Ескерту. Қаулының тақырыбына өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.18 N 365 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасында білім беру сапасын басқару тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Республикалық білім берудің мемлекеттік стандарттары орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны мен "Республикалық тест орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын біріктіру жолымен "Ұлттық тестілеу орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) құрылсын.
Ескерту. 1-тармаққа тақырыбына өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.18 N 365 Қаулысымен.
2. Кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы мыналар деп айқындалсын:
білім ұйымдарында оқу процесінің сапасын талдау және бағалау;
жоғары кәсіптік және орта кәсіптік оқу орындарына түсушілер үшін кешенді тестілеу тапсырмаларын жасау және енгізу;
оқу процесінің сапасын бақылайтын жаңа технологияларды, білім беру ұйымдарында оқитындардың контингентін конкурс бойынша қалыптастырудың жаңа үлгісін әзірлеу және енгізу;
тестілеудің теориясы мен әдістемесіне ғылыми-әдістемелік зерттеу жүргізу, білім берудің сапасын және оның мемлекеттік білім стандарттары талаптарына сәйкестігін анықтау.
Ескерту. 2-тармаққа тақырыбына өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.18 N 365 Қаулысымен.
3. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган болып белгіленсін.
4. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен:
1) Кәсіпорын жарғысын бекітсін, сондай-ақ оның мемлекеттік тіркеуін қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі