Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Адамның үйлесімді дамуы институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 23 мамыр N 692

      Жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттарда тараптардың экономикалық мүдделерінің бастапқы теңгерімін қалпына келтіру мақсатында, салықтарды, алымдарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу мен төлеуді реттейтін заңнамаға өзгерістер енгізілуіне байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. Мына құрамда жер қойнауын пайдаланудың жекелеген мәселелерін қарау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылсын:     

     Ахметов                  - Қазақстан Республикасы Премьер-
     Даниал Кенжетайұлы         Министрінің бірінші орынбасары,
                                төраға     

     Школьник                 - Қазақстан Республикасы Премьер-
     Владимир Сергеевич         Министрінің орынбасары - Қазақстан
                                Республикасының Энергетика және
                                минералдық ресурстар министрі,
                                орынбасар     

                  Комиссия мүшелері:

           Есенбаев                 - Қазақстан Республикасының
     Мәжит Төлеубекұлы          Қаржы министрі     

     Кәкімжанов               - Қазақстан Республикасының
     Зейнолла Халидоллаұлы      Мемлекеттік кіріс министрі     

     Рогов                    - Қазақстан Республикасының
     Игорь Иванович             Әділет министрі

     2. Салықтарды, алымдарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу мен төлеуді реттейтін заңнамаға өзгерістер енгізілуіне байланысты тараптардың экономикалық мүдделерінің бастапқы теңгерімін қалпына келтіру үшін Ведомствоаралық комиссия жер қойнауын пайдаланушылардың қатысуымен жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттарды салық салу бөлігінде өзгерту жөнінде ұсыныстар әзірлесін. 
      3. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттар жасасу жөніндегі құзыретті орган Ведомствоаралық комиссияның ұсыныстарына сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттарға өзгерістер енгізуді қамтамасыз етсін.
     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.     

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі