"Тағам институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 10 шілде N 1043

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. "Экспорттық бақылауға жататын өнімдер транзитінің жекелеген мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 тамыздағы N 1143  қаулысына  мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін: 
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағы арқылы экспорттық бақылауға жататын өнімдер транзитіне Қазақстан Республикасы Үкіметінің рұқсатын беру ережесінде:
      10-тармақта:
      төртінші абзацтағы "есірткі заттар және психотроптық құралдар" деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы абзацтармен толықтырылсын:
      "есірткі заттар, психотроптық құралдар - Қазақстан Республикасының Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі агенттігіне;
      прекурсорлар - Қазақстан Республикасының Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі агенттігі мен Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігіне;".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.     

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі