РҚАО-ның ескертпесі!
Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 7-т. қараңыз
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 25 ақпандағы № 848 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереже;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Мыналар:
1) "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі;
2) "Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Қоғамдық келісім комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі;
3) "Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі;
4) "Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі;
5) "Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі;
6) "Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі;
7) "Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі;
8) "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі болып;
9) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес республикалық мемлекеттік мекемелер – Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің аумақтық бөлімшелері;
10) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес республикалық мемлекеттік мекемелер;
11) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес республикалық мемлекеттік кәсіпорындар қайта аталсын.
3. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі осы қаулыға 2-қосымшаның 1-тармағында, осы қаулыға 3-қосымшаның 1-тармағында көрсетілген республикалық заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган;
2) Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі осы қаулыға 2-қосымшаның 4-тармағында, осы қаулыға 3-қосымшаның 2 және 3-тармақтарында көрсетілген республикалық заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган;
3) Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті осы қаулыға 2-қосымшаның 2 және 3-тармақтарында көрсетілген республикалық заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган;
4) Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті осы қаулыға 3-қосымшаның 4 және 5-тармақтарында көрсетілген республикалық заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган;
5) Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті осы қаулыға 3-қосымшаның 6-тармағында көрсетілген республикалық заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес заңды тұлғалар акцияларының мемлекеттік пакеттерін (қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен оның ведомстволарына берсін;
2) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес ұйымдардың мемлекеттік акциялар пакеттері мен қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне және оның ведомстволарына берсін.
5. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму, Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
6. Осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
7. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі туралы ереженің 16-тармағы 1) тармақшасының 2019 жылғы 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін отыз бесінші және отыз алтыншы абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы | |
Үкіметінің | |
2019 жылғы 26 наурыздағы | |
№ 142 қаулысымен | |
бекітілген |
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі туралы ереже 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) ақпарат, мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы, діни қызмет, мемлекеттік жастар және отбасы саясаты, қоғамдық сананы жаңғырту, қайырымдылық, волонтерлік қызмет, медиация, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, конфессияаралық және этносаралық келісім салаларында басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде салааралық үйлестіруді және мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Министрліктің мынадай ведомстволары бар:
1) "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі;
2) "Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі;
3) "Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі;
4) "Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
3. Министрлік өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Министрлік мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
6. Министрліктің, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Министрлік өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Министрлік басшысының бұйрығымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Министрліктің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Министрліктің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, № 15 кіреберіс.
10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлiгi" мемлекеттiк мекемесi.
11. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.
12. Министрліктің қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
13. Министрлікке кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Министрліктің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Министрлікке заңнамалық актiлермен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер, егер Қазақстан Республикасы заңнамасында өзгеше белгіленбесе, республикалық бюджеттің кiрiсiне жiберiледi.
2-тарау. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. Министрліктің миссиясы:
бірыңғай ақпараттық кеңістіктің тұрақты жұмыс істеуін дамыту және қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сындарлы мемлекеттік-конфессиялық қарым-қатынасты қалыптастыру, тұрақтылықты нығайту, мемлекет пен қоғамдық даму институттары серіктестігінің тиімді жүйесін дамыту, мемлекеттік жастар және отбасы саясатын құру және тиімді іске асыру.
15. Міндеттері:
1) ақпарат, балаларды олардың денсаулығына және дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу,
2) телерадио хабарларын тарату және бұқаралық ақпарат құралдары саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;
3) Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық кеңістігін қалыптастыруды, дамытуды және қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жүзеге асыру, сондай-ақ ақпараттық кеңістіктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті ведомствоаралық үйлестіру;
4) балаларды олардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан, бұқаралық ақпарат құралдарынан қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық;
5) қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және ілгерілету кезінде гендерлік теңгерімді сақтау;
6) мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылына, діни қызметке, мемлекеттік жастар және отбасылық саясатына, қоғамдық сананы жаңғыртуға, қайырымдылыққа, волонтерлік қызметке, медиацияға, ішкі саяси тұрақтылықты, конфессияаралық және этносаралық келісімді қамтамасыз етуге қатысу;
7) Министрліктің құзыретіне жатқызылған қызмет салаларында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
8) Министрлікке жүктелген өзге де міндеттер.
16. Функциялары:
1) орталық аппараттың функциялары:
ойын бизнесі саласындағы лицензияланатын қызмет түрлеріне қойылатын біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесін қоспағанда, біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен келісу және бекіту;
реттелетін салаларда халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес соттарға талап қою;
реттелетін салаларда кадрларға қажеттілікті айқындау;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша акциялардың мемлекеттік пакетін (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқығын, сондай-ақ республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерге қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті органның функцияларын жүзеге асыру;
журналистерді аккредиттеу қағидаларын бекіту;
тарихи және (немесе) мәдени құндылығы бар жазбаларды сақтау тәртібін айқындау;
өз құзыреті шегінде телерадио хабарларын тарату саласындағы нормативтік құқықтық және нормативтік техникалық актілерді, оның ішінде телерадио хабарларын тарату қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту;
еркін қолжетімді теле-, радиоарналарды (цифрлық эфирлік және спутниктік телерадио хабарларын тарату, сондай-ақ ұқсас телерадио хабарларын тарату арқылы) таратуды қаржылық қамтамасыз ету бөлігінде телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторының қызметін үйлестіру;
міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидаларын бекіту;
кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру парақтарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту;
міндетті теле -, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру және бекіту бойынша конкурстарды ұйымдастыру және өткізу;
телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру және бекіту бойынша конкурстарды ұйымдастыру және өткізу;
телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидаларын бекіту;
телерадио хабарларын тарату мақсаттары үшін жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу қағидаларын бекіту;
өз құзыреті шегінде телерадио хабарларын тарату саласындағы нормативтік құқықтық және нормативтік техникалық актілерді, оның ішінде телерадио хабарларын тарату жүйелерін техникалық пайдалану қағидаларын, телерадио хабарларын тарату сапасына бақылау жүргізу қағидаларын, теле-, радиокомпаниялардың техникалық құралдарын телерадио хабарларын тарату операторларының желілеріне қосу қағидаларын бекіту;
телерадио хабарларын тарату мақсатында жиіліктер жолағын, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу бойынша конкурстар ұйымдастыру және өткізу;
телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияның ережесін бекіту және құрамына ұсыныстар енгізу;
мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архивін қалыптастыру қағидаларын бекіту;
есепке қою үшін өтініш берген шетелдік теле-, радиоарналардың өнімдеріне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан сараптама жүргізу қағидаларын бекіту;
телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық параметрлерін және телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық параметрлерін өлшеу әдістемесін бекіту;
міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін бекіту;
ұлттық оператор тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін бекіту;
бюджеттік жоспарлау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша республикалық бюджет қаражаты есебінен бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту;
республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру тәртібін бекіту;
бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі уәкілетті тұлға (бөлімше) туралы үлгілік ережені бекіту;
бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уәкілетті тұлғаның (бөлімшенің) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту;
белгілі бір аумақта халықтың тіршілік ету жағдайлары бұзылған кезде бұқаралық ақпарат құралдарына ресми хабарламалар беру қағидаларын бекіту;
цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшу тәртібі мен мерзімдерін айқындау;
жас ерекшелігіне қарай жіктеудің ақпараттық өнімін беру қағидалары мен әдістемесін бекіту;
жас санатының белгісіне қойылатын талаптарды бекіту;
көпарналы хабар таратуда таралуына байланысты міндетті теле -, радиоарналардың санын айқындау;
Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жүргізу қағидаларын және оны есептеу әдістемесін бекіту;
Ескерту. 11.04.2019 бастап қолданысқа енгізіледі – осы қаулының 7-тармағымен.
міндетті теле -, радиоарналарда әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру және орналастыру қағидаларын бекіту;
Ескерту. 11.04.2019 бастап қолданысқа енгізіледі – осы қаулының 7-тармағымен.
ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссия қызметінің тәртібі туралы ережені әзірлеу;
жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын қамтамасыз ету;
азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің орындалуын қамтамасыз ету;
Министрліктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының атынан жасалатын Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету;
Министрліктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру, сондай-ақ Министрлік реттейтін келісімдерді, меморандумдар мен шарттарды, оның ішінде халықаралық шарттарды әзірлеу және жасасу;
өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және өткізу жөніндегі ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметіне басшылық ету;
ақпарат, мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы, діни қызмет, мемлекеттік жастар және отбасылық саясат, қоғамдық сананы жаңғырту, қайырымдылық, волонтерлік қызмет, медиация, ішкі саяси тұрақтылықты, конфессияаралық және этносаралық келісімді қамтамасыз ету салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыру;
Министрлік реттейтін салаларда жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;
Министрліктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен, коммерциялық емес ұйымдармен, кәсіптік одақтармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл;
Министрлік реттейтін салалардағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;
Министрліктің стратегиялық жоспарын бекіту;
Министрліктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу;
мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен құжаттарды түсіндіру және ілгерілету бойынша ақпараттық-насихаттау іс-шараларын ұйымдастыру және жүзеге асыру;
біліктілік анықтамалықтарды және басшылардың, мамандардың және Министрлік реттейтін басқа да мемлекеттік ұйымдардың қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын әзірлеу, бекіту;
қызметтік куәлікті беру тәртібін және оның сипаттамасын әзірлеу және бекіту;
Министрліктің мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін әзірлеу және бекіту;
Министрлік реттейтін салалардағы мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлерін аттестаттау қағидаларын бекіту;
Министрлік реттейтін салалардағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерін бекіту;
ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процесін автоматтандыруды және оңтайландыруды қамтамасыз ету жөніндегі ведомстволардың қызметін үйлестіру;
Министрліктің кадр саясатында гендерлік теңдік қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету;
диаспоралармен жұмысты үйлестіруді және шетелде тұратын отандастар ұйымдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
республикада ішкі саяси тұрақтылықты, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға бағытталған халықаралық, республикалық және өзге де іс-шаралар, акциялар мен конкурстар өткізуді ұйымдастыру;
республикада діни қызметті, этносаралық және конфессияаралық келісімді зерделеу және талдау жүргізу;
конфессияаралық және этносаралық келісім мен толеранттылықты нығайту бойынша жастар ұйымдарымен өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;
жастар арасында конфессияаралық және этносаралық келісімді және толеранттылықты нығайту мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру мен іске асыруды жүзеге асыру;
дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту;
діни туризм саласындағы туроператорлық қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту;
діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың, сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын айқындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту;
мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Министрлік саласында реттелетін әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту;
өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік саласындағы заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету;
халықты ұлттық қауіпсіздіктің жай-күйі және оны қамтамасыз ету жөнінде қабылданатын шаралар туралы хабардар ету, мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы заңнаманы сақтай отырып, насихаттау және қарсы насихаттау қызметін жүргізу;
әрекеті (немесе әрекетсіздігі) Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін бұзуға, ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіретін лауазымды адамдарды, мемлекеттік қызметшілерді тиісті жауапкершілікке тарту;
мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыру және іске асыру;
мемлекеттік жастар саясаты саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
үкіметтік емес ұйымдарға гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларын бекіту;
үкіметтік емес ұйымдарға сыйлықақылар беру қағидаларын бекіту;
уәкілетті органның жанынан Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесін құру, оның ережесі мен құрамын бекіту;
мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін қалыптастыру, іске асыру мониторингі және бағалау қағидаларын бекіту;
мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс стандарттарын бекіту;
үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорын қалыптастыру қағидаларын бекіту;
үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператордың оның қызметінің нәтижелері туралы есебінің нысанын бекіту;
волонтерлік қызметті есепке алу тізілімін жүргізу жөніндегі үлгі қағидаларды бекіту;
волонтерлік бағдарламаларды (жобаларды) және волонтерлік акцияларды іске асыру мониторингін жүзеге асырудың үлгілік қағидаларын бекіту;
волонтерлік қызмет мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту;
жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін және өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу;
үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақылар беруді жүзеге асыру;
мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын сараптамалық кеңестің қарауына енгізу;
қоғамдық кеңестер қызметі мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
қоғамдық кеңес құру;
қоғамдық кеңестің ұсынымдарын қарау;
қоғамдық кеңестің жұмыс тобы құрамындағы өкілдіктің дербес құрамын айқындау;
қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамын бекіту;
үкіметтік емес ұйымдар үшін гранттар беру жоспарын бекіту;
қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамындағы өкілдік;
қоғамдық кеңестің қызметі туралы ережені бекіту;
қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
ақпараттың сапасы мен уақтылы ұсынылуына ішкі бақылау жүргізу;
қоғамдық сананы жаңғырту саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіру;
қоғамдық сананы жаңғырту саласындағы бағдарламалар мен жобаларды іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру;
қоғамдық сананы жаңғырту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі жобалар мен жоспарларды әзірлеу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне бекітуге енгізу;
қоғамдық сананы жаңғырту саласындағы қызметті әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
қоғамдық сананы жаңғырту саласындағы үрдістерді талдау мен болжауды жүзеге асыру;
қоғамдық сананы жаңғырту саласындағы бағдарламалар мен жобаларды іске асыру мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыру;
қоғамдық сананы жаңғырту мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;
"Рухани жаңғыру" бағдарламасын басқару жөніндегі жобалау офисінің қызметін қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасы Президентінің бес әлеуметтік бастамасын іске асыру барысын мониторингтеу және талдау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және үйлестіру;
мемлекеттік органдар іске асыратын мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты Министрліктің интернет-ресурсында орналастыру;
әкімдіктер жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестер туралы үлгілік ережені бекіту;
республикалық жастар форумын өткізу тәртібін және өңірлік жастар форумы туралы үлгілік ережені бекіту;
жастар ресурстық орталықтары туралы үлгілік ережені бекіту;
ашық деректер интернет-порталында ақпарат орналастыру;
ашық бюджеттер интернет-порталында ақпарат орналастыру;
ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында ақпаратты орналастыру;
Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерімен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
2) ведомстволардың функциялары:
өз құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;
өз құзыреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
ұлттық қауіпсіздік саласындағы заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының Бірыңғай ақпараттық кеңістігін қалыптастыруды, дамытуды және қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, сондай-ақ ақпараттық кеңістіктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру;
өз құзыреті шегінде техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттарды әзірлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
журналистерді аккредиттеу қағидаларын әзірлеу;
мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архивін қалыптастыру қағидаларын әзірлеу;
есепке қою үшін өтініш берген шетелдік теле-, радиоарналардың өнімдеріне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан сараптама жүргізу қағидаларын әзірлеу;
телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық параметрлерін және телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық параметрлерін өлшеу әдістемесін әзірлеу;
бюджеттік жоспарлау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша республикалық бюджет қаражаты есебінен бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау әдістемесін әзірлеу;
республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру тәртібін әзірлеу;
белгілі бір аумақта халықтың тіршілік ету жағдайлары бұзылған кезде бұқаралық ақпарат құралдарына ресми хабарламалар беру қағидаларын әзірлеу;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларға сәйкестікті растайтын талаптар мен құжаттар тізбесін әзірлеу;
кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп тексеру парақтарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін әзірлеу;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялауға жататын жекелеген қызмет түрлерін лицензиялауды жүзеге асыру;
адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Министрдің бұйрықтарында оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес соттарға талап қою;
бұқаралық ақпарат құралдары мәселелері бойынша жастар ұйымдарымен өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары және телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
мерзімді баспасөз басылымдарын, ақпараттық агенттіктерді және желілік басылымдарды есепке қоюды, қайта есепке алуды жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алудың бірыңғай тізілімін жүргізу;
белгіленген тәртіппен республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және жүзеге асырылуын бақылау;
мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архивін қалыптастыру;
бұқаралық ақпарат құралдары және телерадио хабарларын тарату мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;
мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыру;
цифрлық эфирлік хабар таратуды енгізу бөлігінде телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторының қызметін үйлестіру;
отандық теле -, радиоарналарды есепке қоюды, қайта есепке қоюды жүзеге асыру;
есепке қойылған мерзімді баспасөз басылымдарының, ақпараттық агенттіктер мен желілік басылымдардың тізілімін жүргізу;
есепке қою үшін өтініш берген шетелдік теле-, радиоарналардың өнімдеріне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан сараптама жүргізу;
эротикалық сипаттағы материалдарды орналастыратын мерзімді баспасөз басылымдарын немесе интернет-ресурстарды тарататын субъектілердің тізілімін жүргізу;
Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру;
"Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" және "Телерадио хабарларын тарату туралы" Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын бұзу анықталған кезде нұсқамалар беру;
бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингін жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік теле -, радиоарналарды есепке қоюды, қайта есепке қоюды жүзеге асыру;
"Балаларды денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтау тұрғысынан бұқаралық ақпарат құралдары өнімдерінің мониторингін жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының балаларды денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау туралы заңнамасының сақталуына бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық параметрлерінің және телерадио хабарларын таратудың ұлттық стандарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
"Телерадио хабарларын тарату туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабында көзделген талаптарды сақтау бөлігінде Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
тиісті салаларда нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдар мен шарттарды әзірлеу;
Министрліктің ведомствосы реттейтін салаларда жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;
Министрліктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;
Министрлік ведомствосының құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
Министрлік ведомствосының құзыретіне жататын мәселелер бойынша саяси партиялармен, коммерциялық емес ұйымдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
Министрліктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен құжаттарды түсіндіру және ілгерілету бойынша ақпараттық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
Министрлік ведомствосының құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультациялық-кеңесші органдардың қызметін қамтамасыз ету;
заңнамада белгіленген жағдайларда әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау;
Министрлік реттейтін салада мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу;
ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процесін автоматтандыруды және оңтайландыруды қамтамасыз ету;
республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыру;
ведомстволық бағынысты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыру;
мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру, оператор арқылы гранттар беру, интернет-ресурста мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыбын орналастыру және нәтижелерін бағалау;
діни қызмет, діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл, қоғамдық келісім және ұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруға қатысу;
Министрлік ведомствосының құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясымен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл;
діни қызмет, қоғамдық келісім, қоғамдық институттарды дамыту және қазақстандық қоғамның рухани-адамгершілік әлеуеті мәселелері бойынша зерттеулер жүргізуді қамтамасыз ету;
дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларын әзірлеу;
діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың, сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын айқындау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу;
Қазақстан Республикасының аумағында құрылған діни бірлестіктердің, миссионерлердің, рухани (діни) білім беру ұйымдарының қызметіне зерделеу және талдау жүргізу;
республика аумағындағы шетелдік діни бірлестіктердің қызметін, шетелдік діни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктердің басшыларын тағайындауын келісу;
дінтану сараптамаларын жүргізуді қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
Қазақстан Республикасының діни қызмет саласындағы заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғалардың қызметіне тыйым салу жөнінде ұсыныстар енгізу;
діни туризм саласындағы туроператорлық қызметті жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;
өз құзыреті шегінде діни экстремизм мен радикализмнің алдын алуға бағытталған алдын алу шараларын іске асыру;
Министрлік ведомствосының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша деструктивті діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету орталықтарымен және басқа да үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
қайырымдылық саласындағы заңнаманың орындалуына мониторингті жүзеге асыру;
қайырымдылық саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу және енгізу;
мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдар үшін гранттар беру және сыйлықақылар беру, волонтерлік қызметті дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруды қамтамасыз ету;
мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;
волонтерлік қызмет саласындағы заңнаманың орындалуына мониторингті жүзеге асыру;
волонтерлік қызмет саласын реттейтін заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу және енгізу;
волонтерлік қызметті дамыту саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін әдістемелік сүйемелдеуді үйлестіру және ұйымдастыру;
медиация мәселелерін реттейтін заңнаманы жетілдіру бойынша мониторингті жүзеге асыру және ұсыныстар әзірлеу;
үкіметтік емес ұйымдар үшін гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;
мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс нәтижелерін қалыптастыру, іске асыру мониторингі және бағалау қағидаларын әзірлеу;
мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс стандарттарын әзірлеу;
мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін қалыптастыру, іске асыру, іске асыру мониторингі және бағалау бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, іске асыруды, іске асыру мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға ақпараттық, консультациялық, әдістемелік қолдау көрсету;
Министрліктің интернет-ресурсында жоспарланатын және іске асырылатын мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалауды орналастыру;
мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс нәтижелерін қалыптастыру, іске асыру, іске асыру мониторингін және бағалауды жүзеге асыру;
үкіметтік емес ұйымдарға гранттар беру жоспарын әзірлеу;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласында электрондық ақпараттық ресурстарды құру және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету, оларға жеке және заңды тұлғалардың қол жеткізуін ұйымдастыру;
үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорын қалыптастыру қағидаларын әзірлеу;
үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператордың оның қызметінің нәтижелері туралы есеп нысанын әзірлеу;
үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорын қалыптастыру және жүргізуді жүзеге асыру;
үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына енгізу үшін ұсынылатын мәліметтерді тексеруді жүзеге асыру;
үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператордың оның қызметінің нәтижелері туралы есебін қарау;
үкіметтік емес ұйымдарға сыйлықақы беру қағидаларын әзірлеу;
үкіметтік емес ұйымдарға сыйлықақылар беруді жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасында волонтерлік қызмет туралы ақпаратты жинақтау мен қорытуды жүзеге асыру;
волонтерлік қызметті есепке алу тізілімін жүргізу жөніндегі үлгілік қағидаларды әзірлеу;
волонтерлік ұйымдарды және волонтерлерді волонтерлік бағдарламаларды (жобаларды) іске асыруға қатысуға тарту және волонтерлік акциялар өткізу тәртібі бойынша ұсынымдар әзірлеу;
волонтерлік бағдарламаларды (жобаларды) және волонтерлік акцияларды іске асыру мониторингін жүзеге асырудың үлгілік қағидаларын әзірлеу;
волонтерлік қызмет саласында жеке, заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
волонтерлік қызметтің мониторингін жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;
ведомствоның құзыретіне жататын мәселелер бойынша қоғамдық кеңестермен өзара іс-қимыл жасау;
қоғамдық кеңестердің қызметін үйлестіру және әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
мемлекеттік жастар саясаты саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі қызметті әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
әкімдіктер жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестер туралы үлгілік ережені әзірлеу;
мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
мемлекеттік жастар саясатын іске асырудағы үрдістерді талдау мен болжауды жүзеге асыру;
білім беру және тәрбиелеу жүйесінің ұйымдарына мемлекеттік жастар саясаты саласында қажетті консультативтік көмек көрсету;
мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша жастар ұйымдарымен өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;
мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру және іске асыруды жүзеге асыру;
республикалық жастар форумын өткізу тәртібін және өңірлік жастар форумы туралы үлгілік қағидалар әзірлеу;
жастар ресурстық орталықтары туралы үлгілік ережені әзірлеу;
"Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын беру тәртібін әзірлеу;
жастардың волонтерлік қызметін дамытуды қолдау;
Қазақстан Республикасының Үкіметіне "Қазақстан жастары" ұлттық баяндамасын дайындау және енгізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және үйлестіру;
заңнамаға сәйкес Министрлік жанындағы жастар ұйымдарын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесін құру және оның қызметін қамтамасыз ету;
адамгершілік-рухани дамуға бағытталған үкіметтік емес ұйымдардың қызметін үйлестіру және қолдау;
ұлттың әлеуметтік-мәдени кодын, қоғамның рухани және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік жобаларды ұйымдастыру және үйлестіру;
мүдделі мемлекеттік органдармен жастардың адамгершілік-рухани дамуы, отбасылық саясаты саласында өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы операторға ведомстволардың құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік гранттар беру;
мемлекеттік жастар саясатын іске асыру;
мемлекеттік жастар саясаты саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
отбасы мәселелері бойынша республикалық және халықаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиямен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
отбасылық саясат мәселелері бойынша орталық, жергілікті атқарушы органдардың және өзге де субъектілердің қызметін үйлестіру;
отбасылық саясат саласындағы нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүзеге асыру;
отбасылық саясат саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру, оның ішінде халықаралық құқықтық құжаттар ережелерінің сақталуын, сондай-ақ Қазақстан Республикасында отбасы мәселелері бойынша халықаралық жобаларды іске асыру мониторингін қамтамасыз ету;
үкіметтік емес ұйымдармен, отбасылармен жұмысты жүзеге асыратын дағдарыс орталықтарымен, олар өткізетін іс-шараларға тұрақты қатысуды қоса алғанда, өзара іс-қимыл жасау;
отбасы мәселелері бойынша брифингтер мен өзге де көпшілік іс-шаралар дайындау;
отбасылық саясаты саласындағы үрдістерді жүйелі талдау;
өңірлік деңгейде әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі өңірлік комиссиялардың қызметін үйлестіру;
құзыреті шегінде медиацияны, қайырымдылықты дамытуға және үйлестіруге қолдау көрсету;
мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен құжаттарды түсіндіру және ілгерілету бойынша ақпараттық-насихаттау іс-шараларын ұйымдастыру және жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерімен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
17. Құқықтары мен міндеттері:
өз құзыреті шегінде орындалуы міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау;
мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;
Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметіне Министрлік реттейін саладағы қызметті жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
Министрлік жанынан консультативтік-кеңесші органдар құру;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалған тәртіппен, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдардың бірлескен актілері негізінде олармен келісім бойынша басқа мемлекеттік органдармен, коммерциялық емес және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
3-тарау. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қызметін ұйымдастыру
18. Министрлікке басшылықты Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
19. Министрліктің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
20. Министрліктің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
21. Министрліктің бірінші басшысының өкілеттігі:
Министрлік реттейтін салалардағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлейді;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді қамтамасыз етеді;
ведомстволардың өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау құзыреті мен тәртібін айқындайды;
Министрлік жанынан сараптамалық кеңестер мен өзге де консультативтік-кеңесші органдар құрады;
Министрліктің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды;
Қазақстан Республикасының Парламентінде, мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Министрліктің мүддесін білдіреді;
Министрліктің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын бекітеді;
Министрліктің жұмыс регламентін бекітеді;
Министрлікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапты болады;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Министрліктің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
22. Бірінші басшы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз орынбасарларының өкілеттіктерін айқындайды.
23. Министрліктің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын жауапты хатшы басқарады.
4-тарау. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің мүлкі
24. Министрліктің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.
Министрліктің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
25. Министрлікке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Министрліктің өзіне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi дербес иелiктен шығаруға немесе өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігін қайта ұйымдастыру және тарату
27. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 23.04.2019 № 225; 25.04.2019 № 226; 19.06.2019 № 414 қаулыларымен.
"Хабар" агенттігі" акционерлік қоғамы;
"Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы" акционерлік қоғамы;
"Егемен Қазақстан" республикалық газеті" акционерлік қоғамы;
"Казахстанская правда" республикалық газеті" акционерлік қоғамы;
"Казконтент" акционерлік қоғамы;
"Отандастар қоры" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
"Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
"Қазмедиаорталығы" басқарушы компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
"Қазақ газеттері" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
"Қазақпарат" халықаралық ақпараттық агенттігі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
"Рухани жаңғыру" қазақстандық қоғамдық даму институты" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі "Мемлекеттік радиожиілік қызметі" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі
Ескерту. Тізбенің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 25.04.2019 № 226 қаулысымен.
Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 25.04.2019 № 226 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің "Орталық коммуникация қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесі.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің "Дінтану сараптамасы орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі.
Қазақстан Республикасы | |
Үкіметінің | |
2019 жылғы 26 наурыздағы | |
№ 142 қаулысымен | |
бекітілген |
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереже 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) қорғаныс, аэроғарыш өнеркәсібі және электрондық өнеркәсіп, ақпараттандыру, жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және дамыту, бірыңғай әскери-техникалық саясатты жүргізуге қатысу, әскери-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыру салаларында басшылықты, қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау, байланыс, ақпараттандыру, "электрондық үкімет", мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты дамыту салаларында (бұдан әрi – реттелетiн салалар) басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Министрліктің мынадай ведомстволары бар:
1) "Аэроғарыш комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі;
2) "Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі;
3) "Ақпараттық қауіпсіздік комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі;
4) "Телекоммуникациялар комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
3. Министрлік өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Министрлік мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары бар.
5. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
6. Егер заңнамаға сәйкес Министрлікке осындай уәкiлеттiк берілген болса, ол мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Министрлік өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Министрлік басшысының бұйрығымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Министрліктің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Министрліктің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есiл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, № 8 үй, "Министрліктер үйі" ғимараты, 2-кіреберіс.
10. Министрліктің толық атауы – "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі" мемлекеттiк мекемесi.
11. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.
12. Министрліктің қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
13. Министрліктің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында Министрлікке кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Министрлікке заңнамалық актiлермен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджеттің кiрiсiне жiберiледi.
2-тарау. Министрлiктің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. Министрліктің миссиясы:
реттелетін салаларда тиімді мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен жүргізу, сондай-ақ бәсекеге қабілетті қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібін дамыту және ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті, жұмылдыру даярлығы мен жұмылдыруды қамтамасыз ету, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды қалыптастыру және дамуын қамтамасыз ету, байланыс қызметтері нарығының тиімді жұмыс істеуі.
15. Міндеттері:
1) қорғаныс, аэроғарыш өнеркәсібі және электрондық өнеркәсіп, ақпараттандыру саласында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру, байланыс, ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету, электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және дамыту;
2) Министрліктің құзыретiне жатқызылған қызмет саласында басшылықты жүзеге асыру және мемлекеттiк органдарды салааралық үйлестiру;
3) реттелетiн салалардағы мемлекеттiк басқару және мемлекеттік бақылау;
4) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылауды қамтамасыз ету;
5) қорғаныстық-өнеркәсіптік кешеннің тиімді жүйесін құру;
6) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарын қазіргі заманғы әскери мақсаттағы тауарлармен (өнімдермен), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлармен (өнімдермен), әскери мақсаттағы жұмыстармен және әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету;
7) қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарының ғылыми-технологиялық және өндірістік әлеуетін өнеркәсіптің азаматтық салаларында пайдалану;
8) мемлекетте қорғаныс қабілетін, қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті арттыру және нығайту мүдделерінде қару-жарақтың, әскери және арнайы техниканың қазіргі заманғы түрлерін жасауды қамтамасыз ету;
9) қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарының экспорттық әлеуетін қолдау және одан әрі дамыту;
10) қолданбалы зерттеулерді және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды дамыту және оларды одан әрі коммерцияландыру болып табылады.
11) бірыңғай әскери-техникалық саясатты жүргізуге қатысу және әскери-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
12) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау саласында басшылық ету;
13) Қазақстан Республикасының ғарыш саласын қалыптастыру және дамыту;
14) ғарыштық технологиялар мен көрсетілетін қызметтер нарығын қалыптастыру үшін жағдай жасау;
15) Қазақстан Республикасында ғарыш қызметінің заңнамалық және шарттық-құқықтық базасын құру;
16) өз құзыреті шегінде "Байқоңыр" кешенін Ресей Федерациясының жалға алуы жөніндегі жұмыстарды үйлестіру;
17) пошта және байланыс саласында мемлекеттік бақылауды, үйлестіруді жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында пошта саласындағы қызметті және байланыс саласында қызмет көрсететін немесе оларды қолданатын тұлғалардың қызметін реттеу;
18) ақпараттандыру және "электрондық үкімет" саласындағы басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыру;
19) өз құзыреті шегінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;
20) Қазақстан Республикасының байланыс инфрақұрылымын қалыптастыруды, дамытуды және оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
21) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде ақпараттандыру, байланыс және телекоммуникация салаларында халықаралық ынтымақтастық;
22) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, байланыс және мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру;
23) мемлекеттік басқарудың тиісті саласында (аясына) басшылықты жүзеге асыру;
24) өз құзыретi шегiнде Министрлікке жүктелген өзге де мiндеттердi жүзеге асыру.
16. Функциялары:
1) орталық аппараттың функциялары:
реттелетiн салаларда мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды және iске асыруды қамтамасыз ету;
стратегиялық, реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру;
реттелетiн салалардағы біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен келісу және қабылдау;
реттелетiн салалардағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, тексеру парақтарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын әзірлеу және бекіту;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыру;
өз құзыреті шегінде реттелетін салаларда нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу, келісу және бекіту;
реттелетiн салаларда салааралық үйлестiрудi жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес соттарға талап-арыздар беру;
құзыреті шегінде жеке кәсiпкерлік мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлердің, заң жобалары тұжырымдамасының жобаларына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының жобаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарға сараптама жүргізуге қатысуға үміткер жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеуді жүзеге асыру;
сарапшылық кеңес құру;
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес сарапшылық кеңес қызметі туралы ережені және оның құрамын бекіту;
мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерін бекіту;
реттелетін салаларда шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының (кіші комитеттердің, жұмыс топтарының) қазақстандық бөлігін жүргізу;
реттелетін салаларда кадрлар қажеттілігін айқындау;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша мемлекеттік акциялар пакетіне (жарғылық капиталдағы қатысу үлестеріне) иелік ету және пайдалану құқығын, сондай-ақ республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерге қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті органның функцияларын жүзеге асыру;
Министрлікте мемлекеттік құпиялардың және таратылуы шектелген қызметтік ақпараттың қорғалуын қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялануға жататын қызметтiң жекелеген түрлерiн лицензиялауды жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының жұмылдыру жоспарын және тиісті кезеңге арналған тауарларды өндіру, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету жоспарын мемлекеттік органдардың қатысуымен әзірлеу, мемлекеттік органдардың, облыстар, республикалық маңызы бар қала және астана әкімдіктерінің жұмылдыру жоспарларын келісу;
мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау номенклатурасы мен көлемі жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыруға қатысу;
мемлекеттік органдардың жұмылдыру даярлығы саласындағы қызметін үйлестіру;
жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру саласында зерттеулерді ұйымдастыру;
жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру саласында әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
жұмылдыру органдары мамандарының біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
жұмылдыру тапсырыстары бар ұйымдар банкрот болған, қайта ұйымдастырылған, таратылған, олардың жұмыс бейіні өзгерген кезде мемлекеттік органдардың ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне белгіленген жұмылдыру тапсырыстарын алып тастау және беру туралы ұсыныстар енгізу;
Қазақстан Республикасында жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру қағидалары мен Қазақстан Республикасының Үкіметіне жыл сайынғы баяндамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығын бағалауды жүзеге асыру;
әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқулар өткізу;
мемлекеттік органдар мен ұйымдардың әскери міндеттілерді брондау бойынша жұмысын үйлестіру;
бірыңғай әскери-техникалық саясатты және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізуге қатысу;
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерімен, басқа да әскерлермен және әскери құралымдармен, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы өзара іс-қимылды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
мемлекетте қорғаныс мұқтаждарын, қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті, қару-жарақтың, әскери, автомобиль және арнайы техниканың, техникалық және арнайы құралдардың қажетті түрлерімен қамтамасыз етуді ағымдағы және перспективалы жоспарлауды ұйымдастыруда қатысу;
әскери-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
орталық атқарушы органдармен, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдармен, олардың ведомстволарымен әскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы өзара іс-қимылды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі мен ақпараттық қауіпсіздік саласында ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға және басқа да жұмыстарға басшылықты жүзеге асыру, олардың сапасын бақылауды ұйымдастыру;
әскери мақсаттағы технологиялар бойынша жобаларды іске асыруды үйлестіру;
мүдделі орталық атқарушы органдармен, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдармен келісу бойынша мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
мүдделі орталық атқарушы органдармен, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдармен келісу бойынша мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде ғылыми зерттеулердің сараптамасын жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
мүдделі орталық атқарушы органдармен, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдармен келісу бойынша мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде мамандандырылған ғылыми бағыттарды әзірлеу;
мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының бюджетінде көзделген жағдайларды қоспағанда, орындалған ғылыми зерттеулер бойынша есептерді бекіту;
мүдделі орталық атқарушы органдармен, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдармен келісу бойынша тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстардың нәтижелеріне сынақтар жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
ғылыми зерттеулер жүргізуге қатысу;
мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар әзірлеуді ұйымдастыру және оларды іске асыру бойынша басшылықты жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа әскерлер мен әскери құралымдардың мұқтаждары үшін пайдаланылатын әскери ұлттық стандарттарды әзірлеу, келісу, бекіту, тіркеу, есепке алу, өзгерту, қайта қарау, олардың күшін жою және қолданысқа енгізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
әскери ұлттық стандарттарды әзірлеу, келісу, бекіту, өзгерту, олардың күшін жою және есепке алуды жүргізу;
қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау саласындағы басшылықты жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қорғаныстық тапсырысын қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидаларын әзірлеу;
монополияға қарсы органмен келісу бойынша мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде әскери мақсаттағы тауарларға (өнімдерге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімдерге), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу қағидаларын бекіту;
мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидаларына сәйкес мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) отандық өндірушілерінің, әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді отандық берушілерінің тізілімін қалыптастыру, бекіту және жүргізу;
мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының бюджетінде көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушыны таңдауды жүзеге асыру;
мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты әзірлеу және қалыптастыру, оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсыну және бекітілген мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың тапсырмаларын мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушыларға жеткізу;
мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының бюджетінде көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушымен мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға шарт жасасу;
мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының бюджетінде көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қаржыландыруды жүзеге асыру;
мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде бюджет қаражаты уәкілетті органның бюджетінде көзделген болса, шарт сомасының үнемделуі орын алған, ол азайтылған не ұлғайтылған, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарттың мерзімі ұзартылған кезде жоспарлы кезеңге бөлінген шектерде мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде бюджет қаражатын қайта бөлу туралы шешім қабылдау;
мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының бюджетінде көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушыларды әскери мақсаттағы тауарлармен (өнімдермен) және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлармен (өнімдермен) қамтамасыз ету;
мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде сатып алынатын әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының мемлекеттік мекемелеріне бөлу және олардың тактикалық-техникалық тапсырмаға (техникалық өзіндік ерекшелікке, тактикалық-техникалық сипаттамаларға) сәйкестігін қамтамасыз ету;
қорғаныстық-өнеркәсіптік әлеуетті дамыту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу;
қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарына мемлекеттік қолдау шараларын беру шешімдерін қабылдау және тәртібін айқындау;
мемлекеттік білім беру тапсырысына қосу үшін қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдары жүргізетін білікті кадр ресурстарына ағымдағы және перспективалы қажеттіліктер мониторингін ескере отырып, қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен үшін мамандар даярлау талап етілетін мамандықтардың тізбесін айқындау жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыру;
мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымдарды сертификаттау және оларға сертификат беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымдарға қойылатын сертификаттау талаптарын әзірлеу және бекіту;
қару-жарақ пен әскери техниканың айналымы қағидаларын әзірлеу;
қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалануға құқығы бар субъектілердің тізбесін әзірлеу;
қару-жарақ пен әскери техниканың айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
пайдаланылмайтын мүлікті беру, өткізу, құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу, сондай-ақ пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларын әзірлеу;
Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен пайдаланылмайтын мүлікке билік ету және пайдаланылмайтын мүлікті беру, өткізу және құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу және пайдаланылмайтын мүлікті жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына мүліктік салым ретінде не акционерлік қоғамдардың акцияларын сатып алу төлеміне беру туралы шешімдер қабылдау;
мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың орындалуын салааралық үйлестіруді және бақылауды жүзеге асыру;
ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеу және ғарышкерлікке кандидат, ғарышкер мәртебесін беру тәртібін бекіту;
қызметтiк мiндеттерiн атқару кезінде алған жарақатының, мертігуінің, ауруының салдарынан болған мүгедектік белгіленген кезде, сондай-ақ қызметтік міндеттерін атқаруға байланысты қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда ғарышкерлікке кандидатқа, ғарышкерге бiржолғы өтемақы төлеу тәртібін айқындау;
ғарыш объектiлерiн және оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу тәртiбiн бекіту;
Қазақстан Республикасының ғарышкерлер жасағы туралы ережені бекіту;
жеке және (немесе) заңды тұлғаларға ғарыш аппараттары транспондерлерін ұсыну тәртібін бекіту;
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, Жердi қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесі ұлттық операторының ғарыш түсірілімдерін жоспарлау, Жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау деректерін алу, өңдеу және тарату тәртiбiн айқындау;
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, дәлдiгi жоғары спутниктiк навигация жүйесi ұлттық операторының спутниктiк навигациялық қызметтердi ұйымдастыру және ұсыну тәртiбiн айқындау;
ғарыш жүйелерінің ұлттық операторларын Қазақстан Республикасы Үкіметінің айқындауы үшін ұсыну;
ғарыш инфрақұрылымы объектілерін жасау, пайдалану және дамыту шығындарының есептелу әдістемесін бекіту;
Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ ғарыш кеңістігінде ғарыш жүйелерін құру және пайдалану (қолдану) қағидаларын, Қазақстан Республикасының аумағында ғарыш зымыран кешендерін құру және пайдалану (қолдану) қағидаларын бекіту;
мүдделі мемлекеттік органдармен келісу бойынша Қазақстан Республикасында жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерінің күзет аймақтарын белгілеу тәртібін бекіту;
пайдаланудан шығарылған ғарыш объектілері мен техникалық құралдарды кәдеге жарату тәртібін айқындау;
ғарыш қызметі саласындағы аяқталған жобалар бойынша нәтижелерді қабылдау тәртібін бекіту;
ғарыш қызметi саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру және халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерде Қазақстан Республикасының мүддесiн бiлдiру;
ғарыш қызметi саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;
халықаралық стандарттарға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ғарыш кеңістігіне ұшырылатын Қазақстан Республикасының ғарыш объектілерін таңбалау тәртібін айқындау;
ғарыш қызметі саласындағы жобаларға салалық сараптаманы жүзеге асыру тәртібін айқындау;
ғарыш қызметі саласындағы және "Байқоңыр" кешені бойынша халықаралық шарттардан туындайтын Қазақстан Республикасының міндеттемелерін орындауды және құқықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ халықаралық шарттардың басқа да қатысушыларының өз міндеттемелерін орындауын қадағалау;
Ресей Федерациясы "Байқоңыр" ғарыш айлағынан жүзеге асыратын ғарыш аппараттарын ұшыру және зымырандарды сынақтық ұшыру жоспарлары бойынша қорытындыларды әзірлеу, келісу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу;
Қазақстан Республикасы үшін жасалатын ғарыш техникасын өндіруге арналған мемлекеттік тапсырмалардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізу;
ғарыш объектілері тіркелімінің нысанын бекіту;
мемлекеттік материалдық резерв жүйесін басқару;
броннан шығару тәртібімен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнінде шаралар қабылдау үшін азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын шығару туралы шешімін келісу;
броннан шығару тәртібімен төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнінде шаралар қолдану үшін мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын шығару туралы әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі уәкілетті органның шешімін келісу;
шығарылатын материалдық құндылықтарды алушыларды – сауда қызметінің субъектілерін, сауда үстемесінің көлемін, бағасын және мөлшерін көрсете отырып, нарыққа реттеушілік әсер ету үшін мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын шығару қажеттілігі туралы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органның ұсынысын келісу;
мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау нормативтерін бекіту;
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен келісу бойынша мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінің тізбесін бекіту;
мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының орнын ауыстыру туралы шешім қабылдау;
мемлекеттік материалдық резервке материалдық құндылықтарды жеткізуге тапсырысты орналастыру;
ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі құқықтық, әкімшілік және өзге де шараларды әзірлеу, олардың іске асырылуы мен сақталуын бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызметті ведомствоаралық үйлестіру;
"электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызылған ақпараттық жүйелердің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу әдістемесі мен қағидаларын бекіту;
ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісу бойынша "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту;
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың орындалуына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту;
әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде, төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы енгізілген кезде интернет-ресурстарды және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін басқару жөніндегі қызметті үйлестіруді жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы кодексінде белгіленген тәртіппен хаттамалар толтыру, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстерді қарау және әкімшілік жаза қолдану;
домендік атаулардың әкімшісін және тіркеуішін айқындау, интернеттің қазақстандық сегментiнiң кеңістігінде домендiк атауларды тiркеу, пайдалану және бөлу қағидаларын бекiту;
электрондық ақпараттық ресурстарды сақтаудың бірыңғай ұлттық резервтік платформасын құру және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету қағидаларын, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің электрондық ақпараттық ресурстарын резервтік көшірудің кезеңділігін бекіту;
қорғау бейіндерін және қорғау бейіндерін әзірлеу әдістемесін бекіту;
ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жедел орталықтары мен Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығы арасында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті ақпарат алмасу қағидаларын бекіту;
электрондық өнеркәсіптің және бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын, сондай-ақ электрондық өнеркәсіптің және бағдарламалық қамтылымның өнімін электрондық өнеркәсіптің және бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізіліміне енгізу өлшемшарттарын бекіту;
электрондық ақпараттық ресурстардың резервтік көшірмелерін электрондық ақпараттық ресурстарды резервтік сақтаудың бірыңғай платформасына беру тәртібін және мерзімдерін бекіту;
ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйелерінің болуы туралы, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптардың сақталуы туралы мәліметтерді банктердің Қазақстан Республикасының Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығына ұсыну қағидалары мен мерзімдерін келісу;
өз құзыреті шегінде ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi іс-шараларды жоспарлау және өткiзу бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметiне басшылық жасау;
Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерiн құқықтық реттеу жөнiнде ұсыныстар, оның ішінде тиiстi шешiмдердiң жобаларын енгiзу;
ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер талаптарының орындалмағаны үшін мемлекеттік органдар мен ұйымдар басшыларының жауапкершілігі туралы ұсыныстар енгізу;
байланыс желілерін салу, пайдалану және дамыту мәселелері жөнінде шешімдер қабылдау кезінде жеке және заңды тұлғалардың ұлттық қауіпсіздікті сақтау талаптарын бекіту;
Қазақстан Республикасы радио қызметтері арасында барлық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдарға арналған 3 кГц-тен 400 ГГц-ке дейінгі жиіліктер ауқымында жиіліктер белдеуін бөлу кестесін бекіту;
күзетілетiн аймақтарды белгiлеу тәртiбі мен олардағы жұмыс режимiн қоса алғанда, Қазақстан Республикасындағы телекоммуникация желiлерiн күзету қағидаларын бекiту;
жиiлiктер белдеулерiн, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарын) иелiкке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттiк үйлесiмдiлiгiн есептеудi жүргiзу қағидаларын қабылдау;
трафиктi өткiзу және өзара есеп айырысу тәртiбiн қоса алғанда, телекоммуникация желiлерiнің қосылу және өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту;
өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерін, оның iшiнде радиоэлектрондық құралдарды, жоғары жиiлiктi құрылғыларды пайдалану, оларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу қағидаларын және байланыс қызметтерiн көрсету қағидаларын әзірлеу және қабылдау;
радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектрондық құралдарын пайдалану қағидаларын бекіту;
байланыс саласындағы техникалық регламенттерді бекіту;
нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді беру, сондай-ақ оларды алып қою тәртібін айқындау;
ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерінің басым байланыс операторлары үшін телекоммуникацияның басқа желiлерiн қосу қызметтерiн көрсетудiң, сондай-ақ желiлердiң өзара іс-қимылы және трафиктi өткiзу бойынша осыған байланысты мiндеттемелердің талаптарын айқындайтын қосылу шартының үлгі нысанын бекіту;
радиоэлектрондық құралды немесе жоғары жиiлiктi құрылғыны пайдалануға арналған рұқсатты алып қою тәртiбiн белгілеу;
мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг қорытындысын ескере отырып, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру жөнінде шаралар қабылдау;
телекоммуникация желілері мен құралдарының техникалық үйлесімділігін қамтамасыз ететін нормаларды, байланыс қызметтерінің сапа көрсеткіштерін, тарифтеу бірліктері мөлшерлерін бекіту;
Қазақстан Республикасының байланыс әкімшілігі ретінде өз құзыреті шегінде халықаралық байланыс одақтары мен ұйымдарында Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру және қорғау;
телекоммуникация желілері мен құралдары бүлінген кезде келтірілген шығындарды анықтау тәртібін айқындау;
пошта байланысының қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту;
Халықаралық электр байланысы одағының радиобайланыс регламентіне сәйкес Қазақстан Республикасының Радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының ұсынымдары негізінде радиожиілік спектрін перспективалы пайдалану жоспарларын бекіту;
ауылдық елді мекендерде көрсетілетін, субсидияланатын байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтеріне бағалардың шекті деңгейін реттеу тәртібін айқындау;
Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан және Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған өкiлеттiктер шегiнде әрекет ету, басқа мемлекеттермен, халықаралық одақтармен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл кезiнде Қазақстанның пошта байланысы саласындағы мүдделерiн бiлдiру және қорғау;
арнаулы пошта байланысы қызметі қызметкерлерінің нысанды киімінің және Ұлттық пошта операторы жұмыскерлерінің нысанды киімінің (погонсыз) үлгілерін, оны киіп жүру қағидаларын, онымен қамтамасыз ету нормаларын бекіту;
радиожиілік спектрін жоспарлау және тиімді пайдалану;
адресаттардың абонементтік жәшiгін пайдалану тәртібін айқындау;
Ұлттық пошта операторын айқындау;
пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін және филателиялық өнімді шығару, өткізу қағидаларын бекіту;
Қазақстан Республикасында пошта индекстерін беру жөніндегі қағидаларды бекіту;
өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасында пошта қызметін жетілдіруге және дамытуға бағытталған пошта саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту және олардың іске асырылуын ұйымдастыру;
ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісу бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу мақсатында пошта байланысы желілері мен құралдарына қойылатын талаптарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының пошта желілерінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізудің аппараттық-бағдарламалық және техникалық құралдарын енгізу және пайдалану кезіндегі өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту;
операторды тағайындау және тағайындалған оператордың өкілеттіктерін кері қайтарып алу қағидаларын бекіту;
операторды тағайындау және тағайындалған оператордың өкілеттіктерін кері қайтарып алу;
пошта операторларының атаулы құрылғыларды қолдану қағидаларын бекіту;
электрондық абоненттік пошта жәшіктерінің бірыңғай жүйесінің жұмыс істеуі және электрондық абоненттік пошта жәшіктерінің бірыңғай жүйесінде пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушыларды авторландыру қағидаларын бекіту;
абоненттік пошта жәшіктерін орналастыру, күтіп-ұстау және олардың техникалық сипаттамалары жөніндегі талаптарды бекіту;
пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерінің сапа көрсеткіштерін бекіту;
пошта операторларының қызметтер көрсетуіне қажетті және жеткілікті, пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушылардың дербес деректерінің бірыңғай тізбесін бекіту;
пошта төлемінің мемлекеттік белгілеріне қойылатын талаптарды Дүниежүзілік пошта одағының актілеріне сәйкес айқындау;
телекоммуникацияның әмбебап көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді қайта теңгерімдеу жоспарын бекіту;
Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары болып табылатын куәландырушы орталықтарды аккредиттеу;
байланыс қызметтері сапасының техникалық өлшемдерін өлшеу әдістемелерін бекіту;
байланыс саласындағы ұлттық ресурстарды басқару;
телекоммуникациялар желілерінде мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасасу қағидаларын бекіту;
ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру қағидаларын және ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру қызметтерін енгізу күнін бекіту;
шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін қоспағанда, кәбілді арнаны мүліктік жалдауға (жалға) немесе пайдалануға беру қағидаларын бекіту;
ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу қағидаларын бекіту;
қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторы телекоммуникацияларының желілеріне қойылатын талаптарды бекіту;
Қазақстан Республикасының байланысын дамыту мен жетілдірудің негізгі бағыттары мен басымдықтарын іске асыру, оның сапасын, қолжетімділігін және жұмыс істеуінің орнықтылығын арттыру және ұсыныстар әзірлеуді ұйымдастыру;
субсидиялау мөлшерін есептеуді және уәкілетті органның байланыс операторларына әмбебап қызметтер көрсету жөніндегі міндетті жүктеу тәртібін қоса алғанда, әмбебап қызмет көрсету операторларын айқындау жөніндегі конкурсты өткізу қағидаларын, байланыс операторларына қойылатын байланыстың әмбебап қызметтерін көрсету жөніндегі талаптарды және байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтерінің тізбесін әзірлеу;
байланыс саласындағы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісу, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдарымен бірлесіп байланыс операторларының байланыс саласындағы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту;
табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту;
реттеліп көрсетілетін қызметтерді берудің үлгілік шарттарын бекіту;
реттеліп көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту;
телекоммуникациялар және пошта байланысы секторында бекітілген байланыстың көрсетілетін қызметтерінің ең аз тізбесін әзірлеу;
Ұлттық пошта операторының ұсынысы бойынша пошта төлемiнiң мемлекеттiк белгiлерiнiң түрлерi мен шығарылу көлемiн бекiту;
байланыс саласындағы қатынастарды реттеу мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
радиоэлектрондық құралдарды, жоғары жиiлiктi құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу қағидаларын және байланыс қызметтерiн көрсету қағидаларын әзiрлеу;
байланыс саласындағы ұлттық ресурстарды тарату және пайдалану, сондай-ақ өз құзыреті шегінде байланыс саласында техникалық реттеу және метрология аясында қатысу және оның іске асырылуын қамтамасыз ету;
бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік "112" қызметіне қоңырау шалушы абоненттің орналасқан жерін анықтау және әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қатері төнген немесе туындаған және қатері жойылған, төтенше жағдай енгізілген кезде қорғаныс, қауіпсіздік және құқық тәртібі мүддесінде халықтың ұялы байланыс телефондарына қысқа мәтіндік хабарлар жіберу жөнінде байланыс операторларының желілерін пайдалану тәртібін белгілеу;
байланыс қызметтері нарығының жұмыс істеуі үшін өз құзыреті шегінде жағдайлар жасау;
телекоммуникация желілерін ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісіне қосу және Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі бойынша трафикті өткізуді реттеу ережелерін бекіту;
телекоммуникация және пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері саласындағы нарық субъектілерінің тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) және инфрақұрылымға кемсітушіліксіз қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында тауар нарықтарына талдау жүргізу;
пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін қоспағанда, пошта операторының пошта төлемі белгілерін келісу, оны пайдалану тәртібін және пошта операторының пошта төлемі белгілеріне қойылатын талаптарды айқындау;
пошта төлемi белгiлерiнiң мемлекеттiк коллекциясын қалыптастыру;
пошта төлемiнiң мемлекеттiк белгілерiн айналымға енгізуді жүзеге асыру;
пошта саласындағы қызметті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;
филателиялық өнім ретінде пайдалану мақсатында пошта төлемінің мемлекеттік белгісін пошта айналымынан алуды жүзеге асыру;
әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қатері төнген немесе туындаған, сондай-ақ төтенше жағдай енгізілген кезде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбе бойынша, үкiметтiк байланысты, шұғыл қызметтердің байланыс желілері мен құралдарын қоспағанда, байланыс желiлерi мен құралдарын басымдықпен пайдалануға, сондай-ақ олардың қызметiн тоқтата тұруға құқығы бар мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, байланыс желілерін басқару;
іс-әрекеттерi (немесе әрекетсiздiгi) Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерінiң бұзылуына, ұлттық қауiпсiздiгiне қауіп төнуіне әкеп соғатын лауазымды адамдарды, мемлекеттiк қызметшiлердi тиiсті жауаптылыққа тарту;
электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба мәселелері жөнінде мемлекеттік органдар мен ұйымдарға практикалық және әдістемелік көмек көрсету;
мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде) және лицензиялық бағдарламалық қамтылымының баптау кешенін есепке алуды және сақтауды ұйымдастыру;
Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығының, мемлекеттік органдардың куәландырушы орталығының және Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беру, сақтау, кері қайтарып алу және электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігі мен жарамдылығын растау қағидаларын бекіту;
Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапының электрондық цифрлық қолтаңбасының төлнұсқалығын растау қағидаларын бекіту;
Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығының, Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығының және Қазақстан Республикасы сенім білдірілген үшінші тарапының қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығын, мемлекеттік органдардың куәландырушы орталығын, Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығын және Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапын қоспағанда, куәландырушы орталықтың тіркеу куәліктерін беру, сақтау, кері қайтарып алу және электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігі мен жарамдылығын растау қағидаларын бекіту;
объектілік сәйкестендіргіштердің қазақстандық сегментіндегі объектілік сәйкестендіргіштерді тіркеу, қайта тіркеу және олардың күшін жою қағидаларын бекіту;
шет мемлекеттердің куәландырушы орталықтарының, сенім білдірілген үшінші тараптарының Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапымен өзара іс-қимылын тіркеу және тоқтату қағидаларын бекіту;
электрондық цифрлық қолтаңбаның төлнұсқалығын тексеру қағидаларын бекіту;
куәландырушы орталықтарды аккредиттеуді жүргізу қағидаларын бекіту;
мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құруға, дамытуға және қолдап отыруға арналған шығындарды есептеу әдістемесі мен олардың нормативтерін бекіту;
ақпараттық жүйелердің аудитін жүргізу қағидаларын бекіту;
мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі ақпараттық жүйесінің ақпараттық жүйелермен ақпараттық өзара іс-қимылы қағидаларын бекіту;
куәландырушы орталықтың үлгілік ережесін бекіту;
ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларын бекіту;
операторға бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін бекіту;
операторға бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту;
"электрондық үкіметтің" архитектурасын дамыту жөніндегі талаптарды бекіту;
ақпараттандыру объектілерін сыныптау қағидаларын және ақпараттандыру объектілерінің сыныптауышын бекіту;
"электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларын бекіту;
"электрондық үкіметтің" сыртқы шлюзінің жұмыс істеу қағидаларын және оған қойылатын техникалық талаптарды бекіту;
Қазақстан Республикасының ұлттық шлюзі арқылы мемлекетаралық ақпараттық өзара іс-қимылды жүзеге асыратын ақпараттық жүйелер мен электрондық ақпараттық ресурстардың тізбесін бекіту;
мемлекеттiк органдардың интернет-ресурстарын ақпараттық толықтыру қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту;
мемлекеттік органдардың архитектураларын әзірлеу, іске асырылуын қолдап отыру және дамыту қағидаларын бекіту;
мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша "электрондық әкімдіктің" үлгілік архитектурасын бекіту;
инвестициялық ұсыныстарға, бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемелеріне ақпараттандыру саласындағы сараптаманы жүргізу қағидаларын бекіту;
мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есеп-қисабын жасау, ұсыну және қарау жөніндегі нұсқаулықты бекіту;
бюджетті жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік органдар үшін ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің құнын есептеу әдістемесін бекіту;
қызметтер көрсету мен олардың құнын айқындау тәртібін қоса алғанда, "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркі қызметінің қағидаларын әзірлеу және бекіту;
"Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркінің қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ұсынылатын "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркі тартқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын, олардың құрамы мен мерзімділігін бекіту;
мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану жөніндегі қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесін әзірлеу және бекіту;
электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалауды жүргізу;
мемлекеттік органдар ашық деректердің интернет-порталына орналастыратын электрондық ақпараттық ресурстарды ашық деректерге жатқызу өлшемшарттарын, сондай-ақ оларды беру тәртібі мен форматын бекіту;
ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтер каталогын бекіту;
мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін тіркеу, "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алу және "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін орналастыру қағидаларын бекіту;
мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде) және лицензиялық бағдарламалық қамтылымының баптау кешенін есепке алу және сақтау қағидаларын бекіту;
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту;
"электрондық үкіметтің" сервистік интеграторы әзірлеген ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметті жобалауға арналған тапсырманы бекіту;
ақпараттандырудың сервистік моделі жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуына мониторингті, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру кезеңінде міндеттемелердің орындалуына мониторингті жүзеге асыру;
ақпараттандырудың сервистік моделі жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қоспағанда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасына, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарға салалық қорытынды беру;
"электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту кезінде көп мәрте пайдалануға жататын стандартты шешімдерді айқындау және пайдалану тәртібін бекіту;
мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін және сервистік бағдарламалық өнімдерді құру немесе дамыту кезінде стандартты шешімдер ретінде көп рет пайдалануға жататын ақпараттық жүйелердің (немесе олардың бөліктерінің) тізбесін бекіту;
сервистік интегратор қалыптастырған ақпараттандырудың сервистік моделі жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін келісуді жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының Бас прокуроры айқындайтын құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесін пайдалану қағидаларын келісу;
жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдар басшыларына және олардың орынбасарларына бейнеконференцбайланыс немесе бейнеөтініш арқылы жүгіну тәртібін айқындау;
Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу қағидаларын сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстері жөніндегi уәкiлеттi органмен бірлесіп әзірлеу және бекіту;
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде көзделген жағдайларда ақпараттық жүйелерді құруға және дамытуға бағытталған немесе оларды көздейтін есептілікті ұсыну тәртібі мен мерзімдерін және нысандарын, сондай-ақ байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талаптарды айқындау;
"электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құруға немесе дамытуға арналған техникалық тапсырмаларды жасау және қарау қағидаларын бекіту;
ақпараттандыру саласындағы инвестициялар тарту жүйесін және инвестициялық жобаларды әзірлеу мен іске асыруды ынталандыру тетіктерін жетілдіру жөніндегі қызметті жүзеге асыру;
ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасына салалық қорытынды беру;
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамыту үшін жағдайлар жасау;
Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасын жетiлдiру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
мемлекеттік органдардың архитектураларын әзірлеуді үйлестіруді жүзеге асыру;
мемлекеттік органдардың архитектураларын іске асырудың мониторингін жүзеге асыру;
ақпараттандыру саласындағы инвестициялық ұсыныстарға, қаржылық-экономикалық негіздемелеріне қорытынды беру;
ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ұсынған есеп-қисаптарын қарау және қорытынды беру;
"электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырмаларды келісу;
мемлекеттік органдардың архитектура жобаларын келісу;
мемлекеттік органдар архитектураларын іске асыруды сүйемелдеуді ұйымдастыру;
мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін өнеркәсіптік пайдалануға енгізуге қатысу;
мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша ашық бюджеттер интернет-порталында ақпарат орналастыру тәртібін белгілеу;
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен келісу бойынша заң жобалары тұжырымдамаларының жобаларын және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру және жария талқылау тәртібін белгілеу;
жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы электрондық нысанда мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерді алу үшін ұялы байланыс операторы беретін абоненттің абоненттік нөмірін тіркеу және оны "электрондық үкіметтің" веб-порталының есептік жазбасына қосу қағидаларын бекіту;
"электрондық үкіметтің" веб-порталы және жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы көрсетілетін электрондық нысандағы мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтер тізбесін бекіту;
көрсетілетін қызметті алушыны сәйкестендіру тәсілін айқындау үшін электрондық нысандағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді сыныптау қағидаларын бекіту;
жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы алынған, электрондық нысандағы мемлекеттік және өзге де қызметтер көрсету нәтижелерінің міндетті деректемелерін, сондай-ақ олардың анықтығын тексеру тәртібін бекіту;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау әдістемесін келісу;
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы қызметінің қағидаларын әзірлеу және бекіту;
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілуге тиіс мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді іріктеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу және жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органмен және монополияға қарсы органмен келісу бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу және ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) олардың құрамдастарын мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілеу;
монополияға қарсы органмен және жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу органдарымен (тiркеушi органдар) келісу бойынша міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу, жылжымалы мүлік кепілінің тізілімінен үзінді көшірме беру түрінде ақпараттық қызмет көрсету, өтініш берушінің кінәсінен жіберілген тіркеу құжаттарындағы қателерді түзету жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілеу;
жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен және монополияға қарсы органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер кадастрын жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілеу;
жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен және монополияға қарсы органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер кадастрын жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілеу;
қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органмен және монополияға қарсы органмен келісу бойынша міндетті әлеуметтік сақтандыру саласында "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілеу;
қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органмен және монополияға қарсы органмен келісу бойынша бірыңғай жиынтық төлем шеңберінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілеу;
қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органмен және монополияға қарсы органмен келісу бойынша бірыңғай жинақталған төлем шеңберінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілеу;
мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау интернет-порталында ақпарат орналастыру тәртібін белгілеу;
жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен және жергілікті атқарушы органмен келісу бойынша елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициентiн (К айм.) белгілеу;
аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесін әзірлеу және бекіту;
салық органдарына жеке тұлғалардың салық салу объектілерінің – тұрғынжайлардың және саяжай құрылыстарының (оның ішінде жаңадан тұрғызылған); тұрғынжайдың салқын жапсаржайының, шаруашылық (қызметтік) құрылысының, іргеқабатының, жертөлесінің, гараждың құнын айқындауға негіз болатын мәліметтерді ұсыну;
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы көрсететін қызметтерге баға белгілеу тәртібін айқындау;
балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау мен төлеу жөніндегі ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді сәйкес келтіру тәртібін және мерзімдерді айқындау;
оңтайландыруға және автоматтандыруға жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізбесін және оларды электрондық нысанға ауыстыру мерзімдерін әзірлеу және бекіту;
Бірыңғай байланыс-орталығы қызметінің қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Бірыңғай байланыс-орталығының орталық мемлекеттік органдармен, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерімен, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту;
автоматтандырылуға жататын және жатпайтын рұқсаттар тізбесін бекіту туралы рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен бірлескен бұйрықты бекіту;
рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
бір өтініш негізінде электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесін әзірлеу және бекіту;
мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің электрондық нысанда көзделген және (немесе) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын келісуді жүзеге асыру;
электрондық нысанда көзделген және (немесе) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қызметін тексеруді жүзеге асыру;
қызмет көрсетушінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет сатысы туралы деректерді мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізу тәртібін белгілеу;
рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу қағидаларын рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен әзірлеу, бекіту және келісу;
"электрондық үкіметтің" архитектуралық порталында "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алуды және "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін орналастыруды ұйымдастыру;
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қызметін ұйымдастыруды және бақылауды жүзеге асыру;
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қызметін және олардың қызмет көрсетушілермен өзара іс-қимылын үйлестіру;
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қызметін әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
Бірыңғай байланыс орталығының жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру;
электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын бағалауды жүргізу;
мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлеу;
мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізілімін әзірлеу мен жүргізуді жүзеге асыру;
мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын келісуді жүзеге асыру;
орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары және (немесе) регламенттерін әзірлеу жөніндегі қызметінің мониторингін жүргізу;
мемлекеттік көрсетілетін қызметтің құнын айқындау әдістемесін әзірлеу және бекіту;
орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебін қалыптастыру тәртібін, ұсыну мерзімі мен үлгілік нысанын әзірлеу және бекіту;
мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
2) ведомстволардың функциялары:
өз құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;
өз құзыретi шегiнде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
ведомствоның құзыреті шегінде реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру және Министрліктің стратегиялық функцияларын орындауға қатысу;
адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша және Министрдің бұйрықтарында бекітілуі бойынша тікелей құзыреті болған кезде нормативтік құқықтық актілерді бекіту;
Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы кодексінде белгіленген тәртіппен хаттамалар толтыру, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстерді қарау және әкімшілік жаза қолдану;
Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң сақталуын қамтамасыз ету;
өз құзыреті шегінде ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi іс-шараларды жоспарлау және өткiзу бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметiне басшылық ету;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялануға жататын қызметтiң жекелеген түрлерiн лицензиялауды жүзеге асыру;
өз құзыретi шегiнде техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттарды әзірлеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен келісу;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша мемлекеттік акциялар пакетіне (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері) иелік ету және пайдалану құқығын, сондай-ақ республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерге қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті органның функцияларын жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының атынан жасалатын Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бойынша міндеттемелерді орындау;
мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерін әзірлеу;
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру парақтарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын әзірлеу;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес соттарға талап-арыздар беру;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыру;
ұлттық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар жүргiзудi қоса алғанда, ғарыш қызметi саласындағы жобалар мен бағдарламаларды iске асыруды қамтамасыз ету;
ғарыш қызметi саласындағы жобаларға салалық сараптаманы жүзеге асыру;
ғарыш объектiлерiн және оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыру;
ғарыш объектiлерiнiң тiркелiмiн жүргiзу;
халықаралық стандарттар мен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ғарыш кеңістігіне ұшырылатын Қазақстан Республикасының ғарыш объектілерін таңбалауды айқындау;
ғарыш инфрақұрылымы объектілерін құруға, пайдалануға және дамытуға арналған шығындарды есептеу әдістемесін әзірлеу;
мүдделі мемлекеттік органдармен келісу бойынша Қазақстан Республикасында жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерінің күзет аймақтарын белгілеу тәртібін әзірлеу;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ғарыш айлағы персоналының, Байқоңыр қаласы тұрғындарының, лауазымды адамдардың, делегациялардың, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің, туристердің, қалаға жеке істері бойынша келетін азаматтардың – Қазақстан Республикасы азаматтарының және Ресей Федерациясы азаматтарының Қазақстан Республикасының қарамағындағы "Байқоңыр" кешенiнiң объектiлерiне кiруiне рұқсат беру туралы шешiм қабылдау;
Ресей Федерациясы жалға алған "Байқоңыр" кешенiндегi объектiлердiң сақталуын және пайдаланылу шарттарын бақылауды жүзеге асыруға қатысу;
ғарыш қызметiн жүзеге асыру кезiнде өз құзыретi шегiнде iздестiру, авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыруға, сондай-ақ аварияларды тергеп-тексеруге қатысу;
ғарыш қызметi саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасы үшiн жасалатын ғарыш техникасы өндiрiсiне арналған мемлекеттiк тапсырмалардың тiзбесi бойынша Министрлікке ұсыныстар енгізу;
Қазақстан Республикасы үшiн жасалатын ғарыш техникасы өндiрiсiне арналған мемлекеттiк тапсырмаларды іске асыруды қамтамасыз ету;
ғарышта орналасқан және қашықтықтан зондтаудың (ғарыш мониторингінің) бақылау құралдарын пайдалана отырып, қоршаған ортаның жай-күйiн бақылау жүйесiнің жұмыс істеуін ұйымдастыру;
су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру, қоршаған ортаны қорғау, тұрғындардың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органдармен бірлесіп су объектілеріне мемлекеттік мониторингті жүзеге асыру;
су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру, қоршаған ортаны қорғау, тұрғындардың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органдармен бірлесіп су объектілеріне мемлекеттік мониторингті жүзеге асыру әдістемесін әзірлеу;
"Байқоңыр" кешенiнiң зымыран-ғарыш қызметiнің әсеріне ұшырайтын аумақтарда қоршаған ортаның жай-күйiн бақылау жүйесiнің жұмыс істеуін ұйымдастыру;
ғарыш қызметіне қазақстандық қатысушылар жүзеге асыратын жағдайда Қазақстан Республикасының аумағынан, сондай-ақ одан тыс жерлерде ғарыш объектілерін ұшыру туралы шешімдерді келісу және қабылдау тәртібін әзірлеу;
Қазақстан Республикасының ғарышкерлер жасағы туралы ереженi әзiрлеу;
1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы "Байқоңыр" кешенiн жалға беру шарты бойынша жұмыстарды үйлестiрудi жүзеге асыру;
ғарышкерлерге үміткерлерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызметті ұйымдастыру және үйлестіру, сондай-ақ ғарыш қызметі саласындағы кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау;
мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен, мемлекеттік материалдық резервтің номенклатурасы мен материалдық құндылықтардың сақталу көлемдері бойынша ұсыныстар әзірлеу және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізу;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде сауда қызметінің субъектілерімен шарттар жасасу арқылы нарыққа реттеушілік әсер ету үшін мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару;
мемлекеттік материалдық резерв жүйесін басқаруды жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен келісу бойынша мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінің тізбесін әзірлеу;
мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізудің тиісті қағидаларын әзірлеу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсыну;
жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын пайдалану қағидаларын әзірлеу;
гуманитарлық көмек көрсету қағидаларын әзірлеу;
жаңарту тәртібімен мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын шығару туралы шешім қабылдау;
мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтауды және жаңартуды ұйымдастыру;
мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын орналастыру, сақтау, толықтыру, орнын ауыстыру, жаңарту және нысаналы пайдалану кезінде нормативтік құқықтық актілер талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;
мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының орнын ауыстыруды қамтамасыз ету;
мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын орналастыруды, сапалық және сандық жағынан сақталуын есепке алуды және бақылауды қамтамасыз ету;
қарызға беру тәртібімен мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын шығару туралы алушылармен шарт (келісімшарт) жасасу;
мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтарымен жасалатын операцияларға қатысушылармен жасалған шарттардан туындайтын талаптар бойынша борыш пен тұрақсыздық айыптарын өндiріп алуды жүзеге асыру;
тиісті мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары мен мамандарын мемлекеттік материалдық резерв саласында түгендеу жүргізуге тарту;
сақтау пункттерінде сақтауда тұрған мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының сақталуына түгендеу жүргізу;
мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау және пайдалану тәртібін бұзуда кінәлі адамдарды жауапкершілікке тарту туралы мәселені шешу үшін тексеру (ревизия) материалдарын құқық қорғау органдарына жіберу;
мұнай өнімдерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мұнай өнімдерін жеткізу жөніндегі бірыңғай оператордан сатып алу;
мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының есебін жүргізу;
мемлекеттік резерв номенклатурасын толықтыру мақсатында жұмылдыру резервінің броннан шығарылған материалдық құндылықтарының орнын ауыстыру туралы шешім қабылдау;
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың орындалуына мониторингті жүзеге асыру;
мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері мен телекоммуникация желілерінің орнықты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін ақпараттық қауіпсіздік қатерлерін анықтау, талдау және болдырмау бөлігінде ақпаратты қорғау құралдарын әзірлеу жөніндегі қызметті үйлестіруді жүзеге асыру;
ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің тізбесін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызу қағидалары мен өлшемшарттарын әзірлеу;
мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін өндірістік пайдалануға енгізуге қатысу;
мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы заңнаманы сақтай отырып, ұлттық қауіпсіздіктің жай-күйі және оны қамтамасыз ету бойынша қабылданатын шаралар туралы халықты хабардар ету, насихаттау және қарсы насихаттау қызметін жүргізу;
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды әзірлеу;
"электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызылған ақпараттық жүйелердің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу әдістемесі мен қағидаларын әзірлеу;
ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке сынақтар нәтижелері бойынша акт беру;
ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісу бойынша "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мониторинг жүргізу қағидаларын әзірлеу;
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың орындалуына мониторинг жүргізу қағидаларын әзірлеу;
ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлігінде ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылық анықталған кезде орындау үшін ұйғарымдар беру;
домендік атаулардың әкімшісін және тіркеуішін айқындау бойынша ұсыныстар дайындау, интернеттің қазақстандық сегментiнiң кеңістігінде домендiк атауларды тiркеу, пайдалану және бөлу қағидаларын әзірлеу;
электрондық ақпараттық ресурстарды сақтаудың бірыңғай ұлттық резервтік платформасын құру және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету қағидаларын, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің электрондық ақпараттық ресурстарын резервтік көшірудің кезеңділігін әзірлеу;
қорғау бейіндерін және қорғау бейіндерін әзірлеу әдістемесін әзірлеу;
ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жедел орталықтары мен Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығы арасында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті ақпарат алмасу қағидаларын әзірлеу;
электрондық өнеркәсіп және бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын, сондай-ақ электрондық өнеркәсіптің және бағдарламалық қамтылымның өнімін электрондық өнеркәсіптің және бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізіліміне енгізу өлшемшарттарын әзірлеу;
электрондық ақпараттық ресурстардың резервтік көшірмелерін электрондық ақпараттық ресурстарды резервтiк сақтаудың бірыңғай платформасына беру тәртібі мен мерзімдерін әзірлеу;
Ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қоюдың дағдарысқа қарсы ұлттық жоспарын әзірлеу;
мемлекеттік техникалық қызмет сараптамаларының негізінде инвестициялық ұсыныстарға және бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемелеріне ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында қорытындылар беру, сондай-ақ мемлекеттік техникалық қызмет сараптамаларының негізінде "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырмалардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сараптама беру;
"электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін өнеркәсіптік пайдалануға енгізуге қатысу;
электрондық ақпараттық ресурстарды алу, көшiрмесін түсіру, тарату, түрлендіру, жою немесе бұғаттау бойынша құқыққа сыйымсыз әрекеттердi болдырмауды қоса алғанда, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қауiпсiз пайдалану мәселелерiнде ақпараттандыру объектілерінің меншiк иелерiне, иеленушілері мен пайдаланушыларына жәрдемдесу;
өз құзыреті шегінде көрсетілетін қызметтері саласындағы табиғи монополиялар салаларында реттеу мен бақылауды жүзеге асыру;
тарифтерді қалыптастыру қағидаларын әзірлеу;
табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;
реттеліп көрсетілетін қызметтерді берудің үлгілік шарттарын әзірлеу;
реттеліп көрсетілетін қызметтердің тізбесін әзірлеу;
шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін қоспағанда, кәбілді арнаны мүліктік жалдауға (жалға) немесе пайдалануға беру қағидаларын әзірлеу;
арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желілерінің объектілерін қоспағанда, байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын және радиожиілік спектрін пайдаланатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің байланыс объектілеріне белгіленген тәртіппен тексерулер жүргізу үшін қызметтік куәлікті көрсету арқылы кіру;
радиожиілік спектрін бөліп беру және пайдалану мәселелері, радиоэлектрондық құралдар мен жоғарғы жиiлiктi құрылғыларды пайдалану жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi өз құзыреті шегінде әзірлеу;
жиiлiктер белдеулерiн, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарын) иелiкке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттiк үйлесiмдiлiгiн есептеудi жүргiзу қағидаларын әзірлеу;
радиожиілік спектрін тиімді пайдалану;
радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектрондық құралдары мен жоғары жиілікті құрылғыларын қоса алғанда, радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды пайдаланудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдау;
Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар және (немесе) жоғары жиiлiктi құрылғылар үшін радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсаттар беру;
радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылар белгіленген стандарттар мен техникалық нормаларға сәйкес келмеген, азаматтардың қауіпсіздігіне, қоршаған ортаға қауіп төндірген жағдайда, сондай-ақ аса маңызды жұмыстар мен іс-шараларды орындаған кезде оларды пайдалануды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтата тұру;
радиоэлектрондық құралдарға, оның ішінде халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің халықаралық шарттарға сәйкес жұмыс істейтін радиоэлектрондық құралдарына радиобөгеуілдерді жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;
азаматтық мақсаттағы иелікке берілген радиожиiлiктер белдеулерiнің электрондық дерекқорын жүргізу;
нөмірлеудің бөлінген және резервтік ресурстарының тізілімін жүргізу;
жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беруді жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасындағы электромагниттік жағдайды көрсететін радиожиілік спектрінің республикалық дерекқорын жүргізу;
импорттан өзгеше жағдайларда, азаматтық мақсаттағы, оның ішінде басқа тауарлардың құрамына кіріктірілген не кіретін радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге қорытындылар беру;
азаматтық мақсаттағы, оның ішінде ішіне орнатылған не басқа тауарлардың құрамына кіретін радиоэлектронды құралдардың және жоғары жиілікті құрылғылардың импортына лицензиялар беру;
ұлттық ресурстардың және байланыс операторларының тізілімін жүргізу;
азаматтық пайдаланушыларға жиіліктер белдеуін, радиожиілікті (радиожиілік арнасын) бөлу, иелікке беру (тағайындау), шақыру сигналын иелікке беруді қоса алғанда, кеме станциясына рұқсаттар беру;
радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды пайдаланудың басталғаны туралы хабарлама болмаған және (немесе) техникалық сипаттамалары белгіленген нормаларға сәйкес келмеген жағдайда, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды өшіру;
бөлінетін жиілік белдеулерінің, радиожиіліктердің (радиожиілік арналарын) техникалық сараптамасы жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
радиобақылауды жүзеге асыру және байланыс саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың радиожиiлiк спектрiн пайдалануына және байланыс операторларының байланыс саласында қызмет көрсетуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын біліктілік талаптарын және байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын сақтауына тексеру жүргiзу;
байланыс саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының бұзылғаны анықталған кезде нұсқамалар жіберу;
байланыс операторлары көрсететін байланыс қызметтерінің сапасын бақылауды жүзеге асыру;
Халықаралық электр байланыс одағының радиобайланыс регламентіне сәйкес радиожиіліктерді халықаралық үйлестіру жөніндегі іс-шараларды орындау;
азаматтық мақсаттағы радиожиiлiк спектрі, радиоэлектрондық құралдар және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылар мониторингін жүргізу;
радиожиілік спектрін пайдалануды реттеу;
байланыс саласындағы мемлекеттік монополия субъектілері өндіретін және өткізетін көрсетілетін қызметтерге бағаларды реттеу;
ауылдық елді мекендерде көрсетілетін, субсидияланатын байланыстың әмбебап қызметтеріне бағалардың шекті деңгейін реттеу;
Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының мұқтаждықтары үшін техникалық құралдарды орналастыруға қажетті байланыс желілері мен арналарын, кәбілдік кәріздердегі арналар мен алаңдарды беру бағаларын (тарифтерін) реттеу;
телекоммуникация желілерінде балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Ұлттық пошта операторының пошта байланысы қызметтерін жүзеге асыруы кезінде оның Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша белгілеу;
электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласында Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасын сақтау тұрғысынан мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарын бұзушылық анықталған кезде ұйғарым беру;
мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану жөніндегі қызметінің тиімділігін бағалау;
ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған кезде ұйғарымдар беру;
ақпараттандыру саласындағы стандарттау және сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарға қатысу;
"Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген рұқсаттарды беру;
Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде және Қазақстан Республикасы Министрінің бұйрықтарында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
17. Министрліктің құқықтары мен міндеттері:
1) өз құзыретi шегiнде орындауға мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдайды;
2) заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажеттi ақпарат пен материалдарды сұратады және алады;
3) Қазақстан Республикасының Президентіне және Үкіметіне Министрлік реттейтін салалардағы қызметті жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді;
4) сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу жөніндегі органды тексеру нәтижелері бойынша оны мәртебесінен айыру туралы ұсыныспен Қазақстан Республикасының Үкіметіне жүгінеді;
5) халықаралық шарттарды (келісімдерді) жасасу бойынша ұсыныстар енгізеді, шет елдердің тиісті ведомстволарымен, халықаралық ұйымдарымен және шетелдік заңды тұлғалармен келіссөздер жүргізеді, шарттар (келісімдер) жасасады;
6) ұлттық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
7) әрекеттерi (немесе әрекетсiздiгi) Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерінiң бұзылуына, ұлттық қауiпсiздiгiне қауіп төнуіне әкеп соғатын лауазымды адамдарды, мемлекеттiк қызметшiлердi тиiсті жауаптылыққа тартады;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.
3-тарау. Министрліктің қызметiн ұйымдастыру
18. Министрлікке басшылық етуді Министр жүзеге асырады, ол Министрлікке жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
19. Министрдi Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісімен консультациялардан кейін Премьер-Министрдің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және Қазақстан Республикасының Президенті қызметтен босатады.
20. Министрдің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
21. Министрдің өкілеттіктері:
1) реттелетiн саладағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейді;
2) өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн айқындайды;
3) ведомстволар актiлерiнiң қолданылуын толық немесе iшiнара тоқтатады немесе тоқтата тұрады;
4) Министрлік атынан Қазақстан Республикасының Парламентiнде, мемлекеттiк органдарда және өзге де ұйымдарда өкілдік етеді;
5) Министрліктің жұмыс регламентiн бекiтедi;
6) Министрлікке келiсуге келiп түскен нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын келiседi және бұрыштама қояды;
7) Министрлікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша шаралар қабылдайды және оған дербес жауапты болады;
8) Үкімет тиісті шешім қабылдаған жағдайда жарғылық капиталына мемлекет қатысатын коммерциялық ұйымның басшылық органының немесе қадағалау кеңесінің құрамына кіреді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Министр болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
22. Министр өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейді.
23. Министрліктің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын жауапты хатшы басқарады.
4-тарау. Министрліктің мүлкі
24. Министрліктің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.
Министрліктің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
25. Министрлікке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Министрліктің өзіне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi дербес иелiктен шығаруға немесе өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату
27. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесi
1. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Акционерлік қоғамдар
1) "Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы" акционерлік қоғамы;
2) "Қазтехнологиялар" акционерлік қоғамы;
3) "Қазақстан инжиниринг" (Kazakhstan Engineering)" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы;
4) "Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингі" акционерлік қоғамы;
5) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар
1) Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің "Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
2) Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің "Мемлекеттік радиожиілік қызметі" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Республикалық мемлекеттік мекеме
"Микрография ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттік мекемесі.
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті
Акционерлік қоғамдар
1) "Бәйтерек" Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны" акционерлік қоғамы;
2) "Республикалық ғарыштық байланыс орталығы" акционерлік қоғамы;
3) "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы;
4) "Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы" акционерлік қоғамы.
Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар
1) Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің "Инфракос" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
2) Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің "Ғарыш-Экология" ғылыми-зерттеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік
"Ғалам" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
3. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті
Республикалық мемлекеттік кәсіпорын
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің "Резерв" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
4. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті
Республикалық мемлекеттік мекемелер
1) "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі;
2) "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі;
3) "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі;
4) "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Шымкент қаласы және Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі;
5) "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі;
6) "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы және Ақмола, Қарағанды облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.
Қазақстан Республикасы | |
Үкіметінің | |
2019 жылғы 26 наурыздағы | |
№ 142 қаулысымен | |
бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Мемлекетаралық "Мир" телерадиокорпорациясының арасындағы бұдан арғы ынтымақтастық туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 сәуірдегі № 306 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 11, 84-құжат):
1, 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан Мемлекетаралық "Мир" телерадиокорпорациясының жұмысын үйлестіру жөніндегі уәкілетті орган болып белгіленсін.
2. Мемлекетаралық "Мир" телерадиокомпаниясының 1997 жылғы 5 қыркүйектегі жарғысына сәйкес Мемлекетаралық "Мир" телерадиокомпаниясының Мемлекетаралық үйлестiру кеңесiнiң құрамына Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің төрағасы енгiзiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Қазақстан Республикасының Мемлекетаралық "Мир" телерадиокомпаниясының жалпы жиналысындағы өкілетті өкілі болып бекітілсін.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне жүктелсін.".
2. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері коммуналдық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
реттік нөмірі 123-99-жол алып тасталсын.
3. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
"Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне" деген бөлім алып тасталсын;
"Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігіне" деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне
375-1. "Хабар" агенттігі" акционерлік қоғамы;
375-2. "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы" акционерлік қоғамы;
375-3. "Егемен Қазақстан" республикалық газеті" акционерлік қоғамы;
375-4. "Казахстанская правда" республикалық газеті" акционерлік қоғамы;
375-5. "Казконтент" акционерлік қоғамы;
375-6. "Қазмедиа орталығы" басқарушы компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
375-7. "Жас өркен" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
375-8. "Қазақ газеттері" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
375-9. "Қазақпарат" халықаралық ақпараттық агенттігі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетіне
375-10. "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитетіне
375-11. "Отандастар қоры" коммерциялық емес акционерлік қоғамы 50 %".
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетіне
375-12. "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
"Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне" деген бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне";
375-13. "Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы" акционерлік қоғамы;
376. "Қазтехнологиялар" акционерлік қоғамы.
376-1. "Қазақстан инжиниринг" (Kazakhstan Engineering)" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы.
376-2. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
376-3. "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" акционерлік қоғамы.
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің аэроғарыш комитетіне
377. "Бәйтерек" Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны" акционерлік қоғамы.
378. "Республикалық ғарыштық байланыс орталығы" акционерлік қоғамы.
379. "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы.
380. "Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы" акционерлік қоғамы.
381. "Ғалам" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.".
4. "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
12-бөлім алып тасталсын;
13-бөлімде:
мына:
"
13 | Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі, оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде: | 294 |
Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде: | 60 | |
1) | "Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы" РММ | 30 |
2) | "Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы" РММ | 30 |
" |
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
13 | Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде: | 407 |
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде: | 93 | |
1) | "Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы" РММ | 30 |
2) | "Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы" РММ | 30 |
3) | "Орталық коммуникациялар қызметі" РММ | 33 |
"; |
13-1-бөлімде:
мына:
"
13-1. | Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде: | 551 |
Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде: | 203 | |
1) | Республикалық микрография ғылыми-зерттеу институты (Орал қаласы) | 203 |
" |
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
13-1. | Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде: | 715 |
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде: | 203 | |
1) | Республикалық микрография ғылыми-зерттеу институты (Орал қаласы) | 203 |
". |
5. "Куәландырушы орталықтарды аккредиттеуді жүргізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 қарашадағы № 1222 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Куәландырушы орталықтарды аккредиттеуді жүргізу қағидасында:
көрсетілген Қағидаға 2-қосымшада:
"Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің куәландырушы орталықтарды аккредиттеу жөніндегі комиссиясының шешімімен" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің куәландырушы орталықтарды аккредиттеу жөніндегі комиссиясының шешімімен".
6. "Базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 мамырдағы № 511 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 38, 461-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың тізбесінде:
"Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі" деген бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі";
"Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті" деген кіші бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті";
"Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті" деген кіші бөлімде реттік нөмірі 201-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
201. | Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің "Ғарыш-Экология" ғылыми-зерттеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны |
". |
7. "Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиарды және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 1 маусымдағы № 395 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 32, 202-құжат):
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиар;
2) Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті осы қаулыға қосымшаға сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті орган болып айқындалсын.".
8. "Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиар мен "Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік" екінші санаттағы рұқсатын беретін уәкілетті органды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 437 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 33, 228-құжат):
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиар;
2) Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті "Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік" екінші санаттағы рұқсатын беретін уәкілетті орган болып айқындалсын.".
9. "Байланыс саласында қызметтер көрсету бойынша қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиарды және байланыс саласындағы екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 16 шілдедегі № 543 қаулысында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті:
1) байланыс саласындағы қызметтерді көрсету бойынша қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиар;
2) осы қаулыға қосымшаға сәйкес байланыс саласындағы екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті орган болып айқындалсын.".
10. "Экспорттық бақылау саласында рұқсат беру құжаттарын берудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1083 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 72-73-74, 542-құжат):
1-қосымшадағы 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
99. | "Экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң номенклатурасын (тiзiмiн) бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулысына сәйкес экспорттық бақылауға жататын өнім: 1-санат бойынша өнім – "Материалдар, химикаттар, микроорганизмдер" мен "уыттар"; 9-санаттағы өнім – қозғалтқыш құрылғылары, ғарыш аппараттары мен қосалқы жабдықтар; Әскери тізім бойынша өнім |
1-санат бойынша: |
"; |
2-қосымшадағы 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
5. | Тiзiмдерi, тiзбелерi экспорттық бақылаудың халықаралық режимдерiнде белгiленетiн зымырандық техника, қозғалтқыштар, олардың компоненттерi, зымырандық техника жасау кезiнде қолданылатын жабдық, материалдар мен технологиялар |
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті |
". |
11. "Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссия қызметінің тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1175 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссия қызметінің тәртібі туралы ережеде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Комиссия Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің (бұдан әрi – Министрлік) жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.";
6-тармақтың үшінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
"Комиссияның құрамы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен бекiтiледi.".
12. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 39 қаулысында:
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын беруді;".
13. "Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесімен интеграцияланатын интернет-ресурстар мен ақпараттық жүйелердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 наурыздағы № 137 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 19, 95-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесімен интеграцияланатын интернет-ресурстар мен ақпараттық жүйелердің тізбесінде:
реттік нөмірі 19-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
119. | "Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі" | жеке және заңды тұлғалар халыққа қызмет көрсету орталықтарында алған қызметтер туралы | Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі |
". | |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің | |
2019 жылғы 26 наурыздағы | |
№ 142 қаулысына | |
1-қосымша |
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің қайта аталатын аумақтық бөлімшелері республикалық мемлекеттік мекемелерінің тізбесі
1. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.
2. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.
3. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.
4. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Шымкент қаласы және Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Шымкент қаласы және Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.
5. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.
6. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Астана қаласы және Ақмола, Қарағанды облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы және Ақмола, Қарағанды облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің | |
2019 жылғы 26 наурыздағы | |
№ 142 қаулысына | |
2-қосымша |
Қайта аталатын мемлекеттік мекемелердің тізбесі
1. Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің "Орталық коммуникациялар қызметі" республикалық мемлекеттiк мекемесі – Қазақстан Республикасының Ақпарат жəне қоғамдық даму министрлігінің "Орталық коммуникациялар қызметі" республикалық мемлекеттiк мекемесі.
2. Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі Қоғамдық келісім комитетінің "Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі – Қазақстан Республикасының Ақпарат жəне қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің "Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі.
3. Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі Қоғамдық келісім комитетінің "Мәдениеттер және діндер халықаралық орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі – Қазақстан Республикасының Ақпарат жəне қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің "Мәдениеттер және діндер халықаралық орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі.
4. Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің "Микрография ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттік мекемесі – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігінің "Микрография ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттік мекемесі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің | |
2019 жылғы 26 наурыздағы | |
№ 142 қаулысына | |
3-қосымша |
Қайта аталатын мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің "Талдау және ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны – Қазақстан Республикасының Ақпарат жəне қоғамдық даму министрлігінің "Талдау және ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің "Мемлекеттік радиожиілік қызметі" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігінің "Мемлекеттік радиожиілік қызметі" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің "Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігінің "Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
4. Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің "Инфракос" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің "Инфракос" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
5. Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің "Ғарыш-Экология" ғылыми-зерттеу орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің "Ғарыш-Экология" ғылыми-зерттеу орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
6. Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің "Резерв" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің "Резерв" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Қазақстан Республикасы | |
Үкіметінің | |
2019 жылғы 26 наурыздағы | |
№ 142 қаулысына | |
4-қосымша |
Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен оның ведомстволарына берілетін заңды тұлғалардың тізбесі
Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 19.06.2019 № 414 қаулысымен.
1. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне:
"Хабар" агенттігі" акционерлік қоғамы;
"Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы" акционерлік қоғамы;
"Егемен Қазақстан" республикалық газеті" акционерлік қоғамы;
"Казахстанская правда" республикалық газеті" акционерлік қоғамы;
"Казконтент" акционерлік қоғамы;
"Қазмедиа орталығы" басқарушы компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
"Қазақ газеттері" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
"Қазақпарат" халықаралық ақпарат агенттігі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
2. Қазақстан Республикасының Ақпарат жəне қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитетіне:
"Отандастар қоры" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
3. Қазақстан Республикасының Ақпарат жəне қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетіне:
"Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
4. Қазақстан Республикасының Ақпарат жəне қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетіне:
"Жастар" ғылыми-зерттеу орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Қазақстан Республикасы | |
Үкіметінің | |
2019 жылғы 26 наурыздағы | |
№ 142 қаулысына | |
5-қосымша |
Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен оның ведомстволарына берілетін заңды тұлғалардың тізбесі
1. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне:
Акционерлік қоғамдар:
"Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы" акционерлік қоғамы;
"Қазтехнологиялар" акционерлік қоғамы;
"Қазақстан инжиниринг" (Kazakhstan Engineering)" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы;
"Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингі" акционерлік қоғамы;
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетіне:
Акционерлік қоғамдар:
"Бәйтерек" Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны" акционерлік қоғамы;
"Республикалық ғарыштық байланыс орталығы" акционерлік қоғамы;
"Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы;
"Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы" акционерлік қоғамы.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік:
"Ғалам" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Қазақстан Республикасы | |
Үкіметінің | |
2019 жылғы 26 наурыздағы | |
№ 142 қаулысына | |
6-қосымша |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. 1-тармағын, 2-тармағының 2) тармақшасын және 3-тармағын қоспағанда, "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 353 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 36, 209-құжат).
2. 1-тармағын, 2-тармағының 2) тармақшасын және 3-тармағын қоспағанда, "Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 қарашадағы № 704 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 58, 373-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 қарашадағы № 704 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 16-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 58).
4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиарды және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органды айқындау туралы" 2015 жылғы 1 маусымдағы № 395 және "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің кейбір мәселелері" туралы 2016 жылғы 16 маусымдағы № 353 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 24 қарашадағы № 724 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 59-60).
5. "Қазақпарат" халықаралық ақпарат агенттігі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қатысу үлесін сыйға тарту шарты бойынша жеке меншіктен республикалық меншікке қабылдау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 826 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 64, 423-құжат).
6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Eurasian Resourses Group S.a.r.l." компаниясының кейбір мәселелері туралы" 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 1411 және "Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кейбір мәселелері" туралы 2016 жылғы 15 қарашадағы № 704 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 13 ақпандағы № 62 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы.
7. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 және "Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кейбір мәселелері" туралы 2016 жылғы 15 қарашадағы № 704 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 25 сәуірдегі № 223 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 16, 110-құжат).
8. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 353 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 237 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 17, 118-құжат).
9. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 8 маусымдағы № 350 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 29 және 31-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 21, 170-құжат).
10. "Мемлекеттік техникалық қызметтің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 457 қаулысының 5-тармағы.
11. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 25 қарашадағы № 773 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 62-63, 377-құжат).
12. "Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар және Ұлттық экономика министрліктерінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 79 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 9-10, 40-құжат).
13. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 қарашадағы № 704 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 188 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 17-18, 98-құжат).
14. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 353 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 4 маусымдағы № 320 қаулысы.
15. "Қазақстан инжиниринг" (Kazakhstan Engineering)" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 3 шілдедегі № 405 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 6-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 36-37-38, 207-құжат).
16. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 шілдедегі № 420 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 10-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 36-37-38, 212-құжат).
17. 1-тармағын, 2-тармағын және 3-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда, "Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 21 шілдедегі № 444 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 42, 229-құжат).
18. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 3 қыркүйектегі № 549 қаулысының 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 53-54, 279-құжат).
19. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнiң кейбір мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 353 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 қазандағы № 641 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 59, 309-құжат).
20. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 қарашадағы № 704 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 қазандағы № 642 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 59, 310-құжат).