Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Бөбек" республикалық оқу-сауықтыру орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын қайта атау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 қыркүйектегі N 1005 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Энергетика және отын ресурстары министрлігінің "ҚазҒЗМИ-дiң тау-кен геомеханикасы және маркшейдерлiк iсi Қазақ ғылыми-зерттеу институты" мемлекеттiк мекемесi оның жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыздық үлеспен қатысатын "Республикалық тау-кен геомеханикасы және маркшейдерлік iсi ғылыми орталығы" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi (бұдан әрi - Серiктестiк) етiп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігімен бiрлесiп, Серiктестiктiң жарғысын бекiтсiн және оның әдiлет органдарында мемлекеттiк тіркелуiн қамтамасыз етсiн;
      2) Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiне Серiктестiкке қатысудың мемлекеттiк үлесiне иелік ету және пайдалану құқықтарын берсiн;
      3) осы қаулыны iске асыру жөнiндегi өзге де шараларды қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзілсiн:
      1) "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
      "Қарағанды облысы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 214-10-жолмен толықтырылсын:
      "214-10. "Республикалық тау-кен геомеханикасы және маркшейдерлiк iсi ғылыми орталығы" ЖШС";
      2) "Республикалық меншіктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттiк үлестерiне иелік ету және пайдалану жөнiндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659  қаулысында :
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттiк органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттiк үлестерiнiң тiзбесiнде:
      "Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiне" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттік нөмiрi 20-1-жолмен толықтырылсын:
      "20-1. "Республикалық тау-кен геомеханикасы және маркшейдерлік iсi ғылыми орталығы" ЖШС".

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі