"Бәйтерек" Қазақстан-Ресей бiрлескен кәсiпорны" акционерлiк қоғамын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 наурыздағы N 207 Қаулысы.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "2005 - 2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметiн дамыту туралы" 2005 жылғы 25 қаңтардағы N 1513 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Қазғарыш" ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) құрылсын.

      2. Қоғам қызметiнiң негізгі бағыттары:

      Қазақстан Республикасының ғарыш қызметi саласында ағымдағы, ұзақ мерзiмдi салааралық бағдарламаларды әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;

      Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық мiндеттерiн шешуге және ұлттық қауiпсiздiгін қамтамасыз етуге бағытталған тиiмдiлiгi жоғары ақпарат және ғарыш технологияларын құру;

      ғылымды қажетсiнетiн ғарыш технологиялары мен техникасын құру жөнiнде ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар жүргізу;

      халықаралық ғарыш станциясында iргелi және қолданбалы зерттеулердi орындау үшiн ұшқыш басқаратын ғарыш ұшыруларын пайдалану;

      ұлттық қауiпсiздiкті, қорғанысты, қоршаған ортаны қорғауды, төтенше жағдайларды болжауды және мониторингтеудi қамтамасыз ету жөнiндегі мемлекеттік тапсырысты орындауға қатысу болып айқындалсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiне Қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыру үшiн 2005 жылға арналған республикалық бюджетте кезек күттiрмейтiн шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен 100000000 (бip жүз миллион) теңге бөлсiн.

      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң Аэроғарыш комитетiне Қоғам акцияларының мемлекеттiк пакетiне иелік ету және пайдалану құқықтарын берсiн.

      5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Аэроғарыш комитетiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен:

      1) осы қаулының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен бөлiнетiн қаражат есебiнен Қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруды;

      2) Қоғамның Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн;

      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.

      6. Қоса берілiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетін өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.

      7. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі



      Қазақстан Республикасы

      Үкiметiнiң

      2005 жылғы 17 наурыздағы

      N 242 қаулысымен

      бекітiлген

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне
енгізілетiн өзгерiстер мен толықтырулар

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегі N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:

      "Алматы қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 123-96-жолмен толықтырылсын:

      "123-96. "Қазғарыш" ҰК" AҚ".

      2. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелік ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында :

      көрсетiлген қаулымен бекiтілген Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттiк органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттiк үлестерінің тiзбесiнде:

      "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң Аэроғарыш комитетi" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 282-жолмен толықтырылсын:

      "282. "Қазғарыш" ҰК" АҚ".

      3. "Жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк меншiк объектiлерiнiң тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң 2000 жылғы 24 қазандағы N 1587 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 43, 513-құжат):

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген 2006 жылға дейiн акциялардың мемлекеттiк пакеттерi жекешелендiруге, оның iшiнде жекешелендiрудiң алдын ала сатыларына жатпайтын акционерлiк қоғамдардың тiзбесi мынадай мазмұндағы реттік нөмiрi 56-жолмен толықтырылсын:

      "56. "Қазғарыш" ұлттық компаниясы" АҚ (Алматы қаласы) 100 %".

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.04.06 № 377 Қаулысымен.
      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.08.2022 № 581 қаулысымен.