Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Қ.И.Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 10 мамыр N 615

      Ғылыми ұйымдарды басқаруды жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Қ.И.Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны оған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Қ.И.Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институтының Алтай бөлімі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын. 
      2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын. 
      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.     

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі