Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің "Мемлекеттік техникалық қызмет" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің "Мемлекеттік техникалық қызмет" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) болып қайта аталсын.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жасау жөніндегі уәкілетті орган болып белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша):
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысына өзгерістерді бекітуге енгізуді;
2) кәсіпорынды әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркеуді;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне телекоммуникация желілерін орталықтандырылған басқару, Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзі, компьютерлік оқыс оқиғаларға ден қою қызметі және Ақпараттық жүйелердің мониторинг орталығы жобаларын іске асыру үшін жабдықты беру бойынша шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
5. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 26.03.2019 № 142 қаулысымен.6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Б. Сағынтаев