Сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы Lloyds Register Group (LR) сыныптау қоғамын тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 шілдедегі N 569 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 20 қарашадағы № 758 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 20.11.2017 № 758 қаулысымен.

      "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан

      Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабының

      2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Халықаралық жүзуге шығатын кемелерді техникалық куәландыру

      мен сыныптауды жүзеге асыратын Lloyds Register Group (LR) сыныптау

      қоғамы танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі

      осы қаулыны орындау жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі

      белгіленген тәртіппен Халықаралық теңіз ұйымының (ІМО) Бас

      хатшысын осы қаулының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы

      Lloyds Register Group (LR) сыныптау қоғамын танығандығы туралы

      хабардар етсін.

      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он

      күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі