Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 шілдедегі № 554 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері коммуналдық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
"Нұр-Сұлтан қаласы" деген бөлімде:
реттік нөмірі 21-141-жол алып тасталсын.
2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
"Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 375-9-3 және 375-9-4-жолдармен толықтырылсын:
"375-9-3. "Отандастар қоры" коммерциялық емес акционерлік қоғамы 50 %;
375-9-4. "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.";
"Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитетіне" деген кіші бөлімде:
реттік нөмірі 375-11-жол алып тасталсын;
"Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетіне" деген кіші бөлімде:
реттік нөмірі 375-12-жол алып тасталсын.
3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 866 қаулысымен.