1-бап . Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне толықтырулар енгізілсін:
1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., N 23-24 (қосымша); 1995 ж., N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 2, 187-құжат; N 14, 274-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 5, 55-құжат; N 12, 183, 184-құжаттар; N 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., N 2-3, 23-құжат; N 5-6, 50-құжат; N 11-12, 178-құжат; N 17-18, 224, 225-құжаттар; N 23, 429-құжат; 1999 ж., N 20, 727, 731-құжаттар; N 23, 916-құжат; 2000 ж., N 18, 336-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52-құжат; N 17-18, 240-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 2, 17-құжат; N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 11, 56, 57, 66-құжаттар; N 15, 139-құжат; N 19-20, 146-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 56-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 10, 31-құжат; N 14, 58-құжат; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 4-құжат; N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 13, 85-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 3, 20, 21-құжаттар; N 4, 28-құжат):
1) 80-бапта:
1-тармақтағы "қатысушысы" деген сөзден кейін ", осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақта:
бірінші бөлігі "құжаттарында" деген сөзден кейін "не заңнамалық актілерде" деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөліктің бірінші сөйлеміндегі "қатысушылар" деген сөзден кейін ", осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
2) 100-бапта:
3-тармақта:
бірінші бөлік "егер" деген сөзден кейін "осы Кодексте, өзге де" деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөлікте:
бірінші сөйлемдегі "беруге" деген сөзден кейін ", егер заңнамалық актілерде өзгеше көзделмесе," деген сөздермен толықтырылсын;
екінші сөйлемде "Бұл ретте" деген сөздерден кейін "осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
3) мынадай мазмұндағы 193-1-баппен толықтырылсын:
"193-1-бап. Стратегиялық объектілер
1. Қазақстан қоғамының орнықты дамуы үшін әлеуметтік-экономикалық маңызы бар, оны иелену және (немесе), пайдалану және (немесе) оған билік ету Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің жай-күйіне әсер ететін мүлік стратегиялық объект болып табылады.
2. Стратегиялық объектілерге: магистральдық темір жол желілері; магистральдық мұнай құбырлары; магистральдық газ құбырлары; ұлттық электр тораптары; магистральдық байланыс желілері; ұлттық почта тораптары; халықаралық әуежайлар; халықаралық маңызды мәртебесі бар теңіз порттары; әуе қозғалысын басқару жүйесінің аэронавигациялық құрылғылары; кемелердің қауіпсіз жүзуін реттейтін және оған кепілдік беретін құрылғылар мен навигациялық белгілер; атом энергиясын пайдаланатын объектілер; ғарыш саласының объектілері; су шаруашылығы құрылыстары; ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдары; сондай-ақ меншігінде стратегиялық объектілер бар заңды тұлғалар акцияларының пакеттері (қатысу үлестері, пайлары), меншігінде стратегиялық объектілер бар жеке және заңды тұлғалардың шешімдерін тікелей немесе жанама айқындауға немесе қабылдайтын шешімдеріне ықпал етуге мүмкіндігі бар заңды тұлғалар акцияларының пакеттері (қатысу үлестері, пайлары) жатқызылуы мүмкін.
Стратегиялық объектілер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік және жеке меншікте болуы мүмкін.
3. Стратегиялық объектілерге үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу не оларды иеліктен шығару Қазақстан Республикасы Үкіметінің рұқсат беру туралы шешімі негізінде және Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілейтін тәртіппен мүмкін болады.
4. Стратегиялық объектілер жеке меншікте болған жағдайда және оның меншік иесінің осы объектіні сату ниеті болса, Қазақстан Республикасының Үкіметі стратегиялық объектілерді нарықтық құны бойынша сатып алудың басым құқықтарына ие болады.
Стратегиялық объектінің нарықтық құны бағалау қызметі туралы заңнамаға сәйкес айқындалады.
Стратегиялық объектілерді сатып алудың басым құқықтарын пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
5. Егер стратегиялық объектінің меншік иесі осы баптың 3 және 4-тармақтарының талаптарын бұзса, мұндай мәмілелер оларды жасаған сәтінен бастап жарамсыз деп танылады.";
4) 216-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
6. Осы баптың ережелері стратегиялық объектілерді иеліктен шығару жағдайларына қолданылмайды.".
2. "Өндірістік кооператив туралы" 1995 жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 20, 119-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 14, 274-құжат; 1997 ж., N 12, 183-құжат; N 13-14, 205-құжат; 2001 ж., N 17-18, 242-құжат; 2003 ж., N 24, 178-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; 2006 ж., N 8, 45-құжат; 2007 ж., N 9, 67-құжат):
11-баптың 5-тармағында:
бірінші бөлік "құрылтай құжаттарында" деген сөздерден кейін "не заңнамалық актілерде" деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөлікте:
бірінші сөйлем "азаматқа беруге" деген сөздерден кейін ", егер заңнамалық актілерде өзгеше көзделмесе," деген сөздермен толықтырылсын;
екінші сөйлем "Бұл ретте" деген сөздерден кейін ", осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын.".
3. "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" 1998 жылғы 22 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N 5-6, 49-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2002 ж., N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат; N 24, 178-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; 2005 ж., N 14, 58-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 4, 24, 25-құжаттар; N 8, 45-құжат; 2007 ж., N 4, 98-құжат):
31-баптың 1-тармағының бірінші сөйлеміндегі "сатып алуда" деген сөздерден кейін ", заңнамалық актілерде көзделген жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын.
4. "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы" 1998 жылғы 26 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N 11-12, 173-құжат; 2000 ж., N 5, 115-құжат; 2004 ж., N 14, 82-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 16, 70-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат):
1) 11-бап мынадай мазмұндағы 3-1), 3-2) және 3-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"3-1) мыналардың:
ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің;
мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбелерін түзеді;
3-2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы стратегиялық объектілер жөніндегі комиссияның ұсынымдары негізінде жеке және заңды тұлғаларға тиесілі Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне қауіп туғызуы мүмкін стратегиялық объектілермен азаматтық-құқықтық мәмілелер жасасуға рұқсат беру немесе рұқсат беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды;
3-3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан стратегиялық объектілер жөнінде комиссия құрады;";
2) 27-баптың тақырыбындағы "заңдарды" деген сөз және мәтініндегі "заңдарын" деген сөз тиісінше "заңнаманы" және "заңнамасын" деген сөздермен ауыстырылсын.
5. "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 10, 55-құжат; N 21-22, 160-құжат; 2004 ж., N 23, 140-құжат; 2005 ж., N 14, 58-құжат; 2006 ж., N 10, 52-құжат; N 16, 99-құжат; 2007 ж., N 4, 28, 33-құжаттар; N 9, 67-құжат):
14-баптың 1-тармағының 9) тармақшасы "осы" деген сөздің алдынан "заңнамалық актілерде көзделген жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын.
6. "Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі туралы" 2003 жылғы 4 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 21-22, 150-құжат; 2007 ж., N 2, 14-құжат):
13-баптың 16) тармақшасы "бойынша" деген сөзден кейін ", оның ішінде стратегиялық объектілерді иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) билік етуді жүзеге асырудың заңдылығы мен орындылығы бойынша" деген сөздермен толықтырылсын.
2-бап . Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті