Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Шығыс Қазақстан облысының әкіміне Бақыршық тау-кен металлургия комбинатының кредиторлық берешегін өтеу және оны кейіннен тарату шартымен "Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысудың 30 пайыз үлесі берілсін.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай шешімдеріне өзгеріс пен
толықтыру енгізілсін:
1) "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері
және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
"Шығыс Қазақстан облысы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі
495-9-жолмен толықтырылсын:
"495-9 ШҚО-001271 "Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны" ЖШС";
2) "Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорнына қатысудың мемлекеттік үлесі
туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 шілдедегі N 1026
қаулысына:
2-тармақтың 2-тармақшасы алынып тасталсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі