Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 сәуірдегі № 473 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 728 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.09.2015 № 765 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындаудың және төлеудің
ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы
31 қаңтардағы № 161 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,
2001 ж., № 4-5, 51-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындаудың және төлеудің ережесінде:
      5-тармақтың 5) тармақшасының үшінші абзацындағы «бұрынғы КСР Одағының Ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының» деген сөздер «бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов