Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң "А. Жұбанов атындағы республикалық қазақ орта музыка мектеп-интернаты" мемлекеттiк мекемесiн қайта атау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 7 қазандағы N 1041 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327  қаулысына мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулыға  123-қосымшада :
      "Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақта:
      реттiк нөмiрi 2-жолдың 5-бағаны 2-тармағының 2.2.1-тармақшасы "; тұрақты электр жарығын орнату және Қарағанды - Астана жолын жайғастыру (Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитетінiң 2004 жылғы 7 шілдедегi N 85 және 86 бұйрықтары)" деген сөздермен толықтырылсын;
      реттік нөмiрi 4-жолдың 5-бағаны 2-тармағының 2.2.1-тармақшасы ", тұрақты электр жарығын орнатуға және Қарағанды - Астана жолын жайғастыруға байланысты салықтарды төлеу" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі