Сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы "Ресей теңіз кеме қатынасы тіркелімі" сыныптау қоғамын тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 10 шілдедегі N 676 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 20 қарашадағы № 758 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 20.11.2017 № 758 қаулысымен.

      "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Халықаралық жүзуді орындайтын кемелерді техникалық куәландыруды және сыныптауды жүзеге асыратын "Ресей теңіз кеме қатынасы тіркелімі" сыныптау қоғамы танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі осы қаулыны орындау жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен Халықаралық теңіз ұйымының (ІМО) Бас хатшысын осы қаулының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының "Ресей теңіз кеме қатынасы тіркелімі" сыныптау қоғамын тануы туралы хабардар етсін.

      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов