Ескерту. Бүкiл мәтін бойынша "Мемлекеттiк кеме тізілiмінде", "мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде", "Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiне", "Мемлекеттiк кеме тiзiлiмi", "Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнен" деген сөздер тиiсiнше "Теңiз кемелерінің мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде", "Теңiз кемелерiнің мемлекеттік кеме тiзілiмiне", "Теңiз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзiмi", "Теңiз кемелерінің мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнен" деген сөздермен ауыстырылды - Қазақстан Республикасының 2005.06.02. N 55 (қолданысқа енгiзiлу тәртібін 2-баптан қараңыз), бүкіл мәтін бойынша:
"Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарымен", "Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарына", "Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарында", "Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдары" деген сөздер тиісінше "Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен", "Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына", "Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында", "Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы" деген сөздермен, "жеке еңбек шартының", "жеке еңбек шарты", "жеке еңбек шартын" деген сөздер тиісінше "еңбек шартының", "еңбек шарты", "еңбек шартын" деген сөздермен ауыстырылды - 2007.05.15. N 253 Заңдарымен.
Осы Заң сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы мемлекеттiк басқарудың құқықтық, ұйымдық, экономикалық және халықаралық негiздерiн белгiлейдi және жүк, жолаушылар мен багаж тасымалдауға, теңiз көлiгiнде қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге және қоршаған ортаны қорғауға байланысты қатынастарды реттейдi.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) авариялық жарна - тасымалдаушыға жүк берген кезде жалпы авария жағдайындағы шығыстарды өтеу үшiн оның жалпы авариялық шығыстардағы үлесiн төлеудi қамтамасыз ету ретiнде алушы тасымалдаушыға енгiзуге мiндеттi болатын ақша сомасы;
2) алушы - жүктi теңiз арқылы тасымалдау шарты бойынша жүк алуға уәкiлеттi тұлға;
3) арнаулы персонал - экипаж мүшесi болып табылмайтын, кеменiң мақсатына байланысты бортта үнемi болатын адам (теңiздiң тiрi ресурстарын аулаумен және өңдеумен айналысатын, ғылыми, инженер-техник қызметкерлер, зертхана қызметкерлерi, жұмысшылар және басқалар);
4) бербоут-чартер - жолаушылар, багаж бен жүк тасымалдауға және сауда мақсатында теңiзде жүзудiң өзге де мақсаттарына арнап жарақтандырылмаған және экипажбен жасақталмаған кеменi немесе бiрнеше кеменi жалдаушының иеленуiне және пайдалануына кемемен жалданушы келiсiлген ақы (жалдау ақысын) алып, белгiлi бiр мерзiмге беруге мiндеттенетiн шарт;
5) дағдылы маршрут - теңiз практикасында жалпы қабылданған кеме жүретiн маршрут;
6) демерредж - контрсталиялық уақыт үшiн төленетiн ақы;
7) диспач - кеменi жалдаушыға кемеге жүк тиеудi сталиялық уақыт бiткенге дейiн аяқтағаны үшiн төленетiн сыйақы;
8) диспаша - жалпы авария бойынша залалдар мен шығыстарды есептеу және оларды жалпы теңiз кәсiпорнына қатысушы тараптар арасында бөлу;
9) диспашерлер - теңiз құқығы саласында бiлiмi мен тәжiрибесi, бар, диспашаны анықтау жөнiнде есеп жасайтын тұлғалар;
10) есеп айырысу бiрлiгi - қарызға алудың арнайы құқығының Халықаралық валюта қоры белгiлейтiн бiрлiгi;
11) жалдау ақысы - жүктi тасымалдағаны үшiн алынатын ақы, сондай-ақ бербоут-чартер мен тайм-чартер шарттары бойынша берiлетiн сыйақы;
12) жалпы теңiз кәсiпорны - мүлiк (кеме, жалдау ақысы және жүк), жалпы авария бойынша шығындар соның есебiнен өтелуге тиiс;
13) жолаушы - тасымалдаушымен шарттық қатынастарда тұратын және билетте немесе оның жүру құқығын растайтын өзге де құжатта көрсетiлген, не тасымалдаушының келiсiмiмен теңiз арқылы тасымалдау шарты бойынша автокөлiк құралдарын, жануарларды және өзге де жүктi iлесе алып жүрудi жүзеге асыратын тұлға;
14) жолаушылар тасымалдайтын кеме - жолаушылар тасымалдауға арналған және он екiден астам жолаушы тасымалдайтын кеме;
15) жолаушылық куәлiк - жолаушылардың кемеге алуға жол берiлетiн ең көп саны туралы мәлiметтер бар кеме құжаты;
16) жөнелтушi - теңiз тасымалы шартына сәйкес жүк жөнелткен және тасымал құжаттарында көрсетiлген тұлға;
17) жүзбелi бұрғылау қондырғысы - теңiз түбiндегi жерасты ресурстарын барлау және (немесе) өндiру жөнiндегi бұрғылау жұмыстарын орындауға арналған кеме (жүзбелi құрылыс);
18) жүк таситын кеме - жолаушылар тасымалдамайтын кеме (құрғақ жүк, құйылатын жүк таситын, көлiктiк рефрижератор, мұзжарғыш сүйреткiш, итермелегiш, құтқарушы, техникалық флот, кабельдi, арнаулы мақсаттағы және басқа да жолаушылар тасымалдамайтын кеме);
19) инцидент - нәтижесiнде зиян келтiрген немесе сондай зиян келтiрудiң елеулi және тiкелей қаупi төнген оқиға немесе шығу жағдайы белгiлi дәрежеде ұқсас бiрқатар оқиғалар;
20) каботаж - Қазақстан Республикасының теңiз порттары арасындағы қатынаста, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңды құзырындағы тиеу портынан (пунктiнен) түсiру портына (пунктiне) дейiн тасымалдау мен сүйретiп жүзу;
21) каюталық багаж - жолаушының белгiленген мөлшер мен көлем шегiнде өзiмен бiрге алып жүретiн, жинақы буып-түйiлген және каютаға немесе жалпы орындардағы сөрелерге еркiн орналастырылатын заттары;
22) кеме - сауда мақсатында теңiзде жүзуге пайдаланылатын, су ығыстырмайтын кеме мен гидроұшақты қоса алғанда, өздiгiнен жүретiн немесе өздiгiнен жүрмейтiн жүзбелi құрылыс;
23) кемеге теңiздегi кепiл - осы Заң негiзiнде онда аталған мән-жайлар туған кезде пайда болатын кеме ипотекасы;
24) кеме иесi - кеменi меншiк құқығымен немесе өзге де заңды негiздерде иеленетiн тұлға;
25) кеме ипотекасы - мемлекеттiк тiркелуге жататын теңiз кемесiнiң, ішкі суда жүзетiн кеменiң, "өзен-теңiзде" жүзетiн кеменiң, сондай-ақ жасалып жатқан кеменiң тиiстi тiзiлiмде тiркелген шарт негiзiнде туындайтын ипотекасы;
26) кемелердi лоцмандық алып өту - лоцман жүзеге асыратын кемелердi алып өту;
27) кемемен жалданушы - кеменi жалдау шартының жолаушыларды, багаж бен жүктi тасымалдау немесе сауда мақсатында теңiзде жүзудiң өзге де мақсаттары үшiн белгiлi бiр мерзiмге кеме немесе бiрнеше кеме беретiн тарабы;
28) кеменi жалдаушы - кеменi жалдау шартының жолаушыларды, багаж бен жүктi тасымалдау немесе сауда мақсатында теңiзде жүзудiң өзге де мақсаттары үшiн белгiлi бiр мерзiмге кеме немесе бiрнеше кеме берiлетiн тарабы;
29) кеменiң меншiк иесi - кемелер мен оларға құқықты мемлекеттiк тiркеу ережелерiне сәйкес кеменiң меншiк иесi ретiнде тiркелген тұлға;
30) кеменiң сыйымдылығы - порттардағы есеп айырысуға және флоттың статистикалық есебiн жүргiзуге қызмет ететiн, Қазақстан Республикасының кемелердi өлшеу жөнiндегi халықаралық шарттарына сәйкес белгiленетiн сыйымдылық;
31) коносамент - тасымалдаушы жөнелтушiге беретiн және жүктiң тасымалдауға қабылданғанын куәландыратын құжат;
32) контрсталиялық уақыт - кеме сталиялық уақыттан тыс жүк тиелiп тұратын уақыт кезеңi;
33) қауiптi жүк - өзiне тән қасиеттерiне қарай тасымалдау, тиеу-түсiру жұмыстарын жүргiзу және сақтау кезiнде техникалық құралдардың, қондырғылардың, ғимараттар мен құрылыстардың жарылысына, өртенуiне немесе зақымдануына, сондай-ақ адамдардың, жануарлардың мерт болуына, жарақаттануына немесе ауруына, қоршаған ортаға зиян келтiруге себеп болуы мүмкiн жүк;
34) лоцман - кеменi арқанға байлайтын, зәкiрге қоятын және портта кемелердiң орнын ауыстыратын жерге қауiпсiз жеткiзу саласында белгiлi бiр бiлiмi мен дағдылары бар маман;
35) лоцмандық қызмет - лоцманның (лоцмандардың) қызметi;
36) мұнай құйылатын кеме - теңiз кемелерi үшiн тұтану температурасы Цельсия бойынша алпыс градус және одан да төмен, iшкi суларда жүзетiн кемелер үшiн Цельсия бойынша елу бес градус және одан да төмен, Рейд бойынша бу қысымы атмосфералық қысымнан төмен шикi мұнайды және мұнай өнiмдерiн құйып тасымалдауға арналған кеме;
37) нақты тасымалдаушы - жолаушыны, багаж бен жүктi немесе оның бiр бөлiгiн тасымалдауды нақты жүзеге асыратын тасымалдаушы;
38) өткiзу коносаментi - тасымалдаушы жөнелтушiге беретiн және жүктiң тасымалдауға қабылданғанын куәландыратын құжат, онда тасымалдың бiр бөлiгiн басқа тасымалдаушының жүзеге асыруға тиiс екендiгi көзделедi;
39) порт айдыны - порттың гидротехникалық және басқа да құрылыстарының теңiз жағындағы eң алыс нүктесi арқылы өтетiн сызықпен шектелген немесе Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес белгiленетiн Қазақстан Республикасының iшкi сулары;
40) портта сүйрету - порт айдынында, соның iшiнде кеменi немесе өзге де жүзбелi объектiнi портқа кiргiзу не оны порттан шығару үшiн сүйрету және маневрлердi орындау;
41) сауда мақсатында теңiзде жүзу - жолаушыларды, багаж бен жүктi кемемен тасымалдау жөнiндегi қызмет, сондай-ақ өздерiне жүктелген міндеттерді орындау үшiн пайдаланылатын әскери және шекаралық кемелердi қоспағанда, кемелердi өзге де коммерциялық және коммерциялық емес (гидрографиялық, ғылыми, гидротехникалық, құтқарушылық және басқа) мақсаттарда пайдалануға байланысты қызмет;
42) сталиялық уақыт - жалдау ақысына қосымша төлемсiз, кеме жүк тиеуде тұратын уақыт кезеңi;
43) суббербоут-чартер - кеменi жалдау шарты, ол бойынша кеменi жалдаушы жолаушыларды, багаж бен жүктi тасуға және сауда мақсатында теңiзде жүзудiң өзге де мақсаттарына арнап жарақтандырылмаған және экипажбен жасақталмаған кеменi немесе бiрнеше кеменi келiсiлген ақы (жалдау ақысын) алып, үшiншi тұлғаларға белгiлi бiр мерзiмге иелену және пайдалану үшiн беруге мiндеттенедi;
44) субтайм-чартер - кеменi жалдау шарты, ол бойынша кеменi жалдаушы жолаушыларды, багаж бен жүктi тасымалдауға және сауда мақсатында теңiзде жүзудiң өзге де мақсаттарына арнап жарақталған және экипажбен жасақталған кеменi немесе бiрнеше кеменi сыйақы алып, үшiншi тұлғаларға белгiлi бiр мерзiмге беруге мiндеттенедi;
45) сүйреткiш кеме - басқа кемелердi және жүзбелi құрылыстарды сүйрету мен жиекке келтiруге арналған кеме;
46) сыныптау қоғамы - Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы халықаралық шарттарында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметi таныған, халықаралық жүзуге шығатын кемелердi техникалық куәландыруды және сыныптауды жүзеге асыратын ұйым;
47) тайм-чартер - кемемен жалданушы келiсiлген ақыға (жалдау ақысы) кеменi жалдаушыға кеменi және кеме экипажы мүшелерiнiң көрсететiн қызметтерiн жолаушыларды, багаж бен жүктi тасымалдау және сауда мақсатында теңiзде жүзудiң өзге де мақсаттары үшiн белгiлi бiр мерзiмге пайдалануға беруге мiндеттенетiн уақытқа кеменi жалдау шарты;
48) тасымалдау ережелерi - жолаушыларды, багажды, жүктi тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде теңiз көлiгiнiң қызметiн реттейтiн, көлiктегi уәкiлеттi орган бекiтетiн нормативтiк құқықтық актiлер;
49) тасымалдаушы - кемеге меншiк немесе өзге де заңды негiздерде құқығы бар, жолаушыларды, багаж бен жүктi тасымалдау жөнiнде қызмет көрсететiн және тасымал құжаттарында көрсетiлген тұлға;
50) теңiздегi қарсылық - кеме жүзiп бара жатқан немесе тұрған кезеңде орын алған оқиға туралы кеме капитанының дәлелдемелердi қамтамасыз ету мақсатында кеме иесiне мүлiктiк талаптар қоюға негiздеме бола алатын мәлiмдемесi;
51) теңiзде сүйрету - кеменi немесе өзге де жүзбелi объектiнi белгiлi бiр қашықтыққа сүйрету;
52) теңiз жолдары навигациялық жағдайының құралдары - жүзу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн маяктар, қалқымалар және басқа да навигациялық жабдықтар;
53) теңiз жүкқұжаты - жүктердi теңiз көлiгiмен тасымалдау кезiнде ресiмделетiн тасымал құжаты;
54) теңiз порты - Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен берiлген жер учаскелерiнде орналасқан, кемелерге, жолаушыларға, багажға қызмет көрсетуге және жүктермен жасалатын операцияларды жүзеге асыруға, сондай-ақ теңiз көлiгi қызметiнiң өзге де мақсаттарына арналған құрылыстар кешенi;
55) теңiз талабы - кемелердi сауда мақсатында теңiзде жүзудi көздеп пайдалануға байланысты мәлiмделетiн талап (зиянның орнын толтыру, алымдар төлеу және өзгелер);
56) теңiз терминалы - жүктердi тиеуге (түсiруге), оларды сақтауға, теңiз көлiгiнiң түрiмен сабақтас көлiк құралдарын жөнге келтiруге, сондай-ақ жолаушыларды отырғызуға, түсiруге және оларға өзге де қызмет көрсетуге арналған жағдайларды қамтамасыз ететiн техникалық құралдардың, инженерлiк құрылыстардың, көтергiш-көлiктiк және өзге де жабдықтардың жиынтығын қамтитын теңiз портындағы мамандандырылған учаске;
57) теңiз терминалының операторы - теңiз портындағы терминалға меншiк немесе өзге де заңды негiздерде құқығы бар және тиеу-түсiру жұмыстары мен өзге де техникалық операцияларды жүзеге асырушы тұлға;
58) уәкiлеттi орган - сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы мемлекеттiк саясатты, мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды iске асыруды, қызметтi үйлестiру мен реттеудi өз құзыретi шегiнде жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
59) чартер - теңiз арқылы жолаушыларды, багаж бен жүктi тасымалдау шартының бiр түрi, бұл жағдайда жөнелтушiге бүкiл кеме, оның бiр бөлiгi немесе кеменiң белгiлi бiр жайы берiледi.
Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.12.29. N 209 Заңымен.
2-бап. Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы заңдар
1. Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда көзделгенiнен өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың нормалары қолданылады.
3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
1. Осы Заң:
1) теңiз кемелерiне - олардың Қазақстан Республикасының теңiз жолдарымен, өзендерiмен, көлдерiмен, су қоймаларымен және басқа да су жолдарымен жүзуi кезiнде;
2) iшкi суда жүзу кемелерiне, "өзен-теңiзде" жүзетiн кемелерге - олардың Қазақстан Республикасының теңiз жолдарымен, өзендерiмен, көлдерiмен, су қоймаларымен және басқа су жолдарымен теңiз портына кiре отырып, жүктi, жолаушыларды және багажды тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде, құтқару операциялары кезiнде және теңiз кемесiмен соқтығысуы кезiнде қолданылады.
2. Осы Заң Қазақстан Республикасының Әскери-Теңiз Күштерi мен шекара қызметiнiң теңiз бөлiмдерi туын көтерiп жүзушi кемелерге қолданылмайды.
Ескерту. 3-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.06.02. N 55 (қолданысқа енгiзiлу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
4-бап. Сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы
мемлекеттiк басқару
1. (алып тасталды)
2. Сауда мақсатында теңiзде жүзу саласында Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретiне:
1) сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын, оны жүзеге асыру жөнiндегi стратегиялық және тактикалық шараларды әзiрлеу;
2) (алып тасталды)
3) сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы мемлекетаралық және халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
4) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттік жолаушылар қатынасына тыйым салу туралы шешiмдер қабылдау;
5) Қазақстан Республикасының аумағына багаж бен жүктi әкелуге, одан әкетуге, транзитке тыйым салу туралы шешiмдер қабылдау;
6) теңiз порттарын салу үшiн оларды орналастыру тәртiбiн белгiлеу;
7) кемелердi, соның iшiнде жасалып жатқандарын және оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу тәртiбiн , сондай-ақ оларға меншiк құқығын куәландыратын құжаттардың нысанын белгiлеу;
8) сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы қызметтi лицензиялау кезiнде бiлiктiлiк талаптарын бекiту ;
9) кемелер экипаждарының мүшелерiн дипломдау тәртiбiн белгiлеу;
10) кемелермен тасымалдауға арналған қауiптi жүктердiң тiзбесiн бекiту;
11) нысанды киiм берiлетiн, теңiз көлiгiндегi мемлекеттiк бақылау қызметкерлерi лауазымдарының (кәсiптерiнiң) тiзбесiн , нысандар үлгiлерi мен айырым белгілерiн, нысанды киiм киiп жүру тәртiбiн және қамтамасыз ету нормаларын бекiту;
12) (Алып тасталды)
13) Қазақстан Республикасының теңізшісі паспортының үлгiсiн, оны ресiмдеу, беру, мерзiмiн ұзарту, сондай-ақ алып қою тәртібін бекіту ;
14) шет мемлекеттiң туын көтеріп жүзетін кемелердiң каботажды жүзеге асыруына рұқсаттар беру тәртiбiн бекіту ;
15) Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы халықаралық шарттары негiзiнде кемелердi техникалық куәландыру мен сыныптауды жүзеге асыратын сыныптау қоғамын тану туралы шешiм қабылдау;
16) теңiз кемелерiн жiктеу ережелерiн бекiту;
17) теңiз кемелерiн жабдықтау жөнiндегi ережелердi бекiту;
18) теңiз кемелерiнiң жүк маркасы туралы ережелердi бекiту;
19) сауда мақсатында теңiзде жүзу саласында техникалық регламенттердi бекiту жатады.
3. Сауда мақсатында теңiзде жүзу саласында уәкiлеттi органның құзыретiне:
1) өз құзыретi шегiнде сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы мемлекетаралық және халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға қатысу мен халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүдделерiн білдiру;
2) сауда мақсатында теңiзде жүзу саласында туындайтын қатынастарды реттейтiн заң актiлерi мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердің жобаларын әзiрлеу, сауда мақсатында теңiзде жүзудi дамытудың бағдарламалары мен тұжырымдамасын әзiрлеу;
3) теңiз көлiгiнiң жұмыс iстеу тәртiбiн белгiлейтiн заң актiлерi мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi жеке және заңды тұлғалардың сақтауын бақылауды қамтамасыз ету;
4) сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы қызметтiң жекелеген түрлерiн Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес лицензиялау ;
5) теңiз портының капитаны туралы ереженi бекiту;
5-1) Қазақстан Республикасының теңіз порттарында және оларға кіреберістерде кемелердiң жүзу және тұру ережесiн бекіту;
6) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығын беру және кеменi шет мемлекеттiң туын көтеріп жүзуге уақытша ауыстыру туралы шешiм қабылдау;
6-1) шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетін кемелердің каботажды жүзеге асыруына рұқсаттар беру;
7) кемелердiң мемлекеттiк тiркелуiн бақылауды жүзеге асыру;
8) кемелердiң сыныпталуын бақылауды жүзеге асыру;
9) кемелерге техникалық қадағалауды жүзеге асыру;
10) халықаралық жүзуге шығатын кемелердің, порттардың, жағалаудағы объектiлердiң, кеме жүзетін гидроқұрылыстардың, жасанды аралдардың және теңiздегі басқа да құрылыстардың техникалық куәландырылудан өткізілуін қамтамасыз ету;
11) теңiз жолдарының, лоцмандық қызметтiң және өзге де теңiз қызметтерiнiң жай-күйiн бақылау;
12) теңiз көлiгiнiң нысанды киiм берiлетiн қызметкерлерi лауазымдарының (кәсiптерiнiң) тiзбесiн, нысандар үлгiлерi мен айырым белгiлерiн, нысанды киiм киіп жүру тәртiбiн және қамтамасыз ету нормаларын бекiту;
13) теңіз порттарын жобалауға, салуға және реконструкциялауға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен келiсiм беру;
13-1) теңiзде жасанды аралдар және басқа да құрылыстар салуды келісу;
14) (алып тасталды)
15) кемелердiң мемлекеттiк тiзiлiмiндегi кемелердi және оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыру;
16) порттың теңiз әкiмшiлiгi арқылы жүзеге асырылатын теңiзде жүзу қауiпсiздiгiнiң қамтамасыз етiлуiн бақылау;
17) шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кемелердiң каботажды жүзеге асыруына рұқсаттар беру;
18) уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнiң пайдаланудағы, қысқы тоқтап тұрудағы, жөндеудегi теңiз кемелерiн, сондай-ақ жасалып жатқан кемелердi тексерiп қарауды жүргiзуiн бақылау;
19) порттың теңiз әкiмшiлiгi жүргiзетiн, теңiз кемелерiнiң қатысуымен болған авариялық жағдайларды сыныптауды, тексеру жүргiзудi және есепке алуды бақылау;
20) кеме экипажын жинақтауға қойылатын талаптардың сақталуын бақылау;
21) кеменiң атауы (немесе оған атау беруден бас тарту) туралы шешiм қабылдау;
22) Қазақстан Республикасының кеме құрылысы және кеме жөндеу ұйымдарын техникалық қадағалау мен куәландыруды жүргiзу;
23) теңiз порттарының, жағалаудағы объектiлердiң, гидротехникалық құрылыстардың, жасанды аралдардың қызметiн бақылау;
24) Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнiң, бербоут-чартер тiзiлiмiнiң және кеме кiтабының жүргiзiлуiн бақылау;
25) Қазақстан Республикасының теңiз порттарының арасындағы қатынастардағы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңды иелiгiндегi жүк тиеу портынан (пунктiнен) жүк түсiру портына (пунктiне) дейiнгi тасымалдаулар мен сүйретулердi бақылау;
26) су көлiгiндегi қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарымен өзара iс-қимыл жасасу;
27) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен теңiз порттарын жобалауға, салуға және қайта жаңартуға келiсiм беру;
28) кемеде кеме құжаттарының болуын тексеру;
29) кемелерге кеме құжаттарын және мемлекеттiк борт нөмiрлерiн беру;
30) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде немесе кеме кiтабында мемлекеттiк тiркеуге жататын кемелердiң командалық құрамындағы адамдарды дипломдауды бақылау, сондай-ақ теңiзшi паспорттарын беру;
31) шағын көлемдi кемелердi басқару құқығын беретiн куәлiктер беру;
32) жеке және заңды тұлғалардың су көлiгiнiң жұмыс iстеу тәртiбiн айқындайтын нормативтiк құқықтық актiлердi, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын сақтауын мемлекеттiк бақылау, оларды бұзушылықты анықтау және жолын кесу жөнiндегі шараларды қабылдау;
33) уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерi сауда мақсатында теңiзде жүзуге пайдаланатын кемелердiң мемлекеттiк тiркелуiне мемлекеттiк бақылау;
34) тасымалдаушы тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасуын мемлекеттiк бақылау;
35) сыныптау органдарының теңiз кемелерiне техникалық қадағалау жүргiзуiн және оларды сыныптауын мемлекеттiк бақылау;
36) кемелер iшкi су жолдарында пайдаланатын байланыс саласындағы ережелердiң, нормалар мен стандарттардың орындалуын мемлекеттiк бақылау;
37) жеке және заңды тұлғалардан уәкiлеттi органның құзыретiне кiретiн барлық мәселелер бойынша қажеттi ақпарат, материалдар, анықтамалық деректер сұрату;
38) су көлiгiнде тасымалдау және басқа да қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың қызметiн олардың Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауына қатысты тексеру;
39) лицензиялаудың бiлiктiлiк талаптарының сақталуын тексеру;
40) тексеру нәтижелерi бойынша өз құзыретi шегiнде актiлер жасау және су көлiгiнiң жұмыс iстеу тәртiбiн айқындайтын Қазақстан Республикасының заңнамасын, стандарттар мен нормаларды бұзушылық анықталғанда оларды жою туралы нұсқамалар енгiзу;
41) хаттамалар жасау, Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша iс жүргiзудi жүзеге асыру;
42) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен және жағдайларда теңiз және шағын көлемдi кемелердi әкiмшiлiк ұстауды жүзеге асыру, теңiз және шағын көлемдi кемелердi тексерiп қарауды жүргізу;
43) заңды тұлғаға тиесiлi, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың құралы немесе тiкелей объектiсi болған, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде не заңды тұлғаға тиесiлi аумақты, үй-жайларды, көлiк құралдарын, тауарларды, өзге мүлiктер мен заттарды тексерiп қарауды жүргiзу кезiнде табылған құжаттарды, тауарларды, өзге де мүлiктер мен заттарды алып қоюды жүзеге асыру;
44) өз құзыретi шегiнде заңды тұлғаға тиесiлi аумақты, тауарларды, өзге де мүлiктердi қарап шығу, сондай-ақ тиiстi құжаттарды тексеру;
45) уәкiлеттi органның құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша сараптамаларға қатыстыру үшiн тиiстi мамандарды тарту;
46) мемлекеттiк органдарға көлiк оқиғаларының, су көлiгiн пайдалану ережелерiн бұзушылықтың алдын алу жөнiндегi шаралар туралы ұсыныстар енгiзу;
47) кеме жүргiзушiлерiн даярлау жөнiндегi курстарды ұйымдастыру, оларды аттестаттауды жүзеге асыру жатады.
3-1. Жергiлiктi атқарушы органдар сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы көлiк инфрақұрылымы объектiлерiн салуды және қайта жаңартуды ұйымдастыру кезiнде жобаларды уәкiлеттi органмен келiседі.
4. Теңiз жолдарын навигациялық-гидрографиялық жағынан қамтамасыз етудi Қазақстан Республикасының Әскери-теңiз Күштерiнiң тиiстi қызметi жүзеге асырады.
Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2005.06.02. N 55 (қолданысқа енгiзiлу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.01.31. N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.12.29. N 209 Заңдарымен.
Каботажды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзетін кемелер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен уәкілеттi орган берген рұқсат негізінде шет мемлекеттiң туын көтеріп жүзетiн кемелер жүзеге асырады.
Ескерту. 5-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2005.06.02. N 55 (қолданысқа енгiзiлу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
Сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы жекелеген қызмет түрлерi Қазақстан Республикасының заң актiлерi негiзiнде лицензиялануға тиiс.
7-бап. Сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы
сақтандыру
1. Сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы ерiктi сақтандыруды жеке және заңды тұлғалар өздерiнiң ерiк бiлдiруiне қарай жүзеге асырады. Ерiктi сақтандырудың түрлерi, талаптары мен тәртiбi тараптардың келiсiмiмен белгіленедi.
РҚАО-ның ескертпесі!
2-тармаққа өзгерту енгізу көзделген - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2010.08.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2. Сауда мақсатында теңiзде жүзу саласында азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктің мiндеттi сақтандырылуға тиiстi түрлерiне:
1) жолаушының өмiрiне, денсаулығына және мүлкiне зиян келтiру салдарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша тасымалдаушы жауапкершiлiгiнiң тәуекелi;
2) өз қызметкерлерiнiң қызметтiк міндеттерiн орындауы кезiнде олардың өмiрiне, денсаулығына зиян келтiру салдарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша жұмыс берушi жауапкершiлiгінің тәуекелi;
3) қауiптi жүктердi тасымалдау кезiндегi, сондай-ақ кемелерден аққан (екi мың және одан да көп тонна мұнай тасымалдау кезiнде) мұнаймен теңiздi ластаудан келтiрiлген залал үшiн тасымалдаушы жауапкершiлiгiнiң тәуекелi жатады.
Сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы мiндеттi сақтандыруды жүргiзудiң талаптары мен тәртiбi Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленедi .
1. Сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы қызметке жататын өнiмдi және оның өмiрлiк циклi процестерiнiң сәйкестiгiн растау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Шет мемлекет берген сәйкестiктi растау жөнiндегi құжат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес танылады.
Ескерту. 8-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.12.29. N 209 Заңымен.
1-1 тарау. Сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы қауiпсiздiктiң жалпы талаптары
Ескерту. 1-1-тараумен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.12.29. N 209 Заңымен.
1. Тасымалдау процесiне қатысушылар адам өмiрi мен денсаулығы, қоршаған орта үшiн қауiпсiздiк жағдайларын қамтамасыз етуге, сондай-ақ сауда мақсатында теңiзде жүзу қауiпсiздiгiне қойылатын талаптарды сақтауға мiндеттi.
2. Сауда мақсатында теңiзде жүзу қауiпсiздiгi адам өмiрi мен денсаулығын, қоршаған ортаны қорғауға, тасымалдау процесiне қатысушылардың авариясыз жұмыс iстеу жағдайын ұйымдастыруға, су жолдарын теңiзде жүзетiн қалыпта ұстауға, кемелердi, порттарды, жағалаудағы объектiлердi және iшкi су жолдарындағы құрылыстарды техникалық жарамды жағдайда ұстауға, сондай-ақ кемелерде авариялардың алдын алуға бағытталған ұйымдастырушылық және техникалық iс-шаралар кешенiмен қамтамасыз етiледi.
Сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы техникалық реттеу объектiлерi:
1) сауда мақсатында теңiзде жүзу үшiн пайдаланылатын кемелер, порттар, жағалаудағы объектiлер және су жолдарындағы құрылыстар;
2) сауда мақсатында теңiзде жүзу үшiн пайдаланылатын кемелердi, порттарды, жағалаудағы объектiлердi және су жолдарындағы құрылыстарды жасау (салу, жөндеу, реконструкциялау), пайдалану процестерi болып табылады.
8-2-бап. Сауда мақсатында теңiзде жүзу үшiн
пайдаланылатын кемелердi, порттарды,
жағалаудағы объектiлердi және су жолдарындағы
құрылыстарды жасау (салу, жөндеу,
реконструкциялау) кезiндегi қауiпсiздiк
талаптары
1. Сауда мақсатында теңiзде жүзетiн кемелердi жасау (салу, жөндеу, реконструкциялау) кезiнде олардың жобалау құжаттамасы мен Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы заңнамасының талаптарына сәйкестiгi қамтамасыз етiлуге тиiс.
2. Сауда мақсатында теңiзде жүзетiн кемелердi жасау (салу, жөндеу, реконструкциялау) кезiнде дайындаушы жобалық құжаттамада айқындалған қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi шаралардың бүкiл кешенiн орындауға және теңiзде жүзу қауiпсiздiгiне қатысты болатын барлық технологиялық операциялардың орындалуын бақылау мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге тиiс.
3. Егер сауда мақсатында теңiзде жүзетiн кемелердi дайындау процесiнде немесе одан кейiн қауiпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн сынақ жүргiзу талап етiлсе, онда олар жобалық құжаттамалардың барлық талаптарын орындай отырып, толық көлемде жүргiзiлуге тиiс.
4. Әрбiр кеме корпусы сәйкестендiру нөмiрiмен таңбалануға тиiс. Таңбалау көрiнетiн, анық және өшiрiлмейтiн болуға тиiс.
5. Кеме борттан асып құлап кету қаупiн болғызбайтындай және борттан тыс қалған адамдарды құтқаруды қамтамасыз ететiндей түрде әзiрленуге тиiс.
6. Негiзгi рульдiк басқару орны айналаны шолуды қамтамасыз етуге тиiс.
7. Кеме пайдалану жөнiндегi нұсқаулықпен жабдықталуға тиiс, онда өрт туындау және бату қаупiне ерекше назар аударылуы керек.
8-3-бап. Сауда мақсатында теңiзде жүзу үшiн
пайдаланылатын кемелердi, порттарды,
жағалаудағы объектiлер мен су жолдарындағы
құрылыстарды пайдалану кезiндегi қауiпсiздiк
талаптары
1. Кемелер, порттар, жағалаудағы объектiлер мен сауда мақсатында теңiзде жүзу процесiмен байланысты теңiздегi құрылыстар қауiптiлiгi жоғары аймақтар болып табылады және заңнамалық актiлер мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы актiлерiнiң талаптарына сәйкес келуге тиiс.
2. Кемелердi, порттарды, жағалаудағы объектiлердi және теңiздегi құрылыстарды пайдалануды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар заңнамалық актiлер мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы актiлерi талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге тиiс.
3. Сауда мақсатында теңiзде жүзу үшiн пайдаланылатын кемелердi пайдалану адам өмiрi мен денсаулығына және қоршаған ортаға терiс әсер етпеуге тиiс.
1. Кемелер:
1) мемлекеттiң;
2) Қазақстан Республикасының азаматтары мен мемлекеттiк емес заңды тұлғаларының;
3) егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, шет мемлекеттердiң, шетелдiктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдiк заңды тұлғалардың меншiгінде болуы мүмкiн.
2. Кеменiң меншiк иесi кемеге қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекет iстеуге, соның iшiнде кеменi басқа тұлғалардың меншiгiне берiп, иелiктен айырылуға, меншiк иесi болып қала отырып, оларға кеменi иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын беруге, кеме ипотекасын белгiлеуге және оған басқа да әдiстермен ауыртпалық салуға, өзге де түрде билiк етуге құқылы.
10-бап. Кеме атауы. Кеменi дараландыру тәртiбi
1. Теңiз кемелерінің мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде немесе кеме кiтабында мемлекеттiк тiркелуге тиiстi кеменiң өз атауы болуға тиiс.
Меншiк иесi уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен кеме атауын қояды және өзгертедi.
2. Кеме атауының өзгертiлгенi туралы меншiк иесi кеменiң тiркелген кепiлдерiн кепiлге ұстаушыларға дереу хабарлайды.
3. Кеменi дараландыру және белгi беру дабылын, сондай-ақ спутниктiк байланыстағы кеме станциясының сәйкестендiрiлген нөмiрiн беру тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.10.22. N 601 Заңымен (өзгеріс 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).
11-бап. Кеменiң ұлттығы. Қазақстан Республикасының
Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығы
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығын пайдаланушы кеме Қазақстан Республикасының ұлттығында болады.
2. Қазақстан Республикасының ұлттығын иеленушi кеме Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзуге мiндеттi.
3. Кеме осы Заңның 16-бабының 1-тармағында аталған Қазақстан Республикасының кемелерi тiзiлiмдерiнiң бiрiнде мемлекеттік тiркелген кезден бастап, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығына ие болады.
3-1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығы:
1) мемлекеттiң;
2) азаматтардың және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен тіркелген мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың меншігіндегі кемелерге берiледі.
4. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде меншiкке иемденiп алынған кеме Қазақстан Республикасының консулдық қызметi мұндай құқықты куәландыратын және кеме Теңiз кемелерінің мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде немесе кеме кiтабында мемлекеттік тіркелгенге дейiн жарамды болатын, бiрақ бiр жылдан аспайтын уақыт қолданылатын уақытша куәлiк берген кезден бастап, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығын пайдаланады.
5. Шет мемлекеттiң кемелер тiзiлiмiнде тiркелген, уәкiлеттi органның шешiмi негiзiнде, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен бербоут-чартер бойынша қазақстандық кеме жалдаушының пайдалануына берiлген кемеге Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығы уақытша берiлуi мүмкiн.
6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығын пайдаланбайтын кемеде осы тудың көтерiлгенi үшiн кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген жауаптылықты мойнына алады.
Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.10.22. N 601 (өзгеріс 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2005.06.02. N 55 (қолданысқа енгiзiлу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
12-бап. Кеменi шет мемлекет туын көтеруге
уақытша көшiру
Теңiз кемелерінің мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде немесе кеме кiтабында тiркелген кеме бербоут-чартер бойынша шетелдiк кеме жалдаушының иеленуiне немесе пайдалануына берiлген жағдайда мұндай кеме уәкiлеттi органның шешiмi негiзiнде, кейіннен әрбiр екі жыл сайын ұзарту құқығымен екi жылдан аспайтын мерзімге, бiрақ бербоут-чартердiң қолданылу мерзiмiнен аспайтын мерзiмге тиiстi тiзiлiмге тiркелiп және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығы тоқтатылып, шет мемлекеттің туын көтерiп жүзуге уақытша көшiрiлуi мүмкін.
Ескерту. 12-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.06.02. N 55 (қолданысқа енгiзiлу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
13-бап. Кеменi сенiмгерлiк басқаруға беру
1. Егер шартта өзгеше көзделмесе, кеменiң меншiк иесi меншiк иесiнiң мүдделерiне сыйақы алу үшiн кеменi басқаруды сенiмгерлiк басқару шарты бойынша жүзеге асыру үшiн сенiмгер басқарушыға беруге құқылы.
Шаруашылық жүргiзудегi немесе оралымды басқарудағы кеменi меншiк иесiнің немесе уәкiлеттi органның келiсiмiнсiз сенiмгер басқаруға беруге болмайды.
Кеменiң сенiмгерлiк басқаруға берiлуi оған меншiк құқығымен сенiмгерлiк басқарушыға ауысуына әкеп соқпайды.
2. Кеменiң сенiмгерлiк басқаруға берiлуi Теңiз кемелерінің мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде немесе кеме кiтабында мiндеттi түрде мемлекеттiк тiркелуге тиiс.
3. Кемелердi басқару және оларды пайдалану саласында құзыреттi тұлға сенiмгер басқарушы бола алады.
4. Кеменi сенiмгерлiк басқару шарты Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында көзделген талаптарға сәйкес келуге тиiс.
Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.10.22. N 601 Заңымен (өзгеріс 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).
1. Кеме құжаттары нысандарының тiзбесiн, оларды жүргiзу тәртiбiн уәкiлеттi орган айқындайды .
Кемеде мынадай кеме құжаттары:
1) теңiз кемесiнiң Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығы туралы куәлiк;
2) кемеге меншiк құқығы туралы куәлiк;
3) жүзуге жарамдылығы туралы куәлiк;
4) жолаушы куәлiгi (жолаушы кемелерi үшiн);
7) мұнаймен ластануды болдырмау туралы куәлiк;
8) ағынды сулармен ластануды болдырмау туралы куәлiк;
9) қоқыспен ластануды болдырмау туралы куәлiк;
13) машина журналы (механикалық двигателi бар кемелер үшiн);
15) ағынды суларға қатысты операциялар журналы;
16) қоқысқа қатысты операциялар журналы;
17) мұнай танкерлерi болып табылмайтын кемелер үшiн мұнай операциялары журналы;
18) мұнай танкерлерi үшiн мұнай операциялары журналы;
19) жүзу құқығы туралы кеме санитарлық куәлiгi;
20) кеме билетi (кемелердiң кейбiр санаттары үшiн);
21) бербоут-чартер шарттарында жалға алынған шетелдiк теңiз кемесiне Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығын уақытша беру туралы куәлiк;
22) кемеге (жасалып жатқан кемеге) құқықты мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк;
23) кеменiң Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығы туралы уақытша куәлiк;
24) кеме тiзiлiмiнiң сауалнамасы;
25) қысқы тоқтап тұрудағы кемелердi орналастыру жоспары және бекiту тәсiлдерi;
26) авариялық жағдайды тексеру туралы актi (авариялық жағдайды тексеру кезiнде);
27) кеменi куәландыру актiлерi;
28) кеме құрылысы және кеме жөндеу зауыттарын тану туралы куәлiк;
29) кемелердi және порттық құрылыстарды күзету жөнiндегi халықаралық талаптарға сәйкес кемелердi күзету жөнiндегi құжаттар;
30) кеме жүргiзушiлерiнiң, кеме электромеханиктерiнiң, кеме радиомамандарының және кеме механиктерiнiң дипломдары;
31) кеме командасы адамдарының бiлiктiлiк куәлiктерi;
32) теңiзге батқан мүлiктi көтерiп шығаруға, портта құрылыс, гидротехникалық және өзге де жұмыстарды жүргiзуге рұқсат ету құжатының нысаны болуға тиiс.
2. Шетелде жүзуге шығатын кемелердiң, Қазақстан Республикасының суларында жүзуге арналған тиiстi ережелерде көзделген құжаттардан басқа, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда белгiленген құжаттары болуға тиiс.
3. Шет мемлекеттердің Қазақстан Республикасының аумақтық суларына кiретiн кемелерiнде Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда белгiленген құжаттар болуға тиiс.
Ескерту. 14-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.01.31. N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
15-бап. Кемелердi техникалық қадағалау
1. Кеме теңiзде жүзу қауiпсiздiгi талаптарын қанағаттандыратыны белгiлi болғаннан кейiн ғана жүзуге жiберiлуi мүмкін.
2. Теңіз кемелерiн техникалық қадағалауды, куәландыруды және сыныптауды тиiсiнше Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртіппен уәкілетті орган және сыныптау қоғамдары жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының өзге мемлекеттік органдары мен ұйымдарының кемелерге және кеменің жекелеген элементтерiне техникалық қадағалау жүргiзiлуiне жол берілмейді.
Кемеге сынып беру уәкiлетті орган және сыныптау қоғамы беретін сыныптау куәлігімен куәландырылады.
3. Кеме құжаттары болмаған кезде немесе шетел туын көтерiп жүзiп жүрген кеме Қазақстан Республикасының теңiз портына келген кезде, тиiстi құжаттарының болуына қарамастан, теңiзде қауіпсiз жүзудің техникалық регламенттерде белгiленген талаптарын қанағаттандырмаса, уәкiлеттi орган мұндай кеменi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзушi кемелермен бiрдей негiзде куәландырудан өткiзуге құқылы.
Ескерту. 15-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.06.02. N 55 (қолданысқа енгiзiлу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.12.29. N 209 Заңдарымен.
3-тарау. КЕМЕЛЕРДI ЖӘНЕ ОЛАРҒА ҚҰҚЫҚТАРДЫ
МЕМЛЕКЕТТIК ТIРКЕУ
16-бап. Қазақстан Республикасының кеме тiзiлiмдерi
1. Кеме Қазақстан Республикасы кеме тiзiлiмдерiнiң (бұдан әрi - кеме тiзiлiмдерi) бiрiнде:
1) Теңiз кемелерінің мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде;
3) бербоут-чартер тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркелуге тиiс.
2. Кемеге меншiк құқығы және өзге де заттық құқықтар, сондай-ақ онымен жасалатын мәмiлелер кеме тiркелген тиiстi тiзiлiмде мiндеттi түрде мемлекеттiк тiркелуге тиiс.
3. Мемлекеттiк тiркелуге тиiс, жасалып жатқан кеме жылжымайтын мүлiкке теңестiрiледi.
Жасалып жатқан кемеге меншiк құқығы киль салынған немесе сарапшының қорытындысымен расталған тең бағалы құрылыс жұмыстары жағдайында жасалып жатқан кемелер тiзілiмiнде тiркелуi мүмкiн. Жасалып жатқан кемеге меншiк құқығын мемлекеттік тiркеген кезде тиiстi куәлiк берiледi.
3-1. Кемеге немесе жасалып жатқан кемеге тіркелген құқықтар (құқықтар ауыртпалықтары) туралы мәліметтер жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтардың және онымен жасалатын мәмілелердің бірыңғай мемлекеттік тізіліміне (құқықтық кадастр) енгізілуге тиіс.
4. Теңiз кемелерінің мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде теңіз, жолаушылар, жүк-жолаушылар кемелері, мұнай құйып тасушы, сүйретiп жүзушi кемелер, қалқымалы бұрғылау құрылғылары, құрғақ жүк тасушы кемелер, қалқымалы крандар және техникалық флот кемелерi (жер снарядтары және басқалар), сондай-ақ қуаттылығы елу бес киловаттан кем емес бас двигательдi өздiгiнен жүретiн кемелер және сыйымдылығы сексен тоннадан кем емес өздiгiнен жүрмейтiн кемелер тiркеледi.
5. Кеме кiтаптарында бас двигательдердiң қуаттылығына және сыйымдылығына қарамастан, спорттық, серуендiк кемелер, сондай-ақ осы баптың 4-тармағында аталмаған кемелер тiркеледi.
6. Теңiз кемелерінің мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде және кеме кiтаптарында гидроұшақтар, сондай-ақ шлюпкалар мен кеменiң керек-жарақтары болып табылатын өзге де қалқымалы құралдар тiркелмейдi.
7. Бербоут-чартер тiзiлiмiнде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзуге уақытша құқық берiлген кемелер бербоут-чартердің қолданылу мерзімін әрбiр екi жыл сайын одан әрi ұзарта отырып, екi жыл мерзiмге, бірақ бербоут-чартердiң қолданылу мерзiмiнен аспайтын мерзімге тiркеледi.
8. Теңiз кемелерiн мемлекеттiк тiркеу, қайта тiркеу және мемлекеттік тiркеудi куәландыратын құжаттың телнұсқасын беру үшiн Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгiленген тәртiппен және мөлшерде алым алынады.
Ескерту. 16-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.10.22. N 601 (өзгеріс 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2005.06.02. N 55 (қолданысқа енгiзiлу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.07.26. N 311 Заңдарымен.
17-бап. Кеме тiзіліміне енгiзiлетiн мәлiметтердiң
өзгертiлуi
Кемелер тiзiлiмiне енгiзiлуге тиiстi мәлiметтердiң кез келген өзгерiсi туралы кеменің меншiк иесi немесе оны бербоут-чартер бойынша кеменi жалдаушы кеме тiркелген порттың теңiз әкiмшiлiгiне екi апта iшiнде хабарлауға мiндеттi.
18-бап. Мемлекеттiк органдар пайдаланатын кемелердi
мемлекеттiк тiркеу
Әскери корабльдердi, әскери-қосалқы кемелер мен шекара корабльдерiн қоспағанда, Қазақстан Республикасының меншiгiндегi және мемлекеттiк органдар өздерiне жүктелген функцияларды атқару үшiн пайдаланатын кемелердi мемлекеттiк тiркеу мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде немесе кеме кiтабында кемелердi және оларға құқықтарды мемлекеттік тiркеу ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 18-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.10.22. N 601 (өзгеріс 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2005.06.02. N 55 (қолданысқа енгiзiлу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
18-1-бап. Кемелердi қайта тiркеу
Егер кеме оқиғаның немесе кез келген басқа себептiң салдарынан Теңіз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзілімiне немесе кеме кiтабына бұрын енгізiлген мәлiметтерге сәйкес келмей қалған жағдайда, куәландырылғаннан және жүзуге жарамдылығы туралы куәлiкті алғаннан кейін Қазақстан Республикасының Үкiметі белгілеген тәртіппен кеменi мемлекеттік қайта тiркеу жүзеге асырылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының меншiгіндегі және мемлекеттік органдар өздерiне жүктелген функцияларды орындау үшін пайдаланатын кеменi коммерциялық мақсатта пайдалану да кемені қайта тіркеу үшін негіз болып табылады.
Ескерту. 18-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2005.06.02. N 55 (қолданысқа енгiзiлу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
18-2-бап. Кеменi Теңiз кемелерінің мемлекеттік кеме
тізiлiмiнен немесе кеме кiтабынан шығару
Теңіз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзiлiмiнен немесе кеме кiтабынан:
1) опат болған немесе хабарсыз жоғалып кеткен;
2) конструкциялық жағынан күйреген;
3) қайта жасау немесе кез келген басқа да өзгерiстер салдарынан кеме сапасын жоғалтқан;
4) осы Заңның 11-бабының 3-1-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмей қалған кеме шығарылуға жатады.
Ескерту. 18-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2005.06.02. N 55 (қолданысқа енгiзiлу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
19-бап. Кеменi және оған құқықтарды мемлекеттiк
тiркеуден бас тарту
Кеменi және оған құқықтарды мемлекеттiк тiркеуден:
1) мемлекеттiк тiркеу туралы өтiнiштi тиiстi емес тұлға жасаған;
2) кемелердi және оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу ережелерiнде көзделген талаптар сақталмаған;
3) мемлекеттiк тiркеу үшiн ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген талаптарға сай келмеген жағдайларда бас тартылуы мүмкiн.
20-бап. Кеменi мемлекеттiк тiркеу портының өзгертiлуi
Кеменi мемлекеттiк тiркеу порты кеменiң меншiк иесiнің өтiнiшi бойынша өзгертiлуi мүмкiн. Кеменi мемлекеттiк тiркеу портының өзгертiлуiн мемлекеттiк тiркеу кемелердi және оларға құқықтарды тiркеу ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 20-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.10.22. N 601 Заңымен (өзгеріс 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).
21-бап. Кемелердi мемлекеттiк тiркеу ережелерiн
бұзғандық үшiн жауаптылық
Кеменi мiндеттi мемлекеттiк тiркеуден жалтарған тұлға, сондай-ақ кеменi кеме тiзiлiмдерiнiң бiрiнде белгіленген тәртiптi бұза отырып тiркеген немесе кеме тiзiлiмдерiне енгiзiлген мәлiметтердiң өзгергенi туралы хабарлау мiндетiн бұзған тұлға Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жауаптылықты мойнына алады.
22-бап. Кеме экипажының құрамы
1. Кеме экипажының құрамына кеме капитаны, кеменiң командалық құрамының басқа да адамдары мен кеме командасы кiредi.
2. Кеменiң командалық құрамына кеме капитанының көмекшiлерi, механиктер, электр механиктерi, радиомамандар мен дәрiгерлер енедi. Уәкiлеттi орган басқа мамандарды да кеменiң командалық құрамына енгiзуi мүмкiн.
3. Кеме командасы кеменiң командалық құрамына жатқызылмайтын адамдардан тұрады.
23-бап. Кеме экипажының ең аз құрамы
1. Әрбiр кеменiң бортында экипаж болуға, оның құрамы кеменiң жүзу қауiпсiздiгi мен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету үшiн кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптарға сай болуға тиiс.
2. Кеменiң типi мен арналған мақсатына, сондай-ақ оның жүзу ауданы мен жүрген жерiне қарай экипаждың ең аз құрамын уәкiлеттi орган белгiлейдi .
3. Кеменiң жүзу қауiпсiздiгi мен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететiн экипаждың ең аз құрамы туралы куәлiктi кеменi мемлекеттiк тiркеу жүзеге асырылған теңiз портының капитаны бередi.
24-бап. Кеме экипажының мүшелерiне қойылатын талаптар
1. Кеме экипажы мүшелерiнiң қызметтерiн атқаруға Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен кеме экипажының мүшелерiн дипломдау ережелерiне сәйкес тиiстi бiлiктiлiгi бар адамдар жiберiледi.
2. Кемеде жұмыс iстеуге өздерiнiң денсаулық жағдайы бойынша осындай жұмысқа жарамдылығын куәландыратын куәлiктерi бар адамдар жiберiледi.
25-бап. Кеме экипажы мүшелерiнiң азаматтығы
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзетін кеме экипажының құрамына Қазақстан Республикасының азаматтарынан басқа, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар кiруі мүмкiн.
Шетелдiктер және азаматтығы жоқ адамдар кеме капитаны, капитанның аға көмекшiсi және аға механик қызметін атқара алмайды.
2. Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар кеме экипажы құрамына кiре алатын жағдайларды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уәкiлеттi орган айқындайды .
Ескерту. 25-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.06.02. N 55 (қолданысқа енгiзiлу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
26-бап. Кемедегi еңбек қатынастары
Кеме экипажының мүшелерімен еңбек шартын жасасу тәртібі, олардың құқықтары мен міндеттері, еңбек және ақы төлеу шарттары, сондай-ақ олармен еңбек шартын тоқтатудың тәртібі мен негіздері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен және осы Заңмен айқындалады .
Ескерту. 26-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2007.05.15. N 253 Заңымен.
27-бап. Кеме экипажы мүшелерiнiң отанына оралуы
1. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде еңбек мiндеттерiн атқарушы кеме экипажы мүшелерiнiң:
1) еңбек шартының қолданылу мерзiмi бiткен;
2) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес кеме иесiнiң немесе кеме экипажы мүшесiнiң бастамасымен еңбек шарты бұзылған;
3) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген тәртiппен кеме капитаны қызметтiк міндеттерiн атқарудан шеттеткен;
5) кемеден тыс емдеудi талап ететiн аурумен ауырған;
6) кеме иесiнiң банкроттық, кеменi сату немесе мемлекеттiң кеменi тiркеудi өзгертуi салдарынан өзiнiң кеме экипажының мүшелерiне қатысты Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы мен еңбек шарттарында көзделген мiндеттерiн орындауы мүмкiн болмаған;
7) экипаж мүшелерiнiң келiсiмiнсiз кеме соғыс қимылдары аймағына немесе эпидемиологиялық қауiптi аймаққа жiберiлген жағдайда отанына оралуға құқығы бар.
2. Кеме экипажы мүшесiнiң тiлегi бойынша:
2) өзi кемеге жұмысқа алынған портқа;
3) еңбек шартын жасау кезiнде көрсетiлген басқа пунктке қайтып оралуы жүзеге асырылады.
3. Кеме иесi отанына оралтуды тиiсiнше әрi тез ұйымдастыруға мiндеттi. Отанына оралу әуе көлiгiмен, ал ол болмаған кезде немесе тараптардың келiсiмi бойынша, көлiктiң өзге де түрлерiмен жүзеге асырылады.
4. Отанына оралу шығындарын кеме иесi көтередi.
Кеме экипажы мүшелерiнiң отанына оралу шығындары:
1) оралу орнына дейiнгi жолақы құнын;
2) экипаж мүшесi кеменi тастап шыққан кезден бастап, экипаж мүшесi отанына оралу орнына жеткен кезге дейiнгi тамағы мен тұрағының құнын;
3) егер қажет болса, экипаж мүшесi денсаулық жағдайы бойынша отанына оралу орнына баруға жарамды болғанға дейiнгi экипаж мүшесiнiң емделу құнын;
4) отанына оралу орнына дейiн отыз килограмм багаж алып жүруді;
5) экипаж мүшесi кеменi тастап шыққан кезден бастап, кеме экипажының мүшесi отанына оралу орнына жеткен кезге дейiнгi еңбек шарты бойынша төлемдi қамтиды.
5. Экипаж мүшесiнiң отанына оралуын туғызған себептер оның еңбек мiндеттерiн орындау кезiндегi өз кiнәсiнен туындаған жағдайда не кеме экипажы мүшесiнiң бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылған жағдайда оның отанына оралуына жұмсалған шығындарды кеме иесiнiң өтеткiзiп алуға құқығы бар.
28-бап. Кеме иесiнiң мiндеттерi
1. Кеме иесi экипаж мүшелерi кемеде болған уақытта оларды:
1) қауiпсiз еңбек жағдайларымен;
2) денсаулығын сақтаумен және медициналық көмекпен;
3) құтқару құралдарының болуымен;
4) азық-түлiкпен және сумен iркiлiссiз жабдықтаумен;
5) демалу, тамақтану, емделу, мәдени және тұрмыстық қызмет көрсетілуi үшiн санитариялық-гигиеналық талаптарға сай келетiн орындармен қамтамасыз етуге мiндеттi.
РҚАО-ның ескертпесі!
2-тармақты жаңа редакцияда енгізу көзделген - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2010.08.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2. Кеме иесi кеме экипажы мүшелерiнiң еңбек мiндеттерiн атқаруы кезiнде олардың өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрiлгенi үшiн Қазақстан Республикасының сақтандыру туралы заңдарына сәйкес жауапкершiлiгiн сақтандыруға мiндеттi.
3. Кеме ұшыраған оқиғаның салдарынан экипаж мүшесiнiң мүлкi жойылған немесе зақымданған жағдайда кеме иесi экипаж мүшесiне келтiрiлген залалды өтеуге мiндеттi. Кеме ұшыраған оқиғаға кiнәлi экипаж мүшесiнiң мүлкiне келтiрiлген залал өтелуге жатпайды.
4. Кеме иесi оның кемелері ұшыраған авариялық жағдайларды тексеру кезінде көмек көрсетуге мiндетті.
Ескерту. 28-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.06.02. N 55 (қолданысқа енгiзiлу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
1. Кеме капитанына кеменi басқару, соның iшiнде кеме жүргiзу, кеменiң жүзу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау, кемедегi тәртiптi сақтау, кемеге, кемедегi адамдар мен жүкке зиян келтiрудi болғызбау жөнiнде шаралар қолдану жүктеледi.
2. Кеме иесi, жүк иесi немесе олардың заңды өкiлдерi болмағанда, кеме, жүк немесе жүзу жөнiнен қажеттi мәмiлелер жасалған кезде, сондай-ақ кемедегi мүлiкке қатысты талап қою жасалған жағдайда кеме капитаны кеме иесi мен жүк иесiнiң өкiлi болып табылады.
3. Кеме капитанының қызметтiк мiндеттерiн орындауына кедергi болатын ерекше жағдайларда (қайтыс болуы, ауыруы және өзге де жағдайларда) кеме капитанының мiндеттерi кеме иесiнiң тиiстi өкiмi алынғанға дейiн кеме капитанының аға көмекшiсiне жүктеледi.
30-бап. Кеме капитанының құқықтары
Капитан өз өкiлеттiктерi шегiнде:
1) кемедегi барлық адамдар орындауға тиiстi өкiм беруге;
2) кеменiң опат болу қатерi төнген жағдайда, кеме экипажы жолаушылардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде барлық шараларды қолданғаннан кейiн, экипаж мүшелерiнiң кемеден кетуiне рұқсат етуге;
3) экипаж мүшелерiне Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес көтермелеудi қолдануға және жаза қолдануға;
4) экипаж мүшелерiн қызметтiк мiндеттерiн атқарудан шеттетуге;
5) кеменiң және (немесе) ондағы адамдар мен мүлiктiң қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн адамды, соның iшiнде жұқпалы аурулар жұқтырады деп сезiк келтiрiлген адамды мiндеттi түрде оқшаулауға;
6) Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдарында көзделген қылмыс жасады деп сезiк келтiрiлген адамды ұстауға және оны Қазақстан Республикасының кеме кiретiн бiрiншi портындағы құзыреттi органдарға беру үшiн арнайы бейiмделген орында ұстауға;
7) егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта көзделсе, Қазақстан Республикасының азаматын, сондай-ақ тұрақты тұрғылықты жерi Қазақстан Республикасы болып табылатын азаматтығы жоқ адамдарды қоспағанда, кеменiң теңiзде жүзу қауiпсiздiгiне қарсы бағытталған қылмыс жасады деп сезiк келтiрiлген адамды шет мемлекеттiң құзыреттi органдарына беруге;
8) қажет болған жағдайда азаматтың өсиетiн куәландыруға құқылы, ол Қазақстан Республикасының нотариат туралы заңдарына сәйкес нотариаттың куәландыруына теңестiрiледi. Өсиеттi куәландырған кеме капитаны өсиет куәландырылған күннен бастап он күн iшінде, ал егер бұл дәлелдi себептермен мүмкiн болмаса, осындай мүмкiндiк тууына қарай куәландырылған өсиеттiң бiр данасын өсиет қалдырушының тұрақты тұрғылықты жерi бойынша нотариустың сақтауына беруге мiндеттi;
9) Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңдарына сәйкес куәлар қойған қолдың шын өз қолдары екенiн куәландыруға құқылы.
31-бап. Кеме капитанының міндеттері
1. Кеме капитаны:
1) осы Заңның 129-бабына сәйкес кеме иесi мен кеменi жалдаушының өкiмдерiн орындауға;
2) егер көмек көрсету өз кемесіне, оның экипажы мен жолаушыларына елеулi қауiп төндiрiлмей жасалатын болса, теңiзде апатқа ұшыраған адамға көмек көрсетуге;
3) кемелер соқтығысқан жағдайда, егер қолданылатын шараларды өз кемесiне, оның экипажы мен жолаушыларына елеулi қауiп төндiрмей жасау мүмкiн болса, екiншi кеменi құтқару үшiн тиiстi шаралар қолданып, мүмкiн болған жағдайда өз кемелерiнiң атауларын, олар тiркелген порттарды, сондай-ақ шыққан және баратын порттарын хабарлауға;
4) кеме бортындағы адамға шұғыл медициналық көмек қажет болған жағдайда, ол көмектi кеме теңiзде жүрген кезде көрсету мүмкiн болмаса, мұндай жағдайды кеме иесiне хабарлап, ең жақын портқа кiруге немесе ондай адамды ең жақын портқа жеткiзу жөнiнде шаралар қолдануға; кеме шетелдiк портқа кiрген немесе әлгiндей адам шетелдiк портқа жеткiзiлген жағдайда Қазақстан Республикасының консулдық мекемесiне де хабарлауға;
5) шығатын порт немесе баратын порт ауданында не кеме жүрiп өтуге тиiстi ауданда соғыс қимылдары жүрiп жатқан жағдайларда, сондай-ақ соғыс қаупi бар өзге де жағдайларда кемедегi адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, кеменiң опат болуы мен басып алынуын болғызбау, кеме құжаттарының, жүктiң және өзге де мүлiктiң сақталуы жөнiнде барлық шараларды қолдануға;
6) кеменiң опат болу қаупi төнген жағдайда кемедегi жолаушылардың қауiпсiздiгiн және кеме құжаттары мен өзге де құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолдануға;
7) кеменiң опат болу қаупi төнген жағдайда, кеме экипажы жолаушылардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi барлық шараларды қолданғаннан кейiн кемеден ең соңынан кетуге;
8) қажет болған жағдайда 30-баптың 6) тармақшасында аталған адамды анықтау материалдарын берiп, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзіп жүрген басқа кемемен Қазақстан Республикасына жiберуге;
9) iс жүзiне асыруға болатын жағдайда кеме шет мемлекеттiң аумақтық суларына кiргенге дейiн оның құзыреттi органдарына 30-баптың 7) тармақшасында аталған адамды өзiнiң оларға беру ниетi және оны берудiң себептерi туралы хабар жiберуге, сондай-ақ аталған органдарға қолда бар дәлелдемелердi беруге;
10) кеме Қазақстан Республикасының портында болған кезде Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдарында көзделген қылмыс белгiлерi байқалған жағдайда, ол туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға;
11) алыста жүзiп жүрген кемеде Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдарында көзделген қылмыс белгілерi байқалған жағдайда Қазақстан Республикасының қылмыстық iс жүргiзу заңдарына сәйкес анықтау органының функцияларын атқаруға;
12) кеме журналына азаматтың туу немесе қайтыс болу фактiлерi туралы жазба жасауға;
13) азамат қайтыс болған жағдайда жұбайына (зайыбына) не жақын туыстарының бiрiне хабарлауға, сондай-ақ өлген адамның кемедегi мәйiтi мен мүлкiнiң сақталуын қамтамасыз етiп, оларды Қазақстан Республикасының кеме кiретiн алғашқы портының капитанына тiзбеге сәйкес беруге;
14) карантиндiк немесе ерекше қауiптi жұқпалы ауру деген сезiк болған жағдайда өлген адамның немесе жануардың мәйiтiн зарарсыздандыру жөнiнде шаралар қолдануға;
15) өлген адамның мәйiтiн сақтау және отанына жiберу жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi. Мұндай мүмкiндiк болмаған жағдайда өлген адамның мәйiтiн жерге көмуге немесе оны кремациялап, күл салынған сауытты оның отанына жiберуге;
16) кеме иесiне авариялық жағдай туралы хабарлауға, уәкiлеттi орган бекiткен кемелер ұшыраған авариялық жағдайларды тексеру ережесіне сәйкес алдын ала тексеру жүргізуге және кеме не оның экипажы бiрiншi қазақстандық портқа келгеннен кейiн үш тәулiк ішінде порт капитанына авариялық жағдай туралы егжей-тегжейлi хабарламаны, кеме құжаттарынан үзінді-көшірмелердi, қатысы бар адамдар мен куәлердiң түсiнiктемелерiн беруге міндетті.
Қажет болған кезде өзі жазатын таспаларды, олардың мағынасы таратылып жазылған шифрларын, жүзу жолы көрсетiлген жол картасын, маневрлеу схемасын, зақымданулардың схемалары мен сызбаларын, басқа да қажеттi құжаттарды табыс етуге мiндетті.
Кеме ұзақ уақыт бойы ашық теңiзде жүзуге тиiс болып және өлген адамның мәйiтiн сақтау мүмкiн болмаған ерекше жағдайда, өлген адамның мәйiтi тиiстi акт жасалып, теңiз ғұрыптарына сәйкес теңiзге тасталуы керек.
2. Кеме капитаны осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында белгiленген мiндеттердi бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жауапты болады.
Ескерту. 31-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.06.02. N 55 (қолданысқа енгiзiлу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
32-бап. Теңiз порттарының құқықтық мәртебесi
мен түрлерi
1. Теңiз портының құқықтық мәртебесi осы Заңмен, өзге де нормативтiк құқықтық актiлермен айқындалады.
2. Теңiз порттары мемлекеттiк меншiкте, сондай-ақ азаматтардың және мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың меншiгiнде болуы мүмкiн.
Халықаралық маңызды мәртебесi бар теңiз порттары тек мемлекеттiк меншiкте ғана бола алады.
Халықаралық маңызы бар теңiз портының мәртебесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
3. Теңiз порттары жалпыға ортақ пайдалану объектiлерi болып табылады және мақсатына қарай - сауда порттары және мамандандырылған порттар (балық, мұнай және басқалар) болып бөлiнедi.
4. Теңiз порты үшiн жер учаскелерiн беру, сондай-ақ бұл учаскелердi алып қою Қазақстан Республикасының жер заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
5. Мемлекеттiк маңызы бар, Қазақстан Республикасының Yкiметi анықтайтын теңiз порттарын салу, реконструкциялау үшiн жер учаскелерi Қазақстан Республикасының жер заңдарында белгiленген тәртiппен меншiк иесiнен немесе жер пайдаланушыдан алып қойылуы мүмкін.
33-бап. Теңiз порты режимiнiң сақталуы
Теңiз портында болған уақытта кеменiң экипажы Қазақстан Республикасының портта жүзу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi заңдарын, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың талаптарын сақтауға мiндеттi.
34-бап. Теңiз порты аумағын пайдалану
Теңiз портындағы ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) үй-жайлардың иелерi өздерiне жүктелген функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шарт талаптарымен қажеттi ғимараттар, құрылыстар және (немесе) үй-жайлар бередi және қызмет көрсетедi.
35-бап. Теңiз портында көрсетiлетiн қызметтер
1. Теңiз порты жүк тиеудi (түсiрудi) және кемелерге олардың келу кезектiлiгi тәртiбiмен қызмет көрсетудi, жүкпен көлiктiк-экспедиторлық және қойма операцияларын, көлiктің басқа түрлерiнен жүктi теңiз көлiгiне ауыстырып тиеудi және керiсiнше iстеудi, теңiз кемелерi жолаушыларына қызмет көрсетудi, сондай-ақ порт кемелерiнде және көлiктiң басқа түрлерiнде жолаушылар, багаж бен жүк тасымалдауды жүзеге асырады.
2. Тиеу-түсiру жұмыстарын және өзге де техникалық операцияларды теңiз терминалының операторы жүзеге асыра алады.
Мемлекеттік меншiктегі теңiз порттарында теңіз терминалдарының кемiнде екi операторы болуы міндетті.
3. Теңiз портының мiндеттi қызмет көрсету тiзбесiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi . Теңiз портының мiндеттi қызмет көрсетуiне баға (тарифтер) мен оның шектi деңгейiн белгілеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi.
4. Тiзбеге енбейтiн мiндеттi қызмет көрсетулер үшiн төлем мөлшерi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасалған шарттармен айқындалады.
Ескерту. 35-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.06.02. N 55 (қолданысқа енгiзiлу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
36-бап. Теңiз портының (теңiз терминалы операторының)
жауапкершiлiгi
1. Теңiз порты (теңiз терминалының операторы) жүктiң жоғалғаны, кем шыққаны немесе зақымданғаны (бүлiнгенi), сондай-ақ оны өз қарамағына қабылдап алған кезiнен бастап, берген кезiне дейiн берiлу мерзiмi өтiп кеткен уақыт үшiн мүлiктiк жауапкершiлiкте болады.
2. Теңiз портына (теңiз терминалының операторына) техникалық операциялар салдарынан келтiрілген залал, оларға:
1) жүк жоғалтылған немесе кем шыққан жағдайда - жоғалтылған немесе кем шыққан жүк құнының мөлшерiнде;
2) жүк зақымданған (бүлiнген) жағдайда - оның құны төмендеген сома мөлшерiнде, ал зақымданған мүлiктi қалпына келтiру мүмкiн болмаған кезде оның құны мөлшерiнде өтеледi.
3. Теңiз портының (теңiз терминалы операторының) жүк берiлу мерзiмi өтiп кеткен уақыт үшiн жауапкершiлiгi шартта белгіленедi.
37-бап. Мiндеттемелердi қамтамасыз ету
1. Теңiз порты (теңiз терминалының операторы) тиеу-түсiру жұмыстары мен өзге де техникалық операцияларды жүзеге асырғаны үшiн өзiне тиесiлi төлемдердi қамтамасыз ету мақсатында жүктердi ұстап қалып, оны Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында көзделген тәртiппен сатуға құқылы.
2. Теңiз портының (теңiз терминалы операторының) контейнерлердi және (немесе) тасымалдаушыға немесе жөнелтушiге тиесiлi емес, өзге де сол сияқты тасымалдау және буып-түю құралдарын, осы құралдарды жөндеуге немесе жетiлдiруге жұмсалған шығындарды өтеу жағдайларын қоспағанда, сатуға құқығы жоқ.
38-бап. Талап қоюды қамтамасыз ету жөнiнде
шаралар қолдану кезiндегi шектеулер
Соттардың немесе өзге де құзыреттi органдардың жалпыға ортақ пайдаланудағы теңiз порты мүлкiне тыйым салу түрiндегi талап қоюды қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолдануы мұндай мүлiктi пайдаланудың әдеттегi тәртiбiн қамтамасыз етуге тиiс.
7-тарау. ТЕҢIЗ ПОРТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТIК БАҚЫЛАУ
39-бап. Порттың теңiз әкiмшілiгi
1. Порттың теңiз әкiмшiлiгi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi болып табылады.
2. Порттың теңiз әкiмшiлiгi мынадай функцияларды:
1) кемелердiң тiзiлiмiн және мемлекеттiк тiркелуiн жүргiзудi, тиiстi кеме құжаттарын берудi;
2) кемеге және жасалып жатқан кемеге меншiк құқықтарын, кеме немесе жасалып жатқан кеме кепiлiн және оларға өзге де құқықтарды мемлекеттiк тiркеудi, тиiстi құжаттар берудi;
3) кеме экипажының мүшелерiне дипломдар, бiлiктiлiк куәлiктерiн, олардың берiлгенiне растамалар мен теңiзшi паспортын берудi;
4) кеме құжаттарын, дипломдарды, бiлiктiлiк куәлiктерiн және дипломдар мен бiлiктiлiк куәлiктерiне растамаларды тексерудi;
5) кемелердiң портқа кiру және олардың порттан шығу тәртiбi туралы талаптардың сақталуына бақылау жасауды;
6) кемелердiң портқа келуiн және олардың порттан шығуын ресiмдеудi;
7) лоцмандық қызмет көрсету жұмысына және кемелер жүрiсiн басқару жүйесiне бақылау жасауды;
8) кемелердi портқа кiрерде және порт айдынының шегiнде мұзжарғыштардың iлестiрiп өтуiне бақылау жасауды;
9) теңiзге батқан мүлiктi көтерiп шығаруға рұқсаттар берудi;
10) портта құрылыс, гидротехникалық және өзге де жұмыстарды жүргiзуге рұқсаттар берудi;
11) уәкiлеттi орган бекiткен ережелерге сәйкес кемелердің авариялық оқиғаларын тексерудi;
12) мемлекеттiк (кедендiк, шекаралық, санитариялық-карантиндiк, фитосанитариялық, ветеринариялық және басқа) органдардың теңiз порты аумағында орналасатын жерiн белгiлеудi;
13) порттағы құрылыстардың және оларды пайдаланудың техникалық жай-күйiне бақылау жасауды;
14) өртке қарсы бақылау жасауды жүзеге асырады.
40-бап. Теңiз портының капитаны
1. Теңiз портының капитаны порттың теңiз әкiмшiлiгiн басқарады және өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырады.
2. Теңiз портының капитаны қызметiне арнаулы жоғары бiлiмi, капитан дипломы және порттың теңiз әкiмшiлiгiнде кемiнде үш жыл жұмыс стажы бар адам тағайындалады.
3. Порт капитанын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уәкiлеттi орган қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады.
4. Теңiз портының капитаны өз құзыретi шегiнде:
1) порттағы барлық кемелерге, жеке және заңды тұлғаларға мiндеттi өкiмдер шығаруға, соның ішінде порттың айдынында және кіреберіс каналында кемелердің суға батып тұруының мөлшерлi шегін жариялауға;
2) портта тұрған кеменi порт айдыны шегінде апатқа ұшыраған адамдар мен кемелердi құтқару iсiне қатыстыру үшiн тартуға;
3) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарына сәйкес әкiмшiлiк жазалар қолдануға;
4) кемелердiң мiндеттi түрде лоцмандық алып өтiлуiн белгiлеуге;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларда кеменi қарап тексеруге;
6) кеменiң теңiз портынан шығуына рұқсат беруге кедергi жасайтын кемшiлiктердiң жойылуын тексеру мақсатында кемеге бақылаушылық тексеру жүргiзуге;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда кеменiң портқа кiруi мен одан шығуы туралы шешiмдер қабылдауға;
8) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыруға құқылы.
1) теңiзге шығатын кемелерге бақылау жасауды жүзеге асыруға;
2) кеменiң теңiз портынан шығуына рұқсат беруге;
3) осы Заңда белгiленген жағдайларда кеменiң теңiз портынан шығуына рұқсат беруден бас тартуға;
4) суға батқан мүлiктi алып шығу үшiн белгiленген мерзiмдер туралы мәлiметтердi бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға;
5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыруға мiндеттi.
Ескерту. 40-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.06.02. N 55 (қолданысқа енгiзiлу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
41-бап. Кемелерге бақылау жасау
1. Теңiзге шығатын кемелерге бақылау жасауды жүзеге асыру кезiнде теңiз портының капитаны:
2) кеменiң негiзгi сипаттамасының кеме құжаттарына сәйкестiгiн;
3) кеме экипажын жинақтауға қойылатын талаптардың сақталуын тексередi.
2. Кеме құжаттары болмаған немесе кеменiң теңiзде жүзу қауiпсiздiгi талаптарын қанағаттандырмайтынына жеткiлiктi негiздер болған жағдайда теңiз портының капитаны кеменi тексерiп қарай алады.
3. Кеменiң теңiз портынан шығуына рұқсат беруге кедергi жасайтын кемшiлiктердің жойылғанын тексеру мақсатында теңiз портының капитаны кеменi бақылап тексеруi мүмкiн.
42-бап. Кемелердің теңiз портынан шығуына рұқсат беру
1. Әрбiр кеме теңiз портынан шығуға дейiн бұған теңiз портының капитанынан рұқсат алуға мiндеттi.
2. Теңiз портының капитаны кеменiң теңiз портынан шығуына мына жағдайларда:
1) кеменiң сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы техникалық регламенттерде белгiленген қауiпсiздiк талаптарына сәйкессiздiгi жағдайында;
2) тиеуге, жабдықтауға, экипаж жасақтауға қойылған талаптар бұзылғанда немесе кеменiң жүзу қауiпсiздiгiне, кемедегi адамдардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн басқа да кемшiлiктер, сондай-ақ теңiз ортасына залал келтiру қаупi болғанда;
3) кеме құжаттарына қойылатын талаптар бұзылғанда;
4) тиiстi мемлекеттiк органдар (кедендiк, шекаралық, санитариялық-карантиндiк, фитосанитариялық және өзге де органдар) нұсқама бергенде;
5) порттың теңiз әкiмшiлiгi алатын порт алымдары төленбегенде рұқсат беруден бас тартады.
Ескерту. 42-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.12.29. N 209 Заңымен.
1. Теңiз портының капитаны құтқару операцияларын жүзеге асыруға, кемелердiң соқтығысуына, порт құрылыстарының, су бассейндерiнiң, кеме жүзетiн жолдар мен навигациялық жағдай құралдарының зақымдануына байланысты немесе өзге де зиян келтiрiлуiне байланысты туындаған талабы бар тұлғаның өтiнiшi бойынша кеменi кеме иесiнің, жүк иесiнiң мiндеттемелерi қамтамасыз етілгенге дейiн кiдіртіп қоюы мүмкiн.
2. Осы баптың 1-тармағында тiзiп келтiрiлген талаптар бойынша кеменi кідiрте тұру туралы өкiм, ресми түрде жұмыс күндерi емес деп қаралатын күндердi қоспағанда, жетпiс екi сағат бойы күшiнде болады. Аталған мерзiм iшiнде кеменi құзыреттi органдар тұтқындамаған жағдайда, ол дереу босатылуға тиiс.
3. Кеменi негiзсiз кiдiртуден келтiрiлген залал үшiн кiдiртiп қоюды талап еткен адам жауапты болады.
44-бап. Навигациялық жағдай құралдары қолданылатын
аймақтағы құрылыс
Теңiз жолдарының навигациялық жағдайының құралдары қолданылатын аймақтағы құрылыс уәкiлеттi органмен , Қазақстан Республикасының Әскери-теңiз Күштерiнiң гидрографиялық қызметiмен келiсiлуге тиiс.
Ескерту. 44-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).
45-бап. Кемелердi лоцмандық алып өту
1. Кемелердi лоцмандық алып өту жүзу қауіпсiздiгiн қамтамасыз ету және кемелердiң оқиғаларға ұшырауын болдырмау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн ережелерге сәйкес қоршаған ортаны қорғау мақсатында жүзеге асырылады.
2. Теңiз лоцмандары ретiнде жұмысқа Қазақстан Республикасының азаматтары, олар уәкiлеттi орган белгiлеген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес болған жағдайда, жiберiлуi мүмкiн.
3. Уәкiлеттi орган кемелердi лоцмандық алып өтудiң мiндеттi аудандары мен мiндеттi емес аудандарын белгiлейдi және мұндай аудандарды теңiз порттары мен лоцияларына жалпыға бiрдей ақпарат етiп жеткiзедi.
4. Айдындары шектес теңiз порттарындағы кемелердi лоцмандық алып өту тәртiбiн теңiз порттарының капитандары белгiлейдi.
46-бап. Кемелердi мiндеттi лоцмандық алып өту
1. Кемелердi лоцмандық алып өту ережелерiне сәйкес мiндеттi лоцмандық алып өтуден босатылатын кемелер санаттарын қоспағанда, кемелердi мiндеттi лоцмандық алып өту аудандарында кеме лоцмансыз жүзудi жүзеге асыруға құқылы емес.
2. Лоцмандық алып өтуден босатылатын кемелер санаттары туралы ақпарат теңiз порттарына жалпыға бiрдей мәлiмет ретiнде мiндеттi түрде жеткiзiледi.
47-бап. Кемелердi мiндеттi емес лоцмандық алып өту
1. Кемелердi лоцмандық алып өту мiндеттi болып табылмайтын аудандарда кеме капитаны кемеге лоцман алуға құқылы.
2. Кемелердi лоцмандық алып өту мiндеттi емес аудандарда теңiз портының капитаны:
1) кеме немесе ол тасымалдап келе жатқан жүк теңiз ортасына зиян келтiруi мүмкiн болған;
2) кеменiң корпусында, механизмдерiнде немесе жабдықтарында порттағы теңiзде жүзу қауiпсiздiгiне едәуiр ықпал жасауы мүмкiн елеулi ақаулары болған жағдайларда кемелердi мiндеттi лоцмандық алып өтудi белгілеуге құқылы. Бұл жағдайда кеме капитанына теңiз портының капитаны оның кемесi мiндеттi лоцмандық алып өтуге ерiп отыруға тиiс екендiгi туралы хабарлайды.
48-бап. Кеме лоцманы мен капитанының жауапкершiлiгi
Кемеде лоцманның болуы кеме капитанының кеме басқаруға жауапкершiлiгiн жоққа шығармайды. Лоцман ұсыныстарының дұрыстығына күдiктенуге жеткiлiктi негiздер болған кезде кеме капитаны кеме жүзуiнiң қауiпсiздiгi мақсатында ол лоцманның қызмет көрсетуiнен бас тартуға құқылы. Кеменi лоцмандық алып өту мiндеттi болған жағдайда кеме капитаны лоцманды ауыстыруды талап етуге тиiс.
49-бап. Кеменi тиiсiнше лоцмандық алып өтпегендiк үшiн
жауапкершiлiк
1. Лоцманның немесе ол қызметкерi болып табылатын ұйымның кеменi тиiсiнше лоцмандық алып өтпегендiгi үшiн жауапкершiлiгi осындай қызмет көрсету үшiн төленетiн ақының он есесiне тең сомамен шектеледi.
2. Егер тиiсiнше лоцмандық алып өтпегендiк салдарынан кемеге келтiрiлген залалдар лоцманның немесе ол қызметкерi болып табылатын ұйымның қасақана немесе өрескел абайсыздықтан жасаған әрекетi (әрекетсiздiгi) салдарынан болғаны дәлелденсе, лоцман немесе ол қызметкерi болып табылатын ұйым толық көлемiнде жауапты болады.
3. Кеменi тиiсiнше лоцмандық алып өтпегендiгi үшiн кiнәлi лоцман кемелердi лоцмандық алып өту ережелерiнде белгiленген тәртiппен және жағдайларда бiлiктiлiк дәрежесiнен айырылуы мүмкiн.
50-бап. Суға батқан мүлiктi оның меншiк иесiнің
шығарып алуы
1. Суға батқан мүлiктiң меншiк иесi мүлiк суға батқан күннен бастап бiр жыл iшінде өзiнiң сол мүлiктi шығарып алу ниетi бар екенiн ең жақын теңiз портының капитанына хабарлауға тиiс.
2. Теңiз портының капитаны суға батқан мүлiктің меншiк иесiнің өтiнiшiн алған күннен бастап үш ай iшiнде суға батқан мүлiктi шығарып алудың тәртiбi мен мерзiмiн белгiлейдi. Суға батқан мүлiктің меншiк иесiнiң рұқсат алған кезден бастап бiр жыл iшiнде оны шығарып алуды жүзеге асыруға құқығы бар.
3. Егер суға батқан мүлiк теңiзде жүзу қауiпсiздiгiне немесе теңiздi ластау арқылы залал келтiру қатерiн төндiрсе, не судағы биологиялық ресурстар кәсіпшiлiгiн жүзеге асыруға, порт қызметiне және порттағы жұмыстарға кедергi келтiрсе, суға батқан мүлiктің меншiк иесi суға батқан мүлiктi теңiз порты капитанының талабы бойынша және ол белгiлеген ақылға қонымды мерзiмде шығарып алуға, ал қажет болған жағдайда оны аластауға немесе жоюға мiндеттi.
4. Суға батқан мүлiк иесi белгiсiз болған жағдайда теңiз портының капитаны суға батқан мүлiктi шығарып алу үшiн белгiленген мерзiмдер туралы бұқаралық ақпарат құралдарында мәлiмет жариялайды. Егер бұл орайда суға батқан кеменiң туы белгiлi болса, теңiз портының капитаны кеме тиесiлi мемлекеттiң дипломатиялық немесе консулдық тұлғасына тиiстi хабар жiбередi.
5. Суға батқан мүлiктiң меншiк иесi мәлiмдеме жасамаған немесе мүлiктi осы бапта белгiленген ережелерге сәйкес шығарып алмаған жағдайда мұндай мүлiктi құрайтын заттар иесiз деп танылады.
51-бап. Порттың теңiз әкiмшiлiгiнiң суға батқан мүлiктi
шығарып алуы, аластауы немесе жоюы
1. Порттың теңiз әкiмшiлiгiнің, егер:
1) суға батқан мүлiктiң иесi мүлiк суға батқан күннен бастап бiр жыл iшiнде анықталмаса;
2) меншiк иесi осы Заңның 50-бабының 3-тармағында көзделген мiндеттемелердi орындамаса немесе тиiсiнше орындамаса;
3) суға батқан мүлiктiң меншiк иесi оны шығарып алу, аластау, жою үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген техникалық қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтiн құралдар қолданса;
4) суға батқан мүлiктiң меншiк иесi анықталмаса, адамдардың өлiмiне, олардың денсаулығына, қоршаған орта мен шаруашылық жүргiзу объектiлерiне зиян келтiруге халықты едәуiр материалдық шығынға ұшыратуға және оның тiршiлiк жағдайларының бұзылуына әкеп соғуы мүмкiн аварияларды, зiлзалаларды немесе апаттарды болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы заңдарына сәйкес суға батқан мүлiктi шығарып алуға және қажет болған жағдайда оны аластауға немесе жоюға құқығы бар.
2. Осы баптың 1-тармағының 1) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларда суға батқан мүлiктi шығарып алу, аластау немесе жою мүлiктiң меншiк иесiнiң есебiнен жүзеге асырылады.
3. Егер суға батқан мүлiк шығарып алынған кезден бастап бiр жылдан аспайтын уақыт өтсе, оның меншiк иесi өзiнiң суға батқан мүлкiн шығарып алуға жұмсаған шығындарын және осыған байланысты басқа да келтiрiлген, оны сақтауға жұмсалған шығындарды өтегеннен кейiн, суға батқан, осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес шығарып алынған мүлiктi талап етуi мүмкiн.
52-бап. Келтiрiлген шығындарды порттың теңiз
әкiмшiлiгiнің толық өтеттiру құқығы
Суға батқан мүлiктi шығарып алу, аластау немесе жою осы Заңның 51-бабының 1-тармағына сәйкес жүзеге асырылған жағдайда, шығарып алынған кезден бастап бiр жыл өткеннен кейiн порттың теңiз әкiмшiлігiнің:
1) суға батқан мүлiктi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сатудан түскен соманың есебiнен, оны шығарып алуға және сақтауға кеткен шығындардың орнын толтыруға құқығы бар. Суға батқан мүлiктi сатудан түскен сома, одан шығындар шегерiле отырып, оның меншiк иесiне, ал Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде және осы Заңның 50-бабының 5-бабында көзделген негiздер бойынша меншiк иесi меншiк құқығынан бас тартқан жағдайда - мемлекеттiң кiрiсiне берiледi;
2) суға батқан мүлiктiң иесiнен сатудан түскен сомадан асып түсетiн (соның iшiнде мүлiктердi жоюға жұмсалған) шығындарды өтеттiрiп алуға құқығы бар.
53-бап. Суға батып, кездейсоқ шығарып алынған
мүлiк (олжа)
Қазақстан Республикасының аумақтық суларында немесе ашық теңiзде сауда мақсатында теңiзде жүзуге байланысты операцияларды жүзеге асыру кезiнде суға батып, кездейсоқ шығарып алынған мүлiк Қазақстан Республикасының ең жақын теңiз портына өткiзiлуге тиiс. Теңiз әкiмшiлiгi Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында осындай мүлiкке қатысты көзделген шараларды қолдануға мiндеттi.
10-тарау. ЖҮКТІ ТЕҢІЗ АРҚЫЛЫ ТАСЫМАЛДАУ ШАРТЫ
54-бап. Жүктi теңiз арқылы тасымалдау шарты
1. Жүктi теңiз арқылы тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы өзiне жөнелтушi сенiп тапсырған жүктi белгiленген портқа жеткiзуге және жүктi алуға уәкiлеттi тұлғаға (алушыға) беруге мiндеттенедi, ал жөнелтушi немесе алушы жүктi тасымалдағаны үшiн шартқа немесе тарифке сәйкес ақы төлеуге және жүктi қабылдап алуды қамтамасыз етуге мiндеттенедi.
2. Жүктi теңiз арқылы тасымалдау шарты жүктi теңiз арқылы тасымалдау үшiн бүкiл кеменi, оның бiр бөлiгiн немесе кемедегi белгілi бiр жайларды (чартер) беру талабымен, сондай-ақ мұндай талап қойылмай жасалуы мүмкiн.
55-бап. Жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартының нысаны
Жүктi теңiз арқылы тасымалдау шарты коносаментпен, чартермен, теңiз жүкқұжатымен ресiмделедi. Коносаменттiң, чартердiң, теңiз жүкқұжатының нысаны тасымалдау ережелерiмен белгіленедi.
56-бап. Жүктi теңiз арқылы тасымалдауды ұйымдастыру
туралы ұзақ мерзiмді шарт
1. Жүк тасымалдауды үнемi жүзеге асыру қажет болған жағдайда тасымалдаушы мен жүк жөнелтуші жүкті теңіз арқылы тасымалдауды ұйымдастыру туралы ұзақ мерзiмдi шарттар жасаса алады.
Жүктi теңiз арқылы тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарт бойынша тасымалдаушы жүктi белгiленген мерзiмде қабылдауға, ал жүк жөнелтушi - жүктi тасымалдауға келiсiлген көлемде табыс етуге мiндеттенедi.
Жүктi теңiз арқылы тасымалдауды ұйымдастыру туралы шартта тасымалдаудың көлемi, мерзiмдерi, сапасы және көлiк құралдарын беру мен тасымалданатын жүктi табыс етудiң басқа да талаптары, сондай-ақ тасымалдауды ұйымдастырудың Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген өзге де талаптары белгiленедi.
2. Жүктi теңiз арқылы тасымалдауды ұйымдастыру туралы ұзақ мерзiмдi шарттағы келiсiлген жүктi тасымалдау талаптары, егер тараптар өзгеше келiсiмге келмесе, жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартына енгiзiлген болып есептеледi.
Жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартының талаптары жүктi теңiз арқылы тасымалдауды ұйымдастыру туралы ұзақ мерзiмдi шарттың талаптарына қайшы келген жағдайда жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартының ережесi қолданылады.
3. Коносаментке енгiзiлмеген жүктi теңiз арқылы тасымалдауды ұйымдастыру туралы ұзақ мерзiмдi шарттың талаптары, үшiншi тұлға үшiн, егер ол кеменi жалдаушы болмаса, мiндеттi болмайды.
57-бап. Чартердiң мазмұны. Чартер бойынша құқықтар беру
1. Чартерде тараптардың атауы, кеменiң атауы, жүктiң тегi мен түрiне сiлтеме, жалдау ақысының мөлшерi, жүктiң тиелген порты, тиелген орны, сондай-ақ кеменің баратын порты немесе бағыты көрсетiлуге тиiс. Тараптардың келiсiмi бойынша чартерге өзге де талаптар енгiзiлуi мүмкiн.
2. Чартер бойынша жүк тасымалдау кезiнде кеменi жалдаушы тасымалдаушының келiсiмiмен жүктi теңiз арқылы тасымалдау шарты бойынша үшiншi тұлғаға өз құқығын беруге құқылы. Кеменi жалдаушы, сондай-ақ ол өзiнiң құқығын берген үшiншi тұлға, егер чартерде өзгеше көзделмесе, жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартын орындамағаны үшiн тасымалдаушының алдында ортақ жауапкершiлiкте болады.
58-бап. Чартер мен коносаменттiң арақатынасы
Чартер шартының тарабы болып табылмайтын тасымалдаушы және алушы арасындағы қатынастар коносаментпен айқындалады. Егер коносаментте чартердiң талаптарына сiлтеме жасалса, олар алушы үшiн мiндеттi болады.
59-бап. Жүктi теңiз арқылы тасымалдау шарты бойынша
кеменiң теңiзде жүзу жағдайын қамтамасыз ету
1. Тасымалдаушы дер кезiнде, рейс басталғанға дейiн кеменi теңiзде жүзетiн жағдайға келтiруге: кеменiң жүзуге қауiпсiздiгiн және техникалық жарамдылығын қамтамасыз етуге, кеменi тиiстi деңгейде жарақтауға, оны экипажбен жасақтауға және не қажеттiнiң бәрiмен жабдықтауға, сондай-ақ трюмдер мен кеменiң басқа да жүк тасымалданатын жайларын жүктi тиiсiнше қабылдауды, тасымалдауды және сақтауды қамтамасыз ететiн жағдайға келтiрiп қоюға мiндеттi.
2. Егер жүктi тасымалдау коносамент негiзiнде жүзеге асырылса немесе коносамент чартерге сәйкес берiлiп, тасымалдаушы мен кеменi жалдаушы болып табылмайтын коносамент ұстаушының арасындағы қатынасты реттейтiн болса, тараптардың осы баптың 1-тармағына қайшы келетiн келiсiмi жарамсыз болады.
Ескерту. 59-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.12.29. N 209 Заңымен.
Жүк белгiлi бiр кемеде тасымалдануға тиiс болған жағдайда, оны тиеу басталғаннан кейiн пайда болған техникалық қажеттердің салдарынан жүктi қайта тиеудi қоспағанда, жүк кеменi жалдаушының немесе жөнелтушiнiң келiсiмiмен ғана басқа кемеге тиелуi мүмкiн.
61-бап. Кеменiң жүк тиеуге дайын екендiгi туралы
хабарлау
1. Чартер бойынша жүк тасымалдау кезiнде тасымалдаушы кеменi жалдаушыға немесе жөнелтушiге, егер ол кеменi жалдаушы болып көрсетiлсе, кеменің жүк тиеуге дайын екенiн немесе белгiлi бiр уақытта дайын болатынын жазбаша нысанда хабарлауға мiндеттi. Мұндай хабар кеме тиеу портында немесе осы порт үшiн әдеттегi күту орнында тұрған жағдайда ғана берiлуi мүмкiн.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген хабар берудің күнi мен сағаты тараптардың келiсiмiмен, ал келiсiм болмаған жағдайда - осы порттағы үрдiстермен белгiленедi.
3. Кеме хабарда көрсетiлген уақытта жүк тиеуге дайын болмаған жағдайда, осыған байланысты кеменi жалдаушыға келтiрiлген залалды тасымалдаушы өтеуге тиiс.
1. Чартер бойынша жүк тасымалдау кезiнде тасымалдаушы кеменi жалдаушы көрсеткен жүк тиелетiн орынға кеменi қоюға мiндеттi. Кеменi жалдаушы жүктi тиеу үшiн қауiпсiз және жарамды, кеме жүзетiн күйiнде тұра алатын орынды көрсетуге тиiс. Егер кеменi жалдаушы көрсеткен орын жүк тиеуге жарамсыз болса немесе бiрнеше кеменi жалдаушы жүк тиеуге әртүрлi орын көрсетсе, тасымалдаушы кеменi сол портта әдетте пайдаланып жүрген жүк тиеу орнына қоюға құқылы, бұл туралы кеменi жалдаушыға алдын ала ескертедi.
Кеменi жалдаушы өз есебiнен кеменi басқа жүк тиеу орнына қоюды талап етуге құқылы.
2. Желілік қатынаста жүк тасымалдау кезінде жүк тиелетiн орынды тасымалдаушы белгiлейдi. Егер жүк тиеу аталған порт үшiн әдеттен тыс орында жүргiзiлсе, тасымалдаушы жөнелтушiге жүк тиелетiн орын туралы хабарлайды.
63-бап. Кеменiң берiлу мерзiмi
Чартер бойынша жүк тасымалдау кезiнде тасымалдаушы кеменi чартерде келiсiлген мерзiмде беруге мiндеттi. Кеме аталған мерзiмде берiлмеген жағдайда кеменi жалдаушы жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартынан бас тартып, зияндардың өтелуiн талап етуге құқылы.
1. Сталиялық уақыт тараптардың келiсiмiмен, мұндай келiсiм болмаған жағдайда - тиеу портында әдетте қабылданған мерзiмдермен белгiленедi.
2. Сталиялық уақыт жөнелтушiге, кеменi жалдаушыға кеменiң жүк тиеуге дайын екенi туралы хабар жiберiлгеннен кейiнгi келесi күннен бастап жұмыс күндерiмен, сағаттарымен және минуттарымен есептеледi.
3. Тасымалдаушыға байланысты себептер бойынша не еңсерiлмейтiн күштiң салдарынан немесе жүктің сақталуына қауiп төндiретiн немесе оны қауiпсiз тиеуге кедергi келтiретiн гидрометеорологиялық жағдайлардың салдарынан жүк тиеу жүргiзiлмеген уақыт сталиялық уақытқа енгiзiлмейдi.
Кеменi жалдаушыға байланысты себептер бойынша жүк тиеу жүргiзiлмеген уақыт сталиялық уақытқа енгiзiледi.
4. Жүк тиеу сталиялық уақыт есептеле бастағанға дейiн басталған жағдайда жүк тиеуге нақты кеткен уақыт сталиялық уақытқа есептеледi.
5. Осы бапта белгiленген ережелер жүк түсiру портында оны түсiру кезiнде де қолданылады.
1. Контрсталиялық уақыттың ұзақтығы тараптардың келiсiмiмен, ал ол болмаған жағдайда - жүк тиеу портында әдетте қабылданған мерзiмдерiмен белгiленедi.
2. Контрсталиялық уақыт сталиялық уақыт аяқталған кезден бастап күнтiзбелiк күндермен, сағаттармен және минуттармен есептеледi.
3. Контрсталиялық уақытқа жексенбi және ресми белгiленген мерекелiк күндер, портта жұмыс iстемейтiн деп жарияланған уақыт, сондай-ақ еңсерiлмейтiн күш немесе жүктің сақталуына қатер төндiретiн не оны қауiпсiз тиеуге кедергi келтiретiн гидрометеорологиялық жағдайлар туғызған жүк тиеудегi үзiлiстер де кіреді. Тасымалдаушыға байланысты себептермен жүк тиеу жүргiзiлмеген уақыт контрсталиялық уақытқа енгiзiлмейдi.
4. Осы бапта, сондай-ақ осы Заңның 66-68-баптарында белгiленген ережелер жүк түсiру портында оны түсiру кезiнде де қолданылады.
Демерредж тараптардың келiсiмiмен, ал мұндай келiсiм болмаған жағдайда - тиiстi портта әдетте қабылданған ставкаға сәйкес белгiленедi. Мұндай ставкалар болмаған жағдайда демерредж кеме мен оның экипажын күтiп-ұстауға жұмсалған шығыстармен анықталады.
Тараптардың келiсiмiмен диспач белгiленуi мүмкiн. Мұндай келiсiм болмаған жағдайда диспач мөлшерi демерредждiң екiден бiрi мөлшерiнде есептеп шығарылады.
68-бап. Тасымалдаушының кеменi контрсталиялық уақыт
бiткеннен кейiн жүзуге жөнелту құқығы
1. Егер бүкiл келiсiлген жүк тасымалдаушыға байланысты емес себептер бойынша кемеге тиелмесе де, тасымалдаушының контрсталиялық уақыт бiткеннен кейiн кеменi жүзуге жөнелтуге құқығы бар. Бұл орайда тасымалдаушы жалдау ақысын толық алуға құқығын сақтап қалады.
2. Жүк тасымалдау үшiн кеме тұтасымен берiлген жағдайда, жүктi қабылдау мен салып қою кеменi белгiленген мерзiмнен астам уақыт ұстауы мүмкiн болғанымен, тасымалдаушының сталиялық немесе контрсталиялық уақыт аяқталғанға дейiн, мұндай уақыт туралы келiсiм болған кезде, жеткiзiлген жүктi қабылдаудан бас тартуға құқығы жоқ.
3. Жүк тасымалдау үшiн кеме тұтасымен берiлмеген жағдайда, тасымалдаушы сталиялық немесе контрсталиялық уақыт бiткенге дейiн, мұндай уақыт туралы келiсiм болған жағдайда, жүктi қабылдаудан бас тартуға құқығы бар, кейiн ол кiдiртiлiп берiлуi салдарынан кемеге тиiстi түрде және қалған жүк үшiн зиян келтiрiлмей кемеге кешiктiрiлiп қана тиелуi мүмкiн. Бұл орайда тасымалдаушы жалдау ақысын толық алуға құқығын сақтап қалады.
69-бап. Тасымалдау үшiн жүк қабылдауды уақытша
тоқтату немесе шектеу
1. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде порттың теңiз әкiмшiлiгiнің өкiмiмен жүктi қабылдау уақытша тоқтатылуы немесе шектелуi мүмкiн, бұл көлiктегi уәкiлеттi органға дереу хабарланады, ол тиiстi мемлекеттiк органдардың келiсiмi бойынша тасымалдауға жүк қабылдауды уақытша тоқтатудың немесе шектеудiң қолданылу мерзiмiн белгiлейдi.
2. Порттың теңiз әкiмшiлiгi жүктi жөнелтушiлерге жүктi тiкелей аралас немесе тiкелей теңiз қатынастарында тасымалдау және көлiктiң басқа түрлерiн ұйымдастыру кезiнде тасымалдау үшiн жүк қабылдауды уақытша тоқтату туралы немесе шектеу туралы дереу хабарлайды.
70-бап. Кеменiң кiдiртiлгенi үшiн залалдарды өтеу
Кеменiң контрсталиялық уақыттан артық кiдiртiлгенi үшiн жөнелтушi, кеменi жалдаушы, егер кеменiң кiдiртiлуi тасымалдаушыға байланысты емес себептерден болса, тасымалдаушыға келтiрiлген зияндарды өтеуге мiндеттi.
71-бап. Кеменi жалдаушының талап етуiмен жүзуге
мерзiмiнен бұрын жөнелту
Кеменi жалдаушыға жүк тасымалдау үшiн кеме тұтасымен берiлген жағдайда тасымалдаушы кеменi жалдаушының талап етуiмен, егер барлық жүк тиелмесе де, кеменi жүзуге жөнелтуге мiндеттi. Мұндай жағдайда тасымалдаушы толық жалдау ақысына құқығын сақтап қалады.
72-бап. Жүктi буып-түю және таңбалау
1. Тасымалдау кезiнде жүктiң толық сақталуын қамтамасыз ету үшiн ыдысқа салуды және буып-түюдi қажет ететiн жүктер тасымалдау үшiн жарамды ыдысқа салынып және буып-түйiлiп берiлуге тиiс. Ыдыс және буып-түю техникалық регламенттерде белгiленген қауiпсiздiктiң мiндеттi талаптарына сәйкес болуға тиiс.
2. Жөнелтушi жүктi тиiсiнше таңбалап, тасымалдаушыға ол туралы қажеттi мәлiметтердi табыс етуге мiндеттi. Жүк айрықша назар аударуды қажет ететiн жағдайда жөнелтушi жүктiң қасиеттерi мен оны қарап-ұстаудың тәртiбiн тасымалдаушыға хабарлауға мiндеттi.
Ескерту. 72-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.12.29. N 209 Заңымен.
1. Тасымалдаушының тек тасымалдаушы мен жөнелтушiнiң арасындағы келiсiмге сәйкес қана палубада жүк тасымалдауға құқығы бар.
2. Тасымалдаушы мен жөнелтушi жүктiң палубада тасымалдануы тиiс немесе мүмкiн екендiгi туралы келiсiмге келген жағдайда, тасымалдаушы мұндай келiсiмге қол жеткiзiлгенi туралы коносаментте немесе жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартын растайтын басқа құжатта көрсетуге мiндеттi. Тасымалдаушы оны көрсетпеген жағдайда, ол жүктi палубада тасымалдау туралы келiсiмнiң жөнелтушiмен жасалғаны туралы дәлелдеуге тиiс. Тасымалдаушының коносаментті адал жолмен иемденген үшiншi тұлғаға қатысты, соның iшiнде алушыға қатысты мұндай келiсiмге сiлтеме жасауға құқығы жоқ.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгiленген ережелердi бұза отырып, палубада жүк тасымалданған жағдайда, тасымалдаушы палубада жүк тасымалдау туралы келiсiмге сiлтеме жасай алмайды және жүктi тек қана палубада тасымалдау салдарынан жүктiң жоғалғаны, кем шыққаны немесе зақымданғаны (бүлiнгенi) немесе оның кешiктiрiлiп жеткiзiлгенi үшiн жауапты болады. Бұл орайда осы Заңның 102-бабында көзделген ережелер қолданылуға жатпайды.
Тасымалдаушы жауапкершiлiгiнiң мөлшерi осы Заңның 104 және 105-баптарына сәйкес айқындалады.
4. Егер жүктi трюмде тасымалдау туралы келiсiм болса, жүктi палубада тасымалдау осы Заңның 105-бабына сәйкес тасымалдаушының жауапкершiлiгiн шектеу құқығын жоғалтуға әкеп соғатын әрекетi (әрекетсiздiгi) деп қарастырылады.
1. Қауiптi жүктi тапсыру кезiнде оның атауы туралы терiс мәлiметтер берiлiп, тасымалдаушының сырттай қарау арқылы оның қасиеттерiне көз жеткiзуi мүмкiн болмаған жағдайда, тасымалдаушы жөнелтушiге шеккен зиянын өтемей, мұндай жүктi түсiрудi, жоюды және зарарсыздандыруды соның есебiнен кез келген уақытта жүзеге асыруға құқылы.
Жөнелтушi тасымалдаушының алдында оған осындай жүктi тиеу салдарынан келтiрiлген зиян үшiн жауапты болады. Қауiптi жүктi тасымалдағаны үшiн жалдау ақысы қайтарылуға жатпайды. Жалдау ақысы төленбеген жағдайда тасымалдаушы жөнелтушiден оның құнын толық көлемінде өндірiп алуға құқылы.
2. Қауiптi жүкке, ол кемеге тиелгенге дейiн, сондай-ақ қауiптi жүктi тасымалдауға арналған кеменiң өзiне мемлекеттiк экологиялық сараптаманың қорытындысы болуға, онда қоршаған ортаға олардың әсерiн бағалау қамтылуға тиiс.
Халықаралық сертификат немесе мемлекеттiк экологиялық сараптаманың қорытындысы болмаған жағдайда қауiптi жүктердi теңiз көлiгiмен тасымалдауға жол берiлмейдi.
3. Егер тасымалдаушының келiсiмiмен кемеде тұрған қауiптi жүк кемеге, кемедегi адамдарға және жүкке қатер төндiрсе, тасымалдаушы мән-жайларға қарай, жалпы авария жағдайларын қоспағанда, жөнелтушiге шеккен зиянын өтемей, мұндай жүктi түсiрудi, жоюды немесе зарарсыздандыруды жүзеге асыруға құқылы.
Тасымалдаушының қауiптi жүкпен кеменiң нақты жүрiп өткен қашықтығына бара-бар мөлшерде жалдау ақысын алуға құқығы бар.
Чартерде тегi немесе түрi айқындалған жүк тек тасымалдаушының келiсiмiмен ғана өзге тектегi немесе түрдегi жүкпен ауыстырылуы мүмкiн.
76-бап. Бөгде жүктi түсiрiп тастау
1. Жүк тасымалдау үшiн кеме тұтасымен, оның бөлiгi немесе кеменiң белгiлi бiр жайлары берiлген жағдайда жөнелтушi кемеден, кеменiң бөлiгiнен немесе кеменiң жайларынан жөнелту портында, жүк тасымалдау үшiн кеме тұтасымен берiлген жағдайда - кез келген кiру портында бөгде жүктi түсiрiп тастауды талап етуге құқылы.
2. Жүк кемеден, кеменiң бөлiгiнен немесе кеменiң жайларынан уақтылы түсiрiлмеген жағдайда кеменi жалдаушының жалдау ақысын тиiсiнше азайтуды, сондай-ақ кеменi жалдаушыға келтiрiлген зияндарды өтеудi талап етуге құқығы бар.
77-бап. Жүкке қоса жүретiн құжаттар
Жөнелтушi, жүктi кедергiсiз тасымалдау үшiн қажеттi, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген құжаттарды (сертификат, лицензия, ветеринариялық куәлiк, кеден декларациясы және өзге де құжаттар) тасымалдаушыға беруге мiндеттi.
Жөнелтушi мұндай құжаттардың уақтылы берілмегенi, дұрыс немесе толық болмауы салдарынан келтiрiлген зияндар үшiн тасымалдаушының алдында жауапты болады.
Жөнелтушi тасымалдаушыдан коносаменттiң орнына теңiз жүкқұжатын берудi талап етуге құқылы. Осы Заңның, тауарға билiк жасау құжаты ретiнде коносаментке қатысты, 80-бабын, 81-бабының 2-тармағын, 83, 84-баптарын және 85-бабының 2-тармағын қоспағанда, теңiз жүкқұжатына осы тарауда белгiленген ережелер қолданылады.
1. Жүктi тасымалдау үшiн қабылданғаннан кейiн тасымалдаушы жөнелтушiнiң талап етуiмен жөнелтушiге коносамент беруге мiндетті.
Коносамент, жөнелтушi қол қойған, осы Заңның 81-бабы 1-тармағының 3)-8) тармақшаларында көрсетiлген деректер болуға тиiстi құжаттың негiзiнде жасалады.
2. Жөнелтушi тасымалдаушыға коносаментке енгiзу үшiн табыс етiлген деректердiң дұрыстығына кепiлдiк бередi және мұндай деректердiң дұрыс еместiгi салдарынан тасымалдаушыға келтiрiлген залал үшiн жауапты болады.
Тасымалдаушының жөнелтушiге залалдарды өтеттiрiп алуға құқығы жүктi теңiз арқылы тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушының жөнелтушiден өзге тұлға алдындағы жауапкершiлiгiн жоймайды.
Коносамент белгiлi бiр алушының атына (атаулы коносамент), жөнелтушiнiң немесе алушының бұйрығына (ордерлiк коносамент), не ұсынушыға берiлуi мүмкiн. Жөнелтушiнiң немесе алушының бұйрығына берiлгенi туралы көрсетiлмеген ордерлiк коносамент жөнелтушiнiң бұйрығына берiлген болып есептеледi.
1. Коносаментке мынадай деректер енгiзiлуге тиiс:
1) тасымалдаушының атауы және оның тұратын жерi;
2) жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартына сәйкес тиеу портының атауы және тасымалдаушының тиеу портында жүктi қабылдаған датасы;
3) жөнелтушiнiң атауы және оның тұратын жерi;
4) жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартына сәйкес түсiру портының атауы;
5) егер алушыны жөнелтушi көрсеткен болса, алушының атауы;
6) жүктің атауы, жүктi бiрдейлендiруге қажеттi негiзгi таңбалар, тиiстi жағдайларда жүктiң қауiптi сипатын немесе ерекше қасиеттерiн көрсету, орынның немесе заттардың саны және жүктiң массасы немесе оның өзгеше түрде көрсетiлген саны. Бұл орайда барлық деректер жөнелтушi қалай ұсынса солай көрсетiледi;
7) жүктiң сыртқы жай-күйi және оның буып-түйiлуi;
8) алушы төлеуге тиiс мөлшердегi жалдау ақысы немесе жалдау ақысын олардың төлеуге тиiс екенiн өзге де түрде көрсету;
9) коносаменттiң берiлген уақыты мен орны;
10) егер коносамент бiреуден көп болса, олардың түпнұсқаларының саны;
11) тасымалдаушының немесе оның атынан әрекет етушi адамның қойған қолы. Кеме капитаны қол қойған коносамент тасымалдаушының атынан қол қойылған деп есептеледi.
Тараптардың келiсiмi бойынша коносаментке өзге де деректер енгiзiлуi мүмкiн.
2. Жүк кеме бортына тиелгеннен кейiн тасымалдаушы жөнелтушiнiң талап етуiмен оған борт коносаментiн бередi, онда осы баптың 1-тармағында көзделген деректерге қосымша, жүктiң белгiлi бiр кеменiң немесе кемелердiң бортында екендiгi, сондай-ақ жүктiң тиелген датасы көрсетiлуге тиiс.
3. Тасымалдаушы кеме бортына жүк тиелгенге дейiн жөнелтушiге тасымалдау үшiн қабылданған жүкке коносамент немесе сол жүкке қатысты өзге де тауарға билiк жасау құжатын берген жағдайда жөнелтушi тасымалдаушының талап етуi бойынша борт коносаментiнiң орнына сондай құжатты қайтаруға мiндеттi.
4. Тасымалдаушы бұрын берiлген кез келген құжатты толықтыру арқылы, егер осылайша толықтырылған құжатқа борт коносаментiнде болуға тиiс деректердiң бәрi енгiзiлген болса, жөнелтушiнiң борт коносаментiне қойған талаптарын қанағаттандыра алады.
82-бап. Коносаменттегi ескертпелер. Коносаменттiң
дәлелдеу күшi
1. Коносаментте жүктiң атауына, оның негiзгi таңбаларына, орындар немесе заттар санына, жүктің массасына немесе санына қатысты деректер болып, тасымалдаушы немесе оның атынан коносамент берген басқа тұлға мұндай деректердiң нақты қабылданған немесе тиелген жүкке сәйкес еместiгiн бiлген немесе жеткiлiктi негiздер бар деп есептеген, борт коносаментiн беру кезiнде не тасымалдаушының немесе басқа да осындай тұлғаның аталған деректердi тексеруге ақылға сыйымды мүмкiндiгi болмаған жағдайда, тасымалдаушы немесе басқа да осындай тұлға коносаментке аталған деректердiң дәл еместігiн, жорамалдардың негiздемесiн немесе тексеруге ақылға сыйымды мүмкiндiктiң болмағанын нақты көрсететiн ескертпе енгiзуге тиiс.
2. Тасымалдаушы немесе оның атынан коносамент берушi басқа тұлға коносаментте жүктiң сыртқы жай-күйiн көрсетпесе, коносаментте жүктiң тиiстi сыртқы жай-күйi көрсетiлген деп есептеледi.
3. Осы баптың 1-тармағына сәйкес жол берiлетiн ескертпе енгiзiлген деректердi қоспағанда, егер өзгеше дәлелденбесе, коносамент тасымалдаушының жүктi тасымалдау үшiн қабылдауы коносаментте сипатталғандай етiп куәландырылады. Егер коносамент жүктiң коносаменттегi сипатталуын негiзге ала отырып адал әрекет еткен үшiншi тұлғаға берiлсе, тасымалдаушының өзгеше дәлелдеуiне жол берiлмейдi.
83-бап. Коносамент даналарының көп болуы
Жөнелтушiнiң тiлегi бойынша оған коносаменттiң бiрнеше данасы (түпнұсқалары) берiлуi мүмкiн, әрi олардың әрқайсысында қолда бар коносамент түпнұсқаларының саны көрсетiледi. Ұсынылған коносамент түпнұсқаларының бiрiншiсiнiң негiзiнде жүк берiлгеннен кейiн оның қалған түпнұсқалары күшiн жоғалтады.
Коносамент мынадай ережелер сақтала отырып берiледi:
1) атаулы коносамент атаулы өткiзу жазбалары бойынша немесе талапты басқаға беру нысанына қойылатын ережелерге сәйкес өзге де нысанда берiлуi мүмкiн;
2) ордерлiк коносамент атаулы немесе бланкiдегi өткiзу жазбасы бойынша берiлуi мүмкiн;
3) коносамент ұсынушыға жай ғана тапсыру арқылы берiлуi мүмкiн.
85-бап. Жүкке билiк ету құқығы
1. Жөнелтушiнiң жүктi алушыға бергенге не осындай құқықты алушыға немесе үшiншi тұлғаға бергенге дейiн оған билiк етуге құқығы бар.
2. Жөнелтушiнiң кеме кеткенге дейiн жөнелтiлетiн жерiнде жүктi керi қайтаруды, жүктi аралық портта берудi немесе оны, осы Заңның 89 және 91-баптарында көзделген талаптарды сақтай отырып, жөнелтушiге берiлген барлық коносамент түпнұсқаларын көрсеткен немесе тиiстi қамтамасыз етудi ұсынған кезде, тасымалдау құжатында көрсетiлген алушыдан басқаға берудi талап етуге құқығы бар.
86-бап. Тасымалдаушының жүкке қатысты мiндеттерi
1. Тасымалдаушы жүктi тасымалдау үшiн қабылдаған кезден бастап оны берген кезге дейiн тиеудi, тасымалдауды және түсiрудi тиiстi түрде жүзеге асыруға және жүктiң сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
2. Тасымалдау үшiн қабылданған жүкке оның ерекше қасиеттерiне қарай жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартында аталған тиiсiнше назар аударып қарау талап етiлетiн жағдайда, тасымалдаушы жүктiң осындай нұсқауларға сәйкес сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
3. Осы баптың 1-тармағында белгiленген талаптарды бұза отырып жасалған шарттар жарамсыз болады.
87-бап. Жүк тасымалдаудың мерзiмi мен маршруты
Тасымалдаушы жолаушыны, багаж бен жүктi тараптардың келiсiмiмен белгiленген мерзiмде және маршрут бойынша апарылатын портқа (пунктке) жеткiзуге мiндеттi. Мұндай келiсiм болмаған жағдайда ақылға қонымды мерзiмде және әдеттегi маршрут бойынша жеткiзiлуге тиiс.
88-бап. Кеменiң белгiленген портқа кiруiне кедергiлер
1. Тасымалдаушыға байланысты емес себептердiң салдарынан кеме баратын портына кiре алмаған жағдайда, тасымалдаушы бұл туралы жөнелтушiге немесе кеменi жалдаушыға не мұндай тұлға тасымалдаушыға белгiлi болса, жүкке билiк жасауға уәкiлеттi тұлғаға дереу хабарлауға мiндеттi.
2. Жүктi тасымалдау үшiн кеме тұтасымен берiлген және тасымалдаушы хабарлама жiберген кезден бастап ақылға сыйымды мерзiм iшiнде жүктi не iстеу керек екенi туралы нұсқау түспеген жағдайда, кеме капитанының пiкiрiнше, жөнелтушi немесе кеменi жалдаушы не жүкке билiк жасауға уәкiлеттi тұлға үшiн неғұрлым тиiмдi болып көрiнуiне қарай, кеме капитаны жүктi ең жақын порттардың бiрiнде түсiріп кетуге не жүктi жөнелтiлген портына қайтаруға құқылы.
3. Жүктi тасымалдау үшiн кеме тұтасымен берiлмеген және тасымалдаушы хабарлама жiберген кезден бастап үш тәулiк iшiнде жүктi не iстеу керек екенi туралы нұсқау түспеген жағдайда, кеме капитаны жүктi ең жақын порттардың бiрiне түсiрiп кетуге және жөнелтушiге немесе кеменi жалдаушыға не жүкке билiк жасайтын уәкiлеттi тұлғаға бұл туралы хабарлауға құқылы. Кеме капитаны өзi алған өкiмдi кемедегi басқа жүктердің иелерiне залал келтiрмей орындай алмайтын болған жағдайда да солай iстеуге құқылы.
4. Тасымалдаушы жөнелтушiнің немесе кеменi жалдаушының не жүкке билiк жасайтын уәкiлеттi тұлғаның өкiмiн күткен жағдайда, тасымалдаушының осындай күтуге байланысты шығыстарын, сондай-ақ кеменiң нақты жүріп өткен қашықтығына бара-бар мөлшерде жалдау ақысын өтеткiзiп алуға құқығы бар.
89-бап. Тараптардың жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартын
орындаудан бас тартуы
1. Жүктi теңiз арқылы тасымалдау шарты тараптарының әрқайсысы екiншi тарапқа зияндарды өтемей, кеме жүк тиеу орнынан кеткенге дейiн:
1) кеменi немесе жүктi басып алу қатерiн төнгiзетiн соғыс қимылдары мен өзге де iс-әрекеттер;
2) жөнелтiлетiн орынның немесе баратын орынның қоршауға алынуы;
3) жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартының тараптарына байланысты емес себептермен кеменiң кiдiртiлуi;
4) төтенше сипаттағы жағдайлар кезiнде кеменi мемлекеттiк қажеттерге тарту;
5) тасымалдануға тиiс жүктi жөнелтiлетiн жерден алып шығуға немесе баратын жерiне жүктi алып кiруге тыйым салынған мән-жайлар туындаған кезде ол шартты орындаудан бас тартуға құқылы.
Осы тармақтың 3) және 5) тармақшаларында көзделген мән-жайлар, егер кеме қысқа мерзiмге кiдiртiледi деп көзделсе, екiншi тарапқа зияндарды өтемей жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартын орындаудан бас тарту үшiн негiз бола алмайды.
Осы тармақта көзделген мән-жайлар туындаған кезде тасымалдаушы жүктi түсiруге жұмсалған шығыстарды көтермейдi.
2. Жүктi теңiз арқылы тасымалдау шарты тараптарының әрқайсысы, сондай-ақ рейс кезiнде осы баптың 1-тармағында көзделген кез келген мән-жайлардың бiрi туындауы салдарынан, оны орындаудан бас тартуға құқылы. Бұл орайда жөнелтушi немесе кеменi жалдаушы тасымалдаушыға жүкке жұмсалған барлық шығыстарын, соның iшінде оны түсiруге жұмсалған шығыстарын, сондай-ақ кеме нақты жүрiп өткен қашықтыққа бара-бар мөлшерде жалдау ақысын өтейдi.
90-бап. Тасымалдаушының жүктi теңiз арқылы тасымалдау
шартын орындаудан бас тартуы
Тиелген жүктің құны жалдау ақысы мен тасымалдаушының жүк бойынша басқа да шығыстарын жаппайтын, ал жөнелтушi немесе кеменi жалдаушы кеме жөнелтiлер алдында жалдау ақысын толық енгiзбеген не қосымша қамтамасыз етiп бермеген жағдайда тасымалдаушының кеме рейске шыққанға дейiн жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартын орындаудан бас тартуға құқығы бар. Бұл жағдайда жөнелтушi немесе кеменi жалдаушы тасымалдаушыға толық жалдау ақысының екiден бiр бөлiгiн, ал босқа тұрып қалу болған жағдайда - босқа тұрып қалғаны үшiн ақы төлеуге және тасымалдаушының өзге де шығыстарын өтеуге тиiс. Жүктi түсiру жөнелтушiнiң немесе кеменi жалдаушының есебiнен жүзеге асырылады.
91-бап. Жөнелтушiнiң немесе кеменi жалдаушының жүктi
теңiз арқылы тасымалдау шартын орындаудан
бас тартуы
1. Жүктi тасымалдау үшiн кеме тұтасымен берiлген жағдайда жөнелтушi немесе кеменi жалдаушы:
1) егер жөнелтушi немесе кеменi жалдаушы сталиялық немесе контрсталиялық уақыт бiткенге дейiн бас тартса не кеме рейске шыққанға дейiн аталған жәйттердің қайсысы бұрын туындаса, толық жалдау ақысының екiден бiрiн, босқа тұрып қалу болған жағдайда - тасымалдаушы жүк есебiнен жасаған және шығыстар жалдау ақысының сомасына енгiзiлмеген босқа тұрып қалу үшiн төленетiн ақыны;
2) егер жөнелтушiнің немесе кеменi жалдаушының бас тартуы осы тармақтың 1) тармақшасында аталған жәйттердiң бiрiнен кейiн болса және жүктi теңiз арқылы тасымалдау шарты бiр рейске жасалса, толық жалдау ақысын, осы тармақтың 1) тармақшасында аталған басқа да сомаларды;
3) бiрiншi рейс үшiн толық жалдау ақысын, осы тармақтың 1) тармақшасында аталған басқа да сомаларды және жөнелтушi немесе кеменi жалдаушы осы тармақтың 1) тармақшасында аталған жәйттердiң бiрiнен кейiн бас тартса және жүктi теңiз арқылы тасымалдау шарты бiрнеше рейске жасалса, қалған рейстер үшiн жалдау ақысының екiден бiрiн төлеген жағдайда, жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартын орындаудан бас тартуға құқылы.
Жөнелтушi немесе кеменi жалдаушы кеме рейске шыққанға дейiн жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартын орындаудан бас тартқан жағдайда тасымалдаушы, егер жүктi түсiру тiптi кеменi белгiленген мерзiмнен артық кiдiртетiн болса да, жүктi жөнелтушiге немесе кеменi жалдаушыға беруге мiндеттi.
Жөнелтушi немесе кеменi жалдаушы жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартын орындаудан рейс кезiнде бас тартқан жағдайда, жөнелтушi немесе кеменi жалдаушы жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартына сәйкес кеме кiруге тиiстi немесе қажеттiлiкке қарай кiрген портта ғана жүктің берiлуiн талап етуге құқылы.
2. Жүктi тасымалдау үшiн кеме тұтасымен берiлмеген жағдайда, жөнелтушi немесе кеменi жалдаушы толық жалдау ақысы, бос тұрып қалғаны үшiн ақы төленген, тасымалдаушының жүк есебiнен жасалған және жалдау ақысы сомасына енгiзiлмеген шығыстары өтелген жағдайда, жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартын орындаудан бас тартуға құқылы. Тасымалдаушы жөнелтушiнiң немесе кеменi жалдаушының талап етуiмен, егер бұдан тасымалдаушыға және басқа жөнелтушiге немесе кеменi жалдаушыға залал келтiрiлмейтiн болса ғана, жүктi белгiленген портқа жеткiзгенге дейiн беруге мiндеттi.
92-бап. Жүктi теңiз арқылы тасымалдау шарты бойынша
мiндеттемелердi орындау мүмкiн болмағандықтан
олардың тоқтатылуы
1. Жүктi теңiз арқылы тасымалдау шарты, егер оны жасағаннан кейiн және кеме жүк тиеу орнынан кеткенге дейiн тараптарға байланысты емес мән-жайлар салдарынан:
1) кеме опат болған немесе күшпен басып алынған;
2) кеме жүзуге жарамсыз деп танылған;
3) жеке-дара анықталған жүк жойылған;
4) жүктi тиеу үшiн жөнелтушi теңiз портына өткiзгеннен кейiн және жөнелтушi тиеу үшiн басқа жүктi тапсырып үлгiрмеген, тектiк белгiлерi анықталған жүк жойылған болса, тараптардың бiрi екiншi тарапқа шарттың тоқтатылуы туғызған залалдарды өтеу мiндетiнсiз тоқтатылады.
2. Тасымалдау жөнiндегi мiндеттеменi осы баптың 1-тармағында көзделген мән-жайлар бойынша рейс кезiнде орындау мүмкiн болмағандықтан ол тоқтатылған жағдайда, құтқарылған және сақтауға немесе алушыға өткiзiлген жүктiң саны негiзге алына отырып, тасымалдаушыға кеменiң нақты жүзiп өткен қашықтығына бара-бар мөлшерде жалдау ақысы төленедi.
93-бап. Жүктi алуға құқығы бар тұлға
1. Тасымалдануы коносамент негiзiнде жүзеге асырылатын жүктi тасымалдаушы түсiру портында коносаменттiң түпнұсқасын:
1) атаулы коносаменттiң түпнұсқасын - коносаментте аталған алушыға немесе коносамент атаулы өткiзу жазбасы бойынша немесе талапты басқаға беру үшiн белгiленген ережелерге сәйкес өзге де нысанда берiлген тұлғаға;
2) ордерлiк коносаменттiң түпнұсқасын - бұйрығына коносамент жасалған тұлғаға, коносаментте өткiзу жазбалары болған жағдайда - өткiзу жазбаларының үзiлiссiз қатарындағы соңғы аталған тұлғаға немесе соңғы бланкiлiк жазбасы бар коносаменттi ұсынушыға;
3) ұсынушыға арналған коносаменттiң түпнұсқасын - коносаменттi ұсынушыға бередi.
2. Жүк тасымалдау теңiз жүкқұжаты негiзiнде немесе өзге де құжат негiзiнде жүзеге асырылатын жағдайда, тасымалдаушы жүктi осындай құжатта аталған алушыға немесе жөнелтушi көрсеткен алушыға беруге құқылы.
1. Жүктi тасымалдау үшiн кеменiң бiр бөлiгi берiлген жағдайда, егер түсiру портында алушы жүктi талап етпесе немесе одан бас тартса не жүк белгiленген уақытта түсiрiле алмайтындай етiп оны қабылдауды кешiктiрсе, тасымалдаушы жүкке билiк жасайтын уәкiлеттi тұлғаның есебiнен жүктi сақтауға өткiзіп, бұл туралы жөнелтушiге немесе кеменi жалдаушыға, сондай-ақ алушы тасымалдаушыға белгiлi болса, соған хабарлауға құқылы.
2. Жүк тасымалдау үшiн кеме тұтасымен берiлген жағдайда, тасымалдаушы жүктi түсiрудi және сақтауға өткiзудi, егер сталиялық және контрсталиялық уақыт iшiнде жөнелтушiнің немесе кеменi жалдаушының не жүкке билiк жасайтын уәкiлеттi тұлғаның өзге өкiмi түспесе, сталиялық және контрсталиялық уақыт бiткеннен кейiн жүзеге асырады. Тасымалдаушының жүктi сақтауға өткiзу үшiн жұмсаған уақыты босқа тұрып қалған уақыт ретiнде қарастырылады.
3. Кеменiң түсiру портына келген күнiнен бастап екi ай iшiнде сақтауға өткiзiлген жүк талап етiлмеген және жөнелтушi немесе кеменi жалдаушы не жүкке билiк жасайтын уәкiлеттi тұлға тасымалдаушыға жүктi тасымалдағаны үшiн тиесiлi төлемдердi төлемеген жағдайда тасымалдаушы жүктi белгiленген тәртіппен сатуға құқылы. Талап етiлмеген тез бүлiнетiн жүк, сондай-ақ сақтауға кететiн шығыны өз құнынан асып түсетiн жүк аталған мерзiм бiткенге дейiн, бiрақ ерте дегенде жүктi жеткiзу мерзiмiнде сатылуы мүмкiн.
4. Жүктi сатудан түскен сома тасымалдаушыға тиесiлi төлемдер мен жүктi сақтауға және сатуға кеткен шығыстар шегерiлiп, жөнелтушiге немесе кеменi жалдаушыға берiледi.
Жүктi сатудан түскен сома тасымалдаушыға тиесiлi төлемдердi және жүктi сақтау мен сатуға кеткен шығыстарды жабу үшiн жеткiлiксiз болған жағдайда, тасымалдаушы өзi алмаған соманы жөнелтушiден немесе кеменi жалдаушыдан өндiрiп алуға құқылы.
95-бап. Жүктi алушыға берген кездегi төлемдер.
Жүктi ұстап қалу құқығы
1. Алушы өзiне жүк берiлген кезде тасымалдаушы жүк есебiнен шығарған шығыстарды өтеуге, кеменiң жүк түсiру портында босқа тұрып қалғаны үшiн ақы төлеуге, сондай-ақ жалдау ақысын төлеуге және бұл коносаментте немесе негiзге алына отырып жүк тасымалы жүзеге асырылған басқа құжатта көзделсе, кеменiң жүк тиеу портында босқа тұрып қалғаны үшiн төлем енгiзуге мiндеттi, жалпы авария жағдайында авариялық жарна енгiзуге немесе тиiсiнше қамтамасыз етiп беруге мiндеттi.
2. Тасымалдаушы осы баптың 1-тармағында көзделген сомалар төленгенге немесе қамтамасыз етiп берiлгенге дейiн жүктi ұстап қалуға құқылы.
Алушыға тиесiлi емес қоймаға жүктi сақтауға өткiзген ретте, бұл туралы қойма иесiне дереу хабарлаған жағдайда тасымалдаушы жүктi ұстап қалу құқығын сақтайды.
3. Жүк алушыға берiлгеннен кейiн, егер тек тасымалдаушы өзiне байланысты емес себептер бойынша жүктi ұстап қалу құқығын жүзеге асыра алмай қалғанда болмаса, тасымалдаушы жөнелтушіден немесе кеменi жалдаушыдан алушы төлемеген сомаларды талап ету құқығынан айрылады.
4. Жүктi ұстап қалатын тасымалдаушының талабы жүктiң құны есебiнен, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген көлемде және тәртiппен қанағаттандырылады.
5. Жүктi сатудан түскен сома алушыға осы баптың 1-тармағына сәйкес тасымалдаушыға тиесiлi сома мен жүктi сатуға байланысты шығыстар шегерiле отырып берiледi.
Жүктi сатудан түскен сомалар осы баптың 1-тармағына сәйкес тасымалдаушыға тиесiлi соманы төлеу үшiн жеткiлiксiз болған жағдайда, тасымалдаушы өзi алмаған соманы жөнелтушiден немесе кеменi жалдаушыдан өндiріп алуға құқылы.
96-бап. Жүктi қарап шығу немесе оның жай-күйiн тексеру
Жүк нақты жоғалған немесе жоғалды, кем шықты не зақымданды (бүлiндi) деп жорамалданған жағдайында алушы мен тасымалдаушы бiр-бiрiне жүктi алушыға бергенге дейiн жүктi қарап шығуға немесе оның жай-күйiне тексеру жүргiзуге мүмкiндiк беруге мiндеттi. Жүктi қарап шығуға немесе жай-күйiн тексеруге жұмсалған шығыстарды қарап шығуды немесе тексерудi талап еткен тарап көтередi. Алушының талап етуi бойынша жүргiзiлген жүктi қарап шығу немесе оның жай-күйiн тексеру нәтижесiнде жауапкершiлiгi тасымалдаушыға жүктелетiн жүктiң жоғалғаны, кем шыққаны немесе зақымданғаны (бүлiнгенi) анықталған жағдайда, жүктi қарап шығуға немесе оның жай-күйiн тексеруге жұмсалған шығыстарды тасымалдаушы көтередi.
97-бап. Жүктiң жоғалғаны, кем шыққаны немесе
зақымданғаны (бүлiнгенi) туралы мәлiмдеме
1. Жүк берiлгенге дейiн немесе оның берiлуi кезiнде алушы жүктiң жоғалғаны, кем шыққаны немесе зақымданғаны (бүлiнгенi) туралы тасымалдаушыға жазбаша нысанда мәлiмдеме жасалмаған және жүк жоғалғанының, кем шыққанының немесе зақымданғанының (бүлiнгенiнің) жалпы сипаты көрсетiлмеген жағдайда, жүк өзге дәлелдер болмаған кезде коносамент талаптарына сәйкес алынды деп есептеледi.
2. Жүктiң жоғалғанын, кем шыққанын немесе зақымданғанын (бүлiнгенiн) оны әдеттегi әдiспен қабылдау кезiнде анықтау мүмкiн болмаған жағдайда, алушы жүк берiлгеннен кейiн үш күн iшiнде тасымалдаушыға мәлiмдеме жасауы мүмкiн.
3. Егер алушы жүктi беру кезiнде тасымалдаушымен бiрге жүктi қарап шықса немесе оның жай-күйiн тексерсе, ол осы баптың 1-тармағында аталған мәлiмдеменi жасамауға құқылы.
98-бап. Жүктердi тасымалдау кезiндегi төлемдер
Тасымалдаушыға тиесiлi барлық төлемдердi жөнелтуші немесе кеменi жалдаушы төлейдi. Жөнелтушiнiң немесе кеменi жалдаушының және тасымалдаушының арасындағы келiсiмде көзделген жағдайларда және бұл туралы деректер коносаментке енгiзiлген кезде төлемдердi алушыға аударуға жол берiледi.
99-бап. Жалдау ақысының мөлшерi
1. Жалдау ақысының мөлшерi тараптардың келiсiмiмен белгiленедi. Тараптардың келiсiмi болмаған жағдайда жалдау ақысының мөлшерi жүктi тиеу орнында және жүктi тиеу кезiнде қолданылатын ставкалар негiзге алына отырып есептеп шығарылады.
2. Жүк кемеге жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартында көзделгеннен көп мөлшерде тиелген жағдайда жалдау ақысының мөлшерi тиiсiнше ұлғайтылады.
3. Жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартында көзделгеннiң орнына кемеге басқа жүк тиелiп, оның тасымалданғаны үшiн жалдау ақысының мөлшерi жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартында көзделгеннен көп болған жағдайда, жалдау ақысы шын мәнiнде тиелген жүктiң тасымалданғаны үшiн төленедi.
4. Шын мәнiнде тиелген жүктiң тасымалданғаны үшiн төленетiн жалдау ақысының мөлшерi жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартында көзделген жүктiң тасымалдағаны үшiн төленетiн жалдау ақысынан кем болған жағдайда, жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартында көзделген жалдау ақысы төленедi.
100-бап. Тасымалдау кезiнде жоғалған жүк үшiн
жалдау ақысы
1. Тасымалдау кезiнде жоғалған жүк үшiн жалдау ақысы алынбайды немесе қайтарылуға тиiс. Жоғалған жүк құтқарылған жағдайда, тасымалдаушының кеме жүрiп өткен қашықтыққа бара-бар мөлшерде жалдау ақысын алуға құқығы бар.
Кеменің iс жүзiнде жүрiп өткен қашықтығы үшiн жалдау ақысын есептеу кезiнде жолдың кеме жүк алып өткен бөлiгi мен кеменiң келiсiлген рейсiнiң бүкiл жолының ұзақтығымен арақатынасы есепке алынады.
2. Жоғалғаны, кем шыққаны немесе зақымданғаны (бүлiнгенi) табиғи қасиеттерiнiң немесе жөнелтушiге байланысты себептердiң салдарынан болған жүктер үшiн жалдау ақысы толық төленедi.
101-бап. Тасымалдаушының жауапкершiлiгi
1. Тасымалдаушы тасымалдау үшiн қабылданған жүктің жоғалғаны, кем шыққаны немесе зақымданғаны (бүлiнгенi) үшiн, сондай-ақ жүктi қабылдаған кезден бастап берген кезге дейiн оның жеткiзiлу мерзiмiн өткiзiп алғаны үшiн жауапты болады.
2. Егер жүк түсiру портына жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартында көзделген, тараптардың келiсiмiмен белгiленген мерзiмде, мұндай келiсiм болмаған жағдайда - салыстырмалы мән-жайлар кезінде талап етiлетiн мерзiмде жүк берiлмесе, тасымалдаушы жүктiң жеткiзiлу мерзiмiн өткiзiп алған деп танылады.
3. Тасымалдаушыға жүктің жоғалуына байланысты талап мәлiмдеуге құқығы бар тұлға, егер жүк түсiру портындағы жүктi алуға уәкiлеттi тұлғаға осы баптың 2-тармағында белгiленген жүктi беру мерзiмi бiткеннен кейiн жүк күнтiзбелiк отыз күн iшінде берiлмесе, жүктi жоғалған деп есептей алады.
4. Осы Заңның 105-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, тараптардың келiсуiмен тасымалдаушыны жауапкершiлiктен босатуға немесе оның жауапкершiлiгi мөлшерiн шектеуге жол берiлмейдi.
102-бап. Тасымалдаушыны жауапкершiлiктен босату
1. Егер жоғалу, кем шығу, зақымдану (бүлiну) немесе мерзiмiн өткiзiп алу:
2) теңiздегi және басқа да кеме жүзетiн сулардағы қауiптер немесе кездейсоқтықтар;
3) теңiзде адамдарды немесе мүлiктердi құтқару жөнiндегi шаралар;
4) тасымалдаушының кiнәсiнсiз шыққан өрт;
5) мемлекеттiк органдардың iс-әрекеттерi немесе өкiмдерi (ұстау, тұтқындау, карантин және басқалар);
7) жөнелтушiнiң немесе алушының әрекетi (әрекетсiздiгi);
8) жүктiң, оның қасиеттерiнiң байқалмайтын кемшiлiктерi немесе табиғи кемуi;
9) жүктiң ыдыстары мен буып-түйiлуiнiң байқалмайтын кемшiлiктерi;
10) жүктi таңбалаудың жетiспеушiлiгi немесе көмескiлiгi;
11) теңiз портының жұмысын толық немесе iшiнара тоқтатуды не шектеудi туғызған ереуiлдер немесе өзге де мән-жайлар;
12) тасымалдаушының, оның қызметкерлерiнiң немесе агенттерiнiң кiнәсiнсiз туындаған өзге де мән-жайлар салдарынан болғанын дәлелдесе, тасымалдаушы жүктiң жоғалғаны, кем шыққаны немесе зақымданғаны (бүлiнгенi) үшiн, сондай-ақ оның жеткiзiлу мерзiмiнiң өткiзiп алынғаны үшiн жауапкершiлiктен босатылады.
1) жүк қойылатын жарамды жайларда, жөнелтушiнiң пломбалары бұзылмай;
2) жолда ашылған iзi жоқ жарамды ыдыста;
3) жөнелтушiнiң немесе алушының өкiлi бiрге келген жағдайда;
4) тасымалдаушының кiнәсi жоқ екенiн дәлелдейтiн өзге де мән-жайлар болған кезде, егер алушы тасымалдау үшiн қабылданған жүктiң жоғалғаны, кем шыққаны немесе зақымданғаны (бүлiнгенi) тасымалдаушының кiнәсiнен болғанын дәлелдей алмаса, тасымалдаушы жүктiң жоғалғаны, кем шыққаны немесе зақымданғаны (бүлiнгенi) үшiн жауапкершiлiктен босатылады.
103-бап. Жүктің жоғалғаны, кем шыққаны немесе
зақымданғаны (бүлiнгенi) үшiн тасымалдаушы
жауапкершiлiгінiң мөлшерi
1. Тасымалдаушы жүктi тасымалдау кезiнде келтiрiлген залалды:
1) жүк жоғалған немесе кем шыққан жағдайда - жоғалған немесе кем шыққан жүктiң құны мөлшерiнде;
2) жүк зақымданған (бүлiнген) жағдайда - оның құны төмендеген сома мөлшерiнде, ал зақымданған (бүлiнген) жүктi қалпына келтiру мүмкiн болмаған жағдайда - оның құны мөлшерiнде;
3) тасымалдауға бағасы жарияланып өткiзiлген жүк жоғалған жағдайда - жүктің жарияланған құны мөлшерiнде өтейдi.
2. Жүктiң жоғалуы, кем шығуы немесе зақымдануы (бүлiнуi) туғызғаны анықталған залалды өтеумен қатар, тасымалдаушы жоғалған, кем шыққан немесе зақымданған (бүлiнген) жүктi тасығаны үшiн өндіріп алынған жалдау ақысын, егер ол жүктің құнына кірмесе, жүк жөнелтушiге (жүк алушыға) қайтарып бередi.
3. Тасымалдауға өткiзiлген жүктiң құны оның сатушы шотында көрсетiлген немесе шартта көзделген бағасы негiзге алына отырып, ал шот болмаған немесе шартта бағасы көрсетiлмеген жағдайда - мән-жайлар (жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартына сәйкес жүк түсiрiлген немесе түсiрiлуге тиiс болған жердегi және сол күнгi) салыстырыла отырып, әдетте сондай тауарлардан алынатын баға негiзге алына отырып анықталады.
4. Жүктiң жоғалғаны, кем шыққаны немесе зақымданғаны (бүлiнгенi) үшiн өтелуге тиiстi сомадан жүк иесi жасауға тиiс болған, бiрақ жүктiң жоғалуы, кем шығуы немесе зақымдануы (бүлiнуi) салдарынан жасалмаған жүк тасымалына жұмсалған шығыстар (жалдау ақысы, баж және басқалар) шегерiледi.
104-бап. Тасымалдаушының жауапкершiлiгiн шектеу
1. Жүктiң тегi мен түрiн, сондай-ақ құнын жүк тиелгенге дейiн жөнелтушi жарияламаған және коносаментке енгiзiлмеген жағдайда, тасымалдау үшiн қабылданған жүктiң жоғалғаны, кем шыққаны немесе зақымданғаны (бүлiнгенi) үшiн тасымалдаушының жауапкершiлiгi, қай соманың жоғары екендiгiне қарай, орын үшiн 666,67 есептiк бiрлiктен немесе жүк түсiрудiң басқа бiрлiгiнен не жоғалған, кем шыққан немесе зақымданған жүк брутто массасының бiр килограмы үшiн екi есептiк бiрлiктен аспауға тиiс.
2. Тасымалдау үшiн қабылданған жүктің жеткiзiлу мерзiмiн өткiзiп алғаны үшiн тасымалдаушының жауапкершiлiгi жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартына сәйкес төленуге тиiс жалдау ақысы мөлшерiнен аспауы керек.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкес тасымалдаушы өтеуге тиiс жалпы сома осындай жауапкершілік туындаған жүкке қатысты оның толық жоғалғаны үшiн осы баптың 1-тармағына сәйкес белгiленген жауапкершiлiк шегiнен аспауы керек.
4. Жүктi тасымалдауға контейнер немесе арнаулы құрылғы (тұғырық немесе өзгелерi) пайдаланылатын жағдайда, осындай құрылғымен тасымалданғандар ретiнде орындар саны немесе түсiру бiрлiктерi болып коносаментте тiзiп келтiрiлген орындар саны немесе жүк түсiру бiрлiктерi есептеледi. Өзге жағдайларда, мұндай құрылғы жүктiң орны немесе бiрлiгi болып есептеледi.
5. Жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартының тараптары өздерiнiң келiсiмiмен осы баптың 1-3-тармақтарында көзделгендерден асып түсетiн жауапкершiлiк шектерiн белгiлей алады.
105-бап. Жауапкершiлiктi шектеу құқығын жоғалту
Егер тасымалдау үшiн қабылданған жүктiң жоғалғаны, кем шыққаны немесе зақымданғаны (бүлiнгенi) не оны жеткiзу мерзiмiнiң өткiзiп алынғаны тасымалдаушының қасақана немесе өрескел абайсыздықтан жасаған әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) салдарынан болғаны дәлелденсе, оның осы Заңның 104-бабында көзделген жауапкершілiктi шектеуге құқығы жоқ.
106-бап. Нақты тасымалдаушының жауапкершiлiгi
1. Осы тараудың тасымалдаушы жауапкершiлiгi жөнiнде белгiленген ережелерi нақты тасымалдаушының өзi жүзеге асырған жүк тасымалы үшiн жауапкершiлiгiне де қолданылады.
2. Егер жүктi немесе оның бiр бөлiгiн тасымалдауды нақты тасымалдаушы жүзеге асырғанның өзiнде де, осы тарауда белгiленген ережелерге сәйкес бүкiл тасымалданған жүк үшін тасымалдаушы жауапты болады.
3. Тасымалдаушы өзiне осы тарауда көзделмеген мiндеттемелердi алғанда немесе осы тарауға сәйкес берiлетiн құқықтардан бас тартқанда негiз болатын келiсiм, нақты тасымалдаушыға, ол бұған жазбаша нысанда келiсiм берген жағдайда ғана қолданылады.
4. Тасымалдаушы мен нақты тасымалдаушы жауапты болған жағдайда олардың жауапкершiлiгi ортақ болып табылады.
5. Тасымалдаушының және нақты тасымалдаушының тасымалдау үшiн қабылданған жүктің жоғалғаны, кем шыққаны немесе зақымданғаны (бүлiнгенi) не оны жеткiзу мерзiмiнiң өткiзiп алынғаны үшiн жауапкершiлiгiнiң мөлшерi осы тарауда көзделген шектi жауапкершiлiк мөлшерiнен аспауға тиiс.
107-бап. Жүкті толассыз тасымалдау
1. Тасымалдаушы жүктiң бiр бөлiгiн тасымалдауды тасымалдаушы емес, басқа тұлға жүзеге асыруға тиiс екендiгi көзделетiн толассыз коносамент беретiн жағдайда, толассыз коносаментте тасымалдау үшiн қабылданған жүктiң жүк басқа тұлғаның қарауында болып, ол жүктiң бiр бөлiгiн тасымалдауды жүзеге асырған кезде орын алған мән-жайлардан туындаған жоғалуы, кем шығуы немесе зақымдануы (бүлiнуi) не оның жеткiзiлу мерзiмiнiң өткiзiп алынуы үшiн тасымалдаушының жауапты болмайтыны көзделуi мүмкiн. Тасымалдау үшiн қабылданған жүктiң жоғалуын, кем шығуын немесе зақымдануын (бүлiнуiн) не оның жеткiзiлу мерзiмiнiң өткiзiп алынуын осындай мән-жайлар туғызғанын дәлелдеу мiндетi тасымалдаушыға жүктеледi.
2. Жүк тасымалдаудың бiр бөлiгiн жүзеге асырушы тұлға жүк өзiнiң қарауында болған кезде орын алған мән-жайлардан туындаған тасымалдау үшiн қабылданған жүктiң жоғалғаны, кем шыққаны немесе зақымданғаны (бүлiнгенi) үшiн не оның жеткiзiлу мерзiмiнiң өткiзiп алынғаны үшiн тасымалдаушының жауапкершiлiгi туралы осы тарауда белгiленген ережелерге сәйкес жауапты болады.
108-бап. Жөнелтушi мен кеменi жалдаушының
жауапкершiлiгi
Егер зиянның өз кiнәсiнен немесе әрекетi (әрекетсiздiгi) үшiн өздерi жауап беретiн тұлғалар кiнәсiнен келтiрiлмегенiн дәлелдемесе, тасымалдаушыға келтiрiлген зияндар үшiн жөнелтушi мен кеменi жалдаушы жауапты болады.
11-тарау. ТЕҢІЗ АРҚЫЛЫ ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛДАУ ШАРТЫ
109-бап. Теңiз арқылы жолаушылар тасымалдау шартының
анықтамасы
Теңiз арқылы жолаушылар тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы жолаушыны және жолаушы өткiзген жағдайда багажды баратын портына (пунктiне) апаруға және багажды жолаушыға немесе алуға уәкiлеттi тұлғаға беруге мiндеттенедi, ал жолаушы жол жүргенi, ал багажды өткiзген жағдайда багажды алып жүргенi үшiн де ақы төлеуге мiндеттенедi.
110-бап. Теңiз арқылы жолаушылар тасымалдау шартының
нысаны
Теңiз арқылы жолаушылар тасымалдау шарты - билетпен, ал багаж өткiзiлген жағдайда багаж квитанциясымен де ресiмделедi. Билет пен багаж квитанциясының нысаны уәкiлеттi орган бекiтетiн тасымалдау ережелерiмен белгiленедi.
111-бап. Багаж және каюталық багаж
1. Жолаушының баратын портқа (пунктке) багаж және каюталық багаж алып жүруiне құқығы бар.
2. Егер теңiз арқылы жолаушылар тасымалдау шартының талаптары бойынша автокөлiк құралдарын тасымалдау жүзеге асырылса, автокөлiк құралдарына салынған багаж да каюталық багаж деп саналады.
112-бап. Жолаушының жол жүргенi үшiн және оның багажды
алып жүргенi үшiн төленетiн ақы
1. Жолаушының жол жүргенi үшiн және оның багажды алып жүргенi үшiн төленетiн ақы тараптардың келiсiмiмен белгiленедi.
2. Жолаушының жол жүргенi және оның багажды жалпыға ортақ пайдаланылатын көлiкпен алып жүргенi үшiн төленетiн ақыны тасымалдаушы белгiлейдi.
1) бөлек орын беру құқығынсыз өзiмен бiрге - жетi жасқа дейiнгi, ал халықаралық жол қатынастарында бес жасқа дейiнгi бiр баланы тегiн алып жүруге;
2) жетi жастан он бес жасқа дейiнгi балаларға Қазақстан Республикасының тасымалдаушысы жүзеге асыратын тасымалдау кезiнде билеттiң толық құнының елу процентiн төлеп, билет сатып алуға;
3) бес жастан он екi жасқа дейiнгi балаларға халықаралық жол қатынасында билеттiң толық құнының елу процентiн төлеп, билет сатып алуға;
4) өзiмен бiрге белгiленген норма шегiнде каюталық багажды тегiн алып жүруге;
5) багажды тасымалдауға белгiленген ақы төлеп өткiзуге құқығы бар.
113-бап. Жолаушылар мен багажды тасымалдау кезеңдерi
1. Жолаушылар мен багажды тасымалдау мынадай кезеңдердi қамтиды:
1) жолаушыға және оның каюталық багажына қатысты - жолаушыны кеме бортына отырғызу, одан түсiру, сондай-ақ жолаушының және каюталық багаждың кеме бортында болу кезеңi. Жолаушы мен багажды тасымалдауға, егер оның құны билет құнына енгiзiлсе немесе егер қосымша тасымалдау үшiн кеменi тасымалдаушы жолаушының билiгiне берсе, жағалаудан су жолымен кемеге не, керiсiнше, жағалауға жеткiзу кезеңi енгiзiледi;
2) кемеге немесе баратын порттың (пункттiң) айлағына (вокзалына) жеткiзу үшiн жолаушы өткiзетiн каюталық багажға қатысты - тасымалдаушы, оның қызметкерi немесе агентi каюталық багажды қабылдаған кезден бастап, оны кеме бортындағы немесе баратын порттағы (пункттегi) жолаушыға бергенге дейiнгi кезең;
3) багажға қатысты - тасымалдаушы, оның қызметкерi немесе агентi багажды жағалауда не кеме бортында қабылдаған кезден бастап, багажды жолаушыға немесе багажды алуға уәкiлеттi адамға бергенге дейiнгi кезең.
2. Жолаушыға қатысты тасымалдауға жолаушы теңiз вокзалында, айлағында немесе өзге де порт ғимаратында болған кездегi кезең енгiзiлмейдi.
114-бап. Теңiз арқылы жолаушы тасу шартынан бас тарту
1. Жолаушы кеме кеткенге дейiн, сондай-ақ рейс басталғаннан кейiн, жолаушыларды отырғызу немесе түсiру үшiн кеме кiрген кез келген портта теңiз арқылы жолаушы тасу шартынан бас тартуға құқылы.
2. Тасымалдаушы теңiз арқылы жолаушы тасымалдау шартын орындаудан өзiне байланысты емес мынадай мән-жайлар туындаған кезде:
1) соғыс қимылдары және кеменi басып алу қатерiн төндiретiн өзге де iс-қимылдар;
2) жөнелту портының (пунктiнiң) немесе баратын портының (пунктiнiң) қоршауға алынуы;
3) кеменi мемлекеттiк қажеттерге тарту;
4) кеме опат болған немесе оны басып алған;
5) кеме жүзуге жарамсыз деп танылған;
6) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларда;
7) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген өзге де жағдайларда бас тартуға құқылы.
3. Осы бапта көзделген мән-жайлар туындаған кезде теңiз арқылы жолаушы тасымалдау шартын орындаудан бас тартқан тасымалдаушы өз есебiнен жолаушыны оның талап етуi бойынша шыққан портына (пунктiне) жеткiзуге немесе жолаушыға шеккен шығыстарын өтеуге мiндеттi.
4. Жолаушы теңiз арқылы тасымалдау шартын орындаудан кеме кеткенге дейiн бас тартқан жағдайда оған жол жүргенi және багажды алып жүргенi үшiн төленген соманың бәрi, ал рейс басталғаннан кейiн - жолаушыны тасымалдау жүзеге асырылмаған қашықтыққа бара-бар мөлшерде жол жүруi және багажды алып жүруi үшiн төленген соманың бiр бөлiгi қайтарылады.
5. Жол жүргенi және багажды алып жүргенi үшiн төленген ақыны қайтару уәкiлеттi орган белгiлейтiн тәртiппен жүргiзiледi.
115-бап. Теңiз арқылы жолаушы тасымалдау шартының
өзгертiлуi
1. Егер жөнелтiлу портындағы (пунктiндегi) баратын порттағы (пункттегi) немесе жолаушы тасымалдау маршрутымен жүрiп келе жатқан жолдағы табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарынан, сондай-ақ тасымалдаушыға байланысты емес басқа да мән-жайлардың салдарынан осындай әрекеттер жасау қажет болса, тасымалдаушы кеменiң кетуiн кiдiрте тұруға, жолаушыны тасымалдау маршрутын, жолаушыны отырғызу және (немесе) түсiру орнын өзгертуге құқылы.
Осы тармақта аталған жағдайларда тасымалдаушы өз есебiнен жолаушыны оның талап етуi бойынша шыққан портына (пунктiне) жеткiзуге немесе жолаушыға шеккен шығыстарын өтеуге мiндеттi.
2. Осы баптың 1-тармағында белгiленген ережелердiң жолаушының теңiз арқылы жолаушы тасу шартынан бас тарту құқығына қатысы жоқ.
116-бап. Жолаушының өмiрi мен денсаулығына зиян
келтiрiлгенi үшiн тасымалдаушының
жауапкершiлiгi
1. Егер зиян жәбiрленушiнің қасақана пиғылы немесе еңсерiлмейтiн күш салдарынан келтiрiлгенiн дәлелдей алмаса, тасымалдаушы жолаушының өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрiлуi салдарынан туындайтын мән-жайлар бойынша Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жауапкершiлiктi мойнына алады.
Егер тасымалдаушы басқа адамдардың құқыққа қарсы әрекеттерi салдарынан кеме өз иеленуiнен шығып қалғанын дәлелдесе, ол келтiрiлген зиян үшiн жауап бермейдi. Мұндай жағдайларда жолаушының өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн кеменi құқыққа қарсы иеленiп алған тұлғалар жауапты болады. Кеменiң өз иеленуiнен құқыққа қарсы алып қойылуына тасымалдаушының кiнәсi болған жағдайда тасымалдаушыға да, кеменi иеленiп алған тұлғаларға да жауапкершiлiк жүктелуi мүмкiн.
2. Егер жолаушының өрескел абайсыздығы оның қайтыс болуына немесе денсаулығының зақымдануына себеп болғанын не оның қайтыс болуына немесе денсаулығының зақымдануына себепшi болғанын дәлелдесе, тасымалдаушы жауапкершiлiктен iшiнара босатылуы мүмкiн.
117-бап. Тасымалдаушының багаждың жоғалуы, кем шығуы
немесе зақымдануы (бүлiнуi) үшiн
жауапкершiлiгi
1. Егер багаждың жоғалғаны, кем шыққаны немесе зақымданғаны (бүлiнгенi) өз кiнәсiнен болмағанын дәлелдей алмаса, жолаушы багажының жоғалғаны, кем шыққаны немесе зақымданғаны (бүлiнгенi) үшiн тасымалдаушы жауап бередi.
2. Тасымалдау кезiнде багажға келтiрiлген залал Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгіленген тәртiппен өтеледi.
3. Егер ақша, бағалы қағаздар, алтын, күмiстен, асыл заттардан жасалған бұйымдар, әшекей заттар, өнер туындылары немесе басқа да құндылықтар, оларды тұтас күйінде сақтауға келiскен тасымалдаушының сақтауына өткiзiлмесе, тасымалдаушы мұндай құндылықтардың жоғалуына, кем шығуына немесе зақымдануына (бүлiнуiне) жауап бермейдi. Сақтауға өткiзiлген құндылықтар үшiн тасымалдаушы толық көлемiнде жауапты болады. Шартта жауапкершiлiктiң осы Заңның 104-бабында белгiленгенiнен артық шектi мөлшерi көзделуi мүмкiн.
118-бап. Багаждың жоғалғаны, кем шыққаны немесе
зақымданғаны (бүлiнгенi) туралы мәлiмдеме
1. Жолаушы мынадай мерзiмдерде тасымалдаушыға немесе оның агентiне:
1) каюталық багаж жоғалған, кем шыққан немесе зақымданған (бүлiнген) жағдайда - жолаушы түскенге дейiн немесе түскен кезде;
2) багаж жоғалған, кем шыққан жағдайда - жолаушы түскен күннен немесе багаж берiлуге тиiс болған кезден бастап он бес күн iшiнде;
3) багаж зақымданған (бүлiнген) жағдайда - оның берiлген кезiнде;
4) багаж немесе каюталық багаж байқалмайтындай зақымданған (бүлiнген) жағдайда - ол берiлгенiнен бастап он бес күн iшiнде жазбаша нысанда мәлiмдеме жiберуге тиiс.
2. Жолаушы осы бапта көзделген талаптарды орындамаған жағдайда, егер өзгеше дәлелденбесе, жолаушы өз багажын зақымданбаған күйiнде алды деп саналады.
3. Егер багажды алу кезiнде тасымалдаушы жолаушымен бiрге багажды қарап шықса немесе оның жай-күйiн тексерiп, ол туралы тиiстi акт жасаса, жолаушының жазбаша нысандағы мәлiмдемесi талап етiлмейдi.
119-бап. Сақтаудың шектi мерзiмiнiң өтуi бойынша
багажға билiк ету
Егер жолаушы тасымалдаушыға байланысты емес себептер бойынша багажды алмаған болса, тасымалдаушы оны билетке сәйкес жолаушыны тасымалдау аяқталған теңiз портына өткiзуге құқылы.
Мұндай багажды сақтау мен оған билiк ету тәртiбi тасымалдау ережелерiмен және өзге де нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленедi.
120-бап. Тасымалдаушының кеменi жөнелтудi кiдiрткенi
немесе кеменiң кешiгiп келгенi үшiн
жауапкершiлiгi
Егер тасымалдаушы кеменi жөнелтудi кiдiрткенi немесе оның кешiгiп келуi тасымалдаушыға байланысты емес мән-жайлардың салдарынан болғанын дәлелдей алмаса, жолаушыларды тасымалдаушы кеменi жөнелтудiң кiдiртiлгенi немесе кеменiң баратын портқа (пунктке) кешiгiп келгенi үшiн тасымалдаушы жолаушыға кiдiрiстiң әрбiр сағаты үшiн билет құнының үш процентi мөлшерiнде айыппұл төлейдi, бiрақ ол жолаушының жол жүруi үшiн төлеген және оның багажды алып жүруi үшiн төлеген ақысының елу процентiнен аспауы керек.
1. Жолаушы тасымалдау немесе тасымалдаудың бiр бөлiгін жүзеге асыру нақты тасымалдаушыға тапсырылған жағдайда, тасымалдаушы бүкiл жолаушы тасымалы үшiн осы тарауда белгiленгендей жауапты болады. Бұл орайда нақты тасымалдаушының өзi жүзеге асыратын жолаушы тасымалдауға қатысты осы тарауда көзделген құқығы мен мiндетi болады.
2. Нақты тасымалдаушы жүзеге асыратын жолаушы тасымалдауға қатысты өз мiндеттерi (өкiлеттiктерi) шегiнде әрекет еткен нақты тасымалдаушының, оның қызметкерлерiнiң немесе агенттерiнiң әрекетi (әрекетсiздiгi) үшiн тасымалдаушы жауапты болады.
3. Нақты тасымалдаушының қосымша мiндеттерi жазбаша нысанда жасалған келiсiмде белгiленедi.
4. Егер жауапкершiлiктi тасымалдаушы мен нақты тасымалдаушы мойнына алған жағдайда олардың жауапкершiлiгi ортақ болып табылады.
122-бап. Жолаушылар тасу кестесі
Жолаушылар тасымалдайтын кемемен жолаушылар тасымалдауды кесте бойынша тасымалдаушы ұйымдастырады.
Жолаушылар тасымалдау кестесiн өзгерту тасымалдау ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады.
123-бап. Мүдделi тұлғалардың ұсыныстары бойынша
жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру
Жолаушылар тасымалдау тиiстi шарт жасала отырып, мүдделi тұлғалардың ұсыныстары бойынша ұйымдастырылуы мүмкiн. Мұндай тасымал үшiн төленетiн ақы, соның iшiнде жолаушы мен оның багажын алып жүру үшiн төленетiн ақы тараптардың келiсiмiмен белгiленедi.
12-тарау. КЕМЕНI ЭКИПАЖЫМЕН ЖАЛДАУ
(ТАЙМ-ЧАРТЕР) ШАРТЫ
124-бап. Тайм-чартердiң мазмұны
Тайм-чартерде тараптардың атауы, кеменiң атауы, оның техникалық және пайдаланылу деректерi (жүккөтергiштiгi, жүксыйымдылығы, жылдамдығы және басқалар), жүзу ауданы, кеменi жалдау мақсаты, кеменiң берiлетiн және қайтарылатын уақыты, орны, жалдау ақысының ставкасы, шарттың қолданылу мерзiмi көрсетiлуге тиiс.
125-бап. Кеменi қосалқы жалдау (субтайм-чартер) шарты
1. Тайм-чартерде өзгеше көзделмеген жағдайда, кеменi жалдаушының тайм-чартерде берiлген құқықтар шегiнде өз атынан субтайм-чартер жасасуға құқығы бар. Субтайм-чартер жасасу кеменi жалдаушыны кемесiмен жалданушымен жасасқан тайм-чартердi орындаудан босатпайды.
2. Субтайм-чартерге осы тарауда көзделген ережелер қолданылады.
126-бап. Тайм-чартер бойынша кеменің теңiзде жүзу
жағдайын қамтамасыз ету
1. Кеме иесi кеменi жалдаушыға кеменi берер кезде оны теңiзде жүзу жағдайына келтiрiп қоюға - тайм-чартерде көзделген кемені жалдау мақсаттары үшін кеменің (оның корпусының, двигателiнің және жабдықтарының) жарамдылығын қамтамасыз ету жөнiнде, кеме экипажын жасақтау және кеменi тиiсiнше жарақтандыру жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi.
2. Кемесiмен жалданушы да тайм-чартердiң қолданылу мерзiмi ішінде кеменi теңiзде жүзу жағдайында ұстауға, кеменi және өзiнiң жауапкершілігiн сақтандыруға, сондай-ақ кеме экипажы мүшелерiн ұстауға жұмсалатын шығыстарды төлеуге мiндеттi.
127-бап. Кеменi жалдаушының кеменi коммерциялық
мақсатта пайдалану және оны қайтару
жөнiндегi мiндеттерi
1. Кеменi жалдаушы кеменiң және оның экипажы мүшелерiнiң көрсететiн қызметтерiн олардың тайм-чартерде белгiленген мақсаттары мен талаптарына сәйкес пайдалануға мiндеттi. Кеменi жалдаушы кеменi коммерциялық мақсатта пайдалануға байланысты шығыстарды төлейдi.
Жалдап алынған кеменiң және оның экипажы мүшелерiнiң көрсететiн қызметтерiн пайдалану нәтижесiнде алынған кiрiстер кеменi жалдаушының меншiгi болып табылады, бұған осы Заңның 132-бабына сәйкес кемесiмен жалданушы және кеменi жалдаушы арасында бөлiнетiн құтқарудан түскен кiрiстер қосылмайды.
2. Тайм-чартердiң қолданылу мерзiмi аяқталғаннан кейiн кеменi жалдаушы кемесiмен жалданушыға, кеменiң қалыпты тозуын ескере отырып, ол қандай күйде алынған болса, сондай күйде қайтаруға мiндеттi.
3. Кеменi уақтылы қайтармаған жағдайда кеменi жалдаушы кеменi кiдiрткенi үшiн тайм-чартерде көзделген жалдау ақысы мөлшерiндегi соманы немесе, егер ол тайм-чартерде көзделген жалдау ақысы ставкасынан асып түссе, жалдау ақысының рыноктық ставкасына сәйкес соманы төлейдi.
128-бап. Кеменi жалдаушының жүк иесi алдындағы
жауапкершiлiгi
Кеме жүк тасымалдау үшiн кеменi жалдаушыға берiлген жағдайда, кеменi жалдаушы өз атынан жүк тасымалдау шартын жасасуға, чартерлерге қол қоюға, коносаменттер, теңiз жүк құжаттарын беруге құқылы. Бұл жағдайда кеменi жалдаушы осы Заңның 101-108-баптарының нормаларына сәйкес жүк иесiнің алдында жауапты болады.
129-бап. Кеме экипажы мүшелерiнiң бағыныстылығы
1. Кеме капитаны мен кеме экипажының басқа да мүшелерi кеменi жалдаушының кеменi басқаруға, соның ішінде кеменi жүргiзуге, кемедегi iшкi тәртiпке және кеме экипажының құрамына қатысты өкiмiне бағынады.
2. Кеме капитаны мен кеме экипажының басқа да мүшелерi үшiн кеменi жалдаушының кеменi коммерциялық мақсатта пайдалануға қатысты өкiмi мiндеттi болады.
130-бап. Кеменi құтқарудан, оның опат болуынан немесе
зақымдануынан келтiрiлген зияндар үшiн кеменi
жалдаушының жауапкершiлiктен босатылуы
Егер зиян кеменi жалдаушының кiнәсiнен келтiрiлгенi дәлелденбесе, кеменi жалдаушы кеменi құтқарудан, оның опат болуынан немесе зақымдануынан келтiрiлген зияндар үшiн жауапты болмайды.
1. Кеменi жалдаушы кемесiмен жалданушыға тайм-чартерде көзделген тәртiппен және мерзiмде жалдау ақысын төлейдi. Теңiзде жүзе алмайтын жағдайда болуы салдарынан кеменiң пайдалануға жарамсыз болған уақыты үшiн кеменi жалдаушы жалдау ақысы мен кемеге жұмсалатын шығыстарды төлеуден босатылады.
Кеменi жалдаушының кiнәсiнен кеме пайдалануға жарамсыз болған жағдайда, кеменi жалдаушының кемесiмен жалданушыға келтiрген шығындарын өтегенiне қарамастан, кемесiмен жалданушының тайм-чартерде көзделген жалдау ақысына құқығы бар.
2. Кеменi жалдаушы жалдау ақысын төлеудiң мерзiмiн күнтiзбелiк он бес күннен астам уақытқа өткiзiп алған жағдайда, кеме иесiнiң кеменi жалдаушыға ескертпестен одан кеменi алып қоюға және мерзiмiн өткiзiп алуынан келтiрiлген зияндарды өндiрiп алуға құқығы бар.
3. Кеме опат болған жағдайда тайм-чартерде көзделген күннен бастап, кеме опат болған күнге немесе, егер бұл күндi анықтау мүмкiн болмаса, кеме туралы соңғы хабар алынған күнге дейiн жалдау ақысы төленуге тиiс.
132-бап. Құтқару жөнiндегi қызметтер көрсетiлгенi үшiн
төленетiн сыйақы
Тайм-чартердің қолданылуы бiткенге дейiн құтқару жөнiнде көрсетілген қызметтер үшін кемеге тиесілi сыйақы, құтқаруға жұмсалған шығыстар мен кеме экипажына тиесiлi сыйақы үлесi шегерiле отырып, кемесiмен жалданушы және кеменi жалдаушы арасында тең үлесте бөлiнедi.
13-тарау. КЕМЕНI ЭКИПАЖСЫЗ ЖАЛДАП АЛУ
ШАРТЫ (БЕРБОУТ-ЧАРТЕР)
133-бап. Бербоут-чартердiң мазмұны
Бербоут-чартерде тараптардың атауы, кеме атауы, оның сыныбы, туы, техникалық және пайдалану деректерi (жүккөтергiштiгi, жүксыйымдылығы, жылдамдығы және басқалар), оған жұмсалатын отын мөлшерi, жүзу ауданы, кеменi жалдау мақсаты, кеменiң берiлетiн және қайтарылатын уақыты, орны, жалдау ақысының ставкасы, шарттың қолданылу мерзiмi көрсетiлуге тиiс.
134-бап. Кеменi қосалқы жалдау шарты (суббербоут-чартер)
1. Бербоут-чартерде өзгеше көзделмеген жағдайда, кеменi жалдаушы бербоут-чартерде берiлген құқықтар шегiнде өз атынан суббербоут-чартер жасасуға құқылы. Суббербоут-чартердi жасасу кеменi жалдаушыны кемесiмен жалданушымен жасасқан бербоут-чартердi орындаудан босатпайды.
2. Осы тарауда көзделген ережелер суббербоут-чартерге қолданылады.
135-бап. Бербоут-чартер шарты бойынша кеменiң теңiзде
жүзу жағдайын қамтамасыз ету
1. Кемесiмен жалданушы кеменi жалдаушыға кеменi берер кезде оны теңiзде жүзетiн жағдайына келтiрiп қоюға - бербоут-чартерде көзделген кеменi жалдау мақсаттары үшiн кеменiң (оның корпусының, двигателiнiң және жабдықтарының) жарамдылығын қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi.
2. Кеменi жалдаушы бербоут-чартердiң қолданылу мерзiмi iшiнде кеменi теңiзде жүзетiн жағдайда ұстауға мiндеттi, бұл орайда кеменің жасырын кемшiлiктерiн жою кемесiмен жалданушының мiндетi болып табылады.
136-бап. Бербоут-чартер талаптары бойынша кеме экипажын
жасақтау
Кеме экипажын жасақтауды кеменi жалдаушы жүзеге асырады. Кеменi жалдаушы кеме экипажын бұрын осы кеменiң экипаж мүшелерi болмаған адамдардан немесе бербоут-чартердің талаптарына сәйкес, бұрын осы кеме экипажының мүшелерi болған адамдардан жасақтауға құқылы. Кеме экипажын жасақтау әдiсiне қарамастан, кеме капитаны мен кеме экипажының басқа да мүшелерi кеменi жалдаушыға бағынады.
137-бап. Кеменi жалдаушының кеменi пайдалану және оны
қайтару жөнiндегi мiндеттерi
1. Кеменi жалдаушы кеменi пайдалануды бербоут-чартердiң талаптарына сәйкес жүзеге асырады және оны пайдалануға байланысты барлық шығыстарды, соның iшiнде кеме экипажының мүшелерiн ұстауға арналған шығыстарды да көтередi.
2. Бербоут-чартердiң қолданылу мерзiмi аяқталғаннан кейiн кеменi жалдаушы кемесiмен жалданушыға, кеменiң қалыпты тозуын ескере отырып, өзi қандай күйде алса, сондай күйде қайтаруға мiндеттi.
138-бап. Кеменi жалдаушының үшiншi тұлғалар алдындағы
жауапкершiлiгi
Кемеден аққан мұнайдан теңiздiң ластануы келтiрген залалды және қауiптi жүктердi теңiз арқылы тасымалдауға байланысты залалды өтеу талаптарын қоспағанда, кеменi жалдаушы кеменi пайдалануға байланысты туындайтын талаптар бойынша үшiншi тұлғалар алдында жауапты болады.
139-бап. Кеменi құтқарудан, оның опат болуынан немесе
зақымдануынан келтiрiлген зияндар
Егер зиян өзiнiң кiнәсiнен келтiрiлмегенiн дәлелдемесе, кеменi құтқарудан, оның опат болуынан немесе зақымдануынан келтiрiлген зияндарды кеменi жалдаушы көтередi.
140-бап. Кемесiмен жалданушыға жалдау ақысын төлеу
1. Кемесiмен жалданушыға кеменi жалдаушы тараптар келiскен ставка бойынша бiр ай бұрын жалдау ақысын төлейдi. Егер кеменiң жарамсыздығы кеменi жалдаушының кiнәсiнен болмаса ғана, кеменi жалдаушы кеменің теңiзде жүзе алмайтын жағдайда болуы салдарынан пайдалануға жарамсыз уақыт үшiн кемеге жалдау ақысы мен шығыстар төлеуден босатылады.
2. Осы Заңның 141-бабында көзделген жағдайды қоспағанда, жалдау ақысын төлеу мерзiмi күнтiзбелiк он бес күннен артық өткiзiлiп алған жағдайда, кемесiмен жалданушының кеменi жалдаушыдан кеменi ескертусiз алып қоюға және кеменi жалдаушыдан мерзiмiн өткiзiп алғандықтан келтiрiлген зияндарды өндiрiп алуға құқығы бар.
3. Кеме опат болған жағдайда жалдау ақысы бербоут-чартерде көзделген күннен бастап, кеме опат болған күнге дейiн немесе, егер бұл күндi анықтау мүмкiн болмаса, кеме туралы соңғы хабар алынған күнге дейiн төленуге тиiс.
141-бап. Кеменi алып қоюға жол бермеу
Осы Заңның 142-бабында белгiленген ережелерге сәйкес, кеменi сатып алу шартымен жасалған бербоут-чартер бойынша жалдау ақысын төлеу мерзiмi күнтiзбелiк он бес күннен астам өткiзiлiп алған жағдайда, егер мұндай мерзiмiн өткiзiп алу кеменi жалдаушыға байланысты емес мән-жайлардан туындаса, кеме иесiнiң кеменi жалдаушыдан кеменi алып қоюға құқығы жоқ, бiрақ кеменi жалдаушыдан мерзiмiн өткiзiп алу келтiрген зияндарды өндiрiп алуға құқылы.
Егер кеменi жалдаушы бербоут-чартер бойынша өз мiндеттемелерiн орындап, осы Заңның 140-бабының 1-тармағына сәйкес ең соңғы жалдау ақысын төлесе, кеменi жалдаушы кеменi сатып алатын талаппен жасалған бербоут-чартер бойынша, бербоут-чартердiң қолданылу мерзiмi бiткеннен кейiн кеме кеменi жалдаушының меншiгiне өтедi.
143-бап. Сатып алынған кеменің кемшiлiктерi үшiн
жауапкершiлiк
Егер кеменi жалдаушы кеменiң кемшiлiктерi кеме өзiне берiлгенге дейiн, немесе ол берiлгенге дейiн туындаған себептерге байланысты пайда болғанын дәлелдесе, кеменi жалдаушы сатып алған кеменің кез келген кемшiлiктерi үшiн, соның iшiнде байқалмайтын кемшiлiктерi үшiн кемесiмен жалданушы жауапты болады.
Сүйретiп жүзу шарты бойынша бiр кеменің иесi сыйақы алып, екiншi кеменi немесе өзге де жүзбелi объектiнi белгiлi бiр қашықтыққа не порт айдынында маневрлер жасау үшiн, соның iшiнде кеменi немесе өзге де жүзбелi объектiнi портқа кiргiзу не оны порттан шығару үшiн сүйретiп жүзуге мiндеттенедi.
145-бап. Сүйретiп жүзу шарты тараптарының мiндеттерi
Сүйретіп жүзу шартының әрбiр тарабы өз кемесiн немесе өзге де жүзбелi объектiнi сүйретiп жүзуге жарамды күйге алдын ала келтiрiп қоюға мiндеттi.
146-бап. Теңiзде сүйретiп жүзу кезiндегi жауапкершiлiк
1. Теңiзде сүйретiп жүзу сүйретiп жүзушi кеме капитанының басқаруымен жүзеге асырылады.
Теңiзде сүйретiп жүзу кезiнде сүйретуге алынған кемеге немесе өзге де жүзбелi объектiге не олардағы адамдарға немесе мүлiкке келтiрiлген залал үшiн, егер залал өз кiнәсiнен келтiрiлмегенiн дәлелдей алмаса, сүйретiп жүзушi кеменiң иесi жауапты болады.
2. Теңiзде сүйретiп жүзу шартының тараптары жазбаша нысандағы келiсiммен теңiзде сүйретiп жүзудi басқару жөнiндегi мiндеттi сүйретуге алынған кеменiң немесе өзге де жүзбелi объектiнiң капитанына жүктей алады. Бұл жағдайда теңiзде сүйретiп жүзу кезiнде сүйретiп жүзушi кемеге не ондағы адамдарға немесе мүлiкке келтiрiлген залал үшiн, егер залал өз кiнәсiнен келтiрiлмегенiн дәлелдей алмаса, сүйретуге алынған кеменiң немесе өзге де жүзбелi объектiнiң иесi жауапты болады.
147-бап. Портта сүйретiп жүзу кезiндегi жауапкершiлiк
1. Портта сүйретiп жүзу сүйретуге алынған кеме немесе өзге де жүзбелi объект капитанының басқаруымен жүзеге асырылады.
Портта сүйретiп жүзу кезiнде сүйретiп жүзушi кемеге не ондағы адамдарға немесе мүлiкке келтiрiлген залал үшiн, егер залал өз кiнәсiнен келтiрiлмегенiн дәлелдей алмаса, сүйретуге алынған кеменiң немесе өзге де жүзбелi объектiнiң иесi жауапты болады.
2. Портта сүйретiп жүзу шартының тараптары жазбаша нысандағы келiсiммен портта сүйретiп жүзудi басқару жөнiндегi мiндеттi сүйретiп жүзушi кеменiң капитанына жүктеуге құқылы. Бұл жағдайда портта сүйретiп жүзу кезiнде сүйретуге алынған кемеге немесе өзге де жүзбелi объектiге не олардағы адамдарға немесе мүлікке келтiрiлген залал үшiн, егер залал өз кiнәсiнен келтiрiлмегенiн дәлелдей алмаса, сүйретiп жүзушi кеменiң иесi жауапты болады.
148-бап. Мұз қатқан жағдайда сүйретiп жүзу кезiндегi
жауапкершiлiк
Мұз қатқан жағдайда сүйретіп жүзу кезiнде сүйретуге алынған кемеге немесе өзге де жүзбелi объектiге не олардағы адамдарға немесе мүлікке келтiрілген залал үшiн, егер залал сүйретiп жүзушi кеме иесiнiң кiнәсiнен келтiрiлгенi дәлелденбесе, ол жауапты болмайды.
15-тарау. КӨЛІК ЭКСПЕДИЦИЯСЫНЫҢ, ТЕҢІЗ АГЕНТТІГІН
ЖҮРГІЗУДІҢ, ТЕҢІЗ ДЕЛДАЛДЫҒЫНЫҢ ШАРТТАРЫ
149-бап. Көлiк экспедициясының шарты
1. Көлiк экспедициясының шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне , осы Заңға және Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн көлiктегi экспедиторлық қызметтi жүзеге асыру ережелерiне сәйкес жасалады.
2. Көлiк экспедициясының шарты бойынша бiр тарап (экспедитор) сыйақы алып және екiншi тараптың (клиенттiң, жүктi жөнелтушiнiң немесе алушының) есебiнен экспедиция шартында белгiленген, жүк тасымалдауға байланысты қызметтердi орындауға немесе орындауды ұйымдастыруға, соның iшiнде клиенттiң атынан немесе өз атынан жүк тасымалдау шартын жасасуға мiндеттенедi.
150-бап. Теңiз агенттiгiн жүргiзу шарты
1. Теңiз агенттiгiн жүргiзу шарты теңiз агентi мен кеме иесi арасында жасалған көлiк экспедициясының шарты болып табылады.
2. Теңiз агенттiгiн жүргiзу шарты бойынша теңiз агентi сыйақы алып және кеме иесiнiң есебiнен жүк тасымалдауға байланысты, шартта белгiленген қызмет көрсетудi орындауға немесе орындауды ұйымдастыруға мiндеттенедi. Шартта белгiленген өкiлеттiктер шегiнде теңiз агентi өз атынан және кеме иесiнiң атынан:
1) кеменiң портқа келуiне, кеменiң портта болуына және кеменің порттан шығуына байланысты қажеттi iс-әрекеттердi орындайды;
2) кеменiң портта болуына байланысты төленуге тиiстi сомаларды төлейдi;
3) кеменi жабдықтауды және оған портта қызмет көрсетудi ұйымдастыруда кеме капитанына көмек көрсетедi;
4) жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартын жасасады;
5) жүктiң құжаттарын ресiмдейдi;
6) жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартынан туындайтын талаптар бойынша кеме иесiне тиесiлi соманы алады;
7) шартқа сәйкес өзге де iс-әрекеттердi жасайды.
3. Теңiз агентi кеме иесiнiң келiсiмiмен өзiне осындай әрекеттер жасауға уәкiлдiк берген екiншi тараптың пайдасына да заңдық және өзге де әрекеттердi жасауға құқылы.
4. Шартты орындау мақсатында теңiз агентi кеме иесiнің алдында теңiз субагентiнiң әрекеттерi үшiн жауапты болып қала отырып, басқа тұлғалармен теңiз агенттiгiн жүргiзу шарттарын жасасуға құқылы. Егер теңiз субагентi сенiм бiлдiрудi беру негiзiнде әрекет етпесе ғана, теңiз субагентiнiң кеме иесi атынан үшiншi тұлғалармен мәмiлелер жасасуға құқылы емес.
1) кеме иесiнің мүдделерiн көздейтiн және теңiз агенттiгiн жүргiзу практикасына сәйкес қызметтi адал жүзеге асыруға;
2) өз өкiлеттiктерi шегiнде әрекет етуге;
3) кеме иесiне оның талап етуiмен тапсырмалардың орындалу барысы туралы барлық мәлiметтердi хабарлауға;
4) жасалған мәмiле бойынша алынғандардың бәрiн кiдiртпей кеме иесiне беруге;
5) қаражаттың жұмсалу есебiн жүргiзуге;
6) кеме иесiне тиiстi құжаттарды қоса тiркеп, тапсырмалардың орындалуы туралы, егер тапсырмалардың сипаты бойынша бұл талап етiлсе, есеп беруге мiндеттi.
6. Егер шартта өзгеше көзделмесе, кеме иесi:
1) кеме агентiне теңiз агенттiгiн жүргiзу шартына сәйкес әрекеттер жасауға жеткiлiктi қаражат беруге;
2) теңiз агентiне оның жұмсаған шығыстарын өтеуге;
3) егер теңiз агентi кеме иесiнiң атынан және өз өкiлеттiктерi шегiнде әрекет жасаса, теңiз агентi әрекеттерiнің салдары үшiн жауапты болуға;
4) теңiз агентiне теңiз агенттiгiн жүргiзу шартында белгiленген мөлшерде және тәртiппен сыйақы төлеуге;
5) теңiз агентiнің шартқа сәйкес орындағандарының бәрiн кiдiртпей қабылдауға мiндеттi.
7. Теңiз агенттiгiн жүргiзу шарты белгiсiз мерзiмге жасалған жағдайда, тараптардың әрқайсысы шартты бұзатындығы туралы екiншi тарапқа шарт бұзылғанға дейiн үш айдан кешiктiрмей хабарлап, мұндай шартты бұзуға құқылы.
151-бап. Теңiз делдалдығының шарты
1. Теңiз делдалдығының шарты бойынша, делдал (теңiз брокерi) сенiм бiлдiрушiнiң тапсыруы бойынша оның атынан және соның есебiнен кемелердi сатып алу-сату, кемелердi жалдап алу, сүйретіп жүзу шарттарын, сондай-ақ теңiздегi сақтандыру шарттарын жасасқан кезде теңiз делдалдығының шартында белгiленген сыйақы үшiн делдалдық қызметтер көрсетуге мiндеттенедi.
2. Теңiз брокерi, егер тараптар оған уәкiлеттiк берсе, шарттар жасасқан кезде екi тараптың өкiлi болуға құқылы. Бұл орайда теңiз брокерi тараптардың әрқайсысына өзiнiң екiншi тарапқа да өкiлдiк жасайтынын хабарлауға және делдалдық қызметтердi көрсеткен кезде екi тараптың да мүдделерiн көздеп әрекет жасауға мiндеттi.
152-бап. Жалпы авария ұғымы және оны бөлу принциптерi
1. Теңiздегi ортақ iске жалпы қауiпсiздiк және мүлiктi жалпы қауiптен сақтау мақсатында жасалған теңiз арқылы тасымалдау ережелерiне сәйкес теңiздегi ортақ iс аяқталған күнi және сол жерде кеменің, жүктiң және жалдау ақысы құнына мөлшерлес етiп кеме, жүк және жалдау ақысы арасында бөлiнетiн зияндар және (немесе) шығыстар жалпы авария деп танылады.
Жалпы авария деп танылатын залалдарға:
1) құтқару жөнiндегi шаралардың қолданылуы туғызған залалдар;
2) жүктiң, отынның, жабдықтау заттарының зақымдануы немесе жоғалуы, жалдау ақысының ысырабы туғызған залалдар;
3) кеменің, оның машиналарының немесе керек-жарақтарының зақымдануы туғызған залалдар жатады.
Жалпы авария деп танылатын шығыстарға:
1) кеменің паналайтын жерге кiруi туғызған шығыстар;
2) кеменi уақытша жөндеу туғызған шығыстар;
3) жалпы қауiпсiздiк үшiн кеменi кiдiрте тұру туғызған шығыстар;
4) кеменi жүзуге жарамсыз деп танудың немесе кеменің рейстi жалғастырудан бас тартуының салдарынан туған шығыстар;
5) құтқаруға жұмсалған шығыстар;
6) қоршаған ортаға нұқсан келтiрудi болғызбау жөнiндегi шаралар туғызған шығыстар жатады.
Жалпы аварияға жатқызылған шығыстардың орнына жұмсалған кез келген қосымша шығыстар (алмастырушы шығыстар) жалпы авария деп танылады. Алмастырушы шығыстар теңiздегi ортақ iске қатысушылардың қайсыбiреуi алған үнемге қарамастан, жол берiлмеген шығыстар мөлшерiнде ғана өтеледi.
2. Осы баптың 1-тармағында аталған әрекеттердiң тiкелей салдары болып табылатын залалдар ғана жалпы авария деп танылады.
3. Тасымалдау ережелерiне сәйкес, жалпы авария кеме, жүк және жалдау ақысы арасында олардың теңiздегi ортақ iстiң аяқталған күнi мен орнындағы құнына мөлшерлес бөлiнедi.
4. Бiр немесе бiрнеше кеме басқа бiр кеменi немесе басқа кемелердi сүйретiп не итеріп жүзген, олардың бәрi құтқару операциясына емес, коммерциялық қызметке қатысқан жағдайда да теңiздегi ортақ iс орын алады.
Егер кеме басқа кемеден немесе басқа кемелерден жай бөлiнiп кету нәтижесiнде қауiпсiз жағдайда болса, басқа кемемен немесе басқа кемелермен бiрге жалпы қауiпке ұшырамайды. Бөлiнiп кету жалпы авария актiсi болып табылатын жағдайда, теңiздегi ортақ iс жалғастырыла бередi.
153-бап. Кеменiң паналайтын орынға кiруi туғызған
шығыстар
1. Жазатайым оқиғаның немесе жалпы қауiпсiздiк үшiн осындай кiрудi немесе оралуды қажет еткен басқа бiр төтенше мән-жайдың салдарынан кеменiң портқа немесе өзге де бiр паналайтын жерге кiруi не кеменiң портқа немесе өзге де жүк тиеу орнына оралуына жұмсалған шығыстар жалпы авария деп танылады.
2. Кеменiң паналайтын орынға кiруiне немесе оның жүк тиеу орнына оралуына жұмсалған шығыстар жалпы авария деп танылатын жағдайда, оған кеменiң осындай орыннан жүк немесе жүктің бiр бөлiгiн алып шығуына байланысты шығыстар да жатады.
3. Осы баптың 1-тармағында аталған мән-жайлар кезiнде кеменің паналайтын орынға кiруi немесе оның жүк тиеу орнына оралуы салдарынан рейстің ұзартылуына байланысты кеме экипажының мүшелерiне жалақы мен жабдықталым төлеуге, отын мен жабдықтау заттарына жұмсалған шығыстар жалпы авария деп танылады.
4. Осы баптың 1-3-тармақтарында белгiленген ережелер тиiсiнше кеменiң кiрген және оған жөндеу жүргiзу мүмкiн болмаған паналау орнынан басқа портқа немесе басқа жерге орын ауыстыруына жұмсалған шығыстарға қатысты, сондай-ақ кеменi уақытша жөндеуге, оның сүйретіп жүзуге алынуы мен рейстің ұзартылуына байланысты шығыстарға қатысты қолданылады.
154-бап. Кеменi уақытша жөндеу туғызған шығыстар
Жүк тиеу орнында, кеме кiрген орында немесе жалпы қауiпсiздiк үшiн кеме паналаған орында кемеге уақытша жүргiзiлген жөндеуге не жалпы авариялық құрбандықтар салдарынан болған зақымдарды жоюға жұмсалған шығыстар жалпы аварияға жатқызылады. Рейстi аяқтау үшiн қажеттi кездейсоқ зақымдарды уақытша жоюға жұмсалған шығыстар жалпы аварияға жатқызылып, егер мұндай зақымдарды жою жүргiзiлмеген болса, ол әлгi алдын алу шығыстарының мөлшерiнде ғана өтеледi.
155-бап. Жалпы қауіпсiздiк үшiн кемені кiдiртуден
туындаған шығыстар
1. Жазатайым оқиғалар салдарынан әлдебiр портта немесе орында кеменi кiдiртіп қоюдан туындаған, кеме экипажына жалақы және жабдықталым төлеуге жұмсалған шығыстар немесе жалпы қауiпсiздiк үшiн не осындай жазатайым оқиғалар немесе басқа да төтенше оқиғалар келтiрген зақымдарды жою үшiн жұмсалған басқа да төтенше шығыстар, егер мұндай жою рейстi қауiпсiз жалғастыру үшiн қажет болса, жалпы авария деп танылады. Жалпы аварияға жатқызылмаған зақымдарды жоюға жұмсалған шығыстарды қоспағанда, осындай кiдiрту кезiнде туындаған отынға, жабдықтау заттарына жұмсалған шығыстар мен порттың шығыстары жалпы аварияны бөлу тәртiбiмен өтеледi.
2. Осы баптың 1-тармағында белгiленген ережелер қайсыбiр жазатайым оқиғаға немесе рейс кезiнде орын алған өзге де төтенше жағдайға байланысты емес зақымдарды жою салдарынан кеменi кiдiрту туғызған шығыстарға қолданылмайды. Тiптi зақымдарды жою рейстi қауiпсiз жалғастыру үшiн қажет болса да, мұндай шығыстар жалпы авария деп танылмайды.
156-бап. Кеменi жүзуге жарамсыз деп тану немесе кеменiң
рейстi жалғастырудан бас тартуы салдарынан
туындаған шығыстар
Кеме жүзуге жарамсыз деп танылған немесе кеме рейстi жалғастырудан бас тартқан жағдайда кеме жүзуге жарамсыз деп танылғанға немесе кеме рейстi жалғастырудан бас тартқанға дейiн не жүктi түсiру аяқталмаған жағдайда жүктi түсiру аяқталғанға дейiн (сақтауға, сақтандыруға, кеме экипажының жалақысына және оның жабдықталымына, отынға, жабдықтау заттарына, порт шығыстарына) жұмсалған шығыстар ғана жалпы аварияға жатқызылады.
157-бап. Құтқаруға жұмсалған шығыстар
1. Егер құтқару осы Заңның 152-бабының 1-тармағында аталған мақсатта жүзеге асырылса, теңiздегi ортақ iске қатысушы тараптар құтқаруға жұмсаған шығыстар, құтқару шарт негiзінде немесе өзге де түрде жүзеге асырылғанына қарамастан, жалпы авария деп танылады.
2. Осы баптың 1-тармағында аталған шығыстарда құтқару үшiн берiлетiн сыйақы қамтылады, оның мөлшерiн анықтаған кезде осы Заңның 183-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген талаптар ескерiледi.
Құтқарушыға кеме иесi осы Заңның 184-бабының 4-тармағында көзделген мөлшерде төлейтiн арнаулы өтем жалпы авария деп танылмайды.
158-бап. Қоршаған ортаға залал келтiрудi болғызбау
немесе азайту жөнiндегi шаралардан туындаған
шығыстар
Қоршаған ортаға залал келтiрудi болғызбау немесе азайту жөнiндегi шаралардан туындаған шығыстар, егер олар мына жағдайлардың бiрiнде немесе бәрiнде:
1) жалпы қауiпсiздiк мақсатында жүзеге асырылған операцияның бөлiгi ретiнде, бiрақ оны теңiздегi ортақ iстен тыс тарап қолданған болып, сол тарапқа құтқарғаны үшiн сыйақыға құқық берiле қалған жағдайда;
2) осы Заңның 153-бабында аталған мән-жайлар кезiнде кеменi портқа кiргiзу не кеменi порттан немесе орыннан шығару жағдайында;
3) осы Заңның 153-бабында көзделген мән-жайлар кезiнде кеменi портта немесе орында кiдiрту жағдайында жасалса, жалпы аварияға жатқызылады. Кемеден ластаушы заттар ағуы немесе төгiлуi iс жүзiнде орын алған жағдайда, осыған байланысты қоршаған ортаға залал келтiрудi болғызбау немесе азайту жөнiндегi қажеттi қосымша шаралардан туындаған шығыстар жалпы авария деп танылмайды;
4) жүктi түсiруге, қоймаға салуға немесе қайта тиеуге байланысты шығыстар, егер аталған операцияларға жұмсалған шығыстар жалпы авария деп танылса, жалпы аварияға жатқызылады.
159-бап. Құтқару жөнiнде шаралар қолданудан
туындаған зияндар
Осы Заңның 152-бабында аталған белгiлер болған жағдайда, атап айтқанда:
1) жүктi кеме бортынан сыртқа лақтырғанда келтiрiлген зияндар, сондай-ақ жалпы қауiпсiздiк үшiн жасалған құрбандықтар салдарынан, атап айтқанда, жүктi лақтыру үшiн ашылған люктер немесе сол үшiн жасалған басқа да тесiктер арқылы трюмге судың кiру салдарынан кемеге немесе жүкке келтiрiлген зияндар;
2) кемедегi өрттi сөндiруге байланысты кемеге немесе жүкке келтiрiлген зияндар, соның ішінде кеменi сол мақсатпен жағаға шығарып тастау немесе жанып жатқан кеменi суға батыру iсiн жүргiзуден болған зияндар;
3) кеменің қайраңға өзi шыға алу-алмауына қарамастан, кеменi қайраңға әдейi отырғызу арқылы кемеге немесе жүкке келтiрiлген зияндар;
4) кеменi қайраңнан шығару кезiнде кеме двигателiнің басқа да машиналары мен қазандарының зақымдануынан кемеге келтiрiлген зияндар;
5) жүктi, отынды немесе жабдықтау заттарын кемеден лихтерлерге қайта тиеу арқылы қайраңда қалған кеменi жеңiлдетуге, лихтерлердi жалдауға және оларды кемеге қайта тиеуге жұмсалған төтенше шығыстар, сондай-ақ осының салдарынан келтiрiлген басқа да зияндар жалпы авария деп танылады.
160-бап. Жүктiң, отынның не жабдықтау заттарының
зақымдануынан немесе жойылуынан, жалдау
ақысының ысырабынан келтiрiлген зияндар
1. Егер аталған операцияларды жүзеге асыруға жұмсалған шығыстар жалпы авария деп танылған жағдайларда, жүктің, отынның не жабдықтау заттарының кемедегi орнынан ауыстырып қою, кемеден түсiру, кемеге қайта тиеу мен орналастыру нәтижесiнде, сондай-ақ оларды сақтау нәтижесiнде келтiрiлген зақымдануынан немесе жойылуынан болған шығындар, жалпы авария деп танылады.
2. Жүктiң жоғалуынан туындаған жалдау ақысының ысырабы, жүктiң жоғалуы жалпы аварияны бөлу тәртiбiмен өтелетiн жағдайларда, жалпы авария деп танылады. Бұл орайда кеме иесi алу мақсатында шығарып, бiрақ құрбандық салдарынан жүзеге асырылмаған шығыстар жалдау ақысынан шығарып тасталады.
161-бап. Кеменiң, оның машиналарының немесе
керек-жарақтарының зақымдануынан
туындаған зияндар
1. Кеменiң, оның машиналарының немесе керек-жарақтарының зақымдануынан болған жалпы аварияны құрайтын зияндар зақымданған немесе жоғалған нәрсенi жөндеу, түзету немесе ауыстыру құны негiзге алына отырып анықталады. Бұл орайда осы Заңның 163-бабына сәйкес, "ескiнiң орнына жаңа үшiн" шегерiмi жасалады.
2. Кемеге жөндеу жүргiзiлмеген жағдайда, кеменің зақымдануынан болған зиян кеменiң зақымдану салдарынан кемiген құнына және кеме жөндеу құнынан аспайтын сметаға сәйкес сомамен анықталады.
162-бап. Жалпы авария деп танылмайтын зияндар
(жеке авария)
1. Осы Заңның 152-бабының 1-тармағында белгiленген, жалпы авария белгiлерiне жатпайтын зияндар, сондай-ақ осы баптың 2-тармағында аталған зияндар жеке авария деп танылады. Мұндай зияндар кеме, жүк және жалдау ақысы арасында бөлiнбеуге тиiс және оларды зардап шеккендер көтередi немесе олардың келтiрiлгенi үшiн жауаптылар көтередi.
2. Осы Заңның 152-бабының 1-тармағында аталған белгiлерi болған күннiң өзінде де:
1) сауда мақсатында теңiзде жүзу ережелерi мен үрдiстерi бұзыла отырып, кемеде тасылып келе жатқан, борттан лақтырылып тасталған жүктің құны;
2) кемедегi өрттi сөндiруге байланысты түтiннiң немесе қызудың әсер етуi салдарынан келтiрiлген зияндар;
3) кеменiң теңiздегi қауiп салдарынан бұрын бұзылған немесе iс жүзiнде жойылған сынықтарын немесе бөлiктерiн шауып тастаудан келтiрiлген зияндар;
4) жүзiп келе жатқан кеме двигательдерiнiң жұмысын немесе двигательдерiнiң, басқа да машиналарының, қазандарының өзге де жұмысын тездетуден келтiрiлген зияндар;
5) рейс ұзақтығын ұлғайту салдарынан кемеге немесе жүкке келтiрiлген зияндар немесе ысыраптар (кiдiрiстен, бағаның өзгеруiнен болған және басқа зияндар) жалпы авария деп танылмайды.
163-бап. "Ескiнің орнына жаңа үшiн" шегерiмдер
1. Жасалған уақыты он бес жылдан аспайтын кеменi жөндеу кезiнде ескi материалдар немесе кеменiң бөлiктерi жаңаларымен ауыстырылған жағдайда, осы Заңның 161-бабына сәйкес жалпы аварияға жатқызылатын жөндеу құны, осы баптың 2-4-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жөндеу құнының үштен бiр бөлiгiне кемiтiледi.
2. Соқтығысуға кемелердiң бiрi кiнәлi болған жағдайда жалпы авария деп танылатын кеменiң уақытша жөндеу құнынан, сондай-ақ азық-түлiктiң, жабдықтау заттарының, зәкiрлердiң және зәкiр шынжырларының құнынан "ескiнің орнына жаңа үшін" шегерімдер жасалмайды.
3. Кеменi құрғақ докта, стапельде жөндеу және кеменің орнын ауыстыру қажеттiгi туғызатын шығыстар толығымен жалпы аварияға жатқызылады.
4. Мұның алдындағы корпусты бояу мен жабу жалпы авария актiсiне дейiнгi соңғы он екi айда орын алған жағдайда да кеменi жөндеу кезiнде оны тазалауға, бояуға және корпусын жабуға жұмсалған шығыстар елу процент мөлшерiнде жалпы авария деп танылады.
5. "Ескiнің орнына жаңа үшiн" шегерiмдердi қолдану үшiн кеменiң жасалған уақыты оны жасау аяқталған жылдың 31 желтоқсанынан бастап, жалпы авария актiсiнiң күнiне дейiн есептеледi. Кеменi оқшаулауға, оның құтқару және басқа шлюпкаларына, байланыс құралдарына, навигациялық аспаптары мен жабдықтарына, машиналары мен қазандарына қатысты олардың нақты жасалған уақыты есепке алынады.
164-бап. Диспаша және диспашерлер
Мүдделi тараптардың өтiнiшi бойынша жалпы аварияны анықтау диспашерлердің диспаша жасауына әкеп соғады.
165-бап. Диспаша жасағанда негiзге алынатын
дәлелдемелер мен материалдар
1. Жалпы аварияны бөлудi талап ететiн тарап мәлiмделген зияндар шын мәнiнде жалпы авария деп танылуға тиiс екенiн дәлелдеуге мiндеттi.
2. Диспаша жасауда мүдделерi қозғалуы мүмкiн тұлға диспашерге теңiздегi ортақ iс аяқтағанға дейiн бiр жыл iшiнде өтеудi талап ететiн ысыраптары немесе шығыстары туралы жазбаша нысанда өтiнiш бередi.
Мұндай өтiнiш берiлмеген немесе мұндай өтiнiш туралы сұрау салудан кейiн он екi ай iшiнде тұлға мәлiмделген талапты негiздеу мақсатында дәлелдемелердi не мүлiктiң құны туралы деректердi табыс етпеген жағдайда, диспашер өзiнде бар ақпарат негiзiнде диспаша жасауға құқылы. Бұл орайда диспашаға оның көрiнеу дұрыс болмауы негiзiнде ғана дау туғызылуы мүмкiн.
3. Диспаша жасалып жатқан кезде шешу үшiн арнаулы бiлiмдер (кеме жүргiзу, кеме жасау, кемелердi жөндеу, кемелер мен жүктердi бағалау, сондай-ақ өзге де арнаулы білiмдер) талап етiлетiн мәселелер туындаған жағдайда, диспашер өзi тағайындаған сарапшыға тиiстi қорытынды дайындауды тапсыруға құқылы. Мұндай қорытындыны диспашер басқа дәлелдемелермен қатар бағалайды.
4. Диспаша жасаудың негiзiне алынған материалдар танысу үшiн ашық болуға тиiс және диспашер мүдделi тұлғалардың талап етуi бойынша оларға материалдар деректерiнiң куәландырылған көшiрмелерiн солардың есебiнен беруге мiндеттi.
166-бап. Диспаша жасау үшiн алым
Диспаша жасалғаны үшiн алым алынады, ол диспашаға енгiзiлiп, барлық мүдделi тұлғалардың арасында олардың жалпы аварияға қатысу үлесiне бара-бар бөлiнедi.
167-бап. Диспашаны түзету және оған дауласу
1. Диспашалар тiзiлiмiнде диспаша тiркелгеннен кейiн ондағы есептеулерден табылған қателердi диспашер өз бастамасымен немесе араларында жалпы авария бөлiнген тұлғалардың өтiнiшi бойынша диспашаға оның құрамдас бөлiгi болып табылатын қосымша (аддендум) жасау арқылы түзетуi мүмкiн.
2. Араларында жалпы авария бөлiнген тұлғалар диспаша немесе оған аддендум алынған күннен бастап алты ай iшiнде, бұл туралы диспашерге оған талап-арыздың көшiрмесiн жiберу арқылы мiндеттi түрде хабарлай отырып, диспашерге сотта дау айта алады.
3. Диспашер сотта диспаша туралы даудың қаралуына қатысуға және iстiң мәнi бойынша түсiнiктеме беруге құқылы немесе, егер талап етiлсе, міндеттi.
4. Диспаша туралы дауды қарайтын сот диспашаны күшiнде қалдыруы, оған өзгерiстер енгiзуi немесе оның күшiн жойып, диспашерге сот шешiмiне сәйкес жаңа диспаша жасауды тапсыруы мүмкiн.
Осы Заңның 167-бабының 2-тармағында көзделген мерзiмде диспашаға дау айтылмаған немесе дау айтылып, бiрақ сот күшiнде қалдырған жағдайда, ол бойынша өндiрiп алу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзiлуi мүмкiн.
17-тарау. КЕМЕЛЕР СОҚТЫҒЫСҚАН ЖАҒДАЙДА
ЗИЯНДЫ ӨТЕУ
169-бап. Кемелердiң соқтығысуынан келтiрген
зиян үшiн жауапкершiлiк
1. Кемелердiң соқтығысуынан келтiрген зиян Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген тәртiппен өтеледi.
2. Кемелердiң соқтығысуы лоцманның кiнәсiнен, соның iшiнде мiндеттi лоцмандық алып өту кезiнде болған жағдайда жауапкершiлiк нақ сол тәртiппен анықталады.
3. Кемелердiң соқтығысуы екi немесе одан да көп тараптың кiнәсiнен болған жағдайда, келтiрiлген зиян үшiн жауапкершiлiк олардың әрқайсысы кiнәсiнiң деңгейiне мөлшерлес анықталады. Тараптардың әрқайсысы кiнәсiнің деңгейiн анықтау мүмкiн болмаған жағдайда, соқтығысудың мән-жайлары негiзге алына отырып, жауапкершiлiк олардың арасында тең бөлiнедi.
4. Кеме иелерi зардап шегушiлер немесе Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес зиянды өтеттiруге құқығы бар адамдар алдында азаматтың өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн ортақ жауапкершiлiкте болады.
Келтiрiлген зиянды бiрлесiп өтеген кеме иесi зардап шегушiге зиян келтiрушiлердің әрқайсысынан осы зиян келтiрушi кiнәсiнің деңгейiне сәйкес келетiн мөлшерде зардап шегушiге төленген өтем үлесiн талап етуге құқылы.
170-бап. Жауапкершiлiктi жоққа шығаратын мән-жайлар
1. Кемелердің соқтығысуы кездейсоқ соқтығысу, еңсерiлмейтiн күштiң салдарынан соқтығысу жағдайында зиян келтiрiлуiне тараптардың кiнәсi болмаған немесе соқтығысу себептерiн анықтау мүмкiн болмаған жағдайда тараптардың бiрде-бiреуiнiң зиянның өтелуiн талап етуге құқығы жоқ. Мұндай жағдайда тараптардың әрқайсысы өзi келтiрген зиянға тәуекел етедi.
2. Кемелер немесе олардың бiрi соқтығысу кезiнде зәкiрде тұрған немесе өзге бiр әдiспен бекiтiлген жағдайда да осы баптың 1-тармағында белгiленген ережелер қолданылады.
18-тарау. ҚАУІПТІ ЖҮКТЕРДІ ТАСЫМАЛДАУДАН ЖӘНЕ
ТЕҢІЗДІҢ КЕМЕЛЕРДЕН АҚҚАН МҰНАЙМЕН
ЛАСТАНУЫНАН КЕЛТІРІЛГЕН ЗАЛАЛ ҮШІН
ЖАУАПКЕРШІЛІК
171-бап. Кеме иесiнiң жауапкершiлiгi
1. Осы Заңның 175-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, кеме иесi қауiптi жүктi тасымалдау салдарынан және (немесе) теңiздiң кемеден аққан мұнаймен ластануынан оқыс жағдай туындаған кезден бастап зардап шегушi тұлғаға келтiрiлген зиян мен залал үшiн жауапты болады.
1) қауiптi жүктің кемеде және кеме сыртында азаматтың өмiрi мен денсаулығына зиян келтiруi;
2) қауiптi жүктiң салдарынан мүлiктiң кемеде немесе кеме сыртында жоғалуы, кем шығуы немесе зақымдануы (бүлiнуi);
3) қауiптi жүк келтiрген, қалпына келтiру шараларына жұмсалатын шығыстармен шектелген қоршаған ортаның ластануынан болған залалдар, сондай-ақ осындай залал келтiрiлуi салдарынан қолдан шығып кеткен тиiмдiлiк;
4) ескерту шараларына жұмсалған шығыстар және кейiннен осындай шаралар келтiрген залал қауiптi жүктердi тасымалдауға байланысты залал болып табылады.
1) мұнайдың ағуы немесе төгiлуi қай жерде болса да, кемеден мұнайдың ағуы немесе төгiлуi салдарынан болған кеме сыртындағы ластанудан келтiрiлген, қалпына келтiру шараларына жұмсалатын шығыстармен шектелген залал, сондай-ақ осындай залал келтiрiлуi салдарынан қолдан шығып кеткен тиiмдiлiк;
2) алдын алу шараларына жұмсалған шығыстар және кейiннен осындай шаралар келтiрген залал жүк немесе өз отыны ретiнде тасымалданатын кемеден аққан мұнайдың теңiздi ластауынан келтiрiлген залал болып табылады.
172-бап. Екi немесе одан да көп кеме иелерiнiң
ортақ жауапкершiлiгi
Екi немесе одан да көп кеме қатысқан оқыс жағдай салдарынан ластанудан залал келтiрiлген ретте, оқыс жағдайға қатысы бар барлық кеме иелерi, егер мұндай кеме иелерi осы Заңның 175-бабының негiзiнде жауапкершiлiктен босатылмаса, ластанудан болған барлық залал үшiн ортақ жауапкершiлiкте болады.
173-бап. Кеме иесiнiң толық жауапкершiлiгi
Кеме иесi, егер:
1) ластанудан болған залал оның қасақана немесе өрескел абайсыздықтан жасаған әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) салдарынан болғаны дәлелденсе;
2) ол осы Заңның 176-бабында көзделген жауапкершiлiктi шектеу қорын құру жөнiндегi талапты орындамаған болса, толық көлемiнде жауапты болады.
174-бап. Кеме иесiнiң жауапкершiлiгiн шектеу
1. Кеме иесiнiң қауiптi жүк тасымалдауға байланысты жауапкершiлiгiнiң мөлшерi бiр оқыс жағдайға қатынасы бойынша жалпы сомамен шектеледi, ол мынадай тәртiппен есептеп шығарылады:
1) сыйымдылығы екi мың тоннадан аспайтын кеме үшiн он миллион есептiк бiрлiк;
2) сыйымдылығы екi мың тоннадан асатын кеме үшiн осы тармақтың 1) тармақшасында аталған сомаға сыйымдылығы әрбiр келесi тоннасы үшiн, жалпы сомасы жүз миллион есептiк бiрлiктен аспайтын жағдайда:
екi мың бiр тоннадан елу мың тоннаға дейiн - бiр жарым мың есептiк бiрлiк;
елу мың тоннадан астам - үш жүз алпыс есептiк бiрлiк қосылады.
2. Кеме иесi бiр оқыс жағдайға қатынасы бойынша теңiздiң мұнаймен ластануынан келтiрiлген залал үшiн өз жауапкершiлiгiн кеме сыйымдылығының әрбiр тоннасына шаққандағы бiр жүз отыз үш есептiк бiрлiктiң жалпы сомасымен шектеуге құқылы. Бұл орайда жалпы сома он төрт миллион есептiк бiрлiктен аспауы керек.
175-бап. Кеме иесiнiң жауапкершiлiктен босатылуы
1. Егер залал:
1) соғыс қимылдарының, дүлей зiлзалалардың салдарынан;
2) үшiншi тұлғалардың қасақана әрекетiнен (әрекетсiздiгiнен);
3) кеме сыртындағы навигациялық құралдардың тиiсiнше жұмыс iстемеу салдарынан келтiрiлгенiн дәлелдесе, кеме иесi қауiптi жүктердi тасымалдаудан және теңiздің мұнаймен ластануынан келтiрiлген зиян үшiн жауапты болмайды.
2. Кеме иесi, зардап шеккен тұлғаның қасақана немесе өрескел абайсыздығынан залал келтiрiлгенiн дәлелдеген жағдайда зиянды өтеу мөлшерi кемiтiлуi мүмкiн немесе зиянды өтеуден бас тартылуы мүмкін.
3. Азаматтың өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрiлген жағдайда өтеуден толық бас тартуға жол берiлмейдi.
176-бап. Жауапкершiлiктi шектеудің мiндеттi қоры
1. Қауiптi жүктердi тасымалдау кезiнде және (немесе) теңiздiң кемеден аққан мұнаймен ластануынан келтiрiлген зиянды өтеу жөнiндегi мiндеттемелерiн орындау үшiн кеме иесi өз жауапкершiлiгiнің шегiне тең жалпы сомада жауапкершiлiктi шектеу қорын құруға мiндеттi.
Жауапкершiлiктi шектеу қоры өзiнен шығасы ақшаны сот атына депозит жағдайларында орналастыру немесе банк кепілдiгiн беру не сот жеткiлiктi деп таныған өзге де қаржылық қамтамасыз ету арқылы құрылуы мүмкiн.
2. Кеме иесiнің қауiптi жүктердi тасымалдаудан және теңiздiң кемеден аққан мұнаймен ластануынан келтiрiлетiн залалды болғызбау немесе азайту жөнiндегi шығыстары оған жауапкершiлiктi шектеу қорына қатысты басқа кредиторларда қандай құқықтар болса, сондай құқықтар бередi.
3. Сақтандырушының немесе мiндеттемелердi қаржымен қамтамасыз етiп берушi тұлғаның не кеме иесiнiң осы бапта көзделген ережелерге сәйкес жауапкершiлiктi шектеу қорын құруға құқығы бар. Қордың құрылуы кеме иесiне қатысты зардап шегушiнің құқығына қолданылмайды.
4. Осы баптың 1-тармағына сәйкес құрылған жауапкершiліктi шектеу қорына осы Заңның 202-бабында жауапкершiлiктi шектеу қорын бөлу туралы белгiленген ережелер қолданылады.
Азаматтың өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген залалды өтеу жөнiндегi талаптар басқа талаптар алдында мұндай талаптардың жиынтық сомасы осы Заңның 174-бабының 1-тармағында белгiленген жалпы сомадан аспайтын шамада басымдықпен қанағаттандырылуға тиiс.
5. Кеме иесi жауапкершiлiктi шектеу қорын құрған жағдайда залалды өтеу туралы талаптар бойынша өндiрiп алуды кеме иесiнiң өзге мүлкiне қолдануға жол берiлмейдi. Бұл орайда соттың қауiптi жүктердi тасымалдау мен теңiздің кемеден аққан мұнаймен ластануынан келтiрiлген залалды өтеу туралы талап қоюды қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолдануына, оның iшiнде тыйым салуына болмайды.
177-бап. Жауапкершiлiктi сақтандыру немесе
қаржымен қамтамасыз ету
1. Қауiптi жүк, сондай-ақ екi мың тоннадан астам мөлшерде мұнай тасымалдаушы кеме иесi ластау үшiн жауапкершiлiк тәуекелiн сақтандыруға не Қазақстан Республикасының заңдарында немесе шартта көзделген мiндеттемелердiң орындалуын осы Заңның 174-бабына сәйкес анықталатын ластаудан болған залал үшiн жауапкершiлiк мөлшерiнде қаржымен қамтамасыз етiп беруге мiндеттi.
2. (Алып тасталды)
3. Кеменiң бортында жауапкершiлiктiң сақтандырылуын немесе қаржымен қамтамасыз етiлуiн растайтын куәлiктiң болуы мiндеттi. Куәлiктi, уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен кеменi мемлекеттiк тiркеу органы бередi.
Ескерту. 177-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.06.02. N 55 (қолданысқа енгiзiлу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
178-бап. Ластанудан келтiрiлген зиянды өтеу туралы
талап қою
1. Кеме иесiне, сақтандырушыға немесе кеме иесi мiндеттемелерiнiң орындалуын қаржымен қамтамасыз етiп берген тұлғаға ластанудан келтiрiлген зиянды өтеу туралы талап қоюы Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады.
2. Сотта жауапкер ретiнде болатын сақтандырушы немесе кеме иесi мiндеттемелерiнiң орындалуын қаржымен қамтамасыз етiп берген тұлға, банкроттық және таратылу жағдайларын қоспағанда, соттың iс қарауы барысында кеме иесi жасайтын кез келген қарсылықты табыс етуге құқылы. Ластанудан болған залалды қасақана әрекеттер салдарынан кеме иесi келтiрген жағдайда, сот кеме иесiн тең жауапкер ретiнде тартуы мүмкiн.
19-тарау. КЕМЕЛЕРДІ ЖӘНЕ БАСҚА ДА
МҮЛІКТІ ҚҰТҚАРУ
179-бап. Құтқару туралы шарттар
Кеме капитанының кеме иесi атынан құтқару операцияларын жүзеге асыру үшiн құтқару туралы шарттар жасасуға құқығы бар. Кеме капитанының немесе кеме иесiнiң мұндай шарттарды кеме бортындағы мүлiк иесiнiң атынан жасасуға құқығы бар.
180-бап. Шарттардың жарамсыздығы немесе олардың
өзгертiлуi
Шарт немесе оның кез келген талаптары, егер:
1) шарт қауiптiң шамадан тыс әсерiмен немесе ықпалымен жасалып, оның талаптары әдiлетсiз болса;
2) шартта көзделген ақы нақты көрсетiлген қызметтерге қатысты шамадан тыс жоғары немесе төмен болса, жарамсыз деп танылуы немесе өзгертiлуi мүмкiн.
181-бап. Құтқарушының, кеме иесiнiң және кеме
капитанының мiндеттерi
1. Қауiптi жағдайда тұрған кеме иесiне немесе қауiптi жағдайда тұрған басқа да мүлiк иесiне қатысты құтқарушы:
1) құтқару операцияларын iстiң мән-жайлары бойынша қамқорлықпен және сақтықпен жүзеге асыруға;
2) қоршаған ортаға залалды болғызбау немесе азайту жөнiнде шаралар қолдануға;
3) iстiң мән-жайларынан туындаған қажеттiлiк кезiнде басқа құтқарушылардан көмек сұрауға;
4) қауiптi жағдайда тұрған кеменiң капитаны немесе оның иесi не қауiптi жағдайда тұрған басқа да мүлiктiң иесi басқа құтқарушылардың қатысуын талап еткен кезде, егер бұл құтқарушы сыйақысының мөлшерiне әсер етпейтiн болса, және мұндай талап заңсыз деп танылмайтын болса, оған келiсуге мiндеттi.
2. Қауiптi жағдайда тұрған кеменiң капитаны және оның иесi немесе қауiптi жағдайда тұрған басқа да мүлiктiң иесi құтқарушыға қатысты:
1) құтқару операциялары барысында онымен ынтымақтасуға;
2) қоршаған ортаға залалды болғызбау туралы немесе азайту туралы тиiстi қамқорлық көрсетуге;
3) кеме немесе басқа да мүлiк қауiпсiз орынға жеткiзiлгеннен кейiн, егер мұны құтқарушы талап етсе, оны қабылдауға мiндеттi.
182-бап. Сыйақы төлеу шарттары
1. Мүдделi тұлға үшiн оң нәтижеге жеткiзiп, құтқару операцияларын жүзеге асырған құтқарушының сыйақы алуға құқығы бар.
2. Осы Заңның 184-бабында көзделген жағдайды қоспағанда, егер құтқару операцияларының оң нәтижесi болмаса, сыйақы төленбейдi.
183-бап. Сыйақы мөлшерiн белгiлеу өлшемдерi
1. Құтқару операцияларын жүзеге асырғаны үшiн сыйақы мөлшерi мынадай өлшемдер ескерiле отырып белгiленедi:
1) кеменің немесе басқа да мүлiктің құтқарылған құны;
2) қоршаған ортаға залалды болғызбаудағы немесе азайтудағы құтқарушылардың шеберлiгi мен күш-жiгерi;
3) құтқарушылар қол жеткiзген табыстың дәрежесi;
4) қауiптiң сипаты мен дәрежесi;
5) кеменi, басқа да мүлiктi және адамдарды құтқарудағы құтқарушылардың шеберлiгi мен күш-жiгерi;
6) құтқарушылар жұмсаған уақыт және жасалған шығыстар мен келтiрiлген зияндар;
7) жауапкершiлiк тәуекелi мен құтқарушылар немесе олардың жабдықтары ұшыраған өзге де тәуекелдер;
8) қызметтер көрсетудiң жылдамдығы;
9) кемелердiң немесе құтқару операцияларына арналған басқа да жабдықтардың болуы мен пайдаланылуы;
10) құтқарушы жабдықтарының дайындық жағдайы, мұндай жабдықтардың тиiмдiлiгi және құны.
2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес белгiленген сыйақыны кемеге және басқа да мүлiкке барлық мүдделi тұлғалар кеме мен басқа да мүлiктiң тиiстi құтқарылған құнына бара-бар төлейдi.
3. Сыйақы төлеуге байланысты төленуге тиiстi зияндар мен сот шығындарын қоспағанда, сыйақының мөлшерi құтқарылған кеменiң және басқа да мүлiктің құнынан аспауға тиiс.
4. Осы Заңның 184-бабында көзделген арнаулы өтем анықталғанға дейiн кеменің және басқа да мүлiктiң ең жоғары құтқарылған құны мөлшерiнде сыйақы белгiлеуге жол берiлмейдi.
1. Қоршаған ортаға залал келтiру қатерiн төндiрген кемеге (не оның жүгiне) қатысты құтқару операцияларын жүзеге асырған және осы Заңның 183-бабына сәйкес сыйақы алуға құқығы жоқ құтқарушы кеме иесiнен осы баптың 3-тармағында белгiленген мөлшерде арнаулы өтем төлеудi талап етуге құқылы.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген мән-жайлар болып, құтқарушы өзi жүргiзген құтқару операцияларының нәтижесiнде қоршаған ортаға залалды болғызбаған немесе азайтқан жағдайда, осы баптың 1-тармағына сәйкес құтқарушыға кеме иесi төлейтiн арнаулы өтем оған жұмсалған шығыстардың ең көп дегенде отыз процентiне дейiн көбейтiлуi мүмкiн. Сот немесе аралық сот осы Заңның 183-бабының 1-тармағында көзделген өлшемдердi ескере отырып, арнаулы өтемнiң мөлшерiн құтқару операциясының барысында құтқарушы жасаған шығыстардың толық сомасына дейiн көбейтуге құқылы.
3. Арнаулы өтем мөлшерi анықталған кезде, осы Заңның 183-бабы 1-тармағының 8)-10) тармақшаларында көзделген өлшемдер ескерiле отырып, құтқарушының құтқару операцияларын жүзеге асыру кезiнде жасаған нақты шығыстары мен құтқару операциясында ақылға сыйымды пайдаланылған жабдықтар мен персонал үшiн төленген ақы ескерiледi.
4. Құтқарушының осы Заңның 183-бабына сәйкес алуы мүмкiн сыйақысынан арнаулы өтем асып түсетiн жағдай мен мөлшерде ғана сондай өтем төленедi.
5. Егер құтқарушы қоршаған ортаға залалды өзiнiң салақтығы салдарынан жоя алмаса немесе азайта алмаса, арнаулы өтем толық төленбейдi немесе iшiнара төленедi.
185-бап. Сыйақының құтқарушылар арасында бөлiнуi
Сыйақыны бiрнеше құтқарушы арасында бөлу, осы Заңның 183-бабында белгiленген өлшемдер ескерiле отырып, олардың әрқайсысының құтқару операциясына қатысу деңгейiне мөлшерлес жүргiзiледi.
186-бап. Сыйақының кеме иесi мен кеме экипажы
мүшелерiнiң арасында бөлiнуi
1. Құтқару операциясын жүзеге асыру үшiн төленетiн сыйақыны кеме иесi мен кеме экипажы мүшелерiнiң арасында бөлу құтқару операциясын жүзеге асыруға байланысты кеме иесi мен кеме экипажының мүшелерi жұмсаған шығыстар шегерiлгеннен кейiн мынадай тәртiппен жүргiзiледi:
1) сыйақы мөлшерiнің бестен үшi кеме иесiне тиесiлi болады, бестен екiсi кеме экипажы мүшелерiнің арасында бөлiнедi;
2) кеме экипажы мүшелерiне тиесiлi үлес осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес олардың арасында құтқару операциясын жүзеге асыру кезiндегi қатысу дәрежесiне және әрқайсысының жалақысына мөлшерлес бөлiнедi.
Айрықша мән-жайлар болған ерекше жағдайларда сыйақыны бөлудің өзге де тәртiбi қолданылуы мүмкiн.
2. Осы баптың 1-тармағында белгiленген ережелер құтқару операцияларын кәсiби қызмет ретiнде жүзеге асыратын кемелердің мұндай операцияларды жүргiзгенi үшiн алатын сыйақысын бөлуге қолданылмайды.
1. Құтқару операцияларын жүргiзу кезiнде құтқарылған адамдардан сыйақы төлеудi талап етуге жол берiлмейдi.
2. Адамдарды құтқару қажеттiгiн туғызған оқиғаға байланысты қызмет көрсетуге қатысқан құтқарушылардың кеменi және (немесе) басқа да мүлiктi құтқарғаны не қоршаған ортаға залалды болғызбағаны немесе азайтқаны үшiн құтқарушыларға тиесiлi сомадағы үлеске құқығы бар.
188-бап. Құтқару шартын орындау кезiнде көрсетiлген
қызметтер үшiн төленетiн ақы
Көрсетiлген қызметтер үшiн жасалған шығыстар құтқару шартын тиiсiнше орындау кезiнде туындауы мүмкiн шығыстардың мөлшерiнен асып түскен жағдайда сыйақы төленбеуге тиiс.
189-бап. Құтқару операцияларын тиiсiнше жүзеге
асырмаудың салдары
Құтқару операцияларын тиiстi түрде жүзеге асырмаған құтқарушыға оның кiнәсiнiң дәрежесiне қарай (қосымша құтқару операцияларын жүзеге асыру қажеттiгiнiң, құтқару операцияларын жүргiзу кезiндегi қиындықтардың және басқаларының туындауы) арнаулы өтем төлеуден толық немесе iшiнара бас тартылуы мүмкiн.
190-бап. Мүдделi тұлғаның құтқару операцияларына
тыйым салуының салдары
Кеме иесiнiң және (немесе) қауiптi жағдайда тұрған кеме капитанының немесе қауіптi жағдайда тұрған өзге де мүлік иесiнiң тыйым салуына қарамастан жүргiзiлген құтқару операциялары аталған тұлғалардың құтқарушыға немесе үшiншi тұлғаларға сыйақы төлеу жөнiндегi мiндеттемелерiне әкеп соқпайды.
191-бап. Кемелердiң белгiлi бiр иеленушiге тиесiлi
болуы
Осы тарауда белгiленген ережелер, құтқарылған кеме мен құтқару операцияларын жүзеге асырушы кеме белгiлi бiр кеме иесiне тиесiлi болған жағдайда да қолданылады.
192-бап. Құтқарушының талаптарын қамтамасыз ету
1. Құтқарушының талап етуi бойынша сыйақы және (немесе) арнаулы өтем төлеуге жауапты тұлға өз мiндеттемелерiнiң орындалуын қамтамасыз етудi ұсынады.
2. Құтқарылған кеме иесiнің, жөнелтушi (алушы) құтқарушының талаптарын тиiсiнше қамтамасыз етудi енгiзгенге дейiн, құтқарылған жүктi беруге құқығы жоқ.
3. Құтқарылған кеме мен басқа да мүлiктi құтқарушының келiсiмiнсiз, мұндай кеме мен мүлiктi құтқару операциялары аяқталғаннан кейiн бастапқы жеткiзiлген теңiз портынан немесе орыннан тиiсті кемеге немесе мүлікке құтқарушының талаптарын тиiсiнше қамтамасыз етiп бергенге дейiн ауыстырылуға болмайды.
Құтқарушы құтқару кезiнде өзi жұмсаған шығыстарды өтеу есебiне алдын ала төлем төлеудi талап етуге құқылы. Ол төленген жағдайда құтқарушының талаптарын кейiнгi қамтамасыз ету тиiсiнше төмендейдi.
194-бап. Мемлекеттiк органдардың құтқару
операцияларына қатысуы
Мемлекеттiк органдар және құтқарушылар осы тарауда белгiленген ережелерге сәйкес құтқару операцияларына қатысады.
Ескерту. 194-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).
20-тарау. ТЕҢІЗ ТАЛАПТАРЫ БОЙЫНША ЖАУАПКЕРШІЛІК
МӨЛШЕРІН ШЕКТЕУ
195-бап. Теңiз талаптары бойынша жауапкершiлiк мөлшерiн
шектеуге құқығы бар тұлғалар
1. Кеме иесi мен құтқарушы жауапкершiлiгiнің мөлшерi осы Заңның 196-бабында көзделген теңiз талаптары бойынша шектеледi. Бұл орайда құтқару операцияларын жүзеге асыру жөнінде, соның iшiнде осы Заңның 196-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген операциялар бойынша тiкелей қызмет көрсететiн тұлға құтқарушы болып табылады.
2. Осы Заңның 196-бабында көзделген теңiз талабы, әрекетi (әрекетсiздiгi) үшiн осы баптың 1-тармағында аталған тұлғалар жауап беретiн тұлғаға қойылған жағдайда, сол тұлға жауапкершiлiгiнің мөлшерi осы тарауда көзделген ережелерге сәйкес шектеледi.
3. Сақтандырушының сақтандыру шарты бойынша төлейтiн сақтандыру төлемiнiң мөлшерi осы тарауда белгiленген ережелерге сәйкес шектелген теңiз талаптары бойынша сақтандырылған жауапкершiлiк мөлшерiнен аспауы керек.
196-бап. Жауапкершiлiктi шектеу өлшемдерi
1. Осы Заңның 197-бабында белгiленген ережелер сақталған жағдайда мынадай теңiз талаптары бойынша:
1) адамның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрiлуiне не мүлiктiң жоғалуына, кем шығуына немесе зақымдануына (бүлiнуiне) байланысты, соның iшiнде кеме бортында не кеменiң пайдаланылуына немесе құтқару операцияларына тiкелей байланысты болған порт құрылыстарының, су бассейндерiнiң, кеме жүретiн жолдардың және навигациялық жағдай құралдарының зақымдануына байланысты қойылатын талаптар;
2) жолаушыларды, багаж бен жүктердi теңiз арқылы тасымалдау кезiнде жеткiзу мерзiмiн өткiзiп алуы салдарынан келтiрiлген залалды өтеу туралы талаптар;
3) шарттан туындамаған, қайта кеменi пайдалануға немесе құтқару операцияларын жүзеге асыруға байланысты құқықтарды бұзу салдарынан келтiрiлген өзге де залалды өтеу туралы талаптар;
4) залалды болғызбау немесе азайту жөнiнде қолданылған шаралар келтірген залал үшін жауапты тұлғадан гөрi, осындай шаралар келтiрген келесi залал үшiн жауапты тұлға ол жөнiнде осы тарауда белгiленген нормаларға сәйкес өз жауапкершiлiгiн шектей алатын тұлғаның талаптары бойынша жауапкершiлiк шектеледi.
2. Егер талаптар керi талап ету тәртiбiмен немесе шарттан немесе өзгеше түрде туындаған кепiлдiктер негiзiнде қойылса да, осы баптың 1-тармағында көзделген талаптар жауапкершiлiктi шектеуге жатады.
Осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген талаптар, залал үшiн жауапты тұлғамен жасалған шарт бойынша сыйақыға қандай дәрежеде қатысты болғанына қарай жауапкершiлiктi шектеуге жатпайды.
Ескерту. 196-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.12.29. N 209 Заңымен.
197-бап. Жауапкершiлiктi шектеудiң қолданылмауы
1. Осы тарауда белгiленген ережелер:
1) кеме иесi мен жолаушы Қазақстан Республикасының азаматтары немесе ұйымдары болған жағдайларда, кеме жолаушыларының өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу туралы;
2) кеме иесi, құтқарушы және зардап шегушi Қазақстан Республикасының азаматтары немесе ұйымдары болған жағдайларда, кеменi пайдалануға немесе құтқару операцияларына тiкелей байланысты азаматтың өмiрiне, денсаулығына немесе мүлкiне келтiрiлген зиянды өтеу туралы;
3) еңбек мiндеттерi кемеге немесе құтқару операцияларына байланысты кеме иесi қызметкерлерiнің немесе құтқарушының өмiрiне, денсаулығына немесе мүлкiне келтiрiлген зиянды олардың мұрагерлерiне, сондай-ақ олардың асырауындағы немесе олардың күтiмiнде болуға құқығы бар адамдарға өтеу туралы;
4) құтқару операцияларын жүзеге асырғаны үшiн сыйақы, соның iшiнде осы Заңның 183-бабына сәйкес арнаулы өтем немесе жалпы авария бойынша жарна төлеу туралы;
5) теңiздің кемеден аққан мұнаймен ластануынан болған залалды өтеу туралы;
6) қауiптi жүктердi теңiз арқылы тасымалдауға байланысты залалды өтеу туралы;
7) ядролық залалы өтеу туралы;
8) суға батқан кеменi, оның iшiнде сондай кеменiң бортында бар немесе болған нәрсенiң бәрiн судан алып шығуға, аластауға немесе жоюға байланысты;
9) кемеден жүктi аластауға, жоюға немесе зарарсыздандыруға байланысты талаптарға қолданылмайды.
2. Залал үшiн жауапты тұлғаның, егер залал оның әрекетi (әрекетсiздiгi) салдарынан болғаны, қасақана немесе өрескел абайсыздықтан жасалғаны дәлелденсе, жауапкершiлiктi шектеуге құқығы жоқ.
198-бап. Жауапкершiлiктiң жалпы мөлшерi
1. Осы Заңның 199-бабында көрсетiлгеннен өзгеше және белгiлi бiр оқиғадан туындаған талаптар бойынша жауапкершiлiктiң жалпы мөлшерi былайша есептеп шығарылады:
1) азаматтың өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу талаптары бойынша:
сыйымдылығы екi мың тоннадан аспайтын кеме үшiн - екi миллион есептiк бiрлiк;
сыйымдылығы екi мың тоннадан астам кеме үшін сыйымдылықтың әрбiр келесi тоннасына осы тармақшаның екiншi абзацында көрсетiлген сомаға:
екi мың бiр тоннадан отыз мың тоннаға дейiн - сегiз жүз есептiк бiрлiк;
отыз мың бiр тоннадан жетпiс мың тоннаға дейiн - алты жүз есептiк бiрлiк;
жетпiс мың тоннадан жоғары - төрт жүз есептiк бiрлiк қосылады;
2) басқа да кез келген талаптар бойынша:
сыйымдылығы екi мың тоннадан аспайтын кеме үшiн - бiр миллион есептiк бiрлiк;
сыйымдылығы екi мың тоннадан астам кеме үшiн сыйымдылықтың әрбiр келесi тоннасына осы тармақшаның екiншi абзацында көрсетiлген сомаға:
екi мың бiр тоннадан отыз мың тоннаға дейiн - төрт жүз есептiк бiрлiк;
отыз мың бiр тоннадан жетпiс мың тоннаға дейiн - үш жүз есептiк бiрлiк;
жетпiс мың тоннадан жоғары - екi жүз есептiк бiрлiк қосылады.
2. Азаматтың өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу талаптары бойынша есептеп шығарылған сома, осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, осындай талаптарды толық төлеу үшiн жеткiлiксiз болған жағдайда, осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес басқа талаптар бойынша есептеп шығарылған сома азаматтың өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу талаптары бойынша төленбеген қалдықты төлеу үшiн пайдаланылады, ол басқа талаптармен қатар бара-бар негiзде қанағаттандырылады.
3. Кемеден әрекет етпейтiн немесе тек қана кемеде әрекет ететiн құтқарушы өзiне немесе өзiне қатысты құтқару жөнiнде қызмет көрсетудi ұсынатын құтқарушы жауапкершiлiгiнiң мөлшерi кеме сыйымдылығының екi мың тонна болуы негiзге алына отырып есептеп шығарылады.
4. Сыйымдылығы үш жүз тоннадан аспайтын кеме үшiн жауапкершiлiк мөлшерi осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген талаптар бойынша сыйымдылығы екi мың тоннадан аспайтын кеме үшiн белгiленген жауапкершiлiк мөлшерiнiң алтыдан бiрiне тең сомада есептеп шығарылады.
199-бап. Жолаушылардың талаптары бойынша
жауапкершiлiктiң мөлшерi
1. Кеме жолаушыларының өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу туралы талаптар бойынша, егер олар бiр оқыс жағдай нәтижесiнде пайда болса, кеме иесi жауапкершiлiгiнiң мөлшерi әрбiр жолаушыға шаққанда жүз жетпiс бес мың есептiк бiрлiкке тең сомамен шектеледi. Бұл орайда есеп айырысу жолаушылық куәлiкте көрсетiлген жолаушылар санына сәйкес жүргiзiледi.
2. Осы бапта белгiленген ережелерге сәйкес кеме жолаушыларының өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу туралы талаптар:
1) теңiз арқылы жолаушы тасымалдау шарты бойынша;
2) тасымалдаушының келiсiмiмен тасымалдау жүктi теңiз арқылы тасымалдау шарты бойынша жүзеге асырылатын автокөлiк құралдарымен, жануарлармен бiрге жүру үшiн зардап шегушi қойған немесе оның атынан қойылған талаптар болып табылады.
1. Осы Заңның 198-бабына сәйкес айқындалған жауапкершiлiк мөлшерi қандай да бiр оқиғадан туындаған барлық талаптар жиынтығына:
1) кеме иесiне, сондай-ақ әрекетiне (әрекетсiздiгiне) кеме иесi жауапты болатын тұлғаға;
2) осы кемеде құтқару жөнiнде қызмет көрсететiн кеме иесiне, осы кемеден әрекет ететiн құтқарушыға, сондай-ақ әрекетi (әрекетсiздігі) үшін кеме иесi немесе құтқарушы жауапты болатын тұлғаға;
3) құтқару жөнiнде қызмет көрсетiлетiн, кемеде емес немесе тек қана кемеде әрекет ететiн құтқарушыға, сондай-ақ әрекетi (әрекетсiздiгi) үшiн құтқарушы жауапты болатын тұлғаға қолданылады.
2. Осы Заңның 199-бабына сәйкес айқындалған жауапкершiлiк мөлшерi қандай да бiр оқиғадан туындауы мүмкiн барлық талаптардың жиынтығына, кеме иесiне, сондай-ақ әрекетi (әрекетсiздiгi) үшiн кеме иесi жауапты болатын тұлғаға қолданылады.
201-бап. Жауапкершiлiктi шектеудiң ерiктi қоры
1. Жауапкершiлiгi жүктелуi мүмкiн тұлға, сол тұлғаның жауапкершiлiгi шектелген талап бойынша, оған талап қою берiлген сотта жауапкершiлiктi шектеу қорын құруы мүмкiн.
2. Жауапкершiлiктi шектеу қоры жауапкершiлiкке әкеп соққан оқиға күнiнен бастап, осындай қор құрылған күнге дейiн осы Заңның 198 және 199-баптарына сәйкес есептеп шығарылатын сома мөлшерiнде құрылады. Жауапкершіліктi шектеу қоры жауапкершiлiктi шектеуге негiз болған талаптарды ғана төлеуге арналады.
3. Жауапкершiлiктi шектеу қоры сот атына депозит жағдайларында ақша енгiзу не Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сот жеткiлiктi деп таныған өзге де қаржымен қамтамасыз етудi ұсыну арқылы құрылуы мүмкiн.
4. Бiрнеше кеме иелерiнiң немесе құтқарушылардың белгiлi бiр оқиғадан туындаған талаптары бойынша жауапкершiлiктi шектеуге құқығы болған жағдайда, осындай тұлғалардың бiрi құрған жауапкершiлiктi шектеу қоры барлық кеме иелерi немесе құтқарушылар құрған деп есептеледi.
202-бап. Жауапкершiлiктi шектеу қорын бөлу
1. Жауапкершiлiктi шектеу қорын бөлу мәселелерi осындай қор құрылған сотта шешiледi.
2. Жауапкершiлiктi шектеу қоры талаптардың белгiленген сомаларына бара-бар талаптары бар тұлғалардың арасында бөлiнедi.
3. Жауапкершіліктi шектеу қорын бөлуге дейiн, талабы бойынша жауапты тұлға немесе оның сақтандырушысы осы қорға талап бойынша өтем төлеген жағдайда, мұндай тұлға осы тарауда белгiленген нормалар негiзiнде оның төлеген сомалары шегiнде өтем алған тұлға ие бола алатын құқықтарды иеленедi.
4. Жауапкершiлiктi шектеу қорын құрған жағдайда, залалдың өтелуiн талап ететiн ешбiр тұлғаның мұндай қорды құрған тұлғалардың қандай да бiр басқа мүлкi есебiнен осындай талапты қанағаттандыруға құқығы жоқ. Бұл орайда сот кеменiң тұтқындалуы мен залалды өтеу туралы талап қоюды қамтамасыз ету жөнiндегi өзге де шаралардың күшiн жоюға тиiс.
21-тарау. КЕМЕГЕ ТЕҢІЗ КЕПIЛI. КЕМЕ НЕМЕСЕ
ЖАСАЛЫП ЖАТҚАН КЕМЕ ИПОТЕКАСЫ
203-бап. Орындалуы кемеге теңiз кепiлiмен қамтамасыз
етiлетiн мiндеттемелер
1. Кемеге теңiз кепiлiмен:
1) кеме капитанына және кеме экипажының басқа мүшелерiне олардың кеме бортындағы жұмысы үшiн тиесiлi жалақыға және басқа да сомаларға, соның iшiнде қайтаруға арналған шығыстарға және кеме капитаны мен кеме экипажының басқа мүшелерi атынан әлеуметтiк сақтандыру бойынша төленетiн жарналарға;
2) құрғақта немесе суда кеменi пайдалануға тiкелей байланысты азаматтың өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеуге;
3) кеменi құтқару үшiн сыйақыға;
4) осы Заңда көзделген алымдарды төлеуге, сондай-ақ лоцманның қызмет көрсетуi үшiн төлемге;
5) кемемен тасымалданатын жүктен, контейнерлерден, багаждан, каюталық багаждан және жолаушылардың заттарынан басқа, кеменi пайдалану кезiнде өзге де мүлiктiң жоғалуы немесе зақымдануы салдарынан келтiрiлген нақты залалды өтеуге қатысты кеме иесiне қойылатын талаптар қамтамасыз етiледi.
2. Егер осындай талаптар:
1) кемелердiң ластануынан келтiрiлген залал немесе теңiз арқылы қауіптi жүктердi тасымалдауға байланысты залал келтiру;
2) ядролық отынның, оның өнiмдерi мен қалдықтарының радиоактивтiк қасиеттерiнiң әсер етуi не олардың радиоактивтiк қасиеттерiнің қауiптi қасиеттерiмен ұштаса отырып әсер етуi салдарынан туындаса, осы баптың 1-тармағының 2) және 5) тармақшаларында көзделген талаптар кемеге теңiз кепiлiмен қамтамасыз етiлмейдi.
3. Кеменi конкурстық сауда-саттық (тендер, аукцион) өткiзу арқылы соттан тыс тәртiппен мәжбүрлеп сату жағдайын қоспағанда, кемеге меншiк құқығы ауысқан, оның тiркелуi өзгертiлген немесе кеменің туы ауыстырылған жағдайда кемеге теңiз кепiлi күшiн сақтап қалады.
204-бап. Кемеге теңiз кепiлiмен қамтамасыз етiлген
талаптардың басымдықпен қанағаттандырылуы
Осы Заңның 203-бабының 1-тармағына сәйкес кемеге теңiз кепiлiмен қамтамасыз етiлген мiндеттемелерден туындайтын талаптар, осы Заңның 220-бабының 3-тармағында көзделген талаптарды қоспағанда, өзге барлық талаптар алдында басымдықпен қанағаттандырылуға тиiс.
205-бап. Кемеге теңiз кепiлiмен қамтамасыз етiлген
талаптарды қанағаттандырудың кезектiлiгi
1. Осы Заңның 203-бабының 1-тармағына сәйкес, кемеге теңiз кепiлiмен қамтамасыз етiлген талаптар олардың аталған тармақтағы кезектiлiк ретi бойынша қанағаттандырылады. Кемеге теңiз кепiлi құқығын беретiн құтқару операциялары жүзеге асырылардан бұрын туындаған, кемеге теңiз кепiлiмен қамтамасыз етiлген басқа да барлық талаптардың алдында кеменi құтқару үшiн сыйақы талаптары қанағаттандырылады.
2. Осы Заңның 203-бабы 1-тармағының 1), 2), 4) және 5) тармақшаларына сәйкес, кемеге теңiз кепiлiмен қамтамасыз етiлген талаптар әрбiр кезек шегiнде талаптардың мөлшерiне бара-бар қанағаттандырылады.
3. Осы Заңның 203-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, кемеге теңiз кепiлiмен қамтамасыз етiлген, кеменi құтқару үшiн сыйақы талаптары кезектiлiк шегiнде осындай талаптардың туындаған уақытына керi тәртiппен қанағаттандырылуға тиiс. Талап құтқару операциясы аяқталған кезде туындады деп есептеледi.
206-бап. Кемеге теңiз кепiлінiң тоқтатылуы
1. Егер аталған мерзiм бiткенге дейiн кеме мәжбүрлеу тәртiбiмен сатылмаған болса, кемеге теңiз кепiлi осы Заңның 203-бабының 1-тармағында көзделген, кемеге теңiз кепiлiмен қамтамасыз етiлген талаптардың туындаған күнiнен бiр жыл өткен соң тоқтатылады.
2. Осы баптың 1-тармағында белгiленген мерзiм:
1) осы Заңның 203-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, кемеге теңiз кепiлiмен қамтамасыз етiлген талаптар бойынша - осындай талап қойған экипаж мүшесiнiң кемеден босатылу кезiнен бастап;
2) осы Заңның 203-бабы 1-тармағының 2)-5) тармақшаларына сәйкес, кемеге теңiз кепiлiмен қамтамасыз етiлген талаптар бойынша - осындай талап туындаған кезден бастап есептеледi.
Аталған мерзiм тұтқынға алуға жол берiлмейтiн кезеңге тоқтатыла тұрады.
207-бап. Талап құқығын басқаға беру немесе талап
құқығының ауысуы
1. Кемеге теңiз кепiлiмен қамтамасыз етiлген талап құқығын басқаға беру немесе талап құқығының ауысуы сонымен бiрге кемеге теңiз кепiлi талабы құқығын басқаға беруге немесе оған құқықтың ауысуына әкеп соғады.
2. Азаматтың өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу туралы талаптардың және теңiзде сақтандыру шарты бойынша кеменің меншiк иесiне тиесiлi сақтандыру төлемiн төлеу туралы талаптардың кемеге теңiз кепiлi құқығы бар тұлғаға ауыстырылуына жол берiлмейдi.
208-бап. Кеменi немесе жасалып жатқан кеменi
ұстап қалуға құқық
1. Кеменi жасауға, сондай-ақ кеменi жөндеуге, соның iшiнде оны реконструкциялауға байланысты туындайтын талаптарды қамтамасыз ету үшiн кеме жасау және кеме жөндеу ұйымдарының (мердiгер) мұндай кеменi, пайдаланылмаған материалдардың қалдықтарын және тапсырысшы тиiстi сомаларды төлегенге дейiн өздерiнiң қолындағы тапсырысшының басқа да мүлкiн ұстап қалуға құқығы бар.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген кеменi ұстап қалуға құқық, егер бұл тек оның тұтқындалуының салдары болмаса, кеме жасау немесе кеме жөндеу ұйымының (мердiгердiң) иелiгiнен кеме немесе жасалып жатқан кеме шығып қалған кезден бастап тоқтатылады.
3. Кеме немесе жасалып жатқан кеме мәжбүрлеп сатылған жағдайда кеме жасау және кеме жөндеу ұйымдарының (мердiгердiң) осы Заңның 220-бабының 4-тармағына сәйкес әлгiндей кеменi сатудан алынған сома есебiнен өз талаптарын қанағаттандыруға құқығы бар.
209-бап. Кеме ипотекасын белгiлеу
1. Кеме ипотекасы ақша мiндеттемесiнiң орындалуын қамтамасыз ету мақсатында кеменiң меншiк иесi (кепiл берушi) мен кредитор (кепiл ұстаушы) арасында осы Заңның 211 және 212-баптарына сәйкес, мемлекеттік тiркелуге тиiстi шарт жасасу арқылы белгiленедi.
2. Кеменiң меншiк иесiнiң келiсiмiмен, оған шаруашылық жүргiзу құқығы бар тұлға да кеме ипотекасының кепiл берушiсi болуы мүмкін.
Ескерту. 209-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.10.22. N 601 Заңымен (өзгеріс 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).
210-бап. Кеме ипотекасының нысанасы
1. Шартта өзгеше көзделмеген жағдайда, кеме ипотекасы нақ сол меншiк иесiне жататын кеме сияқты кеменiң керек-жарағына, сондай-ақ кеменiң опат болуы мен зақымдануына жауаптылық жағдайларында кеменiң теңiздегi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдерiне де қолданылады.
Кеме ипотекасы жалдау ақысына қолданылмайды.
2. Шартта өзгеше көзделмеген жағдайда, жасалып жатқан кеменiң ипотекасы оны жасауға арналған және кеме жасау ұйымы орналасқан жерде жатқан және таңбалау арқылы немесе өзге де әдiспен анық бiрдейлендiрiлген материалдар мен жабдықтарға, сондай-ақ жасалып жатқан кеменiң теңiздегi сақтандыру шарты бойынша жасалып жатқан кеменiң опат болуы мен зақымдануына жауаптылық жағдайларында сақтандыру төлемдерiне де қолданылады.
3. Егер екi немесе одан да көп кеме не жасалып жатқан кеме ипотека нысанасы болса, жеке алғанда әрбiр кеменiң мiндеттеменi қамтамасыз ету мөлшерi туралы келiсiм болмаған жағдайда, мұндай кемелер мiндеттеменi толық мөлшерiнде қамтамасыз етушi болады.
211-бап. Кеме ипотекасын мемлекеттiк тiркеу
1. Кеме ипотекасы нақ сол кеме тiркелген тiзiлiмде тiркеледi.
2. Осы Заңның 11-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзуге құқық уақытша берiлген шетел кемесiнiң ипотекасын, сондай-ақ шетелдiк алушы үшiн жасалып жатқан кеменiң ипотекасын Қазақстан Республикасында тiркеуге болмайды.
3. Жасалып жатқан кеменiң ипотекасы жасалып жатқан кемеге меншiк құқығы тiркелген жасалып жатқан кемелер тiзiлiмiнде тiркеледi.
Ескерту. 211-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.10.22. N 601 Заңымен (өзгеріс 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).
212-бап. Кеме ипотекасын мемлекеттiк тiркеудiң тәртiбi
1. Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасы кемеге немесе жасалып жатқан кемеге меншiк құқығын мемлекеттiк тiркегеннен кейiн кепiл берушiнің өтiнiшi негiзiнде тiркеледi.
2. Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын тiркеу туралы өтiнiште:
1) кеменi (кеменiң атауы, порт немесе оның мемлекеттiк тiркелген орны, кеменiң тiркелiм нөмiрi, үлгiсi және сыныбы, тоннажы) немесе жасалып жатқан кеменi (кеме жасалу жүзеге асырылып жатқан орын, жасалу нөмiрi, кеменiң үлгiсi, кильдiң ұзындығы және басқа негiзгi өлшемдер, тiркелiм нөмiрi) бiрдейлендiретiн деректер;
2) ипотекаға кепiл берушiнiң есiмi мен мекен-жайы;
3) ипотекаға кепiл ұстаушының есiмi мен мекен-жайы немесе оның ұсынушыға белгiленгенi туралы мәлiметтер;
4) екi немесе одан да көп кемелерге не жасалып жатқан кемелерге ипотеканы белгiлегенде, ипотекамен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң ең жоғары мөлшерi - тараптардың ол туралы келiсiмi болған жағдайда, мiндеттеменi жеке алғанда әрбiр кеме қамтамасыз ететiн мөлшер;
5) кеме немесе жасалып жатқан кеме ипотекасының аяқталу күнi көрсетiлуге тиiс.
Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттiк тiркеу туралы өтiнiшке кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасы туралы шарт осындай шартта аталған құжаттармен қоса берiледi.
3. Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын тiркейтiн орган, егер кеменiң немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасы туралы шарт не осындай шартқа қоса берiлетiн құжаттар кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттiк тiркеу талаптарына сай келмесе, оны мемлекеттiк тiркеуден бас тартуға құқылы.
4. Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасы мемлекеттiк тiркеу туралы өтiнiш алынған күнi тiркеледi.
Теңiз кемелерінің мемлекеттiк кеме тiзiлiмiне, кеме кiтабына немесе жасалып жатқан кемелер тiзiлiмiне, осы баптың 2-тармағына сәйкес, мемлекеттiк тiркеу туралы өтiнiште аталған барлық мәлiметтер енгiзiледi.
5. Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын тiркейтiн орган кепiл берушi мен кепiл ұстаушыға, Теңiз кемелерінің мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде, кеме кiтабында немесе жасалып жатқан кемелер тiзiлiмiнде бар жазбаларға сәйкес, кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттiк тiркеу туралы белгiленген үлгiдегi куәлiк беруге тиiс.
6. Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттiк тiркеу үшін Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгiленген тәртiппен алым алынады.
6-1. Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттiк тiркеу туралы ақпарат беру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi .
7. Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасы тiркелетiн Теңiз кемелерінің мемлекеттiк тiзiлiмi, кеме кiтабы немесе жасалып жатқан кемелер тiзiлiмi мен тiркеу органына берiлуге тиiстi құжаттар ашық болып табылады және мүдделi тұлғаның олардан үзiндi жазбалар мен осындай құжаттардың көшiрмелерiн алуға құқығы бар.
8. Кеме ипотекасын мемлекеттiк тiркеген кезде кеме құжаттарына ол туралы қандай да бiр жазбалар енгiзу талап етiлмейдi.
Ескерту. 212-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.10.22. N 601 Заңымен (өзгеріс 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).
213-бап. Кеме ипотекасымен қамтамасыз етiлген
талаптарды басымдықпен қанағаттандыру
1. Орындалуы кеменiң тiркелген ипотекасымен қамтамасыз етiлетiн мiндеттемелер бойынша талаптар, 203-баптың 1-тармағында және 220-баптың 3 және 4-тармақтарында көзделген талаптарды қоспағанда, өзге де барлық талаптар алдында басымдықпен қанағаттандырылуға тиiс.
2. Осы Заңның 220-бабының 4-тармағында көзделген талаптарды қоспағанда, жасалып жатқан кеменiң тiркелген ипотекасымен қамтамасыз етiлген мiндеттемелерден туындайтын талаптардың алдында ешқандай талаптар басымдықпен қанағаттандырылмауға тиiс.
214-бап. Кеме ипотекасымен қамтамасыз етiлген
талаптардың қанағаттандырылу кезектiлiгi
1. Егер ипотека белгiленген кеме кепiл берушiнiң басқа талаптарын қамтамасыз ететiн тағы бiр ипотеканың нысанасына айналса, одан кейiнгi кепiл ұстаушының талаптары оның алдындағы кепiл ұстаушылардың талаптарынан кейiн қанағаттандырылады. Кеме ипотекасымен қамтамасыз етiлген мұндай талаптардың қанағаттандырылу кезектiлiгi ипотеканың мемлекеттік тiркелген күнiмен белгiленедi.
2. Кеменің немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасымен қамтамасыз етiлген мiндеттемелерден туындайтын талаптардың осы баптың 1-тармағында көзделген қанағаттандырылу кезектiлiгi кепiл берушi мен кепiл ұстаушының келiсiмiмен өзгертiлуi мүмкiн. Мұндай келiсiм Теңiз кемелерінің мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде, кеме кiтабында немесе жасалып жатқан кемелер тiзiлiмiнде тiркелуге тиiс.
Ескерту. 214-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.10.22. N 601 Заңымен (өзгеріс 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).
215-бап. Кеме ипотекасының шарты бойынша құқықтарды
басқаға беру
1. Кепiл ұстаушы талапты басқаға беру арқылы негiзгi мiндеттеме бойынша кредитордың құқықтарын беру туралы ережелердi сақтай отырып, Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес, өзiнiң кеме ипотекасының шарты бойынша құқықтарын басқа тұлғаға беруге құқылы.
2. Кеме ипотекасының шарты бойынша құқықты басқаға берген жағдайда ол тiркелген Теңiз кемелерінің мемлекеттiк кеме тiзiлiмiне, кеме кiтабына немесе жасалып жатқан кемелер тiзiлiм не басқаға берiлген датасы туралы және пайдасына берiлген басқа тұлғаның атауы мен мекен-жайы туралы жазба енгiзiледi.
216-бап. Ипотекамен қамтамасыз етiлген кеменiң немесе
жасалып жатқан кеменiң сақталуы
Кепiл берушi ипотекамен қамтамасыз етiлген кеменi немесе жасалып жатқан кеменi сақтау және күтiп ұстау жөнiнде тиiстi шаралар қолдануға мiндеттi. Егер осындай мiндеттi орындамау кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң едәуiр құнсыздануына әкеп соқса, кепiл ұстаушы оны мiндеттеменiң орындалу мерзiмi басталғанға дейiн мәжбүрлеу тәртiбiмен сатуға құқылы.
217-бап. Кемеге немесе жасалып жатқан кемеге меншiк
құқығының ауысуы немесе мемлекеттік
тiркеудiң өзгертiлуi
1. Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң тiркелген ипотекасымен қамтамасыз етiлген талаптар қанағаттандырылмаған не барлық кепiл ұстаушылардың жазбаша келiсiмi болмаған жағдайда порттың теңiз әкiмшiлiгiнiң, осы Заңның 219 және 220-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кеменi Теңiз кемелерінің мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнен немесе кеме кiтабынан шығарып тастауға не жасалып жатқан кемеге меншiк құқығын мемлекеттік тiркеу туралы жасалып жатқан кемелердiң тiзiлiмiнен алынған жазбаға өзгерiс енгiзуге құқығы жоқ.
2. Кеменi Теңiз кемелерінің мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнен немесе кеме кiтабынан не жасалып жатқан кемеге меншiк құқығын жасалып жатқан кемелер тiзiлімiнен шығарып тастау (ерiктi сату жағдайларын қоспағанда) мiндеттi болып табылған жағдайларда, тiркеу органы кепiл ұстаушылар өз мүдделерiн қорғау жөнiнде тиiсiнше шаралар қолдану үшiн кепiл ұстаушыларға кеменi немесе жасалып жатқан кемеге меншiк құқығын тиiстi тiзiлiмдерден алдағы уақытта шығарып тасталатыны туралы хабарлама жолдауға тиiс. Олардың келiсiмi алынбаған жағдайда, кеме немесе жасалып жатқан кемеге меншiк құқығы тиiстi тiзiлiмдерден ақылға қонымды кезең бiткеннен кейiн, бiрақ кепiл ұстаушыларға хабарланған соң кем дегенде үш айдан кейiн шығарылып тасталады.
Ескерту. 217-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.10.22. N 601 Заңымен (өзгеріс 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).
218-бап. Кеменi немесе жасалып жатқан кеменi
мәжбүрлi сатудың негiздерi
Кепiл берушi борышты төлеу жөнiндегi мiндеттеменi орындамаған жағдайда, ипотека салынған кеме немесе жасалып жатқан кеме тұтқындалған кеменiң немесе тұтқындалған жасалып жатқан кеменiң тұрған орнында сот шешiмiнiң негiзiнде сатылуы мүмкін.
219-бап. Кеменi немесе жасалып жатқан кеменi
мәжбүрлi сату тәртiбi
Кеменi немесе жасалып жатқан кеменi мәжбүрлi сату Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
220-бап. Кеменi немесе жасалып жатқан кеменi
мәжбүрлi сатудың салдары
1. Кеменi немесе жасалып жатқан кеменi мәжбүрлi сату жағдайында, кеменiң немесе жасалып жатқан кемінiң барлық тiркелген ипотекалары, кепiл ұстаушылардың келiсiмiмен сатып алушы өз мойнына алғандарын қоспағанда, барлық кепiлдер және басқа да кез келген түрдегi ауыртпалықтар кемеге немесе жасалып жатқан кемеге қатысты қолданылуын тоқтатады.
2. Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменің тұтқындалуына және кейiнгi сатылуына байланысты шығыстар бiрiншi кезекте олардың сатылуынан алынған сомалар есебiнен төленедi. Мұндай шығыстар өзiне, атап айтқанда, кеменi тұтқындау кезiнен кеменi және кеме экипажының мүшелерiн ұстауға жұмсалған шығыстарды, сондай-ақ осы Заңның 203-бабының 1-тармағының 1) тармақшасында аталған жалақыны, басқа да сомалар мен шығыстарды қамтиды. Кеменi немесе жасалып жатқан кеменi сатудан алынған соманың қалдығы осы тарауға сәйкес тиiстi талаптарды қанағаттандыруға қажет болуына қарай бөлiнедi. Барлық тұлғалардың қойған талаптары қанағаттандырылғаннан кейiн кеменi немесе жасалып жатқан кеменi сатудан алынған сома, егер ол қалса, кеменің немесе жасалып жатқан кеменiң меншiк иесiне қайтарылады және еркiн аударылуы мүмкiн.
3. Суға батқан кеменi мәжбүрлi сату жағдайында, теңiзде жүзу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету немесе теңiз ортасын ластанудан қорғау мақсатында, оның судан шығарылуын порттың теңiз әкiмшiлiгi жүзеге асырады, суға батқан кеменi судан шығаруға жұмсалған шығыстар, кемеге теңiздегi кепiлмен қамтамасыз етiлген кез келген талаптар қанағаттандырылғанға дейiн, оның сатылуынан алынған сома есебiнен төленедi.
4. Өз мiндеттемелерiн қамтамасыз етуге кеменi ұстап қалатын кеме жасау немесе кеме жөндеу ұйымы (мердiгер) оны мәжбүрлеу тәртiбiмен сату үшiн беруге мiндеттi.
Осы Заңның 203-бабының 1-тармағына сәйкес, кемеге теңiз кепiлiмен қамтамасыз етiлген талаптар болған жағдайда кеме жөндеу ұйымында мұндай құқық аталған талаптар қанағаттандырылғаннан кейiн пайда болады.
5. Кеменi немесе жасалып жатқан кеменi сатып алушы Қазақстан Республикасының азаматы немесе заңды тұлғасы болған жағдайда, кеме немесе жасалып жатқан кемеге меншiк құқығы Қазақстан Республикасының тиiстi тiзiлiмiнде осындай сатып алушының атына тiркелуге тиiс. Кеме немесе жасалып жатқан кемеге меншiк құқығы Қазақстан Республикасының тиiстi тiзiлiмiнде тiркелген және мұндай кеменi немесе жасалып жатқан кеменi сатып алушы шетелдiк азамат немесе шетелдiк заңды тұлға болған жағдайда, кеменi тiркеу органы не жасалып жатқан кемеге меншiк құқығын тiркеу органы осындай сатып алушыға кеменiң Теңiз кемелерінің мемлекеттiк кеме тiзілiмiнен, кеме кiтабынан шығарып тасталғаны туралы немесе кеменi немесе жасалып жатқан кемеге меншiк құқығын шет мемлекеттiң тиiстi тiзiлiмiнде тiркеу мақсатында, жасалып жатқан кемеге меншiк құқығының жасалып жатқан кемелер тiзiлiмiнен шығарып тасталғаны туралы куәлiк беруге мiндеттi.
221-бап. Кеме ипотекасының тоқтатылуы
1. Кеме ипотекасы:
1) кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеме тоқтатылған;
2) кеме немесе жасалып жатқан кеме конкурстық сауда-саттық (тендер, аукцион) арқылы сатылған жағдайларда, сондай-ақ оны сату мүмкiн болмай шыққан жағдайда;
3) кеме немесе жасалып жатқан кеме ипотекасының кепiл ұстаушысы теңiздегi сақтандыру шартына сәйкес, кеменің немесе жасалып жатқан кеменің опат болуына байланысты тиесiлi сақтандыру төлемiне өз талабын жүзеге асыра алатын жағдайларды қоспағанда, кеме немесе жасалып жатқан кеме опат болған жағдайларда тоқтатылады.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларда кеменің немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын тоқтату туралы дәлелдемелер табыс етiлген кезде, тiркеу органы тиiстi кемелер тiзiлiмiне немесе жасалып жатқан кемелер тiзiлiмiне кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын тоқтату туралы жазба жасайды.
222-бап. Кеменi тұтқындау негiздерi
1. Кеменi тұтқындау теңiз талабын қамтамасыз ету үшiн кеменi кiдiртiп қою немесе оның жүрiс-тұрысын шектеу болып табылады.
2. Осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, кеме кепiлiмен қамтамасыз етiлген теңiз талабы бойынша ғана кеме тұтқындалуы мүмкiн.
3. Теңiз талабын қамтамасыз ету мақсатымен, басқа мемлекеттiң сотында қаралуға тиiс теңiз талабы туралы тиiстi шарттың талаптарына қарамастан, кеменiң тұтқындалуы мүмкiн.
4. Теңiз талаптарына жатпайтын талаптар бойынша кеме:
1) кеме иесiнің банкротқа ұшырауы немесе кеме иесiнiң - заңды тұлғаның таратылуы;
2) қылмыстық iс бойынша тәркiлеудiң қамтамасыз етiлуi жағдайларында ғана тұтқындалуы мүмкiн.
5. Бұл тарау осы Заңда көзделген теңiз порты капитанының кеменi теңiз портынан шығаруға рұқсат беруден бас тарту, кеме мен жүктi кiдiртiп қою құқықтарын қозғамайды.
6. Осы тарауда реттелмеген, кеменi тұтқындаудан туындайтын құқық қатынастары Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi.
Мыналар:
1) кеменi пайдалану кезiнде залал келтiрiлуiне;
2) кеменi пайдаланумен тiкелей байланысты құрғақта не суда азаматтың өмiрi мен денсаулығына залал келтiрiлуiне;
3) құтқару операциясын немесе құтқару туралы шартты жүзеге асыруға;
4) егер мұндай талап Қазақстан Республикасының халықаралық шартынан, Қазақстан Республикасының заңынан немесе шарттан туындайтын болса, залалды болғызбау немесе азайту жөнінде шаралар қолдануға жұмсалған шығыстарға, соның iшiнде қоршаған ортаға келтiрiлген залалға, сондай-ақ осындай шаралар келтiрген немесе келтiруi мүмкiн залалға;
5) суға батқан кеменi немесе оның жүгiн шығарып алуға, аластауға немесе жоюға жұмсалған шығыстарға;
6) кеменi пайдалану туралы шартқа;
7) жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартына немесе теңiзде жолаушылар тасымалдау шартына;
8) кемедегi жүктің немесе багаждың жоғалуына, кем шығуына немесе зақымдануына (бүлiнуiне);
9) жалпы аварияға;
10) лоцмандық алып өтуге;
11) сүйретiп жүзуге;
12) тамақ өнiмдерiн, материалдар, отын, запастар, жабдықтар, соның iшiнде кеменi пайдалану немесе оны күтіп ұстау үшiн қажеттi контейнерлер беруге;
13) кеменің жасалуына, жөнделуiне, жаңғыртылуына немесе қайта жабдықталуына;
14) теңiз портында алынатын алымдар мен төлемдерге;
15) кеме капитаны мен кеме экипажының басқа мүшелерiне тиесiлi жалақыға және басқа да сомаларға;
16) кемеге қатысты жұмсалған шығыстарға;
17) сақтандыру сыйлықақысына;
18) теңiз агентiнiң, теңiз брокерiнiң сыйақысына;
19) кемеге меншiк құқығы және өзге де заттық құқықтар туралы дауға;
20) кеменiң меншiк иелерi арасындағы кеменi пайдалану мен пайданы бөлу туралы дауға;
21) кеменi сатып алу-сату шартынан туындайтын дауға байланысты мәлiмделген кез келген талап теңiз талабы болып табылады.
224-бап. Тұтқынға алуға жол берiлмейтiн кеме
1. Теңiз талаптары бойынша:
1) тұтқынға алынатын кезге қарай кемеге меншiк құқығы үшiншi тұлғаларға берiлген;
2) кеменi өзге кеме жалдаушы жалдап алған жағдайларда кеменi тұтқынға алуға жол берiлмейдi.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген ережелер кемеге меншiк құқығы мен өзге де заттық құқыққа қатысты қолданылмайды.
225-бап. Тұтқындалған кеменiң иесiн қорғау
1. Сот кеменi тұтқынға алудың немесе оның бұрынғы тұтқынға алынуының ұзартылу талабы ретiнде кеменi тұтқынға алуды немесе тұтқындаудың ұзартылуын талап етушi тұлғаға кеменi тұтқынға алу салдарынан келтiрілуi мүмкiн зияндарға байланысты сот айқындай алатын көлем мен жағдайларда қамтамасыз етудiң берiлуiн мiндеттеуге құқылы. Бұл ереже осы Заңның 223-бабының 15) тармақшасында көзделген талап бойынша кеменi тұтқынға алуды немесе тұтқынға алудың ұзартылуын талап етушi тұлғаға қатысты қолданылмайды.
2. Тұтқындалған кеме иесiнің талап етуi бойынша кеменi тұтқынға алған немесе кеменiң тұтқынға алынуын болғызбау үшiн талаптың өзгеше қамтамасыз етiлуi жөнiнде шаралар қолданған сот талап етуi бойынша кеме тұтқынға алынған немесе қамтамасыз етiлген тұлғаның кеменiң тұтқынға алуынан келтiрілген зиян үшін жауапкершiлiк мөлшерiн анықтауға құқылы.
1. Кеме жүзiп жүрген немесе тоқтап тұрған уақытта кеме иесiне мүлiктiк талаптар қою үшiн негiз бола алатын оқиға орын алған жағдайда, кеме капитаны дәлелдемелердi қамтамасыз ету мақсатында теңiздегi наразылық туралы мәлiмдеме беруге тиiс.
2. Теңiздегi наразылықта оқиғаның мән-жайы мен оны туғызған себептер жөнiнде толық ақпарат, соның iшiнде залал туралы және залалды болғызбау немесе азайту жөнiнде қолданылған шаралар туралы ақпарат болуға тиiс.
227-бап. Теңiздегi наразылық туралы мәлiмдеме
1. Теңiздегi наразылық туралы мәлiмдеме:
1) Қазақстан Республикасының портында - нотариуске;
2) шетел портында - Қазақстан Республикасының консулдық мекемесiнің лауазымды адамына немесе тиiстi мемлекеттiң заңдарында белгiленген тәртiппен шет мемлекеттiң құзыреттi лауазымды адамына берiледi.
2. Егер оқиға:
1) теңiз портында болса, оқиға болған кезден бастап жиырма төрт сағат iшiнде;
2) кеме жүзiп жүрген кезде болса, кеменiң немесе кеме капитанының оқиға болғаннан кейiн алғашқы теңiз портына келген кезiнен бастап жиырма төрт сағат iшiнде теңiздегi наразылық туралы мәлiмдеме берiледi.
Оқиға жүзiп жүрген кезде болған жағдайда, оқиға болғаннан кейiн алғашқы портқа кiруге байланысты кететiн уақыт пен жұмсалатын шығыстардың елеулi ысырабын болғызбау үшiн, теңiздегi наразылық туралы мәлiмдеме кеменiң немесе кеме капитанының оқиға болғаннан кейiн алғашқы порт болып табылмайтын портқа келген кезiнде берiлуi мүмкiн.
3. Осы баптың 2-тармағында белгiленген мерзiмде теңiздегi наразылықты мәлiмдеу мүмкiн болмаған жағдайда, мұның себептерi теңiздегi наразылық туралы мәлiмдемеде көрсетiлуге тиiс.
4. Егер мұндай құқық тиiстi халықаралық шартта көзделсе, шетел кемелерi капитандарының өз кемесi туын көтерiп жүзіп жүрген мемлекеттiң консулдық мекемелерiне теңiздегi наразылық туралы мәлiмдеме беруге құқығы бар.
228-бап. Жүкке келтiрiлген залалға қатысты теңiздегi
наразылық туралы мәлiмдеме
Оқиға салдарынан кемедегi жүкке залал келтiрiлген жағдайда, теңiздегi наразылық туралы мәлiмдеме люктер ашылғанға дейiн берiлуге тиiс. Теңiздегi наразылық мәлiмденгенге дейiн кемедегi жүктi түсiруге аса қажеттi жағдайда ғана жол берiледi.
229-бап. Теңiздегi наразылық туралы мәлiмдеме
жiберiлген тұлғаға кеме журналының берiлуi
1. Кеме капитаны теңiздегi наразылық туралы мәлiмдеме берiлген тұлғаға кеме немесе кеменiң капитаны теңiз портына келген, сондай-ақ оқиға портта орын алған болса, оқиғаның өзi болған кезден бастап жетi күн iшiнде танысу үшiн кеме журналын және кеме журналынан үзiндi жазбаны өзi куәландырып беруге мiндеттi.
2. Кеме журналы жойылған (жоғалған) жағдайда кеме журналының жойылуының (жоғалуының) мән-жайы мен себептерi теңiздегi наразылық туралы мәлiмдемеде баяндалуға тиiс.
230-бап. Теңiздегi наразылық туралы акт жасау
Теңiздегi наразылық туралы мәлiмдеменi қабылдауға уәкiлеттi тұлғалар кеме капитанының мәлiмдемесi, кеме журналының деректерi, кеме капитанынан және қажет болған жағдайда кеме экипажының басқа мүшелерiнен сұрастыру негiзiнде теңiздегi наразылық туралы акт жасайды.
24-тарау. АКТІЛЕР, КІНӘ ҚОЮ ЖӘНЕ ТАЛАП ҚОЮ.
ТАЛАП ҚОЮ МЕРЗІМІ
231-бап. Теңiзде жүк тасымалдауға қатысушылардың
жауапкершiлiгi үшiн негiз бола алатын
мән-жайларды куәландыру
1. Тасымалдаушының, жөнелтушiнің, алушының және жолаушының жауапкершiлiгi үшiн негiз бола алатын мән-жайлар коммерциялық актiлермен немесе жалпы нысандағы актiлермен куәландырылады. Шет ел порттарында аталған мән-жайлар сол портта қолданылатын ережелерге сәйкес куәландырылады.
2. Коммерциялық акт:
1) жүктiң немесе нақты багаждың атауы, массасы немесе орындарының саны және тасымалдау құжатында көрсетiлген деректер арасындағы сәйкессiздiктi;
2) жүктiң немесе багаждың жоғалғанын, кем шыққанын немесе зақымданғанын (бүлiнгенiн);
3) құжатсыз жүк немесе багаж, сондай-ақ жүксiз немесе багажсыз құжаттар табылғанын;
4) тасымалдаушыға ұрланған жүктiң немесе багаждың қайтарылғанын куәландыру үшiн жасалады.
3. Актiлердiң нысандары, оларды жасау тәртiбi және акт жасауды талап етпейтiн мән-жайларды куәландыру тәртiбi уәкiлеттi орган бекiтетiн ережелермен белгiленедi.
Кiнә қою тәртiбiмен дауларды сотқа дейiнгi реттеу талап қоюдың мiндеттi шарты болып табылады.
233-бап. Кiнә қою мен талап қою құқығын беру
1. Кiнә қою мен талап қою құқығын, мұндай құқықты жөнелтушiнiң алушыға беруi немесе керiсiнше жағдайларды, сондай-ақ жөнелтушiнің немесе алушының экспедиторға немесе сақтандырушыға беретiн жағдайларын қоспағанда, басқа ұйымдарға немесе азаматтарға беруге жол берiлмейдi.
2. Кiнә қою мен талап қою құқығының берiлуi коносаменттегi немесе өзге де тасымалдау құжатындағы басқа бiреуге (теңiз жүкқұжаты, чартер) беру түрiндегi жазбамен куәландырылады.
234-бап. Кiнә қоюдың шарттары мен тәртiбi
1. Теңiзде жүк тасымалдау шартынан туындайтын кiнә қою тасымалдаушыға талап қою мерзiмi iшiнде қойылуы мүмкiн.
2. Кiнә қою жүк тасымалдауды жүзеге асырған тасымалдаушыға, егер жүктi тасымалдау жүргiзiлмеген болса, теңiзде жүк тасымалдау шартына сәйкес оны жүзеге асыруға мiндеттi тасымалдаушыға қойылады. Аралас қатынастағы жүк тасымалынан туындайтын кiнә қою жүктi тасымалдаудың соңғы пунктiне жеткiзген тасымалдаушыға қойылады.
3. Жүктiң жоғалуы, кем шығуы немесе зақымдануы (бүлiнуi) туралы кiнә қоюға, тасымалдау құжаттарынан басқа, кiнә қоюға құқықты растайтын құжаттар және жөнелтілген жүктің мөлшерi мен құнын куәландыратын құжаттар қоса берiлуге тиiс. Тасымалдау құжаттары (теңiз жүкқұжаты, коносамент, чартер) түпнұсқасында көрсетiледi.
235-бап. Теңiзде жүк тасымалдау шартынан туындайтын
кiнә қоюды қараудың тәртiбi мен мерзiмдерi
1. Кiнә қою оның алынған күнiнен бастап бiр ай мерзiмде қаралуға тиiс.
2. Бiр құжат бойынша көлiктiң әр түрiнiң тасымалдаушыларымен жүзеге асырылатын тасымал жөнiндегі кiнә қоюға қатысты - үш ай iшiнде. Егер кiнә қою қабылданбаса немесе осы бапта белгiленген мерзiмде жауап алынбаса, арызданушының талап қою құқығы пайда болады.
236-бап. Жолаушыны, багаж бен жүктi теңiз арқылы
тасымалдау шартынан туындайтын талаптар
бойынша талап қою мерзiмi
1. Тасымалдаушыға теңiз арқылы тасымалдау шартынан туындайтын талап қою тасымалдаушы кiнә қоюды қанағаттандырудан толық немесе iшiнара бас тартқан жағдайда не кiнә қоюға тасымалдаушыдан жауап алынбаған жағдайда қойылуы мүмкiн.
2. Жүктi теңiз арқылы тасымалдау шарты бойынша талап қою мерзiмi - бiр жыл, жолаушы мен багаж тасымалдау шарты бойынша - алты ай.
3. Жүктi теңiз арқылы тасымалдау шарты бойынша аталған мерзiм:
1) жүктiң жоғалуынан және кем шығуынан келген залалды өтеу туралы талаптар бойынша - жүк берiлуi тиiс болған күннен бастап бiр ай өткен соң, аралас қатынастағы тасымал кезiнде - тасымалдау үшiн жүктi қабылдаған күннен бастап төрт ай өткен соң;
2) жүктiң зақымданғаны (бүлiнгенi), жүктiң жеткiзiлу мерзiмiнiң өткiзіліп алынғаны үшiн залалды өтеу, тасымалдау ақысын қайтарып беру немесе өндiрiп алу туралы талаптар бойынша - жүк берiлген күннен бастап, егер жүк берiлмеген болса, ол берiлуге тиiс күннен бастап;
3) кеменің берiлмегенi немесе оның дер кезiнде берiлмегенi үшiн залалдарды өтеу, демерредж бен диспач төлеу туралы талаптар бойынша - жүк тасымалдау басталған немесе тасымалдана бастауға тиiс болған айдан кейiнгi ай бiтетiн күннен бастап;
4) басқа жағдайлардың бәрiнде - талапты беруге негiз болған оқиға басталған күннен бастап есептеледi.
237-бап. Өзге талаптар бойынша талап қою мерзiмi
1. Сүйретiп жүзу шартынан, теңiз агенттiгiн жүргiзу шартынан, теңiз делдалдығы шартынан, тайм-чартерден, бербоут-чартерден және жалпы авариядан туындайтын талаптар бойынша талап қою мерзiмi:
1) сүйретіп жүзу шартынан, теңіз агенттігін жүргізу шартынан, теңiз делдалдығы шартынан, тайм-чартерден және бербоут-чартерден туындайтын талаптар бойынша - талап қою құқық пайда болған күннен бастап;
2) жалпы авариядан туындайтын талаптар бойынша - диспаша алынған күннен бастап есептеледi.
2. Осы Заңның 169-бабының 3 және 4-тармақтарында көзделген керi талаптар бойынша талап қою мерзiмi бiр жылға тиiстi сома төленген күннен бастап есептеледi.
238-бап. Теңiздiң кемеден аққан мұнаймен ластануы
келтiрген залалды және теңiзде қауiптi
жүктердi тасымалдауға байланысты залалды
өтеу туралы талаптар бойынша талап қою
мерзiмi
Теңiздiң кемеден аққан мұнаймен ластануы келтiрген залалды және теңiзде қауiптi жүктердi тасымалдауға байланысты залалды өтеу туралы талаптар бойынша талап қою мерзiмi зардап шегушi мұндай залал келтiрiлгенiн бiлген немесе бiлуге тиiс болған күннен бастап үш жылдан соң бiтедi.
Бұл орайда залалды өтеу туралы талап қоюды:
1) теңiздiң кемеден аққан мұнаймен ластануы келтiрген залалды өтеу туралы талаптар бойынша - оқыс жағдай салдарынан осындай залал келтiрiлген күннен бастап алты жылдан кейiн;
2) теңiзде қауiптi жүктердi тасымалдауға байланысты залалды өтеу талаптары бойынша - оқыс жағдай салдарынан осындай залал келтiрiлген күннен бастап он жылдан кейiн беруге болмайды.
239-бап. Жалпы мерзiмдердiң қолданылуы
Осы Заңда талап қою мерзiмдерi белгiленбеген талаптар бойынша Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген талап қою мерзiмiнің жалпы мерзiмi қолданылады.
240-бап. Сауда мақсатында теңiзде жүзу саласында
шетелдiк элемент қиындатқан қатынастарға
қолданылуға тиiстi құқықты айқындау
1. Сауда мақсатында теңiзде жүзу саласында шетелдiктердiң немесе шетелдiк заңды тұлғалардың қатысуымен не шетелдiк элемент қиындатқан қатынастарға қолданылуға тиiстi құқық Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi , осы Заң, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттар және сауда мақсатында теңiзде жүзудiң танылған үрдiстерi негiзiнде айқындалады.
2. Осы Заңда көзделген шарт тараптардың келiсiмiмен таңдап алынған елдiң құқығымен реттеледi.
Шарт тараптарының тұтас шарт үшiн де, оның жекелеген бөлiктерi үшiн де қолданылатын құқықты таңдап алуына болады.
Шарт тараптарының келiсiмiмен құқық таңдау тасымалдаушыны жолаушының өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиян, жүктiң немесе багаждың жоғалуы, кем шығуы немесе зақымдануы (бүлiнуi) үшiн осы Заңда белгiленген жауапкершiлiктен не оның жауапкершiлiгiн шектеуден босатпайды.
3. Шарт тараптарының шартқа қолданылуға тиiстi құқық туралы келiсiмi болмаған жағдайда:
1) теңiз тасымалы шартында - тасымалдаушы;
2) теңiзде агенттiк ету, тайм-чартер және бербоут-чартер шартында - кеме иесi;
3) сүйретiп жүзу шартында - сүйретiп жүзетiн кеменiң иесi;
4) теңiз делдалдығы шартында - сенiмгер;
5) теңiз сақтандыру шартында - сақтандырушы болып табылатын тарап құрылған, тұрғылықты жерi немесе қызметiнiң негiзгi орны бар елдiң құқығы қолданылады.
241-бап. Кемеге меншiк құқығы және өзге де заттық
құқықтар
1. Кемеге меншiк құқығы және өзге де заттық құқықтар, сондай-ақ олардың пайда болуы мен тоқтатылуы осы кеме мемлекеттiк тiзiлiмге енгiзiлген елдiң құқығы бойынша айқындалады.
2. Жасалып жатқан кемелер тiзiлiмiнде тiркелмеген жасалып жатқан кемеге құқық, егер кеменi жасау туралы шартта өзгеше көзделмесе, кеменi жасауға қабылдаған немесе кеме жасалып жатқан елдiң заңымен айқындалады.
242-бап. Кеме экипажы мүшелерiнiң құқықтық жағдайы
1. Кеме экипажы мүшелерiнiң құқықтық жағдайы мен кеменi пайдалануға байланысты кеме экипажы мүшелерiнiң арасындағы қатынастар кеме туы елiнiң заңымен айқындалады.
2. Егер кеме иесi мен шетелдiктер болып табылатын кеме экипажы мүшелерiнiң арасындағы қатынастарды реттейтiн шартта өзгеше көзделмесе, кеме иесi мен кеме экипажы мүшелерiнің арасындағы қатынастар кеме туы елiнің құқығымен реттеледi.
Кеме иесi мен кеме экипажы мүшелерiнің арасындағы еңбек қатынастарына қатысты қолданылуға тиiс құқықты еңбек шарты тараптарының таңдауы кеме экипажы мүшелерiнiң құқықтарын шектеуге, тараптардың келiсiмi болмаған кезде құқығы қолданылуға тиiс елдiң заңдарында белгiленген еңбек жағдайларының нашарлауына және кепілдiктердiң бұзылуына әкеп соқпауға тиiс.
243-бап. Суға батқан мүлiкке құқық
1. Iшкi теңiз суларында немесе аумақтық теңiзде суға батқан мүлiкке меншiк құқығы мен өзге де заттық құқықтар, сондай-ақ суға батқан мүлiкке байланысты туындайтын қатынастар аумағында мүлiк суға батқан елдiң құқығы бойынша айқындалады.
2. Ашық теңiзде суға батқан кемеге, ондағы жүк пен өзге де мүлiкке меншiк құқығы мен басқа да заттық құқықтар кеме туы елiнiң құқығы бойынша айқындалады.
1. Жалпы авариядан туындайтын қатынастар тараптардың қолданылуға тиiс құқық туралы келiсiмi болмаған жағдайда, жалпы авария туғызған оқиғадан кейiн портында кеме рейсiн аяқтаған елдiң құқығымен реттеледi.
Белгiлi бiр елдiң азаматтары немесе азаматтығы жоқ адамдары болып табылатын адамдар арасындағы жалпы авария бойынша қатынастарға сол елдiң құқығы қолданылады.
2. Егер жалпы авария Қазақстан Республикасында бөлiнетiн болса, оны бөлу тәртiбi осы Заңның 16-тарауына сәйкес реттеледi.
245-бап. Кемелер соқтығысқан жағдайда туындайтын
қатынастар
1. Кемелердiң iшкi теңiз суларында және аумақтық теңiзде соқтығысуынан туындайтын қатынастар аумағында соқтығысу болған елдің құқығымен реттеледі.
2. Кемелердiң соқтығысуы ашық теңiзде болған және дау Қазақстан Республикасының сотында қаралатын жағдайда осы Заңның 17-тарауында белгiленген ережелер қолданылады.
3. Бiр мемлекеттiң туын көтерiп жүзiп жүрген кемелердің соқтығысуы жағдайында туындайтын қатынастарға, кемелер соқтығысқан жерге қарамастан, кеме туы елiнiң құқығы қолданылады.
246-бап. Теңiздің кемелерден аққан мұнаймен
ластануынан залал келтiрiлуi кезiнде
туындайтын қатынастар
Теңiздiң кемелерден аққан мұнаймен ластануынан залал келтiрiлген кезде осы Заңның 18-тарауында белгiленген ережелер:
1) Қазақстан Республикасының аумағында теңiздің кемелерден аққан мұнаймен ластануынан келтiрiлген залалға;
2) олар қай жерде қолданылса да, мұндай залалды болғызбау немесе азайту жөнiндегi ескерту шараларына қолданылады.
247-бап. Теңiзде қауiптi жүктердi тасымалдауға
байланысты залал келтiрiлуi кезiнде
туындайтын қатынастар
Теңiзде қауiптi жүктердi тасымалдауға байланысты залал келтiрiлген кезде осы Заңның 18-тарауында белгіленген ережелер:
1) Қазақстан Республикасының аумағында, соның iшiнде аумақтық теңiзде келтiрiлген залалға;
2) Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде, соның iшiнде аумақтық теңiзде қоршаған ортаның ластануынан келтiрiлген залалдан өзге залалға, егер мұндай залал Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзетiн кеменiң бортында тасымалданатын қауiптi және зиянды заттардан келтiрiлген болса;
3) олар қай жерде қолданылса да, залалды болғызбау немесе азайту жөнiндегi ескерту шараларына қолданылады.
248-бап. Кеменi және өзге де мүлiктi құтқарудан
туындайтын қатынастар
1. Кеменi және өзге де мүлiктi аумақтық суларда құтқарудан туындайтын қатынастарға қолданылуға тиiс құқық туралы тараптардың келiсiмi болмаған жағдайда, аумағында құтқару орын алған елдің құқығы қолданылады, ал егер құтқару ашық теңiзде жүзеге асырылса және дау Қазақстан Республикасында қаралса, осы Заңның 19-тарауында белгiленген ережелер қолданылады.
2. Құтқарушы және құтқарылған кемелер бiр мемлекеттiң туын көтерiп жүзген жағдайда, құтқару қайда орын алғанына қарамастан, кеме туы елiнiң құқығы қолданылады.
3. Құтқарған кеме иесiнiң, оның капитанының және кеме экипажының басқа мүшелерiнiң арасында сыйақыны бөлуде кеме туы елiнiң құқығы қолданылады, ал, егер құтқару кемеден жүзеге асырылмаған болса, құтқарушы мен оның қызметкерлерi арасындағы қатынастарды реттейтiн шартқа күшiнiң ықпалы болатын заң қолданылады.
Қазақстан Республикасының
Президенті