Қазақстан Республикасының Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiне қарсы конвенцияға қосылуы туралы

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 29 маусымдағы N 247 Заңы

      Қазақстан Республикасы 1984 жылғы 10 желтоқсанда қабылданған Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiне қарсы конвенцияға қосылсын.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенция (БҰҰ Бас Ассамблеясының 1984 жылғы 10 желтоқсандағы 39/46 Қарарымен қабылданды)

      Осы Конвенцияға қатысушы мемлекеттер,
      Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысында жарияланған принциптерге сәйкес адами отбасының барлық мүшелерінің тең және ажырамас құқықтарын тану еркіндік, әділдік және жалпы әлемге ортақ негізі болып табылатынын назарға ала отырып,
      осы құқықтар адами тұлғаға тән ар-намыстан туындайтынын тани отырып,
      Жарғыға, атап айтқанда 55-бапқа сәйкес адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын жаппай құрметтеуге және сақтауға жәрдемдесу мемлекет міндеттерін назарға ала отырып,
      азаптауларға немесе басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе өзінің ар-намысын қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалауға тартылмауын қарастыратын Жалпыға бірдей адам құқығы декларациясының 5-бабын және Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакттың 7-бабын есепке ала отырып,
      сондай-ақ Бас Ассамблеямен 1975 жылғы 9 желтоқсанда қабылданған Барлық адамдарды азаптаулардан және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерінен қорғау туралы декларациясын есепке ала отырып,
      дүние жүзінде азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы күресу тиімділігін арттыруды тілей отырып,
      мына төмендегілер туралы келісті:

I Бөлім

1-бап

      1. Осы Конвенцияның мақсаты үшін «азаптау» анықтамасы қандай да бір адамға одан немесе үшінші адамнан мәлімет немесе мойындау алу, ол немесе үшінші адам жасаған немесе жасағанына сезік келтірілген әрекетіне оны жазалау, сондай-ақ оны немесе үшінші адамды қорқыту немесе мәжбүрлеу үшін дене немесе адамгершілік қатты зақымдары немесе азап шегуі қасақана жасалатын немесе кез-келген сипаттағы кемсітушілікке негізделген кез-келген себеп бойынша мұндай зақымды немесе азап шегуді мемлекеттік лауазымды тұлғамен немесе ресми түрдегі басқа да адаммен немесе олардың азғырушылығы немесе олардың келісімімен немесе үнсіз келісу бойынша келтірілетін кез-келген іс-әрекетті білдіреді. Бұл анықтамаға заңдық санкциялар нәтижесінде ғана туындайтын, осы санкциялардан ажыратылмайтын немесе олармен кездейсоқ келтірілетін зақым немесе азап шегу енгізілмейді.
      2. Осы бап ережені кең түрде қолдануды ұстайтын немесе ұстай алатын қандай да бір халықаралық келісім-шартқа немесе қандай да бір ұлттық заңнамаға залал келтірмейді.

2-бап

      1. Қатысушы мемлекеттің әрқайсысы өзінің заңи құзырындағы кез-келген аумақта азаптаулар актілерінің алдын алу үшін тиімді заңнамалық, әкімшілік, сот және басқа да шара қолданады.
      2. Қандай да бір соғыс жағдайы немесе соғыс қаупі, ішкі саяси тұрақсыздық немесе кез-келген басқа да төтенше жағдай сияқты ерекше жағдайлар азаптаулардың ақтауы бола алмайды.
      3. Жоғары тұрған бастықтың немесе мемлекет билігінің бұйрығы азаптаулардың ақтауы бола алмайды.

3-бап

      1. Қатысушы мемлекеттің еш қайсысы егер оған азаптауларды қолдануға қауіп келтіретінін болжауға айтарлықтай негіз болса қандайда бір адамды басқа мемлекетке жібермеу, қайтармау («refouler») немесе сатпау керек.
      2. Мұндай негіздемелердің бар болуын анықтау үшін құзіретті биліктер тиісті жағдайларда, осы мемлекетте адам құқықтарының дөрекі, сорақы және жаппай бұзылулары барын қоса алғанда, іске жататын барлық жағдайларды назарға алады.

4-бап

      1. Қатысушы мемлекеттің әрқайсысы барлық азаптау актілері оның қылмыстық заңнамасына сәйкес қаралуын қамтамасыз етеді. Бұл да азаптауға бірге қатысуын немесе қатысуды білдіретін кез-келген адамды азаптау мен іс-әрекеттерге тарту азабына жатады.
      2. Қатысушы мемлекеттің әрқайсысы мұндай қылмыстар үшін олардың ауыр сипатын есепке ала отырып тиісті жазалауды белгілейді.

      Қазақстан Республикасының Қылмыстық заңнамасымен жауап алу немесе алдын ала тергеу өндірісі кезінде жауап беруге мәжбүрлеген үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылды. (ҚР ҚК 347-бабы)

5-бап

      1. Қатысушы мемлекеттің әрқайсысы мынадай жағдайларда 4-бапта көрсетілген қылмыстарға қатысты өзінің заңи құзырын белгілеу үшін қажетті болатын мынадай шараларды қабылдайды:
      a) қылмыстар өзінің заңи құзырындағы кез-келген аумақта немесе осы Мемлекетте тіркелген теңіз немесе әуе кемесінің бортында жасалғанда;
      б) болжамданатын қылмыскер осы Мемлекеттің азаматы болып табылғанда;
      c) құрбан болушы осы Мемлекеттің азаматы болып табылғанда және егер Мемлекет оны орынсыз деп санағанда.
      2. Қатысушы мемлекеттің әрқайсысы болжанып отырған қылмыскер өзінің заңи құзырындағы кез-келген аумақта болу және ол оны осы баптың 1-тармағында ескертілген кез-келген мемлекетке 8-бапқа сәйкес сатпау жағдайларындағы мұндай қылмыстарға қатысты өзінің заңи құзырын белгілеу үшін қажетті болып қалатын мынадай шараларды ұқсас түрде қабылдайды.
      3. Осы Конвенция ішкі заңнамаға сәйкес кез-келген қылмыстық заңи құзырын жүзеге асыруды шығармайды.

6-бап

      1. Жағдай талап еткендей, өзінің билігіндегі ақпаратты қарағаннан кейін көзі жеткен соң, аумағында 4-бапта көрсетілген кез-келген қылмысты жасауда айыпталған адам бар кез-келген Қатысушы мемлекет оны қамауға алады және өз қатысуын қамтамасыз ететін басқа да заң шараларын қабылдайды. Қамауға алу және басқа да мұндай заңи шаралар осы Мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады, бірақ қылмыстық істерді немесе беру іс-әрекеттеріне шара қолдануға қажетті уақыт ішінде ғана жалғасуы мүмкін.
      2. Мұндай Мемлекет фактілердің алдын ала тергеуін шұғыл түрде жүргізеді.
      3. Осы баптың 1-тармағы негізінде қамаудағы кез-келген адамға азаматы болып табылатын Мемлекеттің тиісті жақын өкілімен, егер ол азаматтығы жоқ тұлға болса, өзінің әдетте тұрып жатқан Мемлекетінің өкілімен шұғыл түрде байланыс орнатуға жәрдемдеседі.
      4. Мемлекет осы бапқа сәйкес қандай да бір адамды қамауға алғанда, ол 5-баптың 1-тармағында ескертілген, мұндай адамның қамауда тұру фактісі туралы және оны ұстап қалуға негіз болған жағдайлар туралы мемлекетке шұғыл түрде хабарлайды. Осы баптың 2-тармағында қарастырылған алдын ала тергеу жүргізетін мемлекет жоғарыда айтылған мемлекеттерге алған деректері туралы шұғыл хабарлайды және ол өзінің заңи құзырын жүзеге асыруға ниетінің бар жоғын көрсетеді.

7-бап

      1. Өзінің заңи құзырындағы аумақта 5-бапта көзделген жағдайларда, егер ол қылмыскерді ұстап бермесе, 4-бапта көрсетілген кез-келген қылмыстарды жасауда күмәнданған адам табылған Қатысушы мемлекет, осы адамды сот қуғындауы үшін өз құзыретті билігіне тапсырады.
      2. Бұл биліктер шешімді осы Мемлекеттің заңнамасына сәйкес маңызды сипаттағы кез-келген әдеттегі қылмыс жағдайындағы сияқты қабылдайды. 5-баптың 2-тармағында атап көрсетілген сот қуғындануы және талқылау үшін қажетті дәлелдемелерге қойылатын талаптар жағдайларында еш уақытта 5-баптың 1-тармағында көрсетілген жағдайларда қолданатындардан қаталдығы кем болмайды.
      3. 4-бапта көрсетілген кез-келген қылмыстарға байланысты істі қарау жүзеге асырылатын кез-келген адамға істі қараудың барлық сатыларында әділ қарым-қатынасты кепіл етеді.

8-бап

      1. 4-бапта көрсетілген қылмыстар қатысушы мемлекеттер арасындағы беру туралы кез-келген келісім-шартқа беруді қызықтыратын қылмыстар ретінде енгізуге жатады деп саналады. Қатысушы мемлекет олардың арасында жасасылатын кез-келген беру туралы шартқа беруді қызықтыратын қылмыстар ретінде мұндай қылмыстарды енгізуге міндеттенеді.
      2. Егер келісімшартты қолға беруді негіздейтін қатысушы мемлекет беру туралы келісім-шарты жоқ басқа да Қатысушы мемлекеттен беру туралы өтінім алса беру үшін құқықтық негіздемесі ретінде мұндай қылмыстарға қатысты осы Конвенцияны қарай алады. Беру туралы өтінім жасалған Мемлекеттің заңнамасында көзделген басқа да шарттарға сәйкес беру жүзеге асырылады.
      3. Келісім-шартты қолға беруді негіздемейтін Қатысушы мемлекеттер өз араларында беру туралы өтінім жасалған Мемлекеттің заңнамасында көзделген шарттарға сәйкес беруді қызықтыратын қылмыстар ретінде мұндай қылмыстарды қарайды.
      4. Қатысушы мемлекеттер арасында беру мақсаты үшін мұндай қылмыстар егер де жасалған орнында ғана емес, сондай-ақ 5-баптың 1-тармағына сәйкес өзінің заңи құзырын белгілеуге міндетті мемлекеттің аумағында жасалғанда да қаралады.

9-бап

      1. Қатысушы мемлекеттер бір-біріне иеліктерінде бар сот талқылауына қажетті иелігіндегі барлық дәлелдердің беруін қоса алғанда, 4-бапта атап көрсетілген кез-келген қылмыстарға қатысты қолданылған қылмыстық-іс жүргізу әрекеттеріне байланысты бар көмегін көрсетеді.
      2. Қатысушы мемлекеттер олардың арасында жасалатын кез-келген шарттарға сәйкес осы баптың 1-тармағы бойынша өз міндеттерін орындайды.

10-бап

      1. Қатысушы мемлекеттің әрқайсысы азаптауларға тыйым салуға қатысты оқу материалдары мен ақпараттар құқық қолданушы органдардың қызметкерлері құрамын, азаматтық немесе әскери, медицина қызметкерлері құрамын, мемлекеттік лауазымдық тұлғаларды және басқа да қамауға алудың, ұстаудың немесе түрмеде ұстаудың немесе оларға қараудың кез-келген түріне тартылған тұлғаларды күзетпен ұстауға және жауап алуға қатысы бар тұлғаларды даярлау бағдарламаларына толық көлемде қосылуын қамтамасыз етеді.
      2. Қатысушы мемлекеттің әрқайсысы осы тыйым салуды кез-келген мынадай тұлғалардың міндеттері мен қызметтеріне қатысты ережелер мен нұсқаулықтарды қамтиды.

11-бап

      Қатысушы мемлекеттің әрқайсысы жауап алуға қатысты ережелерді, нұсқаулықтарды, әдістер мен тәжірибені, сондай-ақ қандай да бір азаптау жағдайларын болдырмау үшін өзінің заңи құзырындағы кез-келген аумақта қамауға алудың, ұстаудың немесе түрмеде ұстаудың кез-келген түріне тартылған адамдарды күзетпен ұстау және оларға қарау шарттарын жүйелі түрде қарайды.

12-бап

      Қатысушы мемлекеттің әрқайсысы өзінің құзіретті органдары азаптау оның заңи құзырындағы кез-келген аумақта қолданылғанын болжауға жеткілікті негіздеу болғанда тез және әділ тергеу жүргізуді қамтамасыз етеді.

13-бап

      Қатысушы мемлекеттің әрқайсысы осы Мемлекеттің заңи құзырындағы кез-келген аумақта азаптауларға тартылғанын сендірген кез-келген адамға осы Мемлекеттің құзіретті биліктеріне шағым көрсету және олармен мұндай шағымды тез және әділ қарау құқығын қамтамасыз етеді. Талапкер мен куәгерлерді шағымы немесе кез-келген куәгерлік жауаптарға байланысты нашар қараудың немесе қорқытудың кез-келген түрлерінен қорғауды қамтамасыз ету үшін шара қолданылады.

14-бап

      1. Қатысушы мемлекеттің әрқайсысы өзінің құқықтық жүйесінде азаптаудың құрбаны болған өтеу алуын және толық ақтау ықтималына арналған қаражаттарды қоса алғанда, әділ және барабар өтемақысы құқығын құқық санкциясымен нығайтуды қамтамасыз етеді. Азаптау нәтижесінде құрбан болушы қайтыс болған жағдайда өтемақы құқығы оның асырауындағы жанға беріледі.
      2. Осы бапта ешнәрсе ұлттық заңнамаға сәйкес бола алатын өтемақыға құрбан болғанның немесе басқа да адамдардың кез-келген құқығын қозғамайды.

15-бап

      Қатысушы мемлекеттің әрқайсысы азаптаумен жасалған кез-келген өтініш осы өтініш жасалғандығы дәлел ретінде азаптаулар жасауда айыпталған адамға қарсы пайдаланылатын жағдайларды қоспағанда, кез келген сот талқылауы барысында дәлел ретінде пайдаланылмауын қамтамасыз етеді.

16-бап

      1. Қатысушы мемлекеттің әрқайсысы оның заңи құзырындағы кез-келген аумақта 1-бапта бар азаптаудың анықтамасына жатпайтын және мұндай актілер мемлекеттік лауазымды тұлғамен немесе басқа да ресми түрде сөз сөйлейтін адаммен немесе олардың азғырушылығы бойынша, немесе олардың қатысуымен немесе үнсіз келісуімен жасалғанда басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау актілерін болдырмауға міндеттенеді. Атап айтқанда 101112 және 13-баптарда бар міндеттер азаптау туралы еске салуды басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау нысандары туралы еске салулармен қолданылады.
      2. Осы Конвенцияның ережесі қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалауға тыйым салатын не беруге не жөнелтуге қатысты кез-келген басқа да халықаралық келісімшарттардың не ұлттық заңнаманың ережелеріне залал келтірмейді.

II Бөлім

17-бап

      1. Төменде көзделген функцияларды жүзеге асыратын Азаптауларға қарсы комитет (одан әрі Комитет деп аталатын) құрылады. Комитет жоғары моральдық қасиетке ие және адам құқығы саласында біліктілігімен танылған және жеке жариялайтын он сарапшыдан тұрады. Сарапшыларды қатысушы мемлекеттер сайлайды, бұл ретте заң тәжірибесі бар бірнеше адамдардың әділет географиялық бөлінуіне және қатысу тұтастығына көңіл бөледі.
      2. Комитет мүшелері қатысушы мемлекеттерден ұсынылған тізімге енгізілген адамдардың қатарынан жасырын дауыс берумен тағайындалады. Қатысушы мемлекеттің әрқайсысы өз азаматтарының қатарынан бір кандидатураны ұсына алады. Қатысушы мемлекеттер сондай-ақ Азаптауларға қарсы комитетте жұмыс істеуге тілек білдіретін Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактқа сәйкес құрылған Адам құқықтары жөніндегі комитеттің мүшелері болып табылатын адамдарды мақсатқа сай ұсынуын есепке алады.
      3. Комитет мүшелерін сайлау Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы екі жыл сайын шақыратын қатысушы мемлекеттердің кеңестерінде өткізіледі. Кворум қатысушы мемлекеттердің үштен екі санын құрайтын осы кеңестерде Конвенцияның қатысушы мемлекеттердің дауыс беруге келген және қатысқан өкілдерінің барынша көп дауыс санын және ең көп дауыс санын жинаған адамдар комитетке сайланған мүшелер болып саналады.
      4. Алғашқы сайлаулар осы Конвенция күшіне енген күннен бастап алты айдан кешіктірмей өткізіледі. Ең болмағанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысының кезекті сайлау күніне дейін төрт ай бұрын қатысушы мемлекеттерге өз кандидаттарын үш ай мерзімде беруге ұсыныспен хат жолдайды. Бас хатшы оларды ұсынған қатысушы мемлекеттерді көрсетіп, әліпбилік ретпен осы негізде ұсынылған барлық кандидаттардың тізімін береді.
      5. Комитет мүшелері төрт жыл мерзімге сайланады. Олар қайта ұсынған жағдайда қайта сайлануға құқылы. Бірінші сайлауларда сайланған бес мүшенің өкілеттігінің мерзімі екі жыл мерзім біткеннен кейін аяқталады; бірінші сайлаулардан кейін дереу осы бес мүшенің аты-жөндері осы баптың 3-тармағында айтылған кеңес төрағасы өткізетін жеребемен анықталады.
      6. Комитет мүшесінің бірі қайтыс болған немесе орнынан түскен жағдайда немесе олардың қандай да бір себеппен оның кандидатурасын ұсынған Комитетте функцияларын орындауға мүмкіндігі болмаған жағдайда Қатысушы мемлекет қатысушы мемлекеттердің көпшілігінің мақұлдауымен қалған мерзімге өз азаматтарының қатарынан басқа сарапшыны тағайындайды. Егер Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы болжанып отырған тағайындау туралы хабарлағаннан кейін алты аптаның ішінде қатысушы мемлекеттердің жартысы немесе жартысынан көбі мұндай тағайындауға қарсылық білдірмесе ғана кандидатура мақұлданды деп саналады.
      7. Қатысушы мемлекеттер Комитетте олармен міндеттерді орындау кезеңінде Комитет мүшелерінің шығындарын жабуды өзіне алады.

18-бап

      1. Комитет өздерінің лауазымды адамдарын екі жыл мерзімге сайлайды. Олар қайта сайлануы мүмкін.
      2. Комитет өз рәсімдерінің жеке ережесін белгілейді, бірақ осы ережелерде, атап айтқанда, мынаны көздеуі тиіс:
      a) алты мүше кворумды құрайды;
      b) Комитеттің шешімі қатысқан мүшелердің көпшілік даусымен қабылданады.
      3. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы осы Конвенцияға сәйкес қажетті қызметкерлер құрамын және Комитеттің функцияларын тиімді жүзеге асыруға жағдайларды қамтамасыз етеді.
      4. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Комитеттің бірінші кеңесін шақырады. Комитет өзінің бірінші кеңесінен кейін оның рәсім ережелерінде көзделген уақыт аралығынан кейін жиналады.
      5. Қатысушы мемлекеттер Біріккен Ұлттар Ұйымының осы баптың 3-тармағына сәйкес қызметкерлер құрамына және Біріккен Ұлттар Ұйымын қамтамасыз ететін жағдайларға ақы төлеу сияқты кез-келген шығындардың өтеуін қоса алғанда, қатысушы мемлекеттер мен Комитеттің кеңестерін өткізуге байланысты туындаған шығындарды өтеуді өзіне алады.

19-бап

      1. Қатысушы мемлекеттер Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы арқылы Комитетке тиісті Қатысушы мемлекет үшін осы Конвенция күшіне енгеннен кейін бір жыл ішінде осы Конвенцияға сәйкес олардың міндеттерін жүзеге асыру жөнінде олармен қабылданған шаралар туралы баяндамаларды ұсынады. Келешекте қатысушы мемлекеттер жылына төрт рет кез-келген жаңа қабылданған шаралар туралы, сондай-ақ Комитет сұрау салуы мүмкін басқа да баяндамаларды ұсынады.
      2. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы осы баяндамаларды барлық қатысушы мемлекеттерге жолдайды.
      3. Әрбір баяндама жалпы тәртіпте баяндама бойынша мынадай ескертулер жасай алатын, мақсатқа сай деп санай алатын Комитетпен қаралады және оларды тиісті Қатысушы мемлекетке жолдайды. Осы Қатысушы мемлекет жауап ретінде Комитетке орынсыз деп санайтын кез-келген ескертулерді ұсынады.
      4. Комитет өзінің қарауы бойынша олармен осы баптың 3-тармағына сәйкес жасалған, Қатысушы мемлекеттен алған ескертулермен бірге кез-келген ескертулерді 24-бапқа сәйкес дайындаған, өзінің жылдық баяндамасына енгізуге шеше алады. Тиісті Қатысушы мемлекеттің өтінімі бойынша Комитет сондай-ақ осы баптың 1-тармағына сәйкес ұсынылған баяндаманың бір данасын енгізе алады.

20-бап

      ҚСРО 28-бабына сәйкес Конвенцияның 20-бабымен анықталған Азаптауларға қарсы комитеттің құзыретін тану туралы ескертпелермен ратификацияланды.

      1. Егер Комитет оның пікірі бойынша қандай да бір Қатысушы мемлекеттің аумағында азаптауларды жүйелі түрде қолдану туралы толық негізделген деректерді қамтитын сенімді ақпарат алатын болса, онда ол осы Қатысушы мемлекетке осы ақпаратты қарауға ынтымақтасуды және осы мақсатта осы ақпаратқа қатысты өзінің ескертулерін беруді ұсынады.
      2. Тиісті Қатысушы мемлекетпен ұсынылуы мүмкін кез-келген ескертулерді, сондай-ақ иелігіндегі іске қатысты кез-келген басқа да ақпаратты есепке ала отырып, Комитет оны орынды деп санайтын болса құпиялық тергеу жүргізу және Комитетке тиісті баяндаманы дереу ұсыну үшін өздерінің бір немесе бірнеше мүшелерін тағайындай алады.
      3. Егер осы баптың 2-тармағына сәйкес тергеу жүргізілсе, Комитет тиісті Қатысушы мемлекетпен ынтымақтастықты жақсартуға тырысады. Осы Қатысушы мемлекеттің келісімімен мұндай тергеу аумағында болуын енгізе алады.
      4. Осы баптың 2-тармағына сәйкес ұсынылған осы тергеу мүшесімен не мүшелерімен жүргізілген нәтижелерді қарағаннан кейін, Комитет тиісті Қатысушы мемлекетке осы жағдайда орынды болатын кез- келген ескертулерімен не ұсыныстарымен бірге осы ұсыныстарды жолдайды.
      5. Осы баптың 1-4-тармақтарында ескертілген Комитеттің барлық жұмысы құпиялық сипатта және осы жұмыстың барлық кезеңдерінде Қатысушы мемлекетпен ынтымақтастыққа талпыну керек. 2-тармаққа сәйкес жүргізілген тергеуге қатысты мұндай жұмысты аяқтағаннан кейін, Комитет тиісті Қатысушы мемлекетпен кеңескеннен кейін 24-бапқа сәйкес дайындалған өзінің жыл сайынғы баяндамасына осы жұмыстың нәтижелері туралы қысқа есепті енгізу туралы шешім қабылдай алады.

21-бап

      1. Осы бапқа сәйкес осы Конвенцияның кез-келген Қатысушы мемлекеті Комитеттің басқа Қатысушы мемлекет осы Конвенция бойынша міндеттерді орындамайтындығы туралы бір Қатысушы мемлекеттің өтінішіне қатысты хабарламаларды алу және қарау құзыретін танитындығын кез-келген уақытта жариялай алады. Мұндай хабарламалар егер өзіне қатысты Комитеттің құзыретін тану туралы өтініш жасаған Қатысушы мемлекетпен ұсынылған жағдайда ғана осы бапта жазылған рәсімдерге сәйкес қабылданады және қаралады. Осы бапқа сәйкес алған хабарламалар келесі рәсімге сәйкес қаралады:
      a) егер қандай да бір Қатысушы-мемлекет басқа Қатысушы мемлекет осы Конвенцияның ережелерін орындамайды деп санаса, онда ол бұл мәселені көрсетілген Қатысушы мемлекеттің мәліметіне жазбаша хабарламамен жеткізе алады. Осы хабарламаны алғаннан кейін үш ай ішінде оны алған Мемлекет мұндай хабарламаны жіберген Мемлекетке жазбаша түрде осы мәселе бойынша ішкі рәсімдерді және қабылданған, қабылданатын не қабылдануы мүмкін шараларды көрсету қаншалықты мүмкін және орынды болатындығын осы мәселе бойынша түсініктеме не түсіндірмесімен кез-келген басқа да өтінішті ұсынады;
      b) егер алушы Мемлекетпен алғашқы хабарламаны алғаннан кейін алты ай ішінде тиісті қатысушы мемлекеттің екеуін де мәселе оң шешім таппаса кез-келген мемлекет ол туралы Комитет және басқа да Мемлекетті ескерте отырып бұл мәселені Комитетке беруге құқылы;
      c) Комитет осы бапқа сәйкес берілген мәселені барлық қолжетімді ішкі шаралар осы жағдайда халықаралық құқықтың жалпыға ортақ танылған принциптеріне сәйкес қолданылып жойылғандығына көз жеткізгеннен кейін ғана қарайды. Бұл ереже осы шараларды қолдану дәлелсіз созылған немесе осы Конвенцияның бұзылуына құрбан болып табылатын адамға тиімді көмек көрсететін не көрсетпейтін жағдайларда әрекет етпейді;
      d) осы бап бойынша хабарламаларды қарау кезінде Комитет жабық отырыс өткізеді;
      e) тармақшаның ережелерін сақтай отырып Комитеттен осы Концепцияда көзделген міндеттерді құрметтеу негізінде мәселені тату шешу мақсатында тиісті қатысушы мемлекеттерге ізгі қызметтер көрсетеді. Осы мақсатта Комитет қажет болғанда арнаулы келістіруші комиссияны құра алады;
      f) осы бапқа сәйкес оған тапсырылған кез-келген мәселе бойынша Комитет b-тармақшасында айтылған тиісті қатысушы мемлекеттерді тани алады, іске қатысты кез-келген ақпаратты ұсына алады;
      g) b-тармақшасында айтылған тиісті қатысушы мемлекеттер Комитетте мәселені қарауға және ұсынысты ауызша және/немесе жазбаша беруге құқылы;
      h) Комитет хабарлама алған күннен бастап он екі ай ішінде b-тармақшасында сәйкес хабар береді:
      i) егер е-тармақшасының ережелері шеңберінде шешімге қол жеткізілсе, онда Комитет өз хабарламасында фактілерді қысқаша жазумен және кол жеткізілген шешіммен шектеледі;
      ii) егер е-тармақшасының ережелері шеңберінде шешімге қол жеткізілмесе, онда Комитет өз хабарламасында фактілерді қысқаша жазумен шектеледі; тиісті қатысушы мемлекеттермен ұсынылған жазбаша ұсынымдар және ауызша өтініштердің жазбасы хабарламаға қоса беріледі.
      Әрбір мәселе бойынша хабарлама тиісті қатысушы мемлекеттерге жолданады.
      2. Осы баптың ережелері осы Конвенцияның бес қатысушы мемлекеті осы баптың 1-тармағына сәйкес өтініш жасағанда күшіне енеді. Мұндай өтініштерді қатысушы мемлекеттер олардың даналарын қалған қатысушы мемлекеттерге қайта жүргізетін Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақтауға тапсырады. Өтінішті кез-келген уақытта Бас хатшының атына хабарлама арқылы кері шақырта алады. Мұндай кері шақырту осы бапқа сәйкес берілген хабарламаның мәні болып табылатын кез-келген мәселені қарауға залал келтірмеу керек; кез-келген Қатысушы мемлекеттің ешқандай кейінгі хабарламалары егер тиісті Қатысушы мемлекет жаңа өтініш жасамаса Бас хатшы өтінішті кері шақырту туралы хабарламаны алғаннан кейін осы бапқа сәйкес қабылданбайды.

22-бап

      1. Осы Конвенцияның қатысушы мемлекеті осы бапқа сәйкес кез-келген уақытта Қатысушы мемлекетпен Конвенция ережелерінің бұзылуына құрбан болып табылатындығын мақұлдайтын оның заңи құзырындағы адамдардың хабарламаларын не олардың атынан түсетін сол сияқты хабарламаларды алу және қарау Комитет құзыретін танитындығын мәлімдей алады. Комитет егер олар мұндай өтінішті жасамаған Қатысушы мемлекетке жатпаса ешқандай өтініштерді қабылдамайды.
      2. Комитет аноним болып табылатын не оның пікірі бойынша мұндай хабарламалар беру құқығына қиянат келтіретінін не осы Конвенцияның ережелеріне үйлеспейтінін білдіретін осы бапқа сәйкес кез-келген хабарлама тиімсіз деп саналады.
      3. 2-тармақтың ережелерін есепке ала отырып, Комитет осы бапқа сәйкес өзіне ұсынылған кез-келген хабарламаны 1-тармаққа сәйкес өтініш жасаған және Конвенцияның қандай да бір ережелерін бұзатын сияқты осы Конвенцияның Қатысушы мемлекетіне мәлімдейді. Хабарламаны алған Мемлекет алты ай ішінде Комитетке осы Мемлекет қабылдай алатын мәселені және кез-келген шараларды нақтылайтын жазбаша түсініктерді не өтініштерді ұсынады.
      4. Комитет осы бапқа сәйкес алған хабарламаларды оған оның атымен осы тұлғамен және тиісті Қатысушы мемлекетпен ұсынылған барлық ақпарат жарығында қарайды.
      5. Комитет осы бапқа сәйкес қандай да бір адамнан ешқандай хабарламаларды қарамайды, егер ол мыналарға көз жеткізсе:
      a) халықаралық тергеудің не реттеудің қандай да бір рәсімі бойынша осы мәселе қаралмаса және қаралып жатпаса;
      b) осы тұлға құқықтық қорғаудың бар ішкі шараларын жойса; бұл ереже осы шараларды қолдану дәлелсіз созылған жағдайларда әрекет етпейді не осы Конвенцияның бұзылуына құрбан болып табылатын адамға тиімді көмек көрсетеді.
      6. Осы бап бойынша хабарламаларды қарау кезінде Комитет жабық отырыстар өткізеді.
      7. Комитет өз пікірлерін тиісті Қатысушы мемлекетке және осы адамға ұсынады.
      8. Осы баптың ережелері осы Конвенцияның бес қатысушы мемлекеті осы баптың 1-тармағына сәйкес өтініш жасағанда күшіне енеді. Мұндай өтініштерді қатысушы мемлекеттер олардың даналарын қалған қатысушы мемлекеттерге қайта жүргізетін Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақтауға тапсырады. Өтінішті кез-келген уақытта Бас хатшының атына хабарлама арқылы кері шақырта алады. Мұндай кері шақырту осы бапқа сәйкес берілген хабарламаның мәні болып табылатын кез-келген мәселені қарауға залал келтірмеу керек; кез-келген Қатысушы мемлекеттің ешқандай кейінгі хабарламалары егер тиісті Қатысушы мемлекет жаңа өтініш жасамаса Бас хатшы өтінішті кері шақырту туралы хабарламаны алғаннан кейін осы бапқа сәйкес қабылданбайды.

23-бап

      21-баптың 1-тармағының е-тармақшасына сәйкес тағайындалуы мүмкін Комитет және келістіруші комиссияның мүшелері Біріккен Ұлттар Ұйымының артықшылықтары мен иммуниттері туралы Конвенцияның тиісті бөлімдерінде көзделгендей Біріккен Ұлттар Ұйымының тапсырмасы бойынша әрекет ететін жеңілдіктерге, артықшылықтарға және иммунитеттерге құқылы.

24-бап

      Комитет қатысушы мемлекеттерге және Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясына осы Конвенцияға сәйкес өзінің жұмысы туралы жылдық баяндамасын ұсынады.

III Бөлім

25-бап

      1. Осы Конвенция барлық мемлекеттермен қол қоюы үшін ашылды.
      2. Осы Конвенция ратификациялауға жатады. Ратификациялау грамотасы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақтауға тапсырылады.

      Конвенция ескертпелермен ҚСРО-ның Жоғары Кеңесінің Төралқасымен 1987 жылы 21 қаңтарда ратификацияланды.

26-бап

      Осы Конвенция барлық мемлекеттердің қосылуы үшін ашық. Қосылу Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына қосылу туралы құжатты сақтауға тапсыру жолымен жүзеге асырылады.

27-бап

      1. Осы Конвенция Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына жиырмасыншы ратификациялау грамотасын немесе қосылу туралы құжатты сақтауға тапсырғаннан кейін отызыншы күні күшіне енеді.
      2. Осы Конвенцияны ратификациялайтын немесе оған қосылатын әрбір Мемлекет үшін жиырмасыншы ратификациялау грамотасын немесе қосылу туралы құжатты сақтауға тапсырғаннан кейін, осы Конвенция өзінің жеке ратификациялау грамотасын немесе қосылу туралы құжатты тапсыру күнінен кейін отызыншы күні күшіне енеді.

      ҚСРО-ның ратификациялық грамотасы БҰҰ Бас хатшысына 1987 жылғы 3 наурызда сақтауға берілді. ҚСРО үшін 1987 жылғы 26 маусымда күшіне енді.

28-бап

      1. Осы Конвенцияға қол қою немесе оны ратификациялау немесе оған қосылу кезінде кез-келген Мемлекет 20-бапта белгіленген Комитеттің құзыретін тани алмайтынын мәлімдей алады.
      2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес ескертпе жасаған кез-келген Қатысушы мемлекет Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысын ол туралы ескерте отырып өзінің ескертпесін кез-келген уақытта алып тастай алады.

29-бап

      1. Осы Конвенцияға кез-келген Қатысушы мемлекет түзетуді ұсынады және оны Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына жіберуі мүмкін. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы одан кейін ұсынылған түзетуді қатысушы мемлекеттерге бұл ұсынысты қарау және ол бойынша дауыс беру өткізу мақсатында олар қатысушы мемлекеттердің конференциясын шақыруға келісетінін, келіспейтінін хабарлау өтінімімен қайта жолдайды. Егер мұндай хатты жіберген күннен бастап төрт ай ішінде ең болмағанда қатысушы мемлекеттердің үштен бірі мұндай конференция үшін пікірін білдірсе, Бас хатшы конференцияны Біріккен Ұлттар Ұйымының аясында шақырады. Осы конференцияға дауыс беруге қатысқан және қатысатын қатысушы мемлекеттердің қабылдаған кез-келген түзетуді Бас хатшы барлық қатысушы мемлекеттерге қабылдау үшін жолдайды.
      2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес бекітілген түзету осы Конвенцияға қатысушы мемлекеттердің үштен екісі олардың конституциялық рәсімдеріне сәйкес олармен осы түзетуді қабылдау туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына хабарлағаннан кейін күшіне енеді.
      3. Түзетулер күшіне енгеннен кейін оларды қабылдаған қатысушы мемлекеттер үшін міндетті болады, ал басқа қатысушы мемлекеттер үшін осы Конвенцияның міндетті ережелері және олар қабылдаған кез-келген алдағы түзетулер міндетті болып қалады.

30-бап

      1. Келіссөздер арқылы реттелуі мүмкін емес осы Конвенцияны талқылауға немесе қолдануға қатысты екі немесе одан да көп қатысушы мемлекеттер арасындағы кез-келген дау бірінің өтінімі бойынша арбитражға тапсырылады. Егер арбитраж туралы өтінім берген күннен бастап алты ай ішінде тараптар арбитражды ұйымдастыру туралы мәселе бойынша келісімге келуге жағдайы болмаса, кез-келген тараптың өтінім бойынша дау Сот Мәртебесіне сәйкес Халықаралық Сотқа тапсырылуы мүмкін.
      2. Мемлекеттің әрқайсысы осы Конвенцияға қол қойғанда немесе ратификациялағанда немесе оған қосылғанда ол өзін осы баптың 1-тармағының ережелеріне байланысты деп санамайтындығы туралы өтініш жасай алады. Басқа да қатысушы мемлекеттер мұндай ескертуді жасаған кез-келген Қатысушы мемлекетке қатысты осы баптың 1-тармағының ережелерімен байланысты болмайды.
      3. Осы баптың 2-тармағына сәйкес ескерту жасаған кез-келген Қатысушы мемлекет ол туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысын ескерте отырып өзінің ескертуін кез-келген уақытта алып тастай алады.

31-бап

      1. Кез-келген Қатысушы мемлекет Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына жазбаша хабарлама жіберу арқылы осы Конвенцияның күшін жоя алады. Күшін жою Бас хатшы мұндай хабарламаны алғаннан кейін бір жыл өткен соң күшіне енеді.
      2. Мұндай күшін жою Қатысушы мемлекетті осы Конвенция бойынша күшіне енген күнге дейін орын алған кез-келген әрекетпен немесе оқиғамен оның міндеттерінен босатпайды және күшін жою Комитетпен күшін жою күшіне енген күнге дейін қаралған кез-келген мәселені одан әрі қарауына ешқандай да залал келтірмейді.
      3. Қандай да бір Қатысушы мемлекет үшін күшін жою күшіне енген күнінен кейін Комитет осы Мемлекетке қатысты жаңа мәселені қарауды бастай алмайды.

32-бап

      Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы осы Конвенцияға қол қойған және оған қосылған Біріккен Ұлттар Ұйымының барлық мемлекет мүшелеріне және барлық мемлекеттерге мына төмендегілер туралы хабарлайды:
      a) 25 және 26-бапқа сәйкес қол қою, ратификациялау және қосылу;
      b) 27-бапқа сәйкес осы Конвенция күшіне енген күні және 29-бапқа сәйкес кез-келген түзетулер күшіне енген күні;
      c) 31-бапқа сәйкес күшін жою.

33-бап

      1. Осы Конвенция мәтіндерінің ағылшын, араб, испан, қытай, орыс және француз тілдерінде бірдей болатын мәтіні Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақтауға тапсырылады.
      2. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы осы Конвенцияның куәландырылған даналарын барлық мемлекеттерге жолдайды.