Кеме кітабын жүргізу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Көліктік бақылау комитетінің 2004 жылғы 18 тамыздағы N 59-п бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 3 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 3050. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2011 жылғы 28 маусымдағы № 403 бұйрығымен

      "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы  Заңына , "Қазақстан Республикасының Үкiметi резервiнiң қаражатын пайдаланудың тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 18 қыркүйектегi N 1408  қаулысына сәйкес және азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен шығарылған сот шешiмдерiн орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне 2004 жылға арналған республикалық бюджетте сот шешiмдерi бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметінің, орталық мемлекеттiк органдардың және олардың аумақтық бөлiмшелерiнің мiндеттемелерiн өтеуге көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнің резервiнен Астана қаласы сотының 2003 жылғы 27 қаңтардағы "Харрикейн Ойл Продактс" ашық акционерлiк қоғамының пайдасына шығарылған шешімiн орындау үшін 19550000 (он тоғыз миллион бес жүз елу мың) теңге мөлшерiнде қаражат бөлiнсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі