Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi "Батыс Қазақстан мемлекеттiк университетi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 5 қараша N 1172

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335  заң күшi бар Жарлығының 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Батыс Қазақстан мемлекеттiк университетi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны одан Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университетi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын (бұдан әрi - кәсiпорын) бөлiп шығару жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органы болып белгiленсiн.

      3. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) кәсiпорынның жарғысын бекiтудi және оның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi