"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысы.


      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы


      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 09.10.2025 № 846 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2) Қазақстан Республикасының кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 09.10.2025 № 846 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті одан Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитетін бөліп шығару жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      3. Мыналар:

      1) "Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      2) "Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      3) "Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      4) "Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі болып;

      5) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес республикалық мемлекеттік мекемелер – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің аумақтық бөлімшелері;

      6) Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігінің "Микрография ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің "Микрография ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттік мекемесі болып;

      7) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес республикалық мемлекеттік кәсіпорындар қайта аталсын.

      4. Мыналар:

      1) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі осы қаулыға 2-қосымшаның 1-тармағында көрсетілген республикалық заңды тұлғаға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган;

      2) Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі осы қаулыға 2-қосымшаның 2-тармағында көрсетілген республикалық заңды тұлғаға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган;

      3) Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті осы қаулыға 2-қосымшаның 3-4-тармақтарында көрсетілген республикалық заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган;

      4) Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитеті осы қаулыға 2-қосымшаның 5-6-тармақтарында көрсетілген республикалық заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган;

      5) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті осы қаулыға 2-қосымшаның 7-тармағында көрсетілген республикалық заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.

      5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес заңды тұлғалардың мемлекеттік акциялар пакеттері мен қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне және оның ведомстволарына берсін;

      2) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес заңды тұлғалардың мемлекеттік акциялар пакеттері мен қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне берсін.

      6. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Ұлттық экономика, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Ауыл шаруашылығы министрліктері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      7. "Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № 142 қаулысының 1-тармағы 2) тармақшасының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 5-6, 64-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі       А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 12 шілдедегі
№ 501 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереже

      Ескерту. Ереженің күші жойылды - ҚР Үкіметінің 09.10.2025 № 846 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 12 шілдедегі
№ 501 қаулысымен
бекітілген

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне";

      реттік нөмірлері 375-13, 376 және 376-1-жолдар алып тасталсын;

      "Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитетіне" деген кіші бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитетіне";

      "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне" деген бөлім:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 389-3, 389-4 және 389-5-жолдармен толықтырылсын:

      "389-3. "Қазақстан инжиниринг" (Kazakhstan Engineering)" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы;

      389-4. "Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы" акционерлік қоғамы;

      389-5. "Қазтехнологиялар" акционерлік қоғамы.".

      2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі – агроөнеркәсіптік кешен, суармалы егіншілік және мелиорация, жер ресурстары саласында басшылық жасауды, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде өзінің құзыретіне жатқызылған қызмет саласында (бұдан әрі – реттелетін сала) мемлекеттік органдарды салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің миссиясы – мемлекеттік саясатты тиімді қалыптастыру, үйлестіру және іске асыру жолымен агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, жер ресурстарын басқару үшін жағдай жасау.";

      15-тармақтың 11-2) тармақшасы алып тасталсын;

      16-тармақтың 434-12), 434-15), 434-16), 434-17), 434-18) және 434-19) тармақшалары алып тасталсын;

      17-тармақта:

      397), 411-15) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "397) құзыреті шегінде жер заңнамасы саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды;";

      "411-15) құзыреті шегінде анықталған жер заңнамасы саласындағы заңнаманы бұзушылықтарды жою бойынша орындалуы мiндеттi нұсқамалар береді;";

      411-5), 411-6), 411-7), 411-8), 411-9), 411-10), 411-11), 411-12), 411-17), 411-19), 411-20), 411-21), 411-23), 411-25), 411-26), 411-28), 411-29), 411-30), 411-34) тармақшалар алып тасталсын;

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

      "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар" деген бөлімде:

      22, 23-тармақтар алып тасталсын.

      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.10.2020 № 714 қаулысымен.

      4. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 59-60, 555-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:

      1-тармақ 6) тармақшадағы "жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік атқарушы органы болып табылады." деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

      "7) жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және дамыту салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік атқарушы органы болып табылады.";

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті.";

      15-тармақ мынадай мазмұндағы 38-3) және 38-4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "38-3) жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру;

      38-4) мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және дамыту;";

      16-тармақ мынадай мазмұндағы 339-84) – 339-102) тармақшалармен толықтырылсын:

      "339-84) мемлекеттік материалдық резерв жүйесін басқару;

      339-85) броньнан шығару тәртібімен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың және олардың салдарының алдын алу және жою жөнінде шаралар қабылдау үшін азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын шығару туралы шешімін келісу;

      339-86) броньнан шығару тәртібімен әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың және олардың салдарының алдын алу және жою жөнінде шаралар қабылдау үшін мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын шығару туралы әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі уәкілетті органның шешімін келісу;

      339-87) шығарылатын материалдық құндылықтарды алушыларды – сауда қызметінің субъектілерін, сауда үстемесінің көлемін, бағасын және мөлшерін көрсете отырып, нарыққа реттеушілік әсер ету үшін мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын шығару қажеттілігі туралы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органның ұсынысын келісу;

      339-88) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау нормативтерін бекіту;

      339-89) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен келісу бойынша мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінің тізбесін бекіту;

      339-90) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының орнын ауыстыру туралы шешім қабылдау;

      339-91) мемлекеттік материалдық резервке материалдық құндылықтарды жеткізуге тапсырысты орналастыру;

      339-92) Қазақстан Республикасының жұмылдыру жоспарын және тиісті кезеңге арналған тауарларды өндіру, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету жоспарын мемлекеттік органдардың қатысуымен әзірлеу, мемлекеттік органдардың, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдіктерінің жұмылдыру жоспарларын келісу;

      339-93) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау номенклатурасы мен көлемі жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыруға қатысу;

      339-94) мемлекеттік органдардың жұмылдыру даярлығы саласындағы қызметін үйлестіру;

      339-95) жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру саласында зерттеулерді ұйымдастыру;

      339-96) жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру саласында әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

      339-97) жұмылдыру органдары мамандарының біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;

      339-98) жұмылдыру тапсырыстары бар ұйымдар банкрот болған, қайта ұйымдастырылған, таратылған, олардың жұмыс бейіні өзгерген кезде мемлекеттік органдардың ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне белгіленген жұмылдыру тапсырыстарын алып тастау және беру туралы ұсыныстар енгізу;

      339-99) Қазақстан Республикасында жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру қағидалары мен Қазақстан Республикасының Үкіметіне жыл сайынғы баяндамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығын бағалауды жүзеге асыру;

      339-100) әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқулар өткізу;

      339-101) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың әскери міндеттілерді броньдау бойынша жұмысын үйлестіру;

      339-102) уәкілетті органға тұтынушылар құқықтарының бұзылуы туралы келіп түскен өтініштер бойынша және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы қызмет туралы жыл сайынғы ақпаратты – есептік жылдан кейінгі жылдың 1 наурызынан кешіктірмей және жартыжылдық ақпаратты ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірмей ұсыну;";

      17-тармақ мынадай мазмұндағы 266-73)-266-92) тармақшалармен толықтырылсын:

      "266-73) мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен мемлекеттік материалдық резервтің номенклатурасы мен материалдық құндылықтардың сақталу көлемдері бойынша ұсыныстар әзірлеу және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізу;

      266-74) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде сауда қызметінің субъектілерімен шарттар жасасу арқылы нарыққа реттеушілік әсер ету үшін мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару;

      266-75) мемлекеттік материалдық резерв жүйесін басқаруды жүзеге асыру;

      266-76) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен келісу бойынша мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінің тізбесін әзірлеу;

      266-77) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізудің тиісті қағидаларын әзірлеу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсыну;

      266-78) жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын пайдалану қағидаларын әзірлеу;

      266-79) гуманитарлық көмек көрсету қағидаларын әзірлеу;

      266-80) жаңарту тәртібімен мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын шығару туралы шешім қабылдау;

      266-81) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтауды және жаңартуды ұйымдастыру;

      266-82) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын орналастыру, сақтау, толықтыру, орнын ауыстыру, жаңарту және нысаналы пайдалану кезінде нормативтік құқықтық актілер талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;

      266-83) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының орнын ауыстыруды қамтамасыз ету;

      266-84) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын орналастыруды, сапалық және сандық жағынан сақталуын есепке алуды және бақылауды қамтамасыз ету;

      266-85) қарызға беру тәртібімен мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын шығару туралы алушылармен шарт (келісімшарт) жасасу;

      266-86) мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтарымен жасалатын операцияларға қатысушылармен жасалған шарттардан туындайтын талаптар бойынша борыш пен тұрақсыздық айыптарын өндiріп алуды жүзеге асыру;

      266-87) тиісті мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары мен мамандарын мемлекеттік материалдық резерв саласында түгендеу жүргізуге тарту;

      266-88) сақтау пункттерінде сақтауда тұрған мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының сақталуына түгендеу жүргізу;

      266-89) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау және пайдалану тәртібін бұзуда кінәлі адамдарды жауапкершілікке тарту туралы мәселені шешу үшін тексеру (ревизия) материалдарын құқық қорғау органдарына жіберу;

      266-90) мұнай өнімдерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мұнай өнімдерін жеткізу жөніндегі бірыңғай оператордан сатып алу;

      266-91) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының есебін жүргізу;

      266-92) мемлекеттік резерв номенклатурасын толықтыру мақсатында жұмылдыру резервінің броньнан шығарылған материалдық құндылықтарының орнын ауыстыру туралы шешім қабылдау;";

      мынадай мазмұндағы бөлімдермен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің тізбесі

      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі "Микрография ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттік мекемесі.";

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің "Резерв" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.".

      5. "Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиар мен "Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік" екінші санаттағы рұқсатын беретін уәкілетті органды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 437 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 33, 228-құжат):

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мыналар:

      1) Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиар;

      2) Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті "Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік" екінші санаттағы рұқсатын беретін уәкілетті орган болып айқындалсын.".

      6. "Байланыс саласында қызметтер көрсету бойынша қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиарды және байланыс саласындағы екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 16 шілдедегі № 543 қаулысында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті:

      1) байланыс саласындағы қызметтерді көрсету бойынша қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиар;

      2) осы қаулыға қосымшаға сәйкес байланыс саласындағы екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті орган болып айқындалсын.".

      7. "Экспорттық бақылау саласында рұқсат беру құжаттарын берудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1083 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 72-73-74, 542-құжат):

      1-қосымшада реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

9.

"Экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң номенклатурасын (тiзiмiн) бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулысына сәйкес экспорттық бақылауға жататын өнім: 1-санат бойынша өнім - "Материалдар, химикаттар, микроорганизмдер" мен "уыттар"; 9-санаттағы өнім - қозғалтқыш құрылғылары, ғарыш аппараттары мен қосалқы жабдықтар; Әскери тізім бойынша өнім



1-санат бойынша:

Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi;

9-санат бойынша:

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті;

Әскери тiзiм бойынша:

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi

      ";

      2-қосымшада реттік нөмірі 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

5.

Тiзiмдерi, тiзбелерi экспорттық бақылаудың халықаралық режимдерiнде белгiленетiн зымырандық техника, қозғалтқыштар, олардың компоненттерi, зымырандық техника жасау кезiнде қолданылатын жабдық, материалдар мен технологиялар

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық министрлігінің Көлік комитеті

      ".

      8. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 39 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 7, 31-құжат):

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету, сондай-ақ орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді, коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және олардың филиалдары мен өкiлдiктерін есептік тіркеуді жүзеге асыру қоғам қызметінің негізгі нысанасы болып айқындалсын.";

      3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын беруді;".

      9. "Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесімен интеграцияланатын интернет-ресурстар мен ақпараттық жүйелердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 наурыздағы № 137 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 19, 95-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесімен интеграцияланатын интернет-ресурстар мен ақпараттық жүйелердің тізбесінде:

      реттік нөмірі 19-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

119.

"Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі"

жеке және заңды тұлғалар халыққа қызмет көрсету орталықтарында алған қызметтер туралы

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      ".

      10. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 862 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 12 шілдедегі
№ 501 қаулысына
1-қосымша

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің қайта аталатын аумақтық бөлімшелері – республикалық мемлекеттік мекемелерінің тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      2. "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі - "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      3. "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі - "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      4. "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Шымкент қаласы және Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі - "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Шымкент қаласы және Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      5. "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі - "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      6. "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Астана қаласы және Ақмола, Қарағанды облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі - "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы және Ақмола, Қарағанды облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 12 шілдедегі

      № 501 қаулысына
2-қосымша

      Қайта аталатын мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің "Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны –Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің "Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      2. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігінің "Мемлекеттік радиожиілік қызметі" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны – Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігінің "Мемлекеттік радиожиілік қызметі" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      3. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің "Инфракос" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің "Инфракос" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      4. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің "Ғарыш-Экология" ғылыми-зерттеу орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің "Ғарыш-Экология" ғылыми-зерттеу орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      5. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің "Қазгеодезия" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Геодезия және картография комитетінің "Қазгеодезия" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      6. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің "Ұлттық картографиялық-геодезиялық қоры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі Геодезия және картография комитетінің "Ұлттық картографиялық-геодезиялық қоры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      7. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің "Резерв" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің "Резерв" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 12 шілдедегі
№ 501 қаулысына
3-қосымша

      Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен оның ведомстволарына берілетін заңды тұлғалардың тізбесі

      1. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне:

      Акционерлік қоғамдар:

      "Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингі" акционерлік қоғамы;

      "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитетіне:

      Акционерлік қоғамдар:

      "Бәйтерек" Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны" акционерлік қоғамы;

      "Республикалық ғарыштық байланыс орталығы" акционерлік қоғамы;

      "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы;

      "Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы" акционерлік қоғамы.

      Жауапкершілігі шектеулі серіктестік:

      "Ғалам" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

      Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 12 шілдедегі
№ 501 қаулысына
4-қосымша

      Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне берілетін заңды тұлғалардың тізбесі

      Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне:

      Акционерлік қоғамдар:

      "Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы" акционерлік қоғамы;

      "Қазтехнологиялар" акционерлік қоғамы;

      "Қазақстан инжиниринг" (Kazakhstan Engineering)" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы.