Қазақстан Республикасының теңіз порттары мен оларға кіреберістерде кемелердің жүзу және тұру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2005 жылғы 10 қарашадағы N 346-І Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 2 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 3958. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 6 тамыздағы № 496 бұйрығымен

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2004 жылғы 10 наурыздағы N 298-11қ қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң Арнайы әскерлерiне арналған штат санының лимиті шегiнде 19 бiрлiк штат саны бар Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң "Атырау аудандық пайдалану бөлiмi" мемлекеттік мекемесi (бұдан әрi - мемлекеттік мекеме) құрылсын.

      2. Мемлекеттiк мекеменi қаржыландыру Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі заңнамада белгіленген тәртiппен:
      1) мемлекеттiк мекеменiң жарғысын бекiтсiн және әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.06.2014 № 707 қаулысымен.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзіледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі