Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1754 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 23 шілде N 990.
Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N 1111 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Конденсат" акционерлік қоғамына Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кенішінен Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орны мердігерлік учаскесінің өнімін бөлу туралы Түпкілікті келісімнің негізінде төленетін өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі есебінен тұрақсыз газ конденсатын бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 26 қазандағы N 1080 P981080_ қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақ алынып тасталсын;
      4-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитеті" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 26 қазандағы N 1080 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 ақпандағы N 182 P990182_ қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі азаматтық заңнамада белгіленген тәртіппен 1997 жылғы 18 қарашадағы Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орны мердігерлік учаскесінің өнімін бөлу туралы Түпкілікті келісімнің негізінде төленетін өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі есебінен "Конденсат"

 

акционерлік қоғамына Қарашығанақ шағын тоннажды қондырғысында қайта өңдеу

үшін Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орнынан ұшпалы газ конденсатын

бөлу туралы 1999 жылғы 7 сәуірдегі шартты бұзу жөнінде шаралар қабылдасын.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.



     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



     Мамандар:

       Қасымбеков Б.А.

       Икебаева Ә.Ж.