Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің |
|
2021 жылғы 15 сәуірдегі № 245 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ережеде:
16-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"10) қоғамдық кеңестің құрамын бекітеді;".
2. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:
200) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"200) қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамындағы өкілдіктің дербес құрамын айқындау;";
203) тармақша алып тасталсын.
3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.08.2023 № 705 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.07.2023 № 620 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
5. Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 862 қаулысымен.
6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 866 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға қосымша |
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.08.2023 № 705 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.