РҚАО-ның ескертпесі!
Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 26.03.2019 № 142 қаулысымен, оған 1-тармағын, 2-тармағының 2) тармақшасын және 3-тармағын қоспағанда.
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетілдiру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 мамырдағы № 253 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: |
1. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитеті құрылсын.
2. Қоса берiліп отырған: 1) Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже); |
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
3. Мыналар:
1) "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі болып;
2) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің аумақтық органдары – республикалық мемлекеттік мекемелері;
3) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес республикалық заңды тұлғалар қайта аталсын.
4. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі осы қаулының 3-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген республикалық заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын. 5. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлiк және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңды тұлғалар акцияларының мемлекеттік пакеттерін (қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне берсін. 6. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 7. Осы қаулы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Ереженің 16-тармағының 167) тармақшасын және 17-тармағының 26) тармақшасын қоспағанда, қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының |
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі туралы ереже1. Жалпы ережелер1. Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау, байланыс, ақпараттандыру, "электрондық үкімет", ақпарат және мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты дамыту салаларында (бұдан әрi – реттелетiн салалар) басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 16.10.2018 № 641 ("Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы" ҚР Заңы қолданысқа енген күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. | ||
2. Министрліктің мынадай ведомстволары бар: 1) Ақпарат комитеті; 2) Министрліктің Телекоммуникациялар комитеті. Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 25.11.2017 № 773 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).3. Министрлік өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. |
4. Министрлік мемлекеттiк мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады. 5. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi. 6. Министрліктің, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар. 7. Министрлік өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Министрлік басшысының бұйрығымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды. 8. Министрліктің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі. 9. Министрліктің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есiл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, "Министрліктер үйі" әкімшілік ғимараты,14-кіреберіс. Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 25.11.2017 № 773 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).10. Министрліктің толық атауы – "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi" мемлекеттiк мекемесi. 11. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады. 12. Министрліктің қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. 13. Министрлікке кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Министрліктің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Министрлікке заңнамалық актiлермен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттің кiрiсiне жiберiледi. 2. Министрлiктің миссиясы, негізгі мақсаты, функциялары, құқықтары мен міндеттері14. Министрліктің миссиясы: реттелетін салаларда тиімді мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ бірыңғай ақпараттық кеңістікті және байланыс инфрақұрылымын дамыту мен тұрақты жұмыс істеуін әрі қауіпсіздікті қамтамасыз ету. 15. Мiндеттерi: 1) балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау, ақпараттандыру, ақпарат, байланыс, электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу; 2) пошта және байланыс саласында мемлекеттік бақылауды, үйлестіруді жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында пошта саласындағы қызметті және байланыс саласында қызмет көрсететін немесе оларды қолданатын тұлғалардың қызметін реттеу; 3) телерадио хабарларын тарату және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру; 4) ақпараттандыру және "электрондық үкімет" саласындағы басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыру; 5) өз құзыреті шегінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету; 6) Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық кеңістігін және байланыс инфрақұрылымын қалыптастыруды, дамытуды және оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, сондай-ақ ақпараттық кеңістіктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру; 7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау, бұқаралық ақпарат құралдары және ақпараттандыру саласындағы халықаралық ынтымақтастық; 8) мемлекеттік басқарудың тиісті саласында (аясына) басшылықты жүзеге асыру; 9) қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және жоғарылату кезінде гендерлік теңгерімді сақтау; 9-1) мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру; 10) өз құзыретi шегiнде Министрлікке жүктелген өзге де мiндеттердi жүзеге асыру. Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 23.02.2018 № 79; 16.10.2018 № 641 ("Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы" ҚР Заңы қолданысқа енген күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.16. Орталық аппараттың функциялары: 1) реттелетiн салаларда мемлекеттiк саясатты қалыптастыру және iске асыру; 2) ойын бизнесі саласындағы лицензияланатын қызмет түрлеріне қойылатын біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесін қоспағанда, біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен келісу және оларды бекіту; 3) ойын бизнесі саласындағы лицензияланатын қызмет түрлеріне қойылатын біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесін қоспағанда, біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы нормативтік құқықтық актілерді келісу; 4) реттелетiн салалардағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру; 5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыру; 6) реттелетін салаларда нормативтік құқықтық актілерді өз құзыреті шегінде әзірлеу, келісу және бекіту; 7) реттелетiн салаларда салааралық үйлестiрудi жүзеге асыру; 8) соттарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап-арыздар беру; 9) өз құзыреті шегінде жеке кәсiпкерлердiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлердің жобаларына, заң жобаларының тұжырымдамасына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының жобаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарға сараптама жүргізуге қатысуға үміткер жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеуді жүзеге асыру; 10) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сарапшылық кеңестің құрамын бекіту; 11) реттелетін салаларда кадрлар қажеттілігін айқындау; 12) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерін бекіту; 13) шет мемлекеттермен және (немесе) халықаралық ұйымдармен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу; 14) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша мемлекеттік акциялар пакетіне (жарғылық капиталдағы қатысу үлесіне) иелік ету және пайдалану құқығын, сондай-ақ республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерге қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті органның функцияларын жүзеге асыру; 15) журналистерді аккредиттеу қағидаларын бекіту; 16) тарихи және (немесе) мәдени құндылығы бар жазбаларды сақтау тәртібін айқындау; 17) өз құзыреті шегінде телерадио хабарларын тарату саласындағы нормативтік құқықтық және нормативтік техникалық актілерді, оның ішінде телерадио хабарларын тарату қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту; 18) ұлттық телерадио хабарларын тарату операторының қызметін еркін қолжетімді теле-, радиоарналарын таратуды қаржылай қамтамасыз ету бөлігінде үйлестіру (цифрлық эфирлік және спутниктік телерадио хабарларын тарату, сондай-ақ ұқсас телерадио хабарларын тарату арқылы); 19) өз құзыреті шегінде телерадио хабарларын тарату саласындағы нормативтік құқықтық және нормативтік техникалық актілерді, оның ішінде телерадио хабарларын тарату жүйесін техникалық пайдалану қағидаларын, телерадио хабарларын тарату сапасына бақылау жүргізу қағидаларын, теле-, радиокомпаниялардың техникалық құралдарын телерадио хабарларын тарату операторларының желілеріне қосу қағидаларын бекіту; 20) міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидаларын бекіту; 21) міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру және бекіту бойынша конкурстар ұйымдастыру және өткізу; 22) телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру және бекіту бойынша конкурстар ұйымдастыру және өткізу; 23) телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидаларын бекіту; 24) телерадио хабарларын тарату мақсаттары үшін жиілік белдеулерін, радиожиілікті (радиожиілік арналарын) бөлу қағидаларын бекіту; 25) телерадио хабарларын тарату мақсаты үшін жиіліктердің белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу бойынша конкурстар ұйымдастыру және өткізу; 26) телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережені бекіту және оның құрамына ұсыныс енгізу; 27) бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингін жүргізу қағидаларын бекіту; 28) мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архивін қалыптастыру қағидаларын бекіту; 29) есепке қою үшін өтініштер берген шетелдік теле-, радиоарналардың өнімін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келу тұрғысынан сараптама жүргізу қағидаларын бекіту; 30) телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық өлшемдерін және телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық өлшемдерін өлшеу әдістемесін бекіту; 31) міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін бекіту; 32) ұлттық оператор тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін бекіту; 32-1) бюджеттік жоспарлау саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша республикалық бюджет есебінен бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту; 32-2) республикалық деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру тәртібін бекіту; 32-3) бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уәкілетті тұлға (бөлімше) туралы үлгілік ережені бекіту; 32-4) бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уәкілетті тұлғаның (бөлімшенің) уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту; 32-5) белгілі бір аумақта халықтың тіршілік ету жағдайлары бұзылған кезде бұқаралық ақпарат құралдарына ресми хабарларды беру қағидаларын бекіту; 32-6) цифрлық эфирлiк телерадио хабарларын таратуға көшу тәртібі мен мерзімдерін айқындау; 32-7) ақпараттық өнімге жас сыныптамасын беру қағидалары мен әдістемесін бекіту; 32-8) жас санаты белгісіне қойылатын талаптарды бекіту; 33) байланыс желілерін салу, пайдалану және дамыту мәселелері жөнінде шешімдер қабылдау кезінде жеке және заңды тұлғалардың ұлттық қауіпсіздікті сақтау талаптарын бекіту; 34) алып тасталды – ҚР Үкіметінің 03.09.2018 № 549 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.35) Қазақстан Республикасы радио қызметтері арасында барлық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдарға арналған 3 кГц-тен 400 ГГц-ке дейінгі жиіліктер ауқымында жиіліктер белдеуін бөлу кестесін бекіту; 36) күзетілетiн аймақтар мен олардағы жұмыс режимiн белгiлеу тәртiбін қоса алғанда, Қазақстан Республикасындағы телекоммуникация желiлерiн күзету қағидаларын бекiту; 37) жиiлiктер белдеулерiн, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарын) иелiкке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттiк үйлесiмдiлiгiн есептеудi жүргiзу қағидаларын бекiту; 38) трафиктi өткiзу және өзара есеп айырысу тәртiбiн қоса алғанда, телекоммуникация желiлерiнің қосылу және өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту; 39) өз құзыретi шегiнде байланыс саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерін, оның iшiнде радиоэлектрондық құралдарды, жоғары жиiлiктi құрылғыларды пайдалану, оларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу қағидаларын және байланыс қызметтерiн көрсету қағидаларын бекіту; 40) радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектрондық құралдарын пайдалану қағидаларын бекіту; 41) нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді беру, сондай-ақ оларды алып қою тәртібін айқындау; 42) ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерінің басым байланыс операторлары үшін телекоммуникацияның басқа желiлерiн қосу қызметтерiн көрсетудiң, сондай-ақ желiлердiң өзара іс-қимылы және трафиктi өткiзу бойынша осыған байланысты мiндеттемелердің талаптарын айқындайтын қосылу шартының үлгі нысанын бекіту; 43) радиоэлектрондық құралды немесе жоғары жиiлiктi құрылғыны пайдалануға арналған рұқсатты алып қою тәртiбiн белгілеу; 44) алып тасталды – ҚР Үкіметінің 03.09.2018 № 549 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.45) көпарналы хабар таратуда таратылуына байланысты міндетті теле-, радиоарналардың санын айқындау; 46) мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг қорытындысын ескере отырып, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру жөнінде шаралар қабылдау; 47) телекоммуникация желілері мен құралдарының техникалық үйлесімділігін қамтамасыз ететін нормаларды, байланыс қызметтерінің сапа көрсеткіштерін, тарифтеу бірліктері мөлшерлерін бекіту; 48) алып тасталды – ҚР Үкіметінің 03.09.2018 № 549 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.49) Қазақстан Республикасының байланыс әкімшілігі ретінде өз құзыреті шегінде халықаралық байланыс одақтары мен ұйымдарында Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру және қорғау; 50) алып тасталды – ҚР Үкіметінің 03.09.2018 № 549 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.51) алып тасталды – ҚР Үкіметінің 03.09.2018 № 549 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. 52) пошта байланысының қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту; 53) байланыс саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарын және өтініш берушінің сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін бекіту; 54) алып тасталды – ҚР Үкіметінің 03.09.2018 № 549 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.55) телекоммуникация желілерін жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісіне қосу және Қазақстан Республикасының жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі бойынша трафикті өткізуді реттеу қағидаларын бекіту; 56) Халықаралық электр байланыс одағының Радиобайланыс регламентіне сәйкес Қазақстан Республикасының Радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының ұсынымдары негізінде радиожиілік спектрін перспективалы пайдаланудың жоспарларын бекіту; 57) ауылдық елді мекендерде көрсетілетін, субсидияланатын байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтеріне бағалардың шекті деңгейін реттеу тәртібін және байланыс саласындағы табиғи монополия аясындағы көрсетілетін қызметтерге тарифтерді, сондай-ақ байланыс саласындағы мемлекеттік монополия субъектілері өндіретін және өткізетін көрсетілетін қызметтерге бағаларды реттеу тәртібін айқындау; 58) алып тасталды – ҚР Үкіметінің 03.09.2018 № 549 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.59) алып тасталды – ҚР Үкіметінің 03.09.2018 № 549 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. 60) Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан және Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған өкiлеттiктер шегiнде әрекет етедi, басқа мемлекеттермен, халықаралық одақтармен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл кезiнде Қазақстанның пошта байланысы саласындағы мүдделерiн бiлдiру және қорғау; 61) алып тасталды – ҚР Үкіметінің 04.06.2018 № 320 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.62) арнаулы пошта байланысы қызметі қызметкерлерінің нысанды киімінің және Ұлттық пошта операторы жұмыскерлерінің нысанды киімінің (погонсыз) үлгілерін, оны киіп жүру қағидаларын, онымен қамтамасыз ету нормаларын бекіту; 63) радиожиілік спектрін жоспарлау пайдалану; 64) адресаттардың абонементтік жәшiгін пайдалану тәртібін айқындау; 65) тағайындалған пошта операторын тағайындау; 66) ұлттық пошта операторын айқындау; 67) пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін және филателиялық өнімді шығару, өткізу қағидаларын бекіту; 68) Қазақстан Республикасында пошта индекстерін беру жөніндегі қағидаларды бекіту; 69) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасында пошта қызметін жетілдіруге және дамытуға бағытталған пошта саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту және олардың іске асырылуын ұйымдастыру; 70) ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісу бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу мақсатында пошта байланысы желілері мен құралдарына қойылатын талаптарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының пошта желілерінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізудің аппараттық-бағдарламалық және техникалық құралдарын енгізу және пайдалану кезіндегі өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту; 71) операторды тағайындау және тағайындалған оператордың өкілеттіктерін кері қайтарып алу қағидаларын бекіту; 72) операторды тағайындау және тағайындалған оператордың өкілеттіктерін кері қайтарып алу; 73) пошта операторларының атаулы құрылғыларды қолдану қағидаларын бекіту; 74) алып тасталды – ҚР Үкіметінің 03.09.2018 № 549 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.75) электрондық абоненттік пошта жәшіктерінің бірыңғай жүйесінің жұмыс істеуі және электрондық абоненттік пошта жәшіктерінің бірыңғай жүйесінде пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушыларды авторландыру қағидаларын бекіту; 76) абоненттік пошта жәшіктерін орналастыру, күтіп-ұстау және олардың техникалық сипаттамалары жөніндегі талаптарды бекіту; 77) пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерінің сапа көрсеткіштерін бекіту; 78) пошта операторларының қызметтер көрсетуіне қажетті және жеткілікті, пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушылардың дербес деректерінің бірыңғай тізбесін бекіту; 79) алып тасталды – ҚР Үкіметінің 03.09.2018 № 549 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.80) алып тасталды – ҚР Үкіметінің 03.09.2018 № 549 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. 81) алып тасталды – ҚР Үкіметінің 03.09.2018 № 549 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. 82) алып тасталды – ҚР Үкіметінің 03.09.2018 № 549 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. 83) алып тасталды – ҚР Үкіметінің 03.09.2018 № 549 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. 84) пошта төлемінің мемлекеттік белгілеріне қойылатын талаптарды Дүниежүзілік пошта одағының актілеріне сәйкес айқындау; 85) алып тасталды – ҚР Үкіметінің 03.09.2018 № 549 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.86) алып тасталды – ҚР Үкіметінің 03.09.2018 № 549 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. 87) телекоммуникацияның әмбебап көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді қайта теңгерімдеу жоспарын бекіту; 88) алып тасталды – ҚР Үкіметінің 03.09.2018 № 549 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.88-1) Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары болып табылатын куәландырушы орталықтарды аккредиттеу; 89) алып тасталды – ҚР Үкіметінің 04.06.2018 № 320 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.90) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 27.07.2017 № 457 қаулысымен; 91) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 27.07.2017 № 457 қаулысымен; 92) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 27.07.2017 № 457 қаулысымен; 93) алып тасталды – ҚР Үкіметінің 04.06.2018 № 320 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. 94) алып тасталды – ҚР Үкіметінің 04.06.2018 № 320 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. 95) байланыс қызметтері сапасының техникалық өлшемдерін өлшеу әдістемелерін бекіту; 96) телекоммуникациялар желілерінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасасу қағидаларын бекіту; 97) ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру қағидаларын және ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру қызметтерін енгізу күнін бекіту; 98) кәбілдік кәрізді пайдалануға беру қағидаларын бекіту; 98-1) ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу қағидаларын бекіту; 99) өз құзыреті шегінде табиғи монополиялар саласындағы және реттелетін нарықтардағы телекоммуникациялар мен пошта байланысының қызметтері аясындағы реттеу мен бақылау саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді, оның ішінде табиғи монополиялар субъектілерінің кірістерді, шығындарды және қолданысқа енгізілген активтерді бөлек есепке алуды жүргізуі қағидаларын, қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасына келетін пайда мөлшерлемесін есептеу жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлеу және қабылдау; 100) Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығының, мемлекеттік органдардың куәландырушы орталығының және Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беру, сақтау, кері қайтарып алу және электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігі мен жарамдылығын растау қағидаларын бекіту; 101) Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапының электрондық цифрлық қолтаңбаның төлнұсқалығын растау қағидаларын бекіту; 101-1) Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығының, Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығының және Қазақстан Республикасы сенім білдірілген үшінші тарапының қызметін үйлестіруді жүзеге асыру; 102) Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығын, мемлекеттік органдардың куәландырушы орталығын, Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығын және Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапын қоспағанда, куәландырушы орталықтың тіркеу куәліктерін беру, сақтау, кері қайтарып алу және электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігі мен жарамдылығын растау қағидаларын бекіту; 103) объектілік сәйкестендіргіштердің қазақстандық сегментіндегі объектілік сәйкестендіргіштерді тіркеу, қайта тіркеу және олардың күшін жою қағидаларын бекіту; 104) Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп тексеру парақтарын, тәуекелдерді бағалау өлшемшарттарын бекіту, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне сәйкес жартыжылдық тексеру жоспарларын бекіту; 105) шет мемлекеттердің куәландырушы орталықтарының, сенім білдірілген үшінші тараптарының Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапымен өзара іс-қимылын тіркеу және тоқтату қағидаларын бекіту; 106) электрондық цифрлық қолтаңбаның төлнұсқалығын тексеру қағидаларын бекіту; 107) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құруға, дамытуға және қолдап отыруға арналған шығындарды есептеу әдістемесі мен олардың нормативтерін бекіту; 108) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша ақпараттық жүйелердің аудитін жүргізу қағидаларын бекіту; 109) алып тасталды – ҚР Үкіметінің 04.06.2018 № 320 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.110) архивтерді және құжаттаманы басқару жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша архивтік құжаттарды электрондық нысанға аудару үшін ақпараттық жүйелерді айқындау; 111) мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі ақпараттық жүйесінің ақпараттық жүйелермен ақпараттық өзара іс-қимылы қағидаларын бекіту; 112) куәландырушы орталықтың үлгілік ережесін бекіту; 113) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 15.11.2016 № 704 қаулысымен. 114) сарапшылық кеңестің құрамын және оның қызметі туралы ережені бекiту; 115) ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларын бекіту; 116) операторға бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін бекіту; 117) операторға бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту; 118) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша "электрондық үкіметтің" архитектурасын дамыту жөніндегі талаптарды бекіту; 119) ақпараттандыру объектілерін сыныптау қағидаларын және ақпараттандыру объектілерінің сыныптауышын бекіту; 120) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларын бекіту; 120-1) "электрондық үкіметтің" сыртқы шлюзінің жұмыс істеу қағидаларын және оған қойылатын техникалық талаптарды бекіту; 121) Қазақстан Республикасының ұлттық шлюзі арқылы мемлекетаралық ақпараттық өзара іс-қимылды жүзеге асыратын ақпараттық жүйелер мен электрондық ақпараттық ресурстардың тізбесін бекіту; 122) мемлекеттiк органдардың интернет-ресурстарын ақпараттық толықтыру қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту; 123) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 15.11.2016 № 704 қаулысымен. 124) мемлекеттік органдардың архитектураларын әзірлеу, іске асырылуын қолдап отыру және дамыту қағидаларын бекіту; 125) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша "электрондық әкімдіктің" үлгілік архитектурасын бекіту; 126) инвестициялық ұсыныстарға, бюджеттік инвестициялардың техникалық-экономикалық негіздемелеріне және қаржылық-экономикалық негіздемелеріне ақпараттандыру саласындағы сараптаманы жүргізу қағидаларын бекіту; 127) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есеп-қисабын жасау, ұсыну және қарау жөніндегі нұсқаулықты бекіту; 128) бюджетті жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік органдар үшін ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің құнын есептеу әдістемесін бекіту; 128-1) қызметтер көрсету мен олардың құнын айқындау тәртібін қоса алғанда, "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркі қызметінің қағидаларын әзірлеу және бекіту; 128-2) "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркінің қызметін үйлестіруді жүзеге асыру; 128-3) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ұсынылатын "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркі тартқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын, олардың құрамы мен мерзімділігін бекіту; 129) мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану жөніндегі қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесін әзірлеу және бекіту; 129-1) электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды жүргізу; 130) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 15.11.2016 № 704 қаулысымен. 131) мемлекеттік органдар ашық деректердің интернет-порталына орналастыратын электрондық ақпараттық ресурстарды ашық деректерге жатқызу өлшемшарттарын, сондай-ақ оларды беру тәртібі мен форматын бекіту; 132) ақпараттық-коммуникациялық қызметтердің каталогын бекіту; 133) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін тіркеу, "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алу және "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін орналастыру қағидаларын бекіту; 134) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде) және лицензиялық бағдарламалық қамтылымының баптау кешенін есепке алу және сақтау қағидаларын бекіту; 135) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 15.11.2016 № 704 қаулысымен. 136) "электрондық үкіметтің" сервистік интеграторы әзірлеген ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметті жобалауға арналған тапсырманы бекіту; 136-1) ақпараттандырудың сервистік моделі жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуына мониторингті, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру кезеңінде міндеттемелердің орындалуына мониторингті жүзеге асыру; 136-2) ақпараттандырудың сервистік моделі жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қоспағанда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасына, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарға салалық қорытынды беру; 137) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін және сервистік бағдарламалық өнімдерді құру немесе дамыту кезінде стандартты шешімдер ретінде көп рет пайдалануға жататын ақпараттық жүйелердің (немесе олардың бөліктерінің) тізбесін бекіту; 137-1) сервистік интегратор қалыптастырған ақпараттандырудың сервистік моделі жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін келісуді жүзеге асыру; 138) Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры айқындайтын құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесін пайдалану қағидаларын келісу; 139) жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдар басшыларына және олардың орынбасарларына бейнеконференцбайланыс немесе бейнеөтініш арқылы жүгіну тәртібін айқындау; 140) Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу қағидаларын Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу қағидаларын сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстері жөніндегi уәкiлеттi органмен бірлесіп әзірлеу және бекіту; 141) ақпараттық жүйелерді құруға және дамытуға бағытталған немесе оларды көздейтін есептілікті ұсыну тәртібі мен мерзімдерін және нысандарын, сондай-ақ байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талаптарды айқындау; 142) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құруға немесе дамытуға арналған техникалық тапсырмаларды жасау және қарау қағидаларын бекіту; 143) ақпараттандыру саласындағы инвестициялар тарту жүйесін және инвестициялық жобаларды әзірлеу мен іске асыруды ынталандыру тетіктерін жетілдіру жөніндегі қызметті жүзеге асыру; 144) ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасына салалық қорытынды беру; 145) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамыту үшін жағдайлар жасау; 146) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасын жетiлдiру бойынша ұсыныстар әзірлеу; 147) мемлекеттік органдардың архитектураларын әзірлеуді үйлестіруді жүзеге асыру; 148) мемлекеттік органдардың архитектураларын іске асырудың мониторингін жүзеге асыру; 149) ақпараттандыру саласындағы инвестициялық ұсыныстарға, бюджеттік инвестициялардың техникалық-экономикалық негіздемелеріне және қаржылық-экономикалық негіздемелеріне қорытындыны беру; 150) ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ұсынған есеп-қисаптарын қарайды және сарапшылық кеңеске қорытынды беру; 151) мемлекеттік заңды тұлғалардың ақпараттық жүйелерін және мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға арналған мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерді құруға немесе дамытуға арналған техникалық тапсырмаларды келісу; 152) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін өнеркәсіптік пайдалануға енгізуге қатысу; 153) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша ашық бюджеттер интернет-порталында ақпарат орналастыру тәртібін белгілеу; 154) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен келісу бойынша заң жобалары тұжырымдамаларының жобаларын және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру және жария талқылау тәртібін белгілеу; 155) жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы электрондық нысанда мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерді алу үшін, ұялы байланыс операторы беретін абоненттің абоненттік нөмірін тіркеу және оны "электрондық үкіметтің" веб-порталының есептік жазбасына қосу қағидаларын бекіту; 156) "электрондық үкіметтің" веб-порталы және жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы көрсетілетін электрондық нысандағы мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтер тізбесін бекіту; 157) көрсетілетін қызметті алушыны сәйкестендіру тәсілін айқындау үшін электрондық нысандағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді сыныптау қағидаларын бекіту; 158) жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы алынған, электрондық нысандағы мемлекеттік және өзге де қызметтер көрсету нәтижелерінің міндетті деректемелерін, сондай-ақ олардың анықтығын тексеру тәртібін бекіту; 159) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау әдістемесін келісу; 160) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы қызметінің қағидаларын әзірлеу және бекіту; 161) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілуге тиіс мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді іріктеу қағидаларын әзірлеу және бекіту; 162) жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу мен мемлекеттік техникалық зерттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және қызметті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органмен және монополияға қарсы органмен келісу бойынша ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) олардың құрамдастарын мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілеу; 163) монополияға қарсы органмен және жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу органдарымен (тiркеушi органдар) келісу бойынша міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу, жылжымалы мүлік кепілінің тізілімінен үзінді көшірме беру түрінде ақпараттық қызмет көрсету, өтініш берушінің кінәсінен жіберілген тіркеу құжаттарындағы қателерді түзету жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілеу; 164) жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен және монополияға қарсы органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер кадастрын жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілеу; 165) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органмен және монополияға қарсы органмен келісу бойынша міндетті әлеуметтік сақтандыру саласында "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілеу; 166) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органмен және монополияға қарсы органмен келісу бойынша зейнетақымен қамсыздандыру саласында "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілеу; 167) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау интернет-порталында ақпарат орналастыру тәртібін белгілеу; 168) жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен және жергілікті атқарушы органмен келісу бойынша елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициентiн (К айм.) белгілеу; 169) аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесін әзірлеу және бекіту; 170) салық органдарына жеке тұлғалардың салық салу объектілерінің – тұрғынжайлардың және саяжай құрылыстарының (оның ішінде жаңадан тұрғызылған); тұрғынжайдың салқын жапсаржайының, шаруашылық (қызметтік) құрылысының, іргеқабатының, жертөлесінің, гараждың құнын айқындауға негіз болатын мәліметтерді ұсыну; 171) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы көрсететін қызметтерге баға белгілеу тәртібін айқындау; 172) балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау мен төлеу жөніндегі ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді сәйкес келтіру тәртібін және мерзімдерді айқындау; 173) оңтайландыруға және автоматтандыруға жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізбесін және оларды электрондық нысанға ауыстыру мерзімдерін әзірлеу және бекіту; 174) бірыңғай байланыс-орталығы қызметінің қағидаларын әзірлеу және бекіту; 175) бірыңғай байланыс-орталығының орталық мемлекеттік органдармен, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерімен, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту; 176) автоматтандырылуға жататын және жатпайтын рұқсаттар тізбесін бекіту туралы рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен бірлескен бұйрықты бекіту; 177) рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын әзірлеу және бекіту; 178) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру қағидаларын әзірлеу және бекіту; 179) бір өтініш негізінде электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесін әзірлеу және бекіту; 180) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің электрондық нысанда көзделген және (немесе) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын келісуді жүзеге асыру; 181) электрондық нысанда көзделген және (немесе) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу; 182) қызмет көрсетушінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет сатысы туралы деректерді мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізу тәртібін бекіту; 183) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу қағидаларын рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен әзірлеу, бекіту және келісу; 184) алып тасталды – ҚР Үкіметінің 04.06.2018 № 320 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.185) "электрондық үкіметтің" архитектуралық порталында мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін тіркеуді, "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алуды және "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін орналастыруды ұйымдастыру; 186) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қызметін ұйымдастыруды және бақылауды жүзеге асыру; 187) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қызметін және олардың қызмет көрсетушілермен өзара іс-қимылын үйлестіру; 188) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қызметін әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру; 189) бірыңғай байланыс орталығының жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру; 190) электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын бағалауды жүргізу; 190-1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердіңтізілімін жүргізу қағидаларын әзірлеу; 190-2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізілімін әзірлеу мен жүргізуді жүзеге асыру; 190-3) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу қағидаларын әзірлеу және бекіту; 190-4) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарыныңжобаларын келісуді жүзеге асыру; 190-5) орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары және (немесе) регламенттерін әзірлеу жөніндегі қызметінің мониторингін жүргізу; 190-6) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің құнын айқындау әдістемесін әзірлеу және бекіту; 190-7) орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебін қалыптастыру тәртібін, ұсыну мерзімі мен үлгілік нысанын әзірлеу және бекіту; 190-8) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу; 190-9) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту; 191) Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң орындалуын қамтамасыз ету; 192) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің орындалуын қамтамасыз ету; 193) Қазақстан Республикасының атынан жасалатын Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету; 194) өз құзыреті шегінде ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi іс-шараларды жоспарлау және өткiзу бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметiне басшылық етуді жүзеге асыру; 195) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде және өзге нормативтік құқықтық актілерде көзделген өкілеттіктерді жүзеге асыру. Ескерту. 16-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 15.11.2016 № 704; 24.11.2016 № 724 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.05.2017 № 237 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз); 27.07.2017 № 457; 25.11.2017 № 773 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.02.2018 № 79; 04.06.2018 № 320 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); 03.09.2018 № 549 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) ; 16.10.2018 № 641 ("Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы" ҚР Заңы қолданысқа енген күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.17. Ведомстволардың функциялары: 1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету; 2) өз құзыретi шегiнде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру; 3) ұлттық қауiпсiздiк саласындағы заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң сақталуын қамтамасыз ету; 4) өз құзыретi шегiнде техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттарды әзірлеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; 5) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы кодексінде белгіленген тәртіппен хаттамалар толтыру, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстерді қарау және әкімшілік жаза қолдану; 6) біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірлеу; 7) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын, сондай-ақ жартыжылдық тексеру жүргізу жоспарларын әзірлеу; 8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялануға жататын қызметтiң жекелеген түрлерiн лицензиялауды жүзеге асыру; 9) республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерге қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті органның функцияларын жүзеге асыру; 10) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша және Министрдің бұйрықтарында оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде нормативтік құқықтық актілерді келісу, әзірлеу және бекіту; 11) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерін әзірлеу; 12) соттарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап-арыздар беру; 13) Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы және бұқаралық ақпарат құралдарына заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; 14) мерзімді баспасөз басылымдарын, ақпараттық агенттiктерді және желілік басылымдарды есепке қоюды, қайта есепке алуды жүзеге асыру; 15) Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдiк мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алудың бiрыңғай тiзiлiмiн жүргiзу; 16) белгіленген тәртіппен республикалық деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және оның жүзеге асырылуын бақылау; 17) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасы сақталуының орындалуы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; 18) мерзiмдi баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архивін қалыптастыру; 19) бұқаралық ақпарат құралдары және телерадио хабар тарату мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру; 20) өз құзыреті шегінде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру; 21) жастар ұйымдарымен бұқаралық ақпарат құралдары мәселелері бойынша өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру; 22) мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру; 23) цифрлық эфирлік хабар таратуды енгізу бөлігінде телерадио хабарларын таратушы ұлттық оператордың қызметін үйлестіру; 24) отандық теле-, радиоарналарды есепке қоюды, қайта есепке қоюды жүзеге асыру; 25) есепке қойылған мерзімді баспасөз басылымдарының, ақпараттық агенттiктер мен желілік басылымдардың тізілімдерін жүргізу; 26) есепке қою үшін өтініштер берген шетелдік теле-, радиоарналардың өнімін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келу тұрғысынан сараптауды жүзеге асыру; 27) эротикалық сипаттағы материалдарды орналастыратын мерзімді баспасөз басылымдарын немесе интернет-ресурстарды тарататын субъектілердің тізілімін жүргізу; 28) Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру; 29) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; 29-1) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған кезде ұйғарымдар беру; 30) бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингін жүзеге асыру; 31) Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік теле-, радиоарналарды есепке қоюды, қайта есепке қоюды жүзеге асыру; 31-1) "Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы талаптарының сақталуы тұрғысынан бұқаралық ақпарат құралдарының өніміне мониторингті жүзеге асыру; 31-2) бұқаралық ақпарат құралдарында балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; 32) телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық параметрлерінің және ұлттық телерадио хабарларын тарату стандарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру; 33) "Телерадио хабарларын тарату туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабында көзделген талаптарды сақтау бөлігінде Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуына бақылауды жүзеге асыру; 33-1) Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының талаптарын бұзушылық анықталған кезде ұйғарымдар беру; 34) радиожиілік спектрін тиімді пайдалану; 35) Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық кеңістігін және байланыс инфрақұрылымын қалыптастыруды, дамытуды және оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, сондай-ақ ақпараттық кеңістіктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру; 35-1) радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектрондық құралдары мен жоғары жиілікті құрылғыларын қоса алғанда, радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды пайдаланудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдау; 36) Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар және (немесе) жоғары жиiлiктi құрылғылар үшін радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсаттар беру; 37) радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылар белгіленген стандарттар мен техникалық нормаларға сәйкес келмеген, азаматтардың қауіпсіздігіне, қоршаған ортаға қауіп төндірген жағдайда, сондай-ақ аса маңызды жұмыстар мен іс-шараларды орындаған кезде оларды пайдалануды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтата тұру; 38) радиоэлектрондық құралдарға, оның ішінде халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің халықаралық шарттарға сәйкес жұмыс істейтін радиоэлектрондық құралдарына радиобөгеуілдерді жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру; 39) азаматтық мақсаттағы иелікке берілген радиожиiлiктер белдеулерiнің электрондық дерекқорын жүргізу; 40) нөмірлеудің бөлінген және резервтік ресурстарының тізілімін жүргізу; 40-1) жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беруді жүзеге асыру; 41) Қазақстан Республикасындағы электромагниттік жағдайды көрсететін радиожиілік спектрінің республикалық дерекқорын жүргізу; 42) импорттан өзгеше жағдайларда, азаматтық мақсаттағы, оның ішінде басқа тауарлардың құрамына кіріктірілген не кіретін радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге қорытындылар беру; 42-1) азаматтық мақсаттағы, оның ішінде ішіне орнатылған не басқа тауарлардың құрамына кіретін радиоэлектронды құралдардың және жоғары жиілікті құрылғылардың импортына лицензиялар беру; 43) ұлттық ресурстардың және байланыс операторларының тізілімін жүргізу; 44) азаматтық пайдаланушыларға жиіліктер белдеуін, радиожиілікті (радиожиілік арнасын) бөлу, иелікке беру (тағайындау), шақыру сигналын иелікке беруді қоса алғанда, кеме станциясына рұқсаттар беру; 45) арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желілерінің объектілерін қоспағанда, байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын және радиожиілік спектрін пайдаланатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің байланыс объектілеріне белгіленген тәртіппен тексеру жүргізу үшін қызметтік куәлікті көрсету арқылы кіруі; 46) радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды пайдаланудың басталғаны туралы хабарлама болмаған және (немесе) техникалық сипаттамалары белгіленген нормаларға сәйкес келмеген жағдайда, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды өшіру; 47) бөлінетін жиілік белдеулерінің, радиожиіліктердің (радиожиілік арналарын) техникалық сараптамасы жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру; 48) радиобақылауды жүзеге асыру және байланыс саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың радиожиiлiк спектрiн пайдалануына және байланыс операторларының байланыс саласында қызмет көрсетуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын біліктілік талаптарын және байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын сақтауына тексеру жүргiзу; 49) байланыс саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының бұзылғаны анықталған кезде нұсқамалар жіберу; 50) байланыс саласындағы ұлттық ресурстарды тарату және пайдалану, сондай-ақ өз құзыреті шегінде байланыс саласында техникалық реттеу және метрология аясында қатысу және оның іске асырылуын қамтамасыз ету; 51) алып тасталды – ҚР Үкіметінің 03.09.2018 № 549 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.52) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 27.07.2017 № 457 қаулысымен.; 53) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 27.07.2017 № 457 қаулысымен. 54) байланыс операторлары көрсететін байланыс қызметтерінің сапасын бақылауды жүзеге асыру; 54-1) Халықаралық электр байланыс одағының радиобайланыс регламентіне сәйкес радиожиіліктерді халықаралық үйлестіру жөніндегі іс-шараларды орындау; 54-2) қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторы телекоммуникацияларының желілеріне қойылатын талаптарды бекіту; 54-3) бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік "112" қызметіне қоңырау шалушы абоненттің орналасқан жерін анықтау және әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қатері төнген немесе қатер туындаған және жойылған, төтенше жағдай енгізілген кезде, қорғаныс, қауіпсіздік және құқық тәртібі мүддесінде халықтың ұялы байланыс телефондарына қысқа мәтіндік хабарлар жіберу жөнінде байланыс операторларының желілерін пайдалану тәртібін белгілеу; 54-4) Қазақстан Республикасының байланысын дамыту мен жетілдірудің негізгі бағыттары мен басымдықтарын іске асыру, оның сапасын, қолжетімділігін және жұмыс істеуінің орнықтылығын арттыру және ұсыныстар әзірлеуді ұйымдастыру; 54-5) байланыс қызметтері нарығының жұмыс істеуі үшін өз құзыреті шегінде жағдайлар жасау; 54-6) субсидиялау мөлшерін есептеуді және уәкілетті органның байланыс операторларына әмбебап қызметтер көрсету жөніндегі міндетті жүктеу тәртібін қоса алғанда, әмбебап қызмет көрсету операторларын айқындау жөніндегі конкурсты өткізу қағидаларын, байланыс операторларына қойылатын байланыстың әмбебап қызметтерін көрсету жөніндегі талаптарды және байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтерінің тізбесін әзірлеу; 54-7) байланыс саласындағы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісу, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдарымен бірлесіп байланыс операторларының байланыс саласындағы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асыру; 55) азаматтық мақсаттағы радиожиiлiк спектрі, радиоэлектрондық құралдар және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылар мониторингін жүргізу; 55-1) радиожиілік спектрін пайдалануды реттеу; 56) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 27.07.2017 № 457 қаулысымен.57) байланыс саласындағы табиғи монополия аясындағы көрсетілетін қызметтерге тарифтерді, сондай-ақ байланыс саласындағы мемлекеттік монополия субъектілері өндіретін және өткізетін көрсетілетін қызметтерге бағаларды реттеу; 58) ауылдық елді мекендерде көрсетілетін, субсидияланатын байланыстың әмбебап қызметтеріне бағалардың шекті деңгейін реттеу; 59) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының мұқтаждықтары үшін техникалық құралдарды орналастыруға қажетті байланыс желілері мен арналарын, кабельдік кәріздердегі арналар мен алаңдарды беру бағаларын (тарифтерін) реттеу; 59-1) телекоммуникация желілерінде балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; 60) Ұлттық пошта операторының пошта байланысы қызметтерін жүзеге асыруы кезінде оның Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асыру; 61) пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру; 62) телекоммуникация және пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері саласындағы табиғи монополия саласында және реттелетін нарықтарда реттеуді және бақылауды жүзеге асыру; 63) мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша белгілеу; 64) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес телекоммуникация және пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері нарығында басым (монополиялық) жағдайдағы нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағаларды мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру; 65) телекоммуникация және пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері саласындағы нарық субъектілерінің тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) және инфрақұрылымға кемсітушіліксіз қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында тауар нарықтарына талдау жүргізу; 66) телекоммуникация және пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері саласындағы табиғи монополия субъектiлерiнiң реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеудiң кемсiтпейтiн әдiстемелерiн немесе олардың шектi деңгейлерiн, сондай-ақ реттелетін нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағаларды есептеу әдістемелерін бекіту; 67) телекоммуникация және пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған тарифтiк сметаларды, тарифтердi (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) немесе олардың шектi деңгейлерiн, тарифтерге (бағаларға, алым мөлшерлемелеріне) уақытша төмендету коэффициентін бекіту тәртібін айқындау; 68) телекоммуникация және пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне уақытша өтемдік тарифті бекіту, тарифтiк сметалардың, тарифтердiң (бағалардың, алымның мөлшерлемелерінің) немесе олардың шектi деңгейлерiнiң жобаларын ұсыну тәртібін айқындау; 68-1) пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін қоспағанда, пошта операторының пошта төлемі белгілерін келісу, оны пайдалану тәртібін және пошта операторының пошта төлемі белгілеріне қойылатын талаптарды айқындау; 68-2) пошта төлемi белгiлерiнiң мемлекеттiк коллекциясын қалыптастыру; 68-3) пошта төлемiнiң мемлекеттiк белгілерiн айналымға енгізуді жүзеге асыру; 68-4) пошта саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру; 68-5) Қазақстан Республикасының аумағында пошта саласындағы қызметтi реттеудi жүзеге асыру; 68-6) филателиялық өнім ретінде пайдалану мақсатында пошта төлемінің мемлекеттік белгісін пошта айналымынан алуды жүзеге асыру; 68-7) телекоммуникациялар және пошта байланысы секторында бекітілген байланыстың көрсетілетін қызметтерінің ең аз тізбесін әзірлеу; 68-8) Ұлттық пошта операторының ұсынысы бойынша пошта төлемiнiң мемлекеттiк белгiлерiнiң түрлерi мен шығарылу көлемiн бекiту; 69) ұлттық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу; 70) әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қатері төнген немесе туындаған, сондай-ақ төтенше жағдай енгізілген кезде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбе бойынша, үкiметтiк байланысты, шұғыл қызметтердің байланыс желілері мен құралдарын қоспағанда, байланыс желiлерi мен құралдарын басымдықпен пайдалануға, сондай-ақ олардың қызметiн тоқтата тұруға құқығы бар мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, байланыс желілерін басқару; 71) мемлекеттік құпияны қорғау саласындағы заңнаманы сақтай отырып, ұлттық қауіпсіздіктің жай-күйі және оны қамтамасыз ету бойынша қабылданатын шаралар туралы халықты хабардар ету, насихаттау және қарсы насихаттау қызметін жүргізу; 72) іс-әрекеттерi (немесе әрекетсiздiгi) Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерінiң бұзылуына, ұлттық қауiпсiздiгiне қауіп төнуіне әкеп соғатын лауазымды адамдарды, мемлекеттiк қызметшiлердi тиiсті жауаптылыққа тарту; 73) электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба мәселелері жөнінде мемлекеттік органдар мен ұйымдарға практикалық және әдістемелік көмек көрсету; 74) электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласында Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасын сақтау тұрғысынан мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; 74-1) Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарын бұзушылық анықталған кезде ұйғарым беру; 75) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 15.11.2016 № 704 қаулысымен. 76) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 27.07.2017 № 457 қаулысымен;77) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 15.11.2016 № 704 қаулысымен. 78) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 15.11.2016 № 704 қаулысымен. 79) алып тасталды – ҚР Үкіметінің 04.06.2018 № 320 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.80) алып тасталды – ҚР Үкіметінің 04.06.2018 № 320 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. 80-1) мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану жөніндегі қызметінің тиімділігін бағалау; 81) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 15.11.2016 № 704 қаулысымен. 82) Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу қағидаларын сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстері жөніндегi уәкiлеттi органмен бірлесіп әзірлеу; 83) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 15.11.2016 № 704 қаулысымен. 84) электрондық ақпараттық ресурстарды алу, көшiрмесін түсіру, тарату, түрлендіру, жою немесе бұғаттау бойынша құқыққа сыйымсыз әрекеттердi болдырмауды қоса алғанда, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қауiпсiз пайдалану мәселелерiнде ақпараттандыру объектілерінің меншiк иелерiне, иеленушілері мен пайдаланушыларына жәрдемдесу; 85) ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; 85-1) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған кезде ұйғарымдар беру; 86) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 15.11.2016 № 704 қаулысымен. 87) ақпараттандыру саласындағы стандарттау және сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарға қатысу; 88) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде) және лицензиялық бағдарламалық қамтылымының баптау кешенін есепке алуды және сақтауды ұйымдастыру; 88-1) радиоэлектрондық құралдарды, жоғары жиiлiктi құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу қағидаларын және байланыс қызметтерiн көрсету қағидаларын әзiрлеу; 88-2) алып тасталды – ҚР Үкіметінің 03.09.2018 № 549 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.88-3) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген рұқсаттарды беру; 89) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінде және өзге нормативтік құқықтық актілерде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру. Ескерту. 17-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 15.11.2016 № 704; 02.05.2017 № 237; 27.07.2017 № 457; 25.11.2017 № 773 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.06.2018 № 320 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); 03.09.2018 № 549 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); 16.10.2018 № 641 ("Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы" ҚР Заңы қолданысқа енген күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.18. Құқықтары мен міндеттері: 1) өз құзыретi шегiнде орындауға мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдайды; 2) заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажеттi ақпарат пен материалдарды сұратады және алады; 3) Қазақстан Республикасының Президентіне және Үкіметіне Министрлік реттейтін салалардағы қызметті жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді; 4) сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу жөніндегі органды тексеру нәтижелері бойынша оны мәртебесінен айыру туралы ұсыныспен Қазақстан Республикасының Үкіметіне жүгінеді; 5) өз құзыреті шегінде бәсекелестіктің дамуына жәрдемдесуге және бәсекелестікке теріс ықпал ететін әрекеттерді жасамауға міндетті; 6) Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады. 3. Министрліктің қызметiн ұйымдастыру19. Министрлікке басшылық етуді Министрлікке жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруда дербес жауапты болатын Министр жүзеге асырады. 20. Министрдi Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісімен консультациялардан кейін Премьер-Министрдің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және Қазақстан Республикасының Президенті қызметтен босатады. Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 08.06.2017 № 350 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).21. Министрдің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары (вице-министрлері) болады. 22. Министрдің өкілеттіктері: 1) реттелетiн саладағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлейді; 2) өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн айқындайды; 3) вице-министрлердiң бiрiне Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң басшылығына және Премьер-Министр Кеңсесiнiң Басшысына жіберілетін құжаттарға қол қою бойынша өкiлеттiктердi жүктейді; 4) жауапты хатшымен келiсiм бойынша ведомстволар басшыларының орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 5) ведомстволар актiлерiнiң қолданылуын толық немесе iшiнара тоқтатады немесе тоқтата тұрады; 6) Министрлікті Қазақстан Республикасының Парламентiнде, мемлекеттiк органдарда және өзге де ұйымдарда білдіреді; 7) Министрліктің жұмыс регламентiн бекiтедi; 8) Министрлікке келiсуге келiп түскен нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын келiседi және бұрыштама қол қояды; 9) Министрлікке сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша шаралар қабылдайды және оған дербес жауапты болады; 10) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады. Министр болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады. 23. Министр өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейді. 24. Министрліктің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын жауапты хатшы басқарады. 4. Министрліктің мүлкі25. Министрліктің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін. Министрліктің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады. 26. Министрлікке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады. 27. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Министрліктің өзіне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi дербес иелiктен шығаруға немесе өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ. 5. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату28. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесiЕскерту. Тізбеге өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 20.12.2016 № 826; 27.07.2017 № 457; 23.02.2018 № 78 қаулысымен. Республикалық мемлекеттiк мекеме 1) "Орталық коммуникациялар қызметі" республикалық мемлекеттiк мекемесі. Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар 1) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 27.07.2017 № 457 қаулысымен.1-1) Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің "Мемлекеттік радиожиілік қызметі" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны; 2) Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің "Талдау және ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны. Акционерлік қоғамдар 1) "Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингі" акционерлік қоғамы; 2) "Хабар" агенттігі" акционерлік қоғамы; 3) "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы" акционерлік қоғамы; 4) "Егемен Қазақстан" республикалық газеті" акционерлік қоғамы; 5) "Казахстанская правда" республикалық газеті" акционерлік қоғамы; 6) "Қазконтент" акционерлік қоғамы; 7) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер 1) "Қазмедиа орталығы" басқарушы компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі; 2) "Жас өркен" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі; 3) "Қазақ газеттері" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі; 4) "Жалын" журналы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. 5) "Қазақпарат" халықаралық ақпарат агенттігі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Министрліктің Телекоммуникациялар комитетінің қарамағындағы аумақтық бөлімшелердің тізбесіЕскерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 03.09.2018 № 549 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. 1. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі. 2. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі. 3. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі. 4. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Шымкент қаласы және Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі. 5. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі. 6. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Астана қаласы және Ақмола, Қарағанды облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі. |
Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 353 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар
1. "Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Мемлекетаралық "Мир" телерадиокомпаниясының арасындағы бұдан арғы ынтымақтастық туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 сәуiрдегі № 306 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 11, 84-құжат):
1, 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінiң атынан Мемлекетаралық "Мир" телерадиокомпаниясының жұмысын үйлестiру жөніндегі уәкiлеттi орган болып белгiленсiн.
2. Мемлекетаралық "Мир" телерадиокомпаниясының 1997 жылғы 5 қыркүйектегі жарғысына сәйкес Мемлекетаралық "Мир" телерадиокомпаниясының Мемлекетаралық үйлестiру кеңесiнiң құрамына Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитетінің төрағасы енгiзiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Қазақстан Республикасының Мемлекетаралық "Мир" телерадиокомпаниясының жалпы жиналысындағы өкілетті өкілі болып бекітілсін.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне жүктелсін.".
2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
"Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне" деген бөлімде реттік нөмірі 336-1-жол алып тасталсын;
"Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті" деген бөлім алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы бөліммен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне:
364. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
365. "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" акционерлік қоғамы.
366. "Хабар" агенттігі" акционерлік қоғамы.
367. "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы" акционерлік қоғамы.
368. "Егемен Қазақстан" республикалық газеті" акционерлік қоғамы.
369. "Казахстанская правда" республикалық газеті" акционерлік қоғамы.
370 "Қазконтент" акционерлік қоғамы.
371. "Қазмедиа орталығы" басқарушы компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
372. "Жас өркен" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
373. "Қазақ газеттері" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
374. "Жалын" журналы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.".
3. "Мемлекеттік органдарды ақпараттандыру мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 қазандағы № 1501 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 42, 485-құжат):
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасында бiрыңғай ақпараттық кеңiстiктi дамыту және "Ұлттық ақпараттық технологиялар" жабық акционерлiк қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 4 сәуiрдегi № 492 қаулысына сәйкес және ақпараттандыру саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Әкiмшiлердiң мемлекеттiк органдарды ақпараттандыру жөнiндегi бюджеттiк бағдарламаларды iске асыруы, сондай-ақ бюджет қаражаты есебiнен ақпараттық жүйелердiң аппараттық және бағдарламалық қамтылымын өзге түрде сатып алуы кезiнде осындай сатып алудың мiндеттi шарты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен келiсу болып табылады деп белгiленсiн.".
4. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 17.07.2018 № 433 қаулысымен.
5. "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
5-бөлімде:
мына:
"
5 | Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде: | 2762 |
";
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
5 | Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде: | 2553 |
";
мынадай мазмұндағы 12-бөліммен толықтырылсын:
"
12 | Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде: | 252 |
1) | "Орталық коммуникациялар қызметі" РММ | 33 |
".
6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.10.2020 № 714 қаулысымен.7. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 17.07.2018 № 434 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
8. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 936 қаулысымен.
9. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 24.11.2016 № 724 (16.06.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
10. "Байланыс саласында қызметтер көрсету бойынша қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиарды және байланыс саласындағы екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 16 шілдедегі № 543 қаулысында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті:".
11. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.08.2023 № 705 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.12. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 39 қаулысында:
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын беруді;".
13. "Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесімен интеграцияланатын интернет-ресурстар мен ақпараттық жүйелердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 наурыздағы № 137 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 19, 95-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесімен интеграцияланатын интернет-ресурстар мен ақпараттық жүйелердің тізбесінде:
реттік нөмірі 19-жол мынадай редакцияда жазылсын
"
19. | "Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі" | жеке және заңды тұлғалар халыққа қызмет көрсету орталықтарында алған қызметтер туралы | Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 353 қаулысына 1-қосымша |
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің қайта аталатын аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелерінің тізбесі
1. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің Астана қаласы және Ақмола облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінің Астана қаласы және Ақмола облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесіне.
2. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесіне.
3. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесіне.
4. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің Атырау облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесіне.
5. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесіне.
6. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің Жамбыл облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесіне.
7. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесіне.
8. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің Қарағанды облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесіне.
9. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің Қызылорда облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесіне.
10. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің Қостанай облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесіне.
11. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесіне.
12. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің Павлодар облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесіне.
13. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесіне.
14. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесіне.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 353 қаулысына 2-қосымша |
Қайта аталатын республикалық заңды тұлғалар тізбесі
1. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Орталық коммуникациялар қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесіне.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің "Мемлекеттік техникалық қызмет" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің "Мемлекеттік техникалық қызмет" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына.
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің "Талдау және ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің "Талдау және ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына.
Мемлекеттік акциялар пакетіне (қатысу үлесіне) иелік ету және оны пайдалану құқығы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне берілетін заңды тұлғалардың тізбесі 1) "Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингі" акционерлік қоғамы; 2) "Хабар" агенттігі" акционерлік қоғамы; 3) "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы" акционерлік қоғамы; 4) "Егемен Қазақстан" республикалық газеті" акционерлік қоғамы; 5) "Казахстанская правда" республикалық газеті" акционерлік қоғамы; 6) "Қазконтент" акционерлік қоғамы; 7) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы; 1) "Қазмедиа орталығы" басқарушы компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі; 2) "Жас өркен" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі; 3) "Қазақ газеттері" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі; 4) "Жалын" журналы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. |