Мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 тамыздағы № 631 қаулысы.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына, 114-бабының 1-тармағына және 178-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес республикалық мүлік "Қазақпарат" халықаралық ақпарат агенттігі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталына берілсін.

      2. Осы қаулының 1-тармағында көзделген іс-шара орындалғаннан кейін "Қазақпарат" халықаралық ақпарат агенттігі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі "Қазақпарат" халықаралық ақпарат агенттігі" акционерлік қоғамы болып қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      3. Осы қаулының 2-тармағында көзделген іс-шара орындалғаннан кейін "Қазақпарат" халықаралық ақпарат агенттігі" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қоғам) оған "Қазконтент" акционерлік қоғамын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      4. Мыналар:

      1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатын сүйемелдеу шеңберінде, оның ішінде елдің саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысты ақпаратты интернет желісі арқылы жедел тарату жолымен ақпараттық-публицистикалық жұмысты жүзеге асыру, сондай-ақ халықаралық қоғамдастықта Қазақстан Республикасының оң халықаралық имиджін қалыптастыру;

      2) инновациялық технологиялар саласында шешімдер қабылдаудың оңтайлы әдістерін айқындау шеңберінде консультациялар көрсету;

      3) бұқаралық ақпарат құралдарында интернет-конференциялар, брифингтер, баспасөз іс-шараларын және басқа да сараптамалық сүйемелдеу іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу;

      4) интернет желісінде жарнамалық орын ұсыну (сату) бойынша қызметтер көрсету;

      5) деректер базаларын басқару жүйелерін пайдалана отырып, порталдар мен веб-жобаларды алгоритмдеу;

      6) интернет желісіндегі мемлекеттік электрондық ақпараттық порталдарды ақпараттық басқару, ұстау және қолдау көрсету;

      7) интернет желісінде ақпаратты өңдеудің инновациялық құралдарын пайдалануды ескере отырып, деректерді орналастыру және өңдеу қызметтерін көрсету қоғам қызметінің негізгі нысандары болып айқындалсын.

      5. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің "Орталық коммуникациялар қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесі таратылсын.

      6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      7. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 27 тамыздағы
№ 631 қаулысына
қосымша

"Қазақпарат" халықаралық ақпарат агенттігі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталына берілетін республикалық мүлік тізбесі

Р/с

Атауы

Өлшем бірлігі

Саны

1

2

3

4

1.

"Алданба" бағдарламалар циклі

дана

1

2.

"Әнім сен едің" бағдарламалар циклі

дана

1

3.

"Қазақстанның үшінші жаңғыруы", "Нұрлы жол", "100 нақты қадам" бағдарламалар циклі

дана

1

4.

Отбасы құндылықтары мен Қазақстан халқының дәстүрлері туралы бағдарламалар циклі

дана

1

5.

"Туған жер" идеясын түсіндіруге бағытталған бағдарламалар циклі

дана

1

6.

ЭКСПО-2017 көрмесі туралы бағдарламалар циклі

дана

1

7.

Қазақстандағы қасиетті жерлер және туристік саланы дамыту туралы бағдарламалар циклі

дана

1

8.

ЭКСПО-2017 көрмесі туралы бағдарламалар циклі

дана

1

9.

Экономиканы техникалық жаңғыртуды жеделдету жөніндегі бағдарламаларды жария етуге және түсіндіруге бағытталған бағдарламалар циклі

дана

1

10.

"Туған жер" жобасын түсіндіру жөніндегі бағдарламалар циклі

дана

1

11.

"Цифрлық Қазақстан" бағдарламалар циклі

дана

1

12.

"Қазақстан-2050" стратегиясын іске асыру барысын түсіндіруге бағытталған бағдарламалар циклі

дана

1

13.

Медициналық қызметкерлердің жұмысы және денсаулық сақтауды дамыту мемлекеттік бағдарламасы туралы бағдарламалар циклі

дана

1

14.

Жетім балаларға, тұрмысы қолайсыз және аз қамтылған отбасыларда тұратын балаларды қорғауға және қолдауға бағытталған бағдарламалар циклі

дана

1


Жиыны


14

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 27 тамыздағы
№ 631 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

      "Нұр-Сұлтан қаласы" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 21-168-жол алып тасталсын;

      реттік нөмірі 21-178-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "21-178. "Қазақпарат" халықаралық ақпарат агенттігі" акционерлік қоғамы".

      2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 375-5-жол алып тасталсын;

      реттік нөмірі 375-9-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "375-9. "Қазақпарат" халықаралық ақпарат агенттігі" акционерлік қоғамы.".

      3. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 27.03.2020 № 142 қаулысымен.

      4. "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:

      13-бөлімде:

      мына:

      "

13

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:

377


Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:

63

1)

"Дінтану сараптамасы орталығы" РММ

30

2)

"Орталық коммуникациялар қызметі" РММ

33

  "

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

13

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:

344


Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:

30

1)

"Дінтану сараптамасы орталығы" РММ

30

  ".

      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 866 қаулысымен.