"Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 353 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 237 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № 142 қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі!
Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 26.03.2019 № 142 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 353 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 36, 209-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі туралы ережеде:

      16-тармақ:

      мынадай мазмұндағы 32-1), 32-2), 98-1) тармақшалармен толықтырылсын:

      "32-1) бюджеттік жоспарлау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша республикалық бюджет қаражаты есебінен мемлекет ақпарат саясатын жүргізу үшін сатып алынатын бұқаралық ақпарат құралдары көрсететін қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту;

      32-2) республикалық деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру тәртібін бекіту;";

      "98-1) жылжымалы желінің абоненттік құрылғыларын тіркеу қағидаларын бекіту;";

      17-тармақта:

      16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "16) белгіленген тәртіппен республикалық деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және оның жүзеге асырылуын бақылау;".

      2. Осы қаулы 2017 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың жетінші абзацын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев