Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білікті заң көмегін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 11 желтоқсандағы N 230-IV Заңы

      "Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, холдингтерде, ұлттық компанияларда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда әкімшілік шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы N 289 өкіміне сәйкес және Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық конференциясына қатысу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Б.Т. Сұлтанов пен Ә.Ә. Бақаевты Женева қаласына (Швейцария Конфедерациясы) іссапарға жіберу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 23 қыркүйектегі N 1424 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      2-тармақтағы "Алматы - Майндағы Франкфурт - Женева - Майндағы Франкфурт - Астана" деген сөздер "Астана - Майндағы Франкфурт - Женева - Майндағы Франкфурт - Астана" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов