Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" республикалық мемлекеттiк мекемесiн қайта ұйымдастыру туралы" 2003 жылғы 31 наурыздағы N 1051 Жарлығын iске асыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 27 маусымдағы N 623 қаулысы

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1332 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Жеке тұлғалардың салық салу объектiлерінің құнын анықтау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 17 сәуiрдегi N 447 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 12, 119-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жеке тұлғалардың салық салу объектілерінің құнын анықтау ережесiнде:
      12-тармақтың 2-кестесiндегi реттiк нөмiрi 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "Тастан, ерекше күрделі, қабырғалары кiрпiш, қалыңдығы 2,5 кiрпiштен астам немесе темiрбетонды немесе металл қаңқалы кiрпiштен, аражабындары темiрбетонды және бетонды ғимараттар; қабырғалары iрi панельдi, аражабындары темiр бетонды ғимараттар
                                0,7              143";
      13-тармақтың 5-кестесi мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "қамыс қаңқалы                             0,6";
      14-тармақтағы "коэффициентi (К айм.) қолданыстағы заңнамаға сәйкес анықталады" деген сөздер "коэффициентiн (К айм.) жеке тұлғалардың кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылмайтын мүлкiне салық салу объектiлерiнiң құнын анықтау жөнiндегi уәкiлетті органдар жергіліктi атқарушы органдармен келiсiм бойынша анықтайды" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Жергiлiктi атқарушы органдар жеке тұлғалардың кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылмайтын мүлкiне салық салу объектiлерiнiң құнын анықтау жөнiндегi уәкiлеттi органдармен аймаққа бөлу коэффициентiн келiссiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі