Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесімен интеграцияланатын интернет-ресурстар мен ақпараттық жүйелердің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 наурыздағы № 137 қаулысы.

      "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 16-1-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесімен интеграцияланатын интернет-ресурстар мен ақпараттық жүйелердің тізбесі бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі К. Мәсімов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 14 наурыздағы
№ 137 қаулысымен
бекітілген

Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесімен интеграцияланатын интернет-ресурстар мен ақпараттық жүйелердің тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 16.06.2016 № 353; 27.10.2016 № 628; 26.03.2019 № 142; 10.07.2019 № 497; 12.07.2019 № 501; 13.12.2019 № 925; 19.08.2022 № 581 қаулыларымен.

Р/с

Ақпараттық жүйе мен интернет-ресурс атауы

Электрондық ақпараттық ресурстар

Ақпараттық жүйе мен интернет-ресурс иесі

1

2

3

4

1.

"Сот органдарының ақпараттық жүйесі"

жеке және заңды тұлғалар бойынша сот істері туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты)

2.

"Арнайы есепке алу" 

қылмыскерлерді іздеуді жүзеге асыру туралы

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетi

жеке және заңды тұлғалар туралы, іздеу карточкалары (шамамен жас мөлшері, жынысы, ұлты), танылмаған мәйіттер, белгісіз науқастар және балалар туралы

талап-сұраныс

мемлекеттік қызметшілерге;
мемлекеттік қызметке керуге үміткер адамдарға қатысты

мемлекеттік органдарды тексеру туралы

хабар-ошарсыз жоғалып кеткендерді іздеуді жүзеге асыру туралы

шетел азаматтарының әкімшілік құқық бұзушылықтары және олар жөніндегі хабарламалар туралы

Қазақстан Республикасының аумағынан шетел азаматтарын шығарып жіберу жөніндегі сот шешімдерінің орындалуын мониторингтеу мен бақылау туралы

борышкерлер мен жауапкерлер туралы

3.

"Біріздендірілген бірыңғай статистикалық жүйе"

қылмыстық істер бойынша

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетi

құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесіне қолжетімділік құқығын анықтау тұрғысынан қылмыстық істер бойынша

істі сотта қарау туралы (іс бойынша сот карточкасы)

жол-көлік оқиғалары туралы

мемлекеттік сатып алуға жауапсыз қатысушылар ретінде тану туралы шығарылған сот шешімдері туралы

4.

"Тұлғалардың өтініштерін бірыңғай есепке алу"

жеке және заңды тұлғалардың тіркелген өтініштері туралы

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетi

5.

"Бүркіт"

Қазақстан Республикасы азаматтарының Мемлекеттік шекарадан өтуі туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті

шетелдік азаматтардың Мемлекеттік шекарадан өтуі туралы

6.

"Ықпалдастырылған деректер банкі"

ішкі істер органдарында тіркелген көлік құралдары туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

ішкі істер органдарында тіркелген қару және оның иесі, сондай-ақ қару саудасымен айналысатын мамандандырылған дүкендерде сатуда тұрған қару туралы

ішкі істер органдарында тіркелген қылмыстық автокөлік туралы*

ішкі істер органдарында тіркелген қылмыстық қару туралы*

ішкі істер органдарында көлік құралын басқаруға құқық беретін жүргізуші куәлігін алған адамдар туралы

7.

"Бақылау"

қоғамдық тәртіпті қорғау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

8.

"Халықты құжаттау жүйесі"

жеке тұлға және оның жеке басын куәландыратын құжаттар, тіркелген мекенжайы және суреті туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі 

ата-аналар мен кәмелетке толмаған балалар туралы*

9.

"Көші-қон полициясы"

Қазақстан Республикасына уақытша келетін шетелдіктері тіркеу туралы*

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

шетелдіктерге жеке тұлғаларда еңбек қызметін жүзеге асыруға рұқсат беру туралы*

шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру және тіркеу туралы*

Қазақстан Республикасы азаматтығын қабылдауын және одан шығуын тіркеу туралы*

шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың шекаралық аймаққа келуге берiлген рұқсат туралы*

10.

"Сервистік орталық"

көлік құралына ауыртпалықтар салу/алып тастау*

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

11.

"Е-қызмет"

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілері туралы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

12.

"Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған дерекқоры"

мүгедектікті растау туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлiгі

13.

"Әлеуметтiк көмек: балаларға мемлекеттік жәрдемақылар, атаулы әлеуметтiк көмек және тұрғын үй көмегі"

әлеуметтiк көмек туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлiгі
 

14.

"Еңбек нарығы"

жұмыспен қамту туралы 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлiгі

15.

"Диспансерлік науқастардың электрондық тіркелімі"

жеке тұлғаның диспансерлік есепте тұруы туралы (адамның психиатрда немесе наркологта есепте тұру жағдайының фактісі туралы)*

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлiгі

16.

"Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқоры"

субъект туралы (жеке немесе заңды тұлға), лицензия туралы (нөмірі, түрі)

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

17.

"Экспресс-3"

теміржол көлігіне сатылған және қайтарылған жол жүру құжаттары туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

18.

"Міндетті техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі ("Техбайқау" БАЖ")"

автокөлік құралдарының техникалық байқаудан өтуі туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

19.

"Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі"

жеке және заңды тұлғалар халыққа қызмет көрсету орталықтарында алған қызметтер туралы

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

20.

"Көліктік дерекқордың және тасымалдау қауіпсіздігінің серпінділігі мониторингінің ақпараттық-талдау жүйесі"

теміржол көлік құралдары, олардың иелері туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті

өзен кемелері мен шағын кемелер, олардың иелері туралы

21.

"Мемлекеттік жер кадастры" 

жер учаскелері және олардың сипаттамалары туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті

22.

"Монополистер қызметінің мониторингі бойынша электрондық дерекқор"

Қазақстан Республикасындағы табиғи монополиялар субъектілері туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті

23.

"Жоғары білім беруді басқарудың бірыңғай жүйесі"

Қазақстан Республикасы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының студенттері мен түлектері туралы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлiгi

24.

"Әскери мiндеттiлер мен шақырылушыларды әскери есепке алу"

әскери міндеттілер және әскерге шақырылушылар туралы**

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

25.

"E-Аgriculture"

ауыл шаруашылығы мақсатындағы техника, оның иелері туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгі

26.

"е-Қаржымині"

мемлекеттік сатып алу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

бюджеттен төленетін төлемдер туралы*

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті

мемлекеттік бюджетке түсімдер туралы

27.

"Деректерді бірыңғай сақтау орны"

тіркелген салық
төлеушілер туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті

кезеңдегі салық бойынша берешек туралы

қарсы тексерістер туралы

қосылған құн салығын
төлеушілер туралы

салық есептілігін өңдеу жүйесі туралы

контрагенттер туралы

этил спирті және/немесе
шарап материалын өндіру
және олардың айналымы
жөніндегі декларациялар туралы

алкоголь өнімдерін өндіру және олардың айналымы
жөніндегі декларациялар туралы

алкоголь өнімдерінің айналымы жөніндегі декларациялар туралы

мұнай өнімдері жөніндегі декларациялар туралы
(2-нұсқасы)

мұнай өнімдері жөніндегі декларациялар туралы (3-нұсқасы)

жеке табыс салығы мен
мүлік жөніндегі декларациялар туралы

28.

"Кедендік автоматтандырылған ақпараттық жүйе"

жолаушының кедендік декларациялары туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті

көлік құралына декларациялар туралы

29.

"Кедендік автоматтандырылған ақпараттық жүйе 2"

сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар туралы 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті

30.

"Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалануды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі"

жер қойнауын пайдалануға келісімшарттар туралы (көмірсутегі шикізаты және уран және көмір бөлігінде қатты пайдалы қазбалар)

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі
(мәліметтер үшін
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі жауапты)

жер қойнауын пайдалануға келісімшарттар (уран мен көмірді қоспағанда, қатты пайдалы қазбалар және жерасты сулары) туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (мәліметтер үшін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі жауапты)

31.

"Атқарушылық іс
жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі"

сот актілерін орындау туралы (4.0 нысанды карточкалар, 4.1 нысанды атқарушылық құжатты есепке алу карточкалары, атқарушылық құжаттың қозғалысы және оны орындау нәтижелері туралы карточкалар)

Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi

32.

"Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқоры"

жеке тұлға және жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, адамның тіркелген мекенжайы туралы

Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi

жеке тұлғалардың азаматтық хал актілері туралы

33.

"Заңды тұлғалар" мемлекеттік дерекқоры"

заңды тұлға туралы

Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi

заңды тұлғаның тіркеу әрекеттеріне ауыртпалық салу/алып тастау

заңды тұлғадағы
қатысушының үлесіне ауыртпалық салу/алып тастау

34.

"Жылжымайтын мүліктің тіркелімі"
мемлекеттік дерекқоры"

жылжымайтын мүлік объектілері және тарихи деректерді қоса алғанда, объектіге құқық иелену туралы

Қазақстан Республикасы
Әдiлет министрлiгi

жылжымайтын мүлік объектілерімен операцияларға ауыртпалықты салу/алып тастау

35.

"Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталық"

белгілі бір уақыт кезіндегі жұмыс орны (жұмыс беруші) және төлемдер (зейнетақы, зейнеткерлік аударымдар және т.б.) туралы

 "Зейнетақы төлеу
жөнiндегi
мемлекеттiк орталық" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

36.

"Шетелдік жұмыс күші"

шетелдiк жұмыс күшiн тарту туралы

"Зейнетақы төлеу
жөнiндегi мемлекеттiк орталық" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

37.

"Қазақтелеком"

телефон желісінің абоненттері туралы

"Қазақтелеком" 
акционерлік қоғамы

38.

"Е-нотариат"

нотариустар және жасалған нотариаттық iс-әрекеттер туралы

"Ұлттық ақпараттық технологиялар"
акционерлік қоғамы
(мәліметтер үшін Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi жауапты)

39.

Авиакомпаниялардың ақпараттық жүйелері

ресімделген және (немесе) бронға қойылған билеттер туралы*

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің
Азаматтық авиация комитеті

40.

Екінші деңгейдегі банктердің ақпараттық жүйелері

банк операциялары туралы*

екінші деңгейдегі банктер


      Ескертпе:

      Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерге қолжетімділік заңнамалық актілерде белгіленген тәртіппен беріледі.

      * – мәліметтерді жіберу ақпараттық өзара іс-қимыл сервисін іске асырғаннан және ресми пайдалануға енгізгеннен кейін жүзеге асырылатын болады, пайдаланушыға қолжетімділікті ұсыну және мәліметтерді пайдалану бірлескен бұйрықтар (келісімдер, меморандумдар) шеңберінде құқық қорғау, арнайы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесі операторының және ақпараттық жүйе иесінің ақпараттық өзара іс-қимылын нормативтік бекіткеннен кейін ғана заңды болады;

      ** – қорғаныс істері жөніндегі басқармалардың (бөлімдердің) жұмылдыру ресурстарының ықпалдасқан шлюзіне қолжетімділігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ақпараттық жүйелердің өзара іс-қимылы жөніндегі бірлескен бұйрықтарының болуы шартымен.