2011 - 2020 жылдарға арналған "Ақ бұлақ" бағдарламасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы № 570 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 728 қаулысымен

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 10-тармағына сәйкес және 2011 жылғы 11 сәуірдегі № 7-917 Қостанай ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ұсыныстарына сәйкес Сарыкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Субсидия алушылардың тізіміне қосуға тапсырыс ұсыну мерзімі осы қаулы қолданысқа енгізілген сәтінен бастап және 2011 жылғы 5 маусымға дейін белгіленсін.
      2. 2011 жылға арналған субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері бойынша себудің оңтайлы мерзімдері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                      Қ. Ғабдулин

      КЕЛIСIЛДI:

      "Сарыкөл ауданы әкімдігінің
      ауыл шаруашылық және
      ветеринария бөлімі"
      ММ бастығы
      ______________ М. Төлемісов

Әкімдіктің     
2011 жылғы 25 мамырдағы
№ 156 қаулысына қосымша

2011 жылға арналған субсидияланатын басымды ауыл
шаруашылық дақылдарының түрлері бойынша себудің
оңтайлы мерзімдері

Ауыл шаруашылық
дақылдарының атауы

Себу мерзімі

1

Жазғы егіс және егіс бұршақты
дақылдар

15 мамырдан 5 маусымға
дейін

2

Күздік дәнді дақылдары

15 тамыздан 1 қыркүйекке
дейін

3

Май дақылдары

18 мамырдан 30 мамырға
дейін

4

Картоп

10 мамырдан 31 мамырға
дейін

5

Көкөніс және бақша дақылдары

25 сәуірден 10 маусымға
дейін

6

Жемшөптік (өткен жылдарындағы
көпжылдық шөптерден басқа)

30 сәуірден 15 шілдеге
дейін

7

Бірінші, екінші және үшінші
өсіру жылдарындағы
бұршақтұқымдас көпжылдық
шөптер

20 сәуірден 31 мамырға
дейін

8

Жүгері, сүрлемдік күнбағыс

15 мамырдан 31 мамырға
дейін