"Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2), 4) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиар;
2) Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті осы қаулыға қосымшаға сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті орган болып айқындалсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 866 қаулысымен.2. "Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 1590 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 3, 62-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К.Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 1 маусымдағы № 395 қаулысына қосымша |
Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы екінші санаттағы рұқсаттар
Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 24.11.2016 № 724 (16.06.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Р/с № | Рұқсат беру рәсімінің атауы | Рұқсаттың және жүзеге асыру үшін рұқсаттың болуы талап етілетін қызмет (әрекет) түрінің атауы |
1 | 2 | 3 |
1-сынып - "қызметке берілетін рұқсаттар" | ||
1. | Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік теле-, радиоарналарды есепке, қайта есепке қою | Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік теле-, радиоарналарды есепке, қайта есепке қою туралы куәлік |
2. | Отандық теле-, радиоарналарды есепке, қайта есепке қою | Отандық теле-, радиоарналарды есепке, қайта есепке қою туралы куәлік |
3. | Мерзімді баспасөз басылымдарын, ақпараттық агенттіктерді және желілік басылымдарды есепке, қайта есепке қою | Мерзімді баспасөз басылымдарын, ақпараттық агенттіктерді және желілік басылымдарды есепке, қайта есепке қою туралы куәлік |
4. | Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке, қайта есепке қою | Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке, қайта есепке қою туралы анықтама |