Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің "Республикалық кәсіби аурулар клиникасы", "Кәсіби патология клиникасы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарын және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Физио

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 29 қазан N 1370

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 Заң күші бар  Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Орталық Армия үйі" мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Орталық Армия үйі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) болып қайта аталсын.

      2. Кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асырушы орган болып Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі айқындалсын.

      3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні мәдениет саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қызметтік үйлерін пайдалануға беру және жабдықтау функцияларын орындау болып айқындалсын.

      4. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен: 
      1) Кәсіпорынның мемлекеттік қайта тіркелуін қамтамасыз етсін; 
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі