"Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетi" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қыркүйектегі N 979 қаулысы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.10.20 № 1192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Ескерту. Тақырыпқа және мәтінге өзгертулер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.11.29. N 1172 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының " Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы " 2002 жылғы 17 қаңтардағы және " Ішкі су көлігі туралы " 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.11.29. N 1172 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) Нысанды киiм берiлетiн теңiз және iшкi су көлiгiндегi мемлекеттiк бақылау қызметкерлерi лауазымдарының (кәсiптерiнің) тiзбесi;
      2) Теңiз және iшкi су көлiгiндегi мемлекеттiк бақылау қызметкерлерiнiң нысанды киiмiнiң, айырым белгілерінің сипаттамасы мен үлгiлерi;
      3) Теңiз және iшкi су көлiгiндегi мемлекеттiк бақылау қызметкерлерiнiң нысанды киiм киіп жүру ережесi;
      4) Теңіз және iшкi су және iшкi су көлiгiндегi мемлекеттiк бақылау қызметкерлерiн нысанды киiммен қамтамасыз ету нормалары бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулыны iске асыру Ақтау теңiз сауда порты Теңiз әкiмшілігінiң мемлекеттiк бақылау қызметкерлерiн 2011 жылдың аяғына дейiн нысанды киiммен қамтамасыз етуге арналған шығыстарды қоспағанда, тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте 001 "Көлiк және коммуникациялар саласындағы уәкілеттi органның қызметiн қамтамасыз ету" республикалық бюджеттiк бағдарламасы бойынша көзделген қаражаттың есебiнен жүргiзiледi деп белгiленсiн.

      3. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнің       
2003 жылғы 1 қазандағы 
N 1013 қаулысымен   
бекiтiлген       

Теңiз және iшкi су көлiгiндегi мемлекеттiк бақылау қызметкерлерiнің нысанды киiм берiлетiн лауазымдар (мамандықтар) тiзбесi

      Ескерту. Тізбеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.11.29 N 1172 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі); 2009.06.16 N 913 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Қаулыларымен.

___________________________________________________________________
N  Қазақстан Республикасы Көлік      Лауазымы (мамандығы)
   және коммуникация министрлігі
   Көліктік бақылау комитетінің
   аумақтық органдары
___________________________________________________________________
1              2                              3
___________________________________________________________________
1  Қазақстан Республикасы        Су көлігінде бақылау
    Көлік және коммуникациялар    басқармасының бастығы
    министрiнің Көліктік
    бақылау комитетi
                                  Су көлiгінде бақылау басқармасы
                                  бастығының орынбасары

                                  Су көлiгінде бақылау басқармасы
                                  кеме қатынасы және теңiзде жүзу
                                  қауiпсiздігі бөлімінің бастығы

                                  Су көлiгінде бақылау басқармасы
                                  кеме қатынасы тiркелiмi бөлiмiнің
                                  бастығы

                                  Су көлiгiнде бақылау басқармасы
                                  кеме қатынасы және теңiзде жүзу
                                  қауіпсiздігі бөлімінің бас маманы

                                  Су көлiгiнде бақылау басқармасы
                                  кеме қатынасы тiркелiмi бөлімiнiң
                                  бас маманы

                                  Су көлігінде бақылау басқармасы
                                  кеме қатынасы және теңiзде жүзу
                                  қауiпсiздiгi бөлiмiнің жетекшi
                                  маманы

                                  Су көлiгiнде бақылау басқармасы
                                  кеме қатынасы тiркелiмi бөлiмінің
                                  жетекші маманы

2  Қазақстан Республикасының     Су көлiгінде бақылау бөлiмiнiң
    Көлік және коммуникациялар    бастығы
    министрлігі Көлiктiк
    бақылау комитетiнің           Су көлiгiнде бақылау бөлiмiнің 
    Батыс Қазақстан, Шығыс        бас маманы
    Қазақстан, Солтүстік Қазақ-
    стан, Оңтүстік Қазақстан,     Су көлiгiнде бақылау бөлiмiнiң
    Маңғыстау, Қарағанды, Алматы, жетекшi маманы
    Павлодар, Ақмола, Ақтөбе,
    Атырау, Жамбыл, Қызылорда,
    Қостанай облыстары мен Астана
    және Алматы қалалары бойынша
    аймақтық басқармасы                                 

3 Порттың теңiз әкімшілiгi       Теңiз портының капитаны

                                  Теңiз порты капитанының
                                  орынбасары

                                  Бөлiм бастығы

                                  Лоцмандық қызмет бастығы

                                  Кеме қозғалысын басқару
                                  қызметінің бастығы

                                  Дипломдық паспорттық бюроның
                                  бастығы

                                  Бас маман

                                  Жетекшi маман
___________________________________________________________________

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң       
2003 жылғы 1 қазандағы 
N 1013 қаулысымен   
бекітілген       

Теңiз және ішкі су көлігіндегi мемлекеттiк бақылау қызметкерлерiнің нысанды киiмiнiң, айырым белгілерiнiң
сипаттамасы мен үлгiлерi

      Ескерту. Үлгіге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.11.29. N  1172 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1. Ерлердiң нысанды киiмi

      1. Басқарушы құрам мен қызметкерлерге арналған күнделiктi кocтюм кительден, шалбардан, ақ немесе көкшiл жейдеден, галстуктен, бас киiмнен тұрады (1-қосымша).
      Китель.
      Жартылай жүн матадан жазғы және қысқы нұсқасы - жартылай қапсырылған силуэттi, қос өңiрлi, астарлы, үш нысанды түймеге және үш сәндi түймеге түймеленген қара түстi. Жағасы мен лацканы қайырылған сол жақ лацканында көзi iлмегiмен, жеңi үш нысанды түймесi бар шлицамен қондырылған. Арқа тұсының ортаңғы тiгiсi төменгi жағында шлицамен бiтеді, таяқшалары бүйiрiнің жырығымен және белi бойынша алдыңғы қырнаумен, бүйiрiнде клапанды тiлiк қалталары. Жеңiнде белгiленген айырым белгiлерi.
      Шалбар.
      Жартылай жүн матадан жазғы және қысқы нұсқасы - қара түстi. Астарлы тiк, түймелi iлгекпен, екi бүйiрлі қалтамен, белi бiр түймеге түймеленетiн жетi белдiк ұстағышпен бекiтiлген. Шалбардың оң жақ жартысында бiр түймеге және тiлiк iлгекке iлiнетiн рамкалы артқы тiлік қалта.
      Жейде.
      Ұзын жеңдi (қысқы нұсқа), қысқа жеңдi (жазғы нұсқа) ақ немесе көкшiл түстi ауыспалы матадан, тiк нұсқадағы жетi нысанды түйме iлмегiмен. Жаға тiлiк тұрғыза басылған, белi буылған, бүйiрлерi кең резинкаға жинақталған, екi түймеге түймеленетiн манжеттi ұзын жең. Арқасы мен бүйiр бөліктері екi жақты пiшiндi иiніш. Бүйiр бөлiктерi кеудеге тағатын жапсырма қалталармен және оларда iлмектi екi түймемен пiшiндi клапандар. Жағаға, қалтаға, клапандарға, манжеттерге 0,5 см қашықтықта әрленген тiгiм қойылған, иық тiгiстерiне белгiленген айырым белгiлерiмен қондыру погондары бекітiлген.
      Галстук.
      Галстукке арналған немесе жартылай жүндi қара түстi матадан (барлық құрам үшін).
      Фуражка.
      Yш шеттіктi қара жүндi материалдан: бiреуi түбiн төрттiктермен бiрiктiретiн тiгiске қондырылған, екiншісi төрттiктердi төңiрегiмен бiріктіретін тiгiске қондырылған, үшіншісi негiзгi материалдан жасалған қондыру (жалған) шеттігі фуражканың қалқанына киiлген репстi жiбек лентаны ұстау үшін қалқанның астынан өтедi. Фуражканың алдыңғы жағы көтерiңкi. Қалқаншаның ортасының үстiне қалқанға белгіленген нысанды кокард бекiтiледi.
      Қызметкерлерде фуражканың қалқаншасы - қалқанға екi кішкене нысанды түймемен бекiтiлген жалтылдаған қара таңдамалы белдігі бар жалтылдаған қара. Басшы құрам былғары қалқаншалы фуражка киедi. Жалтылдаған қара таңдамалы белдiктің орнына фуражка қалқанына екi кiшкене нысанды түймелерiмен трунцалдан алтын түстi бау бекiтiлген.
      Құлақшын.
      Төбесi қара былғарыдан жасалған қара елтiріден. Құлақшынның ортасына белгіленген нысанда кокарда орналастырылады.
      2. Басшы құрам мен қызметкерлер үшін күнделiктi күртеше (2-қосымша).
      Қара түстi су жұқпайтын матадан, астарлы, лацканның бүгiлуiне дейiн "сыдырма" түймеленген. Жағасы мен лацканы қайырылған, белi алдынан бiр нысанды түймеге түймеленген. Алдынан және арт жағынан бұйымның ұзындығынан 1/3 биiктiгiмен иiніш орналастырылған, иiніштің төменгi жағы шеттен 3 см тiгiспен айқындалған қыры түсiрiлген жиекпен әдiптелген. Бұйымның бүйiр бөлiктерiнде иініш деңгейiнен төмен және бел сызығынан жоғары диагоналымен "сыдырма" түймеленген тiлiк қалталар орналастырылған. Жеңi манжетпен, шынтақ тігісiнде тiлiкпен, бiр нысанды түймеге түймелеумен қондырылған. Иық тiгiсiнде белдiк ұстағыштар орналасқан, оларға бiр нысанды түймеге түймеленетiн қондырма погондар кигізiледi. Жағасы, лацканы, өңірi, қалтасы, иiнішi, белi, манжеттерi бойынша шетiнен 0,6 см қашықтықта әрленген тігіс жүргiзiледі, белi мен манжеттерi бойынша шетiнен 0,2 см.
      3. Басшы құрам мен қызметкерлерге алмалы-салмалы жылытқышымен плащ-пальто (3-қосымша).
      Қара түстi ауыспалы плащтық матадан, тік силуэттен, тоғалы алмалы белдiкпен, қос өңiрлi, төрт нысанды түймелер түймеленген. Жағасы қиық тiк, қайырылған лацканмен бiр түймеге түймеленедi. Лацканда көздiк тiлiк iлмектер. Арқасында және бүйiр бөлiктерiнде жапсырма иiнiштер иықтық тiгiстің жиегi бойынша бiр нысанды түймеге түймеленетiн қондырмалы погондар. Сол жақ бүйiр бөлiгiнде жапырақшасы бар жеке иініш, жеңi екi тiгiстi, бiр нысанды түймеге түймеленетiн белдiк ұстағыштар арқылы өткiзілген паттар. Бүйiр бөлiктерінде бел сызығынан төмен жапырақшалы қиық қалталар орналасқан. Барлық рельефтiк сызықтар мен детальдарда шетiнен 0,2 және 0,7 см қашықтықта екi әрленген тiгiс жүргiзiлген.
      4. Басшы құрам үшiн қыстық пальто (4-қосымша).
      Қара түстi, жүн драптан, жартылай қапсырылған силуэттен, жағасы теріден және лацканы қара түстi елтiріден. Қос өңiрлi, төрт нысанды және екi әшекейлi түймеге түймеленедi. Бүйiр бөлiктерiнде қиық бүйiрлi және белi бойынша алдыңғы бүкпелi. Бел сызығынан төмен клапаны бар тiлiк қалталар орналасқан. Иық тiгiсінің жиегiне бiр нысанды түймемен түймеленетiн қондырмалы погондар бекiтiлген. Жеңi екi тiгiстi қондырмалы, белгiленген айырма белгiлерi бекiтiлген. Арқасы рельефпен және шлицасы бар орта тiгiспен, рельефтерге бел сызығы деңгейiмен белдiк қондырылған, ол арқа ортасында бiр нысанды түймеге түймеленедi.
      5. Қызметкерлер үшiн дауылда киетiн күртеше (5-қосымша).
      Су жұқпайтын қара түстi, плащтық матадан, астарсыз, тiк силуэттi, бiр өңiрлi, ағытылатын күләпарасы бар, пластронмен жабылатын "сыдырма" түймеленген, төрт нысанды түймеге түймеленедi. Арқасы мен бүйiр бөлiктерiнде нысанды жапсырма иiнiштер. Иық тігісінің жиегiне бiр нысанды түймеге түймеленетiн қондырма погондар бекiтiлген. Сол және оң бүйiр бөлiктерiнде "кенгуру" пішінді жапсырма қалталар, оларда қосымша жапсырма қалталар. Бел сызығында белдiк-ықтырма, ықтырмадан төменiрек көлденең қиық, шетiнен 3 см-ге тiгiспен көрсетiлген. Бүрме астында қолды жанынан салатын жапсырма қалта. Жеңi шынтақ асты мықты қондырмалы екi тiгiстi, манжеттi бiр нысанды түймеге түймеленедi. Барлық рельефтiк сызықтар мен детальдарға шетiнен 0,2 - 0,7 см әдiптелген тiгім жүргiзiлген.

2. Әйелдердiң нысанды киiмi

      6. Басшы құрам мен қызметкерлерге арналған күнделiктi костюм кительден, юбкадан, шалбардан, әйел жейдесiнен, галстуктен, бас киiмнен тұрады (6-қосымша).
      Китель.
      Қара түстi жартылай жүндi матадан. Астарлы, жартылай қапсырылған силуэт, бiр өңiрлi, лацканның бүгiлуiне дейiн үш нысанды түймеге түймеленген, жағасы мен лацканы қайырылған, жеңi қондырмалы екi тiгiстi, шынтақ тiгiсiнде шлицасы және үш нысанды түймелерi бар. Арқасының ортаңғы тiгiсi шлицамен аяқталады, бүйір бөлiктерiнде жырығы және белi бойынша алдыңғы тiк бүкпесi бар, клапанды тiлiк қалталары. Жеңi қондырмалы екi тігістi шлицаларында үш түймесi бар. Жеңiнiң төменгi жағына айырым белгiлерi белгіленген. Иық тiгiсiнің қалқаны бойынша, белгiленген айырым белгiлерi бар, бір түймеге түймеленетiн погондар қондырылған.
      Юбка.
      Жартылай жүн матадан, жазғы және қысқы нұсқасы - қара түстi. Тiк силуэт, астарлы, белi бір түймеге түймеленетін екi белдiк ұстағыштармен. Юбканың артқы бөлiгiнде шлицамен бiтетiн тiгiс бар. Сол бүйiрiнде "сыдырма" түймелеу.
      Шалбар.
      Жартылай жүн матадан, жазғы және қысқы нұсқасы - қара түсті. Астарлы тік, түймелі ілгекпен, екі бүйірлі қалтамен, белі бip түймеге түймеленетін жеті белдік ұстағышпен бекітілген. Шалбардың оң жақ жартысында бip түймеге және тілік ілмекке ілінетін рамкалы артқы тілік қалта.
      Әйел жейдесi.
      Ауыспалы матадан, ұзын және қысқа жеңдi - ақ, көкшiл немесе ақшыл қоңыр түстi. Тік силуэттi, манжеттермен түймеленетiн қондырмалы екі тiгiстi жеңмен. Ұзын жеңдер бiр нысанды түймеге түймеленеді. Жеңнiң жиегiнде қондырмалы погондар. Жағасы қайырылған, ұшы үшкірлеу келген, түймелеу шетiнен ені 3 см келiстiрiлген, жетi нысанды түймеге түймеленетiн планкамен ресiмделген. Планканың жанынан ені 2,5 см әр жағынан бiреуден бүрме жасалған. Алдыңғы жағында иiніш орналасқан, оған пiшiндi клапандар қондырылған, ол жапсырма қалтаны жабатын бiр түймеге түймеленедi. Арқасында иiнiш орналасқан, оның ортасынан төмен қырлы планка тiгiлген. Бір түймеге түймеленетiн, белдiк ұстағыштарға жанасатын, иықтық тiгiстiң жиегi бойынша қондырмалы погондар бекiтiлген. Барлық рельеф пен детальдар бойынша әрленген тiгiм жасалған.
      Галстук (басшы құрам мен қызметкер әйелдер үшiн).
      Галстукке арналған немесе жартылай жүндi қара түстi матадан.
      Берет (басшы құрам мен қызметкер әйелдер үшiн).
      Жазғы берет қара түстi мақта-мата материясынан. Қысқы берет қара түстi жүндi матадан.
      Берет ені 1-1,5 см қалқанмен бiрiгетiн, диаметрi 24-26 см, енi 7 см сай құрайтын түбi бүйiрлерi тiгiлген екі жартыдан құралатын, шеттiксiз. Береттiң iшкi жағында астар, ал қалқан жағынан дермантиннен - тiгілген маңдайша. Береттің сыртында түбiнiң ортасында ұзындығы 1,5 см бау бекiтiлген.
      Қызметкерлердің беретiнде екi кішкене нысанды түймелермен қалқанға бекiтiлген таңдамалы белдiк. Көлденеңiнен белдiктi қалқан пен маңдайшаның iшкi жағының арасынан тiгiлген қара түстi екi металл iлмек ұстап тұрады.
      Басшы құрам әйелдерінің беретiнде белдiктiң орнына алтын түстi трунцалдан бау тiгiлген.
      Береттiң ортасына белгiленген нысандағы кокарда бекiтiледi.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.11.29. N 1172 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      7. Плащ (басшы құрам мен қызметкерлер үшiн) (7-қосымша).
      Қара түстi су жұқпайтын матадан. Астарлы, алмалы-салмалы қапсырмалы белдiкпен тік силуэт. Қос өңiрлi бес нысанды түймеде бiтеу түймелеумен. Жағасы тiгiнен қайырылған. Арқасы ортаңғы тiгiспен, терең шлицамен аяқталатын қырлы иiнiшпен. Иық тiгiсiнің бүйiр бөлiктерiнде рельефтер. Рельефтерден солға және оңға қарай қырлы иiнiш, бел сызығынан төмен жапырақшасы бар тілiк қалталар. Жеңi қондырмалы, бiр тiгiстi, бiр нысанды түймеге түймеленетiн белдiк ұстағыш арқылы жiберiлген патпен. Жеңiнiң қалқан тiгiсiне бiр нысанды түймеге түймеленетiн белдiк ұстағыш арқылы жiберiлген негiзгi матадан тiгiлген қондырмалы погондар бекiтiлген. Барлық рельефтi сызықтар мен детальдар бойынша, бұйымның төменгi жағына шетiнен енi 0,5 см әдіптелген тiгiм жүргiзiлген.
      8. Басшы құрамға арналған қысқы пальто (8-қосымша).
      Қара түстi драптан, терiден, қара түстi елтiрiмен әдіптелген жаға. Бiр өңiрлi, жасырын түймелеумен. Арқасында иық тiгiсiнен рельефтер, ортаңғы тiгiс терең шлицамен аяқталады. Рельефтің иық тiгiсiнен бүйiр бөліктерiнде, бел сызығы бойына рельефтерге арқаға ауысатын, бiр нысанды түймеге түймеленетiн белдiкше қондырылған. Бел сызығынан төмен клапанды жапсырма қалталар. Жеңдерi бiр нысанды түймеге түймеленген қондырмалы бiр тiгiстi патпен. Иық тiгiсiнің қалқаны бойынша, бiр нысанды түймеге түймеленетiн негiзгi матадан погондар қондырылған. Барлық рельефтi сызықтар мен детальдар бойынша шетiнен енi 0,3-0,7 см әдіптелген тiгiм жүргiзiлген.
      9. Басшы құрам мен қызметкер әйелдер үшiн қысқы күртеше (9-қосымша).
      Қара түстi плащтық матадан, терi жағалы және лацканы қара түстi елтiріден. Қос өңiрлi, төрт нысанды түймеге түймеленедi. Арқасында ортаңғы тiгiспен қиық екi қабатты иiнiш. Иінiштегi бүйiр бөлiктерi әдiптелген, шетiнен 3 см тiгiммен бекiтiлген. Бел сызығы бойынша, арқаға қарай ауысатын және ортаңғы тiгiс деңгейінде бiр нысанды түймеге түймеленетiн белдік қондырылған. Бел сызығынан төмен клапанды тiлік қалталар, жеңi қондырмалы, жеңiнің төменгi жағында бiр нысанды түймеге түймеленетiн екi тiгiстi жайғаң белдiкше. Иық тiгiс жиегiнде, бiр нысанды түймеге түймеленетiн белгiленген айырым белгiлерiмен негiзгi матадан тiгiлген погондар қондырылған. Барлық рельефтiк сызықтар мен детальдар бойынша шетінен 0,3-0,7 см әдiптелген тiгiм жүргiзiлген.

3. Айырым белгілерi

      10. Басшы құрам және қызметкерлер үшiн айырым белгiлерi алтын түстес оқадан жасалған жеңдік және иықтық айырым белгiлерi (жапсырмалар) болып табылады (10-қосымша).
      11. Костюм материалымен түстес аспапты шұғадан жасалған қалыптарға жеке тігілген жеңдік жапсырмалар нысанды киімде жеңнің сыртқы жағына, төменгi жиегiне қатарлас орналасады. Жеңнiң төменгi жиегiнен төменгi оқаға дейiнгi қашықтық 80 мм құрайды.
      Жеңдiк жапсырмалар - алтын түстес оқалар (кең, орташа, жіңішке). Оқа мөлшерi: кеңiнің ені - 30 мм, орташасы - 13 мм, жiңішкесi - 6 мм, ұзындығы - 150 мм, оқалар аралағындағы саңлау - 3 мм.
      Жіңішке оқалар ортаңғының үстiне ортаңғылары кеңiнiң үстiне орналасады.
      Жоғарғы оқаның ортаңғы бөлiгiнде жоғарғы жиек үстiнен, сыртқы қабырғалары 16 мм және оқа ені 6 мм ромб тiгiлген.
      12. Иықтық жапсырмалар нысанды киiмнiң иықтық тігісiнде орналасады және қара аспаптық шұғадан жасалған, қара шеттігi бар бөзбен қосарланған (периметрi бойынша жалпы енi 45 мм және ұзындығы 120 мм).
      Төменгi қалып шетiнен 10 мм қашықтықта тиiстi лауазымдарға белгіленген аралығы 3 мм саңыраумен алтын түстес оқадан жапсырмалар тiгiлген. Оқаның ені: кеңi - 30 мм, ортаңғысы - 13 мм, жіңішкесi - 6 мм.
      Жоғарғы оқаның ортаңғы бөлігінде жоғарғы жиек үстiнен қабырғалары - 16 мм және оқа ені - 4 мм ромб тiгiлген. Ромбтың көлденең диагоналы 14 мм тең.
      13. Теңiз және ішкі су көлiгіндегі мемлекеттiк бақылау қызметкерлерінің лауазымдары (кәсiптерi) үшін мынадай айырым белгiлерi анықталған:
      1) басшы құрам:
      Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Көліктік бақылау комитетi Су көлігiндегi бақылау басқармасының бастығы - 2 кең оқа;
      Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Көліктік бақылау комитетiнің Су көлiгiндегi бақылау басқармасы бастығының орынбасары - 1 кең және 2 орташа оқа;
      теңiз портының капитаны - 1 кең және 2 орташа оқа;
      Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнің Су көлiгiндегi бақылау басқармасы кеме қатынасы тiркелiмi бөлiмiнің бастығы - 1 кең және 1 орташа оқа;
      Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Көлiктік бақылау комитетінiң Су көлiгiндегi бақылау басқармасы кеме қатынасы және теңiзде жүзу қауіпсiздігі бөлiмiнің бастығы - 1 кең және 1 орташа оқа;
      теңiз порты капитанының орынбасары - 1 кең және 1 орташа оқа;
      2) қызметкерлер:
      Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетінің Су көлігіндегi бақылау басқармасы Кеме қатынасы тiркелiмi бөлiмiнiң бас маманы - 1 кең оқа;
      Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң Су көлігіндегi бақылау басқармасы Кеме қатынасы және теңiзде жүзу қауiпсiздiгi бөлiмiнің бас маманы - 1 кең оқа;
      Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көлiктік бақылау комитетi аумақтық органы су көлiгiндегi бақылау бөлімінің бастығы - 1 кең оқа;
      порт теңiз әкiмшiлiгi бөлiмінің бастығы - 1 кең оқа;
      порт теңiз әкiмшiлiгi лоцман қызметiнiң бастығы - 1 кең оқа;
      порт теңiз әкiмшiлiгi кемелер қозғалысын басқару қызметiнің бастығы - 1 кең оқа;
      порт теңіз әкімшілігі дипломдық-паспорттық қызметінің бастығы - 1 кең оқа;
      Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Көліктік бақылау комитетiнiң Су көлiгіндегi бақылау басқармасы кеме қатынасы және теңiзде жүзу қауiпсiздiгi бөлiмiнің жетекшi маманы - 3 орташа оқа;
      Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлiгi Көліктік бақылау комитетiнiң Су көлiгіндегi бақылау басқармасы Кеме қатынасы тiркелiмi бөлiмiнiң жетекшi маманы - 3 орташа оқа;
      порт теңiз әкімшiлiгiнiң бас маманы - 2 орташа оқа;
      Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Көліктік бақылау комитетiнiң аумақтық органы су көлiгiндегi бақылау бөлiмiнiң бас маманы - 2 орташа оқа;
      порт теңiз әкiмшiлiгiнiң жетекшi маманы - 1 орташа оқа;
      Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетінің аумақтық органы су көлiгiндегi бақылау бөлiмiнің жетекшi маманы - 1 орташа оқа.
      Ескерту. 13-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.11.29 N 1172 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі); 2009.06.16 N 913 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Қаулыларымен.

4. Кеудеге тағылатын белгі (жетон)

      14. Теңiз порттарында бақылауды жүзеге асыратын басшы құрам мен қызметкерлер үшiн нысанды киiммен бiрге тағылатын кеудеге тағатын жетон (11-қосымша) көзделген.
      Кеудеге тағатын жетон ашық көк түстi фонды, диаметрi 80 мм шеңбер нысанында, жиегi бойынша енi 5 мм көк көмкерме бар, металл қоспасынан дайындалады.
      Белгінің жоғарғы бөлiгiнде 30 мм диаметрмен Қазақстан Республикасының елтаңбасы орналасқан. Елтаңбадан төмен төменгi жиегiмен 2 мм қашықтықта алтын түстi жазу орналасқан
      ПОРТТЫҢ                    биiктiгi 3 мм
      ТЕҢIЗ ӘКIМШIЛIГI           биiктiгi 5 мм
      Белгiнің төменгi жағында 10 x 25 мм ақ тiктөртбұрыш орналасқан, iшінде "Т" жазуымен осы белгінің келесi үш таңбалы реттiк нөмiрi орналасқан

                        T 001

      Осы тiктөртбұрыштың екi жағынан жоғарыға қарай, белгi жиегінің бойымен, көк түсті жапырағы бар бұтақтар тарайды. Бұтақтардың жоғарғы бөліктерi ПОРТТЫҢ TEҢІЗ ӘКIМШIЛIГI жазуының төменгi шекарасына дейін келеді.
      Жоғарғы жазу мен төменгi тіктөртбұрыштың арасында су көлiгiн көрсететiн түрлi-түстi стильденген бейне симметриялы орналасқан. Бейне сары, көк, ақ және қара түстердi пайдаланып орындалған.

5. Кокарда, нысанды түймелер

      15. Кокарда фоны қара түстi сопақша келген, жиегi бойынша енi 5 мм көк көмкерме және онда алтын түстес зәкір бар. Сопақша емен жапырақтардан жасалған бұтақтармен жиектелген, онда алтындалған бүркiт бейнеленген. Кокарданың мөлшерi 5 см х 4 см (11-қосымша).
      16. Нысанды түймелер жиегiнде шеңберi бар дөңес нысанды дөңгелектi бiлдiредi, ортасында зәкiрдiң бейнесi орналасқан. Түймелердің диаметрi: үлкендерi - 22 мм және кiшкентайлары - 14 мм (11-қосымша).

Теңіз және ішкі су көлігіндегі    
мемлекеттік бақылау қызметкерлерінің 
нысанды киімдерінің, айырым     
  белгілерінің сипаттамасы мен үлгілеріне
1-қосымша              

      Ескерту. Қосымшаларға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.11.29. N 1172 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Басшы құрам мен қызметкерлерге арналған күнделікті костюм

      Суретін қағаз мәтінінен қараңыз

      Басшы құрам мен қызметкерлерге арналған күнделікті костюмге китель

      Суретін қағаз мәтінінен қараңыз

      Күнделікті костюмге арналған шалбар, жейде, галстук, фуражка және құлақшын

      Суретін қағаз мәтінінен қараңыз

Теңіз және ішкі су көлігіндегі    
мемлекеттік бақылау қызметкерлерінің 
нысанды киімдерінің, айырым     
  белгілерінің сипаттамасы мен үлгілеріне
2-қосымша              

      Басшы құрам мен қызметкерлерге арналған күнделікті күртеше

      Суретті қағаз мәтінінен қараңыз

Теңіз және ішкі су көлігіндегі    
мемлекеттік бақылау қызметкерлерінің 
нысанды киімдерінің, айырым     
  белгілерінің сипаттамасы мен үлгілеріне
3-қосымша              

      Басшы құрам мен қызметкерлерге арналған алмалы-салмалы жылытқышымен плащ-пальто

      Суретті қағаз мәтінінен қараңыз

Теңіз және ішкі су көлігіндегі    
мемлекеттік бақылау қызметкерлерінің 
нысанды киімдерінің, айырым     
  белгілерінің сипаттамасы мен үлгілеріне
4-қосымша              

      Басшы құрамға арналған қысқы пальто

      Суретті қағаз мәтінінен қараңыз

Теңіз және ішкі су көлігіндегі    
мемлекеттік бақылау қызметкерлерінің 
нысанды киімдерінің, айырым     
  белгілерінің сипаттамасы мен үлгілеріне
5-қосымша              

      Қызметкерлерге арналған дауылда киетін күртеше

      Суретті қағаз мәтінінен қараңыз

Теңіз және ішкі су көлігіндегі    
мемлекеттік бақылау қызметкерлерінің 
нысанды киімдерінің, айырым     
  белгілерінің сипаттамасы мен үлгілеріне
6-қосымша              

      Ескерту. 6-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.11.29. N 1172 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Басшы құрам мен қызметкерлерге арналған әйелдердің күнделікті костюмі

      Китель

      Суретті қағаз мәтінінен қараңыз

      Юбка, шалбар, әйел жейдесі, галстук және берет

      Суретті қағаз мәтінінен қараңыз

      РҚАО-ның ескертуі: 6-қосымшаға үлгіні қағаз мәтіннен қараңыз.

Теңіз және ішкі су көлігіндегі    
мемлекеттік бақылау қызметкерлерінің 
нысанды киімдерінің, айырым     
  белгілерінің сипаттамасы мен үлгілеріне
7-қосымша              

      Басшы құрам мен қызметкерлерге арналған әйелдердің плащы

      Суретті қағаз мәтінінен қараңыз

Теңіз және ішкі су көлігіндегі    
мемлекеттік бақылау қызметкерлерінің 
нысанды киімдерінің, айырым     
  белгілерінің сипаттамасы мен үлгілеріне
8-қосымша              

      Басшы құрамға арналған әйелдердің қысқы пальтосы

      Суретті қағаз мәтіннен қараңыз

Теңіз және ішкі су көлігіндегі    
мемлекеттік бақылау қызметкерлерінің 
нысанды киімдерінің, айырым     
  белгілерінің сипаттамасы мен үлгілеріне
9-қосымша              

      Басшы құрам мен қызметкерлерге арналған әйелдердің қысқы күртешесі

      Суретті қағаз мәтіннен қараңыз

Теңіз және ішкі су көлігіндегі    
мемлекеттік бақылау қызметкерлерінің 
нысанды киімдерінің, айырым     
  белгілерінің сипаттамасы мен үлгілеріне
10-қосымша              

      Айырым белгілері

      Суретті қағаз мәтіннен қараңыз

Теңіз және ішкі су көлігіндегі    
мемлекеттік бақылау қызметкерлерінің 
нысанды киімдерінің, айырым     
  белгілерінің сипаттамасы мен үлгілеріне
11-қосымша              

      Кеудеге тағатын белгі, кокарда және нысанды түймелер

      Суретті қағаз мәтіннен қараңыз

Қазақстан Республикасы  
Yкiметiнiң        
2003 жылғы 1 қазандағы  
N 1013 қаулысымен    
бекiтiлген        

Теңiз және ішкі су көлігіндегі мемлекеттiк бақылау қызметкерлерiнiң нысанды киiм киiп жүру ережесi

      Ескерту. Тақырыпқа және мәтінге өзгертулер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.11.29. N 1172 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының " Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы " 2002 жылғы 17 қаңтардағы және " Ішкі су көлігі туралы " 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңдары негiзiнде әзiрлендi.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.11.29. N 1172 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Ереже теңiз және ішкі су көлiгіндегi мемлекеттiк бақылау қызметкерлерiнің нысанды киiм киiп жүру тәртiбiн айқындайды.

      3. Осы Ережеде мынадай негiзгi ұғымдар қолданылады:
      кеудеге тағатын белгi (жетон) - теңiз порттарында бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлерге жеке қол қойып берiлетiн сериялы және реттік нөмiрi бар белгiленген үлгідегi эмблема;
      теңіз және ішкі су көлігіндегі уәкілетті мемлекеттік бақылау органының аумақтық бөлімшелері - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары, порттың теңіз әкімшілігі;
      теңiз және ішкі су көлiгiндегi мемлекеттiк бақылаудың уәкiлеттi органы - Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Көлiктiк бақылау комитетi;
      нысанды киiм - белгiленген үлгi мен түстегi теңiз және ішкі су көлiгiндегi мемлекеттiк бақылау қызметкерлерiнiң қызметтiк бiрыңғай формасы.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.11.29 N 1172 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі); 2009.06.16 N 913 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Қаулыларымен.

2. Нысанды киiм киіп жүру

      4. Теңiз және ішкі су көлiгіндегi мемлекеттiк бақылау қызметкерлерiнiң лауазымдарының (кәсiптерінің) тiзбесiне сәйкес нысанды киiм берiлетiн теңiз және ішкі су көлiгiндегi мемлекеттiк бақылау қызметкерлерiнiң нысанды киiм киіп жүруге құқығы бap.

      5. Киiм нысанының барлық заттары белгiленген үлгiлер мен сипаттамаларға жауап беруi тиiс.

      6. Нысанды киiм күнделiктi киюге белгiленедi, ол ерлерге және әйелдерге арналған болып бөлiнедi. Жыл мезгiлiне байланысты осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысанды киім киiп жүрудiң түрлi жиынтығы белгiленген.
      Күнделiктi нысанды киiм қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде киіледі.

      7. Қысқыдан жазғы және жазғыдан қысқы нысанды киiм жиынтығына ауысу теңiз және ішкі су көлігіндегi мемлекеттiк бақылаудың уәкiлеттi орган басшысының бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

      8. Мыналарға:
      белгiленбеген үлгідегi нысанды киiм заттарын, айырым белгiлерiн тағуға;
      осы Ережеде көзделмеген кеудеге тағатын белгiлердi нысанды киiмге тағуға;
      жазғы және қысқы нысанды киімдердің заттарын, сондай-ақ нысанды киiмдi азаматтық киiммен ауыстыруға;
      нысанды киімдi, айырым белгiлерi мен кеудеге тағатын белгiлердi оларға беруге жатпайтын адамдарға беруге;
      жеңдiк және иықтық белгiлердi бiр уақытта тағуға тыйым салынады.

      9. Нысанды киiмнің барлық заттары тазаланған және үтiктелген болуға тиiс. Пальто, пиджак, сыртқы жейде қалталарының клапандары сыртқа шығарылуға тиiс.

      10. Аяқ киiм жақсы жағдайда болуға, үнемi тазаланып, бәтеңке мен қысқа бәтеңке ұқыпты байлануға тиiс. Аяқ киiм мен шұлықтың түсi нысанды киiм түсiне сәйкес келуге тиiс. Аяқ киiм мен шұлық сауда желілерінен сатып алынады.

      11. Берет қастан үш саусақ жоғары қашықтықта он жағына қарай түсіріле киіледі.

      12. Құлақшынның екi жағын түсіруге ауаның температурасы минус 10 С о және одан төмен болған кезде рұқсат етiледi.

      13. Жазғы уақытта ақ қабы бар нысанды фуражка кию керек.

      14. Қамтамасыз ету нормаларында көрсетiлген нысанды киiмдi киіп жүру мерзiмi нысанды киiмдi пайдалануға берген күнге қарамастан мерзiм сайын есептеледi (теңiз және ішкі су көлiгiндегi мемлекеттiк бақылаудың уәкілеттi органы басшысының қысқыдан жазғы жиынтыққа не керiсiнше көшу туралы бұйрығы есеп күнi болып саналады).

      15. Қызметкер жұмыстан босаған немесе нысанды киiм киіп жүру көзделмеген жұмысқа ауысқан кезде, қызметкер жұмыстан босаған кезiнде киіп жүру мерзiмi өтпеген нысанды киiмдi қоймаға тапсыруға немесе теңiз және ішкі су көлiгiндегi мемлекеттiк бақылаудың уәкiлеттi органы басшысының бұйрығы бойынша қалған бағасы бойынша айырмасын өтеуге міндеттi.

      16. Құрметтi атақ белгiлерi кеуденің оң жағына тағылады. Жоғарғы немесе орта оқу орнын бiтiргендiгi туралы белгiлер кеуденiң оң жағына тағылады.

      17. Кеудеге тағатын жетон күртешенің (кительдiң, жейденiң) алдыңғы сол жағында қалтаға орналасады.

      18. Теңiз және ішкі су көлiгiндегi мемлекеттiк бақылау қызметкерлерiне берiлетiн нысанды киiм мен кеудеге тағатын белгi теңiз және ішкі су көлiгiндегi мемлекеттiк бақылаудың уәкiлеттi органының меншiгi болып саналады және жұмыстан босатылған кезде қайтарылуға тиiс.

      19. Нысанды киiмнiң сақталуы мен оның сыртқы түрiне теңiз және ішкі су көлiгiндегi мемлекеттiк бақылау қызметкерлерi жауапты болады.

      20. Қызметкердiң кiнәсiнен қызметтiк бiрыңғай нысанды киiм жоғалған немесе бүлiнген жағдайда, қызметкер өз есебiнен нысанды киiмнiң жиынтығын немесе жекелеген заттарын сатып алады және оны алынған нысанды киiмді киiп жүру мерзiмi өткенге дейiн пайдаланады.
      Нысанды киiм қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде жоғалған немесе бүлiнген жағдайда, қызметкер оның орнына жаңа нысанды киiм алады, ал бүлiнгенi немесе жоғалғаны белгiленген тәртiппен есептен шығарылуға жатады.

      21. Қызметкердiң кiнәсiнен кеудеге тағатын белгi жоғалған немесе бүлiнген жағдайда, қызметкер оны өз есебiнен сатып алады, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарына өз қаражаты есебiнен кеудеге тағатын белгiнi жарамсыз деп тану туралы хабарландыру бередi.
      Кеудеге тағатын белгi қызметтік міндеттерiн орындау кезiнде жоғалған немесе бүлiнген жағдайда, қызметкер орнына жаңа кеудеге тағатын белгi алады, ал бүлiнгенi немесе жоғалғаны белгiленген тәртiппен есептен шығарылуға жатады.

Теңіз және ішкі су көлігіндегі     
мемлекеттік бақылау қызметкерлерінің 
нысанды  киім киіп жүру ережесіне  
қосымша                 

      Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.11.29. N 1172 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

         Жыл мезгіліне байланысты нысанды киім киіп жүру жиынтығы
                                    (ерлер)

N |  Киім  |                  Нысанды киім тізбесі
Р/|  түрі  |_________________________________________________________________
с |        |Қысқы |Дауылда|Плащ-|Күнде.|Күнде. |Күнде.|Күнде.|Қара
  |        |пальто|киетін |паль.|лікті |лікті  |лікті |лікті |фураж.
  |        |      |күртеше| то  |костюм|күртеше|шалбар|жейде | ка


                           1. Басшы құрам
______________________________________________________________________________
1  Жазғы
   күнде.
   лікті      -      -       +     +      +       +      +      +

2  Қысқы
   күнде.
   лікті      +      +       -     +      +       +      +      +
_____________________________________________________________________________
                            2. Мамандар
_____________________________________________________________________________
3  Жазғы
   күнде.
   лікті      -      -       +     +      +       +      +      +

4  Қысқы
   күнде.
   лікті      -      +       -     +      +       +      +      +
______________________________________________________________________________
                               (әйелдер)
______________________________________________________________________________
N | Киім |                  Нысанды киім тізбесі
Р/| түр. |____________________________________________________________________
с | лері |Қысқы|Қысқы|Плащ|Күнде.|Күнде.|күнде-  |Күнде.   |Әйел|Мақта|Жүнді
  |      |паль.|күр. |    |лікті |лікті |лікті   | лікті   |жей.|мата.|мата.
  |      | то  |теше |    |костюм|юбка  |шалбар  | көгілдір|десі|дан  | дан
  |      |     |     |    |      |      |        | немесе  |    |берет|берет
  |      |     |     |    |      |      |        | ашық    |    |     |
  |      |     |     |    |      |      |        |қоңыр    |    |     |
  |      |     |     |    |      |      |        | әйел    |    |     |
  |      |     |     |    |      |      |        |жейдесі  |    |     |
_____________________________________________________________________________
                          1. Басшы құрам
_____________________________________________________________________________
1  Жазғы
   күнде.
   лікті    -     -     +     +      +       +       +        -     +    -

2  Қысқы
   күнде.
   лікті    +     +     -    +      +       +        +        -     -    +
______________________________________________________________________________
                            2. Мамандар
______________________________________________________________________________
3  Жазғы
   күнде.
   лікті    -     -     -    +      +       +        +        -     +    -

4  Қысқы
   күнде.
   лікті    -     +     -    +      +       +        +        -     -    +
______________________________________________________________________________

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнің        
2003 жылғы 1 қазандағы 
N 1013 қаулысымен    
бекітілген       

Теңiз және ішкі су көлiгіндегi мемлекеттiк бақылау қызметкерлерiн
нысанды киіммен қамтамасыз ету нормалары

      Ескерту. Нормаларға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.11.29. N 1172 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

______________________________________________________________________________
Р/с|     Заттардың атауы              | Өлшем    |1 адамға| 1 затты
N |                                  |бiрлiктерi| заттар |киіп жүру
   |                                  |          |  саны  | мерзімі
   |                                  |          |        | (жыл)
______________________________________________________________________________
                     Ерлердің нысанды киiмi
______________________________________________________________________________
1    Басшы құрам мен мамандар
    үшiн күнделiктi костюм:
      қара түсті жартылай жүнді
    матадан китель;                                  1       3
      қара түстi жартылай жүндi
    матадан шалбар;                      дана        1       3
      қара түстi галстук;                            1       3
      қара түстi кокардасы бар
    күнделiктi фуражка;                              1       3
      ұзын жеңдi ақ немесе көгiлдiр
    түстi жейде;                                     2       1
      қысқа жеңдi ақ немесе көгілдiр
    түсті жейде                                      2       1

2    Басшы құрам мен мамандар
    үшiн күнделiктi күртеше қара         дана        1       3
    түсті су жұқпайтын матадан

3    Басшы құрам мен мамандар
    үшiн плащ-пальто қара түстi          дана        1       4
    ауыспалы плащтық матадан

4    Басшы құрам үшін қысқы
    пальто қара түстi жүндi драптан,
    терi жағасымен және лацканы          дана        1       3
    қара түсті елтіріден

5    Құлақшын қара түсті елтіріден      дана        1       4
______________________________________________________________________________
                     Әйелдердiң нысанды киiмi
______________________________________________________________________________
6    Басшы құрам мен мамандар           дана
    үшiн күнделiктi костюм:
      Жартылай жүндi қара түстi
    матадан китель;                                  1       3
      жартылай жүндi қара түстi
    матадан юбка;                                    1       2
      қара түсті жартылай жүн матадан
    тігілген шалбар;                                 1       2
      ұзын жеңдi ақ, көгiлдiр немесе
    ақшыл қоңыр түстi ауыспалы
    матадан әйел жейдесi;                            2       1
      қысқа жеңдi ақ, көгілдiр
    немесе ақшыл қоңыр түстi
    ауыспалы матадан әйел жейдесi;                   2       1
      қара түстi галстук;                            1       3
      қара түстi мақта-мата матадан
    берет;                                           1       3
      қара түстi жүндi матадан берет                 1       3

7    Басшы құрам үшін қара түсті        дана        1       4
    плащ

8    Басшы құрам үшiн қысқы             дана        1       3
    пальто қара түстi драптан, қара
    түстi елтiріден қайырылған
    жағасы бар

9    Басшы құрам мен мамандар          дана         1       3
    үшiн қысқы күртеше қара түстi
    плащтық матадан қара түсті
    елтiріден терi жағалы және
    лацкандары бар
______________________________________________________________________________