Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар және Ұлттық экономика министрліктерінің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 79 қаулысы.

      "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 23 ақпандағы
№ 79 қаулысымен
бекітілген

ҚазақстанРеспубликасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының қаулысында:

      4-бөлімде:

      мына:

      "

4

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:

4 128

             "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

4

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:

4 125

      ";

      12-бөлімде:

      мына:

      "

12

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:

274

      ";

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

12

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:

277

      ".

      2. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 59-60, 555-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі туралы қаулысында:

      1-тармақтың 1 тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) стратегиялық жоспарлау, салық және бюджет саясаты, сондай-ақ кеден ісі саласындағы саясат, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу және борыш, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, мемлекеттік инвестициялық жобалар, бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу, телекоммуникациялар және пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері аясындағы, аэронавигация мен әуежайлардың көрсететін қызметтері аясындағы салаларды қоспағанда, табиғи монополиялар, халықаралық экономикалық және қаржы қатынастары, оның ішінде халықаралық экономикалық интеграцияны, қоғамдық маңызы бар нарықтарды реттеу, экспортты ілгерілетуді қоспағанда, сыртқы сауда қызметін реттеу және дамыту, сауда қызметін реттеу, мемлекеттік активтерді басқару, оның ішінде корпоративтік басқару сапасын арттыру, мемлекеттік басқару жүйесін дамыту;";

      "Міндеттері" деген 15-тармақта:

      15) тармақша алып тасталсын;

      "Орталық аппараттың функциялары" деген 16-тармақта:

      89), 90), 91), 92), 93), 94), 95), 96) және 319) тармақшалар алып тасталсын.

      3. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 26.03.2019 № 142 қаулысымен.