"Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі болып;
2) Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері – республикалық мемлекеттік мекемелері осы қаулыға қосымшаға сәйкес қайта аталсын.
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 25 қарашадағы № 773 қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінің қайта аталатын аумақтық бөлімшелері – республикалық мемлекеттік мекемелерінің тізбесі
1. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінің Астана қаласы және Ақмола облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Астана қаласы және Ақмола облысы бойынша байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесіне.
2. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесіне.
3. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Ақтөбе облысы бойынша байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесіне.
4. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Атырау облысы бойынша байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесіне.
5. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесіне.
6. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Жамбыл облысы бойынша байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесіне.
7. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесіне.
8. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Қарағанды облысы бойынша байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесіне.
9. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Қызылорда облысы бойынша байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесіне.
10 "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Қостанай облысы бойынша байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесіне.
11. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Маңғыстау облысы бойынша байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесіне.
12. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Павлодар облысы бойынша байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесіне.
13. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесіне.
14. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесіне.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 25 қарашадағы № 773 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар
1. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 17.07.2018 № 434 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2. "Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиарды және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 1 маусымдағы № 395 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 32, 202-құжат):
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитеті теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиар;
2) Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитеті осы қаулыға қосымшаға сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті орган болып айқындалсын.".
3. "Байланыс саласында қызметтер көрсету бойынша қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиарды және байланыс саласындағы екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 16 шілдедегі № 543 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 39, 279-құжат):
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті:
1) байланыс саласындағы қызметтерді көрсету бойынша қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиар;
2) осы қаулыға қосымшаға сәйкес байланыс саласындағы екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті орган болып айқындалсын.".
4. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 26.03.2019 № 142 қаулысымен.