Инвестициялар мемлекеттiк қолдауының кейбiр мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Инвестициялар жөніндегі комитеті төрағасының 2003 жылғы 18 наурыздағы N 18-п бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 27 наурызда тіркелді. Тіркеу N 2222. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 1 маусымдағы № 184 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" республикалық мемлекеттiк мекемесiн қайта ұйымдастыру туралы" Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" республикалық мемлекеттiк мекемесiн қайта ұйымдастыру туралы

      Елдiң агроөнеркәсiптiк кешенiн ғылыми қамтамасыз ету жүйесiн жетiлдiру мақсатында қаулы етемін:
      1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесi оған Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Жарлықты iске асыру жөнiндегi қажеттi шараларды қолдансын.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi