Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1111 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы Президентінiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесін одан әрі жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегi N 1449  Жарлығын  iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігі туралы ереже;
      2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi;
      3) Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрiне төрт, оның iшiнде бiр бiрiншi вице-министрi болуға рұқсат берiлсiн.

      3. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң Жоғары аттестаттау комитетi Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң Бiлiм және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетiне, оған министрлiктiң бақылау-қадағалау және реттеу функцияларын бере отырып, қайта құру жолымен;
      2) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң Аэроғарыш комитетi Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлiгiнiң Аэроғарыш комитетi болып қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      4. Қоса берілiп отырған:
      1) Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Бiлiм және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетi туралы ереже және оның құрылымы;
      2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң Аэроғарыш комитетi туралы ереже және оның құрылымы;
      3) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлiгiнiң Аэроғарыш комитетiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесi бекiтілсiн.

      5. Мыналарға:
      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Бiлiм және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетінiң төрағасына екi орынбасары болуға;
      Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігі Аэроғарыш комитетiнiң төрағасына үш орынбасары болуға рұқсат берiлсiн.

      6. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.

      7. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2004 жылғы 28 қазандағы 
N 1111 қаулысымен    
бекiтiлген       

  Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым
министрлiгi туралы ереже

  1. Жалпы ережелер

      1. Бiлiм және ғылым министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) басшылықты және заңнамада көзделген шектерде оның құзыретiне жатқызылған қызмет саласындағы салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
      Министрлiктiң негізгі мiндеттерi білiм, ғылым, ғылыми-техникалық және аэроғарыш қызметi, сондай-ақ мемлекеттік жастар саясаты саласында бiрыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру; бiлiм алу үшін қажеттi жағдайлар жасау; ғылыми зерттеулердi ұйымдастыруды жетілдiру және олардың бәсекеге қабiлеттілігін арттыру; балалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.
      Министрліктің мынадай ведомстволары бар:
      Бiлiм және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетi;
      Аэроғарыш комитеті.
      2. Министрлiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының  Конституциясына , Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Министрлiк мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы мемлекеттiк тілде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгіленген үлгiдегі бланкілерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.
      Министрлiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      Егер Министрлiкке заңнамаға сәйкес өкілеттілiк берiлген болса, онда оның мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарапы болуға құқығы бар.
      4. Министрлiк өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен бұйрықтар түрiнде нормативтiк құқықтық кесiмдер шығарады, олардың Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында мiндетті күшi болады.
      5. Министрлiктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      Министрлiктің құрылымын Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрi (бұдан әрi - Министр) бекiтедi.
      6. Министрлiктiң заңды мекен-жайы: Астана қаласы, Республика даңғылы, 24.
      7. Министрлiктің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлiгi" мемлекеттiк мекемесi.
      8. Осы Ереже Министрлiктiң құрылтай құжаты болып табылады.
      9. Министрлiктің қызметiн қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
      Министрлiктің өз функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау мәнiне кәсiпкерлiк субъектілерiмен шарттық қатынастарға түсуiне тиым салынады.
      Егер Министрлiкке заңнамалық кесiмдермен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда мұндай қызметтен түскен кiрiстер мемлекеттiк бюджет кiрiсiне жiберiледi.

  2. Министрліктiң функциялары мен құқықтары

      10. Министрлiк заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететiн стратегиялық функцияларды:
      бiлiм, ғылым және ғылыми-техникалық қызмет, мемлекеттік жастар саясаты, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясатты iске асыруға бағытталған тұжырымдамалар, стратегиялар, мемлекеттiк және мақсатты бағдарламалар мен жоспарлар әзiрлеудi;
      бiлiм беру сапасын басқару саласындағы саясатты қалыптастыруды;
      білiм беру, ғылыми және аэроғарыш қызметi, ғарыш кешенiн дамыту саласындағы инновациялық саясатты қалыптастыруды;
      Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiмен белгiленген құзырет шегiнде нормативтік құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ бiлiм беру қызметiнде бiлiм беру ұйымдары пайдаланатын қатаң есептегi құжаттардың нысанын қабылдауды;
      әлсiз, ауру балаларды, сондай-ақ экологиялық қолайсыз өңiрлерде тұратын, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балаларын, тәрбиелеудi, бiлiм берудi және сауықтыруды қамтитын балалар үйлерiнiң жетiм балаларын оңалту бағдарламасын қалыптастыруды;
      оқу-тәрбиелiк процестiң жоғары сапасын қамтамасыз ететiн оқу басылымдарының тiзбесiн қалыптастыруды;
      бiлiм берудi басқару жүйесiн ақпараттық қамтамасыз етудi қалыптастыруды;
      республикалық бюджеттен қаражат алатын білім беру ұйымдарында кәсiптiк жоғары білiмдi, сондай-ақ кәсiптiк орта білімдi мамандар даярлауға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын қалыптастыруды;
      педагог кадрларды қайта даярлау мен олардың білiктілігін арттырудың мемлекеттік тапсырысын қалыптастыруды;
      iргелi зерттеулер бағдарламаларын қалыптастыруды;
      мiндетті мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жүргiзудi ұйымдастыруды;
      өз қызметi саласында халықаралық ынтымақтастықты, халықаралық шарттар мен келiсiмдердiң жобаларын дайындауға қатысуды және Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң тапсырмасы бойынша оларға қол қоюды жүзеге асырады;
      2) мемлекеттiк саясатты iске асыруды қамтамасыз ететiн функциялар:
      бюджет болжамын әзiрлеу және бiлiм беру, ғылыми, ғылыми-техникалық және аэроғарыш қызметі салаларында индикативтiк жоспарлауға қатысу;
      бiлiм беру қызметi, ғылыми және аэроғарыштық өнiм рыногындағы бәсекелестіктi дамыту жөнiнде шаралар қабылдау;
      білім беру, ғылыми, ғылыми-техникалық, аэроғарыштық қызмет, балалар мен жастардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау саласындағы заңнаманы қолдану практикасын талдау, қорыту;
      мемлекеттік ғылыми-техникалық саясатты жүргізу;
      ғылыми-техникалық ақпараттың мемлекеттiк жүйесін жетілдiру;
      өз құзыретi шегінде жұмылдыру жұмысын және мемлекеттiк құпияларды қорғау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
      балалар мен жастардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау бөлiгінде халықтың өсуiн дамыту (демография) саясатын жүргiзу.
      11. Негізгi мiндеттердi iске асыру және өзiне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшiн Министрлiк заңнамада белгіленген тәртiппен:
      1) өзінің мiндеттерiн іске асыру үшiн қажеттi ақпаратты мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, лауазымды тұлғалар мен азаматтардан сұрауға және алуға;
      2) өз құзыреті шегінде ұйымдарды құру, қайта құру және тарату жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
      3) ведомстволық бағынысты мемлекеттiк мекемелердiң жарғыларын бекiтуге;
      4) ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерге қатысты мемлекеттік меншiк құқығы субъектілерiнiң функциясын жүзеге асыруға;
      5) баспа қызметiмен айналысуға, ведомстволық журналдарының, газеттерінің, басқа да баспа және электрондық бұқаралық ақпарат құралдарының болуына;
      6) ғылым саласында сыйлықтар мен стипендиялар беруге;
      7) Қазақстан Республикасының бiлiм, ғылым органдарынан және оқу орындарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қоюға;
      8) ведомстволық статистикалық бақылаулар жүргізуге;
      9) ведомстволық статистикалық бақылаулар бағдарламаларын әзiрлеуге құқылы.

  3. Министрліктің мүлкі

      12. Министрлiктiң жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкінің болуына құқығы бар.
      Министрлiктiң мүлкі оған мемлекет берген мүлiктiң есебiнен қалыптастырылады және негiзгi қорлардан, сондай-ақ құны Министрлiктiң теңгерімінде көрсетілетiн өзге де мүлiктен тұрады.
      13. Министрлiктiң мүлкi республикалық меншiкке жатады.
      14. Министрлiктiң өзiне бекiтiлген мүлiктi өзбетімен оқшаулауға немесе өзге де әдiспен билiк етуге құқығы жоқ.
      Министрлiкке заңнамада белгiленген жағдайларда және шектерде мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн.

  4. Министрлiктiң қызметiн ұйымдастыру

      15. Министрлiктi Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министр басқарады.
      Министрдің Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке Министрдiң ұсынуы бойынша тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады.
      16. Министр Министрлiктiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, Министрлiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуы және оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн дербес жауап бередi.
      17. Министр осы мақсатта:
      1) өз орынбасарлары мен Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкілеттiктерiн айқындайды;
      2) заңнамаға сәйкес Министрлiктiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      3) Министрлiктiң бұйрықтарына қол қояды;
      4) Министрлiктiң регламентiн және Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;
      5) барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Министрлiктi бiлдiредi;
      6) заңнамада белгiленген тәртiппен Министрлiктiң қызметкерлерiне тәртiптiк шаралар қолданады.
      18. Министрлiктiң Министрдің жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылатын алқасы болады. Алқаның сандық және жеке құрамын Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының арасынан Министр бекiтедi.

  5. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату

      19. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2004 жылғы 28 қазандағы 
N 1111 қаулысымен    
бекiтiлген       

  Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң
қарауындағы ұйымдардың тiзбесi

            1.   Республикалық мемлекеттiк кәсіпорындар

      1. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
      2. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi
      3. Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетi
      4. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетi
      5. Қазақ ұлттық аграрлық университетi
      6. Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттiк университетi
      7. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетi
      8. Ақтөбе мемлекеттiк педагогикалық институты
      9. Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институт
      10. Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттiк университетi
      11. Атырау мұнай және газ институты
      12. Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттiк университетi
      13. Д.Серiкбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттiк техникалық университетi
      14. Ілияс Жансүгiров атындағы Жетісу мемлекеттiк университетi
      15. Махамбет Өтемiсов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттiк университетi
      16. Жәңгiр хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
      17. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты
      18. С.Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттiк агротехникалық университетi
      19. Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттiк университетi
      20. Қарағанды мемлекеттiк техникалық университетi
      21. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетi
      22. А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттiк университетi
      23. Қостанай мемлекеттiк педагогикалық институты
      24. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттiк университетi
      25. С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетi
      26. Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты
      27. Рудный индустриялық институты
      28. Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттiк университетi
      29. Шәкәрiм атындағы Семей мемлекеттiк университеті
      30. Семей мемлекеттiк педагогикалық институты
      31. М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттiк университетi
      32. Тараз мемлекеттiк педагогикалық институты
      33. М.Әуезов атындағы Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттік университетi
      34. П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжi
      35. А.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесi
      36. Ж.Елебеков атындағы республикалық эстрадалық-цирк колледжi
      37. О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндiк-қолданбалы өнер колледжi
      38. Ақмола қаржы-экономикалық колледжі
      39. Семей қаржы-экономикалық колледжi
      40. Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ бiлiм академиясы
      41. 12 жылдық бiлiм беру проблемалары республикалық ғылыми-практикалық орталығы
      42. Республикалық бiлiм беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру институты
      43. Бiлiм беру мен тестілеудiң мемлекеттiк стандарттарының ұлттық орталығы
      44. Республикалық бiлiм берудi ақпараттандыру ғылыми-әдiстемелiк орталығы
      45. Республикалық қосымша бiлiм беру оқу-әдiстемелік орталығы
      46. "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы
      47. Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесi орталығы
      48. "Бөбек" ұлттық ғылыми-практикалық бiлiм беру және сауықтыру орталығы
      49. "Балдәурен" республикалық оқу-сауықтыру орталығы
      50. Химиялық-технологиялық зерттеулер орталығы
      51. Физикалық-математикалық зерттеулер орталығы
      52. Астрофизикалық зерттеулер орталығы
      53. Биологиялық зерттеулер орталығы
      54. Геологиялық-географиялық зерттеулер орталығы
      55. Қазақстан Республикасының Биотехнология жөнiндегі ұлттық орталығы
      56. Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы
      57. Салааралық ақпараттар ғылыми-техникалық орталығы
      58. Жалпы генетика және цитология институты
      59. Микробиология және вирусология институты
      60. Экономика институты
      61. А.Байтұрсынов атындағы Тiл бiлiмi институты
      62. М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
      63. Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты
      64. Философия және саясаттану институты
      65. Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институты
      66. Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты
      67. Қолданбалы математика институты
      68. Фитохимия институты
      69. Өсiмдiктер физиологиясы, генетикасы және биоинженерия институты
      70. Ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты
      71. Республикалық микроорганизмдер коллекциясы
      72. Қазақ мемлекеттік ғылыми-техникалық ақпарат ғылыми-зерттеу институты
      73. Республикалық ғылыми-техникалық кiтапханасы
      74. Орталық ғылыми кiтапхана
      75 "Ғылым" ғылыми баспа орталығы
      76. Ғалымдар үйi
      77. Үлгi-тәжiрибелiк орман көшеттігi

2. Мемлекеттік мекемелер

      78. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы
      79. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы
      80. Қазақ ұлттық музыка академиясы
      81. Түзеу педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығы
      82. Б.Момышұлы атындағы Республикалық Алматы әскери мектеп-интернаты
      83. Республикалық Қарағанды әскери мектеп-интернаты
      84. Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахимов атындағы Республикалық Шымкент әскери мектеп-интернаты
      85. А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ орта мамандандырылған музыка мектеп-интернаты
      86. Күләш Байсейiтова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернаты
      87. Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тiлi мен әдебиетiн тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты
      88. О.Жәутiков атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған физика-математика орта мектеп-интернаты
      89. Республикалық ғылыми-педагогикалық кiтапхана
      90. Академик Қ.И.Сәтбаевтың мемориалдық мұражайы
      91. Қаржы орталығы
      92. Сейсмология тәжірибе-әдістемелік экспедициясы

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2004 жылғы 28 қазандағы 
N 1111 қаулысымен    
бекiтiлген       

  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешімдерiне
енгізiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар

      1. "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Лицензиялауға жататын қызметтiң түрлерiне, лицензиялар беруге өкiлеттік берiлген мемлекеттiк органдардың (лицензиялардың) тiзбесiнде:
      2-бағандағы реттік нөмiрi 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң Аэроғарыш комитеті";
      2-бағандағы peттік нөмiрi 16-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң Бiлiм және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетi".

      2. "Инфракос" республикалық мемлекеттік кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 8 қаңтардағы N 27  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 2, 9-құжат):
      3-тармақтағы "Энергетика және минералдық ресурстар" деген сөздер "Бiлiм және ғылым" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде:
      "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң Аэроғарыш комитетi" деген бөлiм және реттiк нөмiрi 72-жол алынып тасталсын;
      "Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi" деген бөлiмдегi:
      реттік нөмiрлерi 470-162, 470-163-жолдар алынып тасталсын;
      кіші бөлiммен және мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 470-185-жолдармен толықтырылсын:
      Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң Аэроғарыш комитетi
      470-185 "Инфракос" республикалық
      мемлекеттік кәсiпорны
      (шаруашылық жүргiзу құқығындағы)          Байқоңыр қаласы;".

      4. "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 20 қарашадағы N 1756  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 51, 506-құжат):
      3-тармақтағы алтыншы абзац алынып тасталсын:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі туралы ережеде:
      1-тармақтың екiншi абзацындағы "Аэроғарыш комитетi" деген сөздер алынып тасталсын;
      10-тармақтағы 9) тармақша алынып тасталсын;
      11-тармақтағы 13-3) және 13-4) тармақшалары алынып тасталсын.

      5. "Заңды және жеке тұлғаларға ғарыштық кеңiстiктi пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия берудiң ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 21 наурыздағы N 431  қаулысына :
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Заңды және жеке тұлғаларға ғарыштық кеңiстiктi пайдалануға байланысты қызметтi жүзеге асыруға лицензия берудiң ережесiнде:
      7-тармақта "Энергетика, индустрия және сауда" деген сөздер "Бiлiм және ғылым" деген сөздермен ауыстырылсын.

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2004 жылғы 28 қазандағы 
N 1111 қаулысымен    
бекiтiлген       

  Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң
Бiлiм және ғылым саласындағы қадағалау және
аттестаттау комитетi туралы
ЕРЕЖЕ

  1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Бiлiм және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң (бұдан әрi - Министрлiк) құзыретi шегiнде бiлiм және ғылым саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi функцияларды, сондай-ақ оның құзыретiне жатқызылған саладағы бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
      Комитеттің негiзгі мiндеттерi бiлiм беру, ғылым, ғылыми-техникалық қызмет, ғылыми және ғылыми-педагог кадрларды аттестаттау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру және бiлiм мен ғылым саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру болып табылады.
      2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының  Конституциясы  мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi, Үкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Комитет мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.
      Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi. Комитетке заңнамаға сәйкес өкiлеттілік берiлген болса онда оның мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарапы болуға құқығы бар.
      4. Комитеттiң құрылымын және штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi.
      5. Комитеттің заңды мекен-жайы: Астана қаласы, Республика даңғылы, 24.
      6. Комитеттің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң Бiлiм және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетi" мемлекеттік мекемесi.
      7. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады.
      8. Комитеттiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджет есебiнен жүзеге асырылады.
      Комитетке өзiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау мәнiне кәсiпкерлiк субъектілерiмен шарттық қатынастарға түсуiне тиым салынады.
      Егер Комитетке заңнамалық кесiмдермен кiрiс әкелетiн қызметті жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда мұндай қызметтен түскен кiрiстер республикалық бюджет кiрiсiне жiберiледi.

  2. Комитеттің функциялары мен құқықтары

      9. Комитет заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) мемлекеттiк саясатты iске асыруды қамтамасыз ететiн функцияларды:
      ғылыми ұйымдарды және жоғары оқу орындарын лицензиялау, аттестаттау және аккредиттеу саласындағы ұйымдардың қызметiн талдауды және мониторингiн;
      меншiк нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан ғылыми ұйымдар мен жоғары оқу орындарында диссертациялық кеңестер құрау, кеңестерге диссертацияларды қорғауға қабылдау құқығын беретiн мамандықтарды және ғылым салаларының тiзбесiн бекiтудi;
      ғылыми дәрежелер беру және ғылыми атақтар беру туралы аттестаттау iстерiн қарайды және бiрыңғай талаптарға сәйкес олар жөнiнде шешiмдер қабылдауды, мемлекет атынан ғылым кандидаты және докторы дипломдарын және профессорлар мен доценттер аттестаттарын ресiмдеудi және берудi;
      мемлекеттік бюджет есебiнен жүргізiлетiн ғылыми-зерттеу жұмыстарын, iргелi және қолданбалы зерттеулердiң аяқталған тақырыптары мен бағдарламаларын, қорғалған диссертацияларды мемлекеттiк тiркеудi ұйымдастыруды;
      өз құзыретi шегінде бiлiм беру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензия берудi;
      2) мемлекеттiк саясаттың iске асырылуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ететiн функциялар:
      тиісті құжаттарды бере отырып, шетелдiк бiлiм беру ұйымдары берген бiлiм туралы құжаттарды тануды және нострификациялауды;
      ғылыми және педагог кадрларды аттестаттауды жүргiзудi;
      жоғары кәсiптiк және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм бағдарламаларын iске асыратын білім беру ұйымдарын аккредиттеудi жүргізудi;
      отандық ғылым мен техниканың бәсекелі деңгейiн қолдау мақсатында ғылыми ұйымдарды аттестаттауды және мемлекеттiк емес ғылыми ұйымдарды аккредиттеуді жүргiзудi;
      бiрыңғай ұлттық тестiлеудi ұйымдастыруды және өткiзудi;
      заңды тұлғалардың берiлген лицензияларда қойылған талаптарды сақтауын тексеруді;
      жоғары кәсiптiк білім және жоғары оқу орнынан кейiнгі кәсiптiк бiлiм беретiн білiм беру ұйымдарын, сондай-ақ республикалық бюджеттен қаржыландырылатын және орта кәсiптiк білімнiң білім беру бағдарламаларын және мамандандырылған білім беру бағдарламаларын iске асыратын білім беру ұйымдарын аттестаттауды;
      білім беру және ғылым саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының және нормативтiк құқықтық кесiмдердiң, бiлiм берудiң мемлекеттік жалпыға мiндеттi стандарттарының орындалуын мемлекеттік бақылауды;
      бiлiм беру ұйымдарында аралық мемлекеттiк бақылауды ұйымдастыруды және жүргізудi;
      бiлiм алушыларды қорытынды мемлекеттiк аттестаттауды ұйымдастыруды және жүргiзудi жүзеге асырады.
      10. Комитеттiң белгiленген қызмет аясындағы өкiлеттілігін iске асыру мақсатында белгіленген тәртiппен мыналарға құқығы бар:
      1) қызметтік зерттеулер, сынақтар, сараптамалар, талдаулар мен бағалаулар, сондай-ақ белгiленген қызмет аясында бақылауды, бағалауды және қадағалауды жүзеге асыру мәселелерi бойынша ғылыми зерттеулер жүргізудi ұйымдастыруға;
      2) Комитетке жүктелген функциялар мен мiндеттердi жүзеге асыру үшін мемлекеттiк органдардан, өзге де ұйымдардан және заңды тұлғалардан қажеттi ақпарат сұратуға және алуға;
      3) заңды және жеке тұлғаларға Комитет құзыретіне жататын мәселелер бойынша түсiнiктемелер беруге;
      4) Комитеттiң белгіленген қызмет аясына жатқызылған мәселелердi пысықтау үшін ғылыми және өзге де ұйымдарды, ғалымдар мен мамандарды белгiленген тәртiппен тартуға;
      5) белгiленген қызмет аясында Қазақстан Республикасы заңнамаларының бұзылу фактiлерiнiң жолын кесуге, сондай-ақ заңды тұлғалар мен азаматтардың белгіленген қызмет аясындағы мiндеттi талаптарды бұзуына жол бермеу және (немесе) олардың салдарларын жоюға бағытталған, Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген шектеу, ескерту және алдын алу сипатындағы шаралар қабылдауға;
      6) белгіленген қызмет аясында шетелдiк мемлекеттердiң мемлекеттiк билік органдарымен және халықаралық ұйымдармен белгiленген тәртiппен өзара іс-қимыл жасауға;
      7) белгiленген қызмет аясында консультативтiк-кеңес және сараптамалық органдар (төралқалар, кеңестер, комиссиялар, топтар, алқалар) құруға;
      8) баспа қызметiн жүзеге асыруға.

  3. Комитеттің мүлкі

      11. Комитеттiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.
      Комитеттiң мүлкi оған мемлекет берген, құны мемлекеттiк органның теңгерiмiнде көрсетiлетiн мүлiк есебiнен қалыптастырылады.
      12. Комитетке бекiтілген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
      13. Комитеттiң өзiне бекiтiлген мүлiктi өзбетiнше иелiктен алуға немесе оған өзгедей әдiспен билiк етуге құқығы жоқ.
      Комитетке заңнамада белгіленген жағдайларда және шектерде мүлiкке билiк ету құқығы берілуi мүмкiн.

  4. Комитеттiң қызметiн ұйымдастыру

      14. Комитеттi Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрiнiң ұсынысымен Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады.
      Төрағаның оның ұсынысымен Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады.
      Төраға орынбасарларының санын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілейдi.
      15. Комитет төрағасы Комитеттiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауап бередi.
      16. Комитет төрағасы осы мақсатта:
      1) өз орынбасарлары мен Комитеттің құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкілеттiктерiн анықтайды;
      2) Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң келісiмiмен Қазақстан Республикасы Үкіметі бекiткен штат санының лимитi шегiнде Комитеттiң штаттық кестесiн бекiтедi;
      3) заңнамаға сәйкес Комитет қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      4) заңнамамен белгiленген тәртiппен Комитет қызметкерлерiн көтермелейдi, сондай-ақ оларға тәртiптiк шаралар қолданады;
      5) Комитеттiң бұйрықтарына қол қояды;
      6) Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi және заңнамамен белгiленген жағдайларда ведомстволық бағынысты ұйымдардың жарғыларын бекiтедi;
      7) Комитетті қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда білдіреді.

  5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату

      17. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2004 жылғы 28 қазандағы 
N 1111 қаулысымен    
бекiтiлген       

  Бiлiм және ғылым министрлігінiң
Бiлiм және ғылым саласындағы қадағалау және
аттестаттау комитетiнiң құрылымы

      Басшылық
      Лицензиялау және бiлiм беру мониторингi басқармасы
      Лицензиялау бөлiмi
      Аралық бақылау бөлiмi
      Аттестаттау және аккредиттеу басқармасы
      Білім беру ұйымдарын аттестаттау бөлiмi
      Ғылыми мекемелердi аттестаттау және ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындарын аккредиттеу бөлiмi
      Ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды аттестаттау басқармасы
      Физика-математика, техникалық ғылымдар, жер және ғарыш туралы ғылымдар бөлiмi
      Медицина, химия, биология, ауыл шаруашылығы және ветеринария ғылымдары бөлiмi
      Гуманитарлық ғылымдар бөлiмi
      Жоғары білікті кадрларды дайындау және құжаттарды ресiмдеу бөлiмi
      Қаржы және ұйымдастыру бөлiмi (өз бетiнше)
      Бюджеттің орындалуын қадағалау бөлiмi (өз бетiнше)

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2004 жылғы 28 қазандағы 
N 1111 қаулысымен    
бекiтiлген       

  Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң
Аэроғарыш комитетi туралы
ЕРЕЖЕ

  1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң Аэроғарыш комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігі (бұдан әрi - Министрлiк) құзыретi шегiнде аэроғарыш қызметі саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру жөніндегі функцияларды, сондай-ақ осы саладағы бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
      Комитеттің негiзгi мiндеттерi аэроғарыш қызметi саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру болып табылады.
      2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының  Конституциясы  мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi, Үкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Комитет мемлекеттік мекеменiң ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгідегі бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.
      Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi. Егер Комитетке заңнамаға сәйкес өкiлеттілік берiлген болса, онда оның мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарапы болуға құқығы бар.
      4. Комитеттiң құрылымы және штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметі бекiтедi.
      5. Комитеттiң заңды мекен-жайы: Астана қаласы, Қабанбай батыр көшесi, 47.
       Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1376   қаулысымен .
      6. Комитеттің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Аэроғарыш комитетi" мемлекеттік мекемесi.
      7. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады.
      8. Комитеттiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджет есебiнен жүзеге асырылады.
      Комитетке оның функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәнiне кәсiпкерлiк субъектілерiмен шарттық қатынастарға түсуіне тиым салынады.
      Егер Комитетке заңнамалық кесiмдермен кiрiс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен түскен кiрiстер республикалық бюджет кiрiсiне жiберiледi.

  2. Комитеттің функциялары мен құқықтары

      9. Комитет заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) мемлекеттiк саясатты iске асыруды қамтамасыз ететiн функцияларды:
      аэроғарыш саласында, оның iшiнде, Қазақстанның тиiстi халықаралық ұйымдар мен институттардың қызметiне қатысуына байланысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатын iске асыруды;
      Қазақстан Республикасындағы аэроғарыш инфрақұрылымының жай-күйiн және аэроғарыш техникасы мен технологияларының әлемдiк даму үрдiстерiн талдауды және дамуын болжауды;
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарының "Байқоңыр" кешенiн жалға алу туралы халықаралық шартты, Қазақстан Республикасының аэроғарыш қызметi саласындағы басқа да халықаралық шарттарын орындау жөнiндегі қызметiн үйлестiрудi ұйымдастыруды;
      Аэроғарыш қызметi саласындағы ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды жүргiзудi қоса алғанда, Қазақстан Республикасының ғарыш кешенін дамыту тұжырымдамаларын, бағдарламаларын және жобаларын iске асыруды;
      өз құзыретi шегiнде аэроғарыш қызметі саласында жұмыс iстейтін мемлекеттің қатысуымен ұйымдарды басқару органдарында мемлекеттiң мүдделерін білдіруді;
      аэроғарыш қызметi саласында жұмыс iстейтiн заңды тұлғалардың қызметiн талдауды;
      ғарышкерлердi даярлауды, аэроғарыш қызметi саласындағы кадрларды даярлауды және қайта даярлауды ұйымдастыруды және үйлестiрудi;
      өз құзыретi шегiнде "Байқоңыр" кешенiнiң ұйымдастырушылық және өзге де шаруашылық мәселелерiн шешудi;
      өз құзыретi шегінде ғарыш кеңiстігін пайдалану жөнiндегі "қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;
      2) мемлекеттік саясаттың iске асырылуын бақылауды қамтамсыз ететін функциялар:
      "Байқоңыр" кешенiн жалға алу туралы халықаралық шарттың және оған қосымша келiсiмдер ережелерiнiң орындалуын бақылау;
      аэроғарыш қызметі саласындағы заңнаманың орындалуын бақылау.
      10. Комитеттiң негiзгi мiндеттердi iске асыру және өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн заңнамада белгіленген тәртiппен және өз құзыреті шегінде мыналарға құқығы бар:
      1) аэроғарыш саласына шетелдiк кредиттер мен инвестициялар тарту және оларды пайдалану жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
      2) мемлекеттiк органдардан, өзге де ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан және азаматтардан ақпарат сұратуға және алуға;
      3) мемлекеттік кәсіпорындар мен өзге де ұйымдар құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнiнде ұсыныстар енгізуге;
      4) өзiне қарайтын республикалық мемлекеттік кәсiпорындарға қатысты мемлекеттiк басқару органы функцияларын жүзеге асыруға;
      5) шет елдердiң мемлекеттік органдарымен, халықаралық ұйымдармен және шетелдiк заңды тұлғалармен келiссөздер жүргiзу және шарт жасасу туралы ұсыныстар енгізуге;
      6) басқа мемлекеттік органдардың мамандарын, сондай-ақ жетекшi, оның iшiнде шетелдiк ғалымдар мен мамандарды жұмысқа тартуға.

  3. Комитеттiң мүлкi

      11. Комитеттің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
      Комитеттің мүлкі оған мемлекет берген, құны мемлекеттiк органның теңгерiмiнде көрсетілетiн мүлiк есебiнен қалыптастырылады.
      12. Комитетке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
      13. Комитеттiң өзіне бекiтiлген мүлiкті өзбетінше иеліктен алуға немесе оған өзгедей әдiспен билік етуге құқығы жоқ.
      Комитетке заңнамада белгіленген жағдайларда және шектерде мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн.

  4. Комитеттің қызметін ұйымдастыру

      14. Комитеттi Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң ұсынысымен Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады.
      Төрағаның оның ұсынысымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады.
      Төраға орынбасарларының санын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілейді.
      15. Комитет төрағасы Комитеттің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауап бередi.
      16. Комитет төрағасы осы мақсатта:
      1) өз орынбасарлары мен Комитеттің құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттіктерiн анықтайды;
      2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрiнiң келiсiмiмен Қазақстан Республикасы Үкiметi бекiткен штат санының лимиті шегiнде Комитеттiң штаттық кестесiн бекiтедi;
      3) заңнамаға сәйкес Комитет қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      4) заңнамамен белгiленген тәртiппен Комитет қызметкерлерiн көтермелейдi, сондай-ақ оларға тәртiптiк шаралар қолданады;
      5) Комитеттiң бұйрықтарына қол қояды;
      6) Комитеттің құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi және заңнамамен белгiленген жағдайларда ведомстволық бағынысты ұйымдардың жарғыларын бекiтедi;
      7) Комитетті қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда бiлдiредi.

  5. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату

      17. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2004 жылғы 28 қазандағы 
N 1111 қаулысымен    
бекiтiлген       

  Қазақстан Республикасы
Бiлiм және ғылым министрлігі
Аэроғарыш комитетiнiң құрылымы

      Басшылық
      Аэроғарыш қызметi саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру басқармасы
      Аэроғарыш бағдарламаларын қалыптастыру бөлiмi
      Қаржы бөлiмi
      Әкiмшілiк бөлiмi
      Халықаралық шарттар және "Байқоңыр" кешенiн жалға беру жөнiндегi жұмысты үйлестіру басқармасы
      Халықаралық шарттар және нормативтiк-құқықтық қамтамасыз ету бөлiмi
      "Байқоңыр" кешенiн жалға беру жөнiндегi жұмысты үйлестiру бөлiмi
      Жиынтық талдау және лицензиялау бөлiмi
      "Байқоңыр" ғарыш айлағы басқармасы
      Жердегi ғарыш инфрақұрылымын дамыту және оны кадрлармен қамтамасыз ету бөлiмi
      Ресей Федерациясының "Байқоңыр" кешенiн жалға алған объектiлердi пайдаланылуын талдау бөлiмi

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2004 жылғы 28 қазандағы 
N 1111 қаулысымен    
бекiтiлген       

  Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi
Аэроғарыш комитетiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесi

Республикалық мемлекеттік кәсiпорын

      "Инфракос" Республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығындағы)

Мемлекеттік мекемесi

      "Байқоңыртеңгерiм" мемлекеттік мекемесi

       Акцияларының мемлекеттiк пакетi Қазақстан Республикасы
      Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Аэроғарыш комитетiне 
        иелiк етуге және пайдалануға берiлген акционерлiк
                            қоғам

       "Бәйтерек" Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны акционерлік қоғамы, Астана қаласы
      Қазғарыш" ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамы", Алматы қаласы  
       Ескерту. Тізімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.03.04.  N 207 , 2005.03.17  N 242   қаулыларымен.

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2004 жылғы 28 қазандағы 
N 1111 қаулысымен    
бекiтiлген       

  Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң күшi
жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi

      1. "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1754  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 51, 504-құжат), 5-тармақтан басқасы.

      2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 2 желтоқсандағы N 1824  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 53, 522-құжат) 1-тармағының 3) тармақшасы.

      3. "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Бiлiм беру мен тестiлеудiң мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 1999 жылғы 3 желтоқсандағы N 1850  қаулысы  5-тармағының 2) тармақшасы.

      4. "Жоғары аттестациялық комиссия" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 желтоқсандағы N 2001  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 58, 571-құжат).

      5. "Қазақстан Республикасында бiлiм мен ғылымды интеграциялау жөніндегі кейбiр шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2000 жылғы 14 ақпандағы N 236  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 7, 86-құжат) 5-тармағының 2) тармақшасы.

      6. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1754 қаулысына өзгерiс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2000 жылғы 16 наурыздағы N 407  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 15, 155-құжат).

      7. "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындарын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметтiң 2000 жылғы 19 сәуiрдегi N 604  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 20, 222-құжат) 4-тармағының 2) тармақшасы.

      8. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесi орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 19 мамырдағы N 766  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 22, 267-құжат) 7-тармағының 2) тармақшасы.

      9. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң "Ботаника және фитоинтродукция институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 5 шiлдедегi N 1018  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 28, 336-құжат) 3-тармағының 2) тармақшасы.

      10. "Тағам институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2000 жылғы 10 шілдедегi N 1043  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 28, 347-құжат) 3-тармағының 2) тармақшасы.

      11. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлiгiнiң "Қаржы орталығы" мемлекеттік мекемесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2000 жылғы 12 қазандағы N 1523  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 42, 488-құжат) 5-тармағының 1) тармақшасы.

      12. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлiгiнiң "Балдәурен" республикалық балаларды сауықтыру лагерi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2000 жылғы 7 қарашадағы N 1679  қаулысы  (Қазақстан Pecпубликасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 46, 549-құжат) 6-тармағының 2) тармақшасы.

      13. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлiгінiң жекелеген білім беру ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2000 жылғы 29 қарашадағы N 1782  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 51, 583-құжат) 4-тармағының 2) тармақшасы.

      14. "Қазақстан Pecпубликасы Білім және ғылым министрлiгiнің Жоғары аттестациялық комиссиясын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2001 жылғы 17 қаңтардағы N 61  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 1-2, 16-құжат) 5-тармағының 2) тармақшасы.

      15. "Ғылым" ғылыми-баспа орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 20 қаңтардағы N 88  қаулысымен  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 1-2, 23-құжат) бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбiр шешiмдерiне енгiзілетін өзгерiстер мен толықтырулардың 4-тармағы.

      16. "Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1754 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 20 қаңтардағы N 90  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 3, 27-құжат).

      17. "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң жекелеген республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындарын қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 163  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 4-5, 52-құжат) 3-тармағының 2) тармақшасы.

      18. "Кейбiр ұйымдарды Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң қарамағына беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2001 жылғы 5 ақпандағы N 186  қаулысымен  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 6, 61-құжат) бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 4-тармағы.

      19. "Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлігі Жоғары аттестациялық комитетінiң мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 20 ақпандағы N 257  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 7, 78-құжат).

      20. "Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлiгiнiң" Т.Рысқұлов атындағы Қазақ мемлекеттік басқару академиясы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 2 сәуiрдегi N 434  қаулысымен  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 13, 149-құжат) бекітiлген Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбiр шешiмдерiне енгiзілетiн өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы.

      21. "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң "Жер қойнауын кешендi игеру проблемалары институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 6 сәуiрдегi N 458  қаулысымен  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 13, 160-құжат) бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 4-тармағы.

      22. "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Органикалық синтез және көмiр химиясы институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 7 сәуiрдегi N 470  қаулысымен  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 14, 167-құжат) бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 4-тармағы.

      23. "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Қазақ мемлекеттiк спорт және туризм академиясы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2001 жылғы 19 сәуiрдегі N 526  қаулысымен  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 14, 185-құжат) бекiтілген Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбiр шешiмдерiне енгiзілетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 4-тармағы.

      24. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң "Қазақ мемлекеттiк сәулет-құрылыс академиясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2001 жылғы 26 сәуiрдегi N 559  қаулысымен  бекiтiлген (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 14, 185-құжат) Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр шешiмдерiне енгiзілетін өзгерiстер мен толықтырулардың 4-тармағы.

      25. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Қ.И.Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2001 жылғы 10 мамырдағы N 615  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 16, 217-құжат) 3-тармағының 2) тармақшасы.

      26. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлiгінің "Қарағанды металлургия институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң 2001 жылғы 11 мамырдағы N 623  қаулысымен  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 18, 223-құжат) бекiтілген Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбiр шешiмдерiне енгізілетін өзгерiстер мен толықтырулардың 4-тармағы.

      27. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлiгiнiң "Адамның үйлесiмдi даму институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2001 жылғы 23 мамырдағы N 692  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 19, 236-құжат) 5-тармағының 2) тармақшасы.

      28. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлiгiнiң "С.Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университетi" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 15 маусымдағы N 821  қаулысымен  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 22, 280-құжат) бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр шешiмдеріне енгізілетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 4-тармағы.

      29. "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлiк және коммуникациялар академиясы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2001 жылғы 18 маусымдағы N 833  қаулысымен  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 23, 287-құжат) бекiтілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр шешiмдерiне енгізілетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 4-тармағы.

      30. "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетi" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 20 маусымдағы N 842  қаулысымен  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 23, 289-құжат) бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетін өзгерiстер мен толықтырулардың 4-тармағы.

      31. "Жекелеген мемлекеттiк жоғары оқу орындарын қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 29 маусымдағы N 892  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 24-25, 236-құжат) 3-тармағының 2) тармақшасы.

      32. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 12 шілдедегі N 951  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 26, 326-құжат) 1-тармағының 2) тармақшасы.

      33. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1754 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 23 шiлдедегi N 990  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 27, 342-құжат).

      34. "Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2001 жылғы 20 ақпандағы N 257 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2001 жылғы 25 шiлдедегі N 1007  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 28, 352-құжат).

      35. "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң "Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 9 тамыздағы N 1043  қаулысымен  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 29, 370-құжат) бекiтілген Қазақстан Республикасы Yкiметiнің кейбiр шешiмдеріне енгiзілетін өзгерiстер мен толықтырулардың 4-тармағы.

      36. "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Абылай хан атындағы Қазақ мемлекеттiк халықаралық қатынастар және әлем тiлдерi университеті" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2001 жылғы 23 тамыздағы N 1099  қаулысымен  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 30, 390-құжат) бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне енгізiлетін өзгерiстер мен толықтырулардың 4-тармағы.

      37. "Жекелеген жоғары оқу орындарын қайта атау және акционерлiк қоғамдар етіп қайта құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 11 қазандағы N 1313  қаулысымен  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 35, 459-құжат) бекiтілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзілетін өзгерiстер мен толықтырулардың 2-тармағы.

      38. "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінің "Қазақ мемлекеттік заң академиясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2001 жылғы 24 қазандағы N 1358  қаулысымен  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 36-37, 474-құжат) бекiтілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр шешiмдерiне енгiзілетін өзгерiстер мен толықтырулардың 4-тармағы.

      39. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөнiндегi агенттігінiң "Республикалық кәсiби аурулар клиникасы", "Кәсiби патология клиникасы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорындарын және "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Физиология және еңбек гигиенасы институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2001 жылғы 29 қазандағы N 1370  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 36-37, 479-құжат) 5-тармағының 2) тармақшасы.

      40. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбiр білім беру ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 11 желтоқсандағы N 1619  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 47, 551-құжат) 4-тармағының 2) тармақшасы.

      41. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлiгiнiң жекелеген білім беру ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2002 жылғы 17 мамырдағы N 533  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 14, 146-құжат) 4-тармағының 2) тармақшасы.

      42. "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "12 жылдық білім беру проблемалары республикалық ғылыми-практикалық орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 27 шiлдедегі N 839  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 25, 263-құжат) 5-тармағының 2) тармақшасы.

      43. "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2002 жылғы 12 қыркүйектегі N 995  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 30, 329-құжат).

      44. "Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 29 қазандағы N 1148  қаулысымен  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 37, 386-құжат) бекiтілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгізілетін өзгерiстер мен толықтырулардың 3-тармағы.

      45. "Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі" Батыс Қазақстан мемлекеттік университетi" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 5 қарашадағы N 1172  қаулысы  4-тармағының 2) тармақшасы.

      46. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1754 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2003 жылғы 21 ақпандағы N 186  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 9, 94-құжат).

      47. "Степногор қаласында биотехнологиялық өндiрiстi дамыту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2003 жылғы 20 наурыздағы N 277  қаулысымен  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 12, 135-құжат) бекiтілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгізілетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 4-тармағы.

      48. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесiн қайта ұйымдастыру туралы" 2003 жылғы 31 наурыздағы N 1051 Жарлығын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 27 маусымдағы N 623  қаулысымен  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 27, 259-құжат) бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 4-тармағы.

      49. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлiгiнiң кейбiр республикалық мемлекеттік мекемелерiн қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 1 тамыздағы N 774  қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 31, 312-құжат) 3-тармағы.

      50. "Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетi" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсіпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 26 қыркүйектегі N 979  қаулысымен  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 39, 398-құжат) бекiтілген Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбiр шешiмдерiне енгізiлетін өзгерiстер мен толықтырулардың 4-тармағы.

      51. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу және күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 27 қарашадағы N 1191  қаулысымен  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 45, 491-құжат) бекiтілген Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбiр шешімдеріне енгiзілетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 1-тармағы.

      52. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 және 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1754 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 29 қарашадағы N 1214  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 45, 498-құжат) 1-тармағының 2) тармақшасы.

      53. "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Балдәурен" республикалық балаларды сауықтыру лагерi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнын қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 30 қаңтардағы N 112  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 4, 62-құжат) 3-тармағының 2) тармақшасы.

      54. "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң жекелеген республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындарын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2004 жылғы 3 ақпандағы N 128  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 5, 72-құжат) 5-тармағының 2) тармақшасы.

      55. "Даму проблемалары бар балалар мен жасөспiрiмдердi әлеуметтік бейімдеу мен кәсiби еңбекпен оңалтудың республикалық ғылыми-практикалық орталығы" мемлекеттік мекемесiн қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2004 жылғы 25 ақпандағы N 222  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 10, 120-құжат) 3-тармағының 1) тармақшасы.

      56. "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгінің кейбiр республикалық мемлекеттiк кәсіпорындарының мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2004 жылғы 5 наурыздағы N 280  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 12, 153-құжат) 6-тармағының 2) тармақшасы.

      57. "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнің "Республикалық оқушылар сарайы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнын қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 сәуiрдегі N 481  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 19, 247-құжат) 3-тармағының 2) тармақшасы.

      58. "Инфекцияға қарсы жаңа препараттарды жасаудың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 24 маусымдағы N 703  қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 26, 334-құжат) 8-тармағының 3) тармақшасы.

      59. "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгінің "С.Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетi" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсіпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2004 жылғы 3 тамыздағы N 829  қаулысымен  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 29, 386-құжат) бекiтілген Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбiр шешiмдерiне енгізілетiн толықтырулар мен өзгерiстердiң 4-тармағы.

      60. "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi "Салааралық ақпарат ғылыми-техникалық орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнының кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 31 тамыздағы N 921  қаулысымен  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 32, 436-құжат) бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр шешiмдерiне енгізілетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 4-тармағы.

      61. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң "Бөбек" республикалық оқу-сауықтыру орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 30 қыркүйектегi N 1005  қаулысы  3-тармағының 3) тармақшасы.

      62. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң "А. Жұбанов атындағы республикалық қазақ орта музыка мектеп-интернаты" мемлекеттік мекемесiн қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 7 қазандағы N 1041  қаулысы  3-тармағының 1) тармақшасы.