Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 01.03.2016 № 205 Жарлығымен.

      «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығын іске асыру мақсатында қаулы етемін:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) бір ай мерзімде Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісім бойынша бекітсін;
      2) Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығында айкындалған мерзімде және тәртіпте Бағдарламаны іске асыру мониторингі нәтижелерін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсынады.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
      4. «Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 - 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 шілдедегі № 626 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 32, 333-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
      6. Осы Жарлық 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                     Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың
2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

1. Бағдарламаның Паспорты

      Ескерту. 1-бөлімге өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 02.11.2012 № 423; 12.08.2014 N 893 Жарлықтарымен.

Бағдарламаның      Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың
атауы              2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік
                   бағдарламасы

Әзірлеу үшін       «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі
негіз              Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан
                   Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы
                   № 922 Жарлығы;
                   «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы»
                   Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы
                   19 наурыздағы № 957 Жарлығы

Бағдарламаны       Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
әзірлеуші          министрлігі

Мақсаты            Экономиканың орнықты дамуы үшін сапалы білімнің
                   қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы адами
                   капиталды дамыту, білімнің бәсекеге қабілеттілігін
                   арттыру

Бағдарламалық       білім беру қызметіне тең қол жеткізуді қамтамасыз
мақсаттар          етуге бағдарланған қаржыландыру жүйесін жетілдіру;
                    педагог мамандығының беделін көтеру;
                    білім беруді басқарудың мемлекеттік-қоғамдық
                   жүйесін қалыптастыру;
                    білім беру процесінің барлық қатысушыларының
                   үздік білім беру ресурстары мен технологияларына
                   тең қол жеткізуін қамтамасыз ету;
                    халықтың мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
                   ұйымдарының сапалы көрсетілетін қызметтеріне
                   қажеттілігін қанағаттандыру;
                    жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан
                   Республикасының зияткерлік, дене бітімі және
                   рухани дамыған азаматын қалыптастыру, тез
                   өзгеретін әлемде оның табысты болуын қамтамасыз
                   ететін білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру,
                   еліміздің экономикалық әл-ауқаты үшін бәсекеге
                   қабілетті адами капиталды дамыту. 12 жылдық оқыту
                   моделіне көшу;
                    қоғамның және экономиканың
                   индустриялық-инновациялық даму сұраныстарына
                   сәйкес техникалық және кәсіптік білім (бұдан әрі –
                   ТжКБ) жүйесін жаңғырту, әлемдік білім беру
                   кеңістігіне бірігу;
                    еңбек нарығының, еліміздің
                   индустриялық-инновациялық даму міндеттері мен жеке
                   тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандыратын және
                   білім беру саласындағы үздік әлемдік тәжірибелерге
                   сай келетін жоғары білім сапасының жоғары
                   деңгейіне қол жеткізу;
                    өмір бойы білім алу жүйесінің жұмыс істеуін
                   қамтамасыз ету;
                    жастардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды,
                   әлеуметтік жауапкершілікті, отансүйгіштік сезімді,
                   жоғары адамгершілік және көшбасшылық қасиеттерді
                   қалыптастыру

Міндеттері          сапалы білімге қолжетімділікті арттыруға
                   бағытталған білім беруді қаржыландырудың жаңа
                   тетіктерін әзірлеу;
                    білім беру жүйесін жоғары білікті кадрлармен
                   қамтамасыз ету;
                    педагог қызметкерлердің еңбегін мемлекеттік
                   қолдау мен ынталандыруды күшейту;
                    білім берудегі менеджментті жетілдіру, оның
                   ішінде корпоративтік басқару принциптерін енгізу,
                   білім беруде мемлекеттік-жеке әріптестік жүйесін
                   қалыптастыру;
                    білім беруді дамытудың мониторинг жүйесін
                   жетілдіру, оның ішінде халықаралық талаптарды
                   ескере отырып, ұлттық білім статистикасын құру;
                    2015 жылға дейін 5-6 жастағы балаларды мектепалды
                   даярлықпен толық қамтуды қамтамасыз ету;
                    мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын
                   жаңарту;
                    мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарын
                   кадрлармен қамтамасыз ету;
                    12 жылдық оқыту моделіне көшуді білім беру
                   мазмұнын жаңғыртумен қоса жүзеге асыру;
                    шағын жинақталған мектептердің (бұдан әрі – ШЖМ)
                   проблемаларын шешу;
                    мектептегі инклюзивті білім беру жүйесін
                   жетілдіру;
                    экономиканың индустриялық-инновациялық даму
                   сұраныстарын ескере отырып, ТжКБ мазмұнының
                   құрылымын жаңарту;
                    экономика салалары үшін кадрлар даярлаудың
                   инфрақұрылымын дамыту;
                    ТжКБ-да оқудың беделін арттыру;
                    еліміздің индустриялық-инновациялық даму
                   жобаларына сай келетін жоғары және жоғары оқу
                   орнынан кейінгі білімі бар кадрлармен қамтамасыз
                   ету;
                    жоғары білімнің еуропалық аймағына бірігуді
                   қамтамасыз ету;
                    білімнің, ғылымның және өндірістің бірігуін
                   қамтамасыз ету, зияткерлік меншік пен
                   технологиялардың өнімдерін коммерцияландыру үшін
                   жағдай жасау. Жоғары білікті ғылыми және
                   ғылыми–педагог кадрларды даярлау;
                    өмір бойы оқыту, баршаға білім алу үшін жағдай
                   жасау;
                    жастарды отан сүйгіштікке тәрбиелеу және олардың
                   азаматтық белсенділігін, әлеуметтік
                   жауапкершілігін және әлеуетін ашу тетіктерін
                   қалыптастыру жөніндегі шаралар кешенін іске асыру;
                    балаларды мектепке даярлау үшін олардың мектепке
                   дейінгі тәрбие мен оқытудың әртүрлі
                   бағдарламаларына тең қолжетімділігін қамтамасыз
                   ету;
                    республикадағы демографиялық жағдайды және
                   халықтың білім алуға деген қажеттіліктерін ескере
                   отырып, мектепке дейінгі ұйымдардың вариативті
                   желісін ұлғайту;
                    мектепке дейінгі ұйымдардың тапшылығы
                   проблемаларын шешу үшін қажетті
                   қаржылық-экономикалық жағдайлар жасау;
                    мектепке дейінгі ұйымдарды білікті кадрлармен
                   толық қамтамасыз етуді жүзеге асыру және олардың
                   біліктілігін тұрақты түрде арттыру;
                    инклюзивті білім беруді дамыту (мектепке дейінгі
                   ұйымдарды пандустармен, кіреберістермен,
                   көтергіштермен, лифтілермен және т.б.
                   жарақтандыру);
                    оқытудың жаңа әдістемелері мен технологияларын
                   енгізу есебінен тәрбиелеу мен оқыту мазмұнын
                   жаңарту;

Іске асыру         2011 – 2020 жылдар
мерзімдері         Бағдарлама екі кезеңде іске асырылатын болады:
(кезеңдері)        бірінші кезең: 2011 – 2015 жылдар;
                   екінші кезең: 2016 – 2020 жылдар.

Нысаналы            ШЖМ-нан басқа, барлық білім беру ұйымдарында жан
индикаторлар       басына шаққандағы қаржыландыру тетіктері
                   енгізілген;
                    педагогтердің жалпы санына шаққанда жоғары және
                   бірінші санаты бар жоғары білікті педагог
                   қызметкерлердің үлесі - 54%;
                    білім беру ұйымдарының 60 %-ында қамқоршылық
                   кеңестер құрылған;
                    білім беру ұйымдары басшыларының 100 %-ы
                   менеджмент саласында біліктілігін арттырған және
                   қайта даярлаудан өткен;
                    орта білім беру ұйымдарының 90 %-ында электрондық
                   оқыту жүйесі пайдаланылады;
                    2020 жылы 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар
                   мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 100%
                   қамтамасыз етілетін болады;
                    12 жылдық оқыту моделіне толық көшу жүзеге
                   асырылған;
                    Қазақстанның барлық өңірлеріндегі «Назарбаев
                   Зияткерлік мектептері» жобасының шеңберіндегі
                   мектептердің саны – 20;
                    жаратылыстану-математика пәндері бойынша білім
                   беру оқу бағдарламаларын жетік меңгерген
                   оқушылардың үлесі – 70 %;
                    қазақстандық жалпы білім беретін мектептер
                   оқушыларының халықаралық салыстырмалы
                   зерттеулердегі нәтижелері:
                    оқушылардың білім жетістіктерін бағалау жөніндегі
                   халықаралық бағдарлама (PISA) – 40-45 орын, 4 және
                   8-сынып оқушыларының математика және жаратылыстану
                   саласындағы сауаттылығын бағалау (TIMSS) – 10-12
                   орын, «Оқу және мәтінді түсіну сапасын зерделеу»
                   (PIRLS) – 10-15 орын;
                    мектептердің жалпы санына шаққанда инклюзивті
                   білім беру үшін жағдайлар жасаған мектептердің
                   үлесі – 70 %;
                    қатысушылардың жалпы санына шаққанда кәсіби
                   даярлық деңгейін бағалаудан және біліктілікті
                   беруден алғашқы реттен өткен ТжКБ бітірушілерінің
                   үлесі - 80%;
                    ТжКБ оқу орындарында мемлекеттік білім беру
                   тапсырысы бойынша білім алған түлектердің оқуды
                   бітіргеннен кейінгі алғашқы жылы жұмыспен
                   қамтылғандардың және жұмысқа орналасқандардың
                   үлесі – 80 %;
                    ұлттық институционалды аккредиттеу рәсімінен
                   өткен колледждердің үлесі – 30 %;
                    жұмыс берушілер қоғамдастығында біліктілікті
                   тәуелсіз бағалаудан алғашқы реттен өткен жоғары
                   оқу орындарын (бұдан әрі – ЖОО) бітірушілердің
                   оған қатысқандардың жалпы санынан үлесі – 80 %;
                    жоғары оқу орындарында мемлекеттік білім беру
                   тапсырысы бойынша білім алған бітірушілердің 80
                   %-ы жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін бір жыл
                   ішінде мамандығы бойынша жұмысқа орналасқан;
                    әлемнің үздік университеттері рейтингінде
                   көрсетілген Қазақстанның жоғары оқу орындарының
                   саны – 2;
                    халықаралық стандарттар бойынша тәуелсіз ұлттық
                   институционалды аккредиттеуден өткен жоғары оқу
                   орындарының үлесі – 65 %;
                    халықаралық стандарттар бойынша тәуелсіз ұлттық
                   мамандандырылған аккредиттеуден өткен жоғары оқу
                   орындарының үлесі – 30 %;
                    отандық ғылыми зерттеулердің нәтижелерін
                   өндіріске енгізудің негізінде білім мен ғылымды
                   біріктіру жолымен инновациялық қызметті жүзеге
                   асыратын жоғары оқу орындарының үлесі - 13%;
                    соңғы 5 жылда импакт-факторлы ғылыми журналдарда
                   жарияланымдары жарық көрген профессор-оқытушы
                   құрамының және ғылыми қызметкерлердің үлесі – 5 %;
                    барлық жастағы адамдар үшін білім берудің әртүрлі
                   нысандары мен типтері енгізіледі;
                    жастардың жалпы санынан 55 %-ы жастар саясаты мен
                   патриоттық тәрбие саласындағы іс-шараларды іске
                   асыруға белсенді түрде қатысатын болады.

Қаржыландыру       Бағдарламаның бірінші кезеңін республикалық
көздері мен        бюджеттен қаржыландыру көлемі 509,7 млрд. теңгені
көлемі             құрайды.
                   Жергілікті бюджеттен қаржыландыру жыл сайын тиісті
                   жергілікті бюджеттерден білім беру жүйесін
                   дамытуға бөлінетін қаражат шеңберінде жүзеге
                   асырылатын болады.

2. Кіріспе

      Білім беру «Қазақстан – 2030» ұзақ мерзімді Стратегиясының маңызды басымдықтарының бірі болып танылды. Қазақстандағы білім беру реформаларының жалпы мақсаты білім беру жүйесін жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімдеу болып табылады. Қазақстан Президенті республиканы әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енгізу туралы міндет қойған болатын. Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды рөл атқарады.
      Халықаралық тәжірибе ерте балалық шақтан ересек жасқа дейін адами капиталға, атап айтқанда, білім беруге бөлінетін инвестицияның экономика мен қоғамға елеулі қайтарымы болатынын дәлелдеп отыр.
      Адами капиталға бөлінетін инвестициялар жылдам өзгеретін әлемде бейімделе алатын техникалық прогрессивті, өнімді жұмыс күшін құру үшін аса қажет. Болашақтың табысты экономикасы білім беруіне, халықтың дағдылары мен қабілетіне инвестициялайтындар болмақ. Білім беруді әлеуметтік қажеттіліктерге жұмсалатын шығындар ретінде ғана емес, экономикалық инвестициялар ретінде түсіну қажет.
      Білім беру мен экономикалық өсуді байланыстыратын көптеген дәлелдер бар:
      макро- және микроэкономикадағы халықаралық зерттеулерді шолу білім берудің, табыстың және өнімділіктің арасында тығыз байланыстың бар екенін дәлелдеп отыр. Бұл ретте оқытудың бастапқы кезеңіне инвестициялаудың зор қайтарымы болатыны байқалады;
      зерттеулер білім беруді дамытуға жұмсалған инвестицияның маңызды жақтарын растайды.
      Экономикалық пайдадан бөлек білім беру басқа да әлеуметтік пайдаларды келтіреді, әлеуметтік капиталдың – азаматтардың көп үлесінің қатысуымен құралған, әлеуметтік бірлігі мен интеграциясы жоғары, құқық бұзушылық деңгейі төмен қоғамның қалыптасуына ықпал етеді. Жастайынан білім алу әлеуметтік, эмоционалдық және басқа да өмірге қажетті дағдыларды қалыптастыруда маңызды рөлге ие. Білім беру қызметінің барлық спектрларын одан әрі дамытудың сенімді дәлелдері осында. Қазақстанның білім беруді түбегейлі жаңғыртуы: білім беруге салынатын инвестицияны айтарлықтай және тұрақты ұлғайтуы, оның сапасын жақсартуы қажет.
      Сондықтан жаңа ұлттық пайымдау ұсынылады: 2020 жылға қарай Қазақстан – білімді мемлекет, ақылмен құрылған экономика және біліктілігі жоғары жұмыс күші. Білім берудің дамуы еліміздің болашақ экономикалық, саяси және әлеуметтік-мәдени өркендеуі сүйенетін тұғырнамасы болуы тиіс.
      Білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатын іске асырудың ұйымдастырушылық негізі – қазақстандық білімді жаңғыртудың жалғастырылуын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) болуы тиіс.
      Бағдарлама білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың ұйымдастырушылық негізі ретінде білім беру мен тәрбиенің, басқару жүйесінің, білім беру қызметі субъектілерінің құқықтық-ұйымдастырушылық нысандарының және қаржы-экономикалық тетіктерінің құрылымындағы, мазмұны мен технологияларындағы өзгерістерді қамтитын ресурстары мен мерзімі бойынша бір-бірімен өзара байланыстағы іс-шаралар кешені болып табылады.

3. Ағымдағы жай-күйді талдау

      Ескерту. 3-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 12.08.2014 N 893 Жарлығымен.

      Қазақстан Республикасында ел басшылығының адами капиталды дамытудың қажеттілігі мен маңыздылығын түсініп, білім беру жүйесін реформалауды бастауға және жүргізуге жан-жақты қолдау көрсетуінің нәтижесінде білім беруді қарқынды дамыту мен жаңғырту мүмкін болып отыр.
      2005 жылдан бастап Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 – 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, 2007 – 2011 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бағдарламасы, Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы қабылданды.
      Дарынды жас қазақстандықтарға әлемнің үздік университеттерінде білім алуға мүмкіндік беретін Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру еліміздегі адами капиталдың дамуына қосылған елеулі үлес болды.
      Қазақстан қазіргі уақытта білім беру, адам мен бала құқығын қорғау саласындағы негізгі халықаралық құжаттарға қатысушы болып табылады. Бұл – Жалпыға бірдей адам құқықтары декларациясы, Бала құқықтары туралы конвенция, Адамның экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарының Халықаралық декларациясы, Еуропа өңірінде жоғары білім беруге жататын біліктілікті тану туралы Лиссабон конвенциясы, Болон декларациясы және т.б.
      Адами ресурстарды дамыту еліміздің 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарындағы басымдықтардың бірі ретінде айқындалған.
      Білім беруге инвестиция салу арқылы адами капиталды сапалы дамытуда нақты қол жеткен мақсаттар бар.
      Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру нәтижесінде 2010 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша білім берудің барлық деңгейі тиісті ұйымдар желісімен институционалды қамтамасыз етілген. Білім берудің құрылымы Халықаралық білім берудің стандартты жіктеуішіне сәйкес келтірілді. Оқытудың 12 жылдық моделін енгізу үшін жағдайлар жасалуда. Техникалық және кәсіптік білім қайта құрылымдалды. Мамандарды үш деңгейлі даярлау енгізілді: бакалавр – магистр – Ph.D докторы. Мамандықтардың ірілендірілген топтарынан тұратын Қазақстан Республикасы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтарының жіктеуіші бекітілді.
      Тәуелсіз сыртқы бағалау элементтерін қамтитын (лицензиялау, аттестаттау, аккредиттеу, рейтинг, ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі – ҰБТ), мемлекеттік аралық бақылау (бұдан әрі – МАБ), талапкерлерді кешенді тестілеу және т.б.) Ұлттық білім беру сапасын бағалау жүйесі құрылды.
      Республиканың барлық өңірлерінде білім беру сапасын бағалаудың облыстық жүйесін енгізу басталды.
      Білім беру ұйымдарының материалдық базасы нығайтылуда.
      2009 жылдың өзінде мектептерде 640 биология кабинеті, 536 – лингафондық мультимедиалық кабинет (бұдан әрі – ЛМК), 10 физика кабинеті, 78 химия кабинеті жарақтандырылды, 721 мектеп интерактивті тақталармен толықтырылды. Қазіргі уақытта 3450 мектептің лингафондық мультимедиалық кабинеттері бар, 2005 жылмен салыстырғанда олардың саны 2661-ге көбейіп отыр.
      Білім беру сапасы арттырылуда.
      Инклюзивті білім дамуда.
      Орта мектептің балаларын тегін тамақтандыру және жеткізу мәселелері баяу шешілуде.
      Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы 2005 жылғы 25710-нан 2010 жылы 35425-ке артты.
      Білім саласын ақпараттандыруды дамыту жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта 18 оқушыға бір компьютерден келеді. 2005 жылы аталған көрсеткіш 41-ді құраған, оның ішінде 36-сы – ауылдық жерлерде.
      Интернет желісіне мектептердің 98 %-ы қосылған, ауылдық жерлерде – 97 % (2005 жылы – тиісінше 75 % және 70 %). Мектептердің 34 %-ның кең жолақты интернетке шығуға мүмкіндігі бар.
      Қазақстандық мектеп оқушылары TIMSS – 2007 халықаралық салыстырмалы зерттеуіне қатысып, 36 елдің 4 сынып оқушылары арасында математика бойынша 5-орынды және жаратылыстану бойынша 11-орынды иеленді.
      Қазіргі уақытта Қазақстанда мемлекеттік тілдің дамуына зор көңіл бөлінуде. Орталық және жергілікті атқарушы органдарда, республика өңірлеріндегі жоғары оқу орындары жанынан қазақ тілін оқыту орталықтары құрылды, міндетті оқыту курстары енгізілді, қазақ тілінде іс жүргізу, негізгі және орта жалпы білім беретін мектептерде мемлекеттік тілді деңгейлеп оқыту енгізілді.
      Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын мамандандырылған мектептердің желісі құрылды. Қазіргі уақытта республикада үш тілде оқытатын 33 мектеп жұмыс істейді.
      6 Назарбаев Зияткерлік мектебі құрылды.
      Ұлттық жоғары мектепте білім берудің әлемдік деңгейіне жету жөнінде шаралар қабылданды: Қазақстан Еуропалық білім кеңістігіне енді, Болон Декларациясына қосылды, Астана қаласында әлемдік деңгейдегі беделді жоғары оқу орны – «Назарбаев Университеті» құрылды.
      Оқу бағдарламаларының мазмұнын айқындауда жоғары оқу орындарының академиялық еркіндігі кеңейтілді: таңдау бойынша компонент бакалавриатта 40 %-дан 50 %-ға, магистратурада 50 %-дан 60 %-ға және докторантурада 70 %-дан 80 %-ға дейін ұлғайтылды.
      Сапалы жоғары білім алуға ынталы студенттердің саны өсіп келеді. Шет елдерде 20 мыңнан астам қазақстандық білім алады. 3 мыңға жуық «Болашақ» халықаралық стипендиясының стипендиаты әлемнің 27 елінде оқиды.
      Шетелдіктер үшін еліміздің жоғары оқу орындарында білім алудың тартымдылығын арттыру үшін жағдайлар жасау жөнінде шаралар қабылдануда. Республиканың жоғары оқу орындарында 10 мыңнан астам шетел азаматтары білім алуда.
      Дегенмен қазақстандық білім беру сапасы бәсекеге түсе алмайтындай күйінде қалып отыр.

      Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
      Тәуелсіздік алғанға дейін Қазақстанда 7 жасқа дейінгі балалардың 70%-ын қамтитын Орталық Азиядағы ең үздік білім беру жүйесі болды.
      1991 жылы 8743 балабақша болды, олардың жартысынан астамы (4868) "оңтайландыру" кезеңінде жекешелендірілді, балабақша ғимараттарының бір бөлігі қараусыз қалып, бұзылды. Тұтастай алғанда, 2000 жылға дейін республикадағы балабақшалардың саны 1144-ке дейін азайды.
      2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша республикада 8590 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, оларға 644,3 мың бала барады.
      Халықаралық (Германиядағы, Жапониядағы және т.б.) тәжірибені ескере отырып, сондай-ақ балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен көбірек қамту мақсатында белсенді түрде шағын орталықтар ашылуда (шағын орталықтар - 63,5%, балабақшалар - 36,4%).
      Білім беру саласындағы негізгі халықаралық құжаттарға сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында даму мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін білім алуға тең құқықтар қағидаты көзделген.
      Республикада 2375 бала үшін 166 балабақшада инклюзивті білім беру жүзеге асырылуда, бұл анықталған даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың жалпы санының 14%-ын құрайды.
      Бұдан басқа, даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған 39 арнайы балабақша мен жалпы мақсаттағы балабақшаларда 315 арнайы топ жұмыс істейді. Олардың контингенті балабақшаларда 4945 баланы, арнайы топтарда 5879 баланы құрайды.
      Арнайы мектепке дейінгі ұйымдарға баруға мүмкіндігі жоқ мүмкіндігі шектеулі балалар үшін оңалту орталықтарында, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінде (бұдан әрі - ППТК) түзету-педагогикалық қолдау көрсету көзделген.
      Республиканың жұмыс істеп тұрған 129 ППТК-де негізінен мектепке дейінгі жастағы балаларға қызмет көрсетіледі. Даму мүмкіндіктері шектеулі 43811 баланың 15244-і мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған.
      2010-2014 жылдар аралығындағы үш жыл ішінде мектепке дейінгі ұйымдардың саны құрылыс, жекеменшік балабақшалар ашу және бұрын жекешелендірілген балабақшалардың ғимараттарын қайтару, бос тұрғандарын ыңғайластыру, тұрғын үй кешендерінің 1-қабатында ашу сияқты өзге де енгізу тәсілдері есебінен 288,3 мың орындық 4 мыңнан астам бірлікке (1211 балабақша және 2811 шағын орталық) өсті.
      Балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту 2010 жылдан бастап 16,5%-ға өсіп, 71,5%-ды құрады.
      Сонымен бірге елде мектепке дейінгі ұйымдардың жетіспеушілігі өзекті проблема күйінде қалып отыр. Ұйымдастырылған мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға деген қажеттілік барлық өңірлерде байқалды.
      2010 жылдан бастап балабақшаларда орын күтушілердің саны 34,9 мың балаға өсті және қазіргі уақытта 406,6 мың баланы құрады, олардың 3-6 жастағы 196,6 мыңы мектепке дейінгі ұйымда орын алуға тіркелген.
      Елдегі демографиялық процестер - республиканың мектепке дейінгі ұйымдарында орын алуға кезектің өсуінің айқындаушы факторларының бірі.
      Қазақстанда соңғы 20 жылдағы бала тууды талдау: 1990 және 1999 жылдар аралығында туу деңгейінің төмендегенін, ал 2000 жылдан 2013 жылға дейін туу деңгейінің орташа есеппен 13 мың адамға өскенін көрсетті, бұл кейін мектепке дейінгі ұйымдардағы орынға кезектің жылына 5-7%-ға өсуіне әкеледі.
      2013 жылы ең көп бала саны Астана қаласында (4978), Алматы (11254) және Оңтүстік Қазақстан облыстарында (20448) туылған. Жалпы республика бойынша халықтың табиғи өсімі осы кезеңде 2716 адамды құрады.
      Осыған байланысты мақсатқа қол жеткізуге кедергі келтіретін демографиялық процестерге байланысты тәуекелдер туындауы мүмкін.
      Демографиялық процестердің оң серпіні орын алған жағдайда, мектепке дейінгі ұйымдардағы қажеттілік туындайтын немесе өсетін елді мекендердің саны артады.
      Тәуекел деңгейін төмендету үшін балаларды қамтудың артуы және мектепке дейінгі ұйымдарды ашуды қаржыландыру көрсеткіштерін жыл сайынғы нақтылау кезінде мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру және мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін (бұдан әрі - МЖӘ) жандандыру қажет.
      Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту мақсатында мектепке дейінгі білім берудің халықаралық және үздік отандық тәжірибесіне талдау жүргізілді.
      Бұл мынадай проблемаларды айқындауға мүмкіндік берді: балалармен жұмыста қолданылатын әдістер мен жұмыс нысандарының қазіргі заман талаптарына сәйкес келмеуі, мұнда балалардың танымдық қызығушылықтары, олардың білуге құмарлығы мен дербестігі ескерілмейді. Бұдан басқа, мектепке дейінгі білім беруде технологияларды енгізуде жүйеліліктің жоқтығы анықталды. Осыған байланысты қолданыстағы бағдарламалар мен оқу-әдістемелік кешендердің мазмұнын Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бұдан әрі - МЖБС) талаптарына сәйкес қайта жаңарту талап етіледі.
      Мектепке дейінгі деңгейді дамытудың маңыздылығы мен өзектілігін ескере отырып, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (бұдан әрі - ЭЫДҰ) жобасының шеңберінде балаларды ерте дамыту бойынша зерттеулер жүргізілуде.
      Қазіргі уақытта Министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, балаларды, оның ішінде ерте жастағы балаларды дамытудың әртүрлі нысандарын дамыту бойынша іс-шаралар жүргізуде:
      1) мектепке дейінгі ұйымдардың барлық түрлері мен типтерінің желісін кеңейту;
      2) консультативтік пункттер желісін кеңейту, ата-аналарға арналған телехабарлар тарату бағдарламаларын, оқыту сайттарын жасау, отбасылардың интернет-ресурстарға қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы ата-аналарды білім беру қызметтерімен қамтамасыз ету;
      3) мектепке дейінгі білім беру жүйесінің, оның ішінде балаларды ерте жастан дамыту бойынша мазмұнын бағдарламалық-әдістемелік жаңарту;
      4) балаларды ерте жастан дамыту бойынша іргелі және қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру.
      Қазіргі таңда Қазақстанда 12 жылдық білім беруге көшу кезінде мектепке дейінгі білім берудің негізгі рөлі мектеп жасына дейінгі баланың балабақшадан бастауыш мектепке қиналмай ауысуына жағдай жасау, яғни мектеп жасына дейінгі балалардың білім алуының сабақтастығы мен үздіксіздігі болып табылады.
      Әлемдік тәжірибе баланың 3-тен 6 жасқа дейінгі даму кезеңі мектепте оқуға дайындау үшін ең қолайлы жас екенін көрсетіп отыр. Осылайша, Францияда мектепке дейінгі білім беру міндетті болып табылмайды, бірақ 3-6 жасқа дейінгі балалардың барлығы дерлік балабақшаға барады. Мұндай жағдай Германияда, Канадада, Венгрияда, Англияда орын алған. Данияда мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың құрылымы қазақстандық құрылымға ұқсас: бөбекжай - бір жарым жастан 3 жасқа дейінгі балалар үшін, балабақшалар - 3-тен 6-7 жасқа дейін.
      Әлемдік үрдістерді және білім беру жүйесінің 12 жылдық оқытуға көшуін ескере отырып, балаларды мектепте оқытуға 3 жастан 6 жасқа дейін дайындауды қамтамасыз ету қажет.
      Отбасылық және қоғамдық тәрбиенің сабақтастығын қамтамасыз ету үшін республикада ата-аналарға арналған 1046 консультативтік пункт жұмыс істейді.
      Ел Президентінің халыққа жолдауы жаңа мәдениет пен миссияға ие, үш тілді (мемлекеттік, ұлтаралық келісім мен қатынас тілі ретінде орыс және шет тілі) меңгерген жаңа форматтағы адам тәрбиелеуді көздейді.
      1867 (59,6%) балабақша және жалпы контингенті 340,4 мың баланы құрайтын 3780 (69,2%) шағын орталықта тәрбиелеу-білім беру процесі қазақ тілінде жүзеге асырылады.
      310 балабақшада (9,9%) және 1682 шағын орталықта (29,8%) 92,1 мың бала орыс тілінде, 948 балабақшада (30,3%) 211,5 мың бала орыс және қазақ тілдерінде және 3 балабақшада (0,1%) 267 бала өзбек тілінде тәрбиеленуде.
      Мемлекеттік тіл мәртебесінің артуы қазақ тілінде тәрбиелейтін және оқытатын мектепке дейінгі ұйымдарда жергілікті емес ұлт балалары санының өсуіне ықпал етеді. Қазіргі таңда оларда орыс және басқа ұлттардың 93 мыңнан астам баласы тәрбиеленуде.
      Қазіргі жағдайда мектепке дейінгі білім беру жүйесінің дамуы педагог кадрларды даярлау мен қайта даярлау мәселесі қаншалықты тиімді жүзеге асырылып жатқанына негізделген.
      2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша республиканың мектепке дейінгі ұйымдарында 60422 адам (12957 - шағын орталықтардың педагогтері) еңбек етеді, оның ішінде жас педагогтер саны - 18387 адам.
      Білім деңгейі: 58%-ы жоғары білімді, бұл ретте арнайы мектепке дейінгі - 21,2%, орта арнаулы - 37,9%, оның ішінде мектепке дейінгі жоғары білімі барлар - 53%.
      Қайта даярлау курстарынан өткен педагогтердің үлесі, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымдардың меңгерушілері, әдіскерлер, дефектологтер, логопедтер, психологтер және басқалары 26,1%-ды құрады.
      Мектепке дейінгі ұйымдарды ашудың және енгізудің 2014-2020 жылдарға арналған қадамдық жоспарына сәйкес 2020 жылға дейін кадрларға қажеттілік - 25607 адамды (тәрбиешілер - 14952, психологтер - 2724, басқа мамандар - 4894, басшылар - 3037) құрайды, ол колледждер (8097 адам) мен ЖОО (37200 адам) түлектері есебінен қамтамасыз етілетін болады.
      Жұмыс істеп тұрған мектепке дейінгі ұйымдардың (мектепке дейінгі жоғары білімі бар) педагогтермен қамтамасыз етілуін талдау негізінен педагогтердің жоғары педагогикалық білімі бейіні бойынша емес екендігін көрсетіліп отыр. Бұл ретте аталған педагогтердің 5 жыл және одан көп жұмыс өтілі бар.
      Мектепке дейінгі ұйымдардың 56795 педагогі "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы" акционерлік қоғамында (бұдан әрі -"Өрлеу" БАҰО" АҚ) 2020 жылға дейін қысқа мерзімді біліктілігін арттыру курстарымен жоспарлы түрде қамтамасыз етіледі.
      Мектепке дейінгі ұйымдарда 8-9 және одан да көп топтарға медициналық бикеге 1,5 мөлшерлеме және диеталық бикеге 0,5 мөлшерлеме қарастырылған. Ұйымдарда физиотерапия кабинеттері бар, балаларды дене және психикалық денсаулығын қорғау және нығайту бойынша міндеттерді орындайтын дәрігер қызметіне бір штаттық бірлік қарастырылады.
      Шағын орталықтарда, қысқа мерзімде болатын топтардағы мектепке дейінгі жастағы балаларға медициналық қызмет көрсету аумақтық ұйымдарда бастапқы медициналық-санитарлық көмек (бұдан әрі - БМСК) арқылы жүзеге асады.
      Баяндалғанды ескере отырып, мынадай күшті және әлсіз жақтарын атап көрсетуге болады.
      Күшті жақтары: мемлекеттік бағдарламаны іске асыру 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі білім берумен толық қамтуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Мемлекеттік білім беру тапсырысын мектепке дейінгі ұйымдарда меншік нысанына қарамастан орналастыру жекеше секторды білім беру саласына тартуды жалғастырады. Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивтік білім беру айтарлықтай өседі (5%-дан 15%-ға дейін). Бұдан басқа, мектепке дейінгі білім беру мазмұнының сапасы, оның ішінде кадр құрамы жақсарады. Бағдарлама 120 мыңнан астам адамның жұмысқа орналасуына жәрдемдеседі (2014 ж. - 17,8 мың адам, 2015 ж. - 14,8 мың адам, 2016 ж. -15,2 мың адам, 2017 ж. - 11,8 мың адам, 2018 ж. - 13 мың адам, 2019 ж. - 18,2 мың адам, 2020 ж. - 37,9 мың адам).
      Әлсіз жақтары: мектепке дейінгі ұйымдардың желісі, негізінен, үлгілік балабақшалардың құрылысын салу есебінен емес, баламалы желі (шағын орталықтар, мектепке дейінгі ұйым ашуға болатын бос тұрған ғимаратты ыңғайластыру, тұрғын үйлердің 1-қабаттарында мектепке дейінгі ұйымдарды ашу және т.б.) есебінен өседі.

      Орта білім
      Білім беру жүйесінің базалық деңгейі орта білім болып табылады. Оны тегін алу құқығына ел Конституциясы кепілдік береді.
      Орта білім беру жүйесінде материалдық-техникалық, оқу-әдістемелік базаның нашарлығына, сондай-ақ оқытудың мазмұны мен әдістерін жаңарту қажеттілігіне байланысты проблемалар орын алған.
      2010 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша республикада жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі – ЖАО) мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне (бұдан әрі – БҒМ) ведомстволық бағынысты 7576 мемлекеттік күндізгі жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, онда 2,5 млн.-ға жуық оқушы білім алады. Мектептердің жалпы санының 64,6 %-ы үлгілік, 35,4 %-ы – ыңғайластырылған ғимараттарда орналасқан, 201 мектеп апатты жағдайда. Мектептердің 37,4 %-ы тасымалданатын суды пайдаланады. 70 мектеп 3 ауысымда, 1 мектеп 4 ауысымда жұмыс істейді. Мектептердің 25,1 %-ы күрделі жөндеуді қажет етеді.
      Республиканың негізгі және орта мектептерінің 47,4 %-ы жаңа үлгідегі физика кабинеттерімен, 13,2 %-ы химия, 16,3 %-ы биология, 46,7 %-ы лингафондық мультимедиалық кабинеттерімен жабдықталған.
      Әрбір бесінші мектепте асхана мен буфет жоқ. Мектеп асханаларының жабдықтары мен мүкәммалының ескіруі 80 %-ды құрайды. Мектептердің 26,4 %-нда спорт залдары жоқ. Мемлекет қаржыландыратын арнайы автобустармен балаларды мектепке тасымалдау бағдарламасы жоқ.
      Осылардың барлығы 12 жылдық білім беру моделін енгізу мерзімін кейінге қалдыруға себеп болды.
      Қазақстандық білім беру жүйесінің ерекшелігі – мектептердің жалпы санының 56,5 %-ын құрайтын (2005 жылы – 52 %) ШЖМ болуы. Оның ішінде, ауылдық жерлерде – 68,6 %.
      Іс жүзінде әрбір төртінші мұғалім ШЖМ-да жұмыс істеп, әрбір алтыншы қазақстандық оқушы ШЖМ-да оқиды.
      Мүмкіндіктері шектеулі балалар саны өсуде. Егер 2005 жылы олардың саны 124 мыңды құраса, 2010 жылы 149 мыңнан асты. Олардың 41,4 %-ы ғана арнайы білім беру бағдарламаларымен қамтылған.
      Қазіргі заманғы білім беру жүйесі, оқытудың инновациялық нысандары мен әдістерін енгізу педагог қызметкерлердің тұлғасына және кәсіби құзыреттілігіне жоғары талаптар қоюда.
      Бүгінгі таңда педагог еңбегін материалдық және моральдық жағынан ынталандыратын және оның әлеуметтік мәртебесін көтеретін барабар заңнамалық база мен жүйе құрылмаған.
      Жұмыс істейтін әрбір бесінші мұғалімнің жасы 50-де және одан да үлкен. Педагогтердің жалпы санынан 3 жылға дейінгі өтілі барлар – 13 %. Жыл сайынғы жас кадрлар есебінен толығу тек 2,6 %-ды құрап отыр.
      Гендерлік сәйкессіздік, кәсіп феминизациясы (81,3 % әйел мұғалімдер) байқалып отыр. Төмен жалақы (еліміздегі орташа жалақының 60 %-ға жуығы), педагог кәсібінің беделінің болмауы жоғары білікті кадрлардың бұл саладан кетуіне ықпал етеді. 2000 жылдан бастап қызметкерлер жалақысының 400 %-ға өскеніне қарамастан, оның деңгейі еліміздегі төмен деңгейлердің бірі болып қалып отыр.
      Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыты өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесін дамыту болып табылады.
      Алайда, білім беру ұйымдары мен балалардың қоғамдық ұйымдарының тәрбие беру әлеуетінің тиімділігі төмен болып отыр. Мектептерде еңбекпен тәрбиелеу және кәсіптік бағдарлау жүйесі жойылған, мектептердегі және мектептен тыс ұйымдардағы көркем және музыкалық шығармашылық үйірмелерінің, спорт секцияларының саны жеткіліксіз. Балалар мен мектептің қоғамдық ұйымдарының қызметі дұрыс жолға қойылмаған. Балаларды қосымша білім берумен қамту басқа елдермен (30–50 %) салыстырғанда 21,5 %-ды ғана құрайды. Білім алушыларды спорт секцияларымен қамту бүгінде 20 %-ды құрайды.
      Орта білімге кері әсер ететін факторлар – ескірген әдіснамалар мен білім беру мазмұнын іріктеу қағидаттары. Ақпараттың шамадан тыс болуы оқуға деген ынтаның төмендеуіне және оқушылар денсаулығының нашарлауына әкеледі. Оқыту тұлғаны дамытуға емес, жалаң нәтижелер алуға бағытталған.
      Осылайша, қазіргі бар проблемалар орта білім жүйесін қазақстандық қоғам дамуының қазіргі заманғы талаптарына және әлемдік білім беру кеңістігіне кірігу шарттарына сәйкес жаңғыртуды талап етеді.

      Техникалық және кәсіптік білім
      ТжКБ жүйесі тұлға мүдделерін, еңбек нарығының сұраныстарын және экономика мен әлеуметтік саланы дамытудың перспективаларын қанағаттандыруда маңызды рөл атқарады.
      2010 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жалпы мемлекеттік статистика деректері бойынша 786 ТжКБ оқу орны жұмыс істейді, 2005 жылмен салыстырғанда олардың саны 64-ке өсті, оның ішінде 306 кәсіптік лицей, 480 колледж. Олардың 22,8 %-ы ауылдық жерлерде орналасқан.
      Жалпы білім беретін мектептерді бітірушілердің 32,7 %-ы кәсіптік лицейлер мен колледждерде оқуын жалғастыруда, оның ішінде 9-сыныптан кейін – 24,8 %, 11-сыныптан кейін – 7,9 %.
      ТжКБ оқу орындарында 609 мың адам, оның ішінде 36,3 %-ы ғана мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алуда.
      Техникалық және қызмет көрсету еңбегінің білікті мамандарын даярлау 177 мамандық және 416 біліктілік бойынша жүзеге асырылады.
      Сонымен қатар еңбек нарығында кәсіби стандарттардың, мамандарға қойылатын қазіргі заманғы біліктілік талаптарының болмауы индустрия және жұмыс берушілер сұраныстарына кадрларды даярлау мазмұнының барабарлығына қол жеткізуге мүмкіндік бермейді.
      ТжКБ жүйесінің қолданыстағы инфрақұрылымы мен материалдық-техникалық жарақтандыруы кадрлар даярлаудың сапасы мен жастар үшін оқытудың тартымдылығын қамтамасыз ете алмайды.
      Жоғары деңгейде білім беру үшін инженер-педагог қызметкерлерді қолдаудың төмен болуы біліктілігі жоғары кадрлардың экономиканың басқа салаларына ауысуына себеп болуда.
      Тиімсіз басқару нарықтық жағдайда оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етпейді.
      Аз қаржыландыру және мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша бір маманды оқытуға кететін шығыстар құны оқушының қазіргі заманға сай біліктілік алуына мүмкіндік бермейді.
      Бұдан басқа үздіксіз білім алу және біліктілігін өмір бойы арттыру мәселелерін шешу қажет.
      Білімге негізделген экономика және қоғам, өмір бойы оқыту – бәсекеге қабілеттілік пен жаңа технологияларды қолдану проблемаларын шешудің, әлеуметтік бірлікті, тең мүмкіндіктер мен өмір сапасын жақсарту тәсілдері болуы тиіс.

      Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім және ғылым
      Жоғары білім республика экономикасының барлық салалары үшін құзыретті және бәсекеге қабілетті мамандарды кәсіби даярлауды қамтамасыз етуде, ғылым мен өндірісті біріктіруде маңызды рөл атқарады.
      Қазіргі уақытта 148 жоғары оқу орны (9 ұлттық, 2 халықаралық, 32 мемлекеттік, 12 азаматтық емес, 90 жеке меншік жұмыс істейді, оның ішінде 16-ы акционерленген), онда 595 мыңнан астам адам оқиды.
      Көптеген жұмыс берушілер жоғары оқу орындары оқытып шығаратын мамандар сапасына қанағаттанбайды. Білім беру бағдарламалары жұмыс берушілердің күткен нәтижелеріне жауап бермейді және экономика талаптарына сәйкес келмейді.
      Қазақстанда барлық жоғары білім жүйесін қамтитын маңызды жасырын фактор жемқорлық болып табылады. Оны жоюдың нақты шаралары қабылданбайынша жоғары білім саясаты тиімді болмайды.
      Жоғары оқу орындарын кадрлармен қамтамасыз етуде кері үрдіс орын алған: профессор-оқытушы құрамын жүйелі даярлау жоқ, қоса жұмыс атқару кеңінен таралған.
      Қазақстанның жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық ресурстары жеткілікті қарқынмен жаңартылмайды. Жоғары оқу орындарында гуманитарлық мамандықтар сияқты техникалық мамандықтар бойынша да кітапхана қорын жаңартудың бекітілген нормалары сақталмайды. Көптеген пәндер бойынша оқулықтар әзірленбейді немесе аз тиражбен басылады. Жоғары оқу орындарының ақпараттық ресурстары біріктірілмеген, кітапхана қоры бытыраңқы сипатқа ие.
      Қазіргі уақытта білім беру қызметін қаржыландыруды мемлекеттік қолдаудың қазіргі тетіктері жеткіліксіз.
      Білімді, ғылымды және өндірісті біріктіру, жоғары оқу орнынан кейінгі білімді ғылым мен техниканың қазіргі кезеңдегі жетістіктері негізінде дамыту бүгінгі күнде экономиканы дамытудың басым бағыттарының бірі болып табылады.
      Ғылым саласында бірқатар шешілмеген проблемалар бар.
      Ескірген материалдық-техникалық база және зертхана жабдықтары сапалы ғылыми зерттеулерді жүргізуге мүмкіндік бермейді.
      Жобалау институттары мен конструкторлық бюролар санының жеткіліксіздігі өндірістегі технология трансфертін бәсеңдетеді. Жобалау институттарының, конструкторлық бюролардың және өндірістің жоғары оқу орындарымен өзара қарым-қатынас тетігі жоқ.
      Жастарды ғылымға тарту үшін жағдайлар жасалмаған. Кадрлардың қартаюы байқалады.
      Ғылыми қызметкерлердің орташа жасы – 55-те.
      Қазақстанның жоғары оқу орындарының ғылыми әлеуеті аса тиімсіз пайдаланылады.
      Білімнің, ғылымның және өндірістің арасындағы байланыстың нашарлығы мына себептерге негізделген:
      жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдар арасындағы ведомствоаралық кедергілер;
      жоғары оқу орындарының ғылымын жеткіліксіз қаржыландыру;
      ғылым мен техниканың жетістіктеріне орай әрекет етуге, өндірістің өзгерген сұранысын есепке алуға мүмкіндік бермейтін білім беру процесін шамадан тыс әкімшілендіру;
      жеке меншік сектордың білімді, ғылымды және инновациялық қызметті қаржыландыруды жүзеге асыруға экономикалық ынталандыру шараларының болмауы.
      Қазақстанда әзірлемелерді орындайтын және ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды нәтижесіне жеткізуді қамтамасыз ететін, оларды тәжірибе жүзінде іске асыратын инновациялық құрылымды қолдаудың институционалды нысандары дамымаған.
      Қазақстандағы ғылыми әзірлемелердің үлес салмағы дамыған елдерде қабылданған деңгейден он есе төмен қалып отыр.

      Тәрбие жұмысы және жастар саясаты
      Білім беру жүйесін жаңғыртудың маңызды міндеттерінің бірі – өкілдері бәсекеге қабілетті білімді меңгерген, ой-өрісі дамыған ғана емес, жоғары азаматтық және адамгершілік ұстанымы, отансүйгіштік сезімі мен әлеуметтік жауапкершілігі қалыптасқан зияткер ұлтты қалыптастыру болып табылады.
      2010 жылдың басында 14–29 жас аралығындағы халықтың саны жалпы халықтың 28,7 %-ын құрайды. Ауылдық жерлерде тұратын жастардың үлесі – 49,1 %.
      2010 жылдың басында туылғаннан бастап 18 жасқа дейінгі жас өспірімдердің саны 5 млн. адамға жуық. Балалардың құқығы мен мүдделерін қорғауды жергілікті атқарушы органдардағы мамандар қамтамасыз етеді.
      Мемлекеттік жастар саясаты саласында мынадай проблемалар орын алып отыр.
      Жастар арасындағы тәрбие жұмысын үйлестірудің орталықтандырылған жүйесі жоқ.
      2008 - 2009 жылдардағы әлеуметтік сауалдың деректері бойынша жастар ұйымдарының қызметіне қатысатын жастардың үлесі жастардың жалпы санының 22 %-ын құрайды.
      Өкілді органдардағы жастар саясатының мәселелері бойынша шешімдерді қабылдауға қатысатын жастардың үлесі 1 %-ға жетпейді.
      Әлеуметтік сауалдың нәтижелері респонденттердің 64 %-ы мемлекеттік жоғары оқу орындарын жемқорлыққа аса бейім деп санайды, 54 %-ы жоғары оқу орындарында жемқорлықтың деңгейін жоғары деп бағалайды, 28 %-ы дипломдарды «сатып алу» фактілерін көрсетеді.
      Барлық балалар үшін өз құқықтарын толығымен пайдалану қамтамасыз етілмеген.
      Одан басқа, білім саласында білім беру статистикасы мәліметінің біртұтас базасы жоқ. Білім берудің мемлекеттік статистика нысандарында кең жарияланымдар жоқ, біріктірілмеген, олар бойынша терең талдау жоқ әрі қоғамның көпшілігіне қолжетімсіз. Білім берудің ұлттық статистикасының көрсеткіштері халықаралық статистиканың талаптарына сай емес.
      Осылайша, білім берудегі ахуалды талдау мыналарды көрсетеді.

      Күшті жақтары:
      білімді дамытудың нақты айқындалған басым бағыттары;
      мектепке дейінгі және орта білім объектілері желісінің ұлғаюы;
      білім берудің әрбір деңгейі бойынша ұлттық және республикалық орталықтардың болуы;
      қазақстандық білім беру құрылымының Білім берудің халықаралық стандарты жіктеуішімен сәйкестігі;
      техникалық және кәсіптік білімді қайта құрылымдау;
      Ұлттық білім беру сапасын бағалау жүйесінің қызмет етуі;
      TIMSS – 2007 халықаралық зерттеуіндегі жоғары көрсеткіштер;
      Еуропалық білім беру кеңістігіне кіру.

      Әлсіз жақтары:
      білім беруді қаржыландырудың жеткіліксіздігі;
      педагог кәсібі мәртебесінің төмендігі;
      педагог кадрларды даярлау сапасының жеткіліксіздігі;
      жоғары білікті педагог кадрлардың тапшылығы;
      балалар құқықтарын қорғау мамандарының саны жеткіліксіз;
      білім берудегі менеджменттің нашар дамуы;
      білім беру саласында мемлекеттік – жеке-әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) жүйесі толық дамымаған;
      білім беруді ақпараттандырудың нашар дамуы;
      білім беру статистикасы халықаралық стандарттарға сәйкес емес және білім алушыларға қолжетімсіз;
      мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен төмен қамтылуы;
      жалпы орта және жоғары білім мазмұнының бірігуінің жоқтығы;
      білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасының нашарлығы;
      ШЖМ ұсынатын білім беру қызметтері сапасының нашарлығы;
      инклюзивті білімнің нашар дамуы;
      ұлттық біліктілік жүйесінің жоқтығы;
      колледждер мен ЖОО бітірушілерінің біліктілігіне білім беру жүйесінің ұсынысы мен жұмыс берушілердің сұранысының арасындағы теңдіктің жоқтығы;
      жоғары білім мен ғылымның ықпалдасуының жоқтығы.

      Мүмкіндіктер:
      Мемлекет үшін:
      қазақстандық білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
      адами капиталдың сапасын арттыру;
      балалардың өмір сапасының әлеуметтік құқықтық кепілдіктерін қамтамасыз ету;
      еңбек ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру;
      ұлттық экономиканы тұрақтандыру;
      халықаралық ұйымдар мен жұмыс берушілер тарапынан білімді инвестициялық қолдау;
      білім беру саласында басқарудың жаңа тиімді әдістерінің пайда болуы;
      оқушылар арасында спортты өрістету;
      бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін арттыру;
      білім беру саласының қолжетімділігін, тартымдылығын, сапасын, ашықтығын арттыру;
      ел экономикасының орнықты өсуін қамтамасыз ету;
      халықаралық рейтингтердің көрсеткіштерін жақсарту;
      ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру;
      мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға қолжетімділікті қамтамасыз ету;
      педагог кәсібіне қызығушылық тудыру;
      бүкіл қызмет уақытында оқыту, оның ішінде шетелде оқыту және кәсіби құзыреттілігін дамыту.

      Ата-аналар үшін:
      білім беру ұйымдарын таңдау мүмкіндігі;
      білім беруді басқаруға қатысу;
      мектепке дейінгі тәрбиенің және оқытудың еркін қолжетімділігін қамтамасыз ету;
      баланың жетістіктері туралы қашықтықтан ақпараттық хабарландыру арқылы ата-ана – білім беру ұйымы – бала байланысын жүзеге асыру.

      Педагог үшін:
      педагог кәсібінің тартымдылығы;
      мансаптық өсу жүйесін қамтамасыз ету;
      барлық қызмет аясында білім алу, оның ішінде шетелде және кәсіптік құзыреттілікті дамыту.

      Білім алушылар үшін:
      баршаға бірдей сапалы білімге қол жеткізу;
      үздік білім беру ресурстары мен технологияларына қол жеткізу;
      коммуникативтік және кәсіптік құзыреттілікті дамыту.

      Қауіп-қатер:
      білім берудің жеткіліксіз қаржыландырылуына байланысты алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізбеу;
      педагог еңбегінің төмен уәждемесі, мұғалім кәсібінің беделсіздігі;
      педагогтердің басым бөлігі даярлығының төмен деңгейі;
      педагог кадрлардың өздігінен білім алуға және кәсіби өсуіне ұмтылысының жеткіліксіздігі;
      электрондық оқыту жүйесін қолданудағы пайдаланушылардың төмен уәждемесі;
      демографиялық процестерге (туудың өсуі) және көші-қон жағдайларына байланысты мектепке дейінгі ұйымдардан орын алуға кезек пен оқушы орны тапшылығының өсуі;
      білім сапасының нашарлауы;
      білім беру ұйымдарын пайдалануға беру мерзімдерінің бұзылуы;
      апаттық деп танылған мектептер санының ұлғаюы;
      мүмкіндігі шектеулі балалардың және мүгедек балалардың көбеюі;
      еңбек нарығында мамандарға деген болжамның жоқтығы;
      саладағы еңбекақы деңгейі мен елдегі жалақының орташа деңгейінің арасындағы сәйкессіздіктен туындаған техникалық және кәсіптік білім жүйесінен кадрлардың кетуі;
      Қазақстанның ЖОО-да білім алуды қалайтын шетел азаматтары санының қысқаруы;
      өзінің ғылыми әлеуетін іске асырудың анағұрлым қолайлы перспективаларын іздеумен ғалымдардың басқа мемлекеттерге кетуі;
      ғылымға жастардың аз келуі;
      бағдарламаны іске асыру барысында қоса орындаушылардың үйлессіздігі.
      еңбек уәждемесінің төмендігі және педагог кәсібінің беделсіздігі;
      демографиялық процестерге (туудың өсуі) және көші-қон жағдайына байланысты мектепке дейінгі ұйымдарда орын алу кезектілігі мен орын тапшылығының өсуі.
      Осылайша, аталған бағдарлама білім беру жүйесін одан әрі жаңғыртуды және оның еуропалық деңгейге шығу перспективаларын болжайды.

4. Бағдарламаның мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары
және іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері

      Ескерту. 4-бөлімге өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 02.11.2012 № 423; 12.08.2014 N 893 Жарлықтарымен.

      Басты мақсаты:
      Экономиканың орнықты дамуы үшін сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту, білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру

      Бағдарламалық мақсаттар:
      білім беру қызметіне тең қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағдарланған қаржыландыру жүйесін жетілдіру;
      педагог мамандығының беделін көтеру;
      білім беруді басқарудың мемлекеттік-қоғамдық жүйесін қалыптастыру;
      білім беру процесінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету;
      балаларды мектепке дейінгі сапалы тәрбиемен және оқытумен толық қамтудың, оларды мектепке даярлау үшін мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың әр түрлі бағдарламаларына тең қол жеткізуді қамтамасыз ету;
      жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі және рухани дамыған азаматын қалыптастыру, тез өзгеретін әлемде оның табысты болуын қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру, еліміздің экономикалық әл-ауқаты үшін бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту, 12 жылдық оқыту моделіне көшу;
      қоғамның және экономиканың индустриялық-инновациялық даму сұраныстарына сәйкес ТжКБ жүйесін жаңғырту, әлемдік білім беру кеңістігіне кірігу;
      еңбек нарығының, еліміздің индустриялық-инновациялық даму міндеттері мен жеке тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандыратын және білім беру саласындағы үздік әлемдік тәжірибелерге сай келетін жоғары білім сапасының жоғары деңгейіне қол жеткізу;
      өмір бойы білім алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
      жастардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды, әлеуметтік жауапкершілікті, отансүйгіштік сезімді, жоғары адамгершілік және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру.

Нысаналы индикаторлар: 

Индикатор

2010

2015

2020

2015 жылдан бастап ШЖМ-нан басқа, барлық білім беру ұйымдарында жан басына шаққандағы қаржыландыру тетіктері енгізіледі

0%

60%

60%

педагогтердің жалпы санынан жоғары және бірінші санаттағы біліктілігі жоғары педагог қызметкерлердің үлесі

42%

49%

54%

білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестер құрылған

40%

45%

60%

білім беру ұйымдарының басшылары менеджмент саласында біліктілігін арттырған және қайта даярлаудан өткен

29%

50%

100%

орта білім беру ұйымдарында электрондық

0

50%

90%

3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту

1 шілдеде 40%

77,7%

100%

2020 жылға қарай 12 жылдық оқыту моделіне толық көшу жүзеге асырылған

0

1, 5, 11 сыныптар

1-10, 12 сыныптар

Қазақстанның барлық өңірлеріндегі «Назарбаев Зияткерлік мектептері» жобасының шеңберіндегі мектептердің саны

6

20

20

жаратылыстану-математика пәндері бойынша білім беру оқу бағдарламаларын жетік меңгерген оқушылардың үлесі

50%

60%

70%

PISA, TIMSS, PIRLS халықаралық салыстырмалы зерттеулердегі қазақстандық жалпы білім беретін мектептер оқушыларының нәтижелері

TIMSS:
7-11 орын

PISA:
50–55 орын,
TIMSS:
10–15 орын

PISA:
40–45 орын,
TIMSS:
10–12 орын,
PIRLS:
10–15 орын

мектептердің жалпы санынан инклюзивті білім беру үшін жағдайлар жасалған мектептердің үлесі

10%

30%

70%

қатысушылардың жалпы санына шаққанда кәсіби даярлық деңгейін бағалаудан және біліктілікті беруден алғашқы реттен өткен ТжКБ бітірушілерінің үлесі

40%

75%

80%

ТжКБ оқу орындарында мемлекеттік тапсырыс бойынша оқуды бітіргеннен кейінгі алғашқы жылы жұмыспен қамтылған және жұмысқа орналасқан түлектердің үлесі

68,5%

78%

80%

ұлттық институционалды аккредиттеу рәсімінен өткен колледждердің үлесі

0%

10%

30%

жұмыс берушілер қоғамдастығында біліктілікті тәуелсіз бағалаудан алғашқы реттен өткен ЖОО түлектерінің оған қатысқандардың жалпы санынан үлесі

0%

35%

80%

жоғары оқу орындарында мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алған түлектердің ЖОО бітіргеннен кейін бір жыл ішінде мамандығы бойынша жұмысқа орналасқандардың үлесі

50%

78%

80%

әлемнің үздік университеттері рейтингінде көрсетілген Қазақстанның жоғары оқу орындарының саны

0

1

2

халықаралық стандарттар бойынша тәуелсіз ұлттық институционалды аккредиттеуден өткен жоғары оқу орындарының үлесі

16%

50%

65%

халықаралық стандарттар бойынша тәуелсіз ұлттық мамандандырылған аккредиттеуден өткен жоғары оқу орындарының үлесі

0%

20%

30%

отандық ғылыми зерттеулердің нәтижелерін өндіріске енгізудің негізінде білім мен ғылымды кіріктіру жолымен инновациялық қызметті жүзеге асыратын жоғары оқу орындарының үлесі

0%

10%

13%

соңғы 5 жылда импакт-факторлы ғылыми журналдарда жарияланымдары жарық көрген ЖОО-ның профессор-оқытушы құрамының және ғылыми қызметкерлердің үлесі

0%

2%

5%

барлық жастағы адамдар үшін әртүрлі білім беру нысандары мен типтері енгізіледі




жастардың жалпы санынан жастар саясаты мен патриоттық тәрбие саласындағы іс-шараларды іске асыруға белсенді түрде қатысатын жастардың үлесі

25%

31%

55%

      Алға қойылған мақсаттарға жету үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:
      сапалы білімге қолжетімділікті арттыруға бағытталған білім беруді қаржыландырудың жаңа тетіктерін әзірлеу;
      білім беру жүйесін жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету;
      педагог қызметкерлердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды күшейту;
      білім берудегі менеджментті жетілдіру, оның ішінде корпоративтік басқару принциптерін енгізу, білім беруде мемлекекеттік-жеке әріптестік жүйесін қалыптастыру;
      білім беруді дамытудың мониторинг жүйесін жетілдіру, оның ішінде халықаралық талаптарды ескере отырып, ұлттық білім статистикасын құру;
      оқу процесін автоматтандыруды енгізу үшін жағдай жасау;
      мектепке дейінгі ұйымдардың желісін ұлғайту;
      мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын жаңарту;
      мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз ету;
      12 жылдық оқыту моделіне көшуді білім беру мазмұнын жаңғыртумен жүзеге асыру;
      шағын жинақталған мектептердің проблемаларын шешу;
      мектептегі инклюзивті білім жүйесін жетілдіру;
      экономиканың индустриялық-инновациялық даму сұраныстарын ескере отырып, ТжКБ мазмұнының құрылымын жаңарту;
      экономика салалары үшін кадрлар даярлаудың инфрақұрылымын дамыту;
      ТжКБ-да білім алудың беделін арттыру;
      еліміздің индустриялық-инновациялық даму жобаларына сай келетін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлармен қамтамасыз ету;
      жоғары білімнің еуропалық аймағына кірігуді қамтамасыз ету;
      білімнің, ғылымның және өндірістің бірігуін қамтамасыз ету, зияткерлік меншік пен технологиялардың өнімдерін коммерцияландыру үшін жағдай жасау. Жоғары білікті ғылыми және ғылыми–педагог кадрларды даярлау;
      өмір бойы оқыту, баршаға білім алу үшін жағдай жасау;
      жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу және олардың азаматтық белсенділігін, әлеуметтік жауапкершілігін және әлеуетін ашу тетіктерін қалыптастыру жөніндегі шаралар кешенін іске асыру.

     Міндеттерге қол жеткізу мынадай көрсеткіштермен өлшенетін болады:

Көрсеткіш

2010

2015

2020

Орындаушылар

педагогтердің жалпы санына шаққанда біліктілікті арттырудың жаңа жүйесі бойынша біліктілікті арттырудан еткен педагогтердің үлесі

0%

30%

60%

БҒМ, ЖАО

магистр дәрежесі бар бейіндік мектеп педагогтерінің үлесі

0%

кемінде 10%

кемінде 20%

БҒМ

педагогтердің жалпы санынан ағымдағы жылы білім беру ұйымдарына жаңадан жұмысқа келген жас мамандардың үлесі

2,6%

4,5%

6%

ЖАО, БҒМ

жаратылыстану-математика циклі пәндерін ағылшын тілінде оқытатын педагогтердің үлесі

0,6%

10%

15%

БҒМ

академиялық және ғылыми дәрежесі бар біліктілікті арттыру жүйесі мамандарының үлесі

3,4%

5%

15%

ЖАО, БҒМ

біліктілігін арттыру мен тағылымдамадан өткен, оның ішінде өндірістік кәсіпорындар базасында, ТжКБ ұйымдарының инженер-педагог кадрларының үлесі

20% 

20%

20%

ЖАО, БҒМ, жұмыс берушілер қауымдастығы, салалық министрліктер

елімізде біліктілігін арттырудан және қайта даярлаудан өткен жоғары оқу орындарының профессор-педагог кадрларының үлесі, жыл сайын

6%

20%

20%

БҒМ

азаматтық жоғары оқу орындарына корпоративті басқару принциптерін енгізу

44%

65%

90%

БҒМ

оқытуда АКТ-ны пайдалану бойынша біліктілігін арттырудан өткен педагогтердің үлесі

0%

90%

90%

ЖАО, БҒМ

олардың жалпы санына шаққанда 1 компьютерге келетін оқушылардың саны

18 

10

1

ЖАО, БҒМ

мектепке дейінгі ұйымдардың жалпы санынан мектепке дейінгі шағын орталықтардың үлесі

59,7% 

60%

52,7%

ЖАО, БҒМ

мектепалды даярлықпен қамтылған 5-6 жастағы балалардың үлесі

83%

100%

100%

ЖАО, БҒМ

балабақшалардың жалпы санынан жекеменшік балабақшалардың үлесі

10%

27,9%-дан кем емес

30%-дан кем емес

ЖАО, БҒМ

бейіндік мектептердің жалпы санынан жаратылыстану-математика бағытындағы бейіндік мектептердің үлесі

0%

15% кем емес

35% кем емес

ЖАО, БҒМ

мектептердің жалпы санынан сервистік қызмет көрсететін жаңа модификациялы кабинеттері (химия, биология, физика, лингафондық және мультимедиалық кабинеттер) бар мектептердің үлесі

31,7%

40%

80%

ЖАО, БҒМ

мектептердің жалпы санынан апатты жағдайдағы мектептердің үлесі

2,6%

2%

1%

ЖАО, БҒМ

оқушы орнының тапшылығы

74,3 мың

45 мың

30 мың

ЖАО, БҒМ

үш ауысымда сабақ жүргізетін мектептер үлесі

0,9%

0,2%

0

ЖАО, БҒМ

көлікпен жеткізуге мұқтаж балалардың жалпы санынан мектепке және мектептен үйлеріне сапалы әрі ыңғайлы тасымалдаумен қамтылған мектеп оқушыларының үлесі

63%

80%

100%

ЖАО, БҒМ

«тірек мектептер» – ШЖМ-ға арналған ресурстық орталықтар саны

0

160

160

ЖАО, БҒМ

оқушылардың жалпы санынан білім беру ұйымдарындағы спорт секциялары қызметімен қамтылған орта білім беру ұйымдарындағы оқушылардың үлесі

20%

25%

30%

ЖАО, БҒМ

оқушылардың жалпы санынан балалар-жасөспірімдер спорт мектебімен қамтылған оқушылар үлесі

8%

12%

14,5%

ТСМ

көркем, музыкалық, техникалық, ғылыми шығармашылықпен қамтылған мектеп жасындағы балалардың үлесі

21,5%

23%

38%

ЖАО, БҒМ

оқушылардың жалпы санынан спорт секциялары қызметімен ЖОО-ғы оқитындардың қамтылуы

*

20%

40%

БҒМ

даму мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы санынан инклюзивті біліммен қамтылған балалардың үлесі


9%

25%

50% ЖАО, ЕХӘҚМ, БҒМ

тұрмысы төмен отбасылардан шыққан оқушыларды тегін дәрумен қосылған ыстық тамақпен қамтамасыз ету

70%

100%

100%

ЖАО, БҒМ

мамандықтардың жалпы санынан кәсіптік стандарттармен қамтамасыз етілген ТжКБ мамандықтарының үлесі

0%

30%

90%

ЕХӘҚМ, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, салалық министрліктер, жұмыс берушілер қауымдастығы

ТжКБ мамандықтары бойынша жұмыс берушілердің қатысуымен (кәсіптік стандарттар негізінде) әзірленген типтік оқу жоспарлары мен бағдарламаларының үлесі

0%

50%

90%

БҒМ, ЖАО, жұмыс берушілер қауымдастығы

жұмыс берушілердің және халықаралық сарапшылардың қатысуымен әзірленген біріктірілген білім беру-оқыту бағдарламаларының үлесі

20%

40%

70%

БҒМ, ЖАО, жұмыс берушілер қауымдастығы

ТжКБ оқу орындарында мемлекеттік тапсырыс есебінен оқитындардың жалпы санынан кәсіпорындар базасында практикадан өтуге арналған орындармен қамтамасыз етілген білім алушылар үлесі

80%

85%

90%

ЖАО, БҒМ, салалық министрліктер, жұмыс берушілер қауымдастығы, «Атамекен» Одағы

білім алушылардың жалпы санынан жұмыс берушілер қаражаты есебінен ТжКБ-да білім алушылардың үлесі

0,6% 

1%

2%

ЖАО, БҒМ, жұмыс берушілер

техникалық және кәсіптік біліммен қамтылған типтік жастағы жастардың үлесі

17,6%

20%

23%

ЖАО, БҒМ

ТжКБ жүйесінде енгізілген оқушы орындарының саны 

2 660 оқушы орны

16 940 оқушы орны

ЖАО, БҒМ

жатақханалардағы ТжКБ оқушылары үшін жаңадан енгізілген орын саны

0

1 300 орын

1 500 орын

ЖАО

ТжКБ оқу орындарының жалпы санынан қазіргі заманғы оқу жабдықтарымен жарақтандырылған оқу

36%

75%

90%

ЖАО, БҒМ

орындарының үлесі бакалавриаттың мемлекеттік тапсырыс көлемінен магистратура бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитындар үлесі

8%

20%

40%

БҒМ

оның ішінде, бакалавриаттың мемлекеттік тапсырыс көлемінен біржылдық магистратура бағдарламалары бойынша оқитындар үлесі

1,6%

14%

25%

БҒМ

2012 жылдан бастап мемлекеттік тапсырыстың жылдағы өсуімен PhD докторлық бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алушылар үлесі

200 

кемінде 1000 адам

кемінде 2000 адам

БҒМ

Қазақстан Республикасында кредиттерді ауыстырудың еуропалық үлгісі (ECTS) бойынша кредитті қайта ауыстырудың қазақстандық моделін енгізген ЖОО үлесі

19%

100%

100%

БҒМ

2015 жылдан бастап «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары магистратурада, докторантурада, бакалавриатта – бір семестрден бір академиялық жылға дейін оқиды, ғылыми тағылымдамадан өтеді

69%

100%

100%

БҒМ

Республикалық ЖОО-аралық электрондық кітапханаға қолжетімділігі бар жоғары оқу орындарының үлесі

26%

55%

100%

БҒМ

мамандықтар бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі типтік оқу жоспарларындағы жоғары оқу орындарының академиялық еркіндігін кеңейту, таңдау компонентін ұлғайту

65%

70%

80%

БҒМ, жұмыс берушілер

жоғары импакт-факторлы ғылыми журналдарда жарияланған мақалалары бар Назарбаев Университетінің магистранттары мен докторанттарының үлесі

0%

10%

30%

"Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымы, БҒМ

жоғары білім беру жүйесіндегі шетелдік студенттердің, оның ішінде коммерциялық негізде оқитындардың үлесі

1,5%

2,5%

3%

БҒМ

техникалық жоғары оқу орындарының жалпы санынан инновациялық құрылымдар, ғылыми зертханалар, технопарктер, орталықтар құрған жоғары оқу орындарының үлесі

14%

20%

50%

БҒМ

жоғары оқу орындарының жалпы санынан ғылыми және жобалау-конструкторлық ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерін құрған жоғары оқу орындарының үлесі

*

10%

25%

БҒМ

магистратура мен докторантураны аяқтаған және жоғары оқу орындарын бітірген жылы жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдарға жұмысқа орналасқан жоғары оқу орындары түлектерінің үлесі

*

10%

30%

БҒМ

азаматтық жоғары оқу орнының білім беру қызметін мемлекеттік жеке әріптестік есебінен қаржыландырудың үлесі

*

10%

50%

БҒМ

азаматтық жоғары оқу орнының ғылыми және инновациялық қызметін мемлекеттік-жеке әріптестік есебінен қаржыландырудың үлесі

*

10%

50%

БҒМ

жұмыс берушілермен бірлесіп, техникалық және қызмет көрсету еңбегінің қызметкерлерін қайта даярлау және біліктілігін арттырудың қысқа мерзімді курстары үшін модульдік оқу бағдарламаларының саны

0

20 бірлік

25 бірлік

БҒМ, жұмыс берушілер, ЕХӘҚМ

депутаттардың жалпы санына шаққанда барлық деңгейлердегі өкілді органдарға сайланушы жастардың үлесі

*

3,9%

4,1%

БҒМ, ЖАО

жастар ұйымдарының қызметіне

22%

28%

35%

БҒМ, ЖАО, қатысатын жастардың үлесі үкіметтік емес ұйымдар

мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға тартылған республикалық жастар ұйымдарының үлесі

12%

20%

24%

БҒМ, ЖАО, үкіметтік емес ұйымдар

жоғары және бірінші біліктілік санаттары бар педагог қызметкерлердің үлесі

-

30,5%

50%

ЖАО, БҒМ

көп тілде оқытатын мектепке дейінгі ұйымдардың үлесі

-

15%

50%

ЖАО, БҒМ

инклюзивтік білім беру үшін жағдай жасаған мектепке дейінгі ұйымдардың үлесі

-

8,5%

15%

ЖАО, БҒМ

педаготтердің жалпы санындағы біліктілікті арттырудан өткен педагог қызметкерлердің үлесі

-

29%

50%

ЖАО, БҒМ

балалардың инновациялық жобаларын қорғау бойынша конкурсқа қатысатын мектепке дейінгі ұйымдардың үлесі (жобалау қызметі, дойбы, шахмат, денсаулық сақтайтын технологиялар және т.б.)

-

15,5%

50%

ЖАО, БҒМ

* – статистика жүргізілмейді

      Бағдарламаны іске асырудың мақсатына, нысаналы индикаторларына, міндеттері мен нәтижелердің көрсеткіштеріне Білім және ғылым министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Байланыс және ақпарат, Индустрия және жаңа технологиялар, Туризм және спорт, Ішкі істер, Мәдениет министрліктерімен, салалық министрліктерімен, жергілікті атқарушы органдармен, жұмыс берушілер қауымдастығымен, «Атамекен» одағымен, ҮЕҰ-мен бірлесе отырып жететін болады.

5. Бағдарламаның негізгі бағыттары, алға қойылған мақсаттарға жету жолдары және тиісті шаралар

      Ескерту. 5-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 12.08.2014 N 893 Жарлығымен.

      Білім беруді дамыту мына бағыттарда іске асырылатын болады:
      білім беруді қаржыландыру;
      педагог мәртебесі;
      білім беру менеджменті;
      «e-learning» электрондық оқыту;
      мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту;
      орта білім;
      техникалық және кәсіптік білім;
      жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
      өмір бойы оқу;
      тәрбие жұмысы және жастар саясаты.

 Білім беру жүйесін қаржыландыру

      Мақсаты:
      Білім беру қызметіне тең қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағдарланған қаржыландыру жүйесін жетілдіру.

      Міндеті:
      Білім берудің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған білім беруді қаржыландырудың жаңа тетіктерін әзірлеу.

      Нысаналы индикатор:
      2015 жылдан бастап ШЖМ-нан басқа, барлық білім беру ұйымдарына жан басына шаққандағы қаржыландыру тетігі енгізіледі.

      Жан басына қаржыландыру
      Ескерту. Тарауға өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 02.11.2012 № 423 Жарлығымен.
      Нәтижеге бағдарланған бюджеттеу орта білімде мемлекеттік шығыстарды басқару саласындағы реформалардың құрамдас бөлігі болады.
      2011 жылы жан басына қаржыландыру әдістемесі әзірленетін болады. Ол бюджеттік шығыстардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді және халықтың әртүрлі жіктері үшін сапалы білімге қолжетімділікті арттыруға ықпал ететін болады.
      Жан басына қаржыландыру бірінші кезеңде бейіндік мектептер үшін жүзеге асырылады. 2013 жылы жалпы орта білімнің жан басына қаржыландыру жүйесі 4 бейіндік мектептің базасында сынақтан өткізіледі. Бұл үшін жан басына қаржыландыру жүйесі бойынша нормативтік құқықтық құжаттар әзірленеді.
      Жан басына қаржыландыру, қаржылық дербестік, қамқоршылық кеңестер және т.б. тетіктерді пысықтау үшін жекеменшік немесе жоғары оқу орындары жанындағы мектептердің қатарынан пилоттық мектептер анықталады.
      Негізгі және бастауыш мектепте жан басына қаржыландыру бейіндік мектепте алынған тәжірибенің негізінде енгізілетін болады.
      2015 жылға қарай мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жан басына қаржыландыру негізінде мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады.
      ТжКБ жүйесінде 2011 жыл мен 2013 жыл аралығында бір маманды даярлауға жұмсалатын шығындардың нормаларын бекітетін жан басына қаржыландыруды енгізу бойынша пилоттық жоба іске асырылатын болады.
      2015 жылға қарай жан басына шаққандағы қаржыландыру ШЖМ-нан басқа, мектепке дейінгі білімнен ТжКБ-ге дейінгі барлық білім беру ұйымдарында іске асырылады.

      Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (МБЖЖ)
      Ақылы білім беру қызметтеріне қолжетімділікті арттыру мақсатында мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің (бұдан әрі – МБЖЖ) тетігін әзірлеу жоспарлануда, оның көмегімен Қазақстанның әрбір азаматының болашақта баласының жоғары оқу орындары мен колледждерде оқуын төлеу үшін жоспарлы түрде ақшалай қаржы жинақтауына мүмкіндік беру болжануда. МБЖЖ азаматтардың жинақтарына мемлекеттік сыйлықақы аударуды болжайды.
      МБЖЖ-ны енгізу тиісті нормативтік құқықтық актілерді қабылдағаннан кейін көзделуде.
      Одан басқа, білім берудің тиімді жүйесін дамыту үшін оған деген шығынды инвесторларды тарту жолымен ұлғайту қажет. Білім саласына жеке инвестицияларды тарту елдегі мемлекеттік – жеке әріптестіктің қолданыстағы тетігі бойынша жүзеге асырылады.

Педагог мәртебесі

      Мақсаты:
      Педагог мамандығының беделін көтеру.

      Міндеттері:
      1. Білім беру жүйесін жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету.
      2. Педагог қызметкерлердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды күшейту.

      Нысаналы индикатор:
      Ескерту. Тарау жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 02.11.2012 № 423 Жарлығымен.
      Педагогтердің жалпы санына шаққанда жоғары және бірінші санаты бар жоғары білікті педагог қызметкерлердің үлесі (2015 жылы - 49%, 2020 жылы - 54%).

      Білім беру жүйесін жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету
      Ескерту. Тарауға өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 02.11.2012 № 423 Жарлығымен.
      Білім беру сапасы, бірінші кезекте, сапалы даярлығы бар оқытушылармен айқындалады.
      2011 жылдан бастап:
      «Болашақ» халықаралық стипендиясының шеңберінде орта, техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру салалары үшін ағылшынтілді педагог кадрларды даярлау қамтамасыз етіледі;
      еліміздің жоғары оқу орындарында көптілді білімді педагог кадрларды даярлау базалық пәндер циклінде шет тілі бойынша кредиттердің көлемін ұлғайту арқылы жүзеге асатын болады. Бұл үшін Үлгілік оқу бағдарламасының үш тілде оқытатын педагогтерді даярлау бөлігіне өзгерістер енгізіледі;
      педагогтерді даярлау бағдарламасы, оның ішінде ШЖМ-ға арналған, педагог кадрларды даярлайтын жоғары оқу орындарында бейіндік мектептер үшін мұғалімдерді мақсатты даярлауға арналған мемлекеттік тапсырыс негізінде білім беру магистрлерінің бағдарламасы жетілдіріледі;
      жаңа білім беру бағдарламаларына сәйкес біліктілікті арттыру бағдарламасы жаңартылады және білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру қамтамасыз етіледі.
      2020 жылға дейін біліктілікті арттырудан жыл сайын 73,3 мың адам өтеді деп жоспарлануда.
      Біліктілікті арттыру курстары "Өрлеу" ұлттық біліктілікті арттыру орталығы" акционерлік қоғамының базасында, сондай-ақ "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымының базасында педагогикалық шеберлік орталығында өтетін болады, онда курстық даярлықтан өтіп, біліктілік емтиханын тапсырғаннан кейін педагогке еңбекақысына әсер ететін 1-, 2-, 3-деңгейлі курстар градациясына сай тиісті сертификат беріледі.
      Нормативтік құқықтық базаны жетілдіру, біліктілікті арттыру жүйесінің бағдарламалары мен материалдық-техникалық базасын жаңарту, ұйымдастыру моделін реформалау көзделеді.
      Қайта даярлау мен біліктілікті арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қашықтықтан оқытумен қамтамасыз ету мақсатында олар интерактивті жабдықтармен жарақтандырылады.
      Жыл сайын мектепке дейінгі және орта білім жүйесінің педагог кадрларының біліктілігін арттыруға мемлекеттік тапсырыс арттырылады. Оның ішінде мына мамандар үшін:
      мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды біріктірілген түрде оқыту (инклюзивті білім);
      даму мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс;
      жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыру.
      ТжКБ жүйесінде:
      жыл сайын педагог қызметкерлер білім беру ұйымдары мен кәсіпорындар базасында біліктілігін арттырып отырады;
      арнайы пәндердің оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері біліктілігін арттырады және әлеуметтік әріптестер есебінен кәсіпорындарда, оның ішінде шетелде тағылымдамадан өтеді.
      Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың басым бағыттары бойынша алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік өнеркәсіп кәсіпорындармен жоғары оқу орындарын көпжақты біріктіру мақсатында жыл сайын шетелде профессор-оқытушы құрамның (бұдан әрі – ПОҚ) біліктілігін арттыру ұйымдастырылады.

      Педагог қызметкерлердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды күшейту
      Педагогтің кәсіби мәртебесін көтеру үшін бірқатар шаралар атқарылады.
      Педагог қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің жаңа үлгісі әзірленеді, ол:
      біліктілік санатына қарап, педагог қызметкерлердің қызметтік жалақысының көлемін есептеу үшін қолданылатын сараланған коэффициенттерді енгізуді;
      нәтижеге бағытталған еңбекақы төлеу тетігін енгізуді көздейді.
      Атқарылған шаралар нәтижесінде педагог қызметкерлердің орташа жалақысы 2015 жылға қарай экономиканың жеке секторындағы жалақыға жуықтайды.
      ҚР ЕХӘҚМ жүргізетін ұзақ мерзімді кезеңдегі зейнетақы төлемінің болжауы бойынша есептеулер, талдамалық және экономикалық зерттеулер шеңберінде азаматтарды, оның ішінде педагогтерді зейнетақымен қамтамасыз ету жетілдіріледі.
      Сонымен қатар педагогтерге қойылатын талаптарды күшейту шаралары қарастырылуда.
      Педагог мамандықтар бойынша жоғары оқу орнына түсу кезінде педагог қызметіне икемділік деңгейін анықтауға арналған шығармашылық емтихан енгізілетін болады.
      Педагог мамандықтарына түсетін талапкерлер үшін шекті деңгей көтерілетін болады.
      Бірінші және жоғары санаттарды алуды ынталандыратын жағдай жасау мақсатында педагогтердің біліктілік деңгейіне қойылатын талаптар қайта қарастырылатын болады.
      2016 жылдан бастап 5 жылда бір рет аттестаттау түрінде, оның ішінде жұмысқа алғаш рет немесе педагог қызметінің үзілісінен кейін қабылданып жатқан педагогтер біліктілігінің деңгейін растау рәсімі енгізілетін болады. Білім беру ұйымдарына жұмысқа кіру қағидалары әзірленеді, ол азаматтардың аталған санаттары үшін тестілеуден өтуді көздейді.
      Бейіндік мектеп үшін мұғалімдерді іріктеу кезінде білім беру саласындағы магистр дәрежесінің болуы көтермеленеді.
      Өздігінен білім алу және өзін-өзі жетілдіру педагог портфолиосында көрінетін қызметінің ажырамас бөлігі болып табылатын болады.
      Педагог кадрларды даярлау сапасын бақылау және ынталандыру үшін біліктілік деңгейін бағалау тәуелсіз коммерциялық емес үкіметтік емес агенттіктерде өтетін болады.
      Педагогтерді аттестаттау мұғалім білімін тестілеу, оқу-әдістемелік қызметі туралы есеп беруінен тұратын, мүдделі адамдар (оқушылардың ата-аналары) мен жұртшылықтың пікіртерімі рәсімдерінен тұратын жинақтық бағалау негізінде жүргізіледі.
      Математика мұғалімдері TEDS-M халықаралық салыстырмалы зерттеулерге (Teacher Education and Development Study in Mathematics) – орта мектептің бастауыш және орта буынының математика мұғалімдерінің кәсіптік білім сапасын бағалауға қатысатын болады.
      Мұғалімнің кәсіби беделін көтеру мақсатында қоғамда педагогтің оң имиджін қалыптастыру жұмысы жүргізілетін болады: «Жыл мұғалімі» конкурсы, акциялар, БАҚ-пен ортақ жобалар, шеберлік сыныптары, жаңашыл педагогтер форумдары, конкурстар, педагогтер әулеттерінің слеттері, ғылыми-педагогикалық семинарлар мен симпозиумдар, семинар-тренингтер және дөңгелек үстелдер.

Білім беру менеджменті

      Мақсаты:
      Білім беруді басқарудың мемлекеттік-қоғамдық жүйесін қалыптастыру.

      Міндеттері:
      1. Білім берудегі менеджментті жетілдіру, оның ішінде корпоративтік басқару принциптерін енгізу, білім беруде мемлекеттік-жеке әріптестік жүйесін қалыптастыру.
      2. Білім беруді дамытудың мониторинг жүйесін жетілдіру, оның ішінде халықаралық талаптарды ескере отырып, ұлттық білім статистикасын құру.

      Нысаналы индикаторлар:
      Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестер құрылған (2015 жылы – 45 %, 2020 жылы – 60 %).
      Білім беру ұйымдарының басшылары менеджмент саласында біліктілігін арттырған және қайта даярлықтан өткен (2015 жылы – 50 %, 2020 жылы – 100 %).

      Білім беруді басқару жүйесі
      Еңбек нарығындағы қатаң бәсекелестік білім беру менеджменті жүйесінің ұтқырлығы мен серпінділігін талап етеді.
      Білім беруді басқаруға қалың жұртшылық – педагогтер де, халықтың әртүрлі топтары да тартылады.
      МЖӘ-ні ілгерілету үшін әлеуметтік тапсырыс жүйесі мен грант немесе басқа тетіктер түрінде коммерциялық емес үкіметтік емес ұйымдардың қызметін мемлекеттік қаржыландыру тетіктері жетілдірілетін болады. МЖӘ-нің ұзақ мерзімді тетігінің негізі ретінде үкіметтік емес секторды жүйелі қаржыландыру қарастырылатын болады.
      Білім беруді басқарудың түрлі деңгейіне қоғамның қатысуы қамқоршылық кеңестер түрінде жүзеге асырылады.
      Білім беруді дамытуда қамқоршылық кеңестердің пәрменді қоғамдық қатысу тетігі әзірленетін болады.
      Оқуға төлейтін ата-аналардың, жұмыс берушілердің, білім беру және кәсіптік қауымдастықтар саласындағы үкіметтік емес ұйымдардың қатысуының есебінен қамқоршылық кеңестің рөлі өседі.
      Білім жүйесінің корпоративтілігін, айқындылығын қамтамасыз ету үшін оқу орындарында қамқоршылық кеңестер, жұмыс берушілердің қатысуымен кадрларды даярлайтын салалық және өңірлік кеңестер жұмыс істейтін болады.
      Білім беру мен денсаулық салаларындағы мемлекеттік кәсіпорындар мәселелері жөнінде Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын мәртебесі бар ЖОО-ларда корпоративтік басқару принциптері енгізілетін болады: басқарудағы алқалылық, қызмет көрсетудегі дербестік, қызмет нәтижесі бойынша есеп берушілік, қызметтің айқындығы, жауапкершілік. Корпоративтік басқару принциптері басқарушылық қызметтің үш негізгі аспектісін көздейді: стратегияны қабылдау, бюджетті бекіту, кадр саясаты.
      Оң нәтиже болған жағдайда, корпоративтік басқару принциптері 2020 жылға қарай азаматтық ЖОО-лардың барлығына енгізілетін болады.
      2011 жылдан бастап білім беру ұйымдарында басшылардан және педагогтерден басқарудың жаңа дағдыларын, қайта даярлау мен біліктілікті арттыруды талап ететін нәтижеге бағдарланған жоспарлау жүйесі енгізілетін болады.
      Тәрбие жұмысы саласында ЖОО-да тәрбие жұмысын жоспарлау, мониторингтеу, нәтижелерді бағалау және бақылау жүйелерін жетілдіру, сонымен қатар басқару жүйесін күшейту бойынша шаралар қабылданатын болады.
      Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта білім жүйесінің басшы қызметкерлерінің білім берудегі менеджмент мәселелері бойынша біліктілігін арттыру жүзеге асырылатын болады.
      Менеджменттің заманауи технологияларын енгізу үшін оқу орындарының басшы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау тұрақты түрде іске асырылатын болады.
      Білім берудегі менеджмент бойынша қайта даярлаудан өткен адамдар білім беру ұйымдарының басшылары болып танылады.
      2013 жылы мемлекеттік ЖОО ректорларын тағайындау тетігі, олардың сайлануы бөлігінде қайта қаралатын болады.
      Корпоративтік басқаруды енгізу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын болады.
      Білім беру ұйымдарының қызметін «ашықтығын» қамтамасыз ету мен ЖОО-ларда жемқорлық пайызын төмендету үшін әлеуметтік зерттеулер мен акциялар жүргізілетін болады.

      Білім беруді дамытудың мониторинг жүйесі
      Білім берудегі сапа менеджменті жүйесіндегі принциптердің бірі мониторинг нәтижелерін ескере отырып, білім беру процесін тұрақты жетілдіру принципі болып табылады.
      Ұлттық және өңірлік деңгейдегі білім беру нәтижелері мен әлеуметтік әсерлердің жүйелі мониторингін жүргізу мақсатында басқарудың ақпараттық базасы және даму жолдарын болжамдау түрінде білім беру мониторингінің бірыңғай жүйесі енгізіледі. Осы мақсатқа жету үшін Ұлттық білім беру сапасын бағалау орталығы Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау (бұдан әрі – ҰБСБО) орталығы болып өзгертіледі.
      Бұл үшін:
      барлық деңгейде білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін (бұдан әрі – БСБҰЖ) енгізу жалғастырылады;
      ЮНЕСКО, ЭЫДҰ және АҚШ халықаралық білім беру статистикасының талаптарын ескере отырып ұлттық білім беру статистикасы әзірленеді;
      бастапқы мәліметтер негізінде білім беру статистикасының бірыңғай базасы құрылады;
      білім беруді басқару жүйесінің инфрақұрылымы кеңейтіледі.
      Мониторингтік зерттеулер жүргізетін болады. Басқару шешімдерін қабылдау үшін мониторинг нәтижелері бойынша білім беру жүйесінің жай-күйі мен дамуы туралы жыл сайынғы облыстық баяндамалар жарияланып отырады.
      2013 жылдан бастап білім беру статистикасының жинағы жыл сайын басылып шығатын болады. БМ-ның және ҰБСБО-ның сайттарында жинақтың электрондық нұсқасы орналастырылады. Оқытудың барлық деңгейі бойынша оқушылардың, педагогтердің бірыңғай базасы құрылатын болады.
      2015 жылға қарай статистикалық деректердің бытыраңқы электрондық базалары білім беру статистикасының бірыңғай базасына біріктіріледі. Аталған база бастапқы деректер негізінде толықтырылып (мектеп, колледж, жоғары оқу орны, интернат, орталықтар, сапаны бағалау қызметтері және т.б.), ҚР БМ-да жинақталады. Осылайша, 2015 жылға қарай әкімшілік есептіліктің барлық нысандарын жинау жойылып, айқындылық қамтамасыз етіледі.
      Әртүрлі бейінді және даярлық деңгейіндегі мамандар қажеттілігін бағалау мемлекеттік реттеу тетіктерін тұжырымдау және ел экономикасының, басқару мен әлеуметтік саласының қажеттілігіне сәйкес мамандар даярлауды ынталандыру үшін арналған еңбек нарығын мониторингтеу, талдау және болжау жүйесі негізінде жүзеге асырылатын болады.

 «E-learning» электрондық оқыту

      Мақсаты:
      Білім беру процесінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету.

      Міндеті:
      Оқу процесін автоматтандыруды енгізу үшін жағдай жасау.

      Нысаналы индикатор:
      Білім беру ұйымдарында электрондық оқыту жүйесі қолданылады (2015 жылы – 50 %, 2020 жылы – 90 %).

      Электрондық оқытуды енгізу
      Алға қойған мақсатқа қол жеткізу оқу сапасын, білімді басқарудың тиімділігін, сыртқы ортамен ақпараттық кірігуін арттырады.
      Электрондық оқытуды енгізу бірқатар нормативтік құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді талап етеді.
      2012 жылға қарай жоғары, техникалық және кәсіптік білімнің МЖБС-на, электрондық оқыту жүйесін міндетті пайдалану бөлігінде орта білім берудің МЖБС-на электрондық оқыту жүйесінде жұмыс жасау үшін педагог кадрларды даярлау бөлігінде өзгерістер енгізілетін болады.
      Электрондық оқыту жүйесінде қолданылатын электрондық оқулықтарды және оқу-әдістемелік кешендерді (бұдан әрі – ОӘК) жасауға арналған талаптар, жүйені қолданушылардың жеке және ұжымдық жұмыстарының регламенті, техникалық регламент (электрондық оқыту жүйесін сүйемелдеу және қолдану) әзірленеді және бекітіледі.
      Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (бұдан әрі – АКТ) – педагогтердің құзыреттіліктерін қамтамасыз ету үшін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету, электрондық оқыту жүйесін пайдаланушыларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру қажет.
      2011 жылдан бастап педагогтердің электрондық оқыту жүйесін пайдалану мен қолдану бойынша біліктілігін арттыру басталады деп көзделіп отыр.
      Электрондық оқыту жүйесін ұйымдастыру жағынан қамтамасыз етуді қалалар мен облыстардың білім беру басқармалары жанындағы Білім берудегі жаңа технологиялардың өңірлік орталықтары жүзеге асыратын болады.
      Электрондық білім беруге арналған электрондық ресурстармен және контентпен қамтамасыз ету – мемлекеттік-жеке әріптестік негізінде жүзеге асырылады.
      Технологиялық инфрақұрылымды дамыту білім беру ұйымдарын өткізу мүмкіндігі 4–10 Мбит/сек. Интернет жүйесіне қосуды көздейді.
      Интернет желілеріне білім беру ұйымдарының 90 %-ынан астамы қосылатын болады. Бірінші кезекте – ресурстық орталықтардың пилоттық бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін мектептер.
      Кең жолақты Интернетке (бұдан әрі – КЖИ-ға) қосылу, электрондық білім беру жүйесі үшін жабдықтармен қамтамасыз ету және жеткізушілердің қызмет көрсетулерін таңдау мемлекеттік сатып алу саласындағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүргізілетін болады.
      Білім беру ұйымдарының 90 %-ының қажетті оқу ресурстары бар Интернет-ресурстары болады.
      Негізгі және бейіндік орта мектепте оқытылатын әрбір пән бойынша интерактивті және зияткерлік цифрлы білім беру ресурстары әзірленетін болады.
      Орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын цифрлы білім беру контентімен (қандай да бір ақпараттық ресурспен – мәтін, кескіндеу, музыка, бейне, дыбыс және т.б., толықтыру (мысалы: интернет ресурстар контенті) ашық қолжетімділікте толық қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
      Оқытушылар жасаған электрондық білім беру ресурстары (медиатекаларды бір орталықтан құру және ресурстармен толтыру) дамытылады.
      Оқу процесіне автоматтандыруды енгізу үшін әрбір білім беру ұйымы қажетті жабдықтармен жарақтандырылатын болады: компьютердің жаңа түрлерімен, КЖИ-мен қамтамасыз ету және т.б.
      2011 жылы әкімші, директордың орынбасары, мұғалім, оқушы, медициналық қызметкер, кітапханашы үшін функционалдар әзірленетін болады.
      Оқушы автоматтандырылған жүйеде жеке портфолиосын, күнтізбесін, күнделігін жүргізеді. Мұғалім күнтізбелік-тақырыптық жоспары бар электрондық дәптерді, сынып журналын, хабарландыру қызметі (алда болатын жоспарлы және жоспардан тыс жиналыстар мен кездесулер туралы оқушылардың ата-аналарына e-mail немесе sms-хабарламалар, есептілік және т.б. жіберу) толтыратын болады.
      Оқытушылық жүктемені, сабақ кестесін, үлгерім мониторингі мен оқушылардың сабаққа келуін, педагогтің қызметін, есептілікті директордың орынбасары жүзеге асырады. Жүйе әкімшісі оқшау және ғаламдық есептеу желісін, телефон жүйесін немесе дауыс поштасы жүйесін қоса алғанда, көп қолданыстағы компьютерлік жүйенің жұмыс істеп тұруына жауапты болады.
      2015 жылға қарай жетекші шетелдік ЖОО-лардың үлгісі қалпы бойынша университеттік порталдар құрылады, 2020 жылға қарай ЖОО-ларда кең жолақты Интернетке қол жеткізу 100 % қамтамасыз етіледі. ЖОО-лардың техникалық дайындығына қарай оларды Республикалық жоғары оқу орындары арасындағы электрондық кітапханаға қосу жүзеге асырылатын болады.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту

      Мақсаты:
      Балаларды мектепке дейінгі сапалы тәрбиемен және оқытумен толық қамтуды, оларды мектепке даярлау үшін мектепке дейінгі тәрбиелеудің және оқытудың әртүрлі бағдарламаларына тең қол жеткізуді қамтамасыз ету.

      Міндеттері:
      1. Мектепке дейінгі ұйымдардың желісін ұлғайту.
      2. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын жаңарту.
      3. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз ету.

      Нысаналы индикатор:
      Ескерту. Тарау жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 02.11.2012 № 423 Жарлығымен.
      3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту (2015 жылы - 74%, 2020 жылы - 100%).

      Мектепке дейінгі ұйымдардың желісін ұлғайту
      2020 жылы 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 100% қамтамасыз ететін мемлекеттік және жекеменшік балабақшалар желісі дамитын болады.
      Балаларға ерте жастан түзеу-педагогикалық қолдау көрсету үшін түзету және инклюзивтік білім кабинеттері құрылатын болады. 2015 жылға дейін барлық балабақшалардың жалпы санынан түзеу және инклюзивті білім кабинеттерінің желісі 8 %-дан 30 %-ға дейін ұлғаяды.
      Мектепке дейінгі арнайы түзеу ұйымдарының желісін сақтау және ұлғайту мақсатында Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарында арнайы балабақшалар ашылады. Мектепке дейінгі арнайы түзеу ұйымдарының үлесі олардың жалпы санынан 2015 жылы – 2 %-ды, 2020 жылы – 2,5 %-ды құрайды. Ұйымдарға кедергісіз қол жеткізу үшін жағдай жасау арқылы балабақшалардың үлесі олардың жалпы санынан 2011 жылы 1 %-дан 2020 жылы 10 %-ға дейін ұлғаяды.

      Мазмұнды жаңарту, кадрлармен қамтамасыз ету
     "Алғашқы қадам", "Зерек бала", "Біз мектепке барамыз" жалпы білім беретін оқу бағдарламалары, сондай-ақ "Балбөбек", "Қайнар" және т.б. сияқты бірқатар баламалы бағдарламалар жаңартылатын болады;
      480408 орын енгізіледі, бұл 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 100% қамтуды қамтамасыз етеді;
      2015 жылға дейін жоғары оқу орындарында және ТжКБ ұйымдарында мектепке дейінгі білім беретін 18 мыңнан астам педагог қызметкерлер даярланады.
      Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтерін қайта даярлау жүзеге асырылады.
      2020 жылға қарай:
      өңірлердің ерекшеліктеріне қарай мектепке дейінгі ұйымдардың түрлі модельдерінің жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі. Мысалы, оңтүстік өңірлерде – жекеменшік коттедждердегі балабақшалар, жұмысқа отбасы мүшелерін тарта отырып, тұрғын жайлар базасында 5–6 балаға арналған отбасылық балабақшалар. Солтүстік өңірлерде – оқушылық орынның профициті есебінен жалпы білім беретін мектептер базасында шағын орталықтар. Қалаларда тұрғын үй кешендерінің төменгі қабаттарында – шағын жинақталған балабақшалар мен шағын орталықтар. Барлық өңірде – «Мектеп-бақша» кешендері. Мемлекеттік балабақшалардың баламасы ірі компаниялар, ұйымдар, кәсіпорындар жанындағы балабақшалар болады;
      мектепке дейінгі балалар ұйымдарындағы орындар саны 373 мыңнан 662 мыңға дейін көбейтіледі;
      балабақшалардағы топтардың толықтырылуы жас ерекшелік нормаларына (бөбектер тобы – 17, орта – 22, ересектер – 27) сәйкес 27-ден (ел бойынша орташа) 22-ге дейін азайтылды;
      мектепке дейінгі жастағы барлық бала санынан мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған балалардың саны 70 %-дан 100 %-ға дейін көбейтіледі.
      10 оқу бағдарламасы жаңартылады, 30 ОӘК әзірленеді, оның ішінде 2016 жылы – 8, 2017 жылы – 8, 2018 жылы – 8, 2019 жылы – 8, 2020 жылы – 8 бірлік.

Орта білім

      Мақсаты:
      Жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі және рухани дамыған азаматын қалыптастыру, оның тез өзгеретін әлемде табысқа жетуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру, еліміздің экономикалық игіліктері үшін бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту. 12 жылдық оқыту моделіне көшу.

      Міндеттері:
      1. 12 жылдық оқыту моделіне көшуді білім беру мазмұнын жаңғырту арқылы жүзеге асыру.
      2. ШЖМ проблемаларын шешу.
      3. Мектептегі инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіру.

      Нысаналы индикаторлар:
      2020 жылы 12 жылдық оқыту үлгісіне көшу толықтай жүзеге асырылады (2015 жылы – 1, 5, 11-сыныптар).
      «Назарбаев Зияткерлік мектептері» жобасы шеңберінде Қазақстанның барлық өңірлеріндегі мектептердің саны (2020 жылы – 20).
      Жаратылыстану-математика пәндері бойынша білім беретін оқу бағдарламаларын жетік меңгерген оқушылардың үлесі (2015 жылы – 60 %, 2020 жылы – 70 %).
      Қазақстандық жалпы білім беретін мектеп оқушыларының PISA, TIMSS, PIRLS халықаралық салыстырмалы зерттеулеріндегі нәтижелері (2015 жылы: PISA – 50–55 орын, TIMSS – 10–15 орын, 2020 жылы: PISA – 40–50 орын, TIMSS – 10–12 орын, PIRLS – 10–15 орын). Инклюзивті білім үшін жағдайлар жасалған мектептердің үлесі олардың жалпы санынан артады (2015 жылы – 30 %, 2020 жылы – 70 %).

      Білім берудің 12 жылдық моделіне көшу
      Ескерту. Тарауға өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 02.11.2012 № 423 Жарлығымен.
      Құзыреттілік тәсіліне және оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға негізделген 12 жылдық білім берудің жаңа стандартын әзірлеу және енгізу жоспарлануда.
      Білім беру стандарттарының ауысуы білім берудің жаңа мазмұнын әзірлеумен байланысты. Жаңа білім беру мазмұнының базалық принципі – әрбір мектепте тұлғаның адамгершілік-рухани қасиеттерін дамытуды ынталандыратын ізгі білім беру ортасын құру: өзін-өзі тану, өзін-өзі анықтау және өзін-өзі жетілдіру. Білім беру ұйымдары мен отбасыларда адамгершілік-рухани мәдениеттің жоғары деңгейіне қол жеткізілетін болады. Барлық балалар, оқушылар, студенттер мен педагог қызметкерлер Өзін-өзі танудың негізін, жалпыадамзаттық құндылықтардың дамуын меңгеретін болады.
      Типтік оқу жоспарлары және бағдарламалары:
      функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға;
      білім алудағы тұлғаның өзін-өзі дамытуын, дербестігін қамтамасыз ететін нәтижеге және коммуникативтік дағдыларды қалыптастыруға;
      ақпараттар мен технологияларды басқара білуге және проблемаларды шешуге;
      іскерлік пен креативтілікті қалыптастыруға бағытталған.
      2011 жылы бастауыш білімнің жоспарлары және бағдарламалары жаңартылады, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру үшін негізгі орта және жалпы орта білім берудің құзыреттілік тәсілі негізінде оқу бағдарламалары әзірленеді.
      2015 жылы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибе элементтері (мұғалімдердің біліктілігін арттыру, оқыту әдістемелері және технологиялары) білім беру жүйесіне енгізілетін болады.
      2012 жылы жалпы орта білімнің МЖБС жоғары білімнің (бакалавриат) МЖБС-мен біріктіріледі – жоғары білімнің жалпы білім беретін пәндер циклінің жеке пәндері (әлеуметтану, өзін-өзі тану, ӨҚН, Қазақстан тарихы, мәдениеттану және т.б.) оқу жүктемесін көбейтпей, «Бейіндік мектептің» бейіндік оқыту бағдарламасына көшіріледі.
      2014 жылға қарай қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-математика және технологиялық бағыттар бойынша "Бейіндік мектеп" бейіндік оқыту бағдарламасы әзірленеді және сынақтан өткізіледі.
      Оқытудың 12 жылдық үлгісі бойынша эксперименттік алаң үшін оқулықтар мен ОӘК, түзеу білім беру ұйымдары үшін электрондық оқулықтар, аударма және оқулықтар мен ОӘК-ні бейімдеу жүзеге асырылады. Оқулықтарды әзірлеу және оқулықтарды сараптамадан өткізу функциялары бөлінеді.
      2013 жылы оқытудың 12 жылдық моделінің бағдарламасы бойынша оқулықтар мен ОӘК әзірленіп, ал 2014 жылы олар сараптамадан өтеді.
      2014 жылы 1, 5, 11-сыныптардың, 2015 жылы 2, 6, 12-сыныптардың, 2016 жылы 3, 4, 7-сыныптардың, 2017 жылы 8, 9, 10-сыныптардың оқушылары үшін оқытудың 12 жылдық моделінің бағдарламасы бойынша балама оқулықтар мен ОӘК-лер дайындалады.
      Қазақстандық оқулықтармен қатар ҚР БҒМ рұқсат берген тізбеге енгізілген математика, жаратылыстану мен техникалық ғылымдар бойынша анағұрлым сапалы шетелдік оқулықтар қолданылатын болады.
      2015 жылы жалпы білім беретін білім беру ұйымдарының барлық оқушысы жергілікті бюджет есебінен тегін оқулықтармен және сандық білім ресурстарымен қамтамасыз етіледі.
      2015 жылы оқытудың 12 жылдық моделіне дәйекті көшу мынадай сызба бойынша басталады:

Жылдар

Оқытудың 12 жылдық бағдарламасы бойынша

Оқытудың 11 жылдық бағдарламасы бойынша

2015 – 2016

1, 5, 11

2, 3, 4, 6, 7, 8, 9, 11

2016 – 2017

1, 2, 5, 6, 11, 12

3, 4, 7, 8, 9

2017 – 2018

1, 2, 3, 5, 6, 7, 11, 12

4, 8, 9

2018 – 2019

1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 11, 12

9

2019 – 2020

1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 11, 12


      11 жылдық мектептің 9-сыныбынан 12 жылдық мектептің 11-сыныбына көшу 2015 – 2016 оқу жылынан 2019 – 2020 оқу жылына дейін жүзеге асырылады. Оқытудың 12 жылдық моделінің 11 және 12-сыныптарында оқыту ақысыз болады.
      Алдын ала деректер бойынша 2015 жылғы 1 қыркүйекте оқушылардың жалпы саны шамамен 2,7 млн. баланы құрайды.
      Олардың ішінде 12 жылдық бағдарлама бойынша: 1-сыныпқа – 600 мың баладан аса (шамамен 6 жастағы балалар – 450 мың және 7 жастағы балалар 150 мың). Сынып-жинақтардың болжамды саны – шамамен 30 мың;
      5-сыныпқа – 260 мыңнан астам, сынып-жинақтардың болжамды саны – шамамен 13 мың;
      11-сыныпқа – шамамен 175 мың бала, сынып-жинақтардың болжамды саны – 8 мыңнан астам.
      2015 жылдан бастап жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің, гимназиялардың, зияткерлік мектептердің, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің жоғары сыныптарында «Бейіндік мектеп» бейінді оқу бағдарламасы іске асырылады. Бейіндік мектепке қабылдау ұлттық тестілеу негізінде жүзеге асырылады.
      Бейіндік мектепте оқуды 10-сынып бітірушілерінің 60 %-ы жалғастырады деп болжамданып отыр. Осы ретте бейіндік мектеп ашу, оның ішінде жатақханамен, оның жартысынан көбін ауылдық жерлерде ашу қарастырылып отыр. Сонымен, бір уақытта жоғары оқу орындарының базасында бейінді оқыту бағдарламасын іске асыратын мектептер құрылады. Бейіндік мектепте (11 – 12-сыныптар) оқу мен орналастыру мүмкіндігі қарастырылатын 40 жоғары оқу орны анықталған.
      Жинақталған тәжірибе мен халықаралық тәжірибені ескере отырып, 2015 жылдан бастап Қазақстанның білім жүйесінің құрылымы ХББСК-ға сәйкестендіріледі. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтар жіктеуіші қайта қарастырылатын болады. Орта кәсіптік білімнің бөлек білім бағдарламалары үшінші білім жүйесіне (қолданбалы бакалавриат) ауыстырылады, колледждердің мәртебесі артады. Қолданбалы бакалавриаттың бағдарламаларына түсу үшін толық орта білімді аяқтау қажет.

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің құрылымы

      Оқушылардың оқу жетістіктерін сырттай бағалау жүйесі әлемдік тәжірибені ескере отырып дамиды.
      Ұлттық тестілеу бастауыш, негізгі және бейіндік мектептерді бітіргеннен кейін:
      бастауыш мектепте – ішінара, оқушылардың оқу жетістіктеріне мониторинг жүргізу мақсатында;
      негізгі мектепте (10 сыныптан кейін) – оқытудың одан әрі жолын анықтау мақсатында;
      бейіндік мектепте – алған білім-білігінің деңгейін бағалау мақсатында өткізіледі.
      2015 жылға қарай жазба тапсырмаларын қоса алғанда, білім алушылар құзыреттіліктерінің қалыптасу деңгейін анықтауға бағытталған тестілеу тапсырмаларының базасы құрылатын болады.
      Сыртқы емтихандар жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып, компьютерлік тестілеу әдісімен өткізіледі.
      Жоғары білім алуға үміткерлер тәуелсіз ұлттық тестілеу нысанында қосымша бейінді емтихандар тапсыратын болады.
      Білім берудің инновациялық, көптілді моделін жасау мақсатында білім беруді үш тілде ұсынатын мектептердің саны 33-тен 700-ге дейін көбейеді. Оның ішінде, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» мектептер желісінің саны 6-дан 20-ға дейін көбейтіледі. Бұл мектептер білім берудің көптілді моделін, білім берудегі инновацияларды сынақтан өткізу үшін базалық алаңдар болады.
      Қазақстан оқушыларының білім беру сапасының халықаралық зерттеулеріне қатысуы қамтамасыз етіледі: PISA (15–16 жастағы оқушылардың математика сауаттылығы мен оқу және жаратылыстану бойынша сауаттылығын бағалау), TIMSS (4 және 8-сынып оқушыларының математика және жаратылыстану бойынша білімінің сапасын бағалау), PIRLS (оқу деңгейі мен сапасын салыстыру, әлем елдеріндегі бастауыш мектеп оқушыларының мәтінді түсінуі), TIMSS ADVANSED (11-сынып оқушыларының математика және жаратылыстану (физика) пәндерін тереңдетіп оқытатын сыныптарда сол пәндер бойынша сауаттылығын бағалау), ICILS (8-сынып оқушыларының компьютерлік және ақпараттық сауаттылығын бағалау).
      Оқытудың 12 жылдық моделінің талаптарына сәйкес материалдық-техникалық база жаңартылады.
      Мектептердің спорт залдарын қазіргі заманғы жабдықтармен жарақтандыру мәселесі шешіледі.
      Жергілікті бюджет қаражаттары есебінен мектептерге сервистік қызмет көрсете отырып, оларды физика, химия, жаңа түрлендірілген биология кабинеттерімен, лингафондық және мультимедиалық кабинеттермен жарақтандыру жалғастырылатын болады, олардың үлесі 35,6 %-дан 80 %-ға дейін ұлғаяды.
      2011 жылдан бастап бейіндік мектептерге, оларды жарақтандыруға қойылатын талаптар әзірленеді.
      Бұдан басқа, мектептердің үш ауысымдығы мен апаттылығын жою мақсатында мектептер салынатын болады.

      ШЖМ проблемаларын шешу
      ШЖМ-дағы білім беру сапасын арттыру проблемаларын шешуге мынадай іс-шаралар ықпал ететін болады:
      2011 жылы:
      Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясының базасында ШЖМ-ды дамытудың республикалық орталығы, педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ұйымдардың жанынан 14 өңірлік орталық құрылады, ШЖМ қызметінің үлгі ережесі әзірленеді;
      «Мектепке және мектептен тегін әрі қауіпсіз жеткізетін мектептер жоқ елді мекендерде тұратын білім алушылар мен тәрбиеленушілерді қамтамасыз ету» стандарты әзірленеді және қабылданады.
      2011 жылдан бастап:
      оқушылар саны 10 және одан көп барлық ШЖМ жаңа түрдегі компьютерлермен және кең жолақты Интернетке қол жеткізумен қамтамасыз етіледі. Қашықтықтан оқыту «e-learning» электрондық оқыту шеңберінде ұйымдастырылады;
      160 тірек мектеп ашылады.
      Тірек мектеп (ресурстық орталық) – базасында жақын маңдағы ШЖМ-ның білім беру ресурстары шоғырланатын білім беру ұйымы. Әрбір ресурстық орталыққа бірнеше ШЖМ бекітіледі. ШЖМ-дағы балалар үш рет (оқу жылының басында, ортасында және соңында) он күннен (сессия) тірек мектепте білім алады әрі онда аралық және қорытынды аттестаттау тапсырады. Сессияаралық кезеңде ШЖМ-да оқыту тірек мектеп мұғалімдерінің қатысуымен және қашықтықтан оқыту технологияларының көмегімен жүргізіледі. Осылайша, ресурстық орталықтар ШЖМ оқушыларының сапалы білімге қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
      2020 жылға қарай ШЖМ, негізінен, бастауыш және негізгі орта білім деңгейлері үшін жұмыс істейді.
      ШЖМ проблемасы тірек мектептер (ресурстық орталықтар), интернаттар, жеткізу есебінен шешіледі.

      Инклюзивті білім жүйесін дамыту
      2015 жылға қарай аталған міндетті шешу үшін:
      мүмкіндіктері шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың модульдік бағдарламалары;
      мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортада біріктіріп оқыту ережесі әзірленеді, түрлі кемістігі бар балалар үшін бірігу нысандары анықталады;
      мүгедек балаларға қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру қағидалары әзірленеді.
      2020 жылға қарай мектептерде мүгедек балалар үшін көтергіш жабдықтар, пандустар, санитарлық бөлмелерде арнайы құралдар орнату, тұтқалармен, арнайы парталармен, үстелдермен және басқа да арнайы компенсаторлық құралдармен жарақтандыру арқылы «кедергісіз аймақтар» құрылады.
      3030 мектепте мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуға және тәрбиелеуге тең қол жеткізу үшін жағдайлар жасалады (мектептерде педагог-дефектологтардың, балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің, арнайы жеке техникалық және компенсаторлық құралдардың болуы).
      Үйде білім алатын мүгедек балалар жеке мүмкіндіктері мен қажеттіліктері ескеріле отырып, компьютерлік техникамен және компьютерлік қамтамасыз ету жинақтарымен қамтамасыз етіледі.
      Жоғарыда айтылған міндеттерден басқа өзге де бірқатар мәселелерді шешу қажет.
      Қосымша білім беру мазмұны жетілдірілетін болады.
      Тұлғаның шығармашылық құзыретіндегі, үздіксіз білім беру мен тәрбиелеудегі, кәсіби өзін-өзі анықтаудағы бәсекелі артықшылықтарын қалыптастыру мақсатында негізгі бағыттар: шығармашылық-эстетикалық; ғылыми-техникалық; экологиялық-биологиялық; туристік-өлкетанушылық; әскери-патриоттық; әлеуметтік-педагогикалық; білім беру-сауықтыру және т.б. бойынша балаларға қосымша білім беру мазмұны жаңартылады.
      Қосымша білім беретін педагогтерді және аралас мамандықтардың педагог ұйымдастырушыларын даярлау бағдарламасы жетілдіріледі.
      2015 жылға қарай қосымша білім беру ұйымдарының желісі ұлғайып, 625-ке жетеді.
      Бұл балаларды қосымша біліммен қамтуды 23 %-ға дейін көбейтуге мүмкіндік береді.
      Мектептерде спорт секцияларын құру арқылы дене шынықтыруды ұйымдастырудың мектептен тыс нысандары жетілдірілетін болады.
      Құқық бұзушылықтар мен басқа да бейәлеуметтік құбылыстардың алдын алу бойынша әрбір білім алушыны жекелей психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз ету жолымен қосымша білім беру конкурстары мен олимпиадаларының жүйесі арқылы оқушылардың қоғамдық және әлеуметтік белсенділігін қалыптастыратын балалар қоғамдық бірлестіктері дамиды.

      Жалпы оқытудың, мектептегі тамақтану мен медициналық қызмет көрсетудің тиімді менеджментін ұйымдастыру

      Жалпы оқыту
      2015 жылы оқушылардың қозғалыс мониторингінің бірыңғай ведомствоаралық кешенді ақпараттық жүйесі «Жалпы оқытуды», оның ішінде оқумен қамтылмаған «тәуекел топтарының» балаларын дербес есепке алу бойынша деректер базасымен бірге енгізу жоспарлануда.
      «Жалпы оқыту» жүйесін пайдалану жалпы оқытуды қамтамасыз етуге функционалды түрде тартылған түрлі басқару органдарының келісілген іс-қимылдарын қамтамасыз етеді және балаларды міндетті орта біліммен қамту туралы нақты ақпаратты алуға мүмкіндік береді.

      Мектептегі тамақтану
      2011 жылдан бастап облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім беру органдарының жанынан мектепте тамақтануды ұйымдастырудың, оның ішінде білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің тамақтану сапасы мен қауіпсіздігінің мониторингі бойынша ведомствоаралық сарапшы топтар құрылады.
      Мектеп оқушыларын тегін тамақтанумен қамту көрсеткіші барлық деңгейдегі әкімдер рейтингін бағалауға енгізіледі: 2012 жылы – табысы аз отбасылардан шыққан оқушыларға, 2020 жылы – бастауыш және мектепалды сыныптар оқушыларына.
      2015 жылға қарай табысы аз отбасы оқушыларының 100 %-ы және 2020 жылға қарай мектептердің бастауыш және мектепалды сыныптар оқушыларының 100 %-ы ыстық дәрумендірілген тамақпен тегін қамтамасыз етіледі.
      2020 жылға қарай орта жалпы білім беретін ауыл мектептерінің 100 %-ында күрделі жөндеуден өткен және жаңа жабдықтармен жарақтандырылған толық кезеңдік асхана жұмыс істейтін болады.
      2020 жылға қарай мектептің барлық оқушысы мектептерде стационарлық су тазартқыштар, спенсерлер, диспенсерлер және басқа да құралдар орнату арқылы экологиялық таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі.

      Медициналық қызмет көрсету
      2015 жылға қарай мектеп жасындағы, оның ішінде ауылдық жерлердегі балаларды медициналық тексеру 100 % қамтамасыз етіледі.
      Диспансерлік есепте тұрған мектеп жасындағы балалардың үлесі 70 %-дан 50 %-ға дейін, оқушылардағы асқазан-ішек жолының ауруы – 28,2 %-дан 18 %-ға дейін, сколиозбен (мүсінінің бұзылуы) ауыратындар – 2 %-дан 1 %-ға дейін төмендейді.
      Денсаулығы нашар 60 %-ы балалардың арнайы медициналық топтардағы дене шынықтырумен шұғылдануға мүмкіндік алады.
      Осылайша «Орта білім» бағыты бойынша 2020 жылға қарай:
      барлық мектептерге 12 жылдық білім беру моделі енгізіледі;
      орта білімнің инфрақұрылымын дамыту жалғасады және мектептер техникалық жарақтанумен қамтамасыз етіледі;
      ШЖМ бірыңғай ақпараттық желіге қосылады;
      қосымша білім беру білім алушылар үшін беделге ие болады және тұлғаның кәсіби қалыптасуына ықпал етеді. Қосымша білім берумен білім алушылар мен тәрбиеленушілердің 30–50 %-ы қамтылады;
      инклюзивті білім жүйесі енгізіледі:
      инклюзивті білім үшін жағдай жасайтын мектептердің үлесі мектептердің жалпы санынан 70 %-ға ұлғаяды;
      мүгедек балалар үшін «кедергісіз қол жеткізуді» жасайтын мектептердің үлесі мектептердің жалпы санынан – 20 %;
      инклюзивті біліммен қамтылған балалардың үлесі даму мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы санынан – 50 %.
      медициналық қызмет көрсету мен мектептегі тамақтанудың тиімді менеджменті ұйымдастырылады;
      оқушылар жалпы білім беретін мектепте сапалы медициналық қызмет ала алады. Жалпы білім беретін мектептерде медициналық кабинеттерді ашу және оның қызмет етуін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданады;
      мемлекеттік-жеке әріптестік негізінде облыс орталықтарында, Астана және Алматы қалаларында мектептегі тамақтанудың 16 энергия үнемдегіш комбинаты салынады, республика мектептерінің 50 %-ының мектептегі ас блоктарының материалдық-техникалық базасы жаңартылады. Сапалы, дәрумен қосылған және қауіпсіз мектептегі тамақтануды ұйымдастыру мониторингінің жүйесі енгізіледі.

 Техникалық және кәсіптік білім

      Мақсаты:
      Қоғамның және экономиканың индустриялық-инновациялық даму сұраныстарына сәйкес ТжКБ жүйесін жаңғырту, әлемдік білім беру кеңістігіне кірігу.

      Міндеттері:
      1. Экономиканың индустриялық-инновациялық даму сұраныстарын ескере отырып, техникалық және кәсіптік білім (бұдан әрі – ТжКБ) мазмұнының құрылымын жаңарту.
      2. Экономика салалары үшін кадрлар даярлаудың инфрақұрылымын дамыту.
      3. ТжКБ-да білім алудың беделін арттыру.

      Нысаналы индикатор:
      Ескерту. Тарауға өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 02.11.2012 № 423 Жарлығымен.
      Қатысушылардың жалпы санына шаққанда кәсіби даярлық деңгейін бағалаудан және біліктілікті беруден алғашқы реттен өткен ТжКБ бітірушілерінің үлесі (2015 ж. - 75%, 2020 ж. - 80%).
      ТжКБ оқу орындарында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алған түлектердің оқуды бітіргеннен кейінгі алғашқы жылы жұмыспен қамтылғандардың және жұмысқа орналасқандардың үлесі (2015 жылы – 78 %, 2020 жылы – 80 %).
      Ұлттық институционалды аккредиттеу рәсімінен өткен колледждердің үлесі (2015 жылы – 10 %, 2020 жылы – 30 %).

      Техникалық және кәсіптік білімнің құрылымы мен мазмұнын экономиканың индустриялық-инновациялық дамуының сұраныстарын ескере отырып жаңарту
      Ескерту. Тарауға өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 02.11.2012 № 423 Жарлығымен.
      Ұлттық және салалық біліктілік шеңберінің негізінде кадрлар даярлау құрылымы ретке келтірілетін болады.
      Мамандар даярлау еңбек нарығының болжанған қажеттіліктеріне сәйкес жүзеге асырылатын болады.
      Кәсіптік стандарттардың талаптарына сәйкес:
      ТжКБ мамандықтары бойынша типтік оқу жоспарлары мен бағдарламалары жаңартылады;
      арнайы пәндер бойынша типтік оқу бағдарламалары, оқу әдебиеті әзірленеді;
      бірнеше біліктілік алу үшін модульдік бағдарламалар әзірленеді, модульдік бағдарламалардың дерекқоры құрылады.
      Білім алушылардың практикалық дағдыларын дамыту үшін оқу жоспарларындағы кәсіптік практиканың үлесі 60 %-ға дейін ұлғаятын болады. Бұл үшін практика базасы жұмыс берушілермен әріптестік есебінен кеңейтіледі.
      Білім алушылардың бойында қажетті құзыреттіліктерді қалыптастыратын заманауи білім беру технологиялары оқу процесіне енгізілетін болады.
      Озық әлемдік тәжірибе мен қолданбалы зерттеулер жүргізудің негізінде ТжКБ жүйесін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету жетілдірілетін болады. Республикалық және облыстық ғылыми-әдістемелік кабинеттер тиімді жұмыс істейтін болады, ТжКБ ұйымдарының кітапханалары қажетті оқу әдебиетімен толықтырылады.

      Экономика салалары үшін кадрлар даярлаудың инфрақұрылымын дамыту
      Ескерту. Тарауға өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 02.11.2012 № 423 Жарлығымен.
      Жастардың кәсіптік білім алуына қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін колледждер мен жатақханалар салу есебінен оқушы орындарының саны ұлғаяды. Атырау қаласында мұнайгаз саласы үшін, Екібастұз қаласында отын-энергетика саласы үшін, Шымкент қаласында өңдеу және Өскемен қаласында машина жасау салалары үшін 4 өңіраралық кәсіптік орталық жұмыс істейтін болады.
      Оқу орындары шарт негізінде өндірістік практикадан, тағылымдамадан өту үшін базалық кәсіпорындарға бекітілетін болады.
      ТжКБ-ның 70 %-дан астам мемлекеттік оқу орындары заманауи оқу-өндірістік және технологиялық жабдықтармен, ақпараттық технологиялармен қайта жарақтандырылады. Оқу орындарын заманауи оқу-өндірістік және технологиялық жабдықтармен жаңартуға және қайта жарақтандыруға жергілікті, республикалық бюджет, жұмыс берушілер қаражаты, халықаралық ұйымдардың заем қаражаты есебінен тартылады.
      Экономика салаларына мамандардың біліктіліктерін сертификаттаудың тәуелсіз жүйесін енгізе отырып, жоғары білікті жұмысшы кадрлар даярлау сапасын реттеу, оның ішінде жергілікті жерлерде «оқушылық» түрінде қамтамасыз етілетін болады.
      Кадрлардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету, қосымша қаражат тарту үшін ТжКБ оқу орындары мамандар даярлау бейініне сәйкес, оның ішінде тең құрылтайшылық арқылы ұлттық холдингтер мен компанияларға, транс-ұлттық корпорациялар мен шетелдік инвесторларға бекітілетін болады.
      Дүниежүзілік Банктің займы шеңберінде инновациялық даму бағдарламаларын іске асыратын оқу орындарын атаулы қаржылай қолдау жүйесі құрылатын болады.

      ТжКБ-да оқыту беделін арттыру
      Ескерту. Тарауға өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 02.11.2012 № 423 Жарлығымен.
      ТжКБ жүйесінде оқытудың тартымдылығы мен беделділігін арттыру үшін:
      әлеуметтік-педагогикалық қызметтер жоқ ТжКБ оқу орындарының жанынан мансаптық басшылық орталықтары (білім беру ұйымдарының құрылымдық бөлімшелері) құрылады;
      білім алушылардың, өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы пән оқытушыларының арасында «Үздік оқу орны», «Ең үздік маман» республикалық конкурстары өткізіледі;
      үздік білім алушылар халықаралық кәсіби шеберлік конкурстарына қатысатын болады.
      Өнертапқыштық және өнертабыстық қызметке, техникалық шығармашылыққа бейім талантты білім алушылар анықталады және оларға қолдау (гранттар мен жұмыс берушілердің атаулы стипендиялары, жұмыс берушілер ұйымдастыратын және қаржыландыратын конкурстар арқылы) көрсетілетін болады.
      Жұмысқа орналастыруға ықпал ету үшін еңбек нарығындағы бос орындар базасымен өзара байланысты сертификатталған түлектердің дерекқоры құрылатын болады.
      ТжКБ-ны дамыту жөніндегі республикалық, өңірлік және салалық кеңестердің өзара іс-қимылы ТжКБ-ны дамытуға, кадрлар даярлауға және білім ұйымы, кәсіпорын мен студент арасында келісім жасау арқылы жұмысқа орналастыруға бизнес пен кәсіби қоғамдастықтың белсенді қатысуын қамтамасыз етеді.
      2020 жылға қарай:
      Кадрларды ұлттық біліктілік жүйесі негізінде даярлау толықтай еңбек нарығының сұраныстарына сәйкестендіріледі.
      Оқу орындарының оқу-өндірістік шеберханалары мен зертханалары заманауи оқу-өндірістік және технологиялық жабдықтармен, ақпараттық технологиялармен жарақтандырылады.
      Кәсіпорындардың нақты сұраныстарын ескере отырып, кооперативтік оқыту кең түрде енгізіледі.
      ТжКБ оқу орындарындағы оқыту жастар үшін тартымды және беделді болады.
      Бизнес пен кәсіби қауымдастық ТжКБ-ны дамытуға және кадрлар даярлауға белсенді қатысады.
      Экономика салаларында жұмыс берушілердің қатысуымен біліктілікті сертификаттаудың тәуелсіз орталықтары жұмыс істейтін болады.
      Әлемдік деңгейдегі колледждер құрылатын болады, олардың қызметін басқаруды "Кәсіпқор" холдингі" коммерциялық емес акционерлік қоғамы жүзеге асырады. Олардың тәжірибесі ТжКБ бүкіл жүйесіне тарайтын болады.

 Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім

      Мақсаты:
      Еңбек нарығының, еліміздің индустриялық-инновациялық даму міндеттерін және жеке тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандыратын және білім беру саласындағы үздік әлемдік тәжірибелерге сай келетін жоғары білім сапасының жоғары деңгейіне қол жеткізу.

      Міндеттері:
      1. Еліміздің индустриялық-инновациялық даму жобаларына сай келетін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлармен қамтамасыз ету.
      2. Жоғары білімнің еуропалық аймағына кірігуді қамтамасыз ету.
      3. Білімнің, ғылымның және өндірістің кірігуін қамтамасыз ету, зияткерлік меншік пен технологиялардың өнімдерін коммерцияландыру үшін жағдай жасау. Жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагог кадрларды даярлау.

      Нысаналы индикаторлар:
      Ескерту. Тарауға өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 02.11.2012 № 423 Жарлығымен.
      Жұмыс берушілер қоғамдастығында біліктілікті тәуелсіз бағалаудан бірден өткен жоғары оқу орындары түлектерінің оған қатысқандардың жалпы санынан үлесі (2020 жылы – 80 %).
      Мемлекеттік тапсырыс бойынша жоғары оқу орындары түлектерінің мамандығы бойынша жоғары оқу орнын бітірген жылы жұмысқа орналасқанының үлесі (2015 жылы – 78 %, 2020 жылы – 80 %).
      Әлемнің таңдаулы университеттері рейтингінде көрсетілген Қазақстанның жоғары оқу орындарының саны (2015 жылы – 1, 2020 жылы – 2).
      Халықаралық стандарттар бойынша тәуелсіз ұлттық институционалды аккредиттеуден өткен жоғары оқу орындарының үлесі (2015 жылы – 50 %, 2020 жылы – 65 %).
      Халықаралық стандарттар бойынша тәуелсіз ұлттық мамандандырылған аккредиттеуден өткен жоғары оқу орындарының үлесі (2015 жылы – 20 %, 2020 жылы – 30 %).
      Отандық ғылыми зерттеулердің нәтижелерін өндіріске енгізудің негізінде білім мен ғылымды біріктіру жолымен инновациялық қызметті жүзеге асыратын жоғары оқу орындарының үлесі (2015 жылы - 10%, 2020 жылы - 13%).
      Соңғы 5 жыл ішінде импакт-факторлы ғылыми журналдарда жарияланымдары жарық көрген профессор-оқытушы құрамының және ғылыми қызметкерлердің үлесі (2015 жылы – 1 %, 2020 жылы – 5 %).

      Еліміздің индустриялық-инновациялық дамуының жобаларына сәйкес келетін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлармен қамтамасыз ету
      Мемлекеттік білім беру тапсырысының құрылымы үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың сұраныстарына сәйкес өзгертілетін болады.
      Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның (бұдан әрі – ҮИИДМБ) басымдықтарына сәйкес келетін мамандықтар бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы ұлғайтылады.
      Білім ұйымы, кәсіпорындар мен ҮИИДМБ жобалары үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындарында мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын студенттермен практикадан өту және жұмысқа орналасу жөнінде шарттар жасалатын болады.
      Жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі: магистратурада және PhD докторантурада, оның ішінде Назарбаев Университеті үшін ұлғаяды.
      «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша стипендиаттардың 100 %-ы магистратурада, докторантурада, ғылыми тағылымдамаларда оқитын болады, бакалавриатта – бір семестрден академиялық бір жылға дейін.
      ЖОО-ның кафедрааралық байланысы негізінде жоғары және жоғары білімнен кейінгі білімді мамандар даярлау қарастырылады.
      Жоғары білім беру жүйесінде педагогикалық және техникалық мамандықтардың студенттеріне өндірісте кеңейтілген практика енгізілетін болады.
      ЖОО-лар базасында ғылымды қажетсінетін өнімдер мен қызметтер жасау үшін ЖОО-лардың, бейінді ғылыми ұйымдар мен кәсіпорындардың консорциумдары құрылатын болады.
      Әлеуметтік әріптестер ҮИИД-ға кадрларды даярлау үшін гранттар мен стипендиялар (ҮИИДМБ-дің әр жобасынан 5 грант/стипендия) бөледі.
      ҮИИД-ің жобаларын іске асыратын кәсіпорындарда өндірістік практика базалары құрылатын болады.

      Жоғары білімнің мазмұны мен құрылымын Болон процесінің параметрлеріне сәйкес келтіру арқылы жоғары білімнің еуропалық аймаққа кірігуін қамтамасыз ету
      Ескерту. Тарауға өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 02.11.2012 № 423 Жарлығымен.
      Болон процесінің шеңберінде мынадай міндетті, ұсынымдық параметрлері орындалады:
      академиялық еркіндік – білім беру бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнында таңдау бойынша компонент көбейеді: бакалавриатта 70 %-ға дейін, магистратурада 80 %-ға дейін, докторантурада 90–95 %-ға дейін;
      Болон декларациясы принциптерінің бірі ретінде академиялық ұтқырлықты дамыту мақсатында білім алушылар оқудың барлық кезеңінде кемінде бір академиялық кезеңде шетелде, оның ішінде Президенттің "Болашақ" бағдарламасының гранты есебінен оқытылады;
      ЖОО-лардағы тәрбие жұмыстарын күшейту;
      сыбайлас жемқорлық деңгейін едәуір төмендету;
      ЖОО-лардың академиялық, қаржылық және басқарушылық қызметінде ЖОО-лардың автономдық ұстанымдары іске асырылады;
      12 жылдық білім беруді іске асыру шеңберінде бакалавриаттың білім беру бағдарламаларының құрылымындағы жалпы білім беретін пәндер циклінің үлесі 25 %-дан 15 %-ға дейін азаяды;
      еңбек нарығының сұраныстарына арналған еліміздің жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларының икемді әрекет ету тетігі енгізіледі – модульдік білім беру бағдарламалары әзірленеді;
      Болон процесінің және академиялық ұтқырлық орталығы құрылады.
      Еңбек және жұмыспен қамтудың уәкілетті органымен бірлесіп, салалық министрліктер мен жұмыс берушілердің қатысуымен Ұлттық біліктілік жүйесі құрылады:
      білім берудің түрлі деңгейлеріндегі қазіргі біліктіліктер ұлттық және халықаралық еңбек нарықтарында танылатын көпдеңгейлі біліктілік жүйесіне біріктіріледі;
      жұмыс берушілер бірлестіктері нақты мамандықтар шеңберінде біліктілік талаптарына сай келетін кәсіптік стандарттарды әзірлейді;
      мамандардың кәсіби дағдылары мен біліктіліктерінің сапасын тәуелсіз бағалау мен сертификаттау жүйесі енгізіледі.
      Салалық қауымдастықтар базасында пилоттық режимдегі бірқатар тәуелсіз біліктілікті растау орталықтары құрылады.
      ЖОО-лар әзірлеген білім беру бағдарламалары Ұлттық біліктілік жүйесі талаптарына сай келетін болады.
      Білім беру бағдарламаларын іске асыруға және ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыру көлеміне байланысты мынадай республиканың ЖОО жіктеуішінің жүйесі құрылады: ұлттық зерттеу университеттері, ұлттық жоғары оқу орындары, зерттеу университеттері, университеттер, академиялар мен институттар.
      Назарбаев Университеті моделі негізінде білім, ғылым, қаржы, халықаралық және басқа қызметті жүзеге асыруда дербес болу деп түсіндірілетін жоғары оқу орындары автономиясының принциптері әзірленетін болады. Мемлекеттік ЖОО-лар автономды коммерциялық емес ұйымдар болады. Сонымен қатар ЖОО-лар есеп беруге тиісті қамқоршылық кеңестер, сондай-ақ жоғары оқу орындарының қызметі айқындалатын тетіктер құрылады. Мемлекеттік ЖОО-лар үшін ректорларды тағайындау тетігі жетілдіріледі.
      Елдің ЖОО-ларына кезең-кезеңімен дербестік беру үшін жағдай жасалады. 2013 жылғы қыркүйектен бастап ұлттық зерттеу университеттеріне, 2014 жылғы қыркүйектен бастап - ұлттық жоғары оқу орындарына, 2015 жылғы қыркүйектен - қалған жоғары оқу орындарына дербестік беріледі.
      2016 жылдан бастап үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың басым салаларының салалық біліктілік шеңберіне сәйкес білім беру бағдарламаларын әзірлеу жұмысы жалғастырылатын болады.

      Жоғары білім сапасын бағалау жүйесінің жоғары тиімділігін қамтамасыз ету
      Уәкілетті органның тізіліміне енгізілген аккредиттеу ұйымдары жоғары оқу орындарын аккредиттеуді жүргізеді.
      2020 жылға қарай ұлттық аккредиттеу органдары Аккредиттеу агенттіктерінің тізіліміне енеді (Еуропалық сапаны қамтамасыз ету агенттіктерінің тізілімі).
      2012 жылдан бастап аккредиттеуді коммерциялық емес үкіметтік емес аккредиттеу агенттіктері жүзеге асырады.
      ЖОО-ын ұлттық аккредиттеуден өтуге уәждейтін шарттар әзірленеді. Атап айтқанда, Уәкілетті органның тізіліміне енгізілген агенттіктерде институционалдық және арнайы аккредиттеуден өткен ЖОО-лар аккредиттеу мерзімінде аккредиттеу бағдарламалары бойынша мемлекеттік аттестаттаудан босатылады. Олар өзіндік үлгідегі дипломдар бере алады, анағұрлым жоғары деңгейдегі бағдарламаларды іске асыра алады, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқыта алады.
      2015 жылдан бастап ЖОО мен колледждер үшін мемлекеттік аттестаттау ұлттық институционалды аккредиттеуге толық ауысады. Мемлекеттік бақылауды мемлекеттік органдар лицензиялық тексерістер нысанында жүзеге асырады.
      Ұлттық ЖОО-лар ұлттық аккредиттеумен қатар халықаралық мамандандырылған аккредиттеуден өтеді.
      Қазақстандық ЖОО-лардың 65 %-ы халықаралық стандарттарға сәйкес тәуелсіз ұлттық институционалды аккредиттеуден өтеді. Сонымен қатар ЖОО-лар тәуелсіз ұлттық мамандандырылған аккредиттеуден өтетін болады.
      Ұлттық тәуелсіз рейтингтер өткізуде мемлекеттік қаржылық қолдау көрсетіледі.
      Қазақстанның ЖОО-лары әлемнің үздік университеттерінің рейтингіне қатысады. Кемінде екі ЖОО әлемнің үздік университеттерінің рейтингінде аталады.

      ЖОО-ның материалдық-техникалық базасын дамытуды қамтамасыз ету
      2014 жылдан бастап жыл сайын оқу-зертханалық базасы жаңартылатын ЖОО-лардың үлесі 10 %-ға көбейеді. ЖОО-лардың материалдық-техникалық базасын дамыту үшін мемлекеттік-жеке әріптестік есебінен қаражат тартылатын болады.
      Жоғары оқу орындарының құрылымдық бөлімшелері болатын 4 Орталық құрылады: Бизнес-инновациялық орталық (жоғары білім мен инновациялар аймағы); Жұмысшы кәсібінің орталығы және Дәнекерлеу орталығы; Тамақ технологиялары бойынша шағын цехы бар азық-түлік қауіпсіздігі орталығы, конкурс негізінде Аудармашылар бюросы.
      Оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеу және оларды басып шығару, оқулықтарды мемлекеттік тілге аудару, ЖОО кітапханаларын қажетті оқу әдебиетімен толықтыру қамтамасыз етіледі. Қазақстандық оқулықтармен қатар таңдаулы шетелдік оқулықтар қолданылады, әсіресе экономикалық, техникалық және жаратылыстану ғылымдары бойынша.

       Білімнің, ғылымның және өндірістің кірігуін қамтамасыз ету, зияткерлік меншік пен технологиялардың өнімдерін коммерцияландыру үшін жағдай жасау. Жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагог кадрларды даярлау
      Ескерту. Тарауға өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 02.11.2012 № 423 Жарлығымен.
     Іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді, басқа ғылыми-техникалық, тәжірибе-конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізуде қатысатын зерттеу университеттері құрылады, олардың даму бағдарламаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Зерттеу университеттерінің негізгі міндеті жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім деңгейлерінің барлығында ғылыми қызметпен білім беру процесін біріктіру болады. Зерттеу университеті жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім бағдарламаларын әзірлеу мен іске асыруға, сондай-ақ оқуға қабылдау кезінде бейінді бағыттың қосымша талаптарын белгілеуге құқылы.
      Білім мен ғылымның бірігуі жекелеген ғылыми-зерттеу институттарын заңдық дербестік құқығымен жетекші зерттеу университеттердің құрамына беру арқылы жүзеге асырылады.
      Елдің индустриялық-инновациялық даму бағыттарын іске асыру үшін жоғары оқу орындары негізінде инновациялық құрылымдар құру үшін базалық ЖОО-ны айқындау тетіктері әзірленеді:
      бизнес-инкубаторлар, оның ішінде:
      2013 жылы – «Энергетика» бағыты бойынша; 2014 жылы – «Мұнай өңдеу және мұнай-газ секторының инфрақұрылымы»; 2015 жылы – «Химия өнеркәсібі»;
      технопарктер, оның ішінде:
      2013 жылы – «Металлургия және дайын металл өнімдерін өндіру» бағыты бойынша; 2014 жылы – «Машина жасау»; 2015 жылы – «Жеңіл өнеркәсіп»;
      ғылыми әзірлемелер мен технологияларды коммерцияландыру орталықтары.
      Еліміздің жетекші ЖОО-лары жанынан жоғары білікті ғылыми-педагог кадрларды даярлау және инновациялық қызметті дамыту мақсатында ғылыми зерттеулер жүргізу, зияткерлік меншік құқығын қорғауды одан әрі қамтамасыз ете отырып, зияткерлік меншіктің бәсекеге қабілетті өнімдерін жасау үшін ғылыми және жобалық-конструкторлық ұйымдардың бірлескен құрылымдық бөлімшелері ашылады: 2011 жылы – 5 бірлескен құрылымдық бөлімше; 2012 жылы – 8, 2013 жылы – 10, 2014 жылы – 12, 2015 жылы – 15.
      Жеке меншік секторды ғылыми және инновациялық қызметке тарту бойынша оларды экономикалық ынталандыру шаралары әзірленген.
      Студенттік және дипломдық жұмыстарды дайындау үшін 5 ұлттық және 15 инженерлік зертхананың зертханалық жабдықтарына кең қолжетімділік қамтамасыз етіледі.
      2015 жылдан бастап Назарбаев Университеті жоғары кәсіби мамандар мен жас ғалымдарды оқытып шығарады. Назарбаев Университетінің тәжірибесі біртіндеп елдің жұмыс істеп тұрған жоғары оқу орындарына енгізіледі.
      2016 жылдан бастап:
      жетекші шетелдік әріптес жоғары оқу орындарымен бірлесіп, білім беру бағдарламалары әзірленеді;
      жоғары технологиялық және ғылымды қажетсінетін өнім жасау үшін экономиканың басым бағыттарында ғылыми зерттеулер жүргізіледі;
      әріптес университеттермен және шетелдік ғылыми орталықтармен бірлесу жүзеге асырылады.
      Нәтижесінде, іргелі және қолданбалы зерттеулерді кеңейту үшін университеттердің маңызды ғылыми әлеуеті тиімді қолданылады, олардың кешенділік және практикалық нәтижелілігі артады.

 Өмір бойы оқу

      Ескерту. Кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 02.11.2012 № 423 Жарлығымен.

      Мақсаты:
      Өмір бойы білім алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

      Міндеті:
      Баршаға арналған білім, өмір бойы білім алу үшін жағдай жасау.

      Нысаналы индикатор:
      Барлық жастағылар үшін білім берудің әртүрлі нысандары мен типтерін енгізу.
      Өмір бойы оқу білім алудың барлық деңгейінде адамның білім алуға деген қажеттіліктерін қанағаттандырудың түрлі мүмкіндіктерін жасау есебінен жүзеге асырылады.
      2020 жылға қарай өмір бойы оқу үшін жасына, білімі мен кәсіби біліктілік деңгейіне қарамастан жағдайлар жасалатын болады.
      Жасына және әлеуметтік жағдайына қарамастан барша халыққа техникалық және кәсіптік, жоғары білім жүйесінде оқытудың түрлі нысаны және білім беру қызметтерін жекеше берушілер арқылы (қашықтықтан оқыту, қайта біліктілік беру, формалды, формалды емес, инклюзивті қысқа мерзімді курстар) жаңа базалық дағдыларды игеруді қоса алғанда, негізгі дағдыларды игеру мен жетілдіру мүмкіндігі ұсынылатын болады. Оқу орындарымен, сондай-ақ әлеуметтік әріптестермен бірлесіп, өндірістен қол үзбей оқыту қарастырылатын болады.
      Білім беру ұйымдарында 2016 жылдан бастап мүмкіндіктері шектеулі адамдарды кәсіби даярлау үшін жағдайлар жасалатын болады, модульдік білім беру бағдарламалары жасалады.
      Өндірісте жұмыс істей жүріп, адам өзі оқытудың түрлерін, қарқынын және мерзімін таңдап, білім алу процесін дербестендіре алады. Білім алушылардың тәуелсіз коммерциялық емес агенттіктерде өздерінің алған біліктілік деңгейін бағалаудан өтіп, сертификаттар алуы арқылы мемлекеттік және жекеше білім беру қызметтерін ұсынушыларды оқыту нәтижелерін тануда тиімді шаралар әзірленетін болады.
      Өмір бойы оқыту оқытудың формалды және формалды емес нысандарының тұтастай спектрін, инклюзивті білім беруді қоса алғанда, мектеп жасына дейінгі жастан бастап зейнеткерлікке шығу жасынан кейінгі оқытуды қамтитын болады.
      Инклюзивті білімді дамыту тиісті бейіндегі мамандарын даярлауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындарының жанынан консультациялық-практикалық орталықтардың құрылуына ықпал етеді.
      Жұмыс берушілер оқу бағдарламаларын қоса қаржыландыруға және әрбір қызметкердің үздіксіз білімге қатысуына мүмкіндік беретін икемді сызбаларды дайындауға тартылады.
      Барша қазақстандық азаматтар мемлекеттік тілді толық меңгергенге дейін тілдерді меңгерудің халықаралық стандарттары негізінде мемлекеттік тілді үздіксіз оқытатын «Балабақша - мектеп, колледж – жоғары оқу орындары» жүйесі құрылатын болады.
      Қазақстан азаматтары (оқушылар, студенттер, магистранттар, түрлі сала қызметкерлері) мен Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік азаматтар үшін сертификат бере отырып, қазақ тілін білу деңгейін бағалау жүйесі – Қазтест енгізіледі.

 Тәрбие жұмысы және жастар саясаты

      Мақсаты:
      Жастардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды, әлеуметтік жауапкершілікті, отансүйгіштік сезімді, жоғары адамгершілік және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру.

      Міндеті:
      Жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу және олардың азаматтық белсенділігін, әлеуметтік жауапкершілігін және әлеуетін ашу тетіктерін қалыптастыру жөніндегі шаралар кешенін іске асыру.

      Нысаналы индикатор:
      Ескерту. Тарау жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 02.11.2012 № 423 Жарлығымен.
      Жастардың жалпы санына шаққанда жастар саясаты мен патриоттық тәрбие саласындағы іс-шараларды іске асыруға белсенді түрде қатысатын жастардың үлесі (2015 жылы - 31%, 2020 жылы - 55%).

      Жастар саясатын іске асыру қазақстандық патриотизмді, рухани-адамгершілік мәдениетті тәрбиелеу, ұлттық сәйкестікті қалыптастыру негізінде жүзеге асырылады.
      2011 жылдан бастап:
      консультациялық, ақпараттық-талдамалық, оқыту және басқа да қызметтер көрсету мақсатында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жастардың үкіметтік емес ұйымдары базасында қызметті жүзеге асыратын облыстық және республикалық әлеуметтік қызметтер одан әрі дамитын болады;
      республикалық деңгейде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру шеңберінде ерікті, әскери-патриоттық ұйымдардың, әскери-спорттық, әскери-іздеуші және спорттық-техникалық клубтардың желісі 20 дан 30-ға дейін көбейеді;
      білім беру ұйымдарында спорт секцияларының желісі дамытылады;
      қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мақсатында тұрақты негізде мемлекеттік рәміздерді таныту, тарих, салт-дәстүр және ана тілін білу жөнінде іс-шаралар жалғастырылатын болады;
      түрлі жобаларды іске асыру арқылы жастар арасында қайырымдылық мәдениетін қалыптастыру жөнінде мақсатты шаралар қабылданатын болады.
      Алматы қаласы үлгісінде жастардың үкіметтік емес ұйымдарының және жастардың қызметін үйлестірудің орталықтандырылған жүйесін құру мақсатында жастар саясаты басқармасы құрылады.
      Девиантты және деликвентті балалармен жұмысты күшейту жоспарлануда. Балалар мен жасөспірімдер арасында девиантты мінез-құлықтың алдын алуы түрлі факторлардың өзара іс-қимылымен қамтамасыз етілетін болады: отбасы, мектеп, бос уақыттағы орта және тұтас қоғам.
      Одан басқа, тәрбие мен оқытуды, девиантты және деликвентті мінез-құлықты балаларды әлеуметтік оңалтуды қамтамасыз ету бойынша арнайы білім ұйымдары мен ерекше режимде ұстайтын білім ұйымдарына баса назар аударылатын болады.
      Білім беру жүйесіне кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтарын беруге байланысты олар Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы (бұдан әрі – КТБО) болып қайта ұйымдастырылады.
      КТБО-ның негізгі міндеті – кәмелетке толмағандардың дағдарыс жағдайынан шығуға және өмірін орнықтыруға, баланы отбасымен қосуға көмек көрсету мен отбасын әрі қарай сүйемелдеу.
      Тұтас алғанда, мектепке дейінгі жастан бастап тәрбиеге ерекше көңіл бөлінетін болады.

      Жастардың әлеуетін ашу тетіктерін іске асыру
      Ескерту. Тарауға өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 02.11.2012 № 423 Жарлығымен.
      Жастар саясаты саласындағы мәселелерді шешуге жастардың қатысуы үшін оның өкілді органдарда қатысуын қамтамасыз ету міндеті қойылып отыр.
      Ұйымдастырушылық қабілеті мен көшбасшылық қасиеті бар студенттер арасынан белсенді жастарды, сондай-ақ әлеуметтік жобаларды іске асыру аясында жастар ұйымдарының жетекшілерін оқыту жоспарлануда.
      Шығармашыл жастарды қолдау мақсатында жыл сайынғы ұлттық конкурстар, ойындар, турнирлер, КТК, оның ішінде Дельфий ойындарын өткізу және кейіннен қазақстандық құрамалардың халықаралық конкурстарға, турнирлер мен ойындарға қатысуын қамтамасыз ету көзделуде.
      Осылайша, шығармашыл жастарды қолдау 2020 жылға қарай Дельфий ойындарына қатысушыларды 2000 адамға дейін жеткізуді көздейді.
      Республиканың ғылыми-техникалық әлеуетін тұрақты негізде нығайту үшін ғылыми ұйымдарда және жоғары оқу орындарында консультативтік-кеңесші органдардың қызметіне жастардың шығармашылық және инновациялық бірлестіктері тартылатын болады.
      Мәдениеттегі, өнердегі, ғылымдағы, ақпараттық технологиялар саласындағы ұзақ мерзімді конкурстық жобаларды дамыту бойынша ведомствоаралық жұмыс күшейтіледі.
      2020 жылға қарай:
      депутаттардың жалпы санына шаққанда барлық деңгейлердегі өкілді органдарға сайланушы жастардың үлесі 4,1%-ға жетеді;
      жастар ұйымдарының қызметіне жастардың 35%-ы қатысатын болады;
      мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға тартылған жастар ұйымдарының үлесі 24%-ды құрайды.

6. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері

      Қазіргі заманғы жағдайда стратегиялық ресурсы адами капитал болып табылатын еңбек өнімділігі экономикалық өркендеу мен бәсекеге қабілеттіліктің ұзақ мерзімді негізіне айналуы тиіс. Мемлекет осы ресурстың дамуына үлес қосуы керек.
      Білімді адамдарсыз заманауи инфрақұрылымды дамыту, тиімді мемлекеттік аппарат құру, қолайлы бизнес климатты қамтамасыз ету мүмкін емес.
      Саяси ерік пен мемлекеттің жан-жақты қолдауының болуы осы реформаларды жүргізуге негіз болып табылады.
      Бағдарлама екі кезеңде іске асырылатын болады: 2011 – 2015 жылдар мен 2016 – 2020 жылдар.
      Бағдарламаны іске асырудың бірінші кезеңінде (2011 – 2015 жылдар) жекелеген бағыттар бойынша білім беруді дамытудың модельдерін әзірлеумен, оларды сынақтан өткізумен, сондай-ақ ауқымды қайта құрулар мен эксперименттердің басталуымен байланысты жұмыстарды жүргізу көзделген.
      Екінші кезеңде (2016 – 2020 жылдар) басымдық жабдықтарды сатып алуды, білім беру жүйесін дамыту міндеттерін шешуге бағытталған іс-шараларға инвестициялар салуды (білім берудің материалдық инфрақұрылымын жаңғырту және басқа да шығыны көп жұмыстар, әдістемелік, кадрлық, ақпараттық қамтамасыз ету) көздейтін іс-шараларды жүзеге асыруға беріледі, негізінен, өткен кезеңдерде алынған нәтижелерді енгізуге және таратуға бағытталған іс-шараларды іске асыру қарастырылған.
      Әрбір кезеңде жылдар бойынша Бағдарламаның іске асырылу барысын және бағдарламалық іс-шаралардың білім беру жүйесінің жай-күйіне әсерін сипаттайтын көрсеткіштерді өзгерту жоспарланған.

      Күтілетін нәтижелер:
      2015 жылға қарай өтпелі кезең аяқталады және Қазақстанның білім беру жүйесі құрылымы, мазмұны, басқару мен қаржыландыру тетіктері бойынша дамыған елдер моделіне сәйкес келетін болады.
      Білім беру жүйесінің дамуы бойынша Қазақстан ТМД елдері арасынан көшбасшылық орындарға шығады.
      2020 жылға қарай білім беру жүйесі жоғары білім сапасы мен халықаралық индикаторлармен расталған адами капиталдың даму деңгейі түрінде нәтиже беретін болады.

      Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде мынадай әлеуметтік-экономикалық әсерлер қамтамасыз етіледі:
      Ескерту. Тарауға өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 02.11.2012 № 423; 12.08.2014 N 893 Жарлықтарымен.
      2015 жылға қарай:
      1. Жаңа қаржы-экономикалық тетік әзірлеу.
      2. Электрондық оқыту жүйесін құру.
      3. Оқытудың 12 жылдық моделіне көшудің басталуы.
      4. Ұлттық біліктілік жүйесінің негізі жасалады.
      5. Мектептің және жоғары білімнің бағдарламалары кіріктіріледі.
      6. Білімді, ғылымды және өндірісті кіріктіру басталады.
      2020 жылға қарай:
      1. Адами капиталдың сапасын арттыру мен еңбек ресурстарын пайдалану тиімділігінен туындаған мемлекет экономикасының бәсекеге қабілеттілігі мен тиімділігін арттыру.
      1-1. 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 100% қамтуды қамтамасыз ету.
      2. Ғимараттарды жобалау, салу және қайта салудың жаңа принциптерін ескере отырып, білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту. Тозған және апатты білім беру объектілерін жою. Білім берудің технологиялық және әлеуметтік инфрақұрылымын жаңғырту (асханалар мен спорт залдарын, автопарктерді, компьютерлік техниканы жаңарту және т.б.).
      3. Бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін арттыру.
      4. Білім беру саласының қолжетімділігін, сапасын, ашықтығын арттыру; корпоративтік басқару принциптерін енгізу.
      5. Нормативтік - жан басына шағу принципі негізінде жаңа қаржы-экономикалық тетікті енгізу, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын қаржыландыру.
      6. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың вариативті нысандарын енгізу, балалардың мектепте білім алуға дайындығының жоғары болуын қалыптастыру, олардың жастай оңды әлеуметтенуін қамтамасыз ету.
      7. Мектеп оқушыларын оқытудың жеке траекторияларын пайдалану арқылы бейіндік мектеп моделін құру.
      8. Оқушылардың әлемдегі барлық білім беру ақпараттық ресурстарына on-line арқылы қол жеткізуін қамтамасыз ету.
      9. Білім беру сапасын бағалаудың облыстық жүйесін енгізу.
      10. Даму мүмкіндіктері шектеулі балалар мен ересектерге арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, мектептегі және кәсіптік білім берудің тиісті деңгейін қамтамасыз ететін оқытудың инклюзивті жүйесін құру.
      11. Республикада жаңа тұрпаттағы педагогтердің қажетті санын және тиісті біліктілігін қалыптастыру. Білім саласы қызметкерлерінің еңбегін экономикалық және әлеуметтік жағынан ынталандыру жүйесін, оқытушылардың еңбекақысын еліміздегі орташа еңбекақы деңгейіне жеткізетін және жұмыс сапасын ынталандыратын еңбекақы төлеудің икемді жүйесін енгізуге басымдық беру.
      12. Ішкі нарықта білім берудің үлес салмағын арттыру, еліміздің білім беру жүйесіндегі білім беру қызметінің экспорттық көлемі мен құрылымын ұлғайту.
      13. Еңбек нарығының талаптарына сай келетін, азаматтардың кәсіптік, мансаптық және жеке тұлға боп өсуіне ықпал ететін үздіксіз кәсіптік білім берудің икемді жүйесін қалыптастыру.
      14. Білім беруге мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті енгізу.
      15. Кәсіптік білім бағдарламаларының, сондай-ақ ұлттық және халықаралық аккредиттеуден өткен жоғары оқу орындарының санын арттыру.
      16. Заманауи ғылыми білім-білікке ие және еліміздің инновациялық дамуына үлесін қоса алатын ғылыми-педагог кадрларды даярлау.
      17. Бәсекеге қабілетті ғылыми-техникалық өнімді жасау және өткізу.
      18. Жастар саясаты саласындағы іс-шараларды іске асыруға қатысатын жастардың үлесін 55 %-ға арттыру.

7. Қажетті ресурстар

      2011 – 2020 жылдары білім беруге жұмсалатын бюджет шығыстарын кезең-кезеңімен арттыру, 2020 жылға қарай олардың жалпы ішкі өнімдегі үлесін дамыған елдердің орташа деңгейіне дейін өсуін қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
      Білім беру саласында педагогтік қызметтің ерекшелігін ескере отырып, еңбекақы төлеудің сараланған жаңа жүйесі әзірленіп, енгізіледі.
      Ауылдық ШЖМ педагогтерін қолдауға арналған шаралар жүйесі қарастырылуда.

      Болжамды қаржы шығындары (күрделі және ағымдағы)
      Ескерту. Тарауға өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 02.11.2012 № 423 Жарлығымен.
      Шығын құрылымында АКТ мен электрондық оқытуды дамытуға, 3 ауысымды және апатты жағдайдағы мектептердің орнына бейіндік, «Назарбаев зияткерлік мектептерін» салуға, жетекші ЖОО-ларға шетелдік ғалымдар мен консультанттарды тартуға, магистратура мен докторантураға қабылдау бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысына шығындар басым.
      Бағдарламаның цифрлармен бірінші кезеңін республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемі 509,7* млрд. теңгені құрайды. оның ішінде:
      2011 жылы - 72,3 млрд. теңге;
      2012 жылы - 98,3 млрд. теңге;
      2013 жылы - 52,8 млрд. теңге;
      2014 жылы - 145,9 млрд. теңге;
      2015 жылы - 140,4 млрд. теңге.
      Бағдарламаның іс шараларын жергілікті бюджеттен қаржыландыру жыл сайын тиісті жергілікті бюджеттерден білім беру жүйесін дамытуға бөлінетін қаражат шеңберінде жүзеге асырылатын болады.

      * 2011 – 2015 жылдарға арналған Бағдарламаны қаржыландыру көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық бюджетті бекіту кезінде нақтыланатын болады.