Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң кейбiр республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарының мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үікметінің 2004 жылғы 5 наурыздағы N 280 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      Қазақстан Республикасы Президентінің "Ливан Республикасында Қазақстан Республикасының Дипломатиялық миссиясын ашу туралы" Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы

Ливан Республикасында Қазақстан Республикасының Дипломатиялық
миссиясын ашу туралы

      Қазақстан Республикасының халықаралық және ұлттық мүдделерін ескере отырып, әр түрлі салалардағы Қазақстан-Ливан ынтымақтастығын нығайту және дамыту мақсатында қаулы етемін:
      1. Бейрут қаласында (Ливан Республикасы) Қазақстан Республикасының Дипломатиялық миссиясы ашылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті