"Отандастар қоры" коммерциялық емес акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқықтарын беру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 31 қаңтардағы № 36 қаулысы.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңы 166-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен "Отандастар қоры" коммерциялық емес акционерлік қоғамының 50 пайыз мөлшеріндегі акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқықтары Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне берілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен және Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 31 қаңтардағы
№ 36 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 239-3-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "239-3. "Отандастар қоры" КеАҚ";

      "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 375-9-3-жол алып тасталсын.

      2. "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы ережеде:

      16-тармақта:

      орталық аппараттың функцияларында:

      141) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "141) шет елде тұратын отандастармен байланыстарды және қарым-қатынасты дамытуға жәрдемдесу, сондай-ақ шет елде тұратын отандастардың ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау;".

      3. Қызмет бабында пайдалану үшін.

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 866 қаулысымен.