Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № 142 қаулысы.

Жаңартылған

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.07.2021 № 472 қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі!

      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 7-т. қараңыз

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 25 ақпандағы № 848 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі туралы ереже;

      2) Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 12.07.2019 № 501 қаулысымен.

      3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 12.07.2019 № 501 қаулысымен.

      2. Мыналар:

      1) "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      2) "Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Қоғамдық келісім комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      3) "Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      4) "Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      5) "Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      6) "Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      7) "Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      8) "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі болып;

      9) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес республикалық мемлекеттік мекемелер – Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің аумақтық бөлімшелері;

      10) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес республикалық мемлекеттік мекемелер;

      11) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес республикалық мемлекеттік кәсіпорындар қайта аталсын.

      3. Мыналар:

      1) Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі осы қаулыға 2-қосымшаның 1-тармағында, осы қаулыға 3-қосымшаның 1-тармағында көрсетілген республикалық заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган;

      2) Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі осы қаулыға 2-қосымшаның 4-тармағында, осы қаулыға 3-қосымшаның 2 және 3-тармақтарында көрсетілген республикалық заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган;

      3) Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті осы қаулыға 2-қосымшаның 2 және 3-тармақтарында көрсетілген республикалық заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган;

      4) Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті осы қаулыға 3-қосымшаның 4 және 5-тармақтарында көрсетілген республикалық заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган;

      5) Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті осы қаулыға 3-қосымшаның 6-тармағында көрсетілген республикалық заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.

      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес заңды тұлғалар акцияларының мемлекеттік пакеттерін (қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен оның ведомстволарына берсін;

      2) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес ұйымдардың мемлекеттік акциялар пакеттері мен қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне және оның ведомстволарына берсін.

      5. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму, Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      6. Осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.07.2021 № 472 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі       А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2019 жылғы 26 наурыздағы
  № 142 қаулысымен
  бекітілген

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) ақпарат, мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы, діни қызмет, мемлекеттік жастар және отбасы саясаты, қоғамдық сананы жаңғырту, қайырымдылық, волонтерлік қызмет, медиация, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, конфессияаралық және этносаралық келісім, ақпаратқа қол жеткізу салаларында басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде салааралық үйлестіруді және мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 15.04.2021 № 245 қаулысымен.

      2. Министрліктің мынадай ведомстволары бар:

      1) "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      2) "Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      3) "Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      4) "Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      5) "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 29.04.2020 № 253 қаулысымен.

      3. Министрлік өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Министрлік мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

      6. Министрліктің, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Министрлік өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Министрлік басшысының бұйрығымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Министрліктің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      9. Министрліктің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, № 15 кіреберіс.

      10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлiгi" мемлекеттiк мекемесi.

      11. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.

      12. Министрліктің қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      13. Министрлікке кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Министрліктің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Министрлікке заңнамалық актiлермен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер, егер Қазақстан Республикасы заңнамасында өзгеше белгіленбесе, республикалық бюджеттің кiрiсiне жiберiледi.

      2-тарау. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. Министрліктің миссиясы:

      бірыңғай ақпараттық кеңістікті дамыту және оның тұрақты жұмыс істеуі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сындарлы мемлекеттік-конфессиялық қарым-қатынасты қалыптастыру, тұрақтылықты нығайту, мемлекет пен қоғамдық даму институттары әріптестігінің тиімді жүйесін дамыту, мемлекеттік жастар және отбасы саясатын құру және тиімді іске асыру, қоғамдық сананы жаңғырту саласындағы мемлекеттік саясатты ілгерілету.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.07.2021 № 472 қаулысымен.

      15. Міндеттері:

      1) ақпарат, ақпаратқа қол жеткізу, балаларды олардың денсаулығына және дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау, діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;

      2) телерадио хабарларын тарату және бұқаралық ақпарат құралдары саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;

      3) Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық кеңістігін қалыптастыруды, дамытуды және қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жүзеге асыру, сондай-ақ ақпараттық кеңістіктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті ведомствоаралық үйлестіру;

      4) балаларды олардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан, бұқаралық ақпарат құралдарынан қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық;

      5) қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және ілгерілету кезінде гендерлік теңгерімді сақтау;

      6) мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылына, діни қызметке, мемлекеттік жастар және отбасылық саясатына, қоғамдық сананы жаңғыртуға, қайырымдылыққа, волонтерлік қызметке, медиацияға, ішкі саяси тұрақтылықты, конфессияаралық және этносаралық келісімді қамтамасыз етуге қатысу;

      7) Министрліктің құзыретіне жатқызылған қызмет салаларында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;

      8) Министрлікке жүктелген өзге де міндеттер.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 15.04.2021 № 245; 09.07.2021 № 472 қаулыларымен.

      16. Функциялары:

      орталық аппараттың функциялары:

      1) ойын бизнесі саласындағы лицензияланатын қызмет түрлеріне қойылатын біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесін қоспағанда, біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы нормативтік құқықтық актілерді бекіту;

      2) реттелетін салаларда халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыру;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес соттарға талап қою;

      5) реттелетін салаларда кадрларға қажеттілікті айқындау;

      6) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша акциялардың мемлекеттік пакетін (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқығын, сондай-ақ республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерге қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті органның функцияларын жүзеге асыру;

      7) Мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі республикалық комиссия туралы ережені және оның құрамын бекіту;

      8) "Тұмар" және "Үркер" ұлттық сыйлықтарын беру тәртібін, олардың ақшалай сыйақы мөлшері мен номинацияларын бекіту;

      9) мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі өңірлік комиссиялар туралы үлгілік ережені бекіту;

      10) денсаулық сақтау және жарнама саласындағы уәкілетті органдармен келісу бойынша, саламатты өмір салтын дәріптеу жөніндегі әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру және отандық телеарналарда орналастыру қағидаларын бекіту;

      11) журналистерді аккредиттеу ережесін әзірлеу және бекіту;

      12) тарихи және (немесе) мәдени құндылығы бар жазбаларды сақтау тәртібін айқындау;

      13) өз құзыреті шегінде телерадио хабарларын тарату саласындағы нормативтік құқықтық және нормативтік техникалық актілерді, оның ішінде телерадио хабарларын тарату қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту;

      14) міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидаларын бекіту;

      15) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру парақтарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту;

      16) телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидаларын бекіту;

      17) телерадио хабарларын тарату мақсаттары үшін жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу қағидаларын бекіту;

      18) өз құзыреті шегінде телерадио хабарларын тарату саласындағы нормативтік құқықтық және нормативтік техникалық актілерді, оның ішінде телерадио хабарларын тарату жүйелерін техникалық пайдалану қағидаларын, телерадио хабарларын тарату сапасына бақылау жүргізу қағидаларын, теле-, радиокомпаниялардың техникалық құралдарын телерадио хабарларын тарату операторларының желілеріне қосу қағидаларын бекіту;

      19) телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияның ережесін және құрамын бекіту;

      20) мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архивін қалыптастыру қағидаларын бекіту;

      21) есепке қою үшін өтініш берген шетелдік теле-, радиоарналардың өнімдеріне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан сараптама жүргізу қағидаларын бекіту;

      22) телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық параметрлерін және телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық параметрлерін өлшеу әдістемесін бекіту;

      23) міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін бекіту;

      24) ұлттық оператор тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін бекіту;

      25) республикалық деңгейдегі бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту;

      26) республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларын бекіту;

      27) өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың үлгілік әдістемесін бекіту;

      28) бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі уәкілетті тұлға (бөлімше) туралы үлгілік ережені бекіту;

      29) бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уәкілетті тұлғаның (бөлімшенің) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту;

      30) белгілі бір аумақта халықтың тіршілік ету жағдайлары бұзылған кезде бұқаралық ақпарат құралдарына ресми хабарламалар беру қағидаларын бекіту;

      31) цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшу тәртібі мен мерзімдерін айқындау;

      32) жас ерекшелігіне қарай жіктеудің ақпараттық өнімін беру қағидалары мен әдістемесін бекіту;

      33) жас санатының белгісіне қойылатын талаптарды бекіту;

      34) көпарналы хабар таратуда таралуына байланысты міндетті теле-, радиоарналардың санын айқындау;

      35) Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жүргізу қағидаларын және оны есептеу әдістемесін бекіту;

      36) міндетті теле-, радиоарналарда әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру және орналастыру қағидаларын бекіту;

      37) Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережені әзірлеу;

      38) Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастыру және оның құрамын бекіту;

      39) ақпаратқа қол жеткізу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және іске асыруды қамтамасыз ету;

      40) ақпаратқа қол жеткізу саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін мониторингтеу мен ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру;

      41) ақпарат иеленушілерге ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша практикалық және әдістемелік көмек көрсету;

      42) ақпарат иеленушілермен және пайдаланушылармен ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;

      43) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидаларын бекіту;

      44) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша ашық бюджеттердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын (бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептерді) жария талқылау қағидаларын бекіту;

      45) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетімен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидаларын бекіту;

      46) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша ашық диалогтың интернет-порталында жұмыс істеу қағидаларын бекіту;

      47) мемлекеттік органдардың ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректерінің бірыңғай тізбесін әзірлеу;

      48) ақпаратқа қол жеткізу саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      49) жыл сайын, 1 сәуірден кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасындағы ақпаратқа қол жеткізу саласының жай-күйі туралы жылдық есептің жобасын жіберу;

      50) Қазақстан Республикасында ақпаратқа қол жеткізу саласының жай-күйі туралы жылдық есепті өзінің интернет-ресурсында орналастыру;

      51) көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын нақты шығындардың мөлшерін және оларды ақпарат иеленушіге төлеу тәртібін, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарын көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын нақты шығындарды төлеуден босату тәртібін әзірлеу;

      52) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын қамтамасыз ету;

      53) азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің орындалуын қамтамасыз ету;

      54) Министрліктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының атынан жасалатын Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету;

      55) Министрліктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру, сондай-ақ Министрлік реттейтін келісімдерді, меморандумдар мен шарттарды, оның ішінде халықаралық шарттарды әзірлеу және жасасу;

      56) өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және өткізу жөніндегі ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметіне басшылық ету;

      57) ақпарат, мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы, діни қызмет, мемлекеттік жастар және отбасылық саясат, қоғамдық сананы жаңғырту, қайырымдылық, волонтерлік қызмет, медиация, ішкі саяси тұрақтылықты, конфессияаралық және этносаралық келісімді қамтамасыз ету салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыру;

      58) Министрлік реттейтін салаларда жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;

      59) Министрліктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен, коммерциялық емес ұйымдармен, кәсіптік одақтармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл;

      60) Министрлік реттейтін салалардағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;

      61) Министрліктің стратегиялық жоспарын бекіту;

      62) Министрліктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу;

      63) мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен құжаттарды түсіндіру және ілгерілету бойынша ақпараттық-насихаттау іс-шараларын ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      64) біліктілік анықтамалықтарды және басшылардың, мамандардың және Министрлік реттейтін басқа да мемлекеттік ұйымдардың қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын әзірлеу, бекіту;

      65) "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері үшін қызметтік куәлікті беру тәртібін және оның сипаттамасын әзірлеу және бекіту;

      66) Министрліктің мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін әзірлеу және бекіту;

      67) Министрлік реттейтін салалардағы мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлерін аттестаттау қағидаларын бекіту;

      68) Министрлік реттейтін саладағы мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді бекіту;

      69) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процесін автоматтандыруды және оңтайландыруды қамтамасыз ету жөніндегі ведомстволардың қызметін үйлестіру;

      70) Министрліктің кадр саясатында гендерлік теңдік қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету;

      71) диаспоралармен жұмысты үйлестіруді және шетелде тұратын отандастар ұйымдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

      72) туристік қызмет саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша діни қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған туроператорлық қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту;

      73) діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың, сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын айқындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту;

      74) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Министрлік саласында реттелетін әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту;

      75) өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік саласындағы заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету;

      76) халықты ұлттық қауіпсіздіктің жай-күйі және оны қамтамасыз ету жөнінде қабылданатын шаралар туралы хабардар ету, мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы заңнаманы сақтай отырып, насихаттау және қарсы насихаттау қызметін жүргізу;

      77) әрекеті (немесе әрекетсіздігі) Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін бұзуға, ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіретін лауазымды адамдарды, мемлекеттік қызметшілерді тиісті жауапкершілікке тарту;

      78) мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыру және іске асыру;

      79) мемлекеттік жастар саясаты саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      80) үкіметтік емес ұйымдарға гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларын бекіту;

      81) үкіметтік емес ұйымдарға сыйлықақылар беру қағидаларын бекіту;

      82) уәкілетті органның жанынан Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесін құру, оның ережесі мен құрамын бекіту;

      83) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін қалыптастыру, іске асыру мониторингі және бағалау қағидаларын бекіту;

      84) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс стандарттарын бекіту;

      85) Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорын қалыптастыру қағидаларын бекіту;

      86) үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператор қызметінің нәтижелері туралы оның есебінің нысанын бекіту;

      87) волонтерлік қызметті есепке алу тізілімін жүргізу жөніндегі үлгі қағидаларды бекіту;

      88) волонтерлік бағдарламаларды (жобаларды) және волонтерлік акцияларды іске асыру мониторингін жүзеге асырудың үлгілік қағидаларын бекіту;

      89) волонтерлік қызмет мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту;

      90) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін және өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу;

      91) үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақылар беруді жүзеге асыру;

      92) мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және сараптама кеңестеріне кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын консультативтік құжатты немесе нормативтік құқықтық актінің тиісті жобасын сараптама қорытындыларын алу үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырғаны туралы хабарлама жіберу;

      93) Қазақстан Республикасының қоғамдық кеңестер туралы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

      94) Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту;

      95) қоғамдық бақылауды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту;

      96) қоғамдық кеңес құру;

      97) қоғамдық кеңестің ұсынымдарын қарау;

      98) қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамындағы өкілдіктің дербес құрамын айқындау;

      99) қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамын бекіту;

      100) үкіметтік емес ұйымдар үшін гранттар беру жоспарын бекіту;

      101) қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамындағы өкілдік;

      102) қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

      103) ақпараттың сапасы мен уақтылы ұсынылуына ішкі бақылау жүргізу;

      104) қоғамдық сананы жаңғырту саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіру;

      105) тиісті аядағы (саладағы) өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімін жүргізу;

      106) қоғамдық сананы жаңғырту саласындағы бағдарламалар мен жобаларды іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру;

      107) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша техникалық регламенттерді бекіту, күшін жою, тоқтата тұру, сондай-ақ құзыретіне кіретін мәселелер бойынша техникалық регламенттерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу;

      108) техникалық реттеу саласында сараптамалық кеңестер құру;

      109) техникалық реттеу саласында сараптамалық кеңестердің құрамын және олар туралы ережелерді бекіту;

      110) қоғамдық сананы жаңғырту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі жобалар мен жоспарларды әзірлеу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне бекітуге енгізу;

      111) қоғамдық сананы жаңғырту саласындағы қызметті әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

      112) қоғамдық сананы жаңғырту саласындағы үрдістерді талдау мен болжауды жүзеге асыру;

      113) қоғамдық сананы жаңғырту саласындағы бағдарламалар мен жобаларды іске асыру мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыру;

      114) қоғамдық сананы жаңғырту мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;

      115) "Рухани жаңғыру" бағдарламасын басқару жөніндегі жобалау офисінің қызметін қамтамасыз ету;

      116) Қазақстан Республикасы Президентінің бес әлеуметтік бастамасын іске асыру барысын мониторингтеу және талдау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және үйлестіру;

      117) мемлекеттік органдар іске асыратын мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты Министрліктің интернет-ресурсында орналастыру;

      118) әкімдіктер жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестер туралы үлгілік ережені бекіту;

      119) республикалық жастар форумын өткізу тәртібін және өңірлік жастар форумы туралы үлгілік ережені бекіту;

      120) жастар ресурстық орталықтары туралы үлгілік ережені бекіту;

      121) жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй беру қағидаларын бекіту;

      122) бейбіт жиналыстарда болатын журналист (бұқаралық ақпарат құралы өкілі) қызметінің қағидаларын, журналистің айырым белгілерінің нысандарын бекіту;

      123) бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушының айырым белгілерінің нысандарын әзірлеу және бекіту;

      124) "Жыл волонтері" халықаралық сыйлығын беру қағидаларын бекіту;

      125) Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен келісу бойынша жедел-іздестіру қызметі субъектілерімен және байланыс саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп байланыс желілерінің және (немесе) құралдарының жұмысын, байланыс қызметтерінің көрсетілуін, интернет-ресурстарға және (немесе) оларда орналастырылған ақпаратқа қол жеткізуді тоқтата тұру тәртібін айқындау;

      126) ашық деректер интернет-порталында ақпарат орналастыру;

      127) ашық бюджеттер интернет-порталында ақпарат орналастыру;

      128) ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында ақпаратты орналастыру;

      129) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерімен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру;

      ведомстволардың функциялары:

      1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;

      2) өз құзыреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      3) ұлттық қауіпсіздік саласындағы заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету;

      4) Қазақстан Республикасының Бірыңғай ақпараттық кеңістігін қалыптастыруды, дамытуды және қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, сондай-ақ ақпараттық кеңістіктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру;

      5) өз құзыреті шегінде техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттарды әзірлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

      6) мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архивін қалыптастыру қағидаларын әзірлеу;

      7) "Тұмар" және "Үркер" ұлттық сыйлықтарын беру тәртібін, олардың ақшалай сыйақы мөлшері мен номинацияларын әзірлеу;

      8) есепке қою үшін өтініш берген шетелдік теле-, радиоарналардың өнімдеріне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан сараптама жүргізу қағидаларын әзірлеу;

      9) нысаналы индикаторларға, көрсеткіштерге қол жеткізу, Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау жөніндегі жұмысты қамтамасыз ету;

      10) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат және телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау тиімділігінің мониторингін жүргізу;

      11) ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламасының жобасын келісу;

      12) мерзімді баспасөз басылымдарының заңнамалық актілерді ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткізу қағидаларын әзірлеу;

      13) телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін әзірлеу және рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен келісу;

      14) телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторының еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың (цифрлық эфирлік және спутниктік телерадио хабарларын тарату, сондай-ақ ұқсас телерадио хабарларын тарату арқылы) таралуын қаржылық қамтамасыз ету бөлігіндегі қызметін үйлестіру;

      15) мемлекеттік ақпараттық тапсырыс мәселелері жөніндегі комиссияның қызметін қамтамасыз ету;

      16) бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі уәкілетті тұлға (бөлімше) туралы үлгі ережені әзірлеу;

      17) бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі уәкілетті тұлғаның (бөлімшенің) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасау қағидаларын әзірлеу;

      18) міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидаларын әзірлеу;

      19) телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидаларын әзірлеу;

      20) теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиарды және бұқаралық ақпарат құралдары саласында екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органды айқындайтын нормативтік құқықтық актіні әзірлеу;

      21) өз құзыреті шегінде телерадио хабарларын тарату саласындағы нормативтік құқықтық және нормативтік техникалық актілерді, оның ішінде телерадио хабарларын тарату жүйелерін техникалық пайдалану қағидаларын, телерадио хабарларын тарату сапасына бақылау жүргізу қағидаларын, теле-, радиокомпаниялардың техникалық құралдарын телерадио хабарларын тарату операторларының желілеріне қосу қағидаларын әзірлеу;

      22) міндетті теле -, радиоарналардың тізбесін әзірлеу;

      23) ұлттық оператор тарататын еркін қолжетімді теле -, радиоарналардың тізбесін әзірлеу;

      24) цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшу тәртібі мен мерзімдерін айқындау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

      25) Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;

      26) телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық параметрлерін және телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық параметрлерін өлшеу әдістемесін әзірлеу;

      27) республикалық деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесін әзірлеу;

      28) республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларын әзірлеу;

      29) өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың үлгілік әдістемесін әзірлеу;

      30) телерадио хабарларын тарату мақсаттары үшін жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу қағидаларын әзірлеу;

      31) өз құзыреті шегінде телерадио хабарларын тарату саласындағы нормативтік құқықтық және нормативтік техникалық актілерді, оның ішінде телерадио хабарларын тарату қызметтерін көрсету қағидаларын әзірлеу;

      32) белгілі бір аумақта халықтың тіршілік ету жағдайлары бұзылған кезде бұқаралық ақпарат құралдарына ресми хабарламалар беру қағидаларын әзірлеу;

      33) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларға сәйкестікті растайтын талаптар мен құжаттар тізбесін әзірлеу;

      34) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп тексеру парақтарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін әзірлеу;

      35) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялауға жататын жекелеген қызмет түрлерін лицензиялауды жүзеге асыру;

      36) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Министрдің бұйрықтарында оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;

      37) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес соттарға талап қою;

      38) бұқаралық ақпарат құралдары мәселелері бойынша жастар ұйымдарымен өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      39) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары және телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      40) мерзімді баспасөз басылымдарын, ақпараттық агенттіктерді және желілік басылымдарды есепке қоюды, қайта есепке алуды жүзеге асыру;

      41) Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алудың бірыңғай тізілімін жүргізу;

      42) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және оның жүзеге асырылуын бақылау;

      43) Мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі республикалық комиссия туралы ережені және оның құрамын әзірлеу;

      44) мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі өңірлік комиссиялар туралы үлгілік ережені әзірлеу;

      45) мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архивін қалыптастыру;

      46) бұқаралық ақпарат құралдары және телерадио хабарларын тарату мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;

      47) мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыру;

      48) цифрлық эфирлік хабар таратуды енгізу бөлігінде телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторының қызметін үйлестіру;

      49) отандық теле-, радиоарналарды есепке қоюды, қайта есепке қоюды жүзеге асыру;

      50) есепке қойылған мерзімді баспасөз басылымдарының, ақпараттық агенттіктер мен желілік басылымдардың тізілімін жүргізу;

      51) есепке қою үшін өтініш берген шетелдік теле-, радиоарналардың өнімдеріне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан сараптама жүргізу;

      52) эротикалық сипаттағы материалдарды орналастыратын мерзімді баспасөз басылымдарын немесе интернет-ресурстарды тарататын субъектілердің тізілімін жүргізу;

      53) Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру;

      54) "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" және "Телерадио хабарларын тарату туралы" Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын бұзу анықталған кезде нұсқамалар беру;

      55) "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда нұсқамалар мен хабарламалар жіберу;

      56) бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингін жүзеге асыру;

      57) міндетті теле, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру және бекіту бойынша конкурстарды ұйымдастыру және өткізу;

      58) телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру және бекіту бойынша конкурстарды ұйымдастыру және өткізу;

      59) телерадио хабарларын тарату мақсатында жиіліктер жолағын, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу бойынша конкурстар ұйымдастыру және өткізу;

      60) телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияның ережесін әзірлеу және құрамына ұсыныстар енгізу;

      61) Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік теле-, радиоарналарды есепке қоюды, қайта есепке қоюды жүзеге асыру;

      62) "Балаларды денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтау тұрғысынан бұқаралық ақпарат құралдары өнімдерінің мониторингін жүзеге асыру;

      63) Қазақстан Республикасының балаларды денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау туралы заңнамасының сақталуына бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      64) телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық параметрлерінің және телерадио хабарларын таратудың ұлттық стандарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

      65) "Телерадио хабарларын тарату туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабында көзделген талаптарды сақтау бөлігінде Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

      66) тиісті салаларда нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдар мен шарттарды әзірлеу;

      67) Министрліктің ведомствосы реттейтін салаларда жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;

      68) Министрліктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;

      69) Министрлік ведомствосының құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

      70) Министрлік ведомствосының құзыретіне жататын мәселелер бойынша саяси партиялармен, коммерциялық емес ұйымдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

      71) Министрліктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен құжаттарды түсіндіру және ілгерілету бойынша ақпараттық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      72) Министрлік ведомствосының құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультациялық-кеңесші органдардың қызметін қамтамасыз ету;

      73) заңнамада белгіленген жағдайларда әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау;

      74) Министрлік реттейтін салада мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;

      75) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне жаңа мемлекеттік көрсетілетін қызмет енгізілгеннен кейін оны электрондық форматта көрсетуге ауыстыру бойынша шаралар қабылдау;

      76) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процесін автоматтандыруды және оңтайландыруды қамтамасыз ету;

      77) республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыру;

      78) ведомстволық бағынысты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыру;

      79) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру, оператор арқылы гранттар беру, интернет-ресурста мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыбын орналастыру және нәтижелерін бағалау;

      80) діни қызмет, діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл, қоғамдық келісім және ұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруға қатысу;

      81) Министрлік ведомствосының құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясымен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл;

      82) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Комитет реттейтін салада әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды әзірлеу;

      83) шет мемлекеттердің діни қызмет саласындағы уәкілетті органдарымен ынтымақтастықты ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      84) діни қызмет, қоғамдық келісім, қоғамдық институттарды дамыту және қазақстандық қоғамның рухани-адамгершілік әлеуеті мәселелері бойынша зерттеулер жүргізуді қамтамасыз ету;

      85) дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларын әзірлеу;

      86) діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың, сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын айқындау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу;

      87) Қазақстан Республикасының аумағында құрылған діни бірлестіктердің, миссионерлердің, рухани (діни) білім беру ұйымдарының қызметіне зерделеу және талдау жүргізу;

      88) республика аумағындағы шетелдік діни бірлестіктердің қызметін, шетелдік діни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктердің басшыларын тағайындауын келісу;

      89) дінтану сараптамаларын жүргізуді қамтамасыз ету;

      90) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

      91) Қазақстан Республикасының діни қызмет саласындағы заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғалардың қызметіне тыйым салу жөнінде ұсыныстар енгізу;

      92) туристік қызмет саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша діни қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған туроператорлық қызметті жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;

      93) өз құзыреті шегінде діни экстремизм мен радикализмнің алдын алуға бағытталған алдын алу шараларын іске асыру;

      94) Министрлік ведомствосының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша деструктивті діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету орталықтарымен және басқа да үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

      95) республикада конфессияаралық келісімді нығайтуға бағытталған халықаралық, республикалық және өзге де іс-шаралар, акциялар мен конкурстар өткізуді ұйымдастыру;

      96) республикада діни қызметті, конфессияаралық келісімді зерделеу және талдау жүргізу;

      97) конфессияаралық келісім мен толеранттылықты нығайту бойынша жастар ұйымдарымен өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      98) жастар арасында конфессияаралық келісімді және толеранттылықты нығайту мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру мен іске асыруды жүзеге асыру;

      99) қайырымдылық саласындағы заңнаманың орындалуына мониторингті жүзеге асыру;

      100) уәкілетті орган жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің қызметін ұйымдастыру, оның ішінде ереже мен құрамды әзірлеу;

      101) Біріккен Ұлттар Ұйымының орнықты даму мақсаттарын құзыреті шегінде имплементациялау жөніндегі жұмысты қамтамасыз ету;

      102) қайырымдылық саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу және енгізу;

      103) мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдар үшін гранттар беру және сыйлықақылар беру, волонтерлік қызметті дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруды қамтамасыз ету;

      104) қоғамдық кеңестер қызметінің мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру;

      105) республикалық және жергілікті деңгейлерде қоғамдық кеңестердің қызметін үйлестіруді және әдістемелік қолдап отыруды жүзеге асыру;

      106) Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені әзірлеу;

      107) қоғамдық бақылауды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын әзірлеу;

      108) жыл сайын Қазақстан Республикасындағы қоғамдық кеңестердің қызметі туралы ұлттық баяндаманы дайындауды және кейіннен Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыну үшін ағымдағы жылғы 25 желтоқсаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізуді жүзеге асыру;

      109) қоғамдық кеңестердің құрамын қалыптастыру жөнінде, сондай-ақ жергілікті деңгейдегі сандық құрам жөнінде ұсынымдар тұжырымдау;

      110) мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;

      111) волонтерлік қызмет саласындағы заңнаманың орындалуына мониторингті жүзеге асыру;

      112) волонтерлік қызмет саласын реттейтін заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу және енгізу;

      113) волонтерлік қызметті дамыту саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін әдістемелік сүйемелдеуді үйлестіру және ұйымдастыру;

      114) медиация мәселелерін реттейтін заңнаманы жетілдіру бойынша мониторингті жүзеге асыру және ұсыныстар әзірлеу;

      115) үкіметтік емес ұйымдар үшін гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;

      116) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс нәтижелерін қалыптастыру, іске асыру мониторингі және бағалау қағидаларын әзірлеу;

      117) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс стандарттарын әзірлеу;

      118) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін қалыптастыру, іске асыру, іске асыру мониторингі және бағалау бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;

      119) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, іске асыруды, іске асыру мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға ақпараттық, консультациялық, әдістемелік қолдау көрсету;

      120) Министрліктің интернет-ресурсында жоспарланатын және іске асырылатын мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалауды орналастыру;

      121) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс нәтижелерін қалыптастыру, іске асыру, іске асыру мониторингін және бағалауды жүзеге асыру;

      122) үкіметтік емес ұйымдарға гранттар беру жоспарын әзірлеу;

      123) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласында электрондық ақпараттық ресурстарды құру және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету, оларға жеке және заңды тұлғалардың қол жеткізуін ұйымдастыру;

      124) Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорын қалыптастыру қағидаларын әзірлеу;

      125) үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператордың оның қызметінің нәтижелері туралы есеп нысанын әзірлеу;

      126) Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорын қалыптастыру және жүргізуді жүзеге асыру;

      127) Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына енгізу үшін ұсынылатын мәліметтерді тексеруді жүзеге асыру;

      128) үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператор қызметінің нәтижелері туралы оның есебін қарау;

      129) үкіметтік емес ұйымдарға сыйлықақы беру қағидаларын әзірлеу;

      130) үкіметтік емес ұйымдарға сыйлықақылар беруді жүзеге асыру;

      131) Қазақстан Республикасында волонтерлік қызмет туралы ақпаратты жинақтау мен қорытуды жүзеге асыру;

      132) волонтерлік қызметті есепке алу тізілімін жүргізу жөніндегі үлгілік қағидаларды әзірлеу;

      133) волонтерлік ұйымдарды және волонтерлерді волонтерлік бағдарламаларды (жобаларды) іске асыруға қатысуға тарту және волонтерлік акциялар өткізу тәртібі бойынша ұсынымдар әзірлеу;

      134) волонтерлік бағдарламаларды (жобаларды) және волонтерлік акцияларды іске асыру мониторингін жүзеге асырудың үлгілік қағидаларын әзірлеу;

      135) волонтерлік қызмет саласында жеке, заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;

      136) волонтерлік қызметтің мониторингін жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;

      137) ведомствоның құзыретіне жататын мәселелер бойынша қоғамдық кеңестермен өзара іс-қимыл жасау;

      138) қоғамдық кеңестердің қызметін үйлестіру және әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

      139) мемлекеттік жастар саясаты саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;

      140) "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастыру;

      141) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі қызметті әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

      142) әкімдіктер жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестер туралы үлгілік ережені әзірлеу;

      143) мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      144) мемлекеттік жастар саясатын іске асырудағы үрдістерді талдау мен болжауды жүзеге асыру;

      145) білім беру және тәрбиелеу жүйесінің ұйымдарына мемлекеттік жастар саясаты саласында қажетті консультативтік көмек көрсету;

      146) мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша жастар ұйымдарымен өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      147) мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру және іске асыруды жүзеге асыру;

      148) республикалық жастар форумын өткізу тәртібін және өңірлік жастар форумы туралы үлгілік қағидалар әзірлеу;

      149) жастар ресурстық орталықтары туралы үлгілік ережені әзірлеу;

      150) жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй беру қағидаларын әзірлеу;

      151) "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын беру тәртібін әзірлеу;

      152) жастардың волонтерлік қызметін дамытуды қолдау;

      153) "Қазақстан жастары" ұлттық баяндамасын дайындау және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және үйлестіру;

      154) заңнамаға сәйкес Министрлік жанындағы жастар ұйымдарын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесін құру және оның қызметін қамтамасыз ету;

      155) адамгершілік-рухани дамуға бағытталған үкіметтік емес ұйымдардың қызметін үйлестіру және қолдау;

      156) ұлттың әлеуметтік-мәдени кодын, қоғамның рухани және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік жобаларды ұйымдастыру және үйлестіру;

      157) мүдделі мемлекеттік органдармен жастардың адамгершілік-рухани дамуы, отбасылық саясаты саласында өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

      158) үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы операторға ведомстволардың құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік гранттар беру;

      159) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру;

      160) мемлекеттік жастар саясаты саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      161) отбасы мәселелері бойынша республикалық және халықаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

      162) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиямен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;

      163) отбасылық саясат мәселелері бойынша орталық, жергілікті атқарушы органдардың және өзге де субъектілердің қызметін үйлестіру;

      164) отбасылық саясат саласындағы нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүзеге асыру;

      165) отбасылық саясат саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру, оның ішінде халықаралық құқықтық құжаттар ережелерінің сақталуын, сондай-ақ Қазақстан Республикасында отбасы мәселелері бойынша халықаралық жобаларды іске асыру мониторингін қамтамасыз ету;

      166) үкіметтік емес ұйымдармен, отбасылармен жұмысты жүзеге асыратын дағдарыс орталықтарымен, олар өткізетін іс-шараларға тұрақты қатысуды қоса алғанда, өзара іс-қимыл жасау;

      167) отбасы мәселелері бойынша брифингтер мен өзге де көпшілік іс-шаралар дайындау;

      168) отбасылық саясат саласындағы үрдістерді жүйелі талдау;

      169) құзыреті шегінде медиацияны, қайырымдылықты дамытуға және үйлестіруге қолдау көрсету;

      170) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша құзыретіне кіретін мәселелер бойынша техникалық регламенттерді әзірлеу;

      171) техникалық регламенттерді, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлеу және орындау;

      172) сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және реттелетін салада сәйкестігі міндетті расталуға жататын өнім жөніндегі зертханаларды құру, жаңғырту және жарақтандыру жөнінде ұсыныстар дайындау;

      173) белгіленген құзырет шеңберінде тиісті техникалық регламенттер талаптарының сақталуына Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде айқындалған тәртіппен мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

      174) техникалық регламенттерді немесе техникалық регламенттерге өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды әзірлеу туралы ұсыныстар дайындау және оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға енгізу;

      175) мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен құжаттарды түсіндіру және ілгерілету бойынша ақпараттық-насихаттау іс-шараларын ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      176) диаспоралармен жұмысты үйлестіруді жүзеге асыру;

      177) республикада ішкі саяси тұрақтылықты, этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған халықаралық, республикалық және өзге де іс- шаралар, акциялар мен конкурстар өткізуді ұйымдастыру;

      178) республикадағы этносаралық келісімді зерделеу және талдау жүргізу;

      179) этносаралық қатынастар мәселелері бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылды үйлестіру;

      180) этносаралық келісім мен толеранттылықты нығайту бойынша жастар ұйымдарымен өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      181) жастар арасында этносаралық келісім мен толеранттылықты нығайту мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру мен іске асыруды жүзеге асыру;

      182) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.07.2021 № 472 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.01.2022 № 36 қаулысымен.

      17. Құқықтары мен міндеттері:

      өз құзыреті шегінде орындалуы міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау;

      мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;

      Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметіне Министрлік реттейін саладағы қызметті жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

      Министрлік жанынан консультативтік-кеңесші органдар құру;

      Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалған тәртіппен, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдардың бірлескен актілері негізінде олармен келісім бойынша басқа мемлекеттік органдармен, коммерциялық емес және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

      3-тарау. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қызметін ұйымдастыру

      18. Министрлікке басшылықты Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      19. Министрліктің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      20. Министрліктің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      21. Министрліктің бірінші басшысының өкілеттігі:

      Министрлік реттейтін салалардағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлейді;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді қамтамасыз етеді;

      ведомстволардың өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау құзыреті мен тәртібін айқындайды;

      Министрлік жанынан сараптамалық кеңестер мен өзге де консультативтік-кеңесші органдар құрады;

      Министрліктің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды;

      Қазақстан Республикасының Парламентінде, мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Министрліктің мүддесін білдіреді;

      Министрліктің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын бекітеді;

      Министрліктің жұмыс регламентін бекітеді;

      Министрлікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапты болады;

      Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Министрліктің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

      22. Бірінші басшы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз орынбасарларының өкілеттіктерін айқындайды.

      23. Министрліктің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын аппарат басшысы басқарады.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.03.2021 № 145 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4-тарау. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің мүлкі

      24. Министрліктің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.

      Министрліктің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.

      25. Министрлікке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.

      26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Министрліктің өзіне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi дербес иелiктен шығаруға немесе өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

      5-тарау. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігін қайта ұйымдастыру және тарату

      27. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Министрліктің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      Ескерту. Тізбенің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 31.07.2019 № 554 қаулысымен.

      Ескерту. Тізбеге өзгерістер енгізілді – ҚР Үкіметінің 23.04.2019 № 225; 25.04.2019 № 226; 19.06.2019 № 414; 31.07.2019 № 554; 27.08.2019 № 631; 12.09.2019 № 687; 02.05.2020 № 262; 07.11.2020 № 743; 31.01.2022 № 36 қаулыларымен.

      "Хабар" агенттігі" акционерлік қоғамы;

      "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы" акционерлік қоғамы;

      "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

      "Қазмедиаорталығы" басқарушы компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

      "Қазақ газеттері" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

      "Қазақпарат" халықаралық ақпарат агенттігі" акционерлік қоғамы;

      "Рухани жаңғыру" қазақстандық қоғамдық даму институты" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

      Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің "Талдау және ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.

      "Қазтелерадио" акционерлік қоғамы.

      "Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

      Министрліктің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі

      Ескерту. Ереже тізбемен толықтырылды – ҚР Үкіметінің 02.05.2020 № 262 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің "Қоғамдық келісім" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі

      Ескерту. Тізбе алып тасталды - ҚР Үкіметінің 29.04.2020 № 253 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы

      Үкіметінің

      2019 жылғы 26 наурыздағы

      № 142 қаулысымен

      бекітілген

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереже

      Ескерту. Ереженің күші жойылды – ҚР Үкіметінің 12.07.2019 № 501 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы

      Үкіметінің

      2019 жылғы 26 наурыздағы

      № 142 қаулысымен

      бекітілген

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Мемлекетаралық "Мир" телерадиокорпорациясының арасындағы бұдан арғы ынтымақтастық туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 сәуірдегі № 306 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 11, 84-құжат):

      1, 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан Мемлекетаралық "Мир" телерадиокорпорациясының жұмысын үйлестіру жөніндегі уәкілетті орган болып белгіленсін.

      2. Мемлекетаралық "Мир" телерадиокомпаниясының 1997 жылғы 5 қыркүйектегі жарғысына сәйкес Мемлекетаралық "Мир" телерадиокомпаниясының Мемлекетаралық үйлестiру кеңесiнiң құрамына Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің төрағасы енгiзiлсiн.

      3. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Қазақстан Республикасының Мемлекетаралық "Мир" телерадиокомпаниясының жалпы жиналысындағы өкілетті өкілі болып бекітілсін.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне жүктелсін.".

      2. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері коммуналдық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

      реттік нөмірі 123-99-жол алып тасталсын.

      3. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне" деген бөлім алып тасталсын;

      "Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігіне" деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне

      375-1. "Хабар" агенттігі" акционерлік қоғамы;

      375-2. "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы" акционерлік қоғамы;

      375-3. "Егемен Қазақстан" республикалық газеті" акционерлік қоғамы;

      375-4. "Казахстанская правда" республикалық газеті" акционерлік қоғамы;

      375-5. "Казконтент" акционерлік қоғамы;

      375-6. "Қазмедиа орталығы" басқарушы компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

      375-7. "Жас өркен" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

      375-8. "Қазақ газеттері" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

      375-9. "Қазақпарат" халықаралық ақпараттық агенттігі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

      Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетіне

      375-10. "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

      Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитетіне

      375-11. "Отандастар қоры" коммерциялық емес акционерлік қоғамы 50 %".

      Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетіне

      375-12. "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

      "Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне" деген бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне";

      375-13. "Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы" акционерлік қоғамы;

      376. "Қазтехнологиялар" акционерлік қоғамы.

      376-1. "Қазақстан инжиниринг" (Kazakhstan Engineering)" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы.

      376-2. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.

      376-3. "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" акционерлік қоғамы.

      Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің аэроғарыш комитетіне

      377. "Бәйтерек" Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны" акционерлік қоғамы.

      378. "Республикалық ғарыштық байланыс орталығы" акционерлік қоғамы.

      379. "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы.

      380. "Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы" акционерлік қоғамы.

      381. "Ғалам" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.".

      4. "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:

      12-бөлім алып тасталсын;

      13-бөлімде:

      мына:

      "

13

Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі, оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:

294


Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:

60

1)

"Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы" РММ

30

2)

"Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы" РММ

30

      "

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

13

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:

407


Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:

93

1)

"Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы" РММ

30

2)

"Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы" РММ

30

3)

"Орталық коммуникациялар қызметі" РММ

33

      ";

      13-1-бөлімде:

      мына:

      "

13-1.

Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:

551


Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:

203

1)

Республикалық микрография ғылыми-зерттеу институты (Орал қаласы)

203

      "

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

13-1.

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:

715


Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:

203

1)

Республикалық микрография ғылыми-зерттеу институты (Орал қаласы)

203

      ".

      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.10.2020 № 714 қаулысымен.

      6. "Базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 мамырдағы № 511 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 38, 461-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі" деген бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі";

      "Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті" деген кіші бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті";

      "Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті" деген кіші бөлімде реттік нөмірі 201-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

201.

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің "Ғарыш-Экология" ғылыми-зерттеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

      ".

      7. "Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиарды және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 1 маусымдағы № 395 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 32, 202-құжат):

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мыналар:

      1) Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиар;

      2) Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті осы қаулыға қосымшаға сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті орган болып айқындалсын.".

      8. "Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиар мен "Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік" екінші санаттағы рұқсатын беретін уәкілетті органды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 437 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 33, 228-құжат):

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мыналар:

      1) Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиар;

      2) Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті "Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік" екінші санаттағы рұқсатын беретін уәкілетті орган болып айқындалсын.".

      9. "Байланыс саласында қызметтер көрсету бойынша қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиарды және байланыс саласындағы екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 16 шілдедегі № 543 қаулысында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті:

      1) байланыс саласындағы қызметтерді көрсету бойынша қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиар;

      2) осы қаулыға қосымшаға сәйкес байланыс саласындағы екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті орган болып айқындалсын.".

      10. "Экспорттық бақылау саласында рұқсат беру құжаттарын берудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1083 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 72-73-74, 542-құжат):

      1-қосымшадағы 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

99.

"Экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң номенклатурасын (тiзiмiн) бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулысына сәйкес экспорттық бақылауға жататын өнім: 1-санат бойынша өнім – "Материалдар, химикаттар, микроорганизмдер" мен "уыттар"; 9-санаттағы өнім – қозғалтқыш құрылғылары, ғарыш аппараттары мен қосалқы жабдықтар; Әскери тізім бойынша өнім

1-санат бойынша:
Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi;
9-санат бойынша:
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті;
Әскери тiзiм бойынша:
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi

      ";

      2-қосымшадағы 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

5.

Тiзiмдерi, тiзбелерi экспорттық бақылаудың халықаралық режимдерiнде белгiленетiн зымырандық техника, қозғалтқыштар, олардың компоненттерi, зымырандық техника жасау кезiнде қолданылатын жабдық, материалдар мен технологиялар

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық министрлігінің Көлік комитеті

      ".

      11. "Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссия қызметінің тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1175 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссия қызметінің тәртібі туралы ережеде:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Комиссия Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің (бұдан әрi – Министрлік) жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.";

      6-тармақтың үшінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Комиссияның құрамы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен бекiтiледi.".

      12. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 39 қаулысында:

      3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын беруді;".

      13. "Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесімен интеграцияланатын интернет-ресурстар мен ақпараттық жүйелердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 наурыздағы № 137 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 19, 95-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесімен интеграцияланатын интернет-ресурстар мен ақпараттық жүйелердің тізбесінде:

      реттік нөмірі 19-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

119.

"Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі"

жеке және заңды тұлғалар халыққа қызмет көрсету орталықтарында алған қызметтер туралы

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      ".

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің

      2019 жылғы 26 наурыздағы

      № 142 қаулысына

      1-қосымша

      Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің қайта аталатын аумақтық бөлімшелері республикалық мемлекеттік мекемелерінің тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      2. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      3. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      4. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Шымкент қаласы және Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Шымкент қаласы және Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      5. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      6. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Астана қаласы және Ақмола, Қарағанды облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы және Ақмола, Қарағанды облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің

      2019 жылғы 26 наурыздағы

      № 142 қаулысына

      2-қосымша

      Қайта аталатын мемлекеттік мекемелердің тізбесі

      1. Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің "Орталық коммуникациялар қызметі" республикалық мемлекеттiк мекемесі – Қазақстан Республикасының Ақпарат жəне қоғамдық даму министрлігінің "Орталық коммуникациялар қызметі" республикалық мемлекеттiк мекемесі.

      2. Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі Қоғамдық келісім комитетінің "Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі – Қазақстан Республикасының Ақпарат жəне қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің "Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      3. Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі Қоғамдық келісім комитетінің "Мәдениеттер және діндер халықаралық орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі – Қазақстан Республикасының Ақпарат жəне қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің "Мәдениеттер және діндер халықаралық орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      4. Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің "Микрография ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттік мекемесі – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігінің "Микрография ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің

      2019 жылғы 26 наурыздағы

      № 142 қаулысына

      3-қосымша

      Қайта аталатын мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің "Талдау және ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны – Қазақстан Республикасының Ақпарат жəне қоғамдық даму министрлігінің "Талдау және ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің "Мемлекеттік радиожиілік қызметі" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігінің "Мемлекеттік радиожиілік қызметі" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің "Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігінің "Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      4. Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің "Инфракос" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің "Инфракос" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      5. Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің "Ғарыш-Экология" ғылыми-зерттеу орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің "Ғарыш-Экология" ғылыми-зерттеу орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      6. Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің "Резерв" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің "Резерв" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      Қазақстан Республикасы

      Үкіметінің

      2019 жылғы 26 наурыздағы

      № 142 қаулысына

      4-қосымша

      Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен оның ведомстволарына берілетін заңды тұлғалардың тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 19.06.2019 № 414; 27.08.2019 № 631; 12.09.2019 № 687 қаулыларымен.

      1. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне:

      "Хабар" агенттігі" акционерлік қоғамы;

      "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы" акционерлік қоғамы;

      "Егемен Қазақстан" республикалық газеті" акционерлік қоғамы;

      "Казахстанская правда" республикалық газеті" акционерлік қоғамы;

      "Қазмедиа орталығы" басқарушы компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

      "Қазақ газеттері" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

      "Қазақпарат" халықаралық ақпарат агенттігі" акционерлік қоғамы.

      "Қазтелерадио" акционерлік қоғамы.

      2. Қазақстан Республикасының Ақпарат жəне қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитетіне:

      "Отандастар қоры" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.

      3. Қазақстан Республикасының Ақпарат жəне қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетіне:

      "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.

      4. Қазақстан Республикасының Ақпарат жəне қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетіне:

      "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

      Қазақстан Республикасы

      Үкіметінің

      2019 жылғы 26 наурыздағы

      № 142 қаулысына

      5-қосымша

      Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен оның ведомстволарына берілетін заңды тұлғалардың тізбесі

      1. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне:

      Акционерлік қоғамдар:

      "Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы" акционерлік қоғамы;

      "Қазтехнологиялар" акционерлік қоғамы;

      "Қазақстан инжиниринг" (Kazakhstan Engineering)" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы;

      "Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингі" акционерлік қоғамы;

      "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетіне:

      Акционерлік қоғамдар:

      "Бәйтерек" Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны" акционерлік қоғамы;

      "Республикалық ғарыштық байланыс орталығы" акционерлік қоғамы;

      "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы;

      "Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы" акционерлік қоғамы.

      Жауапкершілігі шектеулі серіктестік:

      "Ғалам" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

      Қазақстан Республикасы

      Үкіметінің

      2019 жылғы 26 наурыздағы

      № 142 қаулысына

      6-қосымша

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. 1-тармағын, 2-тармағының 2) тармақшасын және 3-тармағын қоспағанда, "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 353 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 36, 209-құжат).

      2. 1-тармағын, 2-тармағының 2) тармақшасын және 3-тармағын қоспағанда, "Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 қарашадағы № 704 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 58, 373-құжат).

      3. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 қарашадағы № 704 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 16-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 58).

      4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиарды және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органды айқындау туралы" 2015 жылғы 1 маусымдағы № 395 және "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің кейбір мәселелері" туралы 2016 жылғы 16 маусымдағы № 353 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 24 қарашадағы № 724 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 59-60).

      5. "Қазақпарат" халықаралық ақпарат агенттігі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қатысу үлесін сыйға тарту шарты бойынша жеке меншіктен республикалық меншікке қабылдау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 826 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 64, 423-құжат).

      6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Eurasian Resourses Group S.a.r.l." компаниясының кейбір мәселелері туралы" 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 1411 және "Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кейбір мәселелері" туралы 2016 жылғы 15 қарашадағы № 704 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 13 ақпандағы № 62 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы.

      7. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 және "Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кейбір мәселелері" туралы 2016 жылғы 15 қарашадағы № 704 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 25 сәуірдегі № 223 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 16, 110-құжат).

      8. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 353 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 237 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 17, 118-құжат).

      9. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 8 маусымдағы № 350 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 29 және 31-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 21, 170-құжат).

      10. "Мемлекеттік техникалық қызметтің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 457 қаулысының 5-тармағы.

      11. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 25 қарашадағы № 773 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 62-63, 377-құжат).

      12. "Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар және Ұлттық экономика министрліктерінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 79 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 9-10, 40-құжат).

      13. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 қарашадағы № 704 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 188 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 17-18, 98-құжат).

      14. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 353 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 4 маусымдағы № 320 қаулысы.

      15. "Қазақстан инжиниринг" (Kazakhstan Engineering)" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 3 шілдедегі № 405 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 6-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 36-37-38, 207-құжат).

      16. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 шілдедегі № 420 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 10-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 36-37-38, 212-құжат).

      17. 1-тармағын, 2-тармағын және 3-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда, "Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 21 шілдедегі № 444 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 42, 229-құжат).

      18. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 3 қыркүйектегі № 549 қаулысының 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 53-54, 279-құжат).

      19. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнiң кейбір мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 353 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 қазандағы № 641 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 59, 309-құжат).

      20. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 қарашадағы № 704 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 қазандағы № 642 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 59, 310-құжат).