Қазақстан Республикасының шетелдік несие берушілер алдындағы міндеттемелерін орындау және дефолт фактілеріне жол бермеу, сондай-ақ бұрын берілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес сыртқы заемдардың республикалық бюджетке қайтарылуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:
1) 1992 жылғы 6 қарашадағы N 13-6/И-947, 1993 жылғы 10 мамырдағы N 26-15/116, 1993 жылғы 25 мамырдағы N 26-15/144, 1993 жылғы 25 мамырдағы N 26-15/145, 1993 жылғы 18 қарашадағы N 22-1-6/38, 1994 жылғы 3 маусымдағы N-ф 22-3/38, 1994 жылғы 29 маусымдағы N ф 22-3/42, 1995 жылғы 3 сәуірдегі N Ф 22-3/5, 1995 жылғы 8 маусымдағы N ф 22-3/8, 1995 жылғы 9 тамыздағы N ф 22-3/11, 1995 жылғы 1 желтоқсандағы N 0000002, 1995 жылғы 1 желтоқсандағы N 0000003, 1996 жылғы 19 қарашадағы N 0000019, 1997 жылғы 31 қазандағы N 0000028 Қазақстан Республикасы берген мемлекеттік кепілдіктерге сәйкес, шетел банктері шоттарының негізінде дәрменсіз заемшылар үшін алдағы және мерзімі өткен төлемдерді (1,2-қосымшаларға сәйкес) 2000 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражаттың шегінде төлейтін болсын;
2) заемшылардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес сыртқы заемдарды пайдалану жөніндегі қызметіне қаржылық-шаруашылық тексеріс жүргізсін және оларды пайдалану тәртібін бұзушылық фактілері анықталған жағдайда кінәлі адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапқа тарту мақсатында материалдарды құқық қорғау органдарына берсін.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі банкроттық рәсіміне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес сыртқы заемдар бойынша қаржылық міндеттемелерін атқармаған тұлғаларды өзге де жауапкершілікке тартуға дейін заңдарда белгіленген тәртіппен шаралар қолдансын.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың республикалық бюджетке қайтарылуын қамтамасыз ету жөнінде барлық қажетті шараларды қолдансын.
4. "Қазақстан Эксимбанкі" жабық акционерлік қоғамының Қазақстан Республикасының үкіметтік кепілдігі бар мемлекеттік емес сыртқы заемдар бойынша республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты қайтару жөніндегі жұмысы қанағаттанғысыз деп танылсын.
5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі және "Қазақстан Эксимбанкі" жабық акционерлік қоғамы (келісім бойынша) қаржылық міндеттемелері республикалық бюджеттің есебінен атқарылған заемшыларға қатысты бөлінген мемлекеттік бюджеттік қаражатты қайтару жөнінде қабылдаған шаралар мен олардың нәтижелілігі туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат берсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2000 жылғы
18 ақпандағы
N 265 қаулысына 1-қосымша
Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес
сыртқы заемдар бойынша алдағы төлемдерді өтеу
Сомасы
____________________________________________________________________
Заемшы ! Төлем ! Төлем ! Төлем ! Негізгі
ұйым валютасы уақыты сомасы борыш
____________________________________________________________________
Германия несие желісі
____________________________________________________________________
ҚР ІІМ ҚАКД EUR 01.02.00 889 643,59 778 373,95
"Екібастұзкөмір" МАҚ EUR 01.02.00 376 765,54 329 642,66
Павлодартрактор EUR 01.03.00 2 225 684, 35 1 809 499,47
Стройфарфор АҚ EUR 01.03.00 734 720,87 694 771,51
АЗАТ EUR 01.03.00 1 501 156,16 1 312 486,26
_____________________________________________________________________
Канада несие желісі
_____________________________________________________________________
"Аквест" БҚ USD 843 915,66 757 351,86
Барлығы: USD 843 915,66 757 351,86
EUR 5 727 970,51 4 924 773,85
_____________________________________________________________________
таблицаның жалғасы
__________________________________________
Проценттер ! Басқалары
__________________________________________
111 269,64 0,00
47 122,88 0,00
416 184,88 0,00
39 949,36 0,00
188 669,90 0,00
83 734,71 2829,09
83734,71 2829,09
803 196,66 0,00
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2000 жылғы
18 ақпандағы
N 265 қаулысына 2-қосымша
Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес
сыртқы заемдарды өтеу бойынша мерзімі өткен төлемдердің
Сомасы
____________________________________________________________________
Заемшы ! Төлем ! Төлем ! Төлем ! Негізгі
ұйым валютасы уақыты сомасы борыш
____________________________________________________________________
Германия несие желісі
____________________________________________________________________
ҚР ІІМ ҚАКД EUR 02.08.99 813,84 0,00
"Екібастұзкөмір" МАҚ EUR 01.10.99 990,58 0,00
"Екібастұзкөмір" МАҚ EUR 01.08.99 61,87 0,00
Ауылмаш EUR 01.10.99 756,26 0,00
Ауылмаш EUR 01.10.99 491,26 0,00
____________________________________________________________________
Франция несие желісі
____________________________________________________________________
"Батыс" АК EUR 29.11.99 6 453, 59 0,00
____________________________________________________________________
Жапония несие желісі
____________________________________________________________________
"Карметкомбинат" JPY 03.11.99 1 433 887,00 0,00
____________________________________________________________________
АҚШ несие желісі
_____________________________________________________________________
ААҚ "Актурбо" USD 15.12.99 33 419,01 0,00
"Отель Астана" ААҚ БК USD 15.12.99 1 394 175,29 1 012 712,00
"Тағам" МАК USD 29.12.99 20 000,00 0,00
_____________________________________________________________________
Барлығы EUR 9 576,40 0,00
USD 1 447 594,30 0,00
JPY 1 433 887,00 0,00
таблицаның жалғасы
__________________________________________
Проценттер ! Басқалары
__________________________________________
0,00 813,84
0,00 990,58
0,00 61,87
0,00 756,26
0,00 491,26
0,00 6 453,59
0,00 1 433 887,00
0,00 33 419,01
381463,29 0,00
0,00 20 000,00
0,00 9 576,40
0,00 1 447 594,30
0,00 1 433 887,00
ЕСКЕРТУ. 2-қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.05.08. N 672
қаулысымен.
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.