ғылыми орталықтар - ғылым мен техника дамуының басым бағыттары бойынша ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын, зерттеулерден бастап олардың нәтижелерін өндіріске енгізуге дейінгі бірыңғай технологиялық процесті қамтамасыз ететін ұйымдар құрылуы мүмкін. 
      Ұлттық ғылыми орталықтар жүзеге асыратын қызметтің нысанасы, мақсаттары мен түрлері олардың құрылтай құжаттарымен айқындалады.

       10-бап. Ғылым саласындағы басқа да ұйымдық
              нысандардың дамуы

      Қызметінің негізгі нысанасы ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет болып табылмайтын заңды тұлғалар, өздерінің  құрылтай құжаттарында баянды етілген міндеттерді шешу үшін өз құрылымында ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыруға арналған ғылыми бөлімшелер құра алады.

  3-тарау. ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ
ҚЫЗМЕТ НӘТИЖЕСІНДЕ САНАТКЕРЛІК МЕНШІК
ҚҰҚЫҒЫ

       11-бап. Санаткерлік меншік құқығының объектісі

      Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің кез келген ақпарат жеткізушіде тіркелген нәтижесі ғылыми санаткерлік меншік құқығының объектісі болып табылады. 

       12-бап. Ғылыми санаткерлік меншік құқығының субъектісі

      1. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесін шығармашылық еңбегімен алған жеке және заңды тұлғалар ғылыми санаткерлік меншік құқығының субъектілері болып табылады. 

      2. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесін алуға жеке шығармашылық үлес қоспаған, сондай-ақ тек қана техникалық, ұйымдастырушылық және өзге де көмек көрсеткен немесе алынған нәтижеге санаткерлік меншік құқығын ресімдеуге жәрдемдескен тұлғалар ғылыми санаткерлік меншік құқығының субъектілері болып танылмайды. 

      3. Қызметтік тапсырма бойынша қызметкерлері ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесін алған ғылыми ұйым, егер олардың арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, оны пайдалануға айрықша құқық алады. 

       13-бап. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет
              нәтижесіне авторлық құқық

      1. Санаткерлік меншік құқығы субъектісінің ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесіне авторлық құқығы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен танылады. 

      2. Егер ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесі екі немесе одан да көп тұлғаның бірлескен шығармашылық еңбегімен жасалса, олар тең авторлар болып танылады. 

       14-бап. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет
              нәтижесіне жеке мүліктік емес және мүліктік
              құқықтар

      1. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесі авторының Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осы нәтижеге қатысты жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтары болады. 

      2. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесін пайдалануға мүліктік (айрықша) құқықтар Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарымен айқындалады.

       15-бап. Авторлық құқықты қорғау

      Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесі авторының құқықтарын қорғау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

  4-тарау. ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ
БАСҚАРУ МЕН ҰЙЫМДАСТЫРУ

       16-бап. Ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті басқару

      1. Ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті басқару ғылыми ұйымдарды мемлекеттік реттеу мен ғылыми ұйымдарда өзін-өзі басқаруды қамтамасыз етуді ұштастыру негізінде жүзеге асырылады. 

      2. Ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілетті мемлекеттік орган арқылы жүзеге асырады. 

      3. Ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында мемлекеттік саясат жүргізуді үйлестіру ісін уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады. 
       Ескерту. 16-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.  N 13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).

       17-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті

      Қазақстан республикасының Үкіметі: 

      1) ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты және оны жүзеге асыру жөніндегі шараларды әзірлейді; 

      2) Қазақстан Республикасындағы іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын айқындайды; 

      3) мемлекеттік ғылыми-техникалық даму бағдарламаларын әзірлейді; 

      4) нысаналы ғылыми-техникалық бағдарламалардың негізгі тапсырмалары мен көрсеткіштерін бекітеді; 

      5) мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру мен өткізу тәртібін бекітеді; 

      6) республика үшін аса маңызды кешенді ғылыми-техникалық бағыттар бойынша мемлекеттік ұлттық ғылыми орталықтар құрады;

      7) Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес мемлекеттік ғылыми ұйымдарды құрады, қайта ұйымдастырады және таратады;

      7-1) Ғылыми ұйымдарды аттестаттау туралы ереженi бекiтедi;

      7-2) Мемлекеттiк емес ғылыми ұйымдарды аккредитациядан өткiзу ережелерiн бекiтедi;

      7-3) доценттер мен профессорларға берiлетiн мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың нысандарын бекiтедi;

      8) осы Заңға сәйкес ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекітеді;

      9) Ғылым қорын құрады және ол туралы Ережені бекітеді.

      10)  алып тасталды
       Ескерту. 17-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2007.07.27. N 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

       18-бап. Уәкілетті мемлекеттік органның және өзге де
              орталық атқарушы органдардың құзыреті

      1. Уәкілетті мемлекеттік органның құзыретіне:

      1) мемлекеттік ғылыми-техникалық саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;

      2)  алып тасталды

      3) Қазақстан Республикасындағы іргелі және қолданбалы ғылыми  зерттеулердің басым бағыттарын қалыптастыру; 

      4) іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер саласындағы мемлекеттік ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы ұсыныстар енгізу;

      4-1) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдарды қоспағанда, мемлекеттiк ғылыми ұйымдардың басшыларын, осы ұйымдардың ғылыми кеңесiнiң ұсынымдарын ескере отырып, қызметке тағайындау және қызметтен босату;

      4-2) оның мүшелерiн сайлау тәртiбiн қоса алғанда, ғылыми ұйымның консультациялық-кеңесшi органы туралы үлгi ереженi бекiту;

       5) алынып тасталды - ҚР 2007.07.27 N 320 (2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

       6) алынып тасталды - ҚР 2007.07.27 N 320 (2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

       7) алынып тасталды - ҚР 2007.07.27 N 320 (2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

      8) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдарды қоспағанда, ғылыми ұйымдарды аттестаттаудан өткізу;

      9) мемлекеттік емес ғылыми ұйымдарды аккредитациядан өткізу;

      10) ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;

      11)  алып тасталды

      12) осы Заңның 22-бабының 1-тармағында аталған объектiлерге мемлекеттiк ғылыми-техникалық сараптама жүргiзудi ұйымдастыру;

      13) алынып тасталды - ҚР 2007.07.27 N 320 (2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

      14) бiлiктiлiгi жоғары ғылыми және ғылыми-педагог кадрларға мемлекеттiк аттестаттау жүргiзудi ұйымдастыру жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi бекiту;

      15) алынып тасталды - ҚР 2007.07.27 N 320 (2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

      16) мемлекеттiк мерзiмдi ғылыми-техникалық басылымдар мен басқа баспа өнiмдерiн, соның iшiнде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде басып шығаруға арналған баспа өнiмдерiн басып шығарудың орындылығын айқындау;

      17) бюджет қаражаты есебiнен жүргiзiлетiн ғылыми-зерттеу жұмыстарын, iргелi және қолданбалы зерттеулердiң аяқталған тақырыптары мен бағдарламаларын, қорғалған кандидаттық және докторлық диссертацияларды мемлекеттік тiркеу ережелерiн бекiту және оларды мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз ету;

      18) Қазақстан Республикасының Yкiметiне ғылыми кадрларды даярлау мен аттестаттау жүйесiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгізу жатады.

      2. Уәкілетті мемлекеттік орган және өзге де орталық атқарушы органдар өздерінің өкілеттіктері шегінде: 

      1) мемлекеттік ғылыми ұйымдар құру туралы ұсыныс енгізеді; 

      2) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобалар бойынша міндеттемелерді іске асырады; 

      3) ғылым саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады.

      4) алып тасталды
       Ескерту. 18-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.07.07. N 171 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз), 2007.07.27 N 320 (2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

       19-бап. Ғылыми ұйымдарды аттестаттау

      1. Ғылыми ұйымдарды аттестаттау олардың негізгі қызметінің тиімділігін анықтау және материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын ұтымды пайдалану, осы негізде олардың желісі мен құрылымын ретке келтіру, ғылыми кадрлар даярлау жөніндегі жұмыстың тиімділігін бағалау үшін жүзеге асырылады

      2. Барлық ғылыми ұйымдар кем дегенде бес жылда бір рет аттестатталуға тиіс. 
      3.  алып тасталды
      4.  алып тасталды
       Ескерту. 19-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).

       20-бап. Мемлекеттік емес ғылыми ұйымдарды
               аккредитациялау

      1. Мемлекеттік емес ғылыми ұйымдарды аккредитациялау отандық ғылым мен техниканың бәсекелестік деңгейін қолдау мақсатында жүргізіледі.
      2.  алып тасталды
       Ескерту. 20-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).

       21-бап. Ғылыми ұйымды басқару

      1. Ғылыми ұйымды басқару Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес және оның құрылтай құжаттарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады. 

      2. Ғылыми ұйымның басшысын қызметке тағайындау және қызметтен босату осы ғылыми ұйымның ғылыми кеңесiнiң ұсынымдарын ескере отырып жүзеге асырылады.

      3. Мемлекеттік ғылыми ұйымда ғылыми мекеменің ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет жөніндегі консультациялық-кеңесші органы - ғалымдар (ғылыми, ғылыми-техникалық, техникалық) кеңесі құрылады. 
       Ескерту. 21-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).

      22-бап. Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама

      1. Міндетті мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама объектілері: 

      1) бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер бағдарламаларының жобалары мен жеке жобалары; 

      2) Қазақстан Республикасында салынатын өндірістік-технологиялық кешендердің жобалары; 

      3) республикалық нысаналы ғылыми-техникалық бағдарламалар; 

      4) жеке және заңды тұлғалардың ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы жобалары; 

      5) бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын аяқталған ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобалардың нәтижелері; 

      6) мемлекеттік ғылыми және басқа ұйымдардың жекешелендіру кезіндегі материалдары (пайдаланылатын технологиялар бөлігіндегі); 

      7) мемлекеттік мұқтаждар үшін шетелдік техника мен технологияның импорты жөніндегі жобалар; 

      8) ғылым мен техника саласында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлықтарын алуға ұсынылатын жұмыстар болып табылады. 

      2.  алып тасталды

      3. Міндетті мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама объектілері бойынша мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жүргізуге арналған қаражат ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтi қаржыландыруға бөлетін бюджет қаражаттары шегінде көзделеді. 
       Ескерту. 21-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).

         23-бап. Ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті
              ақпараттық қамтамасыз ету

      1. Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің ғылыми-техникалық ақпарат алуға құқығы бар. 
      Мемлекеттік немесе қызметтік құпия болып табылатын ғылыми және ғылыми-техникалық ақпаратқа қол жеткізу Қазақстан Республикасының  заң актілерінде белгіленген тәртіппен және жағдайларда жүзеге асырылады.

      2. Мемлекет ғылым мен техника саласында мемлекеттік ақпарат жүйелерінің құрылуын және жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, олар ғылыми және ғылыми-техникалық ақпаратты жинауды, талдап қорытуды, сақтауды және тұтынушыларға жеткізуді жүзеге асырады. 

      3.  алып тасталды
      Ескерту. 23-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).

         24-бап. Ғылым мен техника саласындағы инновациялық
                 қызметті мемлекеттік қолдау

      1. Мемлекеттік ғылым мен техника саласында инновациялық қызметті жүзеге асыратын барлық ұйымдарға олар үшін тең жағдай жасау жолымен қолдау көрсетуге кепілдік береді. 

      2. Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау: 

      1) технологиялық дамудың, инновациялық басымдықтардың ұзақ мерзімді стратегиясын айқындау, инновациялық бағдарламалар әзірлеу; 

      2) мемлекеттің басым инновациялық жобаларды, соның ішінде конверсиялық жобаларды қаржыландыруға қатысуы; 

      3) инновациялық құрылымды - технопарктерді, технологиялық инкубаторларды, инновациялық орталықтарды, инновациялар бойынша деректер банктерін дамытуға жәрдемдесу; 

      4) инновациялық менеджерлердің оқуын ұйымдастыру; 

      5) инновациялар және технологиялар трансферті, санаткерлік меншікті қорғау саласында халықаралық ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесу;

      6) түпкі ғылыми-техникалық өнімге бағытталған инновациялық қызметті басымдықпен қолдау бағыттарында іске асырылады.

       25-бап. Ғылым мен білім беруді интеграциялау

      Жоғары оқу орындарында Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен ғылыми-зерттеу институттары, проблемалық ғылыми-зерттеу зертханалары, басқа да ғылыми бөлімшелер, ал ғылыми ұйымдар құрамында жоғары оқу орындарының кафедралары құрылуы мүмкін.

  5-тарау. ҒЫЛЫМДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ

       26-бап. Ғылымды және ғылыми-техникалық қызметті
              қаржымен қамтамасыз ету

      1. Ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті қаржымен қамтамасыз ету қаржыландырудың әртүрлі көздеріне негізделеді. 

      2. Іргелі және басым қолданбалы зерттеулерді дамыту, ғылыми әлеуетті сақтау мен дамыту үшін бюджет қаражатын бөлу көзделеді. 
      Іргелі, бастамашылық және тәуекелді зерттеулерді республикалық бюджет қаражаты мен Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен гранттар түрінде нысаналы қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі Ғылым қорын құрады. Ғылым қоры туралы ережені Қазақстан Республикасының Үкіметі  бекітеді.

      3. Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің өз қаржы ресурстары, демеушілерден тартылған қаражаттар мен қайырмалдықтар есебінен жүзеге асырылуы мүмкін. 

      4. Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет ұлттық және шетелдік демеушілерден алынатын гранттар есебінен жүзеге асырылуы мүмкін. Жеке тұлғалар да, заңды тұлғалар да демеушілер бола алады. 
      Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бойынша немесе Қазақстанның аумағында орналасқан шетелдік демеушілерден алынған гранттар ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет саласында ұлттық мүдделерге зиян келтірілмей, гранттар беру шарттарының ережелеріне сәйкес пайдаланылады. 
      5. <*>

      6. Басым ғылыми зерттеулер жүргізуге мемлекеттік тапсырысты бағдарламалық-нысаналы принципке сәйкес конкурстық негізде, тиісінше аттестаттаудан не аккредитациялаудан өткен мемлекеттік және мемлекеттік емес ғылыми мекемелерге орналастыруға болады. 

      7. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру: 

      1) іргелі ғылыми зерттеулер; 

      2) басым қолданбалы ғылыми зерттеулер; 

      3) республиканың ұлттық қауіпсіздігі мен тәуелсіздігіне сай келетін зерттеулердің стратегиялық бағыттары; 

      4) ғылымды, техника мен технологияны дамытудың басым бағыттары бойынша мемлекеттік нысаналы ғылыми-техникалық бағдарламалар; 

      5) халықаралық бағдарламалар шеңберінде зерттеулер жүргізу үшін жүзеге асырылады. 
      Мемлекет мемлекеттік ғылыми инфрақұрылымды дамытуды және бірегей ғылыми-техникалық объектілерді сақтауды жүзеге асырады және ғылыми ұйымдар үшін ғылыми жабдықтар сатып алуға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес субсидия бере алады. 

      8. Ғылыми зерттеулер мен ғылыми-техникалық бағдарламаларды бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру ұсынылатын бағдарламаларға және ғылыми зерттеулердің нәтижелеріне міндетті түрде мемлекеттік ғылыми және ғылыми-техникалық сараптама жүргізіле отырып, конкурстық негізде жүзеге асырылады. 

      9. Қолданбалы ғылыми зерттеулерді қаржыландыру заем қаражаттары есебінен жүзеге асырылуы мүмкін.
       Ескерту. 26-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).

      27-бап. Мемлекеттік ғылыми ұйымдарды иеліктен шығару

      Іргелі зерттеулер жүргізетін мемлекеттік ғылыми ұйымдар иеліктен шығаруға жатпайды.
       Ескерту. 27-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.03.01 N 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

  6-тарау. ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕРДІ КАДРЛАРМЕН
ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

       28-бап. Ғылыми және ғылыми-техник кадрлар даярлау

      1. Ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті кадрлармен қамтамасыз ету осы саладағы мемлекеттік саясаттың құрамдас бөлігі болып табылады. 

      2. Мемлекет білім беру ұйымдарында және ғылыми ұйымдарда ғылыми кадрлар даярлауды ұйымдастырады, осы мақсат үшін қажетті қаржы ресурстарын бөледі. Магистратураға және докторантураға жеке және заңды тұлғалардың қаражаты есебінен қабылдауға жол беріледі.
       Ескерту. 28-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.07.27. N 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін   2-баптан қараңыз) Заңымен.

       29-бап. Ғылыми біліктілікті арттыру нысандары

      Білікті кадрлары және материалдық-техникалық базасы бар ғылыми ұйымдар белгіленген тәртіппен магистратура, докторантура ашуға, ғылыми қызметкерлердің тағылымдамасын ұйымдастыруға және біліктілікті арттырудың басқа да нысандарын пайдалануға құқылы. Мемлекет ғылыми кадрлардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ұйымдардың жұмыс істеуі үшін тең мүмкіндіктер жасайды. 
       Ескерту. 29-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.07.27. N 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін   2-баптан қараңыз) Заңымен.

       30-бап. Ғылыми кадрларды мемлекеттік аттестаттау

      1. Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың академиялық дәрежелер мен ғылыми атақтар алуларына құқықтары бар.
      Жоғары білікті ғылыми және педагог кадрларды мемлекеттік аттестаттаудан өткізу, академиялық дәрежелер беру және оларға ғылыми атақтар беру тәртібін ғылым саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
      2. Академиялық дәреже берілген немесе ғылыми атақ берілген адамдарға нысанын Қазақстан Республикасы Үкіметі бекітетін мемлекеттік үлгідегі құжат беріледі.
      Шет мемлекеттер берген академиялық, ғылыми дәрежелерді беру немесе ғылыми атақтарды беру туралы құжаттарды Қазақстан Республикасында тану ғылым саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
       Ескерту. 30-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.07.27 N 320 (2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

    7-тарау. ҒЫЛЫМ МЕН ТЕХНИКА САЛАСЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ

       31-бап. Халықаралық ғылыми және ғылыми-техникалық
              ынтымақтастық

      1. Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы халықаралық ынтымақтастық Қазақстан Республикасы заңдарының және халықаралық шарттардың негізінде жүзеге асырылады. 

      2. Қазақстан Республикасында халықаралық және шетелдік ғылыми ұйымдарды, шетелдік ғылыми ұйымдардың филиалдарын құру халықаралық шарттардың негізінде жүзеге асырылады.

      3. Басқа мемлекеттерде берілген ғылыми дәрежелер Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен танылады.
       Ескерту. 31-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).

    8-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      32-бап. Ғылым саласындағы заңдардың бұзылғаны
              үшін жауаптылық

      Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы заңдардың бұзылуына кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауапты болады.

       33-бап. Осы Заңның қолданысқа енгізілуі

      1. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      2. 6-баптың 4-тармағы 2001 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті